2.2 Лексикалық синтагматиканың зерттелуі
Тілдегі таңбаларды екіге бөлген Ф.де Соссюр олардың басты
екі бағытта жұмсалатындығын және екі аспектіде, яғни бір тектегі
әртүрлі түрлердің қолданысы мен әртүрлі түрлердің бір-бірімен әсер
ете қолданысқа түсетіндігін аңғарып, тіл бірліктерінің екі бағытта
қолданысқа түсетінін көрсеткен еді. Бұл екі басты бағыттағы қатынастар
жүйесін парадигматика (әртүрлі және сол түрлердің қолданысы) және
синтагматика (басқа түрлердің бір-бірімен әсер ете қолдануы,бір-
біріне әсері) деп екіге жіктеген болатын [112, 22-23]. Шетел тіл
білімінде бұл мәселені қарастырған зерттеушілер в.Гумбольдт, Ф.де
Соссюр ізбасарлары мен құрылымдық лингвистика өкілдері; в.вундт,
С.К.огден мен И.Ричардс, о.Есперсен, Л.Блумфилд, дж.Лайонз,
У. вейнрейх, Л.Ельмслев, дж.Катц, дж.Фодор, П.Зиффа, Ч.Филлмор,
Э.Косериу, дж.Лакофф, дж.МакКоли, А.вежбицкая, А.Шафф т.т.
Бұл ғалымдардың барлығы дерлік лексиканы жүйе ретінде зерттеп,
семантикалық талдау жасайды. Алайда, таза парадигматикалық пен
синтагматикалық қатынас мәнін нақты тілдер фактілерімен салғастыра
немесе салыстыра зерттемейді, негізінен, құрылымдық тұрғыдан
бір-біріне араластыра мәнін ашады. Э.Косериу лексикалық синтаг-
матиканы лексикалық бірлесулер деп атаса, мәселен, У.вейнрейх
сөйлем синтагматикасының негізгі мәндік құрылымдық бөліктерін
семантикалық синтагматикадан құралған деп есептеп, оның бөліктерін
сөйлем мағынасы құрамынан лексикалық синтагматиканы зерттеуге бо-
лады деп санайды. У. вейнрейхтің басты жаңалығы – тіл мағынасының
синтаксис пен семантикасына ортақ элементтерден тұратындығын
зерттеуі. Сол арқылы ол «жаңа семантикалық теориясын» ұсынды,
яғни бұнда семантикалық синтагматиканың басты жасалу, туу жолда-
рын реттейтін алғышарттар мен өлшемдер көрсетілген. Мысалы, оның
«қосылу, іліктесу» т.б. терминдер енгізгеніне жоғарыда тоқталған
болатынбыз. Жалпы бұл зерттеулер легі құрылымдық лингвисти-
ка бағытынан туған, сол себепті екі сөздің мағыналық үйлесімділігі
семантикалық өріс теориясынанда орын алады.
Шетел тілшілері, әсіресе, Б.Потье, А.Шафф семантикалық
құрылымнан семалар арқылы семантикалық мән екі лексема, екі се-
мема арасында синтагматиканы үнемі қатаң тәртіпте ұстап, кейде
компоненттердің орындары ауысып отыратын элементтерден көріп,
жазған еді [113]. Ал морфемалық сыртқы түр синтагматикалық,
парадигматикалық байланыс үшін де басты өлшем болудан қалады, ба-
сты кезекке қалыптасқан норма шығады. Бұл норма тіл тазалығы мен
оның мәндік қолданысынан артып, дамуына әсер етеді. Бүгінде сөздер
мағынасының синтагматикасы шетел мектептерінде әртүрлі бағыт,
ағымдар тұрғысынан және фактілер шоғырын пайдалану арқылы зерт-
телуде. оның ішінде, басты бағыттар дистрибуциялық талдау жүргізу,
құрылымдық семантикасын талдау, семантемалар, синтагмемалар
жүйесі элементтерін айқындау, контекстологиялық талдау арқылы
лексикалық синтагматика мәнін ашу, лингвомәдениеттану, этнолинг-
вистика, ареалдық және диалектілік лексикалық семантиканы анықтау
ағымдары бар.
Лексикалық синтагматика дегеніміз не деген сұраққа жауап
іздесек, ол туралы дәл айтылған анықтама жоқ. Жалпы алғанда, ол –
сөздердің мағыналық байланысы, үйлесімділігі, тіркесімділігі. осыдан
барып, синтагматикалық қатынастар синтаксистік синтагматикаға және
лексикалық синтагматика сияқты үлкен жүйелік байланыс түрлеріне
ажыратылады.
орыс тіл білімінде синтагматика үш түрлі бағытта зерттелгені
байқалады. Бірінші бағыт, лексикалық синтагматика құбылысын
дистрибутивті талдауға ұшырату бағыты. Лексикалық синтагматика-
138
139
ны бұл тұрғыдан зерттегенде дистрибутивизм көптеген зерттеушілерге
жаңа ғылыми әдіс ретінде көрінген болатын. Сол себепті 1960-
шы жылдары дәстүрлі в.в.виноградов, в.Звегинцев еңбектерінен
кейін сол кездегі саяси ахуалдағы «жылымық» (Н.С. Хрущев кезеңі)
тіл білімі мәселелеріне өз әсерін тигізіп, жаңаша сала ретінде дис-
трибутивизм бейнебір қабылданғандай әсерде болды. М.Т.Тагиев,
в.Л.Архангельский еңбектерінде синтагматика тіркесімділік ретінде
семантикалық ая тұрғысынан талданған еді. Бұл еңбектердегі басты
әдіснама Л.Блумфилдтің, З.Харристің әмбебап әдістерінен бастау
алған еді. «Сыртқы дистрибуция мен ішкі дистрибуция синтагма-
тика мәселесіне тікелей қатысты, өйткені тілдік қабат тек жүйелік
байланыс негізінде бірлеседі, бір-біріне әсер етеді», – дей келе,
в.Л.Архангельский лексикалық синтагматиканы «синтагматикалық
вариация» терминімен атайды [114, 5]. дескриптивистер бағынышты
құрылымнан тұратын лексикалық деңгейлі қабаттарды жүйелейді,
яғни «лексикалық, тұлға тудырушылық, синтаксистік және
семантикалық», – деп жіктейді. в.Л.Архангельскийдің енгізген ба-
сты ғылыми жаңалығы – синтагматиканың, оның ішінде синтаксистік
және семантикалық синтагматиканың мағыналық қоршау не өріс,
ая категориясына байланысты дамитындығы [114, 99]. Алайда
валенттілік, мағына үйлесімділігі, мағына құрылымындағы семалық
сигналдар арқылы байланысу мәселелерін дескриптивистер басты
деп түсінбейді. Бұл бағыттағы басты категориялар ішкі мен сыртқы
дистрибуциядағы тіркесімділік пен семантикалық қоршаулардағы
семантикалық синтагматика мен синтаксистік сыртқы формалық син-
тагматикасы. М.Т.Тагиев лексикалық синтагматиканың лексиколо-
гия және фразеологияға қатысты екендігін айтады да, синтагматика
жүйесінің құрылымын былай көрсетеді: «тіркесімділік ядросы – фра-
зеологизм – семантикалық ая – қосалқы лексикалық бірліктер және
күрделі синтаксистік конструкциялар». Сонымен бірге, «құрылымдық
байланыстың екі түрін: жекелік құрылымдық байланыс және ситуация-
лы құрылымдық байланыс түрлерін» анықтайды [115, 20]. Тіркесімділік
ядросы – актант мағынасы сөздің семантикалық ая құрауы лексикалық
синтагматиканың басты зерттеу нысаны екенін алғаш таныта білген
дистрибуция ағымының өкілдері екенін айтуға тиіспіз.
Парадигматиканың омонимияда солғын, ал полисемияда күңгірт
түрде жүріп, мәндік байланыстың парадигматикалық байланыстан
шығып, жасырын синтагматикаға енетінін М.Т.Тагиев өз зерттеуінде
аңғарып, фразалық бірліктердің тіркесімділігінде лексикалық
синтагмалық қатынастың өлшем екенін зерттеп жазады [115, 213]. де-
скриптивистер ішінде в.П.Жуков синтагмалық байланыстың тек қана
семантикалық аядан шығатынын, сол категорияға бағынышты екенін
зерделейді. Мәселен: мылтық – ақша, мылтық – қару, мылтық – су-
венир, мылтық – өнер туындысы, мылтық – тіршілік құралы сияқты
конструкцияларындағы байланыстың ерекше сипатта келетіні, ал осы
конструкциялардың бір семантикалық бағыттағы қоршауда тіл айна-
лымында қолданыста болатындығы в.П.Жуковтың пайымдауларына
келеді.
дескриптивистердің басты үлесі дистрибуция терминін
семантикалық қоршаулар мен аялардың жиынтығы ретінде
семасиологияға енгізуі. оның үстіне, лексикалық мағынаның
құрылымдарын осы жүйелік бағытта, тіл айналысында және
қолданысында даму заңдылықтарын зерттеуге жол ашуы деп
білеміз. Мәселен, сын есімдердің парадигматикасы, етістіктердің
синтагматикалық ерекшеліктері туралы т.т. еңбектер осы дистрибути-
визм бағытынан басталады. Лексикалық синтагматиканың ішкі мәндік
қатынасы және мәтін синтаксисі, сөйлем мағынасында көрінетін мәндік
қатынас ерекшелігі, оның құбылуы семантикалық аяның лексикология
мен синтаксиске ортақ сипатта келуі сияқты бірқатар ірі мәселелер осы
бағытта қарастырылған болатын.
Соңғы кезде бұл бағыттың басты мәселелері кейбір
зерттеушілердің еңбектерінде қайта қарастырылуда екенін айтқан жөн,
яғни олар семантикалық ая мәселесін мәнмәтін жиынтығы тұрғысынан
зерттеу жөн деп есептейді. Бұл бағыттағы ізденістер көптеген
лексикологтардың мағына бірлігінің тіл жүйесі, деңгейлік жүйелердегі
орнын тануына түрткі болды. Лексикалық синтагматиканың қолданыс
ерекшелігінің мәтін жағдайында құбылыс ерекшелігі лексикалық син-
тагматика мәселесін зерттеудің екінші бағытын тудырды.
Екінші
бағыт,
лексикалық
синтагматиканы
танудың
контекстологиялық бағыты. Контекстологиялық бағыт сөздің
мағыналық тіркесіміне мәнмәтіннің (контекст) әсер ету деңгейін
айқындаудан басталған. Бұл мәселеге текст тұрғысынан алғаш өз ой-
ларын білдірген в.А.Звегинцев, А.И.Смирницкий, о.С.Ахманова,
в.Н. Телия, д.докторевич, М.в.Никитин, д.Н.Шмелев, А.А.Уфимцева,
Г.в.Колшанский, Н.Н.Амосова, Ю.д.Апресян, И.А.Мельчук сияқты
тілшілер еді.
Синтагматиканың контекстегі жүйелік белгілерін арнайы зерт-
теу тақырыбы еткен Г.в.Колшанский «Контекстік семантика»
еңбегінде контекстің өзінің лексикалық синтагматиканы дамытуға
тигізетін әсерін қарастырады. ол былай дейді: «Мәнмәтін – ситуативті
мағынаның терең мәні, бұл мән тілдік форма ішінде болады» [116, 24].
Ал Н.Н.Амосова лексикалық синтагматика мәнмәтіндегі минимумды
140
141
семантикалық тіркес және мәнмәтін дегеніміз семантикалық жүзеге
асқан сөздердің тіркесімі деп ұғынады. Лексикалық синтагматика не-
месе синтаксистік синтагматикаға сәйкес екі мәнмәтін ерекшелігін
ашады. Сосын оларды тұрақты және айнымалы мәнмәтін деп атай-
ды [117]. Тұрақты мәнмәтінде тұрақталған, қалыпқа түскен, бекіген,
нормаға жат емес синтагматикалық мәнге ие сөздер шоғыры жатса,
айнымалы мәнмәтінде айнымалы сөздер тіркесімдері орын алады.
Контекстологиялық синтагматикалық қатынас бағытында семантикалық
аяның басты қызметі ескерілмейді. Бұнда басты роль мәнмәтін
позициясындағы актант сөздің валенттілігінде болады. оның үстіне,
мәнмәтін факторларының сөзге және оның позициясына әсері талда-
нады. Әсіресе, фразалық бірліктердің контекстік семантикадағы басты
вариациясы мен құрылымдық қатынасын аңғаруда контекстологиялық
бағыттың мүмкіндігі айрықша. Бұнда лексикалық синтагматика мына-
дай басты ұғымдардан тұратыны зерттеледі:
а) Ілеспелі, үйлескен тіркесімділік;
б) Арақашықты, үйлесімді тіркесімділік;
в) Қатысты позициялы үйлесімділік;
г) Қосылмалы, мәндік үйлесім;
д) Үйлеспейтін мәндік синтагматика түрі.
Лексикадағы синтагматикалық қатынастардың мәнін айқындау
үшін контекстологиялық талдау әдісін қолдануды осы бағыттан
шығарды. Бұл әдістің басында акад. в.в.виноградовтың сөздердің
лексикалық мағыналарын типтерге бөлуі, мәселен, фразеологиялық
байлаулы мағына түрі жатыр. Бұл әдіс Н.З.Котелова, в.в.Морковкин,
И.А.Стернин, Э.в.Кузнецова еңбектерінде кеңінен қолданыс тапқан.
Э.в.Кузнецова контекстологиялық талдау жүргізу үшін мынадай
кезеңдерін анықтап көрсетеді:
а) фразалық материалды таңдау;
б) қолданатын сөзге мағыналық байланысы бар, мәнмәтіндік по-
зицияны айқындау;
в) позициялардың мәнін ашу және жинақтау;
г) мәнмәтіндік факторларды анықтау, олардың ішіндегі
жетекшілерін бөліп шығару. Контекстологиялық бағыттың басты
тұжырымдамасы мен әдіснамасын жазған ғалым А.в.Кунин бола-
тын. ол тіркесімділіктің мынадай ұғымдарын ұсынады: «контактылы
тіркесімділік, дистантты тіркесімділік, бірге қатынасу, қосылу» [118,
8-9]. ол ұсынған екі кезеңдік зерттеу әдісінде, алдымен, сыртқы тілдік
синтагмалық байланыстардың жүзеге асу жолы қарастырылады, ал
екінші кезеңде олардың сөйлеу қызметінде, көркем әдебиет стиліндегі
ерекшелігі зерттеледі. Ю.А.Бельчиков лексикалық тіркесімділікті
мәтіннің стилистикасына қатысты жүйелеп, оны міндетті және
факультативті деп екіге жіктейді: «обязательная сочетаемость – это
такие лексические связи слова, без которых оно не может функциони-
ровать в речи. Например, глагол вправить не употребляется в литера-
турной речи без таких распространителей, как кость, нога, рука, плечо,
вывих и др.;» [119, 91].
Үшінші бағытты лексикалық құрылымдық синтагматика бағыты
деп шартты түрде атауға болады. Бұл бағыттағы алғашқы зерттеулер
екі лексеманың синтагмалық байланысынан басталады. о.С.Ахманова
сын есім + зат есім қатынасындағы сөз тіркестерінің семантикасын
талдап, мағыналық байланыстың міндетті екенін көрсетеді. Мысалы:
авиация – бомбалаушы, азаматтық, ауылшаруашылық, транспорт-
ты; автомобиль – авариялы, жүк, жабық, жеңіл, санитарлы; агенттік
– пошта, телеграф, сауда; аппарат – фотографиялық, ұшатын, жарық
белгісін беруші; артель – өндіруші, балық аулаушы, ауылшаруашылық;
соғыс – империалистік, басқыншылық, әділ емес, әділ, отан; қызмет
– ғылыми, қоғамдық, педагогикалық; партиялық т.т. [28,
174]. И.в. Арнольд лексикалық синтагматиканы: «сөздің әлеуеттік
қабілетінің сөйлеу жүйесінде басқа сөздерді таңдап байланысуы», – деп
көрсетеді [120, 17]. Бұл сияқты анықтаманы в.д. Аракиннен көреміз:
«лексикалық синтагматика сөз қабілетінің басқа сөздерді таңдап ба-
рып, тіркесімділік құрап, жүзеге асуы» [121, 6]. Екі сөздің мағыналық
байланысын лексикалық мағынаның құрылымдық бөліктері арқылы
табиғатын ашуға болатынын в.Г.Гак 1972 жылы «Семантикалық син-
тагматика мәселесіне» атты еңбегінде дәлелдеп жазған болатын. ол
семантикалық синтагматикада мағынаның туу және іске асу жолдарын
арнайы талдап, формула – схемалармен түсіндіреді. Құрылымдылық
бағыттың басты талдауы семалық жіктелудің принциптеріне
негізделеді, сондықтан синтагматикалық байланыс мәні олардың
тіркесу, үйлесу дәрежелері тым жақсы деңгейде айқындалады.
оның үстіне, синтагматикалық қатынасқа жамалатын көңіл-күй
бағалауыштық, бояу дәрежелері, әсіресе, жағымды және жағымсыз
баға беру көрсеткіштері де нақтылана түседі. Мәселен: «қасқыр келді»
және «бала мектептен үйіне келді» конструкцияларын салыстырып,
олардың ерекшелігінің семантикалық формулаларын басқа коррелят
мысалдар арқылы зерттейді [79, 371]. Бұл бағытта контекстік мән
ерекшелігі, лексикалық синтагматикаға тигізер әсері, мағыналық
құрылымның мәнмәтін жағдайындағы әсерімен зерттеледі. Мысалы:
қасқыр келді; далаға су келді; далаға көктем келді; хат келді; бастық
келді; поезд станцияға келді; соғыс келді; қайғы келді; түстенетін
уақыт келді конструкцияларына етістіктің синтагмемалық қабаты де-
142
143
ген аталым енгізіледі. дистрибуциядан енген семантикалық қоршау
аталымынан құрылымдық синтагматиканың қатысты екенін талдайды.
Синтагматика семантикалық қоршаудан үш деңгейде тәуелді болады:
а) сөйлеудегі семантикалық аяға қатысты лексикалық мағына
үйлесімі;
б) сөйлеудегі ситуацияның ой желісіне қатысты лексикалық син-
тагматика;
в) дұрыс мәнмәтін ішіндегі екі сөздің әдеби нормаға сай
үйлесімді қолданылуы. Мағыналық құрылымнан оның семаларының
құрылымы сәйкестенбейінше, лексикалық дұрыс, қалыпты синтаг-
матика қалыптаспайды. Лексикалық құрылымдық синтагматика
екі функция атқарады: байланыстырушы және айырушы, жіктеуші.
Айырып жіктеу, дәлме-дәл мағыналық үйлесімділікке түсуі екі сөз
мағыналарының құрылымдық бөліктеріне итеративті байланысынан
туады. Құрылымдық бағыттағы басты айқындаушы қатынас түріне
осы итеративті (семалық түр бойынша) байланысты жатқызамыз. Бұл
қатынас жүйелерінің қамту аумағы кең көлемде болатыны лексикалық
синтагматиканың біраз күрделі мәселелерін анықтауға жол ашып от-
ырады. осы зерттеулерден кейін С.Б. Берлизон: «Широко изучается
лексическая синтагматика, центральной проблемой которой является
лексическая сочетаемость слов, осуществляемая на основе их «се-
мантической совместимости», их семантического согласования и реа-
лизующая их семантические потенции», – деп жазған еді [122, 261].
осыған сәйкес сондай көлемді зерттеулердің бірі – Ю.д.Апресянның
1974 жылы шыққан «Лексикалық семантика» еңбегін Мәскеу
семантикалық мектебінің лексикалық синтагматиканы зерттеудегі
жемісі деп білеміз. Бұнда лексикалық синтагматиканың жүзеге асу-
ын лексикалық параметрлер деп атап, олардың бірқатар түрлерін тал-
дайды. Лексикадағы синтагматикалық қатынастарды тілдік тұрғыдан
қарастырған д.Н.Шмелев лексикалық тіркесімдердің контекстік по-
зициялар мен сөйлеу үзіктерінде ортақ мән құрау ерекшеліктерін тал-
дап, бұл саланың енді ғана өз дамуын бастағанын айтып, болашақта
зерттелетін сұрақтары көп екенін көрсете отырып, бұл мәселені алға
жылжытты. Н.в.Юдина «орыс тіл білімінде лексикалық синтагма-
тиканы енгізген және осы бағыттағы зерттеулерге негіз болған», –
деп бағалаған Н.З.Котелованың 1975 жылы шыққан «Лексикалық
тіркесімділік» зерттеуі – бұл мәселені толық жүйелі түрде сипаттаған
және синтагматиканы лексикалық, синтаксистік деп екіге бөлген
еңбек дегіміз келеді. Ал И.С.Улуханов сөз тудырушы семантиканың
синтагматикалық қатынастарын морфологиялық ерекшеліктермен
бірлестікте, яғни олардың уәжділігімен бірге қарастырады [123, 214].
Н.д.Арутюнова семантикалық үйлесу ұғымын енгізіп, оны шартты
түрде, лексикалық және семантикалық деп екіге жіктейді [124, 81].
Ж.П.Соколовская орыс тіліндегі сын есімдердің лексикалық синтаг-
матикасын семантемалардың синтагматикалық құрылымы бойын-
ша қарастырып, семантикалық қатынастардың «логикалық каркасы»
деген ұғымды енгізеді [64, 91]. С.Г.Тер-Минасова стилистикалық
синтагматика ұғымын лексикалық синтагматикадан шығатынын
айта келіп, Паустовский, Толстой, Шолохов, Гладковтың көркем
шығармаларындағы синтагмалық қатарлардың жасалуына, мәтінде
құбылуына семалық құрамының өзгеретініне мысалдар келтіреді.
Мәселен, аталған жазушылардың шығармаларында «август – жылы,
ыссы, аңызақты, күншуақты, салқын, құрғақ, жаңбырлы, ал апрель
– салқын, суық, жылы, күншуақты, құрғақ, жаңбырлы» болаты-
нын жазады. Ал олардың ауыспалы мәнінде, эпитеттерінде, «август
– бұлтсыз, қапырық, алтын, таза, қуанышты, тұманды, көңілсіз», ал
«апрель – көңілді, сөйлемпаз, көгілдір көзді, өмірге риза, жылғалы»
болатынын жазады [4, 109]. Лексикалық синтагматика мәселелері
«Лексикалық семантиканың синтагматикалық байланыстылығы» деген
атпен шыққан ғылыми еңбектердің жинағындағы Н.Н.данченконың
мақаласында құрылымдық тұрғыдан сипатталады [125, 54-63].
орыс тілінің оксюморонды тіркесіндегі лексикалық синтагматиканы
қарастырған в.Я.Пастухова өз зерттеуінде «семантикалық норма»
ұғымының лексикалық синтагматиканың өлшемі болатындығын айта
келе, тыныштық сөзі мынадай түнгі, таңғы, үнсіз тыныштық; орман
тыныштығы; класс тыныштығы; өлі тыныштық; дыбысты тыныштық
немесе шындық, ақиқат сөзі өтірікшіл шындық (Ю.Семенов), өтіріктің
шындығы (М.Цветаева), өтірік сияқты шындық (Е.Евтушенко), өтірік,
ақиқат ретінде (в.Белинский), өтіріктің түпнұсқасы (Евтушенко), ақиқат
фальші (Цветаева) ретінде бір-бірімен семантикалық байланыс орната-
тынын жазады [126, 10-12]. Л.М.васильевтің орыс тілі етістіктерінің
семантикасын, оның ішінде, олардың он бес мағыналы түрін бөліп,
олардың синтагматикалық қасиеттерін сипаттауы бұл тұрғыдағы
бірқатар зерттеулерге жол ашты. Мәселен, Р.М.Гайсинаның «Қазіргі
орыс тіліндегі қатынас етістіктерінің лексика-семантикалық өрісі [127],
Т.А.Кильдибекованың «Қазіргі орыс тіліндегі әрекет етістіктері» [128],
в.Л.Ибрагимова «орыс етістігі семантикасы; қозғалыс етістігі [67] т.т.
зерттеулер. осы іспетті зерттеуге жататын «етістік + зат есім» типіндегі
лексикалық синтагматиканы орыс және поляк тілдерінде салыстыр-
малы түрде қарастырған М.дзервайлло лексикалық синтагматиканы
семантиканың еншісінде деп есептеп, оның теориясын негіздейді және
лақтыру, жіберу, түсіру, ұшыру етістіктерінің лексикалық синтагмалық
144
145
қатарларын алғаш рет бөледі [129, 6-7]. оның тағы бір бұл мәселеге
қосқан үлесі «әкелу» етістігін талдау арқылы синтагматикалық өріс
ұғымын енгізуі [129, 16]. С.А.Кукушкина мәтіндегі синтагматикалық
байланыстарды қарастырса [130], Е.Н.Прокоповин орыс тіліндегі
етістіктердің түр мен шақтық формаларының синтагматикалық
қатынастарын зерттейді [131]. в.Н. Телия тілдегі сөздің байлаулы
мағынасын, олардың мағыналық бөліктерінің синтагматикасын зерт-
тей келе, таныстық және достық сөздерінің синтагмалық қатарларының
не себептен әртүрлі деңгейде келетінін қарастырады [132, 44]. Етістік
синтагматикасы диалектілік етістіктердің лексикалық синтагматика-
сын қарастырған Г.А.Мординованың зерттеуінде сөз болады. ол «аң
аулау» лексика-семантикалық тобына енетін етістіктердегі лексикалық
синтагматиканың әртүрлі деңгейлер құрайтынын анықтайды, яғни
етістіктердің әр аң не құс түріне ғана үйлесетінін жазады. Мәселен,
аю, бұғы, балық, түлкіні т.т. «аулау» болса, тиін, ақкіс, кәмшат, құндыз,
бұлғынды «ұстау» болады. орыс тіліндегі добывать, промышлять,
ловить, охотиться, заниматься, белковать, соболевать, неводить т.т.
етістіктердің диалектілік синтагмалық ерекшеліктерін ашады [133,
16-17]. Бұнда субъект – құрал және іс-әрекеттің лексикалық бірлесу
негізінде синтагмалық қатарлар құрау мүмкіндіктері қарастырылады.
о.о. Ломакина сөздің екі қатынасын семалық тұрғыда біріктіре зерттейді
[134, 6-18]. Ал Э.в.Кузнецова 1989 жылғы зерттеуінде лексикалық
синтагматикада сөз-синтагма, синтагмалық қатар, синтагматикалық
оппозициялар т.б. ұғымдарын жіктеп, бірнеше жетістіктерге қол
жеткізгенін атап өту керек. Б.И.Татаринцев 1987 жылы шыққан
еңбегінде: «лексикалық синтагматиканы сөйлеуде және контексте бір
шеп бойынша сөздердің мәндік байланысы болып құралуы», – дей
келе, тува тіліндегі «кес» шабу дегенді білдіретін жалғыз етістіктің
шөп шабу (косить сено) және ағаш шабу (рубить дерево) дегендегі
орыс тіліндегі косить, рубить етістіктерінің мағынасын беретінін ай-
тады [135, 6-7]. Н.в.Сурейкина жалпы синтагматиканы лексикадағы
жүйелі мағыналы байланыс ретінде қарастырады [136, 4]. орыс
тіліндегі сын есімдердің лексикалық тіркесімділігі Р.Н.Лабикованың
зерттеуінде кеңінен сөз болады [137, 12-16]. Парадигматикалық және
синтагматикалық қатынастарға ортақ құбылыс болатын полисемиядағы
лексикалық синтагматика в.Н.Стукалованың зерттеуінде толығымен
сипатталады. Бұнда көпмағыналылық валенттілік талдау тұрғысынан
зерттелгендіктен көптеген синтагмалық қатарлардың контексте
құбылу жағдайы, әсіресе, ойлау, толғану, шешу, түсіндіру, шығару,
армандау т.б. етістіктерімен басқа сөздердің полисемиялы тіркестер
құрауы айқындалады [138, 6-8]. Лексемалардың тіркесімділігіне
фразеологиялық тіркестерді жатқызып, олардың тіркесім болатынын
зерттеген М.Копыленко, З.д.Поповалардың ізімен фразеологизмдердің
синтагматикасы, олардың оппозициялары, мәтіндегі орны мен әртүрлі
ерекшеліктері Н.Е. Кунинаның зерттеуінде ағылшын лексикасы бой-
ынша қарастырылады [72]. М.в.Никитин бұл қатынастарды екіге
бөледі:
«а) экспликационды – атаулар экспликациялы қатынаспен бай-
ланысады, ал атаулардың денотаттары зат және оның белгісі ретінде
бағыныштылыққа түседі: ақ қар, адам тұр;
б) элизионды – басты сөздің денотаты анықталмайды: бір шай,
иттің иесі, көлік жүргізушісі, жол оқиғасы;» [139, 568]. Лексикалық
синтагматиканы лексикографиялық түрде толық жүйелеген бірден-
бір басты еңбек Н.Г.Архипованың зерттеуі деп білеміз [103]. Ал
синтагматиканы салыстырмалы бағытта, яғни ағылшын және орыс
тілдерінің нақты мысалдарымен талдап, салыстырған еңбек –
И.в.Бондаренконың зерттеуі екенін айта кету керек [70]. Лексикалық
синтагматиканың ғылыми мәтінде берілу жағдайы Е.С.Кузьминаның
зерттеуінде синтаксистік синтагматикамен бірге қарастырылады [32,
213]. Лексикалық синтагматиканы семантиканың жеке саласы ретінде
алғаш зерттеп, оның валенттіліктен айырмашылықтарын көрсеткен
И.М.Кобозева екенін баса айтқымыз келеді. Лексикалық синтагма-
тика жеке сала ретінде М.А.Кронгауздың еңбектерінде валенттілік
құбылысымен бірге зерттелсе, Н.Ф.Алиференко лексикалық
мағыналарды лексикалық синтагматиканың өзіндік принципі бойын-
ша топтастырады [20, 177]. Ал Н.в.Юдинаның лексикалық синтагма-
тиканы когнитивті аспектіде зерттеуі – И.А.Стернин, Е.С.Кубрякова,
Н.Ф.Алиференко, Ю.Н.Караулов т.б. зерттеушілердің когнитивті
семантикадағы зерттеулерінің жалғасы іспетті. Бұнда алғашқы рет
лексикалық синтагматика когнитивті семантиканың еншілес бөлігі
ретінде және синтагматиканың когнитивті ерекшеліктері белгілі
бір конструкциялар бойынша зерттеледі. Н.в.Юдина тіркесімділік,
валенттілік терминдерін саралап, сөйлеу және тілдік валенттілік катего-
рияларын бөліп көрсетеді [110, 30]. Мұның өзінде де орыс тіл білімінде
әлі де лексикалық синтагматиканы синтаксистік синтагматикамен ша-
тастыру бар екенін айтқымыз келеді. осындай зерттеулердің жүйелі
түрде орыс тіл білімінде жүргізілуі лексикалық синтагматиканың
семантиканың жеке саласы ретінде қазақ тіл білімінде де зерттеп,
уақыт өткізбей қолға алатын мезгіл келгенін көрсетеді.
Қазақ тіл білімінде мағыналық үйлесімділік және тілдік жүйе
мәселелері А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанұлының еркін және дәстүрлі,
ұлттық болмыстан тұратын ой-пікірлерінен бастап зерттеледі. Соны-
146
147
мен қатар, І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев, Ә.Қайдари, Р.Сыздық, Р.Барлыбаев,
М.Серғалиев,
Б.Хасанұлы,
Ә.Болғанбайұлы,
Т.Сайрамбаев,
Ғ.Қалиұлы, С.Исаев, Б.Сағындықұлы, А.Айғабылұлы, Х.Нұрмұқанов,
Ф.оразбаева, Б.Шалабай, Г.Н.Смағұлова, А.Салқынбай, Б.Момынова,
Ж.Жақыпов, А.Алдашева, З.Ерназарова, С.Бизақов, М.Атабаева
еңбектерінде дәстүрлі формалық мағынаға негізделген лексикалық
категориялар мен мән-мағына қарастырылған. А.Байтұрсынұлы
«оқу құралы» еңбегінде зат есімдерді тезаурустық жүйемен сөздікке
түсірген Ы.Алтынсарин ізімен зат есімдерді мағына бойынша топтап,
«малдар аты» тобында оларға тән қимылдарды лексикалық синтагма-
тика бойынша береді. Мысалы, «Түйе боздайды. Жылқы кісінейді.
Сиыр мөңірейді. Қозы маңырайды. Ешкі маңырайды. Ит үреді. Мысық
мияулайды» [140, 44]. Синтагматика мәселесін алғаш көтере отырып,
Қ.Жұбанов өз зерттеуінде былай деп жазады: «Синтагматика – ла-
тынша құрау, құрастыру дегенді білдіреді. Лексика дегеніміз сөздерді
мағына жағынан бір-бірінен айыру болып табылады. Лексиканың атау
ретіндегі, мағына айырмашылығындағы кемшілігін синтагма толтыра-
ды (жылқышы) – бұл бір; лексиканың жарамды-жарамсыздығына бай-
ланысты кемшілігін де синтагма толтырады (жылқының жарымы) – бұл
екі. Синтагма лексиканы жеңеді. Бұл не деген сөз? Сөз негізінің үшке
бөлінуі, үш негіз тууы, осы тенденциядан. «Тайға таңба басқандай»
сияқты тіркестер идиом деп аталады» [5, 100]. Қ.Жұбановтың синтаг-
матика лексиканы жеңеді деп көрсеткенде, синтагматиканың дамуы-
нан сөздер байлаулы, тұрақты қалыпқа түсетінін айтады. Сонымен
қатар, Қ.Жұбанов бүгінде өз зерттеуінде Э.в.Кузнецова көрсеткен,
сөздер мағынасына қарай бірдейлі, қарама-қарсы, ұқсастық болып
бөлінетін сөздерді, сол кездің өзінде-ақ, жуықтық тенденциясы және
аулақтық тенденциясы деп жіктейді [5, 102-104]. Ал құрылымдық
тіл білімі тұрғысынан қазақ тіл біліміндегі жүйе мәселесі соңғы
кезеңдерде қарастырыла бастады. Мәселен, етістіктің жүйелілігі және
құрылымдық сипаты алғаш Н.Т.Сауранбаев, Н.оралбай, А.Қалыбаева,
Ы.Е.Мамановтың және М.оразовтың қалып етістіктерін зерттеген
жұмыстарынан бастау алады.
Қазақ тілі семантикасының мәселелері соңынан 1990 жыл-
дардан бастап қарастырыла бастады, мәселен, М.оразов қазақ тілі
лексикасындағы парадигматика, синтагматика мәселелерін
в.Г.Гактың дәстүрлі мектебі бойынша зерттейді. Құрылымдық
итеративті байланыстың салғастырмалы негізін қалаған да М.оразов
деп есептейміз, себебі, ол өз еңбектерінде орыс тілі етістіктерінің
және қазақ тілі қалып етістіктерінің парадигматикасы мен
синтагматикасының айырмашылығын ашуға тырысады. Сонымен
қатар, фразалық бірліктердің компоненттік құрылымының орналасу,
таралу аумағын салыстырады. Лексикалық мағынаның құрылымы оны
құраушы компоненттер, семалық құрылым қазақ тілінің материалдары
бойынша зерттеледі. Қазақ тілінің жүйесінде семантемалардың үйлесу
синтагматикасы, парадигмалық, синтагматикалық тілдегі ішкі мәндік
жүйелік байланыстар сөз болады. Сонымен бірге, парадигмалық,
синтагмалық мағына түрлері тілдің байланыс аясында қарастырылады.
Бұнда семантикалық қоршау, семантикалық мәндік байланыстың
тілдегі логикалық негізі сөз болмағанымен, сөздің мәндік, ішкі форма-
сы талданған. Тілдегі жүйелік байланыстарға гнесиологиялық бейненің
әсер ету факторы, семантикалық өрістегі жүйелік қатынастар орны
сөз болады. М.оразов контекстік семантика әсерін назардан қалыс
қалдырмайды: «Сөз мағынасы құрамындағы синтагмалық элементтер
тіркеске, контекстке түскенде пайда болмайды, керісінше, контексте
анықталады» [7, 151]. Бұл еңбектегі басты ғылыми жаңалық – лекси-
ка элементтерінің араларындағы синтагмалық қатынас, синтагмалық
мағына қазақ тіл білімінде ғылыми түрде талданып, оның ерекшеліктері
тілдік фактілер бойынша зерттеледі. Б.Сағындықұлының қазақ тілі лек-
сикологиясына байланысты жазылған еңбегінде лексикалық синтагма-
тика мәселелері семантика тұрғысынан түсіндіріледі. ол былай дейді:
«Сөздер логикалық-ұғымдық, семантикалық, синтаксистік, тілдік нор-
ма жағынан үйлескенде ғана синтагмалық қатынасқа түсіп, бір-бірімен
байланысады. осылардың арасында синтаксистік тіркесімділік қабілеті
жетекші орын алады. Сөздердің логикалық-ұғымдық, семантикалық
тіркесімділік қабілетін анықтаушы тілдік мағына синтагмалық мағына
деп танылады. Қазақ тілінде оны тіркесімдік мағына деп атауға бола-
ды» [35, 14]. К.Аханов: «сөздердің осы номинативті мағыналарында
басқа сөздермен тіркесіп қолданылу өрісі мен шеңбері олардың заттық-
логикалық қатынасымен, яғни сол сөздермен белгіленетін шындық
болмыстағы құбылыстардың өзара қатынастарымен белгіленеді. Мы-
салы, үйдің биік немесе аласа, кең немесе тар болуы, жылы немесе
салқын болуы, ағаштан немесе кірпіштен салынуы мүмкін. осыған
орай, үй сөзі биік, аласа, кең, тар, ағаш, кірпіш, жылы, салқын деген
сөздердің әрқайсысымен тіркесіп, биік үй, аласа үй, кең үй, тар үй,
ағаш үй, кірпіш үй, жылы үй, салқын үй түрінде жұмсала береді», –
деп лексикалық синтагматиканы айтса, одан соң парадигматикалық
қатынастар мәселесін қозғайды [141, 100]. Ал А.К.Жұмабекова қазақ
тіліндегі жүйелік қатынастардың қолданысын, табиғатын орыс тіл
біліміндегі жүйелік қатынастармен салыстыра зерттейді. Б.Қ.Момынова
жалпы тілдің және оның деңгейлеріндегі парадигматикалық,
синтагматикалық қатынастардың лексикадағы жүйелер қабаттарына
148
149
тигізер әсер, ерекшелігін қарастырады. Соңғы кезде қазақ тіл білімінде
тілдегі жүйелер қатынастар мәселесі қолға алынып, зерттеушілердің
назарында жүргендігін айтқымыз келеді (Б.Сағындықұлы, Ж.Жақыпов,
К.Сәтенова, А.К.Жұмабекова Г.Н.Смағұлова, Т.Аяпова, т.т.) Бұған
тілдік конструкциялардағы синтагматикалық қатынас, синтаксис син-
тагматикасы, концептілердегі синтагматикалық қатынас және синтаг-
мемалар мәселесі, солғын парадигматикадағы синтагмема, фразалық
бірліктердің синтагматикасы, валенттілік дәрежелері мәселесі, сөз
мағыналары құрылымындағы итеративті байланыстың шоғырлану
деңгейі, жалпы лексикалық синтагматиканың тұрақты және жасырын
түрде мәнмәтінде жүзеге асу мәселелерінің зерттеудің қажет екендігін
қосқымыз келеді. Әсіресе, мәнмәтіннің лексикалық синтагматикаға
реттеуші категория ретінде әсер ету дәрежесі, мәнмәтіндегі ішкі
мағыналық үйлесімділік, сөздер тіркесімділігінің күрделі мәнмәтін
құраудағы басты негіз болуы – өз зерттеу кезегін күтіп тұрған келелі
мәселелер.
Жалпы алғанда, қазақ тілі лексикасы жүйелерден тұрады: мәселен,
антонимика жүйесі, яғни қарама-қарсылық немесе ұштасу, сондай-
ақ, мағынаның жүйелі түрде ауыса көшуі, яғни полисемантизмнің
қалыптасуы. Бұл сияқты мәселелер – қазақ тілінде бұрыннан зерттеу
нысаны болған сұрақтар. Ал синтагматика, парадигматикалық жүйелік
қатынастар түрлері тек соңғы жылдары қолға алына бастады.
Қазақ тілшілері таза синтагматиканың қарастырмағанымен, тілдің
лексикалық жүйесіндегі жүйелік қатынастарды біріктіре қарастырады.
Бұл мәселелер А.К.Жұмабекованың еңбегінде толығымен қарас-
тырылады [40, 28]. Ал жалпы синтагматика Р.С.Әмір, М.Серғалиев,
С.Исаев, Т.Сайрамбаев, Б.Шалабай, З.Ерназарова, Ж.Сәдуақас еңбек-
терінде синтаксистік тұрғыдан зерттелінеді. Сонымен қатар,
Ә.Қайдари, Р.Сыздық, Б.Сағындықұлы, Ж.Манкеева, Н.Уәли, Р.Авако-
ва, Н.Ж.Шаймерденова, Б.Қалиұлы еңбектерінде үлкен бөліктік
тұрғыдан зерттеледі де, М.оразов еңбегінде тұңғыш рет тілдегі жүйелік
қатынастар тұрғысынан сараланады. Мұнда лексикалық синтагматика
семантикалық өріс тұрғысынан көлбеу бағыттағы сөздер арасындағы
мағына ретінде қарастырылды. Мұнда ғалымның басты әдіснамасы –
И.в.Стернин еңбектері. Кемінде екі мағыналы сөздің бір-бірін
қабылдап, үйлесіп байланысуы, сондай-ақ, бір-бірін қабылдамай келуі,
үйлеспеуінен денотаттық, коннотаттық семалар сәйкессіздігінен, бір-
бірімен байланыса алмау құбылысы туады. Бұл мәселелер
К.К.дүйсекованың еңбегінде д/К категориалды аппаратының негізінде
талданған болатын [142, 12]. Б.Қалиұлы тілдегі жүйелік қатынастар
мәселесін қазақ тіл білімінің зерттелмеген өзекті тақырыптарының
бірі деп есептейді. Өсімдік атауларын мысалға келтіре отырып,
лексиканың жүйесіне мынадай анықтама береді: «Тіліміздің лексикалық
жүйесі деп, бір-біріне жақын, ұқсас, біріне-бірі тәуелді, байланысты,
сондай-ақ, бір-бірімен тығыз бірлікте, тұтастықта болатын бірінің
құрамына бірі сатылап енетін біртектес бірнеше элементтердің тобын,
жиынтығын айтамыз» [47, 6]. Бұл мәселеге соңғы кезде қалам тартқан
ғалым Б.Қ.Момынова «Парадигматикалық және синтагматикалық
қатынастар (тіл деңгейлері мен стратумдарының дамуына тигізетін
әсері)» атты еңбегін жарыққа шығарғаны тағы да айтқымыз келеді. Бұл
еңбекте тіліміздегі жалпы жүйелік қатынас, оның түрлері, ерекшеліктері
сөз болады. Танымал лексикологтар Ә.Болғанбайұлы, Ғ.Қалиұлы
жарыққа шығарған «Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы мен фразеоло-
гиясы» еңбегінде жүйелік қатынастар мағынаның өзгерісі, оның ең
соңында берер нәтижесі қалай болады, сол тұрғыдан егжей-тегжейлі
қарастырылған. Мұнда полисемиялық құрылым, синонимиялық
қатардың дамуы, метафора, метонимиялық қатынас, лексико-
семантикалық топтардың құрылымы кеңінен қарастырылады, алайда
лексикадағы жүйе, сөздердің бір-біріне әсері бірін-бірі қабылдап,
қабылдамауы мәселелері сол өзекті қалпында қала береді. Түркі сөзінің
мағыналық ерекшелігін қарастырған келесі еңбектің бірі
Е.З.Қажыбековтың еңбегінде тек қазақ тілі емес, жалпы түркі тілдері
мағынасын деңгейлестіре зерттеген, сонымен қатар, бұл еңбекте
грамматикалық ерекшеліктер ескерілген. Бұл еңбек Б.М.Юнусалиевтің
қырғыз лексикологиясын зерттеген еңбегіне ұштас, тереңірек,
деңгейаралық тұрғыдан кең көлемде қарастырылған деп есептеуге бо-
лады. Лексикадағы жүйелік қатынастар лексиколог Б.Сағындықұлы
еңбектерінде сөз болады. «Қазақ тілі лексикасы дамуының
этимологиялық негіздері» еңбегінде шығу тегі жағынан, тарихи
қалыптасуы тұрғысынан зерттелсе, 2003 жылы жарық көрген «Қазіргі
қазақ тілі. Лексикология» еңбегінде бүгінгі күн тұрғысынан синхрон-
ды тұрғыдан талданған. Қазақ тілі білімінде бұл мәселеде іргелі орын
алатын еңбек М.оразовтың еңбектері, яғни бірінші еңбегі 1980 жылы
шыққан «Қазіргі қазақ тіліндегі қалып етістіктері». Бұнда ғалым қалып
етістіктерін салыстыра зерттеп, лексика-мағыналық топтарға жіктейді
және көмекші етістіктердің өзара қатынасқа түсетіндігін байқағанын
айтып өтеді де, бұл қатынастың бұрын болған лексикалық қатынастарға
мүлде ұқсамайтындығын ескертеді. Бұл мәселеге қызыққан ол «Қазақ
тілі семантикасы» еңбегінде жүйелік қатынастарға арнайы тараулар
арнап, қазақ тіліндегі кейбір етістіктердің топтық, жиынтық арасында
семантикалық байланысқа түсетіндігін зерттейді. Тақырыптық топ
пен лексика-семантикалық топты оңай ажырата отырып, олардың
150
151
өзіндік ерекшеліктерін талдайды. Мәселен: «Қол, аяқ, көз, тірсек
сияқты сөздер өзара ешқандай семантикалық байланысқа ие емес,
бірақ олар адамның дене мүше атаулары. Ал кел, кет, бар, жүгір, жел,
шап, зыт, кір, шық т.б. деген етістіктердің арасында семантикалық бай-
ланыс бар. Бұлардың барлығының лексикалық мағына құрамында бір
орыннан екінші орынға өту, қозғалуды білдіретін мағыналық элемент
(сема) бар» [7, 129]. М.оразов парадигмалық, синтагмалық мағына
ерекшеліктерін тіл элементтерінің ішкі құрылымдық мағынасы ретінде
орынды зерттейді. Жүйелік қатынастарда лексикалық мағына қандай
өзгерістерге түседі, оның жалпы сипаты қандай болады деген сияқты
күрделі мәселелерді шешеді. Сонымен қатар, жалпы тіл элементтері
аралығындағы жүйелік қатынастардың өзгеру себептерін айқындайды.
Тілдегі, оның ішінде, лексика элементтерінің арасындағы парадигмалық,
синтагмалық қатынастарды талдайды. ол жалпы синтагматиканы
үйлесу, тіркесу деп ұғынады: «Шындығында да сөйлеу кезінде сөздер
бірінен кейін бірі келіп, өзара тіркесіп қолданылады да, олар арасындағы
байланыс белгілі бір заңдылыққа сүйенеді» [7, 192]. Бұнда тіліміздегі
есім және етістіктердің валенттілік қызметі алғаш зерттелінеді. Син-
тагматика лексика элементтер арасында делінгенімен, негізінен,
синтаксистік қызмет аясында талданады. Жалпы синтагматика
сөздердің тіркесімділігінен туындаған соң, синтаксис аясында
қарастырылуы орынды, алайда сөздің мағыналық ерекшелігі бұнда
ішкі тілдік факторы ретінде қызмет атқарады да, лексикалық синтагма-
тика негіздері көрінеді. Сөздің мағыналық құрылымындағы ірі, кіші
бөліктер (макро және микрокомпоненттер) бір-біріне үйлесе, қиюласа
жымдасады да, синтагматикалық жүйе түзеді. валенттілік, яғни
сөздердің бір-бірін қабылдау, қабылдамауы осы мағыналық
құрылымдағы қиюласып жатқан эллипсистерден тұрады. Бұлар схема-
лы түрде орайлас, ұштас шектесе байланысады да, өз алдына жеке бір
жүйелі әлем құрайды. Сол кезде бір сөздер бірқатар сөздерді
бағындырып, актант қызметін атқарады, ал кейбір сөздер бұл ретте
тікелей байланысқа шыға алмай пассив қызметте қалады. Міне, осы
кезде лексикалық құрам арасында сөздердің бір-біріне бағыну үрдісі
анық байқалады, яғни, басқаша айтқанда, шығу етістігі келу етістігінің
мағынасын бермейді, мүлде басқаша мағына береді. Мәселен, «кебін
киген келмейді, кебенек киген келеді» мақалын алсақ, мұнда кебін
сөзінің мағынасы және кебенек сөзінің мағынасы кию етістігімен
жүйелік қатынасқа түсіп тұр. Кебін де, кебенек те киім-кешек
тақырыптық тобына жатады, өйткені заттық компонент «адамға
арналған киім» ұғымын береді. Ал кебін сөзінің ұғымды компоненті
«соңғы киім» түсінігін тудырады да, ол сезімдік бөлікке (коннотаттық
макрокомпонентке) ұштасып, жағымсыз эмотемалар жамайды,
сондықтан лексикадағы синтагматикалық байланыс бір-бірінен кию-
ласа, орайлас жатқан байланыс жүйесін құрайды. М.оразов тіліміздегі
синтагматикалық байланысты қарапайым мысалдармен ұғындырады:
«Салыстырыңыз: іш пен же етістіктері қоректенуді білдіреді. Бірақ
қазақ тілінің нормасы бойынша нанды ішті, суды жеді тіркесі
қолданылмайды. Іш те, же де сабақты етістіктер, сондықтан олардың
табыс септікті сөздерді тіркеп қолданылуы заңды» [7, 194]. Бұл
сөздердің тіркеспеу себебін семалық құрамның үйлеспеу ерекшелігімен
түсіндіреді, яғни семалық құрамның бір-бірінен жалғаспай қалу
себебінен синтагмалық байланыс үзіледі де, мағыналық сәйкессіздік
туады, яғни тілдік норманың пайда болу, қалыптасуының негізін
синтагмалық қатынастар құрайды. Қара дүрсіндік сипаттағы, тілдік
қалыпқа сай келмейтін «солақай» тіркестер семалық синтагматиканың
үйлеспеу себебінен туындайды да, тілдік норманы бұзады. Мәселен,
жоғарыда тоқталған «кебін киген келмейді» тіркесіндегі «жағымсыздық»
эмотемалар, «кебінсіз кетті, кебін бұйырмады» тіркесімінде лексикалық
синтагматика мүлде өзгеше кейіпке ауысады. «Жағымсыздық» орнына
бойына «аяушылық» семасы жинақталған лексикалық синтагматикалық
тіркесім туындайды. Бұнда «аумалы-төкпелі, бұлғақ» заман болып,
яғни арулап ислам дәстүрімен жерленбеді мағынасы жатыр. Лексикалық
синтагматикалық қатынастардың барлық сөз таптарына тән
болатындығы, олардың үйлесімділік, тіркесімділігі семалық
құрылымның ұштасуы – өз алдына жеке бір күрделі мәселе. Сөз-
жасамдық тұрғыдағы зерттеуге А.Б.Салқынбайдың еңбегіндегі мағына
дамуының ерекшелігін алуға болады. Бұл күрделі сұрақтар
М.оразовтың, К.К.дүйсекованың, Г. Смағұлованың, А. Айғабылұлының
еңбектерінде бірқыдыру зерттелген. Қалып етістіктерінің тіркесім
мезетіндегі денотаттық, коннотаттық ерекшеліктері З.д.Попова,
М.М. Копыленко енгізген әдіс бойынша К.К.дүйсекованың кандидаттық
диссертациясында нақты, молынан келтірілген мысалдар арқылы
талданған. денотаттық, коннотаттық компоненттердің синтагмалық
байланыс кезінде көшу әрекеті күрделі мәселе. Әсіресе, күрделілік
қалып етістіктерінің мағынасына келгенде тіпті қиындап кетеді.
Мәселен, «ауруханада жатыр» тіркесімінде «ұзақ уақыт» мағынасы бар
да, «емханада жүр» тіркесімінде «қысқа мерзімдік» мағыналық бөлік
аңғарылады. Алайда мұнда коннотемалар мүлде солғын, ешқандай
сезімдік бағалау байқалмайды. Бұл ерекшеліктер мұндай тіркесімділіктің
қазақ лексикасында бұрын болмағандығын аңғартады, яғни, тілдік
нормаға сай келмейтін тіркестер. Лексикалық синтагматиканың мұндай
ерекшелігі – жете зерттелмеген маңызды сұрақтардың бірі.
152
153
Туыс тілдердегі үй жануарлары атауларын компоненті талдауға
арналған Ұ.Ж.Қайырбекованың зерттеуінде семантикалық өрістегі
синтагматикалық қатынастар мағыналардың семалары негізінде тал-
данады [143, 10-11]. Ал д.А.Карагойшиеваның ғылыми еңбегінде кесу
етістігінің семантикалық және синтаксистік валенттілігі өзінің неміс
тіліндегі аналогымен салыстырыла қарастырылады. ол лексикалық
синтагматиканың валенттілігін көрсету үшін, мынадай мысалдар
келтіреді: «Ит үреді (Адам үрмейді). Шайды ішеміз (шайды жемейміз).
Нем.: Brot sceiden (нанды тураймыз), aber niht spalten (нанды шабу –
тіркесін қолдануға болмайды)». Сонымен қатар, ол бұл етістіктің
түсіндірмесін келтіреді: «Қазақ тіліндегі кес(у) – белгілі бір нәрсені
(мысалы: қағазды, матаны, ағашты, отынды, шыныны, әйнекті, нанды
т.б.) өткір құралмен (қайшымен, арамен, пышақпен) қию, тілу, бөлу
[ҚТТС, 1979, 672]» және оның «тақырыптық топтарын береді: тура(у),
қырық(у), қи(ю), күзе(у), шаб(у), ор(у), піш(у), сыл(у), тіл(у), жар(у),
кесіп-піш(у), тілімде(у), қиқала(у), бауызда(у), бұта(у), келтерт(у),
қырпула(у), ақтат(у), атабаста(у), балтала(у), бұтақта(у), бұтарла(у),
білемде(у), ес(у), жаңқала(у), жапырақта(у), жи(ю), жон(у), жыр(у),
жырмала(у), жікте(у), жілікте(у), келтеле(у), керт(у), керткі(у),
кескіле(у), жырымда(у), кесінділе(у), кесіңкіре(у), кетпенде(у),
кіселе(у), қайшыла(у), қанжарла(у), қаша(у), қашаула(у), қиқымда(у),
қидала(у), қиғыла(у), майдала(у), қырпыла(у), ос(у), орайла(у), өлшеп-
пішіу(у), паршала(у), пұшпақта(у), пышақта(у), таспала(у), тарт(у),
теселе(у), турамышта(у) т.б.» [144, 8-9] Мысалдардың кейбірі дәл
мағыналық қатынастағы лексикалық мағынаны бермегенімен олардың
жүзеге асуы, басқа сөзбен байланысуында мағыналық құрылымның
лексикалық синтагматикаға құрау ерекшелігі жатыр.
Лексикалық синтагматикалық байланысты зерттеудің тағы бір
қыры – оның ұлттық, мәдени, танымдық, когнитивті тұрғыдағы
ерекшелік жағдайы. Қазақ тіл білімінде мәдени материалдық
мәдениетті егжей-тегжейлі қарастырған Ж.А.Манкееваның моно-
графиясы бұл олқылықтың орнын толтырудың басында тұрған
еңбектердің бірі [98]. Мұнда микрожүйелер лексика-мағыналық
топтарға жіктелген, әртүрлі мәдени-материалдық атаулардың түрлері
бөлініп, сараланған. Сонымен қоса, бұған қатысты Р.Шойбековтың
зергерлік өнерге қатысты жазған еңбектерін атауға болады. Бір айта
кететін нәрсе, тұрмыстық, зергерлік атаулар (Р.Шойбеков), киімдердің
(Ә.Алмауытова), қару-жарақ атаулары, ұлттық тағамдардың ата-
улары (А.Жылқыбаева), мал шаруашылығы т.б. атаулардың
лексикалық синтагматика құрау дәрежесін зерттеу – көп қызық
жайттардың басын ашатыны сөзсіз. Сонымен қатар, ұлттық мәдени
аспектілер тұрғысынан Г.Н.Смағұлованың монографиясы тұрақты
тіркестердегі лексикалық синтагматикалық байланысты қарастырып
өтеді. Мұнда басты мәселе жүйелік қатынастың ұлттық мәдени ко-
лоритке қаныққан сөздің лексикалық мағынасының күрделілігін
туғызуында жатса керек. Мәселен, «жылқы» түгінің түстерінің атаула-
рын алсақ, көзбен көрген түспен халқымызда тілдік нормаға айналған
түстер ұғымы бір біріне үйлеспейтін кереғар қатынастан туып отыр.
Мысалы, шабдар немесе жирен түстерінің күрделі семалық құрылымы
оның байланыстағы ерекшелігін мүлде қиындатады. Бүгінде «Қамбар
атаға» жақын емес адамдардың жылқы малына қатысты атауларды
айырып түсіне алмауы бұрынғы қалыптасқан лексикалық жүйедегі
тілдік қалыптың қазір түсініксіз сипатқа енуінен емес, ұлттың өзіндік
ұлттық ділінен, мәдениетінен айырыла бастауынан көргеніміз дұрыс
болар. С.Сейфуллин, «Қызыл ат» дастанын жазғаны белгілі. Мұндағы
«Қызыл ат» атауы тегін қойылмаған атау, өйткені қазақта «қызыл» сөзі
атқа қатысты мүлде қолданылмайды. Б. Хасанов бұны былай түсінеді:
«Сонда бұл «қызыл ат» деген не? Сәкеннің жырлағаны қызыл түсті
ат деуге бола ма еді? Жоқ, болмайды. Сәкен Сейфуллиннің жырлап
отырғаны – бұрынғы тепеңдеген көк шолақ емес, социалистік көлік,
жаңа қоғамның аты» [145, 158]. Ал лингвомәдениеттану саласындағы
қоңыр жел, қоңыр күз, жеті түн, құсаяқ жаңбыр, кебенек кию, тұзы
жеңіл, таланы талай т.т. тіркесімдердің мағыналық құрылымындағы
синтагматикалық қатынас өз алдына күрделі мәселелердің бірі екенін
айту қажет. Бұл синтагмалық қатынастардағы күрделілік лексикалық
мағына құрылымындағы индивидтің өмір сүру тәжірибесіне сәйкес ту-
ындайды. Мұнда адамдар жалпы өмір сүрген сайын түсініктің терең
ұғымға айналуы сияқты үрдіс жүреді де, ол өз алдына терең дәрежеде
теңдескен синтагмалы байланыс құрайды. Мәселен, «құсаяқ жаңбыр»
тіркесімі жаңбыр түрін береді, бұл жаңбыр тек екі жағдайда: жалпы
құстар көктемде және күзде қайтқанда жауады. Суда жүзетін құстар
жай жауатын осы жаңбырмен бірге ұшатынын халқымыз ежелден
байқаған. «Құс аяғының» радиалды полисемияға айналып, синтагма-
лы қатынасты түзуі табиғат лексикасындағы шексіз мағына ауысымын
аңғартады. Сондай-ақ, «құсаяқ» Маңғыстаудағы ру таңбасы қызметін
атқаратын сөз болады, мұнда оның заттық, яғни, үш тырнақтан тұратын
бейнесі көшкен. Ал «құсаяқ жаңбыр» тіркесіміндегі синтагмалы байла-
ныс бұл өмір сүру тәжірибесінен, яғни эмпирикалық макрокомпонент-
тен туатын жалғас, сондықтан бұған дерексіз зат есімдер тәуелді келеді.
Мысалы, бақыт, өмір, қайғы, тағдыр т.б. Бұл макробөлік синтагмалы
тіркестің өн бойына әсер етіп, жағымды, жағымсыз эмотеманы бойы-
на жинақтайды. Эмпирикалық синтагматика тұрақты тіркестерден,
154
155
рухани, мәдени лингвокультуремалардан жиі байқалады, өйткені өмір
сүру тәжірибесі халықтық этномәдени ұлттық мінез, ділінен табыла-
ды десек қателеспейміз. Қ.Ғабитханұлы өз зерттеуінде ертедегі діни
наным-сенімдердің тілдегі әсерлерінен көптеген сөздердің бір-бірімен
тіркесім құрайтынына мысалдар келтіреді: тіл тиді, түтіні түзу екен,
түтінін түтетті, түтіні бір жерден шықты т.т. [146, 164]. Сөйлеу кезінде
туатын синтагмалық қатынасқа реттілік тән, негізінде, сөйлеу син-
тагматикасы қазақ тіл білімінде бірқыдыру зерттелген (Ж.Жакупов,
З.Ерназарова, Т.Аяпова). Сөйлеу кезінде туатын синтагмалық қатынас
бір ізді қалыпқа түсе бергендіктен, тұрақты позицияға ауысады да,
семалық құрылым синтагмасы көлбеу байланысқа айналады. Синтаг-
малы байланыс әртүрлі макробөліктерге орай, иерархиялы қиюласқан
байланыс бейнесін салады. Бұл бейнелер адам санасында сол күйінде
сақтала бастайды да, сол күйінде сөйлеу қызметінде үздіксіз, дайын
түрінде қолданыс айналымына енеді. Бұндағы басты фактор үшеу:
а) семантикалық құрылым;
б) валенттілік қасиет;
в) синтагматикалық түзілім.
Лексикалық синтагматиканың негізінде заттық-логикалық бай-
ланыс жатады, ал тіркесімділік нәтижесінде еркін синтаксистік
қатынастар пайда болып, коммуникативтіліктің жағдайында иерархия-
лы жүйеде жүзеге асады. Синтаксистік құрылымдарда басты қызмет
атқаратын фактор – полисемантизм. Полисемантизм – әрқилы дәрежеде
синтагмалы қатынасты түзейтін лексикалық күрделі категория. ол өз
алдына, лексика дамуындағы әртүрлі заңдардың жемісі, сондықтан
лексикада синтагмалы байланыстың бастау көзі болатын мағынаның
ауыса дамуы. Мағынаның ұлғайып, көшіп отыруы – барлық тілдердің
лексика қабатында болып жататын тарихи процесс, яғни «мағына
дегеніміз – ойдан сөзге барар жол» деген тұжырымның ақиқаттығына
дау жоқ. Бұл процеске лексикадағы синтагмалық қатынастың дамуы да
тәуелді, себебі лексикадағы синтагматикалық қатынас тек лексемалар
мен семемалардан тұратын жүйе құрайды. Бұның ішінде, әлеуметтік
топтарға, әр жынысқа тән ерекшеліктер орын алады, сондықтан бұл
селективтілік валенттілікке де, лексикалық синтагматикаға да күшті
ықпал етеді. Бұл ықпал өз алдына жеке шеңберлі синтагматикалық
фигура түзеді де, тілдегі лексемалардың құбылу, даму ерекшелігін
қалыптастырады, сондықтан бұл сала енді ғана зерттеуді күтіп жатқан
қызықты қабаттың бірі болып қалып отыр. Сонымен қатар, ономасти-
ка, антропонимика саласындағы лексика элементтерінің арасындағы
лексикалық синтагматикалық қатынасты зерттеу – өз кезегін күтіп
тұрған келелі мәселелердің бірі деп есептейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |