Хасанов indd



Pdf көрінісі
бет12/45
Дата06.01.2022
өлшемі2,5 Mb.
#12631
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45
Байланысты:
Хасанов Ғ.Қ. Қазақ тілінің лексикалық синтагматикасы

1-кесте – «Алма» лексемасының әртүрлі қатарлармен байланысы
 
Алма
 
көк 
піскен 
дәмді 
қышқыл 
тәтті
 
алма ағашы 
алма 
шырыны 
алма бағы 
 
алмұрт 
алхоры 
шие 
өрік
 
ағашта тұр 
түсіп жатыр 
пісті 
 
Бұл парадигмалық қатарлар кіші қатарларды құрайды, яғни алма 
ағашы,  алма  бағында,  түсіп  жатыр  немесе  көк,  піскен,  дәмді,  тәтті, 
қышқыл т.т. ал егер алма мойын, алмадай тәтті, құрт жеген алма т.т. 
сөздерді  алсақ  бұлар  осы  парадигмалық  қатарда  орын  алған  сөз-
синтагмалар  болады.  Алма  ағашта  тұр,  түсіп  жатыр,  пісті  дегенде 
синтагмалық қатынас та түзіледі. Сөз-синтагмалар атаушы сөздерге 
қайшы позицияда, яғни сөйлеу тіл субстанциясында ғана қолданыс та-
бады, сонымен бірге, араласқан күйде келе береді. Сондықтан көптеген 
зерттеушілер парадигмалық қатынастағы синтагматикалық байланыс 
немесе синтагматикалық қатынастың парадигмасы, синтагматикалық 
сема,  парадигматикалық  сема,  синтагмема  т.т.  ұғымдарды  аралас 
күйде  қолдана  береді.  Бұл  мәселелерге  бір  нақтылық  жасауға  ба-
сты  кедергі  болып  отырған  жалпы  семантикалық  қатынастардың 
әлі де толықтай зерттелмеуі және көптеген семантика мектептерінің 
тұжырымдамаларының  бір  ымыраға  келмеуі  деп  білеміз.  Бұл 
аталымдарға д.Н.Шмелев семантикалық тема терминін қосады, яғни 
бір  парадигматикалық  қатарға  жинақталған  семемалардың  басын 
қосушы мағынаның жалпы басты бөлшегі деп бөледі. оның ойынша, 
бір  семантикалық  темаға  ие  сөздердің  бәрі  парадигмалық  қатарлар 
құрай бермейді. «Мысалы: қайың және ағаш, қайың мен бұта сөздері 
бір парадигмалық қатар құрамайды, бұлардың арасындағы қатынастар 
әртүрлі деңгейлер арасындағы қатынас ретінде қалады: қайың – шыр-
ша – қарағай және т.т. – ағаш; ағаш – бұта – гүл және т.т. – өсімдік» 
[56,  7].  Бұл  парадигмалық  қатардың  басты  семантикалық  темасы 
«өсімдік» болуына байланысты барлық қатардағы сөз бірліктері сол 
аяда  қалып  қоймайды.  дегенмен  д.Н.  Шмелевтің  гипонимиялық 
қатынасты  бір  парадигмалық  қатарға  енгізбеуінің  дұрыстығы  бар, 
өйткені парадигмалық қатар үлкен парадигматикалық қатынастардың 
ішіндегі құрамды бөлігі болады. Бұл мысалдардан бізге байқалатыны 
парадигматикалық  қатынастар  көп  деңгейлі  құрылым  түзетіні. 
Э.в.  Кузнецова  парадигмалық  құрылымның  негізгі  орны  лексико-
семантикалық  топ  және  бұлардың  ішінде  кіші  парадигмалар  бір 
семаға  топтасып,  жүзеге  асады  деп  есептейді.  Сонымен  бірге, 
бұлар иерарахиялы жүйе құрап, өз ішінде әртүрлі дәрежеде ауысып, 
қолданылатындай күйде болады. «Мысалға алу сөзінің семантикалық  
қатынастарын  қарайық:  қабылдау  –  тіркеу,  асырап  алу  (ұл  не  қыз); 
қолына алу – еңбекпен табу, ұтып алу; сатып алу – жалдау, фрахтылау 
(кемелерді жалға алу); басып алу – оккупациялау, аннексиялау; тауып 
алу – ішінен бөліп, ойып алу, көсіп алу» [49, 78].
в.М.  Солнцев  бір  парадигмалық  қатардың  мынадай  морфемдік 
парадигмалық  құрылымын көрсетеді.
2-кесте – Морфемдік парадигмалық қатардың құрылымы
Үлкен парадигма
Кітап
кітаппен
кітапты
кітаптар және т.т.
Кіші парадигма
2-кесте (жалғасы)
Брошюра 
 
брошюрамен
брошюраны
брошюралар
Газет
газетпен
газетті
газеттер


76
77
оның  көрсетуінше,  кіші  парадигмалар  грамматикалық  жүйеде 
басты  құрылым  ретінде  көрінеді  [41,  76].  Лексикалық  жүйедегі 
өзара  мәндес  сөздердің  ауыса  алу  қызметін  парадигмалық  қызмет 
деп есептейміз. Мысалы; Мен оқуға келдім; мен институтқа келдім; 
мен жоғары білім алуға келдім; мен студент болғым келеді; мен бір 
мамандық  иесі  атанғым  келеді;  мен  жоғары  білімді  маман  болғым 
келеді  т.т.  сөйлемдеріндегі  «мақсат»  категориалды  макросемасына 
бағынған  әртүрлі  парадигмалық  қатардағы  кіші  парадигмалардың 
ауыса  қолданылуы  осы  қызметтің  өту  жағдайын  көрсетеді.  Тілдегі 
әртүрлі  элементтер  өзара  ауысу  қызметі  арқылы  парадигмалардың 
әртүрлі  формаларын  туғызады.  Мысалы,  жоғарыдағы  сөйлемдердегі 
оқуға,  институтқа,  жоғары  білім  алуға,  студент  болуға,  мамандық 
иесі  болуға,  жоғары  білімді  маман  болуға  т.т.  сөздері  бір  үлкен 
парадигмалық қатардағы кіші парадигмалар болады. в.М. Солнцевтің 
көрсетуі  бойынша  бір  үлкен  парадигмаларға  жинақталған  кіші 
парадигмалардың  бірлесе  жұмсалуы  позицияға  байланысты  бола-
ды. ол бұл мәселе туралы: «позицияларды минималды түрде шектеу 
максималды  кең  парадигмалар  берсе,  керісінше,  позицияларды  мак-
сималды түрде шектеу тар, немесе минималды парадигмалар береді. 
Үлкен  парадигмаларға  енетін  сөздерге  көп  позициялар  тиесілі  бола-
ды,  ал  кіші  парадигмаларға  енетін  сөздерге  қолданылуына  аз  орын-
дар  мен  аз  позициялар  тиеді»  [41,  78].  Енді  бұл  пікірді  нақты  мы-
салдармен  қарастыралық,  яғни,  тек  бір  позицияны  алсақ,  мәселен: 
мен оқығым келеді. Бұнда тек субьектінің мақсаты ғана белгілі, сон-
да  позиция  бұл  бір  категориалды  семаның  көрінетін  жері  болады. 
осыған  орай,  бір-ақ  позиция  орын  алса,  көптеген  сөз  бірліктерінің 
ауысуы жүреді, яғни парадигмалық қызмет күшейеді. Мысалы: оқуға, 
институтқа, жоғары білім алуға, студент болғым келеді, бір мамандық 
иесі  атанғым  келеді,  жоғары  білімді  маман  болғым  келеді.  Ал  егер 
көп позицияларды берсе, парадигмалық қатар тарап, бытырайды да, 
әр позицияға сәйкес өзінің кіші парадигмалық қатарлары жұмсалады. 
Мысалы: оқуға, ауылға, жұмысқа, үйге, мектепке, қалаға, әскерге т.т. 
сөздерін  алсақ,  бұлардың  әрқайсысының  өзіндік  позициялық  орны 
болуына байланысты, кіші парадигмалық қатарлардан тұратын үлкен 
парадигмалар  ауысу  қызметін  атқарады.  Ұқсас  элементтердің  бір-
бірімен  әртүрлі  позициялық  өзгерістерде  ауысып  қолданылуы  тілді 
дамытушы күштердің бірі екені осы парадигмалардың күрделілігінен 
байқалып  отырады.  Парадигматикалық  қатынастардағы  позициялық 
өзгерістер синтагматикалық қатынастардағы позициялық орындардан 
ауысқан, бірақ позициялық өзгерістер синтагматикалық қатынастарды 
парадигматикалық қатынастар сияқты бейтараптандырмайды (нейтрал-
дамайды).  Семантикадағы  парадигматикалық  және  синтагматикалық 
қатынастар  сөздің  мағыналық  құрылымындағы  бөлшектерге  байла-
нысты ғана тілдің жүйелік аясында жүзеге асып, құбылатыны анық. 
Міне,  осы  объективті  себептерге  қоса,  тілдегі  ұлттық  лингвомәдени 
аспектінің  семантикалық  қатынастарға  өз  әсері  болатынын  ескеру 
керек.  Семантикалық  қатынастарға  лексемалар  емес,  тек  семемалар 
ғана түседі, сол себепті, олардың сан қырлы құрылымы да өзгеріске 
ұшырайды, лексемалардың тигізер әсері парадигмалық қатынастарда 
ғана сезілуі мүмкін. Лексемалардағы деривациялық қатынастың әсері 
парадигмалық және синтагматикалық қатынастарда болатыны сөзсіз. 
Бұл  әсердің  ерекшелігіне  д.Н.Шмелевтің  мына  бір  талдауы  жақын 
келетіндей: «кесіп алу, шауып алу, аралап алу, жұлып алу, сындырып 
алу,  бұрап  алу,  желімнен  босатып  алу,  сөгіп  алу,  айырып  алу,  бұрап 
отырып алу, қыздырып бөліп алу, жабысқанды бөліп алу, қағылғанды 
бөліп  алу,  шұқып  алу,  дар  еткізіп  алу,  қиып  алу  т.т.  етістіктерінде 
бір  басты  семантикалық  белгі  осыларды  топ-топтарға  бөліп,  бір-
бірін  толықтырып  көше  береді.  Сол  себепті,  олардың  тіркесімділігі 
мен ауысуы қатар жүріп отырады. осы белгілеріне қарай оларды үш 
семантикалық топқа бөлуге болады:
«а) құралдың көмегі арқылы алу; 
б) қимыл сипатының түрі аңғарылады; 
в)  бөлінбекші  заттың  жағдайы  көрінеді»  [56,  110].  Әртүрлі 
мағыналық қатынастарға түсу арқылы өзгеріске ұшыраған мағыналық 
құрылым  тағы  да  өз  ішінен  түрленіп,  кіші  сипаттағы  парадигмалық 
құрылым құруға негіз болады. Сөз ауысудың және одан бөліктер бой-
ынша  бөліне  берудің  сыры  қатаң  түрдегі  жүйенің  қызметінде  жатса 
керек.  Бұл  қатаңдықтың  негізінде  сөйлеуде  реттеліп  жүзеге  асатын 
тілдік ойлаудың заңдылықтары тұр. осыдан келіп, тілдің хабар беру 
қызметін  атқару  кезінде  өз  қызметін  атқаратын  тілдік  байланыстар 
шығады.  Ж.П.Соколовскаяның  ойынша,  бұндай  қызметті  тілдің 
парадигматикалық  және  синтагматикалық  қатынастары  атқарады. 
оның көрсетуінше, «синтагматиканы кең мәнде тілдегі хабарлар деп 
түсіну керек. Хабарлар уақыт бойымен созылмалы сипатта келеді және 
уақытпен өлшенеді. Ал парадигматика сол хабарлардағы әртүрлі сөздер, 
морфемалар және басқа да элементтерден тұратын сөздік, яғни әртүрлі 
түрленулердің жиынтығы» [64, 8-9]. Бұндағы «уақыт бойымен созыл-
малы»  деген  ұғымды  тілдің  үнемі  дамуда  және  өзгерістерге  тәуелді 
болатын  ерекшелігін  мегзеп  отыр  деп  түсіну  қажет.  Бұл  «сөздікте» 
(Ю.С.Степановтың  термині)  парадигматика  сөз  бірліктерінің  өзара 
ауысып  келетін  ерекшеліктерін  жүйелесе,  синтагматикалық  қатынас 
мағыналық үйлесімсіз тілде қабылданған нормаға сай келмейтін сөз 


78
79
бірліктерінің бір уақытта қолданбауын реттейді. Жалпы алғанда, қазіргі 
семантикада зерттеушілер парадигматикалық қатынастарға, көбіне, сөз 
бірліктерінің қарама-қарсылық пен ұштасатын сипатын жатқызады. Ал 
парадигмалық қатардың басты қатынасы болатын гипер-гипонимиялық 
қатынастарды есепке алмайды. Ж.П.Соколовскаяның ойынша, «тілдік 
бірліктердегі парадигматикалық және синтагматикалық қатынастарды 
есепке  алған  жағдайда  семемалардың  семантикалық  компоненттері 
мынадай  үлгіде  орналасады:  парадигматикалық  жүйеде  –  заттық-
логикалық  бөлік,  немесе  мән;  мағына  бояулары;  эмоционалды-
экспрессивті  сипат;  ал  синтагматикалық  жүйеде  –  лексикалық  және 
синтаксистік  тіркесімділік»  [64,  9].  Ф.де  Соссюрдің  өз  еңбегінде 
синтагматикалық  қатынасты  ассоциативті  қатынастың  негізі  ретінде 
қарастырады,  сондықтан  осы  бағытты  көптеген  зерттеушілер 
қолдайтынын  байқаймыз.  Бұлардың  қатарында  в.А.Звегинцев, 
о.С.Ахманова, 
С.Е.Никитина, 
в.М.Солнцев, 
Н.З.Котелова, 
Ю.С.Степанов, Ж.П.Соколовская және т.б. зерттеушілерді жатқызуға 
болады.  Ф.де  Соссюрдің  синтагмалық  қатынастарды  бірінші 
қарастыруына  басты  себеп,  біздіңше,  ол  қатынастың  тілдегі  сөйлеу 
аспектісіне бағынып, көлбеу, яғни линиялы түрде жүзеге асуында жа-
тыр  деп  ойлаймыз.  Сонымен  қатар,  адам  санасында  туатын  әртүрлі 
ассциациялар да бұған өз ықпалын тигізуі әбден мүмкін. Ф.де Соссюр 
бұл туралы былай дейді: «Ағылшын тіліндегі көптік категориясы ships 
(«кемелер») өз формасымен түгел мына қатарды: flags («жалаулар»), 
birds  («құстар»),  books  («кітаптар»)  және  т.б.  еске  түсірсе,  ал  men 
«адамдар»,  sheep «қойлар» ештеңені еске түсірмейді» [3, 127]. Тілдік 
жүйедегі көлбеу құрылымға қайшы келетін тік бағыттың белгісі зат не 
құбылыстың «барлық – жоқтық» қатынасы. Шарттылыққа негізделген 
бұл  қатынастар  жекелеген  парадигмалық  қатарлар  құрайды. 
Мәселен, батыл, батыр, қорқақ емес, қорықпас, жаужүрек, саспас, ер 
т.т.сөздердің  бәрі  адам  мінезінің  барлық  қасиеттерін  бергенімен  бір-
бірімен үйлесім таба бермейді. Бұл қасиеттер бір адамда болса, бірінде 
жоқ, сол себепті, олар жеке түрдегі «бар – жоқ» қатынасына түседі. 
Ал осы сөздердің бәрі бір адамның, әлде бірнеше адамның мінезіне 
қатысты болар ма еді деп ойласақ, бұл сөздер бір индивид мінездеріне 
қатысты  болмайтыны  айқын.  Тіпті,  бұл  сөздер  басқа  бірліктермен 
байланысқанда,  тік  және  көлбеу  бағыттағы  қатынастар  қатарласа 
тууы әбден мүмкін екенін жоққа шығармаймыз, тек бұл мәселе күні 
бүгінге  дейін  толық  қарастырылмағандықтан,  әлі  де  зерттеуді  қажет 
етеді.  Сол  себептен,  парадигматикалық  қатынастың  әртүрлі  жақты 
құбылыс екендігі аңғарылады. «Бар – жоқ» қатынасы қайшы мәндес 
сипатындағы  парадигмалық  қатарларда  орын  алады.  Мысалы:  күз  – 
сары  жапырақтар  дегенде  «бар  –  жоқ»  қатынасы  бар  парадигмалық 
қатынас байқалмайды, керісінше, бұнда мағыналық үйлесу орын алған 
синтагмалық қатынас бар. Ал ағаш + терек + бұта + жапырақ = «тоғай» 
дегенде  «бар  –  жоқ»  қатынасы  және  ортақ  семантикалық  белгісі 
(«өсімдік») бар парадигмалық қатынас орын алған. Қарама-қарсылық 
тілдегі  ең  басты  сөз  алмасудың  позициясы  болады,  сондықтан  «бар 
немесе жоқ» үлгісі үнемі парадигмалық қатынастарға қатысты күйде 
келеді.  Б.  Сағындықұлы  «Тілдердегі  парадигмалық  мағынаның  тағы 
бір  көрінісі  –  антонимдік  қатарлар»,  –  деп  дұрыс  көрсеткен  еді  [35, 
13]. осыған орай, бұл қатынасқа негізделген жүйе көркем әдебиетте, 
әсіресе, поэзияда жиі кездеседі. Семемалардың сөйлеу әрекетінде басқа 
позициялық өзгерістерге түсуіне байланысты басқа семантикалық мән 
жамылғанда парадигмалық қатарда ауысу арқылы қалыптасқан кейбір 
парадигмалық  қалыптар  бұзылуы  мүмкін.  Жалпы  парадигмалық 
қатардың  өзгеріп  нейтралдануы  бір  ортақ  семантикалық  бөліктің 
әлсіреуінен  туындайды.  Мәселен,  антонимиялық  мәннің  өзгеруі, 
синонимияның  толық  өз  қатарын  қамтымауы,  гипонимияның  толық 
болмауы  т.т.  Гипонимияның  құрамдас  бөліктерінің  «шатасуына» 
мысалға «ол үйінің түтінін сағынды» деген сөйлемді алайық. Мұндағы 
гипонимиялық қатарға үй – отбасы – ата-анасы – бауырлары – үйдің 
айналасындағы бау-бақша т.т. енеді, сосын барып басқа семантикалық 
мән жамылған түтін семемасы бұл қатардың соңын құрайды. «Түтін» 
семемасы  гипонимиялық  қатардың  ауысып,  өзгеруін  көрсетіп  тұр. 
Сондай-ақ, біз парадигмалық қатардың нейтралдануына, лексикалық 
синтагматикамен  қатар,  ұлттық  лингвомәдени  аспектінің  әсер 
ететінін ескерткенбіз. Енді соған мысалға мына бір сөйлемді алалық: 
«тезектің иісін иіскеп өспеген бала, қазақтың мұңын түсінбес». Мұнда 
парадигмалық  қатардың  басты  өзгерісіне  әсер  етуші  күш  –  «тезек» 
семемасы  не  лингвокультуремасының  мағыналық  құрылымындағы 
мағыналық  бөліктердің  өзектенуі  (актуалдануы).  Енді  позициялық 
өзгеріс  жасап,  парадигмалық  қатар  мүшесін  ауыстырып  көрелік: 
«шайдың иісін иіскеп өспеген бала, қазақтың мұңын түсінбес» немесе 
«иіс судың иісін иіскеп өспеген бала, қазақтың мұңын түсінбес», тағы 
бір  мысал  «балмұздақ,  сникерс  жеп  өспеген  бала,  қазақтың  мұңын 
түсінбес».  Сондай-ақ,  «асфальттің  үстінде  ролик  теуіп  өскен  бала 
ғана қазақтың мұңын жақсы түсінеді» десек, ұлттық тәрбиемен өскен 
барша қазақтың күлкісін келтірген болар едік.  Бұл ауысулардың бәрі 
парадигмалық қатынасты ұстап тұрған парадигмалық мағынаны бере 
алмайды, тіпті, бір синонимиялық қатардағы лексемаларды алмасты-
рып көрсе де, яғни «жапа, қи» т.т. Бұл қатынас сақталуы үшін «қазақ 
ұлттық  мәдени  өмірі»  семантикалық  өрісіндегі  басты  семантикалық 


80
81
тема  немесе  макробөлік  қажет  болады.  ол  үшін  осы  семантикалық 
өрістегі сөздерді мысалға алайық: «таң атқаннан кеш батқанға дейін 
далада жалғыз қой бақпаған бала, қазақтың мұңын түсінбес» немесе 
«далада тасқорық жеп өспеген бала, қазақтың мұңын түсінбес». Сонда 
лексикалық синтагматика парадигматикалық қатарды реттеуші өлшем 
ретінде  қызмет  атқаратыны  байқалады.  Бұл,  негізінде,  сөз  тіркесі 
синтаксисінде шектеулі тіркестер деп аталып жүрген сөз тіркестерінің 
лексикалық синтагматикаға құрылатынын көрсетеді. Бір парадигмалық 
қатар в.М.Солнцев көрсеткен бір ірі макросемаға жинақталған да ғана 
парадигмалық қатынастар берік орын алады, оның үстіне, парадигмалық 
қатар мен лексикалық синтагматика тығыз байланыста келеді. Бұған, 
мысалға,  Махамбет  Өтемісұлының  толғауларын  алсақ  та  жеткілікті 
болады. Мысалы, «Ер-азамат» семантикалық темасындағы қазақтағы 
батыр, ер атанудың өлшемдері мынадай үлкен парадигималық қатар 
арқылы беріледі:
Ереулі атқа ер салмай
Егеулі найза қолға алмай
Еңку-еңку жер шалмай
Қоңыр салқын төске алмай...
Алты малта ас болмай
Өзіңнен туған жас бала
Сақалы шығып жат болмай 
Ат үстінде күн көрмей
Ашаршылық, шөл көрмей...
Өзегі талып ет жемей
Ер төсектен безінбей...
Түн қатып жүріп, түс қашпай...
Ерлердің  ісі  бітер  ме?  т.т.  [М.,  5].  Бұл  қатарлар  синонимиялық 
қатарлар ретінде лексика-парадигматикалық бірлестікке бірігіп, жүйелі 
қатынас құрайды. Махамбет поэзиясын дәстүрлі тілдік әдіспен зертте-
ген Қ.Өмірәлиев өз зерттеуінің «Махамбет поэзиясының синтаксистік 
жүйесі» деген бөлімінде бұлардың нормаға сай келуі туралы мынадай 
пікір айтады: «Үнемі бір типті сөйлем құру, олардың баяндауыш фор-
малары  үнемі  бір  үлгіде  болуы  сөйлеу  тіліне  (тіпті  прозалық  әдеби 
тілге де) тән құбылыс емес, ал поэтикалық тіл үшін бұл қалыпты нор-
ма»  [65,  229].  Қандай  себептен  бұлар  нормаға  жатпауға  тиіс  екенін 
ғалым ашып айтпайды, дегенмен, біздіңше, бұл сөйлемдердің қалыпты 
нормаға жату себебі, олардың бір парадигмалық мағынаға топтасып, 
осы  қатынасқа  негізделген  тұтас  лексика-парадигмалық  бірлестік 
құрауында  жатса  керек.  оның  үстіне,  бұл  лексика-парадигмалық 
бірлестікте лингвомәдени мәнге ие денотаттық, сигнификаттық және 
коннотаттық  семалар  позициялық  өзгеріске  қарай  өзектеніп  (актуал-
данып) отырады. Бұл бірлестіктерде парадигмалық қатарлармен қоса, 
синтагмалық қатынастар жасырын байқалып, ықпал етуі мүмкін және 
парадигмалық  қатарлардың  бейтараптану  процесі  (нейтралдануы) 
үнемі жүретінін естен шығармау қажет. З.д.Попова, И.А.Стернин орыс 
тілінде осы типтегі сөйлемдердің бір-бірімен парадигмалық қатынасқа 
түсетінін  көрсетіп,  оған  мынадай  мысалдар  келтіреді:  «кітап  жақсы 
оқылады  –  кітапты  құмарлана  оқиды;  кітап  барлық  оқушылармен 
оқылды – барлық оқушылар кітапты оқыды, бәріміз құмарлана кітап 
оқыдық және т.т.» [24, 177]. Шын мәнінде, сөйлемдердегі парадигмалық 
қатынастардың құбылу мәселесі болашақта өз зерттелу кезегін күтіп 
тұрғанын айтқымыз келеді.
Кезінде в.М.Солнцев көрсеткен парадигмалық қатардың нейтрал-
дануына д.Н. Шмелевтің ойынша, синтагмалық қатынастың араласуы өз 
ықпалын тигізеді. ол мынадай мысалдар келтіреді: «олар тыныштықта 
отырды» және «олар үнсіздікте отырды», «тыныштық үзілмеді» және 
«үнсіздік үзілмеді» дегендегі «тыныштық» пен «үнсіздік» сөздерінің 
айырмашылығы  анық.  Бірінші  зат  есімде  «дыбыстардың  болмауы» 
мағынасы, екінші зат есімде «адам шығаратын дыбыстардың болма-
уы»  мағынасы  бар.  Ал  егер  «айналаны  тыныштық  басып  тұр»  және 
«айналаны үнсіздік басып тұр» дегенде бұл айырмашылықтар жойы-
лып, осы айырмашылыққа байланысты қарама-қарсылық нейтралда-
нады [56, 128]. 
Бейтараптану  (нейтралдану)  құбылысы  тепе-теңдік  дәрежеде 
жүрмейді,  сондықтан  парадигмалық  қатынастағы  қарама-қарсы 
компоненттердің бір сыңарлары күшті позициясын сақтап қалып оты-
руы ықтимал. Бұның бір себебі бір парадигмалық қатардағы бірқатар 
мүшелердің  бірдей  семантикалық  құрылымда  болмауы.  Мысалы, 
синонимдердің  қатарын  алсақ,  бұндағы  лексемалардың  семемалық 
құрамдары тек жуық мәндес күйінде келеді. осыған орай, күшті және 
әлсіз позициялық өзгерістер парадигмалық қатынастарға үнемі араласа-
тын үздіксіз процестер болады деп есептейміз. Өз кезегінде бұл проце-
стер тілдің семантикалық қорындағы сөз элементтерін өзгертіп, құбылту 
арқылы жалпы тілдің лексикалық жүйесін дамытып отырады. Бейта-
раптану құбылысы, әсіресе, етістіктердің семантикалық құрылымына 
өзінің ықпалын молынан тигізеді. орыс тіліндегі етістіктер семанти-
касын  зерттеген  Л.М.васильев  нейтралдану  құбылысының  әсерінен 
етістіктер семантикасында парадигматикалық және синтагматикалық 
қатынастар  қатар  келе  беретіндіктен  етістіктерді  семантикалық  өріс 
теориясы  бойынша  зерттеу  –  олардың  барлық  қырларын  барын-
ша  кең  ашады  деп  есептейді.  д.Н.Шмелев  нейтралдану  процесінде 


82
83
кейбір  семантикалық  кіші  бөлшектердің  сөз  бірлігінің  мағыналық 
құрылымынан  «сырылып»  қалатынын  байқайды.  Мысалы,  ол  шағу 
және мүжу етістіктерінің мағыналарындағы семалар мұң шақты және 
мұң жеді (мүжіді сөзінің мағынасы қазақ тілінде синтагмалық қатынас 
құрай алмайды) тіркесімдерінде «сырылып» қалады деп жазады [56, 
129]. 
Қазақ тілінде етістіктер семантикасын зерттеген М.оразов та олар-
ды  жалпылауыш  семаларына  қарай  ірі  он  екі  лексико-семантикалық 
топтарға  бөледі:  амал-әрекет,  қозғалу,  қарым-қатынас,  сезіну,  ойлау, 
сөйлеу,  дыбыс,  эмоционалды,  қалып-сапа,  өсіп-өну  т.т.  етістіктері. 
Енді  бұлай  бөлгенде  бұл  етістіктер  өздерінің  топтарынан  шықпай 
қолданылады деп ойласақ, қателескен боламыз. Кез келген етістік өзінің 
семантикалық  тобынан  бөлініп  те  қолданыла  беруі  мүмкін.  Бұндай 
өзгеріске түсу, көбіне, сөйлеу тілінде және позициялық өзгерісте, оның 
ішінде семалардың нейтралдануында жүруі мүмкін. Бұл ерекшеліктер 
туралы  М.оразов:  «Сөйлеуші  не  жазушы  адам  сөз  қолданғанда 
өзінің  мақсатына  қарай  парадигмалық  топтағы  (темадағы)  сөздердің 
біреуін алып қолданады. Мысалы, сөйледі, сайрады, айтты, жеткізді, 
сыпсыңдады дегендердің барлығы да бір ортақ семаға ие сөздер. Айту-
шы тек баяндау мақсатын, хабарлау мағынасын білдіруді ойласа, онда 
айтты  не  сөйледі  етістіктерінің  біреуін  қолдағаны;  егер  эмоциялық 
мән беріп, жақтырмауды қоса білдіргісі келсе сайрады, сыпсыңдады, 
жеткізді сөздерінің біреуін қолданады», – деп жазған болатын [7, 140]. 
осы себептерге байланысты  Л.М.васильев орыс тіліндегі етістіктерді 
жіктегенде үш принципті басшылыққа алады:
«а) денотаттық (немесе тематикалық), 
б) парадигматикалық, 
в)  синтагматикалық.  Парадигматикалық  принцип  денотаттық 
принциппен  қиылысқанымен,  толық  сәйкестенбейді»  [66,  39-40]. 
денотаттық принципті  Л.М.васильев етістіктерді басты семантикалық 
кластарға  бөлгенде  ғана  пайдаланғанын  айтады.  Ал  «қозғалу» 
етістігі семемасының лексика-семантикалық топ ішіндегі мағыналық 
қатынасының схемасын в.Ибрагимова былай береді:
«СЕМЕМА = дСК + НС + (НС + КМ) + ҚС + (ҚС + КМ) (бұндағы 
дСК  –  деректі  семантикалық  категория,  НС  –  нақтылаушы  сема, 
КМ  –  коннотаттық  маркер  (сема),  ҚС  –  қосымша  сема).  Лексико-
семантикалық  топ  өз  ішінен  бірнеше  семантикалық  қадамдардан 
тұратын  тереңдігі  бойынша  ажырап  бөлінеді.  Мысалы:  «қозғалу» 
етістігі барлық етістіктердің бірінші базасы болады» [67, 27]. 
Бір ескертетін нәрсе, бұл схемада флективті тіл, яғни орыс тілінің 
лексика-семантикалық  тобындағы  етістіктің  құрылымы  берілген. 
в.Л.Ибрагимова «қозғалу» семантикалық өрісіне әртүрлі тектік және 
түрлілік  қатынастарды  білдіретін  мынадай  сөздерді  енгізеді:  «жаяу 
жүру, автокөлік, транспорт, жел, дауыл, құйын, сырғанау, жыбырлау, 
кету, келу, отыру, перрон, плацкарт, жүзу, сүйреу, есу, толқу, ұшу, өту, 
ұшақ, арба, секіру, ұшып-қону т.т.» [67, 13]. Э.в. Кузнецова «қозғалу» 
лексико-семантикалық  тобының  гиперо-гипонимиялық  құрылымын 
мына сипатта көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет