85
мәтінінің өзінде қолданылады да, тақырыпат кешенінде өте сирек
кездеседі: «
Халық мемлекет үшiн емес, мемлекет халық үшiн
» (Ақ. –
2012. №1). Ал
анадиплозис
кезінде бір
сөйлемнің соңындағы сөз не
сөз тіркесі одан кейінгі сөйлемнің басында кездеседі: «
Болған жiгiт
болдым демес, болдым десе болғаны емес
» (ЖА. – 19.02.2002).
Қ.Ө. Есенова болса, газет тіліндегі қайталамаларды талдай келе,
синтаксистік конвергенция
құбылысы туралы сөз етеді.
Оған автор
«қызметтері өзара ұқсас келетін, басыңқы сөйлемге немесе негізгі
сөзге синтаксистік қатынасы жөнінен бірден бағынышты,
тәуелді
болатын элементтер тобын» жатқызып, мысал ретінде «сөйлемдегі
бірыңғай мүшелерді атауға болады» деген тұжырымын ұсынады [66,
30]. Заманауи газет беттерінде мұндай тақырыпаттар біршама жиі
кездеседі: «
Әзiрлен, Астана, әзiрлен!
» (ЕҚ. – 12.11.2010), «
Өр Алтай,
асқар Алтай, асқан Алтай!
» (ЕҚ. – 11.12.2012), «
Жиырма Ғасыр...
Жиырма жыл... Жиырма Жас...
» (ЖА. – 04.01.2001).
Достарыңызбен бөлісу: