Байынқол Қалиұлы



Pdf көрінісі
бет54/64
Дата15.11.2023
өлшемі1,2 Mb.
#124166
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   64
Байланысты:
Байынқол Қалиев

жасалым
артикуляция
естілім

перцепция, 
сөзтұлға
– словоформа, 
132 


тұлғажасам
– формаобразование, 
сөзжасам
– словообразование, 
нысан
– 
объект, 
пысан
– субъект, 
аңдатпа
– аннотация, 
сызық
– тире, 
сызықша
– 
дефис деген сияқты терміндерді осы күйінде қабылдауға болады. 
Есесіне, жоғарыда айттық сөздікте 
агенс, адъектив, акустика, 
акцент, аллафон, анлаут, антоним, арго, артикль, архетип, архисема, 
аспект, атрибут 
деген сияқты толып жатқан тілі білімі терміндері 
(мұндай терміндердің жалпы саны 300-ден асады) сол бұрынғы күйінде, 
яғни орысша жазылып, орысща айтылған күйінде қалған.
Қазақша термін жасауға неге болмасын, болады. Біз бұған дейін 
«адвербиализация» дегенде – 
адвербиалдану
, «адъективизация» дегенді – 
адъективтену
, «вербализация» дегенді – 
вербалдану
, «конъюнктивизация» 
дегенді 
– 
конъюнктивтену

«прономинализация» 
дегенді 
– 
прономиналдану
, «субстанция» дегенді – 
субстантивтену
деп, орыс 
тіліндегі – 
изация/ация
жұрнақтарын қазақшалап, 
-тану/тену, -дану/дену
тұлғаларымен беріп келген болатынбыз. Бұларды «адвербиалдану», 
«адъективтену» ... деп тілімізді бұрап жатқанша, оларды өз атымен атап, 
неге қазақша 
үстеулену
(адвербиалзация), 
сынесімдеу
(адъективизация), 
етістіктену
(вербализиация), 
шылаулану
(конъюнктивизация), 
есімдіктену
(прономинализация), 
затесімдену
(субстантивация) деген 
терміндермен атамаймыз?! Көрсетілген сөздердің (терміндердің) бәрі де 
ғылыми ұғымдардың атауын дәл беріп тұрған жоқ па?! 
Дәл осылар сияқты «дифтонг» дегенді – 
қосдыбыс
, «трифтонг дегенді 
– 
үшдыбыс
, «диктант» дегенді – 
жатжазу
деп алуымызға әбден болады. 
Мен 2004 ж. қазақ тілінің фонетикасы мен лексикасын қамтыған 
«Қазіргі қазақ тілі» деп аталатын ерекшелеу бір оқулық жазып бастырдым. 
Ол оқулықтың ерекшелігі мынада: Біріншіден, тіл заңдылықтарын 
ащыішекше шұбалтпай, энциклопедиялық сөздіктердегі секілді мәселенің 
тек тоқ етерін ғана айтып, мысалдар келтіріп отырдым. Екіншіден, бұрын 
еуропаша, орысша қолданылып келген терміндердің басым көпшілігін 
қазақша терміндермен ауыстырдым.
133 


Бұл ісім үшін менің талай адамның сынына ұшырайтыным анық. 
Соған қарамастан оқулықта «фонетика» дегенді мен – 
дыбыстаным

морфология – 
тұлғатаным
, синтаксис – 
тіркестаным
, фраза – 
түйдек

фразеология – 
түйдектаным
, лексика – 
сөз
, лексикология – 
сөзтаным

сингармонизм – 
дауыстылар мен дауыстылардың үндестігі
, аккомодация 
– 
дауыстылар мен дауыссыздардың үндестігі
, ассимиляция – 
дауыссыздар мен дауыссыздардың үндестігі
, конбинаторные изменения – 
ықпалды өзгерістер
, спонтанные изменения – 
ықпалсыз өзгерістер

вариант – 
түрпен
деп шынайы түрде қазақшаланғанды жөн көрдім. 
Менің оқулықты жазу кезіндегі қазақша термін жасау әрекетім әсіресе 
қазақ тіл білімінің лексикология (сөзтаным) саласында басымдау болды. 
Мысал келтірейін: 
метафора – бейнелеу 
метонимия – аталмастыру 
синекдоха – меңзеу 
актив.слова – жүрдек сөздер 
пассив. слова – сырдақ сөздер 
эксперсивн.слова – пейілдік 
сөздер 
эмоциональн.слова – сезімдік 
сөздер 
антоним – қарсымәндес сөздер 
омофон – айтылымдас сөздер 
омограф – жазылымдас сөздер 
синоним – мәндес сөздер 
омоним – тұлғалас сөздер 
эвфемизм – сыпайы сөздер 
дисфемизм – тұрпайы сөздер 
табу–тергеу сөздер 
плеоназм – жұптас сөздер 
перифраз – сипаттама сөздер 
калька – көшірме сөздер 
этнографизм – елтаным сөздер 
окказионализм – бірқолданылатын 
сөздер т.б. 


Әрине, мен жазған қазақ тілінің фонетикасы мен лексика саласында 
қазақшаланбаған терміндер жоқ десем, мұным шықдыққа сәйкес келмеген 
болар еді. Ол оқулықта 
фонема, грамматика, стиль, стилистика, протеза, 
эпентаза, эпитеза, редукция, синкопа, метатеза
деген сияқты біраз 
терміндер сол бұрынғы қалпында қалды. Бүйректен сирақ шығарып, бірден 
бәрін қазақшалап жібергенім жөн болмас деп ойладым. Оның үстіне келешек 
жас ғалымдарға да еңбектенетін, ойланатын нысан қалдыруымыз керек қой. 
134 


Термін жасау мәселесіне келгенде терміндік тұлғаттар (форманттар) 
жөнінде ойланбасқа болмайды. Бұл туралы филология ғылымының докторы 
Ш.Құрманбайұлы өзінің «Қазақ лексикасының терминденуі» деген еңбегінде 
жақсы айтқан [6: 44-45]. Орыс тіл білімінде мұндай терміндік тұлғаттар мол. 
Сол тұлғаттар арқылы олар кез келген термінді оп-оңай жасай береді. Ал 
бізде ондай тұлғаттар жоқ. Қалыптаспаған. Қалыптасырмағанбыз (Қазақша 
термін жасамасақ, ол қалай қалыптасады – Б.Қ.). Сөйтеміз де, қазақша термін 
жасау қиын деп сылтауратымыз.
«Қиын» деп қоя салмай іздестіре білсек, қазақ тілінен де терміндік 
тұлғаттар (форманттар) табылатыны анық. Айталық, жоғарыда сөз болған 31 
томдық терминологиялық сөздіктің 27 томында «форма» деген – 
тұлға

«формант» деген – 
тұлғат
деп алыныпты. Осылай қалыптастырып жіберуге 
неге болмасын, болады. 
Мен бір мақаламда «факт» дегенді 
мәнбі
, «фактор» дегенді –
мәнбір
деп 
айталық деген ұсыныс айтқан болатынмын. Бұл жерде – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет