5-кесте – Ю.Д. Апресянның кестесі
Грамматикалық
мағына
Лексикалық мағына
Парадигматика
Сөз өзгеру жүйесі
Айырушы (жіктеуші)
семантикалық
белгілер
Синтагматика
Синтаксистік жағдай Лексикалық
тіркесімділік
Кеңес дәуірінде бұл мәселеге өзінің үлкен зерттеуін арнаған
Н.З.Котелова лексикалық тіркесімділіктің құралу қиындығы әрбір
сөздің жекелігі мен өзіндік мәндік қасиетінде жатыр деп есептейді. ол
өз зерттеуін контекстік тұрғыдан емес, лексикографиялық тұрғыдан
жүргізеді, себебі контекстегі сөздің тіркесімділігі шексіздік сипат-
та болады деп көрсетеді. ол, мысалға, Үлкен академиялық сөздікте
құлау сөзі 39 сөзбен, партия – 20, пікір – 6, ес – 27, зейін – 14, құрмет
– 13 сөзбен лексикалық тіркесімділікке түсетінін келтіреді. Мәселен,
құрмет, құрметтеу сөзінің қатарлары (құрметтеп жүру, құрметке ие
болу, құрмет көрсету, құрметтеп жүру, құрметтелу, құрметке жету,
құрметін жоғалту, құрметін пайдалану, құрметіне сендіру және т.т.).
Бұндай лексикалық синтагматиканы «қарапайым» лексикалық синтаг-
матика деп, шартты түрде атасақ, ал борсыған балық, тірілей көму, тік
тұру, сағыныштан сарғаю, жүресінен отыру, малдас құру, мейірімсіз
ажал, өткінші өмір не сәт, дүние дөңгелек, жер тегіс емес, жүрегі
сыздау т.т. сөздерінің байланысындағы лексикалық синтагматиканы,
шартты түрде «анық» лексикалық синтагматика деп атаған жөн деп
білеміз. Шын мәнінде, борсу етке емес, балыққа қана тән сөз болса,
сағыныштан немесе сары аурудан ғана адам «сарғаюы» (ауыс мағына)
мүмкін немесе жүрек сыздайды, «сырқырамайды»; сырқырау сүйекке,
буынға тән болады. Сонда бұл лексикалық синтагматика басқаратын
сөздердің ішкі мағыналық қорында қоршаған ортаның, шындық
болмыстағы заттар мен құбылыстардың бір-бірімен өзара қатынастары
жатады деген сөз. Қазақ грамматикасының авторлары бұл туралы бы-
лай деп жазады: «Семантикалық шектеушілік тұрғысынан алғанда,
тіркесімге түскен сөздер мағыналық жағынан бір-бірін айқындап
тұратындай немесе пысықтап, толықтап тұратындай табиғи жара-
сымды болуы керек. Мәселен, сұлу – әдемі – әйбат – әсем – көркем
– ару – әрлі тәрізді синонимдік қатардағы сөздердің берер мағынасы
бір-біріне жақын. Соған қарамастан бұл сөздердің кез келгені сөзбен
тіркесе бермейді: Қырғыздың асқан сұлу қызы бопты, өзі ақын, өзі
топта суырып озған шешен (Сыланов); Арқаның ару қызы, Еңбек
Ері, Келемін алыс жолдан аңсап сені (Шәкенов); Көрінді әсем астана,
Қабат-қабат үйлері (Машақов). осындағы сұлу қыз, ару қыз, әсем аста-
на сөз тіркестерінің табиғи құбылыс екендігі белгілі. Қалай болғанда
да, тартымдылықты, әдемілікті білдіреді, анықтауыштық қатынаста
жұмсалған. Сондай эстетикалық әдемі ұғымдағы осы сөздерді басқа
сөздермен, мәселен, жігіт (ару жігіт, әсем жігіт), балық (ару балық,
әсем балық, сұлу балық) сөздерімен тіркестіре алмаймыз. Поэзиялық
көтеріңкі екпінде ару қала, сұлу қала деп те айтармыз, қалай болғанда
да, барлық сөздің алдына қоя беруге болмайды. Сол тәріздес, зерек –
алғыр – ұғымтал – зейінді сөздерін де, адам қабілетіне байланысты
болғандықтан, мәселен, хайуанаттардың аттарымен тіркестіру ақылға
қонымды болмай шығады» [6, 585]. Сөздердің лексикалық мағыналары
бір-бірімен мағыналық жағынан үйлесу үшін шындық болмыстағы
тоқтаусыз жүріп жатқан үздіксіз процестер де динамикалы сипаттағы
116
117
үйлесімділікке сай жүруі қажет болады. Заттар мен құбылыс, іс-
әрекеттер өзара ықпалдасқанда әр алуан дәрежедегі қатынастар ту-
ындайды. Бұл қатынастар адам санасында бекуі үшін үйлесімділікке
негізделген жүйелі процесс тууы қажет болады, сонда ғана жинақталған
тәжірибелер басты қызметке ие болып, толып жатқан іс-әрекеттерді
жүйелі сипатқа көшіреді. Бұнда бірінші қызмет атқаратын таным
мен қабылдау болғандықтан, сөз мағыналарының үйлесу негізінде
заттық және ұғымдық деп аталатын мағынаның құрамдас бөліктері
басты болады. Мысалы: шұбатылған лексемасы қандай сөздермен
лексикалық синтагматикаға түсуі мүмкін деп ойласақ, басты жіктемелік
семантикалық белгі «ұзындық» болады, сол себепті, таным мен
өмірлік тәжірибе (лексикалық мағынаның эмпирикалық компоненті)
бұл семаны өзектендіреді, міне, осыған сай шұбатылған ащы шектей,
шұбатылған түтін, шұбатылған көш, шұбатылған сым, шұбатылған кор-
теж, шұбатылған адамдар, шұбатылған демонстранттар, шұбатылған
тізім, шұбатылған колонна, шұбатылған жіп, кезек не ширет, қатар,
көліктер, мал, әскер, жол, шырмауық т.т. Мағынадағы заттық, ұғымдық
бұл бөліктер басты байланыс құраушы болғандықтан лексикалық
синтагматиканың құралып, негізделуі лексикалық жүйеде тоқтаусыз
жүре береді. Мәселен, түзелмеген көш шұбатылды, әскер шаршаудан
шұбатылды, шұбаған, қаралы кезек, шырмауықтар шұбатылып өскен,
кіндігі шұбатылып мойныны оралған екен (көп актантты валенттілік)
т.т. Тіркесімге түскен сөздердің мағыналары қоршаған ортадағы зат-
тар мен құбылыстардың өзара қатынасын сай көрсетуі – лексикалық
синтагматиканың іргетасы болады. Шындық болмыстағы заттар мен
құбылыстардың өзара қатынасына сай тіркесімге түскен сөздердің
мағыналары сай болмаса, оны мағыналық сәйкессіздік негізінде бай-
ланысуы дейміз, яғни терминмен айтқанда, асемантикалық байланы-
суы деп атаймыз. Мағыналық сәйкессіздік толық сипатқа енсе, онда
ендеше ешқандай лексикалық синтагматика болмайды деген сөз.
Сөздердің лексикалық жүйеде мағыналық сәйкессіздікпен байланы-
суын лексикалық синтагматиканың құрамына жатқызамыз, өйткені
бұнда да мағыналық үйлесімділік коннотаттық дәрежеде болса да
жүзеге асады. Мағыналық сәйкессіздікке, мәселен, батыстан шыққан
күн (ауыс мағына; негізінде, ақырзаманның үлкен белгілерінің бірі),
төртбұрышты күн, мұнар күн, шұбар күн, он сан ноғай бүлген күн,
қара күн, өлімді күліп қарсылау, көктем түсті, сауырын қамшылады,
адамды бөктеріп алды, атты артқы аяғынан тұсау, қобызмен күй шер-
ту, гитараны тыңқылдату, күйеу ұзату, келін кіру, күйеу қабақ, уызына
сіміру, тізе созу, малдас салу, төсек ілу т.т. лексикалық тіркесімдерді
жатқызамыз. Асемантикалық тіркесімдер халық ауыз әдебиеті, автор-
лы әдебиетте жиі кездеседі, мысалы, бармақтай бақты басып отыру
үшін батпандай құйрық керек деген мақалдағы бармақтай бақ және
батпандай құйрық асемантикалық тіркесім құрайды (бақтың фор-
масы қандай екені белгісіз, себебі ол дерексіз ұғым, ал құйрықтың
ауырлығы сәйкессіздікті тудыру негізі болады және қарама-қарсы
ұғымды білдіреді). «Қара күн» тіркесімі қазақ тіліне орыс тілінен каль-
ка арқылы енген тәрізді, бұдан гөрі тілімізде бұрыннан «қаралы күн»
тіркесімі орныққан және оның антонимді жұбы «ақ күн» тіркесімі
бар. Н.Ф.Алиференко «синтагматикалық байланысты «қара күн»
тіркесіміндегі «бақытсыздық кезеңі» семасының басты болуымен
және оны көрсету үшін қара сөзінің күн сөзімен жүйелі сипатта енген-
де ғана мағыналық байланысқа түсетінін» айтады [20, 178]. Ал Махам-
бет ақынның «Мұнар күн» толғауында асемантикалық байланыстың
сигнификаттық макросемасы «ақырзаман» болады:
Мұнар да мұнар, мұнар күн.
Бұлттан шыққан шұбар күн.
Буыршын мұзға тайған күн.
Бура атанға шөккен күн....
Қатарланған қара нар
Арқанын қиып алған күн....
Сандық толы сары алтын
Сапырып судай шашқан күн...
оң қанатын теріс жайып,
Лашын қуға төнген күн.
Жез қарғылы құба арлан
Жез қарғыдан айырылып
Қорашыл төбет болған күн.... т.т. [М., 13].
Енді сәйкессіздікті түсіндіріп өтелік; қазақ тілінде мұнар күн
тіркесі «күн райы (ауа райы)» парадигмалық қатарына жатпайды,
себебі ондай күн суреті халқымызда жоқ, яғни лексикалық нормаға
жат. Бұндай сөз қолданысымен халық басындағы «ең қиын» ұғымдық
архисемасын таңбалайды. Сол сияқты бұлтты күні күн шықпайды
бәріне белгілі, ал егер, шықса түсі не бейнесі шұбар болады дегені де
шартты түрде айтылған. Буыршын ешқашан мұзға таймайды, себебі
табанында жылтыр мұзға қадалатын бүрлері бар, ал бура атанға шөгуі
мүмкін емес, өйткені бура да, атан да еркек түйелер. Қатарланған қара
нарлардың арқанын қию да мүмкін емес нәрсе, сонымен бірге, алтын
су емес, сондықтан ол сапырылмайды және шашылмайды (қолмен,
ожау не бақырашпен). Ал лашын қуға түспейді, ол қаздың өзіне сирек
түседі, себебі «Лашынмен қаз алу үйректен әлдеқайда қиын екен: ла-
шын адамнан алысырақ жерде қазды іліп түссе, қалғандары сол араға
118
119
қона қалып, лашынды қанаттарымен ұрып, не талдырып, не өлтіріп
кетеді» [С.М., 93]. Ал оң қанатын теріс жайса құс теріс ұшуы керек,
ал ешбір құс артына қарай ұша алмайды. Ал арлан ешқашанда ит бол-
майтыны, қолға үйреніп, қора күзетпейтіні бар қазаққа белгілі болған
соң, ақын асемантикалық тіркесімдерді қолданып отыр. Лексикалық
синтагматиканың негізінде мағыналардың сәйкестенуімен қатар,
халықтың өзіндік ділі мен танымы, материалды және мәдени өмірі жа-
тады. Ж.А.Манкеева айтқандай, «тілдің танымдық, мұрагерлік қызметі
негізінде сан ғасыр құпиясын бойына сақтаған этнотілдік деректерді
сан ұрпақ ана тіліміздің қорына мәңгілікке сақталатын сарқылмайтын
қазына, адамзат тарихының қоймасы» ретінде өткізеді [98, 91]. Сөз
арасында айта кететін жайт, жалпы ақын не жазушылардың барлық
шығармалық жұмыстарының өн бойын ұстап тұрушы да, кемел
дәрежеге жеткізуші және олардың туындыларын жұртқа танымал
ететін де осы сөздердің мәндік байланыс заңдылығының дұрыс тілдік
нормаға сай жүзеге асуы деп білеміз.
Сонымен қатар, лексикалық синтагматикаға деректі мен
дерексіздің, жанды мен жансыздың байланысуын да жатқызамыз.
Ал, негізінде, жанды не дерексіз заттарға тән әрекет не әр алуан
қасиеттер дерексіз не жансызбен мағыналық байланыс құра алмайды,
тіпті, ондай байланыс болғанымен тілдегі лексикалық норма бұзылуы
ықтимал. Сондықтан да мұнда бұларды байланыстырушы мағыналық
құрылымның ірі бөліктерінің бір-біріне жақындауы орын алады. Мы-
салы, кешегі оқиғаны бүкіл ауыл әңгіме қылып айтып отыр деген-
де бүкіл ауыл мен айту мағыналық жағынан бүтіндік сипатқа енген.
Сондай-ақ, сатып алған ауру, жалқаулық желкесінен түсер емес, аузы-
на келгенін оттады, ұйқыны құл қылу т.т. деген мысалдарда мағыналық
үйлесімділік негізінде мағынаның құрамдас бөліктерінің өзара жаңа
норма тудырған байланысы жатыр. Бұнда ауру сатып алынбайды,
яғни «арақ сатып алып, ішіп, ауыру» дегенді білдірсе, сол сияқты
«жалқаулық желкеде отырмайды, адам емес, мал оттайды» т.т. Мәселен,
ұйқыны құл қылу дегенде басты норманы жасаушы құл қылу тіркесімі,
сондықтан бұл тіркесім басқаларын жасай береді, мысалы: «Мақан
болса, болмаса да ұйқыны әлдеқашан құл қылып алған кісі...» [С.Мұқ.,
160] немесе «Құлшар құдай ғой күйінің бәрін құл қылған, домбыра-
сымен дүрелеп...» [М.Қ. Маңқыстау]. Жанды мен жансыздың, деректі
мен дерексіздің мағыналық үйлесуі ұғымдық түрдегі байланысқа
жатады, сол себепті, бұларда сигнификаттық семалардың өзектенуі
немесе солғындауы жүйе ішінде үнемі жүріп жататын құбылыс бо-
лады. Бұндай байланыста орын алатын лексикалық синтагматика
ішкі синтагматикалық байланыстарды құрайды. Ұғымдық үйлесу
сөздердің бір қатарда келіп, «сыйымдылығына» құралғандықтан,
бұндағы сөздердің мағыналық құрылымында бір-біріне қарама-қарсы
келетін семалар болмайды. Міне, осының негізінде ғана ұғымдар
үйлесуі процесі жүреді. Көптеген семасиологтар лексикалық син-
тагматиканы осы негізге сүйенгендіктен семантикалық тіркесімділік
деп атайды да, семантикалық тіркесімділікті сөздердің мағыналық
құрамындағы компоненттердің семантикалық үйлесуі немесе олардың
мәндерінің бір-біріне үйлесуі деп біледі. Мысалы, Лингвистикалық
энциклопедиялық сөздікте: «лексикалық тіркесімділікті сөздердің не-
месе олардың компоненттерінің мағыналық үйлесуі», – деп анықталған
[ЛЭС., 483]. Бірқатар семасиологтар лексикалық синтагматиканы
екіге бөліп қарастырады, яғни сөздердің семантикалық тіркесімділігі
және сөздердің лексикалық тіркесімділігі. Бұл туралы Н.З.Котелова:
«семантикалық тіркесімділіктің түсінігі кең болады, ал лексикалық
тіркесімділіктің мәні тек жекелеген сөздердің тіркесімін береді»,
– деп есептей келе, өз зерттеуінде тек лексикалық тіркесімділікті
қарастырады. Ал оның зерттеуінде тұтасымен лексикалық синтагмати-
ка орын алған, тек синтагматика термині синтаксистік тіркесімділіктің
аясында сөз болады. ол: «лексикалық тіркесімділік грамматикалық
тіркесімділікке қарағанда сөз үшін, оны сөздікте сипаттау үшін жекелік
және ерекше қасиетімен ыңғайлы», – деп жазады [93, 48]. Лексикалық
синтагматика термині бұл еңбекте мүлде жоқ деуге болатындай, ал оның
мәнінде семантикалық емес, лексикалық тіркесімділік қолданылады.
Н.З.Котелова енгізген лексикалық тіркесімділік термині орыс тіл
білімінде өз мәнінде әлі де қолданылып келе жатқанын айту керек.
Н.Г.Брагина лексикалық және семантикалық тіркесімділікті екіге
жіктеп: «Семантикалық тіркесімділік ұғымдардың және обьективті
реалдылықтың заттары мен құбылыстарының байланысына қатысты бо-
лады. Грамматикалық тіркесімділік нақты тілдің морфологиялық және
грамматикалық құрылымымен анықталады. Лексикалық тіркесімділік
сөздің жекелік қасиеттеріне байланысты болады», – дейді [99, 73-74].
Міне, осы себептерге орай және сөздіктердегі сөздердің мағыналық
тіркесімін қарастырған Н.З. Котелованың пікіріне сәйкес, осы тер-
мин, яғни лексикалық тіркесімділікті лексикографиялық тұрғыдан
мағынаны зерттегенде қолданады. Алайда, бүгінде семантикалық және
лексикалық тіркесімділіктерді бір лексикалық синтагматика аясында
қарастырған жөн деп есептейміз, себебі синтагматика бұл екі терминнің
дефинициясын толық қамтиды. Сонымен бірге, екі тіркесімділік түріне
негіз болатын сөздердің мағыналық құрылымындағы ұғымдық және
заттық байланыстардың үйлесуі деп білеміз. Жалпы ұғымдық үйлесуде
жетекші қызметті дерексіздік құбылысы атқарады, сондықтан осыдан
120
121
туатын әртүрлі ассоциациялар әр алуан болатындығы сонша, олардың
бір-бірімен өзара қатынасқа түсу мүмкіндігін байқай бермейміз. осы
жасырын қатынастар негізінде лексикалық синтагматиканың күрделі
сипатын аңғартатын әртүрлі метафоралық, метонимиялық, теңеулік
құбылыстар адамның менталды жағдайы мен ойлау дәрежелерін
көрсетеді. Әсіресе, бұндай синтагматикалық байланыстардың әртүрлі
дәрежелері, яғни дерексіздікке негізделген байланыстар, тілдік
тұлғалардың тілінде көптеп орын алатыны байқалды. в.Н.Телия бұл
туралы: «осындай әртүрлі дерексіз ұғымдар, менталды қалыптар мен
процестер адам үстінен қарайтын антроморфты билікке ие болады,
бұлар: ойлар, толғамдар, армандар, әртүрлі қиялдар. Адамға бұларға
ұқсас нәрселердің де қатынастары бағынышты болмайды, өйткені
бұлар дерексіз қалыпта ағын болып адам санасында өтіп жатады. Бұл
дерексіздік күрделі қалыптан тек деректілік сипатпен байланысқа түсіп
өте алады. Сондықтан олар жанады, сөнеді, күйеді, оралады, ауырады,
қуады, қашады, барады, келеді, ағады, солады, сынады, шашылады,
сақталады, жемісін әкеледі, толады, қалады, жоғалады, беріледі, үзіледі,
жоқ болады т.т.», – дейді [100, 30-31]. Лексикалық синтагматикаға
бұларды жатқызуға себепкер, сигнификаттық байланыстағы узу-
алды семалар мен жіктеуші семалардың өзара үйлесуі, яғни басты
заттық және ұғымдық семалардың тікелей мәндік қатынасқа түсе
алуы болып отыр. Бұл құбылысты ауани деректі мағына деп атаған
дұрыс деп білеміз. Тек есте ұстайтын нәрсе контекстің бұларға
тигізер әсері мен оларды тілдік норманың қабылдауы. Лексикалық
синтагматиканың қалыптасуы мен жүзеге асуы мәтін мен сөйлеуде,
айтылым синтаксисінде болатындықтан синтагматикалық тіркесуді
екі ғылымға телиді, яғни лексикалық және синтаксистік семантикада
бірге қарастырады. Бұндай жағдайдың орын алуынан лексикалық син-
тагматика терминінен бірқатар зерттеушілер үркеді немесе сақтанып
қолданады. Мәселен, в.Г.Гак өзінің «Семантикалық синтагматика
мәселесіне» деген еңбегінде лексикалық синтагматика терминін ауызға
алмайды, қайта кең түрдегі, осы мәселені түгел өз аясына сыйдыратын
семантикалық синтагматика терминін қолданады. ол «семантикадағы
синтагматика» деген сөз қолданысы семантикалық синтагматика
атты тұтас ғылым дәрежесіне айналып келе жатқан саладан туын-
дайтынын көрсетеді. ол былай дейді: «Семантикалық синтагматика
соңғы кезде әртүрлі елдердің лингвистері тарапынан, алдымен, Кеңес
одағы, Америка Құрама Штаттары, Франция елдерінің, арнайы зерт-
теу тақырыбына айналуда» [79, 368]. Ал Л.А.Новиков, И.А.Мельчук,
А.А.Уфимцева, д.Н.Шмелев және т.б. ғалымдар синтагматиканы
семантикалық аяда қарастырады, алайда лексикалық тіркесімділік
терминін қолданбайды. Ю.д.Апресян «Лексикалық семантика» атты
зерттеуінде тіркесімділіктің үш типін көрсетеді:
«а) А сөзінің морфо-синтактикалық тіркесімділігі – в сөзінің
грамматикалық формасы мен сөйлеу бөлігі туралы ақпараты болады.
Егер в сөзі А сөзінің семантикалық валенттілігін толтырса, А мен в
сөздерінің тіркесімділігі морфо-синтактикалық басқару моделімен
көрінген валенттіліктің морфологиялық әдіспен жүзеге асуы болады;
б) А сөзінің семантикалық тіркесімділігі – А сөзімен синтаксистік
байланысқа түскен в сөзінің қандай семантикалық белгілерге ие бо-
луы керектігі туралы ақпарат. Қажетті семантикалық белгіге ие, кез
келген в сөзі, А сөзімен тіркесе алуға қабілетті болғанда семантикалық
тіркесімділік болады;
в) А сөзінің лексикалық тіркесімділігі – А сөзімен белгілі бір
синтаксистік байланыстағы в сөзі не оның сөз кластары, яғни в1,
в2, в3, вn қандай болуы керектігі туралы ақпарат» [81, 124]. Бұнда
ол жалпы тіркесімділіктерді жіктейді және валенттілік тұрғысынан
лексикалық тіркесімділік терминін қолданып, оны жалпы синтагматика
аясында қарастырады. Сондай-ақ, Ч.Филлмордың септік грамматика-
сына сүйеніп, орыс тілі лексикасындағы семантикалық қатынастардың
25 түрін бөліп шығарады [81, 125-126]. Егер Ч.Филлмор семантикалық
қатынастың «терең септіктер» деп алты түрін, яғни агентив, инстру-
менталис, датив, фактитив, локатив, объектив деген атауларды енгізсе
[101], Ю.д.Апресян семалардың араларында сегіз түрлі семантикалық
қатынас бар деп көрсетеді: субъект, объект, контрагент, мазмұн, мекен,
мезгіл, мөлшер және анықталушы [81,125]. И.М.Кобозева семантикалық
қатынастардың түрлену жүйесін мынадай сипатта береді:
а) класқа кіру: a ISA b (Фидо – ит);
б) «іс-әрекеттің бастамашысы болу»: a агентив b (Бала жүгіріп
келеді.);
в) «жағдайды сыннан өткізу» a эксперенциер b (Бала ауырып жа-
тыр.);
г) «қасиетке ие болу» a атрибут b» [18, 138]. Семантикалық
қатынастардың лексикалық синтагматиканы көрсету құралы бола-
тынын айта келе, ол олардың синтагматиканы көрсетуіне қарапайым
мысалдар алады: «Мәтіннің нақты үзігіндегі сөздер араларында
пайда болатын мазмұнды қатынастар, сол берілген нақты сөздердің
семантикасына қатысты болады. Бұл тұрғыдан келгенде, Бала
ұйықтап жатыр, Бала ауырып жатыр, және, мысал үшін, Бала күтуде
фразаларында қатынастар бірдей емес. Алайда жалпы қорытудың
жоғары деңгейінде бір семантикалық класқа қатысты ретінде бұл
фразалардағы лексикалық синтагматиканы бірдейлестіре аламыз» [18,
122
123
137]. Н.в.Юдина, Н.Г.Архипова лексикалық тіркесімділік ұғымын
когнитивті аспектіде және дәстүрлі түсіндірме сөздіктердегі сөздердің
мағыналық құрылымын ашуға жүргізген зерттеулерінде қолданады.
осы себептерге орай, бұл термин тек лексикографиялық зерттеулерде
орын алады, себебі, «лексикалық тіркесімділік – сөздің лексема ретінде
басқа сөздермен тіркесе алу қабілеті» болады [93, 48]. Лексикалық
тіркесімділікті лексикографиялық және семантикалық зерттеулер
тұрғысында, екі мәнде, яғни фразалық және түсіндіруде қолданудың
ерекшелігі бола ма деген сұраққа И.М.Кобозева былай дейді: «Бұл
сұраққа екі жауап болуы мүмкін:
а) сөздің мағынасын түсіндірудегі семалардың араларындағы
семантикалық қатынастар мен мәтін ішіндегі сөздердің араларындағы
семантикалық қатынастар – бір-бірімен байланыспаған, екі түрлі
семантикалық қатынастар жиынтығы болады;
б) мәтін ішіндегі сөздердің мағыналарының араларындағы
семантикалық қатынастар жалпы мәтіндегі семантикалық қатынастар
санының минималды болуына алып келеді» [18, 138]. Сонда лексикалық
синтагматика сөздіктер мен мәтін, сөйлеуде екі түрлі сипатта келеді
де, екі қызметте көрінеді. в.Г.Гак энциклопедиялық лингвистикалық
сөздікте тіркесімділікті кең түрде сипаттайды. ол: «Тіркесімділік –
бірліктердің араларындағы синтагматикалық қатынасты көрсететін,
тілдік бірліктердің фундаменталды қасиеттерінің бірі.
а) Тіркесімділік екі түрде болады: 1) тілдік элементтердің
айрықша ерекшеліктеріне қатысты; 2) тілдік нормамен реттелетін
еркін тіркесімділік;
б) Тілдік бірліктердің қосылуына, тіркесуіне сәйкес екіге жіктеледі:
1) контактылы (тілдік бірліктердің тығыз байланысы); 2) дистантты
(бір-бірінен алшақ болса да мағыналық тіркесім құрауы);
в) Тілдің қолданылу деңгейіне қарай формалды және семантикалық
тіркесімділіктер;
г) Тілдің салаларына және әр саланың жеке бірліктеріне сәйкес
тіркесімділіктің үш түрі болады;
1) фонемалар деңгейіндегі тіркесімділік,
2) морфологияда тіркесімділіктің екі түрі бөлінеді: формалды,
яғни әртүрлі алломорфтардың тіркесім құрауы; семантикалық, яғни
морфемалардың мағыналарының үйлесуін сипаттайтын тіркесімділік,
3) сөздердің деңгейіндегі грамматикалық, лексикалық және
семантикалық тіркесімділіктер», – деп барлық түсінікті қамтиды
[102, 483]. Бұл дефиницияларға қарамастан әлі де синтагматика және
тіркесімділік, сонымен қатар, валенттілік терминдері аралас мәнде
қолданыла береді. дегенмен, бұл терминдер, бүгінде, көптеген зерт-
теулерде, аражігі ашылып, мәні айқындалып, нақты мысалдар арқылы
саралануда [72], [32], [90]. Сонымен, лексикалық тіркесімділік –
сөздің өзіндік мағынасының ұғымдық және заттық, сезімдік тұрғыдан
үйлесе алу не тіркесім құрай алу мүмкіндігі деген сөз. Лексикалық
тіркесімділікте кез келген тілдің семемасы өзінің узуалды және оккази-
оналды, жіктеуші, үстемеленуші т.т. семалары арқылы басқа сөздермен
мағыналық жақтан байланысқа түсіп, өзінің айналасына бірқатар лек-
семаларды жинақтай бастайды. Бұл жинақталу кезінде лексемалар
бірнеше сөздердің қатарларын құрайды және жалпы ортақ мәндегі
әр алуан көлемдегі сипатқа ие болатын жүйелік құрылым түзеді. Бір
лексемадан басталған мағыналық байланыс ұласу кезеңіне өтіп, одан
әрі күрделеніп, көптеген сөздермен байланыс орнатуы мүмкін. Алай-
да, бұндағы барлық лексемаларды бір-біріне байланыстырушы жүйелі
қасиет олардың тіркесімділігі. Бұндай сипаттағы тіркесімділік бұзылуы
үшін кез келген лексеманың архисемаларының бірі басқа қасиетті
көрсетсе жеткілікті болады. Жалпы бұндай дәрежедегі тіркесімділіктің
жойылуына контекст, ондағы позициялық өзгеріс, айтылымның мақсаты
аса бір күшті ықпал етпейді. Бұлардың тіркесу жүйесінің өзгеруіне
өздерінің ішіндегі семалардың сәйкестенбеуі не тікелей байланысқа
түспеуі жатады, себебі мағыналық бөлшектерді қабылдау, қабылдамау
макрокомпоненттерге ғана қатысты болады. Мысалы, жіңішке сөзінің
әртүрлі мағына бөліктері «көлемі аз, кішкене» деген бір бөлікке келіп
тоғысады да осының ішінен семалық конфигурация тарамдары тарай-
ды, яғни «ұстағанда сығымдауға келетін», «майысқақ» қасиеті бар,
«сынғыш», тіпті, «нәзіктеу», «алыстан байқалмас», «бос», «иілгіш»,
«әлсіз» т.т. әртүрлі семалар сол сөздің мағыналық құрамында жиналып
тұрады. Міне, осы кіші бөлшектер басқа лексемаларды әрқайсысы же-
келей өздеріне тіркесімділікпен «бағындырады» (о.Есперсен термині)
да лексикалық синтагматика пайда бола бастайды. Мәселен, жіңішке
жіп, жіңішке бұтақ, жіңішке мұз, жіңішке арқан, жіңішке қабырға,
жіңішке әйнек қалыпты тіркесімділікті көрсетсе, жіңішке іс, жіңішке
мәселе тіркесімділіктің ұласуын көрсетеді. Кейбір сөздердің қатынасу
мүмкіндігі кең немесе тар болып келеді. Мәселен, киіну етістігі мынадай
лексикалық тіркесімдердің синтагмалық қатарларын құрауы ықтимал:
тон не тұлып киіну; жылы киіну; жұқа киіну; қалай болса солай киіну;
сапалы киіну; сапасыз киіну; сәнімен не сәнсіз киіну; соңғы үлгімен
киіну; бұрынғыдай киіну; тез киіну; баппен киіну; жұпыны, қарапайым
киіну; салақ киіну, лас киіну; ауылдағыдай киіну, ол сияқты киіну; ескі-
құсқыны киіну; мұсылманша киіну т.т. Бұларда заттық және сезімдік
макрокомпоненттер мағыналық тіркесімділіктің негізі болады да ұласу
күрделі сипатта келеді. Мысалы: тон не тұлып киіну //қыс мезгілі;
124
125
жылы киіну //салқын уақыт; жұқа киіну //тоңу; қалай болса солай киіну
//бәрібір; сапалы киіну //бағалау; сапасыз киіну //бағаламау; сәнімен
не сәнсіз киіну //талғам; соңғы үлгімен киіну //ақшалы; бұрынғыдай
киіну //мода қумау; тез киіну //әскери тәртіп; баппен киіну //үлкен жас
мөлшері; қарапайым киіну //адам мінезінің қасиеті; салақ, лас киіну //
адам типі; ауылдағыдай киіну //қалаға келген; ол сияқты киіну //үлгі
ету; ескі-құсқыны киіну //жағдайы жоқ; мұсылманша киіну //сену,
иман дегенді білдіріп, лексикалық синтагматиканы байқатады. Бұндай
ұласулар заттық-логикалық қатынастың лексикалық синтагматика-
ны тудыратын басты уәжділігін құрайтынын көрсетеді. Бұл уәжділік
шындық болмыстағы заттар мен құбылыстардың өзара үйлесімді не-
месе үйлесімсіз қатынастарымен анықталады. д.Н.Шмелев бұндай
ұласудың себебін сөздер тіркесімділігінің заттық-логикалық жағы
тілден тыс жатады, сондықтан кез келген мәнсіз тіркестің мәнсіз болу
себебі, оның шындық болмыстың заттық-логикалық байланыстарына
сәйкес келмеуінен көреді. Анық лексикалық синтагматика орын алған
жағдайда олардың мәндік ұласулары семантикалық валенттілікте келіп,
айқындық дәрежеде болады. Мәселен, келіннің бетін //ашу; түндікті //
ашу; тырысқан қабағын //ашу; мәселені //ашу; есікті //ашу; құлыпты //
ашу; терезені //ашу; қақпақты //ашу; кітапты //ашу; аузын //ашу; басын
//ашу т.т. бір айналымға жиылған қатарлардағы сөздер белгілі болуы
мағыналық үйлесудің шексіз мүмкіндігін не ұласудың шектеулігіне
негіз болады. Ал тіліміздегі кейбір сөздердің лексикалық синтагма-
тикасы етістіктің валенттілігіне байланысты байлаулы түрде болады.
Мысалы: билет баруға келуге не қайтуға, бірақ кейін не артқа емес;
шашты жұлу //талдап не бір-бірлеп (коннотаттық), бірақ қырқу не үзу
емес; самайға ақ түсу, ал шашқа ақ кіру //басу емес; қара тағыну не
жамылу //киіну емес; жесір әйел //ері қайтқан емес; толқындай тербе-
лу не шайқалу //жайқалу, найқалу емес; маңдайға сыймаған //маңдайға
сыйған деген қолданыста мүлде жоқ т.т. Міне, осындай ерекшеліктер
тілдің лексикалық жүйесіндегі лексикалық синтагматиканы реттеуші
тетік ретінде көрсетеді. Әрине, бұндай лексикалық ерекшеліктерге
қабылданған тілдік нормалардың да өз әсері болады, дегенмен, бұндай
ерекшеліктер мынадай факторлардан туады:
а) шындық болмыстағы заттық-логикалық қатынас;
б) сөздің лексикалық мағынасының құрылымындағы әртүрлі
семалардың өзектену не нақтылану қызметі;
в) лексикалық шектеулі сипат;
г) тілдік нормалардың өзгеру дәрежесі;
д) айту не хабарлаудағы мақсат;
е) ұлттық мәдени қалып;
ж) тілдік тұлға тілі ерекшелігі;
и) кейбір жекелік және функционалды стильдердің ықпалы;
к) кірме, диалект, жаргон, кәсіби, сленг сөздердің ықпалдасуы.
Сонымен қатар, мағынаның кеңеюі мен тарылу заңы да лексикалық
синтагматиканың тууы мен жүзеге асуына өз әсерін тигізуі мүмкін
екенін жоққа шығармаймыз. орыс тілінде семантикалық бағалаусыз,
сөздер формалды түрде берілген, бірақ байлаулы сипаттағы лексикалық
синтагматикаға Н.З.Котелованың есебінше, мың екі жүзге жуық
синтагмалық қатарлар енеді. Мәселен, взатяжку (курить), навыкат
(глаза), наголову (разбить), понурить (голову), преклонный (возраст,
годы) т.т. Ал формалды сөздерсіз байлаулы сипаттағы лексикалық син-
тагматика екі мыңнан астам қатарлар енеді, мәселен, текущий (ре-
монт), сомкнуть (строй, ряды), лезут (волосы, шерсть), открытое (голо-
сование), колотится (сердце), приемный (покой) т.т. Ал айқын
лексикалық синтагматика шексіз, он мыңнан астам, олар «обычно»
сөзімен беріледі деп көрсетеді. Мысалы: «следить обычно глазами,
сессия – обычно экзаменационная, слава – идет т.т.» [93, 55]. ол өз
зерттеуінде синтагматика, синтагматикалық қатар т.б. терминдерді
қолданбаса да байлаулы лексикалық синтагматиканың тілдің
лексикалық жүйесінде таралу және орын алу аймағымен сандық
мөлшерін дұрыс шамалайды. Қазақ тілінде лексикалық синтагматиканың
семантикалық баға берілген, семантикалық бағасыз және сөздер шарт-
ты түрде лексикалық тіркесімділікке түскен түрлерін түсіндірме
сөздіктерде және авторлы сөздіктерде анықтау – болашақтың ісі деп
білеміз. дегенмен, бұндай сөз-cинтагмалар немесе синтагмалық
қатарлар біздің тілімізде көптеп саналады деп есептейміз, себебі бай-
лаулы лексикалық синтагматикалық тәртіптегі сөздердің тіркесімділігі
шексіздік көлемінде келетіні белгілі. осы ерекшеліктерді есепке алып,
Н.З.Котелова сөздердің лексикалық тіркесімділігін екіге бөледі:
абсолютті және реляциялық немесе қатысты тіркесімділік [93, 53].
Абсолютті тіркесімділік – бір не екі сөзбен тіркесу болса, қатысты
тіркесімділікте бір сөзбен белгілі бір мағынаны беру үшін кез келген
сөз тіркеспейді, ол үшін белгілі бір дәл үйлесетін сөздер тобынан
сөздер не сөз керек болады. Басқаша айтқанда, абсолютті тіркесімділікті
екі сөздің бірлесуінен көрсек, қатысты тіркесімділікті байлаулы
тәртіптегі белгілі бір мәндік мақсатқа негізделген екі не үш сөздің
тіркесімділігінен көреміз. Абсолютті тіркесімділіксіз сөз мағынасы
жүзеге аса алмайды, сондықтан сөздің мағынасының байланысқа
түсуіне бұл тіркесімділік міндетті түрде керек болады. Ал қатысты
тіркесімділік байлаулы түрдегі тіркесімдер құралғанда және көп
мағыналы сөздердің синтагмалық қатарлары қалыптасуы үшін қажет
126
127
болады. Бұл тіркесімділікті И.М. Кобозева былай түсіндіреді: «Сөздің
лексикалық қатысты тіркесімділігінің түрін сипаттау, беймәлім бір ан-
кетаны толтыру сияқты түрде болады, яғни оның сұрақтары типтік
мағыналардың атаулары болса, ал жауаптары – олардың лексикалық
көрінуі болады. Бұндай сипаттаудың әдісі алғаш Мән–Мәтін Моделінде
ұсынылды. Бұлар – лексикалық функция-параметрлер» [18, 147]. Жал-
пы, абсолютті тіркесімділікке қандыкөйлек дос, ежелгі жау, ата дұшпан,
сүрініп кету, жорта сөйлеу, түс жору, шен алу, мансаптың биігі, есеппен
үйлену т.т. лексикалық тіркесімдер жатса, қатысты тіркесімділікке
кезекшілікті атқару, міндетін атқару, түрмеге отыру, күтіп отыру,
әскерге кету, шетелге кету, қыз ұзату, көзімен ұзату, келін түсіру, арыз
түсіру, шаруа бар, іс бар, жастық шақта ойнап-күлу, қыз бен жігіт
ойнап-күлу т.т. орыс тіліндегі лексикалық тіркесімділікті зерттеген
Н.Г.Архипова: «лексикалық синтагматиканың жүзеге асуы шындық
болмыстың заттары мен құбылыстарының араларындағы заттық-
логикалық байланыстардың уәжділігіне қатысты болады», – деген
пікір білдіреді [103, 106]. Заттық-логикалық байланыс, оның үстіне
мәннің бір мақсатқа берілуі лексикалық синтагматиканың көшуіне өз
әсерін тигізеді және бұл уәжділік осы ауысуларда да сақталып,
мағыналық байланысты жоғалтпайды. Мысалы, темір жол, темір
күрек, темір есік, темір бұйым, темір көзілдірік, темір өндіру, темір
жинау, темір өлшеу т.т. тіркесімдеріндегі темірдің узуалды мағынасын
беретін макробөлік, өзінің денотаттық және сигнификаттық байланы-
сын басқа деңгейге көшіріп, басты байланысын үзбей, тек бөлек жүйеге
көшіріп уәжділігін ұстап тұра береді. Мәселен, темір ел, темір мінез,
темір қол, темір тәртіп, темір жүйе, темір шымылдық, темір тор, темір
адам т.т. Алайда көптеген сөздер ешқандай ішкі заттық не мәндік уәжді
байланыссыз да лексикалық синтагматикаға құрылып, қатар келе
береді. Сөздердің мәтін ішінде осындай типті байланысын в.виногра-
дов: «сөздердің бір-бірімен немесе бірнешеуімен тарихи қалыптасқан
жағдайға байланысты мәндік жағынан үйлесе қатар келуі», – деп
анықтайды [104, 175]. Бұндай типтегі лексикалық синтагматикаға
негізделген сөздердің қатарлары архаизмдік сипат алуда және бұрынғы
тілдік норманы сақтап тұруға мүмкіндіктері әлсіз екенін байқатуда.
Бұндай типтегі синтагмалық қатарлар диалект, жаргон, сленг және
ауызекі сөйлеу стилінде әлі өз позициясын жоймағанын байқаймыз.
Мысалы: жаманнан күшті («өте сұлу, керемет, тамаша» дегенді
білдіретін Батыс Қазақстан жергілікті сөз ерекшелігі; мыс: жаманнан
күшті кино, кітап, қыз, концерт т.т.); қиын кеш («тым жақсы» дегенді
білдіретін Шығыс Қазақстан диалектісі); әжептәуір іс («ұят, нашар»
дегенді білдіретін Қарақалпақ қазақтары диалектісі); оңсыз пәтер
(Көкшетау диалект), күйсіз адам (Атырау диалектісі), сорлы интелли-
гент, мәдени қайыршы, надан бизнесмен, парақор әкім не сот (жалпы
әдеби тілдегі кездесетін, бірақ уәжділік пен лексикалық синтагматикалық
байланыс әлсіреген тіркесімдер) т.т. М.Серғалиев өз зерттеуінде
диалектизмдердің қолданысы туралы Т.Әлімқұловтың «Сөз де бір
кірпіш дүниеге» (Лениншіл жас», 1968, 13 қараша) мақаласынан
жазушының ойын келтіреді: «Ұқсас зат есім қария мен кәрия десек,
осы екеуінің өзіне лайықты орын табылады. «Қариядан» «қарт» шықса,
«кәриядан» «кейуана» деген атау бар. Сондықтан мен «қарияны» ер-
кекке, «кәрияны» ұрғашыға қолданамын. осы сияқты «оңды» сипатта-
маны жігітке арнасам, «өңдіні» әйелге телемін. диқандар, «бидай өңді»
деп қызды айтқан да» [105, 52]. Әр тілдік тұлға осындай сөздердің
уәжділігінсіз лексикалық синтагматикалық қатынастарды сәтті не
сәтсіз болсын құруға ат салысатынын айтқымыз келеді. Лексикалық
синтагматиканың лексемаларды байланыстыруында мағыналық бай-
ланыспен қатар, мәндік мотивация да болады және бұның уәжділігі
қомақты деп ойлаймыз. Мағыналық үйлесудің және уәжділіктің
әлсіреуі дерексіз сөздердің байланысында жиі орын алады, сондықтан
оларда басты реттеуші күш сөздің мағынасындағы айырушы семалар.
Мысалы: «буу» етістігін алсақ, белін буу, белбеумен буу не буыну, тас
қылып буу, бұлтитып буу, қаптарды буу, қанды буып тоқтату дегендегі
семалық байланыс пен уәжділік дәрежесі күлкі буып барады, қызғаныш
буып барады, биттер буып барады, шіркейлер, маса буып барады деген
тіркесімдермен салыстырғанда мүлде басқа болады. Мысалдардың
екінші тобының бөлек мағына беру себебі, оларда «көптік» айырушы
семасы басты мағыналық үйлесімділіктің негізін тудырып тұр,
сондықтан деректі және дерексіз ұғымдар бір мағыналық байланыста
келіп, синтагмалық қатарлар құрайды. Сонда, бұдан шығатын
қорытынды, лексикалық синтагматика өзіндік әртүрлі дәрежелік
көрсеткіштерге ие болатын мағыналық байланыстар мен уәжділіктердің
жүзеге асқан күрделі жүйелі сипаттағы сөздердің бір-бірімен байланы-
суы болады. Уәжділік пен мағыналық байланыстың әртүрлі деңгейдегі
дәрежелерін синтагматикамен айналысқан зерттеушілердің көпшілігі
сөз етпейді. в.Н.Телияның ізімен М.оразов өз еңбегінде ішінара
синтагмалық элемент ұғымын қолданады, бірақ та бұл уәжділікті
білдірмейді, тек заттық-логикалық байланысты ғана жанама түрде
қамтиды, оның үстіне, ол элемент терминін синтагмалық мағынаның
бөлігі ретінде, яғни синтагмалық мағына берудің бір бөлшегі деп
түсінеді. Бұл ерекшелікті М.оразов: «Синтагмалық мағына да
парадигмалық мағына сияқты өздігінен өмір сүреді, бірақ айтушы да,
тыңдаушы да, күнделікті дағды бойынша оның түп-төркініне қарамай
128
129
қолдана береді. дегенмен де синтагмалық мағына тіркеске түскен,
сөздердің барлығында да бар, кездеседі. Бірақ олардың мағынаның
қалыптасуына, өзгеруіне тигізетін ықпалы бірдей болмайтындығы
анық. Мысал үшін сөздердің белгілі бір текст құрамында келіп, өзара
байланысып келуіндегі синтагмалық байланыстың қызметі бір басқа
да, сөздердің мағынаға еніп, контекстің көмегімен анықталынатын
синтагмалық элементі екінші басқа қасиетке ие», – деп түсіндіреді [7,
154]. Ал в.Н.Телия контекстен басқа және уәжділіктен бөлек
лексикалық синтагманы жасаушы оның өзіндік мағыналық
құрылымындағы кейбір ерекшеліктер деп көрсетеді. оның ойынша,
лексикалық синтагматика уәжділікке негізделген мағынаның
макросемаларының бір-бірімен тікелей үйлесе алуының нәтижесінде
қалыптасады. ол: «мейірімсіздік, үрей, қызғаныш, күлкі, толғану,
аңсары кету» сөздері «алады» етістігімен тіркесім құраса, «қорқу,
қуаныш, рахат, алады» «алады» етістігімен шартты түрде тіркесімге
түскенімен орыс тілінде олай айтпайтынын айта келе, «алады»
етістігінің жоғарыдағы сөздермен үйлесе алмауының басты себебі,
«алады» етістігінің мағыналық құрылымының ішкі көрінбес семема-
ларында жатыр», – деп көрсетеді [100, 26-27]. Өз еңбегінде в.Н.Телия
көрсеткендей, сөздің лексикалық мағынасының құрылымындағы ма-
кро және микрокомпоненттердің жүйесі тікелей және жанама, сондай-
ақ, өзара қиюласқан күйде бір-бірімен заттық-логикалық, сезімдік
байланысқа түскенде лексикалық тіркесімділіктің әр алуан түрлері
қалыптасады деп ойлаймыз. дегенмен де тілдің лексикалық жүйесіндегі
бұндай мағыналық байланыстардың біз ойлаған барлық заңдылықтарға
сәйкес келмейтін жағдайлары болатынын жоққа шығаруға болмайды.
Біздіңше, қабылданған тілдік норманың бұзылып отыруы тілдің
лексикалық жүйесінің дамуын көрсетіп отыратын қалыпты жағдай.
Көптеген сөздердің мағыналық байланысуы хаосты сипатта емес,
тәртіпті жүйелі сипатта жүруіне лексикалық синтагматиканың өзіндік
қалыптасқан нормада жүзеге асуы басты өлшем болатыны осы зерттеу
барысында айқын болды. Лексикалық синтагматиканың қалыпсыз си-
патта байланысуы стилистикалық ерекшеліктерге қатысты болуы да
мүмкін, өйткені жазушы не ақын өзіндік жаңа қолданыстарды тілдің
қалыпты лексикалық жүйесіне енгізуге құмар болатыны аян.
Лексикалық синтагматиканың стилистикалық жағдайы мүлде
қарастырылмаған, сол себепті келесі тарауларда олардың өзара
ықпалдасуына тоқталамыз. Ю.д. Апресян лексикалық синтагматиканың
осы ерекшеліктерін аңғарып, олардың ұғынылатын және ұғынылмайтын
сипатына орай, алдындағы зерттеулеріндегі жалпы тіркесімділіктерді
топтастыруын дамытып, екі түрге бөліп, қарастырады. «Бірінші;
лексикалық тіркесімділік; лексемаларды таңдаудан көрінеді және А
сөзімен тіркесім құрағанда в сөзі қандай болуы керек, сол туралы
ақпарат береді (тіркесімділіктің бұл түрін ұғынылмайтын деп те атауға
болады). Екінші; семантикалық тіркесімділікте семантикалық үйлесу
болады, яғни тіркескен компоненттер қарама-қарсы семалары жоқ,
қайта қажетті семантикалық белгісі бар болады (бұны ұғынылатын
тіркесімділік деп те атауға болады)» [106, 60-61]. Шын мәнінде,
көптеген синтагмалық тіркесімдердің құрамдас бөліктері әлсіз
семантикалық байланысқа және стилистикалық бояудағы қатынастарға
құрылады. орыс тіл білімінде бұл мәселелердің бір шетін біразғантай
зерттеген Л.Г.Барлас лексикалық тіркесімділікті үш кіші түрге бөледі:
«стилистикалық,
эмоционалды-экспрессиялық,
семантикалық
тіркесімділік. Стилистикалық тіркесімділік – стилистикалық бояуға
қаныққан сөздердің өзара қатынасы, яғни, мысалы, нейтралды + ней-
тралды, нейтралды + кітаби, кітаби + ауызекі стиль және т.б.
Эмоционалды-экспрессиялы
тіркесімділік
–
эмоционалды-
бағалауыштық бояуы және бағалауыштарға ие сөздердің (күлкілі,
жағымсыз, күшті бейнелі, жағымды т.т.) өзара мағыналық түрде
тіркесуі. Семантикалық тіркесімділік – ірі семантемалар мен
семалардың, оның ішінде жасырын сипаттағы айырушы және
имплицитті семалардың өзара тіркесімдер құрауы» [107, 69].
Семантикалық тіркесімділікті стилистикалық тұрғыдан қарастырудан
гөрі, қалыпты тілдік жағдайда зерттегенде өзінің табиғатын ашады деп
ойлаймыз. дегенмен де ауызекі сөйлеу және мәтін жағдайында
семалардың өзектенуі жүреді де, лексикалық синтагматиканың әр
тарамдық түрлері айқын болады. Синтагмалық қатынастың осы
ерекшеліктеріне орай, бірқатар зерттеушілер оны екіге бөледі: еркін
лексикалық тіркесімділік және байлаулы лексикалық тіркесімділік.
Еркін лексикалық синтагматикаға басты сөздің шексіз түрде көптеген
сөздермен тіркесім құрауы жатады. Мысалы, «беру» етістігі жүйе
ішіндегі мағынасы үйлесетін барлық сөздермен дерлік байланыса ала-
ды: қол беру, жол беру, дәл беру, күн беру, тап беру, бақ беру, бала беру,
өмір беру, жұмыс беру, түгел беру, қимай беру, күліп беру т.т. Ал бай-
лаулы тіркесімдерге шектеулі сөздер, яғни, көбіне, узуалды семалар-
мен байланысқан сөздердің қатынасы жатады. Мәселен, топырақ салу,
топырақ бұйырмау, туған жердің топырағы, киелі топырақ, топырағын
сағыну, қара топырақ, өлі топырақ, өз топырағы, топырағы басқа,
топырағын құшты т.т. Ал егер, байлаулы тәртіптегі тіркесімділікті
тілдік норма не әртүрлі узустар, лингвомәдени өлшемдер нақтылап,
130
131
екшеп, нормаландыра берсе, олар идиомалар мен фразалық тіркестерге
өту сатысына көшуі әбден ықтимал. Байлаулы лексикалық
синтагматиканың басты ерекшелігі бір макро не бір кіші семалық
көлемнің өзіндік кеңею, таралу өрісінен ұзап кетпейді, яғни бір
мағыналық бөлік әртүрлі түрде өзгеріске ұшырағанымен сол басты
мағыналық үйлесуді бұзып кетпейді. Екі тіркесімділік түріне тән нәрсе
бір ғана лексемалардың тіркесімділік тірегі болуында, яғни бұлардың
фразалық тіркестерге ұқсастығы осы бір формадағы сөздің синтагма-
тика құрауында жатыр. Мысалы, «көз» сөзімен тұрақты тіркестер
құраған тілімізде қанша сөз барын еске түсірсек, саны байлаулы
тіркесімділік құрайтын сөздерден едәуір көп екені белгілі. Лексикалық
синтагматика көлбеу бағытта жүзеге асатын себепті сөздердің орнала-
су позицияларына орай қарама-қарсылық сипатта да келеді. Мысалы,
ер мінез – қатын мінез, тарпаң мінез – сиыр мінез, мінезге бай – мінезге
жоқ, мінез көрсету – мінез байқалмау, сынық мінез – дөкір мінез т.т. Ал
«қыз мінезді» дегенге қарсы мәндес синтагмалық тіркесім әдеби
тіліміздің нормасында «ер мінезді» болу керек деп шамалаймыз.
Н.Г.Архипова мағыналардың байлаулы түріндегі позициялық қатаң
тіркесімділіктің түрін бөліп, мысалдармен көрсетеді: карие//глаза; реп-
чатый//лук; щурить//глаза; навытяжку//стоять; навзрыд//плакать т.т.
[103, 112]. Тіліміздің лексикалық жүйесінде бұндай сипаттағы
лексикалық синтагматикалық тіркесімдер көптеп кездеседі. Мәселен,
қабырға//сөгу; авария//түсу; аяқтан//шалу; жалған//дүние; жалба//
тымақ; сүйрік//саусақ; ұя//салу т.т. в.Н.Телия байлаулы лексикалық
синтагматиканы құраушы сөздердің мағыналық ерекшеліктеріне қарай,
оларды шартты түрде үш аспектіге бөледі:
«а) лексикалық аспект (сөздердің узуалды, өзіндік мағыналарының
қатаң түрдегі байланысуы; мәселен, ұяты ояну, ешқандай ұятсыз,
ұялуды білмей т.т.
б) семантикалық байлаулы аспект (сөздердің байлаулы түрдегі
белгілі бір фразалық контекстерге негізделген тіркесімдер құрауы; мы-
салы, темірдей, мықты жігер, шешім, ой...);
в) семантика-лексикалық аспект (сөздердің мағыналық
құрылымына сәйкес, айқын мағыналы үйлесу; мысалы, жаңбыр құю,
нөсер төгу, дүрбімен қарау және т.б.) [108, 247]. в.И.Герус: «еркін
және қатаң байлаулы тіркесімділіктің сипатын нақтылайтын айқын
өлшемдер жоқ екенін айту керек, сондықтан сөздердің лексикалық
тіркесуі абсолютті еркін де емес, абсолютті байлаулы түрде бекіген емес.
олардың бәрі «лексема + лексема» типіндегі тіркесімдер, сол себепті
оларды N + A моделімен таңбалаймыз», – деп жазады [109, 42-43]. Ал
Н.Г.Архипова өзінің ғылыми зерттеуінде түсіндірме сөздіктердегі жал-
пы тіркесімділіктердің мынадай аспектілерін бөледі: «сөздің семантика-
синтаксистік тіркесімділігі, сөздің лексикалық тіркесімділігі, сөздің
заттық-ситуациялық тіркесімділігі, сөздің лексика-грамматикалық
тіркесімділігі, сөздің логика-мәндік тіркесімділігі, сөздің экспрессивті-
стилистикалық тіркесімділігі және лексосинтаксистік тіркесімділік»
[103, 74]. Енді осылардың ерекшеліктерін сөз етсек, семантика-
синтаксистік тіркесімділік сөздердің синтаксистік конструкциялар
бойынша тіркесуін көрсетеді де лексикалық синтаматикадан алшақ
жатады. Бұндағы тіркесімділіктер сөздердің сыртқы формалары бой-
ынша, әсіресе, септік жалғауларының тіркестер құрауы бойынша
құралады. Ал заттық-ситуациялық тіркесімділік сөз мағыналарының
түсіндірмелерін мәтін ішіндегі ерекшеліктерін ашуда айқын көрінеді.
Бұнда денотаттық семалардың әртүрлі ситуацияларға орай түрленген
конфигурациялары мен өзектенуі арқылы сөз мағыналарының тіркесім
құрауы байқалады. Лексикалық синтагматиканың әртүрлі тілдік және
тілдік емес қарым-қатынастардағы жағдайы заттық-ситуациялық
және логика-мәндік тіркесімділіктерден байқалуы мүмкін, дегенмен,
бұл тіркесімділіктерді, негізінен, лексикографиялық зерттеулерден
көреміз. Ал сөздердің сезімдік бөліктерінің лексикалық жүйеде бай-
ланысып, сөздіктерде эмоц., экспрес., деген белгілермен белгіленгенін
экспрессивті-стилистикалық тіркесімділіктер нақтылайды. Ал
«лексосинтаксистік тіркесімділік – лексика мен синтаксистің бірлескен
байланысын» көрсететін Н.Г.Архипова енгізген тіркесімділік түрі
[103, 131]. Бұл тіркесімділіктердің ішіндегі семантика-синтаксистік
және лексосинтаксистік тіркесімділіктен басқалары лексикалық
синтагматиканың құрамдас түрлерін құрайды деп ойлаймыз.
Сондықтан бұл тіркесімділіктер екі үлкен топқа ажырайды: лексикалық
тіркесімділіктер және синтаксистік тіркесімділіктер. Н.в.Юдина
тіркесімділіктерді жіктеу туралы: «Бүгінде бар лингвистикалық
әдебиеттерге шолу жүргізгенде отандық зерттеушілердің еңбектерінде
тереңірек жазылған тек екі тіркесімділік түрі – лексикалық және
синтаксистік тіркесімділіктер деуге толық негіз бар», – деп жаза-
ды [110, 37]. Н.Г.Архипова лексикалық синтагматиканы құрайтын
тіркесімдерді қарсы мәнде келуіне қарай шартты түрде үшке бөледі:
«а) тұрақты – тұрақсыз,
б) еркін – еркін емес,
в) синтетикалы – аналитикалық» [103, 113]. Тұрақсыз тіркесімдер
саны шексіз болса, тұрақты тіркесімдерді құраушы сөздер саны шектеулі
болады. Мысалы: ату етістігі тек бірқатар сөздермен лексикалық
132
133
мағыналы қатынасқа түседі. Мәселен, садақтан, мылтықтан,
зеңбіректен, танктен (ондағы пулемет не зеңбіректен), ұшақтан
(ондағы әртүрлі атқыш құралдардан, қондырғылардан) т.т. Ал еркін
тіркесімділікте таңдау принципі басты қызмет атқарады, яғни сөздерді
синтагматикалық байланысына қарай таңдау жүреді. Мысалы, тісін
емдетуде, тісін жұлдыруда, тіс дәрігеріне қаралуда, стоматологиялық
клиникаға баруда, тісін салдыруда т.т., әйтеуір қимыл айқын емес,
себебі сөздерді мақсатына қарай таңдап қолдану бар. Синтетикалы
тіркесімдерде грамматикалық формалар рөл атқарса, аналитикалық
тіркесімдерде күрделі сөздер және тұрақты тіркестер қолданылады.
Мысалы: сүрініп кету, сүріне жаздау, сүрініп құлау, сүріне жүгіру,
сүріншек ат т.т. синтетикалы тіркесімдер болса, сүріне-қабына жүгірді,
сүріне-сүріне жетті, қоян-қолтық араласты, жапа-тармағай жүгірді т.т.
аналитикалық тіркесімдер болады. Тіркесімділіктерді бүгінде тез да-
мып жатқан когнитивті лингвистика тұрғысынан жіктеу де кездеседі.
Метафораларды когнитивті ерекшелігін қарастырған А.Н.Баранов
оларды жасайтын лексемалардың екі типті тіркесімділікке түсетінін
байқайды. «Бірінші тип – когнитивті-семантикалық тіркесімділік;
метафоралық үлгінің артында тұрған фреймдердің араларында
жүзеге асады немесе слоттар арқылы салдарлы түрде жүзеге асады.
Екінші тип – когнитивті құрылымдардың араларындағы концепту-
алды байланыстың негізінде емес, ғаламның құрылысымен, онтоло-
гиямен метафоралық үлгінің араларындағы байланыстан шығады,
сондықтан оны «онтологиялық тіркесімділік» деп атауға болады» [111,
87]. Лексикалық синтагматиканы лексикалық семантиканың аумағына
енгізіп, қарастырған И.М.Кобозева синтагматикалық қатынастардың,
сонымен қатар, семантикалық реляциялар деп аталатынын айта
келе, оны: «Семантикалық реляциялар тұтас сөйлеу үзігінің жалпы
мағынасын ашу үшін сөздердің мағыналарына қосатын ақпараттар бо-
лып табылады. Лексика-семантикалық реляция сөйлеу үзігінде жүзеге
асса да, ол тілдің фактісі болып қалады. Бір ғана реляция сөздердің
көптеген жұптарын көптеген, тіпті, шексіз сөйлеу кластарында бай-
ланыстырып тұрады. Бір ғана «құрал» реляциясы сөздерді мынадай
тіркесімдерде байланыстырады: балтамен шабу, циркульдің көмегімен
шеңбер сызу, қасықпен араластыру, тарақпен тарану т.т.», – деп сара-
лайды [18, 135]. ол сөздердің мағыналарының арасындағы лексикалық
синтагматиканың, басқаша айтқанда, семантикалық қатынастың
графикалық бейнесін сөздердің мағыналарына сызбадағы А және
в нүктелері сәйкес келетін және оларды қосып тұрған доға арқылы
кескіндейді [18, 136] [4-сурет].
4-сурет
Л.А.Новиков: «лексикалық синтагматика – мағыналардың
белгілі бір кезектескен сипаттағы бір-бірімен мәтіндегі қатынасынан
туған таңбалар қатынасы», – деп ұғынады [21, 93]. Ал Л.М.васильев
лексикалық синтагматика сөз тіркесімдерін басқарушы басты сөз
актанттарының мағыналық құрылымынан туады деп есептейді.
Бұл позициялық комбинаторикаға ол, мысал үшін, орыс тіліндегі
етістіктердің қызметін келтіреді. Етістіктерді психикалық қызметіндегі
рөліне қарай семантикалық-тақырыптық топтарға жіктеп, басты
лексикалық күшті семалық құрылымына қарай синтагматикалық
қатынасты аңғаруға болады дегенді айтады. Мәселен, «міңгірлеу»,
«күмілжу» етістіктерінің «жағымсыз» бағалауыштық семада тұрғанын,
сол себепті синтагмемалар жағымсыздық негізінде құралатынын
байқайды. осы ерекшеліктерге орай, «қорқу, қорқыту» етістіктерінің
синтагматикалық қатынастарға түсу ерекшелігінің жалпы өте үлкен
жүйе құрайтынын зерттей келе, Л.М.васильев «синтагматикалық
сема» терминін енгізеді [66, 25].
Қазақ тіл білімінде етістіктердің актант ретінде өз алдына
лексикалық қатынас құрауы М. оразовтың еңбектерінде қарастырылды.
Әсіресе, қазақ тіліндегі қалып етістіктері семантикасының ерекше
қызметіне М.оразов арнайы өзінің «Қазақ етістігінің семантика-
сы» атты докторлық зерттеуін арнады. Мұнда алғаш рет лексикалық
синтагматика мәселесі көтерілген болатын. ол өз зерттеуінде
лексикалық синтагматика терминін қолданбаса да, сөздердің өзара
валенттілік қатынасын толық сипаттап жазған еді. Соңынан бұл ой-
лар К.К.дүйсекованың зерттеуінде өз жалғасын тапты. Алайда мұнда
лексикадағы синтагматикалық қатынас денотаттық және коннотаттық
тұрғыдағы қатынасты зерттеуге негізделді. Мысалы, «кеме қайраңда жа-
тыр» (қисайған (крен), ауған, тесілген, жарамсыз кеме, яғни жағымсыз
семалық бағалауыш бар) немесе «кеме қайраңда тұр» (ақауы жоқ, зәкір
салып тұрған кеме, жағымды семалық бағалауыш бар). Сондай-ақ, ол
R
a
b
134
135
ауруханада жатыр (ұзақ уақытты білдіреді және емделуді, ауырып жату-
ды аңғартады, жағымсыз семалық бағалауышқа ие) ол ауруханада отыр
(қысқа уақытты, ауру адамды бағып отыруды байқатады). Лексикалық
синтагматика мәндердің бірігуін көрсетеді. Тұрақталған үйлесемділік
фразеологияның еншісінде болады, оған дейін сөздердің бір-бірімен
үйлесуі, келісуі семантикалық қатынастардан байқалып отырады.
М.А.Кронгауз лексикалық синтагматиканың мынадай екі аспектісін
көрсетеді: «Бірінші, мағынаның әртүрлі мағыналармен қарым-
қатынасқа түсу комбинациясы, екінші, лексикалық мағыналардың
синтагматикалық әлеуетін ашып көрсету арқылы зерттеу» [8, 153].
Лексикалық синтагматикада тағы бір зерттейтін мәселе
– семалардың көптігі және ортақ семалардың аздығы. Бұлар –
үйлесімділікті нақтылайтын және бұзатын бірден-бір факторлар,
сондықтан лексикалық синтагматика валенттілікке тәуелді болады да
тұрады. валенттіліксіз, яғни сөздер мағыналарының бір-бірін қабылдап,
қабылдамауы тіл коммуникациясында да, мәнмәтін жағдайында да
жүзеге аспайды.
Лексикалық синтагматика екі сөздің мағыналық құрылымындағы
денотаттық, сигнификаттық, коннотаттық, селективті, эмпирикалық
макросемалардың бір-бірімен тікелей байланысқа түсуінен және
семалардың қайталануынан туындайды. Бұл тікелей байланыс
құбылысын итерация деген терминмен атайды. Итерация синтагма-
тикада екі мәнде қолданылады. Біріншісі, тікелей байланыс, яғни
семалардың үйлесуі, ал екіншісі, макро және микросемалардың
қайталану құбылысы. Итерация үш семантикалық түрге жіктеледі:
үйлесу (толық синтагматика, мәселен: аққу көлде жүреді); үйлеспеу
(жартылай лексикалық синтагматика, мәселен; аққу көлде жүзеді);
келіспеу (лексикалық синтагматиканың мүлде әлсіреуі, мәселен;
аққу көлде жатыр). Біздіңше, лексемалар қосу арқылы толық итера-
цияны, яғни толық үйлесу түрін енгізуге болады. Мысалы; аққу көлде
жұмыртқа басып жатыр, сонымен қатар, немесе бұрыс түрі, яғни аққу
көлде көгілдірлеп жатыр. Бұны шартты түрде толық үйлесу деп те
атауға болады. Итерациядан басқа лексикалық синтагматиканың тағы
бір көрініс беретін жері бұл мәтіннің байланысы. Мәтін байланысы
мәтін синтаксисі аясында қарастырылғанымен, басты шешуші фактор
синтагматикалық қатынаста, оның ішінде, сөздердің синтагматикалық
құрылымдық мағынасында жатыр.
Мәнмәтін байланысы когнитивтік лингвистикадағы концепт
ұғымын айқындап, жинақтайтын категория болады. Концепттің денін
ұстап тұратын, мәнін ашатын актант сөздер мәнмәтін байланысын-
да негізделеді. Лексикалық синтагматиканы когнитивті тұрғыдан
қарастырған Н.в.Юдина «когнитивті стилдер» ұғымын енгізіп, оның
кейбір тілдік процестермен, оның ішінде контекстпен байланысу-
ын жазады [110, 62]. Мәнмәтін байланысына қатысты лексикалық
синтагматиканың тағы бір құбылысы – бағыну. Бағыну әртүрлі рангіде
жүретіндіктен сөз мағыналары әртүрлі деңгейде қатынасады. Мы-
салы: иттің баласы; иттің күшігі; ой күшік! көзін ашпаған күшік;
күшікше қыңсылау, ұялас күшік т.т. М.А.Кронгауз лексикалық синтаг-
матикада көрінетін мағыналарды мынадай түрлерге жіктейді. Бағыну
жағдайында синтагматикада сөз мағыналары нексус және юнкция
деп аталады. Мысалы: нанды жеді, суды ішті, сүйекті мүжіді. Бұл сөз
мағыналарының үйлесуі нексус болады. Ал мүжілген сүйек, желінген,
желінбекші нан немесе көмілген, піскен нан т.т. юнкцияны құрайды.
Жеді, ішті, мүжіді аднекс деп аталса, желінген, желінбекші, мүжілген
сөздері адъюнкт болады. Нексус пен адъюнкт басты шешуші қызметке
ие болады [8, 154].
Лексикалық синтагматикада семалар жиынтығы өз алдына кон-
струкция құрайды, оны синтагматикалық конфигурация деп атайды.
Әртүрлі бағалау процестерінен кейін семалық конфигурация сөз-
синтагмалардың әртүрлі оппозицияларын құрайды. Мәселен: ақ келін,
ақ түйе, ақ бесік, ақ босаға, ақ тілеу т.т... Бағынудан туған символ
мәнінің негізінде семалардың үйлесуі, итерация құбылысы жатыр.
Семалардың байланысынан екі сөздегі лексикалық синтагматика туын-
дайды, сонымен қатар, олар сөйлеуде оның үзігінде не мәтінде әртүрлі
семантикалық заңдарға сәйкес дамып, құбылып отырады. денотаттық
семалар тікелей байланысқа түскенде сүйенетін басты өлшемі – итера-
ция және валенттілік.
Ю.д.Апресян, И.А.Мельчук еңбектерінде в.Г.Гак қозғаған
валенттілік құбылысы өз жалғасын тапқан болатын. Алайда, сөз
мағыналарының семантикалық өріс ішіндегі валенттілік деңгейі,
жалпы валенттілік мәселесі күні бүгінге дейін зерттелген емес.
валенттілік – сөздердің бір-бірімен үйлесу құбылысы, яғни мағыналық
үйлесімділікке ие болуы арқылы тұрақтала бастауы. валенттілікте
басты роль актант сөзде болады. Актант (тірек) сөз предикациялық
қызмет атқарады да, үйлесімділікті айқындап, нақтылап тұрады. Мы-
салы: қазақ тілінде «сүйекті мүжіді» дегендегі мүжу етістігі басқа
сөздермен мағыналық үйлесімді байланысқа түсе алмайды, яғни нан-
ды мүжіді, етті мүжіді дегенде лексикалық синтагматика мүлде жоқ,
валенттілік екібастан болмайды. Ал миды мүжіді, миыңды жеп қойды
дегенде семантикалық итерация пайда болады да, валенттілік пайда
болады. Жалпы, бұл туралы, яғни мүжу етістігіннің семантикалық бай-
ланыс құрау ерекшелігін М.оразов та жазған болатын [7, 194].
136
137
валенттілік – сөздің басқа сөздермен семантикалық байланысқа,
қарым-қатынасқа айнымалы түрде түсуі. Синтаксистік байланыстағы
мәндік үйлесімділіктің негізінде осы валенттілік жатыр. Ал синтаг-
матикада, әсіресе, мәтін синтагматикасы, концептілердің синтагмати-
касында, тіпті, қарапайым лексикалық синтагматикада семантикалық
валенттілік басты жетекші қызметке ие болады. Жалпы, семантикаға
арналған зерттеулерде «валенттілік, тіркесімділік, синтагматика»
терминдерінің айырмашылықтары толық ашылмаған, бірінің орнына
бірі қолданыла беретінін айта кету керек.
Семемалардың мәнмәтін позициясында өзгеріске түсу
құбылысында осы лексикалық синтагматикалық байланыс жатса ке-
рек. Н.Г.Архипованың лексикалық синтагматикаға берген «лексикалық
синтагматика – бұл лексикалық мағыналардың қатынасуына орай
сөздердің тіркесімдер құрауы» деген анықтамасы бірден бір дәл
берілген және осы күрделі мәселенің мәнін ашады деп ойлаймыз [103,
103]. Сонымен, лексикалық синтагматика – сөздің өзіндік мағынасының
ұғымдық және заттық, сезімдік тұрғыдан үйлесе алу не тіркесім құрай
алу мүмкіндігі деген сөз. Тұжырымдай келгенде, лексикалық синтаг-
матикада кез келген тілдің семемасы өзінің узуалды және окказионал-
ды, жіктеуші, үстемеленуші т.т. семалары арқылы басқа сөздермен
мағыналық жақтан, яғни заттық-логикалық, сезімдік байланыстарға
түсіп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |