1.5 Тілдік ойлау – лексикалық синтагматика негізі
Тілдік ойлау мәселесі – философия, логика, психология, линг-
вистика ғылымдарына ортақ, ежелден тілшілер мен ойшылдарды
толғандырып келе жатқан мәселе. Бұның негізінде тіл мен ойлаудың
өзара қатынасы жатқандықтан бұл сұрақ бойынша концепцияларға
мынадай қорытындыларды жасауға болады, яғни:
а) тіл мен ойлау категорияларының теңдес екендігі;
б) ойлау мен тілдің бір-біріне байланыссыз категориялар екендігі;
в) тіл мен ойлауды әртүрлі, тек бір-бірінен ажырамас категориялар
ретінде түсіндіретін концепциялар;
г) ойдың әртүрлі формаларының тілге деген қатынасы тұрғысынан
қарастыратын концепциялар;
д) логикалық және тілдік категориялар ретінде ойлау мен тілдің
қатынасын қарастыратын концепциялар;
осы зерттеулер негізінде бұл мәселелер философия не логика
аумағынан лингвистикалық семантиканың басты мәселесіне өтіп, тіл
мен ойлаудың өзара қатынасы психофизиология, нейролингвистика
ғылымдарымен байланыста қарастырылады. Алғашқы еңбектерінде
Р. Карнап логиканы синтаксистің бөлігі деп есептеп, әлемдегі әртүрлі
халықтардың тілдері де әртүрлі, яғни өзіндік лексикалық құрамы,
әртүрлі синтаксиске ие, сондықтан халықтардың ойлауы да әртүрлі,
тілге тәуелді сипатта болады деп көрсетеді. Лингвистикалық филосо-
фия өкілдері Б.Рассел: «Тіл логикалық ойлауға мүлде сәйкес келмейді
және оны үнемі бұзып отырады» десе, А.Шопенгауэр «ойлар сөзге
айналған минутында өліп кетеді» деп көрсетеді, яғни көрнекті қазақ
ақыны Мұқағалиша айтқанда «Күйзеліп тапқан көңілімдегі көрікті ой,
аузымды ашсам, адыра қала береді». Бұлар дерексіз ойлау және нақты
ойлау түрлеріне байланысты болады, сол себепті Л.С.выготский
сөйлеуге қатысты ойлау ұғымын енгізеді. Нақты, дерексіз ойлаудың
ерекшелігін орыс ғалымы И.П.Павлов бірінші, екінші сигналдар жүйесі
арқылы алғаш көрсеткен болатын. оның дәлелдеуінше, жануар үшін
қоршаған әлем оның санасында сезімдік сигналдармен берілген, яғни
қоршаған әлемді бейнелейтін нақты бейнелер арқылы беріледі, жану-
ар – сонда тек бірінші сигналдар жүйесіне ие. Адамда бұндай сигнал-
дармен қатар, санада сезімдік бейнелерді ауыстыратын екінші сигнал-
дар жүйесі – сөздер бар. Міне, осы, сөзбен берілетін екінші сигналдар
жүйесі жануарда жоқ дерексіз ойлаудың адамға тән екенін дәлелдейді,
сонда дерексіз ойлау тек тілге қатысты болады. Сигналдар жүйесін
қабылдау адамның қабылдау қабілетіне қатысты, оның ерекшелігін
Б.Сағындықұлы: «заттар мен құбылыстардың сезім мүшелерімізге
44
45
тікелей әсер еткенде – бүкіл белгілерінің біртұтас бейнеленуі», – деп
көрсетеді [35, 5]. Енді лексикалық синтагматиканың қайнар көзі бо-
латын санадағы сөздердің құралуына, ондағы ми қызметінің рөліне
келейік. Адам миы қызметімен нейрофизиология ғылымы айналы-
сады және өз тарихында бірқатар жетістіктерге жеткенін айту ке-
рек. Бұл саладағы зерттеулер, алдымен, адам миындағы ойлау мен
сөйлеу қызметінің орналасу жерін білуге бағытталды. З.д.Попова,
И.А.Стерниннің көрсетуінше, бұл тұрғыда, он тоғызыншы ғасырда
өте маңызды жаңалық ашылды. олар былай деп жазады: «1861 жылы
француз хирургы Поль Брока адам миының сол жақ самайы тұсында
сөйлеуге, жазуға жауап беретін орталық бар екенін ашты, соңынан
бұл тұс «Брока орталығы» деген атқа ие болды. Ал 1874 жылы неміс
дәрігері Карл вернике кейін «вернике зонасы» деген атқа ие болған
сөйлеуді ұғынатын мидың сол жақ астында бөлік бар екенін ашты»
[24, 133]. Бұл тілдің шығуы мен кіруіне мидың екі бөлек тұсы жауапты
екенін көрсетеді, яғни сөйлеу мен ұғыну ми үшін ірі, екі бөлек қызмет
болады. осыдан келіп, сөйлеудің бұзылуы (тұтығу) немесе афазияның
(сөйлеудің бұзылуы) екі түрі пайда болады, яғни ұғынуға қатысты (сен-
сорлы афазия) және тілдің шығуына қатысты (моторлы афазия). 1952
жылы америка ғалымдары в. Пенфилд пен Л.Робертс миға қан құйылу
не дененің жартылай жансыздануын зерттей келе, адамның сөйлеу
мүшелері мен аяқ-қол қызметін басқаратын бастың қарақұсында
орналасқан тұсын ашты. Мидағы осы зоналардың бірі жұмыс істемесе,
тіл бұзыла бастайды, яғни сөйлеу түсініксізденіп, қабылдау нашар-
лайды. Ресей нейролингвисі А.Р.Лурияның зерттеулері көрсеткендей,
бастың алдыңғы бөлігі екі құрамда болады және бұнда өте терең тілдік
құрылымдар орналасқан. Неғұрлым маңдай кең болса, соғұрлым ой
мен тіл құрылымдарының, клише, тілдік моделдердің «қоймасы» мол
болады. Бұған Ч.дарвин көрсеткен адам эволюциясындағы (питекан-
троп, неандерталдық, шимпанзе, горилла, кроманьондық, саналы адам)
маңдайлардың өзгеруін айтуға болады. З.Попова, И.А.Стерниннің
көрсетуі бойынша: «мидың алдыңғы маңдай бөлігі сөйлеу синтагма-
тикасын – дыбыстарды буындарға, морфемаларды сөздерге, сөздерді
сөйлемдерге, сөйлемдерді мәтіндерге байланыстыруды, фразалар
мен мәтіндерді құрауды басқарады. Бұл бөліктердің істен шығуынан
туатын афазия сөйлем, мәтіндерде мағыналық байланыс болмауынан
байқалады. Алдыңғы жақтың артқы бөлігі тілдің парадигматикасы-
на жауап береді, сөйлеу және ұғынудағы сөздер, формалар, фонемдік
оппозициялардың нәзік ерекшеліктерін көрсетеді. Мидың бұл бөліктері
жұмыс істемесе сенсорлық афазия (ұғыну қызметінің бұзылуы)
адам үшін кейбір предлогтарды, мәтіндердің элементтері мен сөйлеу
бөлшектері арасындағы семантикалық қатынасты түсініксіз етеді. Адам
мағынаның айырушы белгілерін ұғыну мен оларды мүшелеу, бөліп
алу қабілетінен айырылады» [24, 135]. Бірқатар ғалымдар, А.Р.Лурия,
И.Н.Горелов, К.Ф.Седов, И.А.Стернин, Н.Алиференко, А.А.Леонтьев,
А.А.Залевская, Э.д.Сүлейменова т.т. тілдік ойлауды қарастыра келе,
мидың сол жақ шары, дерексіз ойлауды ұйымдастырады, логика мен
сөйлеуді басқарады, ал мидың оң жақ шары қоршаған шындықты,
көрнекі-сезімдік бейнелеуді, интуицияның көрінуін жүзеге асырады
деген қорытынды жасайды.
Енді мидың екі жарты шарының тілдік ойлауға қатысты
ерекшеліктерін қарастыралық. Заттық немесе тілдік ақпарат алдымен
мидың оң жақ шарына енеді, оған басты себеп, З.д.Попова,
И.А.Стерниннің көрсетуі бойынша, мидың оң жақ шары кедергілерді
елемейтін, тұрақты болады. олар: «Ақпарат оң жаққа келіп түскен соң,
санада көмескі немесе бұлыңғыр сипаттағы тұтас картина (гештальт)
пайда болады: міне гүл, міне бөлме, міне адам. Егер ұғыну жеткіліксіз
болса, ақпарат мидың сол жақ шарына лақтырылады да бөлшектеніп,
ажыратылады және ол жаңа атқа ие болуы мүмкін. Содан соң, қайтадан
оң жақ шарға оралып, сол оң жақ шардағы бейнемен салыстырылады.
Егер қажет болса, дұрыстау үшін қайтадан жіберілуі мүмкін. Міне,
ақпаратты ұғыну және түсіну осы сипатта жүзеге асады», – деп жазады
[24, 136]. Қазақ, орыс тілдерін салғастырмалы түрде сипаттаған
Э.д. Сүлейменова индивид миының жарты шарларының екі типтік
құрылымнан тұратынын дәлелдеген Т.Цуноданың «Жапон миы»
еңбегінде жасаған тұжырымдарын өз еңбегінде келтіреді. Т. Цунода
тіл дыбыстарының батыс және шығыс нәсілдерінің тілінде екі түрлі
жүйедегі ерекшелігіне орай, сөйлеу мен табиғатқа тән дыбыстардың
жапон және батыс типтерінде екі бөлек құрылымда орналасқанын
тәжірибелер арқылы дәлелдейді және олардың орналасуын суретпен
бейнелейді [36, 112]. Адамдар типі әртүрлі болғанымен мйдың жарты
шарлары ауысқанымен атқаратын қызметі бір болып қала береді, тек
өзгеріс екі тілдік ортада өскен адамда болуы мүмкін. Екі тілдің жүйесі
мен құрылымын қабылдау бір мезгіл, бір уақыт шамасында
жүргендіктен, адамда, оның жадында екі тілдің семантикалық базасы
орналасып, екі тілдің ғаламдық бейнесі сыйысады. осыдан келіп, екі
тілдің мол сөздік қоры сыймай, тек басты, қажетті сөздердің мағыналары
шектес орналасуға мәжбүр болады. Екі ғаламдық бейненің шектесіп
бір индивидте орналасуы, оның тілдік ойлауының жұтаңдығына, тіпті,
рухани жағынан «мүгедектігіне» алып келеді. Әрине, бұндай адамда
ешқандай табиғи дарын негізі болмайды және ештеңе шықпайтыны
айқын. (Сөз арасында айта кету керек, біздің елімізде, Кеңес дәуірінде,
46
47
қаладағы қазақ ұлтының балалары орыс мектебіне барып, үйлерінде
ана тілінде сөйлеп, екі ғаламдық бейнені қатар қабылдауға мәжбүр
болды да тіл арқылы даритын екі ұлттың басты ұлттық қасиеттерінен
айрылып қалды. Бұл мәселе де арнайы тәжірибелерді жүргізу арқылы
зерттеуді қажет етеді). Ал егер, тілдерді қабылдау кезекті түрде жүзеге
асса, онда тілдер туралы білім шектес емес, қабатты түрде орналасады
да мол сөздік қор еркін дәрежеде болып, бір-біріне кедергі келтірмейді.
Тілдердің қабатты орналасуы белгілі бір тәртіппен іске асады да қанша
тіл болса да орналасу тәртібі бұзылмайды. Сонда адам миы жадының
кеңдігі, «қоймалардың» көптігінің мөлшері, көлемі көріне бастайды.
Адам миы жадының көлемі кең болатыны сонша, көптеген тілдердің
семантикалық базасы, білімі, ғаламдық бейнелері сыйып кетеді. Бұған
мысалға орыс ақын-жазушыларын алуға болады: деревнядан келген
бала бағушы (няня) бай халық ауыз әдебиетімен болашақ дарынды су-
сындырады, ана тілін әбден меңгертеді. Содан соң, Франциядан гувер-
нантка келіп, екінші тілдің ғаламдық бейнесін сіңіреді. Л.Толстой
екінші тілді меңгергені сонша, тіпті, атақты «Соғыс және бейбітшілік»
романының тұтас тарауларын француз тілінде жазғаны белгілі. дала
дарындары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, Абай Құнанбайұлы екінші
тілдің семантикалық қорын меңгергеніне байланысты биікке
көтерілгенін айтқымыз келеді. Енді осы қабылдау мен орналасудың
қызметін нақтылайық. Адам миындағы қабылдау орталықтары қай
жақ шарда орналасса да және қандай адам типі болса да, сөз түріндегі
ақпараттың екі ағынын бір мезгілде қатар қабылдай алмайды. Екі адам
не үш адам әртүрлі сөз түріндегі ақпараттарды бір уақытта бір адамға
бағыттаса, ол адам оны бір уақытта қабылдай алмайды, яғни ол мүмкін
емес. Қабылдау жүзеге асуы үшін ақпараттар тасқыны кезекті түрде
немесе жүйелі түрде (тілдің жүйелік сипаты осы қызметтен бастала-
ды) және бір тақырып аясында немесе бір ортақ мәндік сипатта (мәтін
семантикасы, оның ішінде, мәтін синтагматикасы) болуы қажет, сосын
барып, бір тақырыптық ая, бір мәнге жуық, топтасқан кіші хабар
берушілерден (сөйлем семантикасы), олар өз кезегінде мағыналық
үйлесімде (лексикалық синтагматика) тұруы керек. Ал егер ақпарат
сөздік (тыңдау) және бейнелік (көру) құрылымда болса оны қабылдау
мүмкін болады, алайда ақпарат екі түрлі мән не мазмұнда болса онда
қабылдау жүзеге аспайды. Бұл мәселелер И.Н.Гореловтің
тәжірибелерінде тексерілді, алдымен, адамдарға наушник арқылы
(тыңдап қабылдау) бір мәтіндер, көруге көлемі сондай бірақ мазмұны
басқа мәтін, яғни екі бөлек мазмұндағы ақпараттар ұсынылды [37].
Сынаққа қатысқандар тек бір ақпаратты қабылдағаны белгілі болды,
не көру арқылы не тыңдау арқылы қабылданған ақпаратты қайта ай-
тып бере алды. Сонда бұны былай түсіндіруге болады: көру мен
тыңдауға жауапты ми бөліктері (олар әртүрлі жерде орналасқан) өз
қызметін дұрыс атқарды. Алайда бірінші сигналдар жүйесіне енетін,
көру мен тыңдау сигналдары бір уақытта ақпараттарды өңдейтін жал-
пы орталыққа келіп түсті де нәтижелер араласып, сигналдар кодтары
(кілттері) ашылмай, танылмай қалды. Сигналдардың нәтижелері ара-
ласып кетуінен екі мазмұндағы мәтіндер, күрделі синтаксистік
тұтастықтар «сеңі бұзылмаған» күйінде қалды. Бұның негізінде
И.Н.Горелов екінші эксперимент жасады, яғни наушниктер арқылы
мәтіндер беріле берді, ал осы кезде көруге Х.Бидструптың алты серия-
дан тұратын суреттері көрсетілді. Бұл суреттерде оқиғалар жүйелі,
яғни алдыңғысынан соңына дейін өрбитін сипатта болады. Енді нәтиже
мүлде басқаша болды; сыналушылар вербалды мәтіндер, яғни
тыңдалған мәтінді де суретті де баяндай алды. Бұл мынаған байланы-
сты, яғни суреттердің бейнесін ми аппаратында қайта кодтаудың қажеті
шамалы, ол өзі-ақ та бейне, сондықтан мәтін ми аппаратының мәндерді
өңдеу орталығында өңделіп жатқан кезде сурет көшіріліп болады.
Тәжірибе тілдік ақпараттың мидың мәнді құраушы бөлігіне жауапты
жеке кодында қайта өңделуі керектігін көрсетеді. Бұл жеке код
ақпараттарды қорытушы жүйе, сондықтан қорытылмаған ақпарат не
әртүрлі хабар мидың жадына, яғни әзір тұрған тілдік құрылымдар мен
үлгілердің «қоймасына» өте алмайды және сол сипатқа айнала алмай-
ды. Барлық тілшілер осы мидың кодын (кілтін), яғни жұмыс істеп
тұрған ақпараттық жүйені «ойлау» деп анықтайды. З.д.Попова,
И.А.Стернин бұл туралы мынадай қорытынды жасайды: «Бұл код
ұлттық тіл ерекшелігіне қатысты емес, ол әмбебаптық және тілден
жоғары тұратын сипатқа ие болады» [24, 137]. Бұдан біз мынадай
қорытынды шығарамыз, көру – бірінші сигналдық жүйеге негіз болса
(тіл қажет болмауы мүмкін), тыңдау – екінші сигналдық жүйенің
негіздерін құрайды (тіл қажет болуы мүмкін). Сонда қабылдаудың екі
тарамды құбылыс сипаты байқалады. Кілтті табу, ашу, ақпаратты
көшіру немесе қайта жазу, қайтадан кілттеу (кодтау) тілдік ойлаудың
кезекпен не кезексіз жүретін кезеңдері болады. Ақпаратты қорытудың
осы кезеңдері ойлаудың мазмұндық қалпы болады және ойлау
процесінің өзі үйлесімді немесе кезекті сипатта жүзеге асатынын
көрсетеді. Міне, осы себепті бір-біріне тығыз байланысты адамның
ойлау және тілдік қызметтері қалыптасады. Мидың кодында
қорытылған ойлар немесе ойлар жүйесі өздерінің сөздік қалыптарын
таба алмағандығынан бұл тығыз байланыс одан әрі тереңдейді. Тілдік
қызмет пен ойлау қызметі ми аппаратында бірлесу дәрежесіне дейін
өте жақын келеді де тілдік таңба қалыбына екі байланыстың нәтижесі
48
49
болып енеді. Мидың ақпараттық жүйесінде ойлау қызметі жүйелі түрге
енуі үшін тілдік таңбалардың тізімі немесе жүйелері керек болады,
яғни, тілдің бөлшектеріне сүйену жүреді. Бұл жерде Н.Ф.Алиференко
мына пікірі орынды: «ойлаудың ең жетілген және сол себепті ең
маңызды таңбалық аралық құралы тіл болып саналады. Жүйелердің
(фонологиялық, лексикалық, грамматикалық) жүйесі ретінде тіл
күрделі кодтық құрылым, өз кезегінде жеке тұрып танылатын нысан-
дарды талдауға қабілетті болады және олардың белгілерін, қасиеттері
мен қатынастарын білдіре алады» [20, 88]. Сонда ойлау – кілті ашылған
ақпараттар жүйесінің тілдік таңбаларды пайдалана отырып, өзіндік
жүйе құрауы. ойлау – қайта кілттелген (кодталған) бірнеше тілдік
таңбаларға ұғымды енгізіп, бекітіп қою. ойлау қызметі – идеалдық
формада, тілдік қызмет – материалық формада жүреді. ойлау – тілдік
таңбаларды, сөздерді пайдалану арқылы таным қызметі берген
нәтижелерді кодтау құпиясы. ойлау қызметінің тілдік қызметке тікелей
қатысы сөйлеу әрекетінен айқын аңғарылады. ойлау қызметінің тілдік
қызметке қатынасы тілдік таңба не тілдік таңбалар шоғырын, осы
тілдік бірліктер сақтаулы тұрған мидағы «қоймадан» қопарыстырып,
іздеуінен көрінеді. Бұл тізбекті жүйе құрайды, яғни: таным – қабылдау
(сигналдар жүйесі) – кілттеу, қайта кілттеу – таңбалау (атау), сөз, ды-
быс қабығына енгізу – таңба не таңбалардың бірнешеуін ыңғайластыру
(синтагмалау) – «ми қоймасына» өткізу – «қоймадан» іздеу, табу –
жүйелеу (лексикалық синтагматика), – күрделі түрде хабарлау, яғни
сөйлем, мәтін семантикасы. ойлау қызметі мен тілдік қызмет
арасындағы байланыстан басты мәселе – лексикалық синтагматика
бой көтереді. Адам ауызша сөйлеу қызметінде ойын нақтылайын деп
кідірсе, мағыналық үйлесімділікті ақпараттық кілтпен тексеруі деп
білген жөн. Қостілді адамның сөйлеу ерекшелігіндегі кідірістерді де
осы сипатқа жатқызамыз, өйткені қостілді индивид бір тілдімен тең
дәрежеде кідіріп, тілдік таңбалардың әзір үлгілерін іздеуі мүмкін. Сөз
үлгілерін мағыналық үйлесімділікпен жарыққа шығару оңай іс емес,
себебі ой адресантқа және адресанттың тілдік деңгейіне қатысты
құбылғандықтан, сол қабылдаушының деңгейіне келетін прагматикалық
синтагматика туындайды. Қазақ семантикасының бұл аспектісі мүлде
қарастырылмаған, өз зерттеуін күтіп тұрғанын айта кету керек.
Э.д.Сүлейменова оныншы ғасырда өмір сүрген араб тілшісі Абу
Хаййан ат-Таухидидің пікірін қуаттайды, яғни «Сөзбелік қалыпқа
енгізілген ой сананың барлық құрамын түгел қамти алмайды. Мағынаға
санамен жетесің, олар тоқтамайтын сипат құрайды және шексіз кең
болады» [36, 92]. Тілдік таңбалардың тіркесімділікке ұшырауы ми
«қоймасында» әзір тұрған ештеңе (тілдік үлгілер) жоқтықтан туындай-
ды. «Жоқтықтың» пайда болу себебінің бірі ұғымның аздығы, оның
ішінде, деректіден гөрі дерексіз, яғни ғылыми ұғымның аз болуы.
Лексикалық синтагматиканың дұрыс құралмауы «сөз паразиттерінің»
(И.А.Стернин термині) ауызша сөйлеуде мол көрінуінен байқалады.
«Сөз паразиттерінің» яғни е-е, ым-ым, сосын, жаңағы, бар ғой, нетіп,
неткесін, иә, нені айтып, нетіңдер, яғни, ғой т.т. сөйлеуші тілінде орын
алуы, паузаға ұрындыруы сөзді ойға қабыстыру процесінің жүріп
жатқанын көрсетеді. Сөзді ойға дәл келетіндей іздестіруді шартты
түрде ойлаудың автокоррекциясы деп атауға болады, әрине, бұның
негізінде де синтагматикалық қатынастар жатқанын айту керек. Тіл
жүйесі элементтерінің сөйлеу актісінде мағыналы үйлесуін сөйлеу
синтагматикасы деп атаған жөн. Белгілі психолингвист А.А.Залевская
ассоциативті эксперимент мүшелерінің кейбір сөз-стимулдарды еске
түсіру үшін мағынасы жуық сөздерді ауыстырғанын (мәселен, гүл сөзі
раушангүл сөзінің орнына) байқайды. Бұл адам жадында тұтас мәннің,
концептінің сақталып қалатынын көрсетеді. Лексикалық синтагмати-
када тағы бір қызықты және күрделі мәселе ми шеңберінде қабатты
құрылымда орналасқан басқа тілдік мағыналы құрылымдардың
базалық тілдің лексикалық тізбектерінің айналымына енуі. Мысалға,
жазушы М.Мағауиннің «Көк мұнар» романынан мына диалогты
алайық: «– Sie istein leictsinniges Madchen, - деді Едіге (ол – жеңілтек
қыз. Немісше). Өзіңе ауыр сөзді басқа тілде айту оңайырақ екен»
[М.М., 193]. Бұған, әрине, қоршаған ортаның әсері болатынын жоққа
шығаруға болмайды. Ф.оразбаеваның мына пікірі осыған сай айтылған:
«сөйлеу процесіндегі сөздің ерекшелігі – ол объективтик шындыққа,
өмірге байланысты ұғымдарды сананың қабылдауы нәтижесінде ойды
бейнелейді. Сонымен қатар іс-әрекет жүріп жатқан ортаның әсерін,
адамның көңіл-күйін де қоса білдіреді» [38, 63]. Бұл ойлаудағы кілттің
басқа таңбаға қабысуынан және сезімдік, прагматикалық ойлаудан туа-
тын маңызды мәселе. М.оразов сезімдік ойлауға қатысты былай дейді:
«Рационалды ойлау объектив дүниені тура, дұрыс тануға бағытталады
да жеке адамдардың эмоциясы мен түрлі сезімдеріне байланысты бол-
майды. Ал эмоциялық ойлау болса жеке адамдардың ішкі дүниесімен,
оның білімі мен табиғи талғамына, әлеуметтік көзқарасына байланы-
сты болады. Кейде эмоция адамдардың ұлттық және жас ерекшелігімен
де байланысты болады деген қағида да бар» [7, 22]. Екінші тілдің
семантикалық мүмкіндігіне жүгіну бір мағынаны берудегі басқа тілдік
форманың дәл, үйлесімді келу себебінен туындайды. Бұл сұрақтар сти-
листикада зерттелмей жатқан мәселелердің бірі, сондықтан бұларды
прагматикалық синтагматика деп атаған дұрыс болар деп ойлаймыз.
Адам санасындағы көптеген ойлар ешқашанда сөзбен берілмейді,
50
51
өйткені ойлар сөзбен берілу үшін емес, танып және ұғыну үшін са-
нада өмір сүреді. ойларға әртүрлі таңба беріп жүрген адамдардың
өздері, сондықтан әртүрлі ұлттар мен әртүрлі тілдер болғанымен,
таңбалар шартты түрдегі сипатта болады. Бұл жерде француз
математигі Ж.Адамардың сөзі ойға келеді: «Мен ойланғанда менің
ойымда сөздер мүлде болмайды», яғни сонда ойлау деректі болып қала
береді. Б.Сағындықұлы ойлауды: «Танымның жоғары сатысы – ойлау.
ол сезімдік танымға негізделеді, бейнелерге сүйенеді. ойлау – ми
қыртысында жүзеге асатын психикалық процесс... Шындық өмірдегі
заттар мен құбылыстардың, іс-әрекеттердің, тағы басқалардың жал-
пы қасиеттерін, елеулі, маңызды белгілерін бейнелендіретін, олардың
арасындағы нақты байланыстар мен қатынастарды ашатын психикалық
процесті ойлау деп атайды», – деп нақтылады [35, 6]. в.Шаховский эмо-
ционалды ойлаудың түрі барын және оның нәтижесі сөздердің эмоцио-
налды, экспрессиялы мағына бөлігі болатынын айтады [39, 40]. Міне,
осындай себептерге орай, ойлаудан шығатын мән (концепт) ұлттық
белгіге ие болады. Адам ойында шоғырланған сөздер белгілі бір ірі
мәндік құрылым құрайды. Бұл құралу адамдардың ұлттық сипатына,
жыныс, жас ерекшелігіне тәуелді түрде жүреді. Концепті құрамына сөз
қабығын кимеген кейбір көрінбес ойлар да енуі ғажап емес, алайда сол
байқаусыз күйдегі ой желісін зерттеу – лексикалық синтагматика мен
когнитивті тіл білімінің еншісі шығар деп ойлаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |