2.3 Синтаксистік синтагматика, оның зерттелуі
Синтаксистік синтагматика термині де лексикалық тіркесімділік
сияқты бұрын синтаксистік тіркесімділік терминімен берілген бо-
латын, дегенмен бұл термин әлі де бүгінгі зерттеулерде қолданылып
келетінін айту керек. Мәселен, С.Г.Тер-Минасова, М.А.Кронгауз,
И.М.Кобозева, Н.Г.Архипова, Н.в.Юдина, Е.С.Кузьмина, Н.в.Назаров,
Н.Е.Кунина т.б. зерттеушілер өз еңбектерінде осы терминді жиі
қолданатынын байқадық. Жалпы синтаксистік синтагматика ұғымына
жалпы синтагматикалық қатынастар енгізіліп жүрді, яғни лексикалық
синтагматика және валенттілік мәселесі бірге қарастырылып
келді. Бұл мәселелер енді нақтыланды десек, артық айтқан бо-
лып шығамыз, себебі күні бүгінге дейін бұл терминдердің мәні
анықталған емес. Мәселен, Н.в.Юдина «тіркесімділік», «синтагмати-
ка», «валенттілік» терминдерінің анықтамаларын саралай келе, «орыс
тіл білімінде олардың әр мектептердің мақсаттарына қарай әртүрлі
мәнде түсіндірілетінін және жалпы бұларға берген зерттеушілердің
анықтамалары мол» екенін айтады [110, 22].
Жалпы синтагматикалық қатынастарды лексикалық тұрғыдан
алғаш толық жүйелеген Н.З.Котелова өзінің лексикалық тіркесімділікті
қарастырған зерттеуінде синтаксистік тіркесімділіктің бөлек кате-
гория екенін жазады. Синтаксистік тіркесімділіктің сөздің сыртқы
қабығына құралатынын олардың белгілі бір грамматикалық сипатынан
байқалады. Н.З.Котелова бұлардың мәнін былай ашады: «Лексикалық
тіркесімділік – лексикада сипатталған сөздердің ұғымдарының
тіркесімділігі болса, синтаксистік тіркесімділікті грамматикалық деп
атау керек. Егер «синтаксистік тіркесімділік» терминін қалдырсақ,
онда фразеология мен синтаксистің қатынасын ескеріп, лексикалық
тіркесімділікті «фразеологиялық тіркесімділік» деп атауымыз ке-
рек болады. Бұндай жағдайда фразеология деп, сөздіктегі сөздерден
тұратын синтагматикалық бірліктерді, фразалар мен фраземаларды,
олардың типологиясы, ұйымдасуы, құрамы, компоненттердің бай-
ланыстарын ұғынамыз да, ал синтаксис – ол да синтагматика, бірақ
синтаксистік бірліктер, сөз тіркесі және сөйлемдер, олардың типоло-
гиясы, ұйымдасуы, құрамы, компоненттерінің байланысы болады»
[93, 83]. осыдан барып, тіркесімділіктің екі түрі, яғни сөздердің және
олардың сыртқы формаларының бір-бірімен байланысы туындайды.
Ал фразеологиялық байланыс ұғымы тек Н.Котелова, З.д.Попова,
М.Копыленко, зерттеулерінде лексикалық тіркесімділіктің аясында
кездеседі. Алайда, бұлай жіктелу жалпы тіл білімінде орын алмаған,
себебі лексикалық синтагматика бұл сөздердің тұрақты байланысы
156
157
емес, мағыналық жағынан үйлескен байланысы. Н.Ф.Алиференко:
«синтаксистік тіркесімділік грамматикалық мағыналардың байланысы,
сондықтан грамматикалық мағына сөз формаларынан (морфологияның
бірліктері) және синтаксистік құрылымдардан (синтаксистің
бірліктерден) тұрады», – дей келе, синтаксистік тіркесімділікті
синтаксистік мағыналардың байланысынан көреді [20, 244]. Ал
Е.в.Гулыга: «синтаксистік мағына мынадай синтаксистік бірліктерде,
яғни сөз тіркесінде, жай сөйлемде және құрмалас сөйлемдерде бо-
лады», – деп көрсетеді [147, 21]. Н.Ф.Алиференко: «синтаксистік
құрылымдардың (сөз тіркесі немесе әртүрлі сөйлемдер) мағынасы
тілдік құрылымнан көрінетін денотаттық жағдайдың сәйкес түрдегі
байланысы болады», – деп жазады [20, 244]. Мысалы, сөз тіркесінің
көрсететін мағыналарының бастысы – анықтауыштық, бір объектіге
қатыстылық, мезгілді не мекенді көрсетуші т.т. әртүрлі сипаттағы,
бірақ нақты емес дәрежеде болады. Сөйлем семантикасын зерттеген
Е.С.Гулыга: «синтаксистік мағына сөйлем ішіндегі сөз тіркестерінде
болмайды, себебі синтаксистік мағынаның басты компоненттері оқиға,
жағдай және фактілерден тұрады, ал оны тек сөйлем ғана білдіре ала-
ды», – деп көрсетеді [20, 244]. Синтаксистік мағына грамматикалық
мағынаның бөлігі ретінде келеді, өйткені ол формалардың бір-бірімен
байланысқан жиынтығының мағынасын білдіре алады. Лексикалық
синтагматика лексикалық мағыналардың тіркесуі болса, синтаксистік
синтагматика синтаксистік мағыналардың тіркесуі болуы керек, алайда
мағынаның бұл түрі зерттеушілер тарапынан әлі анықталмай, сол даулы
күйінде қалып отыр. в.И.Кононенко өз зерттеуінде бұл даудың төркіні
семантикалық жүйенің синтаксисте көрінуінен туындап отырғанын
айтады [148, 23]. Бұның түпкі негізінде тілдің дихотомиялық сипаты
жатса керек, яғни нақты тіл мен сөйлеу тілінің арақатынасы және се-
мантика мен синтаксистің синтаксис семантикасы болып өзара тығыз
байланысуын айтуға болады. Н.З.Котелова «кімге уәде бердің + белгісіз
форма» және «тік тұру, ағаштан үй қиып салу» мысалдарын салы-
стыра келе, «кімге уәде бердің + белгісіз форма» тіркесі синтаксистік
тіркесімділік болса, «тік тұру, ағаштан үй қиып салу» лексикалық не-
месе фразеологиялық тіркесімділік болады деп жазады [93, 84]. Шын
мәнінде, «уәде бердің + кімге» дегенде ештеңе айқын емес, ал «тік
тұрудың, ағаштан үйді қалай салу» керектігін анық түсінетінімізді
алға тартсақ, синтаксистік синтагматикада айқындық дәреже төмен, ал
лексикалық синтагматикада бұл дәреже жоғары болатыны байқалады.
Тілді танудың дихотомиялық ерекшелігіне орай синтаксистік
мағынаның негізінде Н.Ф.Алиференконың көрсетуінше, денотаттық
ситуация жатады. денотаттық жағдай көрінуі жағынан екі түрлі сипатта
болады: бірі – нақты тілдегі сөйлемдер тізбегінен, екіншісі – сөйлеудің
күрделі бірліктерден байқалады. Сөйлемнің синтаксистік құрылымы,
яғни оның синтаксистік формасы тілге жатса, сөйлеу әрекетінің
нәтижесі ретінде, сөйлемнің моделі ретінде, айтылым сөйлеудің бірлігі
болады. «Бұлар бір-біріне тығыз байланысты, яғни сөйлеу бірліктері
болатын сөйлем тілдің жүйесі белгілеген сөйлем құрау үлгілері бой-
ынша жүзеге асса, тілдегі синтаксистік үлгі нақты сөйлемсіз, сөйлеу
әрекетінсіз өзін-өзі білдіре алмайды. Сөйлеудің бірлігі болатын сөйлем
не айтылым жеке, нақты мәнді, белгілі бір ақпаратты білдірсе, тілдің
бірлігі ретінде сөйлемнің үлгісі нақты, жеке мәнді емес, сөйлемнің
синтаксистік семантикасының негізінде жатқан белгілі бір ойдың
типін білдіреді» [20, 245]. Сөйлемнің бұндай типтік құрылымы мына-
дай құрамдас бөліктерден тұрады, яғни предикативтілік, модалдылық,
оқиға, жағдай не фактінің аяқталуының ойша бейнеленуі; бұлардың
жиынтығын «сөйлем типі» немесе «логема» деп атайды. Сонда сөйлем
не сөз тіркесінде семантикада бұрыннан сұрақ болып келе жатқан мән
және мағына категорияларының да бар екенін байқаймыз. Синтаксистік
семантикаға арналған зерттеулерде сөйлем мәні сөйлеудің бірлігі
ретінде пайда болса, сөйлем мағынасы тілдің бірлігі ретінде пайда бо-
лады. Жалпы «сөйлем» термині «сөз» термині сияқты табиғаты күрделі,
күні бүгінге дейін толық анықталмаған мәселе, себебі ол сөйлеу және
тіл бірлігі ретінде қарастырылады. осы түсініксіз жайттың мәнін ашу
үшін тіл білімінде тіл бірлігін – сөйлем, ал сөйлеу бірлігін – айтылым не
лебіз (высказывание) деп жіктейді. Сонда сөйлеудің, сөйлеу әрекетінің
көріну мазмұны – мән болса, тіл бірлігі сөйлемнің көріну мазмұны –
мағына болады. Сонымен бірге, ол синтаксистік мағынаны: «кез келген
тілді тасушының өзінің тілдік біліміне, яғни сол сөйлемде кезіккен сөз
мағыналарын, синтаксистік конструкцияларды, интонациялы контур-
ларларды білетін біліміне сүйеніп, алатын ақпараты», – деп анықтайды
[18, 199]. Бұлай жіктелудің негізінде Г.А.Золотова сөйлем-айтылымда
коммуникативті мән-мағына, ал сөйлемде синтаксистік мағына бола-
тынын айта келе, жалпы екеуі де жалпы синтаксистің аясына енетіні
себепті оларды біріктіре қарастырады. осыған орай, ол: «синтаксистік
мағына – сөйлеудің бір үлгісі бойынша құрылған нақты айтылымдардың
(фразалардың) коммуникативті мағынасын жинақтаған типті мағына» –
деген анықтама береді [149, 25]. Кейбір зерттеушілердің синтаксис пен
синтагматиканы қатар қарап, синтаксистік мағынаны синтагматикалық
деп атауы кездеседі, бірақ С.Г.Тер-Минасова: «бұл ұғымдарды
бірдейлестіруге болмайды: «синтагматика» термині мен «синтаксис»
термині бірдей мән бермейді, синтаксис сөзіндегі гректің «tasso» сөзі
«тәртіптендіру», «ұйымдастыру» деген мәнді білдіреді», – деп жазады
158
159
[150, 18-19]. Синтаксистік мағынаның ядросын денотаттық компонент
құрайды, ал «денотаттық компонент типтік денотаттық ситуация-
дан, реалды өмірдің үзігіндегі іс-қимылдар жағдайынан, материалды
объектілер мен олардың қалпының уақыт пен кеңістіктегі реттелуінен
құралады. денотаттық жағдайдың семантикалық көрінісі Л.Теньердің
метафорасын қолданғанда,
а) драманың қатысушылары,
б) олардың жағдайы, қалпы, тұрақты және айнымалы қасиеттері,
в) драма тұтастық пен динамикалы сипат беретін олардың өзара
қатынастары мен бірлескен іс-әрекеттерінен тұрады» [20, 248].
Синтаксистік мағынаны, тіл бірлігі ретіндегі сөйлем мен сөйлеу
бірлігі ретіндегі айтылым мағынасының, яғни мәнінің қосындысы деп
ұғыну, оның Е.в.Гулыга айтқандай, тек сөйлемнің ішінде келетінін
мойындау болады. Синтаксистік мағынаның түрлері мен оның пайда
болу себептеріне жасалған жоғарыдағы шолуға сүйенсек, олардың
тууы мен жасалуына узуалды сипаттағы лексикалық мағынаның
бәлендей көп қатысы жоқ екені байқалады. Синтаксистік синтаг-
матиканы синтаксистік мағыналардың тіркесуі деп ұғынсақ, онда
бұл тіркесу айтылымдар мен сөйлемдердің бір-бірімен тіркесуі бо-
лып шығады. Ал ірі құрылымдар түріндегі сөйлемдердің мағыналық
тіркесуі күрделі синтаксистік тұтастыққа алып келеді де, онда екі лек-
сема арасындағы синтаксистік тіркесімділік олардың ішкі құрылымын
құрағанымен, жалпы синтаксистік мағына бере алмайды. Міне, осы
себептерге байланысты, синтаксистік синтагматиканы синтаксистік
мағына немесе мәндердің бір-бірімен тіркесімділігі деп айта алмай-
мыз, керісінше, синтаксистік синтагматика сөйлем не айтылымдарды
құрайтын сөздер мен сөз формаларының грамматикалық мағыналары
және грамматикалық формалары бойынша байланысуы десек, дұрысқа
келеді. Сондықтан Н.З.Котелова бұл мәселеге «сөздің синтаксистік
синтагматикасы – ондағы синтаксистік әлеуетті байланыстардың
жиынтығы мен қасиеттері, синтаксистік байланыстардың жина-
луы мен жүзеге асу жағдайлары» деген анықтама береді [93, 81].
Ал Н.Г.Архипова: «синтаксистік синтагматикаға сөздердің барлық
синтаксистік байланыстарын, яғни меңгеру, қабысу, қиысу сияқты
түрлерін жатқызады» да, «синтаксистік синтагматика орыс тілінде
септіктердің байланысынан көрінеді», – деп жазады. «Мысалы, та-
быс септік мынадай синтагмалық байланыстарға түседі: балаға жаңа
көйлек кигізу, тонды, костюмді т.т. немесе жақсы көру – шарапты,
әртүрлі ойындарды, қызды т.т.» [103, 82]. И.М. Кобозева: «Таңбаның
сөйлеудегі басқа таңбаларға қатынасын немесе синтагматикалық
қатынасты, таңбаның синтаксистік мағынасы деп атаймыз. Бұлардың
ішінде маңыздысы – семантикалық синтагматика. Мысалы: оған «тас
қабырға» тіркесі жатады, енді бұның көрінуіне сипаты оған сәйкес
келетін синтаксистік конструкция болады», – деп, синтаксистік син-
тагматиканы синтаксистік конструкциялар беретінін жазады [18, 96].
С.Г.Тер-Минасованың синтаксистік синтагматика туралы көзқарасы
мынадай: «Егер сөйлемде сөз біреуден артық болса, онда ол сөздер бір-
бірімен грамматикалық ережелер бойынша қосылады. осыған орай,
байланыстардың мынадай: атрибутивті, комплетивті және предикативті
типтері пайда болады. осы үш байланыстың ішінен атрибутивті
әрқашан сөз тіркесін құрайды» [4, 6]. Синтаксистік синтагматиканың
лексикалық синтагматикадан тағы бір ерекшелігі синтаксистік
позициялардың, яғни орын тәртібінің синтаксистік байланысқа әсер
етуі. Сонымен қатар, в.в. Морковкиннің көрсетуінше, синтаксистік
байланыс белгілі бір сұрақтар бойынша әртүрлі позициялардың
бөлініп шығуы және сол бойынша сөздердің орналасуы болады. ол
синтаксистік позицияларды бөлетін сұрақтарға «қайда?», «қайдан?»,
«қашан?», «қандай?», «қай уақытқа?» т.т. сұрауларды жатқызады [151,
9]. Міне, синтаксистік синтагматиканың осындай себептеріне орай,
Н.З.Котелова синтаксистік синтагматиканы сипаттаудың мынадай
параметрлерін көрсетеді:
«а) Абсолютті тіркесімділік – сөздің қатыстылық дәрежелерін си-
паттайды, яғни әртүрлі, көбіне, қалыпты синтаксистік синтагматика-
ны көрсетеді. Мәселен, көндіру етістігі біреуді, бір іске, бір уақытта
сөздерімен тіркесіп, сөз тіркесінің түрлері болады т.т.
б) Сипатталатын құбылыстың формалды немесе мазмұнды деңгейі.
Бұнда сөздің мағынасын есепке алмай, тек формалды жағынан сипат-
талады. Бұнда сөз, форма, әртүрлі сөз формалары, олардың саны, ор-
наласу орындары сипатталады. Мысалға, салу сөзінің тіркесуіне кімді,
кіммен, кім, қашан, қалай, қай уақытта, неге, не үшін т.т сұрақтарына
жауап беретін тіркестерді алуға болатынын» жазады [93, 93]. Л.И.Гетман
синтаксистік және семантикалық байланыс лексиканың ажырамас
жүйелі қатынастары деп түсінсе [152, 12], Т.А.Новикова синтагмати-
ка сөйлемдердің байланысқандағы мағынасы деп қабылдайды [153].
Түсіндірме сөздіктердегі синтаксистік синтагматиканың құрылысын
қарастырған Н.Г.Архипова: «синтаксистік синтагматиканың ба-
сты белгісі септік жалғауларының тіркес құрауы болады, алайда
оларда синтаксистік синтагматиканың толық мәнін бере алмайды,
яғни айқын түсінікке ие болмайды», – дейді [103, 89]. Синтаксистік
синтагматиканың тілдегі қалыпты жүзеге асу формуласы синтаксистік
қосылудан шығады. орыс тіліндегі синтаксистік қосылудың типін
Е.С.Кузьмина: «сөз + сөз формасы; сөз формасы + сөз формасы; сөз
160
161
тіркесі + сөз формасы» деп, ал сөз тіркестерін мәніне қарай «етістікті,
субстантивті, адъективті, үстеулі, құралды», – деп дәстүрлі синтаксистік
тұрғыдан жіктейді [32, 87-88]. Н.в.Назаров: «сөздердің синтаксистік
қосылу негізінде белгілі бір типті синтаксистік конструкциялар пай-
да болады, ал олар логикалық түрде бірлескен көп деңгейлі сыртқы
синтагматикалық құрылым құрып, соның негізінде сөйлем құралады»,
– деп жазады [154, 65]. Синтаксистік синтагматиканың лексикалық
синтагматикаға қарағанда тағы бір айырмашылығы оның белгілі бір
формулалармен көрінуі, яғни олардың байланысын формулалармен
беруге болатындығы. Синтаксистік семантикада қалыптасқан бұл
формулалар жүйесі дәстүрлі бағыныңқы басыңқы жағдайды емес,
басқа, көбіне, септік формаларының синтаксистік байланыс құрауын
көрсетеді. Синтаксистік байланысты алғаш формуламен бейне-
леген Н.Г.Брагина: «формула бағыныңқы позицияның және оның
формасының жалпыланған семантикасын бейнелейтін екі компонент-
тен тұрады. Бағыныңқы позицияның формасын көрсету сөздің жалпы
грамматикалық тіркесімділігінің ерекшеліктерін ашады», – деп жазады
[99, 76]. Толық келтірмегенімен тоқталып өтелік, яғни мұнда септіктер
шартты белгілермен таңбаланады да предлогтар сандық белгілермен
беріледі. Мысалы:
әсері, әсер ету: кімнің, кімге, нені әсері, әсер ету: І; Б; Т2
мақтану: кімнің алдында, немен мақтану: І; К2
сұхбаттасу: кімдердің, не туралы, кіммен сұхбаттасу: І (көпше);
А1; К3 (бұнда сандық белгілермен біздер жалғауларды таңбалар от-
ырмыз – Г.К.Хасанов). Н.Г.Брагинаның формуласында синтаксистік
тіркестерді бұдан басқа шартты түрде таңбалаудың мынадай белгілері
бар. Мысалы: субъектілі (S және b) – құрдастың әзілі, достың
сатқындығы; объектілі (Ob) – пәтер жалдау, есіне салу; мазмұнды
(Cont) – көмекке зәру, біреуді сүю; атрибутивті (At) – әдемілігі асқан,
құлағы мүкіс; салдарлы (Caus) – мінезін ұнатпау, өкпелеп кету;
мақсатты ( Prp) – оқуға бару, вокзалдан күту; орынды немесе локал-
ды (L) – далаға түнеу, шайханада түстену; мезгілдік (T) – тойдың та-
рауы, таңда тұру т.т. Міне, осындай мағыналық топтардың сипатымен
сөз тіркестерінің синтаксистік байланысын нақтылап, сипаттауға бо-
лады. Н.Г.Архипова сөздердің синтаксистік байланысын сипаттауда
бұл формуланың мынадай жетістіктерін көрсетеді, яғни «нақты сөздің
грамматикалық тіркесімділік қасиеттері ашылады; жанды және жан-
сыз заттардың байланысы белгілермен таңбаланып, ерекшеліктері
көрінеді; синтаксистік синтагманың жалпыланған сипаты айқын бо-
лады; сөздердің әртүрлі семантикалық валеннтіліктері (субъектілі,
мазмұнды, атрибутивті, локалды т.т.) типтері анықталады» т.т. [103, 94].
Жалпы алғанда, синтагматика синтаксистің аясында қарастырылғанда
белгілі бір конструкциялар, үлгілер, формулалар сипатымен бейне-
леуге келеді, себебі тіркесуде сөздердің не формалардың сыртқы түрі,
грамматикалық формалары басты өлшем болады. осы ерекшеліктерге
байланысты Ж.П.Соколовская сын есімді семемалардың синтаксистік
тіркесімділігінің жүзеге асуының басты тоғыз түрлі моделін анықтап,
талдайды [64, 156]. Тілдегі етістіктердің синтаксистік тіркесуінің
синтагматиканың моделін Т.М.дорофеева өз зерттеуінде жасап,
етістіктердің синтаксистік синтагматикаға түскендегі айрықша
белгілерін көрсетеді:
«а) міндетті-міндетті еместігі (берілген сөзбен тіркесуі не
тіркеспеуі);
б) тіркесудегі синтаксистік форманың сипаты;
в) етістіктің мағыналық құрылымы» [155, 54]. Мысалы: міндеттілік
семантикасы болу етістігінің ұшқыш, маман, әкедей сөздерімен
тіркесуін міндеттейді. «Алу» мағынасы мынадай сөз тіркестеріндегі
етістіктерде болады: қарсы алу (міндетті етістік), шығарып салу
(міндетті), сәлем алу (міндетті), қолын алу (міндетті), сатып алу
(міндетті), газет алу (міндетті емес), уақытында алу (міндетті емес) т.т.
Қазақ тіліндегі етістіктердің аналитикалық форманттарының
морфологиялық моделін Н.оралбай, А.Қалыбаева жасағанын сөз ара-
сында айта кеткіміз келеді [156]. Етістіктің қай түрінің міндетті түрде
тіркесіп не тіркеспеуі синтаксистік синтагматикаға емес, етістіктің се-
мантикасына қатысты болатыны көптеген зерттеулерде жазылған,
мәселен, Л.М.васильев, Р.Гайсина, в.Ибрагимова, Т.Кильдибекова,
Е.Қажыбеков, Н.оралбай, Ы.Маманов, С.Исаев, М.оразов,
К.К.дүйсекова т.т. зерттеушілердің еңбектерін атауға болады. деген-
мен, етістіктердің синтагматикасында синтаксистік мағынаның
денотаттық компоненттің ситуациясы мен сигнификаттық компоненттің
семалары, яғни Н.Ф.Алиференко, Е.в.Гулыганың енгізген ұғымдары,
өз әсерін тигізуі мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды. Етістіктер
әр алуан сипаттағы тіркесімділік құрайды, яғни «орыс тіліндегі зат
есімдер мен сын есімдердің синтаксистік тіркесімділігі етістіктер
сияқты әр алуан қасиеттерімен ерекшеленбейді» [103, 102б.].
Етістіктердің міндетті және міндетті емес түрдегі компонент болуы өте
күрделі мәселе. Мысалы, қазақ тіліндегі кейбір етістіктер тек белгілі
бір синтагмалық қатарлар құрап барып жүзеге асады: ақын атанды
(міндетті), ақын болды (міндетті емес), балық аулап отыр (міндетті),
балық аулауды ұнатады (міндетті емес), күйеуге тиді (міндетті), күйеуге
шықты (міндетті емес), қайшымен қиды (міндетті), пышақпен қиды
(міндетті емес) т.т. Бұнда екі лексеманың да мағынасы синтагматиканы
162
163
құрауға қатысып, екі түрлі мәннен жалпы басқа ортақ мән тууы мүмкін.
Н.Г.Архипова орыс тіліндегі кейбір етістіктердің мағыналық
құрылымының лексикалық және синтаксистік синтагматиканы қатар
реттейтін дәрежеге ие болатынын жазады. Мысалы, Стол помещается
(стоит, торчит, красуется) посреди комнаты; кольцо лежит (валяется,
покоится, красуется) на столе; птицы сидят (помещаются) на ветке; ле-
жать (находиться в больнице, госпитале и т.п. на излечении), сидеть
(находиться на излечении для душевнобольных): Лежать в больнице,
госпитала; сидеть в сумаседшем доме [103, 97]. осындағы помещает-
ся, лежит етістіктері міндеттілік дәрежеде болса, стоит, торчит, красу-
ется, валяется, покоится, красуется міндетті емес болады, сондықтан
таңдап барып тіркесе алады, яғни негізгі етістіктер міндетті сипатқа
жанама түрде ие болса, олардың мәніне жуық болатын қосымша
етістіктер бұл дәрежеге жиі не сирек ие болуы мүмкін. Ал орыс тілінде
ауруханада тек жатады, ал жындыханада тек отырады. Қазақ тілінде
қалып етістіктерінің синтагматикаға түсуі семантикасына орай жүзеге
асады. Мысалы, тіліміздегі аурухана, жындыхана, перзентхана
сөздерінде сигнификаттық узуалды сема «көптік, адамдардың көп жи-
налуы» болады да жатыр немесе міндетті емес сипатында келіп,
синтагмалық байланыс құрауында етістіктердің мағыналық
құрылымындағы әртүрлі дәрежелердегі семалардың етістігімен
синтагмалық байланыс құрайды, ал түрме сөзінде де «көптік,
адамдардың көп жиналуы» сигнификаттық семасы болса да отыр
етістігімен синтагмалық байланыс құрайды. Біздіңше, жалпы
етістіктердің міндетті қызметі ерекше болады. Мәселен, ол түрмеде
отыр дегенде «көп уақыт, мезгіл» сигнификаттық семасы денотаттық
жағдайға байланысты өзектеніп, лексикалық және синтаксистік син-
тагматиканы құрауға негіз болады. Етістіктердің осындай сипатта
келіп тіркесім құрауын етістіктердің ықтималды таралуы деп шартты
түрде атауға болады. Бұнда синтаксистік синтагматика сыртқы
формалардың тіркесуіне негіз болса, лексикалық синтагматика әртүрлі
семалардың бір-бірімен байланыс орнатуына негіз болады. осындай
себептерге байланысты етістіктердің ықтималдық сипатта таралып ба-
рып, лексикалық тіркесімдер құрауы жүзеге асады. Ықтималдық си-
патта таралу процесіне етістіктердің таралуы тән болады, яғни, көбіне,
тек басты етістіктерге тән болады, нақтылап айтқанда, ықтималдық та-
ралу етістіктердің лексикалық және синтаксистік синтагматика
құрауынан көрінетін күрделі ұғым. Етістіктердің ықтималды түрде та-
ралуы не қамтылуы бірінші етістіктің тіркесуінен кейін ықтималды,
синонимді сипатқа жақын мәндері бар басқа етістіктердің тіркесімдер
құрауға қатысуы. Жалпы синтаксисте осыған жақын құбылыс
синтаксистік синонимия деп аталып, біраз зерттелгені мәлім.
Синтаксистегі бұл құбылыс орыс тіл білімінде Е.в.Падучеваның, ал
қазақ тіл білімінде М.Серғалиев еңбектерінде қарастырылды.
Е.в.Падучева синтаксистің семантикасын талдай келе, синонимияның
синтаксистік және синтаксистік емес түрлерін көрсетеді [157, 20].
Ықтималдық сипаттағы қамтушы етістіктер синтаксистік синтагмати-
када әрқилы формалары бойынша көрінсе, лексикалық синтагматика-
да әртүрлі семалық құрылымдары арқылы көрінеді. Етістіктерді экс-
перименттер арқылы зерттеген Ю.д.Апресян етістіктердің тіркесімділік
құрауында басты ерекшелік олардың бір-бірімен сыйысуында жатады,
сосын барып олар омонимияға ұласуы мүмкін деп көрсетеді. ол мына-
дай мысал келтіреді: «олар 100 снаряд шығарды дегенде нейтралды
мән бар болғанымен, алайда түсініксіздік орын алған «қайда» позиция-
сы айқын емес. Ал олар 100 снаряд шығарды – окоптарға (зеңбіректен);
конвейерде (зауытта) дегенде етістіктің омонимиясы жойылады да
айқындық дәреже қалыптасады», – деп жазады [158, 80]. Сонымен
қатар, тағы мынадай мысалдар келтіреді: достарынан қалу – далада,
орманда; достарынан қалу – оқуда; әйелге көмектесу – белінен
(қолымен ұстап, «мәдени қалыпқа сай емес»); әйелге көмектесу –
кеңеспен (мәдени қалыпқа сай); гүлдерді жұлу – клумбадан (бірақ сату
үшін емес); гүлдерді жұлу (ашудан); ақша жоғалту – көшеде (үйінің
қасында); ақша жогалту – осы істе т.т. Бұнда лексикалық
синтагматиканың басым түрде сыйысуды үйлестіріп барып жүзеге аса-
тыны байқалады. Лексикалық синтагматиканың етістіктерді реттеп ба-
рып, тіркесімдер құрайтын қызметі көрінеді, яғни семалық құрамның
өзара байланысы нақтыланады. Етістіктердің ықтималдық таралуына,
оның мол түрде тіркесімдер құрауына морфологиялық формалардың
тигізер әсері күшті болады. Мысалы: сүріне жүгірді; сүрініп жүгірді;
сүріне-қабына жүгірді; құлап сүрініп жүгірді; ашуы келді, ашуы келіп
кетті, ашуланып кетті, ашуы келе бастады т.т. Ал синтаксистік синтаг-
матика олардың байланысын дайын тілдік конструкцияларға салып,
сыртқы тұлғаларының сыйысуын, тіркесуін реттеп отырады. Бұл
конструкциялардың лексикалық мағынаны жүзеге асыруы туралы
Е.Б.Гришанина: «лексикалық мағынаның өзектену мәселесінің
синтаксистік тіркесімділікке тікелей қатыстылығы көптеген лексикалық
мағыналардың белгілі бір синтаксистік формалардың тіркесуіне
қатысты болуынан көрінеді», – деп жазады [159, 20]. А.Н.Калинин
синтаксистік формаға түскен синтаксистік синтагматиканы синтагма
деп атап, оны: «тілдің екі мәнді бірлігінің сөйлеуде бірінің артынан бірі
келіп, құрамды номинативті құрылым құрауы», – деп анықтайды [90,
75]. Л.Теньердің етістіктердің синтаксистік тіркесуінен шетел тіл
164
165
білімінде алғаш валентілік атауын енгізеді: «Етістіктер сөйлемді
анықтап, меңгеріп отырады, етістік ілмектері бар бейнебір атом сияқты,
қанша ілмектері бар, сонша актанттарды өзіне тартады, егер ілмектері
аз болса, актантары да аз болады. Міне, осы етістіктердің «ілмектерінің»,
яғни олардың өз санына қарай басқа актантардың санын, мөлшерін
тарту құбылысы – етістіктердің валенттілігі деп аталады» [85, 250].
Н.в.Юдина «тіркесімділік», «валенттілік» терминдерінің күні бүгінге
дейін ара жігі ашылмай, қатар қолдануынан, синтаксистік
тіркесімділікті, көбіне, валенттілік терминімен атайтынын және
«тіркесімділік» терминіне қарағанда барлық лингвистикалық
сөздіктерде «валенттілік» терминіне түсініктемелер бар екенін, сондай-
ақ, оның «синтагматика» аясында қолданатынын» жазады [110, 29].
Мысалы, д.Н.Шмелев пікірінде: «сөздің синтаксистік тіркесімділігі
оның лексика-грамматикалық сипатымен анықталады және белгілі бір
конструкцияларда қолданылу мүмкіндігі болады. Синтаксистік
тіркесімділікте сөз – лексикалық бірліктерді олардың семантикасындағы
жалпы ерекшеліктері бойынша біріктіретін белгілі бір грамматикалық
кластың өкілі болып көрінеді. Ал лексикалық тіркесімділік – шындық
болмыстағы әртүрлі қатынастар мен байланыстарды тікелей
бейнелейтін сөздердің бір-бірімен жеке мағыналары бойынша
тіркесуі», – деп ұғынылады [160, 216]. Жалпы синтаксистік синтагма-
тика сөйлем ішіндегі мағыналы сөз тіркестерінің синтаксистік кон-
струкциялары бойынша жасалғанынан байқалады. Синтаксистік
синтагматиканың сөйлем не айтылымдағы үзіктерді байланыстырып,
синтаксистен синтагмалық тіркестерді бөлуі тілде үнемі жүретін
құбылыс. осыған байланысты, А.Н.Калинин: «Фразаның пайда болу
негізінде айрықша ойды білдіру үшін кіші синтагматикалық бөліктердің
бөлінуі жатыр», – деп жазады [90, 74]. Жалпы алғанда, лексикалық
және синтаксистік синтагматика бір-бірімен үнемі тығыз байланыста
болады, яғни в.Г.Гак жазғандай, «кәдуілгі тілдерде синтаксис семанти-
калы, яғни оның категориялары мен элементтері белгілі бір түрде
сыртқы нысандармен қатынасады, ал семантика синтаксисті, себебі
символ-таңбалардың арасындағы қатынасты білдіреді» [79, 367].
Қазақ тіл білімінде синтаксистік синтагматиканың бірлігі ретінде
көрінетін сөз тіркесіне және жалпы сөз тіркесі синтаксисіне шолу
жасағанда оның жоғары деңгейде зерттелгені көрінеді. С.Әлісжанов
бұл туралы: «қазіргі таңда сөз тіркесі түрлі қырынан көптеген мо-
нографиялар мен зерттеулердің негізгі қарастыратын нысанына
айналған десе де болады», – дейді [161, 63]. Э.Н.оразалиева «Қазақ
тіл біліміндегі сөз тіркесі теориясының қалыптасуы» деген зерттеуінде
П.М.Мелиоранский, в.в.Катаринский, Н.Сазонтов, т.б. ғалымдардың
сөз тіркестерін зерттегендерін айта келе, А.Байтұрсынұлын қазақ тіл
білімінде сөз тіркестерін тұңғыш зерттеген ғалым ретінде бағалайды
[162, 11]. «Сөз тіркесі деген терминнің өзі тіркес сөздер, сөздердің
тіркесі, сөз қиыны, сөйлем мүшелерінің байланысы, сөз қатары (тобы),
сөз тізбегі секілді бірнеше атауларға ие болып, бірнеше грамматикалық
ұғымдар аясында қарастырылады» [162, 11]. А. Байтұрсынұлы бұл
туралы: «Сөйлем дегеніміз – сөздердің басын құрастырып, біреу
айтқан ой. ...ойын айтуға тиісті сөздерді алады да, олардың басын
құрап, біріне бірінің қырын келтіріп, қиыстырады. Қыры келетін
сөздер, тұрған күйінде алса да, қиындасып жатады. Қыры келмейтін
сөздерді қиындастыру үшін қырларын өзгертіп қиюын келтіреміз»,
–дейді [140, 263]. Сөз тіркестері туралы қазақ тіл білімінде еңбектер
жазған зерттеушілерге Н.Т.Сауранбаев, М.Балақаев, Р.Сыздық, Р.Әмір,
М.Серғалиев, Т.Сайрамбаев, Ә.Аблақов, С.Исаев, Е.Ағманов,
Ж.Жақыпов, З.Ерназарова, М.Жолшаева т.б. жатады. олардың сөз
тіркесі туралы пікірлеріне қысқаша тоқталсақ, Р.Әмір: «тіркес, сөз
тіркесі деген екі терминдік атауды ажыратып тану керек. Тіркес – тілдегі
процестің атауы, сондықтан бұл атауды жалпы мағынада жұмсаймыз.
Сөз тіркесі – тіркестің белгілі бір шартқа сай көрінісі», – десе [163, 13],
М.Балақаев, Т.Сайрамбаев: «Синтаксистік қарым-қатынасты білдіру
үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан тобын
сөз тіркесі дейміз», – деп жазады [164, 32]. Ә.Хасенов: «синтагма мен
сөз тіркесі дегендер – синонимдес терминдер. Синтагмалар түрлі-түрлі:
атрибутивті синтагма, объектілі синтагма, предикативті синтагма т.б.
Сөз тіркестерін немесе синтагмаларды зерттейтін ілімді синтагматика
деп атайды», – деген пікір білдіреді [165, 206]. М.Серғалиев,
Б.Сағындықұлы, Қ.Шәукенов сөз тіркесіне салаласқан сөздердің бай-
ланысын жатқызады. С.Әлісжанов қазақ тілшілерінің сөз тіркестері
туралы көзқарастарын шолып, оларды былай топтастырады:
«а) Сөз тіркесі дербес синтаксистік единица, олар сөз таптарының
өзара тіркесімділігі тұрғысынан қарастырылады (М.Балақаев, Р.Әмір,
М.Серғалиев, Т.Сайрамбаев, Ә.Аблақов, С.Исаев және т.б.);
б) Сөз тіркесі сөйлеу үдерісіндегі құбылыс (Ж.Жақыпов);
в) Сөз тіркесінің қызметі сабақтаса байланысудан ғана емес, са-
лаласа байланысудан да көрінеді (М.Серғалиев, Қ.Шәукенов,
Б.Сағындықұлы);
г) Сөз тіркесі мен сөйлем мүшелері бөлек (Қ.Шәукенов);
д) Тіркес, сөздер тіркесі, сөз тіркесі деген терминдерді ажырата пай-
далану (Р.Әмір, Ә.Аблақов, С.Исаев т.б.)» [161, 68]. Міне, бұл қысқаша
шолудан байқалғаны сөз тіркесі синтаксистік байланысқа негізделген
синтаксистік синтагматиканың көрінісі болады. Қазақ тілінде сөз
166
167
тіркестері, синтаксистік конструкциялар, әртүрлі үлгілер бойын-
ша зерттелуде және ол құрылымдар синтаксистік синтагматиканың
берілу жолдарына негізделген. Сөйлеу семантикасын зерттеген
З.Ш.Ерназарова: «Сөйлесім семантикасы екі қабаттан тұрады. Бірі –
шындық өмірдің сөйлесім мазмұнында берілуі – пропозиция болса,
екіншісі – сөйлеушінің берілген ойға көзқарасы – модальділік», – деп
синтаксистегі мағына мәселесінің мазмұнын ашады [166, 21]. осыдан
барып синтаксистік синтагматикаға қатысты «Сөйлем құрылысын
сөздің лексика-семантикалық мәні анықтамайды, сөздер арасындағы
семантика-синтаксистік қатынастар – синтагмалар анықтайды,
сөйлемді құрастырушы компоненттердің сөйлеу мақсатына қарай
қолданысқа енуімен байланысты сөйлемнің ең кіші коммуникативті
бірлігі ретінде синтаксема алынады» деген пікірін білдіреді [166, 19].
Бала тілінің пайда болып, қалыптасуын зерттеген Т.Т.Аяпова сөйлеу
әрекетінің онтогенезі синтаксистік семантиканың лексикалық мағынаға
және грамматикалық мағынаға ұласуын байқап, екі ұласу түріне жеке
тараушалар арнайды. Сонымен қатар, баланың ана тілін меңгеру жолы
мен шетел немесе екінші тілді меңгеру жолдарындағы сөйлеу семанти-
касы ерекшеліктерін қарастырады [167, 238].
Қ.Т.Нұрмұхаметова «Есімше + зат есім» үлгісіндегі сөз тіркестерінің
синтагмалық ерекшеліктері» деген зерттеуінде: «Сөз тіркесі құрамындағы
сөздер бір-бірімен грамматикалық тіркесімділік мағыналары және
лексика-семантикалық тіркесімділік мағыналары арқылы синтагмалық
байланысқа түседі» деп, лексикалық және синтаксистік синтагма-
тиканы айтады да, «лексика-семантикалық тіркесімділік мағына
сөздердің лексикалық тіркесімділігін қамтамасыз етеді де, сол сөздің
синтаксистік позициясын айқындай алмайды», – деп көрсетеді [168,
8-9]. Шынында да, лексикалық синтагматика синтаксистік позицияны
анықтай алмайды, ол мағыналы түрде екі сөзді байланыстырады, ал
синтаксистік позицияны синтаксистік конструкцияларға, үлгілерге (мо-
дель) негізделген синтаксистік синтагматика немесе «грамматикалық
тіркесімділік мағына» (Қ.Нұрмұхаметова термині) айқындауы мүмкін
екенін айту керек деп білеміз. Жалпы алғанда, Қ.Т.Нұрмұхаметованың
еңбегі синтаксистік бағыттағы зерттеу болғандықтан осы үлгіге мына-
дай сөз тіркестерін келтіреді: қолы сынған жігіт, үсті қар болған адам,
орта жасқа келген ұста, заманы озған қарт, салмақты келген апай т.т.
[168, 11]. Бұндағы синтаксистік байланысты көрсету үшін алынған
басты өлшем – грамматикалық формалардың синтаксистік қатынасты
жасаудағы қызметі. Сонда еңбекте есімше мен зат есімнің синтаксистік
синтагма құруы және осы үлгідегі синтаксистік синтагманың
ерекшеліктері зерттеледі.
Синтаксистік синтагматика мәселесін қорыта келе, мына-
дай тұжырымдарға келеміз, яғни лексикалық синтагматика белгілі
бір синтаксистік синтагматикалық қалыптар арқылы жүзеге асқан
себепті, лексикалық және синтаксистік синтагматикалық қатынас бір-
бірімен тығыз байланысты болады. Сонда лексикалық синтагматика
семемалардың байланысы болса, синтаксистік синтагматика лексема-
лар мен сөз формаларының, грамматикалық формалардың байланысы
болады.
Достарыңызбен бөлісу: |