Хасанов indd



Pdf көрінісі
бет10/45
Дата06.01.2022
өлшемі2,5 Mb.
#12631
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45
Байланысты:
Хасанов Ғ.Қ. Қазақ тілінің лексикалық синтагматикасы

3-сурет.
Бұл  схемадан  И.М.Кобозева  тілдік  таңбаның  синтактикадағы, 
яғни  тіл  жүйесіндегі  таңбаның  басқа  таңбаларға  қатынасы 
(парадигматикалық) және мәтінде, яғни (синтагматикалық) қатынасы 
көрінеді  дей  келе,  былай  деп  жазады:  «Алайда,  оның  ойынша,  бұл 
схема  сөзбелік  таңбаның  синтактикасын  толық  көрсетпейді,  себебі 
синтагматикалық  қатынас  емес,  таңбалардың  басқа  таңбалармен  
парадигматикалық қатынасы ғана есепке алынған» [18, 47].
Қазіргі жалпы тіл білімінде қатынастардың басты екі түрі, яғни 
парадигматикалық  және  синтагматикалық  қатынастар  орныққанын 
айта  отырып,  ассоциативтік  қатынас  түрін  осы  қатынастар  ішінде 
қарастырған дұрыс болар деп топшылаймыз. Бірқатар зерттеушілердің 
ойынша, негізінен ассоциативті қатынастар символдарға тән, мәселен, 


64
65
көгілдір  түс  ауамен  ассоциативті  қатынаста  болады.  Ассоциативтік 
қатынастан  тыс  эпигдигматикалық  (дериваттық)  қатынасты 
синтагматикалық  қатынаспен  бірлікте  қарастыру  көптеген  нәтиже 
берері сөзсіз.
Енді ойымызды жинақтай келе айтарымыз, лексикалық қатынастар 
тіл  жүйесінде  жасырын  жүріп  жатқан  бірқатар,  қадау-қадау  күрделі 
мәселелердің басын ашады деп ойлаймыз. Енді осы қатынастар мәніне, 
олардың  шетел,  орыс,  қазақ  тіл  біліміндегі  зерттелу  сипатына  шолу 
жасап,  тереңірек тоқталайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет