4-кесте – Сөзбелік оппозициялар
оппозициялар
бірдейлік
АБ-АБ
Тарамдық
АБ-АБВ
әртектестік
АБВ-АБГ
Бұл формулалардағы АБ элементтері ортақ бөліктерді таңбаласа,
в мен Г сөздерді айырушы бөліктерді көрсетеді. Э.в.Кузнецова
эквиполентті қатынастардың таза формалды, семантикалық, формалды-
семантикалық түрлерін бөліп шығарады. Мысалы: «таза формалды оп-
позиция: мақтау – тоқтау; ұғыну – бұғыну; ал ұшу мен жүзу, котлет – каша
семантикалық әртектестік оппозициясы болса, алу – тартып алу, арман
– арманшыл т.т. формалды-семантикалық оппозициялары болады» [49,
47]. Сондықтан бұл оппозициялардың мәнін ұғындыратын басқа мы-
салдарды жоғарыдағы тілдің лексикалық жүйесі туралы тараушасын-
86
87
да келтірген болатынбыз. Зерттеушінің тілдің лексикалық жүйесіндегі
парадигмалық қатынастарды анықтаудағы сүйенетін басты өлшемі бәрін
біріктіріп тұратын бір ортақ семантикалық компоненттің болуы. Сол
себепті, ол тілдегі сөздердің жалпы парадигматикалық қатынастарын
талдаудағы басты міндет сөзбелік оппозицияларды сипаттау деп жаза-
ды. Сонымен қатар, ол тілдегі сөз кластарын парадигматиканың басты
құбылысы деп есептеп, оларды формалды, формалды-семантикалық
және семантикалық деп үшке ажыратады [Қосымша Б]. в.Б.Гольдберг
Э.в.Кузнецованың ізімен парадигматикалық қатынастарды формалды-
семантикалық, семантикалық және формалды деп бөле келе, оларды
өз ішінен факультативті, семалық, уәжді, міндетті деген құрылымдық
бөліктерге ажыратады [68, 23].
Тілдің екі субстанциядан, яғни тіл мен сөйлеуден тұратынын
көрсеткен Ф.де Соссюрдің пікірі негізінде тілді екі жақты құбылыс
екендігі әлі де қазіргі зерттеулерде орын алады. Тілдің екі жақтылық си-
паты, әсіресе, лексикологияда басты принцип ретінде қарастырылады.
Лексиканың бұл сипаты тілдің дихотомиясы деп аталады, міне, осының
негізінде лексиканы немесе тілді дихотомиялық құрылым ретінде
қарастырады. осы тұрғыдағы зерттеу еңбегін жазған Б.А.Плотников
пен в.Ф.Трайковская лексикалық парадигматика туралы: «сөздіктердегі
лексикалық бірліктердің араларындағы семантикалық байланыстар
мәтіндердегідей бай және әр алуан емес, дегенмен солар лексиканың
жүйелілігінің негізін құрайды және лексиканы екі түрлі қабатқа, яғни
бірыңғай (синонимдер, антонимдер, сөздердің кейбір тақырыптық
құрылымдары) және бірыңғай емес (гипоним-гиперонимді және
сөздердің кейбір иерархиялы құрылымдары) бөлудің құралдары бо-
лады» деген көзқарастарын білдіреді [69, 110]. олар лексикалық
жүйедегі байланыстарды жалпы бір атаумен, яғни ассоциативті бай-
ланыстар деп атап, екі түрлі семантикалық белгілерді пайдалану
арқылы дихотомиялық құрылымға (тіл мен сөйлеу қызметі) негіздеп,
бірыңғайластыра зерттейді. [Б.А.Плотников пен в.Ф.Трайковскаяның
лексикалық жүйедегі қатынастарды жүйелеген кестесі в қосымшасында
берілді]. Парадигмалық, синтагмалық қатынастарға түскен сөз-атаушы
синонимиялық және антонимиялық қатынастарда Б.А.Плотников,
в.Ф.Трайковская көрсеткен ассоциациялардың уәжділігінен сол қатар
мүшесі болуы мүмкін. Парадигмалық қатардағы сөз-атаушының бұл
ерекшелігін кезінде М.оразов байқап, «лексико-семантикалық топтың
әрбір мүшесі өзіндік мағыналық дербестікке ие болып, сол системада
белгілі бір қызмет атқарып, системада өз орнын белгілеп тұратындығы
анық. Лексикадағы синоним, антоним деп аталынатын категория-
лар осы семантикалық байланысқа ие болғандығы үшін ерекшеленіп
алынып жүр. Шындығында жақсы сөзін айтқанда жаман сөзін, үлкен
сөзін айтқанда кіші сөздерін ойымызға алатынымыз анық...Ал сино-
ним болатын сөздер болса, басқаша қасиетке ие. Жақсы, тәуір, оңды,
келісті деген сөздер синонимдер, сондықтан да олар бірінің орнына
екіншісі қолданылып, бір ұғымды білдіретін қасиетке ие болады»
[7, 171]. осындай ерекшеліктерге байланысты парадигматикалық
және синтагматикалық қатынастарға құралатын сөздердің өрістері
мен лексико-семантикалық құрылымдардың табиғаты зерттелген-
де осы қатынастар негізінде жүзеге асады. Мысалы, И.в.Бондаренко
орыс және ағылшын тілдеріндегі түстердің синтагматикасын
қарастырған өз зерттеуінде лексико-синтагматикалық байланыстарды
жіктеудің принциптері мен осы байланыстардың парадигмаларының
параметрлерін, яғни парадигмалық және синтагмалық қатынастарды
бір бірлікте қарастырады. ол, сонымен қатар, сын есімдердің
семантикасындағы синтагматикалық байланыстардың парадигмала-
ры деген бірлестіктегі жүйені енгізеді [70, 124]. Екі тілдегі түстерді
білдіретін сын есімдерді зерттеу барысында И.в.Бондаренконың жет-
кен басты ғылыми жетістігі – семантикаға бейнелі парадигма ұғымын
енгізуі деп білеміз. Тек парадигмалық қатынастарда жасырын сипатта
орын алатын бейнелі парадигманы анықтау үшін контекстологиялық
талдау мен салғастырмалы компонентті талдау әдістерін ұштастыру
қажет болады. Қазақ тіліндегі метафора, метонимия, теңеулер
мен сын есімдерде болатын жалпы бейнелі парадигма мәселесі өз
зерттеуін күтіп тұрғанын айта кеткен жөн. Бұл еңбектен кезінде
Л.А.Новиков көрсеткен, парадигматикадан синтагматикаға және
синтагматикадан парадигматикаға зерттеу әдісінің ізін байқаймыз.
Сонымен қатар, З.А.Харитончиктің көрсеткен лексикалық байла-
ныстары да парадигматикалық байланыстар типіне келетінін айта
кеткен жөн [71, 98]. Ал құрылымдық бағыттағы синтаксистік зерт-
теулерде синтаксистегі парадигматикалық қатынастар С.К.Шаумян,
П.А.Соболева, в.Г.Адмони, Н.Ю.Шведова т.б. тілшілердің еңбектерінде
қарастырылған. Ал Н.Е.Кунина «фразеологиялық парадигма» ұғымын
енгізіп, оның аясында фразеологиялық синонимия, антонимия, вариа-
ция мәселелерін қарастырады [72, 61]. Сонымен бірге, тілдік жүйедегі
лексиканың деривациялық жүйелілігін зерттеген М.Г.Шкуропацкая да
өзінің басты зерттеуінде сөздердің парадигматикалық қатынасының
деривациялық аспектісін және сөз бірліктерінің синтагматикалық
қатынасының деривациялық аспектілерін бір бірлестікте зерделейді.
Ал д.Н.Шмелев деривациялық қатынасқа эпидигматикалық деген
атау беріп, бұл аталымдарды бір ұғымда және оларды ортақ жүйеде
қарастырады. ол бір индивидтің көптеген қасиеттерін белгілейтін
88
89
бір-біріне ұқсас сөз бірліктерінің бір макросемаға бағынып тұрып,
бір парадигмалық құрылым ішінде өзара үйлесіп және қарама-қарсы
келе беретін ерекшелігін көрсетеді. Мысалға, әке, бала, аға, көрші,
таныс, оппонент, қызметтес, аттас, оның алдындағы адам, бастық
т.т. сөздерінің мәндік тұрғыдан қатарласқанымен, іштей бір-біріне
мағыналары қайшылас келіп жататынын жазады [56, 135]. Қазақ
тіліндегі бұндай парадигмалық қатарға соңғы кезде нормаға айналған
мынадай сөздердің лексико-семантикалық бірлестігін алуға болады.
Мәселен, біреулерге сыйлы құрдас, дос, туғандарына бауыр, ақылшы,
балаларына мейірімді әке, сүйікті жар, үлкендерге іні, кішілерге аға,
қарындастарына пана, қайын жұртына ізетті күйеу, ұжымына беделді
қызметкер, қоңсыларына зейінді көрші, қалың көпшілікке қарапайым
адам т.т. деп келетін сөз бірліктерінің мағыналық құрылымдарының
біреулері бір-біріне үйлескенімен, кейбіреулері бір-бірімен сәйкестенбей
жататыны аңғарылады. Бұл қатынастарда, сөз бірліктерінің синонимия,
антонимия, гипонимиялық қатынастарға түскенін, сондай-ақ, олардың
қатынасында кейбір конверсивтердің барлығын және ассоциациялы,
деривациялық қатынастардың араласа келу іздерін көреміз. Міне, тілдік
жүйеде басты орын алатын қатынастардың осы ерекшеліктеріне орай,
М.А.Кронгауз «семантикадағы басты парадигматикалық қатынастарға
синонимия, антонимия, гипонимия, меронимия, конверсивтерді,
үйлеспеушілік құбылыстарын, сонымен қатар, деривациялық және
ассоциативті қатынастардың кейбір құрамдас бөліктерін» жатқызып,
оларды жекелей қарастырады [8, 150]. Ал орыс тілі лексикасындағы
парадигматикалық қатынастарды тереңірек қарастырған Е.Г. Мельни-
кова: «парадигматикалық байланыстарды және сөздердің өзара әсерін
зерттеу – лексико-семантикалық бірлестіктің ішіндегі лексикалық
бірліктерді зерттеу көмегі арқылы жүзеге асады», – деп жазады. ол
парадигматикалық қатынастар үш семантикалық қатынастан тұрады
деп есептейді: «семантикалық бірдейлік (синонимия), ену не кіру
қатынасы (гипонимия), және қиылысу (эквонимия)» [73, 20]. Е.Г.
Мельникова парадигматикалық қатынастардың лексико-семантикалық
бірлестікте орналасу жүйесін «ауа райы» бірлестігіндегі семемалардың
парадигмалық қатарларын жүйелеу арқылы береді [73, 51-70].
«Ауа райы» лексико-семантикалық бірлестігінің парадигматикалық
құрылымдық үлгісін мысал үшін қысқартып берейік: «ауа райы»
жоғары температуралы; төмен температуралы; қатты аязды; жай
аязды; жаңбырлы; өткінші жаңбырлы; шықты; қарлы; бұршақты;
қыраулы; жаңбыр мен қар аралас; желді; желсіз; күшті желді, қарлы;
қар мен жаңбыр аралас; бұлтты; бұлтсыз; ашық; құрғақ; дымқыл;
тұманды; ыссы; аңызақты; жылы; қоңыр салқын; бұлыңғыр т.т.
Енді «ауа райы» бірлестігінің парадигмалық қатарларындағы
сөздердің жылдың төрт мезгіліне қатысты кіші, бөлек парадигмалық
қатарлар құруы мен олардың синонимдік, антонимдік, гипонимдік,
эквонимдік, конверсивтер т.т. қатынастарға жіктелуін қоссаңыз, ірі
лексико-семантикалық құрылым түзетін семантикалық парадигмалық
қатынастардың табиғаты ашылатыны сөзсіз. осы ерекшелікке қатысты
Б. Сағындықұлы: «Сөздер іштей бір-бірімен семантикалық байланысқа
түсіп те парадигмалық қатынас жасай алады. Мұндай жағдайда белгілі
бір топқа енген сөздердің лексикалық мағынасының барлығына бірдей
ортақ мағына болады. ортақ мағыналар кейде жуық, кейде қарсы,
кейде ұштас мәндес болуы мүмкін», – деп дұрыс көрсетеді [35, 12].
Лингвистикалық сөздікте парадигманың түсіндірмесі мынадай:
«а) кең мағынада: бір-біріне қарама-қарсы қойылған, бірақ
ортақ белгісі бар немесе ұқсас ассоциация тудырушы кез келген
лингвистикалық бірліктер тобы; Парадигматикалық қатынастар
арқылы байланыста болатын тіл бірліктерінің жиынтығы;
б) осындай жиынтықтың немесе топтың жасалу (құрылу) моделі
мен схемасы;» [ЛТС., 161]. Сонымен қатар, тілдің семантикалық
жүйесіндегі парадигматикалық және синтагматикалық қатынастарда
ғаламның тілдік бейнесінің кейбір жекелеген бөліктері және сөз атау
мен сөз дамуы механизмдерінің ерекшеліктері бейнеленеді. Б. Момы-
нова бұл қатынас түрін «Тіл жүйесіне тән типологиялық қатынастың
екінші түрі – парадигматикалық қатынас. Сөйлеу процесінен тыс ортақ
белгілері бар сөздер адам жадында ассоциацияланып, топ құрайды,
олардың өзара қатынастары мүмкіндігінше әр түрлі болады. Мұндай
қатынастарды ассоциациялық қатынастар немесе парадигматикалық
қатынастар деп атайды», – жазған еді [52, 21]. Сондай-ақ, газет
тілін зерттеген еңбегінде: «Қазіргі тіл білімінде парадигматикалық
қатынастарды тар, орта, кең шеңберде қарастырады. Айталық, газет
тілінде бейтарап лексика элементтерінің (немесе бір ғана бейтарап
сөздің) түрленуі, әр түрлі септік жалғауын қабылдап қолданысқа түсуі
бір ғана сөздің түрлену парадигмасы тар көлемдегі парадигматикаға
мысал бола алады; бір ғана грамматикалық түрлендіруші жалғау
жалғанып тұрған сөздер саны жағынан өте көп болғанғандықтан,
өте кең көлемдегі парадигматиканы білдіреді, ал грамматикалық
белгілеріне қарай топтасатын бір сөз табы кең көлемдегі парадигма-
ны білдіреді. Газеттегі аса кең көлемдегі парадигмаға сөзжасам, зат,
құбылыс атаулары ретінде типтік лексика түрлерін жатқызуға болады»,
– деп жазған болатын [74, 17]. Қазақ тіл білімінде парадигматикалық
қатынастар А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанұлы, Ә.Қайдари, Ғ.Мұсабаев,
К.Аханов, Р.Сыздық, Н.оралбаева, С.Исаев, Ә.Болғанбайұлы,
90
91
М.оразов, З.К.Ахметжанова, Б.Қалиұлы, Б.Хасанұлы, Т.Сайрамбаев,
Б.Сағындықұлы, Э.д.Сүлейменова, Ж.Манкеева, Н.Уәлиұлы,
Г.Н.Смағұлова, Б.Қ.Момынова, А.Салқынбай, Н.Шаймерденова,
Ш.Құрманбайұлы,
Н.Шаймерденова,
К.Сәтенова,
Р.Авакова,
д. Әлкебаева, Л.дүйсембекова, А.К.Жұмабекова т.б. ғалымдардың
еңбектерінде қарастырылған. Бүгінде адамның танымдық деңгейі
және адам мен қолданыстағы тіл мәселесін зерттеу бағыты жандануда,
сондықтан да парадигматикалық қатынастарды когнитивті семантика
мәселелерімен тығыз бірлестікте қарастыру – келешектегі маңызды
міндеттердің бірі деп санау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |