алдыңызға елестетіңіз – Б.Қ.). Сонда ол тұтастай алғанда орам (зерттеушінің
терминімен айтсақ – оралым) болып шығады.
Ойланып көрелікші: фразеологиялық оралым болуы үшін, бірінші
кезекте, фразеологизм екі жағынан басқа сөздермен қоршалып тұруы шарт;
екінші кезекте, фразеологизм мен оны қоршап тұрған сөздердің (дәлірек
айтқанда – тілдік элементтердің) бірлігі, тұтастығы, яғни олардың
лексикалық, мағыналық және грамматикалық (синтаксистік) байланысы
болуы қажет. Осы екі қасиет бірдей болса ғана ол фразеологиялық оралым
бола алады. Ондай қоршау, ондай бірлік, тұтастық болмаған жағдайда
оралым (орам) жөнінде әңгіме етудің өзі артық.
Неге екенін қайдам, ізденуші кей тұста оралым деп – фразеологизмнің
не алдындағы, не соңындағы сөздермен мағыналық, синтаксистік байланысқа
түсуін ғана айтады. Яғни қазақ тіліндегі фразеологизмдердің мәтін ішінде екі
жақты ғана (алдынан да, соңынан да) емес, тек бір жақты ғана (не алдынан,
не соңынан) байланысқа түсетіндігін мойындайды.
Бұл – Ж.Дәркенбаева сөз етіп отырған тілдік мәнбірлер (фактілер) –
«фразеологиялық
оралым»
бола
алмайтындығының
дәлелі.
Ол
фразеологиялық оралым болар еді, егер мәтіндегі фразеологизм оң
жағындағы сөзбен де, сол жағындағы сөзбен де бірдей, бір мезгілде
байланысқа түсіп, үшеуі (оң жағындағы сөзбен сол жағындағы сөз және
фразеологизм) бір тұтас тілдік бірлік құраса ғана. Алайда, зерттеуші
келтірген мысалдардан біз ондай байланыстар мен тұтастықтарды көре алмай
отырмыз. Зерттеуші келтірген мәтіндердің көбінде фразеологизмдер
сөйлемнің не басында, не аяғында келген. Басында келсе, соңында тұрған
тілдік элементтермен байланысады; соңында келсе, алдында тұрған тілдік
элементтермен байланысады.
Рас, бірлі-жарым жерлерде екі жағынан бірдей басқа сөздердің
қоршауында тұрған фразеологизмдер кездеседі. Мыс.: Осы күннің
Достарыңызбен бөлісу: