Байынқол Қалиұлы



Pdf көрінісі
бет57/64
Дата15.11.2023
өлшемі1,2 Mb.
#124166
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   64
Байланысты:
Байынқол Қалиев

ығайы мен 
сығайы
жиналған екен. 
Мысал Ж.Дәркенбаеваның мақаласынан алынды. Мұндағы 
ығай мен 
сығай
деген фразеологизм «осы күннің» және «жиналған екен» деген 
сөздердің қоршауында тұр. Бірақ, біз айтқандай, бұл үшеуі (яғни алдыңғы 
сөз, фразеологизм және соңғы сөз) бір бүтін тілдік бірлік құрап тұрған жоқ. 
Оған дәлел: Көрсетілген сөйлемде екі түрлі 
139 


байланыс (тіркес) бар. Бірі – 
осы күннің // ығайы мен сығайы
(матасу), 
екіншісі – 
ығайы мен сығайы // жиналған екен
(қиысу). 
Өз жұмысында Ж.Дәркенбаева келтірген «Құдайға шүкір, ауылдағы бір 
шөп 
желке азаяды
, «Көк жүзін кілегей 
қысыр бұлт
шарбылады» деген 
мысалдарда да дәл осындай: 
ауылдағы//бір шөп желке
және 
бір шөп 
желке//азаяды; кілегей//қысыр бұлт
және 
қысыр бұлт//шарбылады
.
Ал зерттеушінің «Олардың совхозында 
тепсе темір үзетін
жігіттер көп 
екен», «Бұйраққа 
сіреу қар
түсті» деген мысалдарында фразеологизмдер 
сөйлемнің ортасында тұрғанымен, олар біржақты ғана байланысқан. 
Нақтырақ айтсақ, 
тепсе темір үзетін, сіреу қар
деген фраезологизмдер тек 
өздерінен соң тұрған 
жігіттер, түсті
деген сөздермен ғана лексика-
грамматикалық байланысқа түскен. Бұл фраезологизмдердің өздерінің 
алдында тұрған сөздермен ешқандай байланыстары жоқ.
Осы жерде фразеологизмдермен тек жеке сөздер ғана байланысқа түсе 
ме? – деген сұрақ тууы мүмкін. Оған да жауап бере кетелік.
Фразеологизмдермен тек жеке сөздер ғана тіркеспейді, сонымен бірге 
фразеологизмдердің өздері де бір-бірімен тіркеске түсе алады. Мыс.: Қас 
қағым сәтте еңбектеген сары уыз жас пен еңкейген сары ауыз кәрінің шыбын 
жандары шығып кете жаздады (Ауызекі сөйлеу тілінен).
Көрсетілген сөйлемде 6 фразеологизм бар: 
қас қағым сәтте, еңбектеген 
жас, сары уыз, еңкейген кәрі, сары ауыз, шыбын жаны шығу.
Бұлардың бәрі 
де бір-бірімен лексика-грамматикалық байланыста тұр. Олардың қайсысын 
алмаңыз, бәрібір ол не алдында тұрған, не соңында тұрған фразеологизммен 
синткасистік байланысқа түседі. Ескертетін нәрсе: бұл фразеологизмдер бір 
ғана тірек фразеологизмді орап тұр» деп айта алмаймыз.
Осы жағынан алғанда фразеологизмдердің бір-бірімен тіркесуі әдеттегі 
сөйлем ішіндегі сөздердің тіркесуінен ешқандай айырмашылықтары жоқ. 
Сөздер бір-бірімен қабыса байланысса, фраезологизмдер де бір-бірімен 
қабыса байланысады. Олар (сөздер) бір-бірімен меңгеріле байланысса, 
фразеолгизмдер де бір-бірімен меңгеріле байланысады, т.с.с. 
140 


Мұның себебі – біріншіден, фразеологизмдер де әдеттегі сөздер сияқты 
өз алдарына жеке тілдік бірлік бола алады, екіншіден, фразеологизмдер де 
жеке сөздер сияқты зат есімді фразеолгизмдер, сын есімді фразеологизмдер, 
етістікті фразеологизмдер т.б. болып, сөз таптарына бөлінеді. Мыс.: 
қас пен 
көздің арасында
– үстеу, 
төбе шашы тік тұрды
– етістік т.б. 
Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды: Фразеологизм сөйлемнің 
ортасында тұрса, яғни оның оң жағында да сол жағында басқа сөздер келсе, 
ол оралып тұрғандық емес. «Оралу» үшін фразеологизм екі жақты 
байланысқа түсіп, бір бүтін тілдік бірлік құрауы шарт. Тілімізде кездесетін 
фразеологизмдердің бәрі тек біржақты ғана байланысады. Яғни олар не 
өзінің алдындағы, не соңындағы тілдік бірліктермен (сөздермен) мағыналық, 
лексика-грамматикалық қарым-қатынасқа түседі. Ендіше, мұндай құбылысты 
фразеологиялық оралым деп емес, фразеологизмнің мәтіндегі орны немесе 
фразеологизмнің 
қоршаған 
ортасы 
(фразеологическое 
окружение), 
ағылшынша айтсақ – дестрибуциясы деп атаған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет