114
115
А.К.Жолковский, И.А.Мельчук алғашқылардың қатарында зерттеді.
«Мысалы: біреуден көмек сұрау, біреуден өтініш қылу, біреуді айналып-
толғану, талқыға салу т.т. тіркесімдері адамның сөйлеу әрекеті негізінде
сөздердің мағыналарының «өңделуінен» шыққан тіркесімдер» деген
тұжырым жасай отырып, оларды лексикалық параметрлер деген ат-
пен атайды [81,48]. Бұл мектеп өкілдері семантикалық синтагматика
терминін бұрыннан аралас келе жатқан «валенттілік» терминімен қатар
қоймайды, әрине, бұған синтагматика мен валенттіліктің екі түрлі ка-
тегория екендігі өз әсерін тигізгені анық. олар синтагматика аясына
арнайы латын әріптерімен таңбаланған лексикалық параметрлерді,
ал күрделі лексикалық синтагматикаға валенттіліктің және оның
түрлерін енгізеді. Алайда, айта кететін жағдай, жалпы тіл білімінде
синтагматика мен валенттілік терминдері аралас келу жағдайлары
жиі кездеседі. Көптеген зерттеушілер бұл терминдерді араласты-
ра көп қолданғандықтан, күні бүгінге дейін бұл терминдер мәселесі
әлі шешіле қойған жоқ. Сондықтан синтагматика терминінің орнына
кеңес тіл білімі кезеңінде тіркесімділік сөзі жиі алынды. Бұл туралы Б.
Сағындықұлы: «синтагмалық байланысты кей әдебиеттерде сөздердің
лексикалық тіркесімділігі деп те атайды», – деп жазған еді [35, 15].
Синтагматика терминінің орнына тіркесімділік сөзін қолданып, в.Г. Гактың
ізімен лексикалық және синтаксистік тіркесімділік түрлерін жіктеген
Н.З.Котелова бұл мәселені Ю.д.Апресянның сызбасы арқылы
түсіндіреді [93, 86].
Достарыңызбен бөлісу: