1.6 Тіл лексикасындағы жүйелі қатынастар
Тілдік жүйелік қатынасы көне замандардан дәлелденіп зерттеліп
келеді. Көне үнді, грек, араб, түрік тілшілері тілдерді жүйе бойынша
бөліп зерттеген. әл-Фарабидан бастап басты ілім тілдегі жанды рух
бейнесі, тілді дамытушы құрал ретінде қарастырылды. Сол кездің
өзінде-ақ, тілшілер тілдегі сөздердің жиынтығын сөздікке топтап,
құрылысы мен дыбысталуын бөлек зерттеген. Бұл алғашқы пайда
болған тілдегі жүйелер еді. Бұл жүйелер дами келе салаларға алма-
сты да, салалардың ішінде жүйелер қалыптасып, зерттелді. Мысалы,
М. Қашқаридың атақты сөздігі де лексикалық саланың ішіндегі алғаш
жүйе бойынша жазылған сөздіктердің бірі ретінде белгілі. Б.Момынова
және тілдегі лексиканы жүйе ретінде зерттеген А.К.Жұмабекова жалпы
жүйенің жалпы теориясын Ч.дарвиннен кейін толық бағдарламасын
жасаған биолог Л.фон Берталанфи екенін көрсетеді [40, 8]. Ф.де Сос-
сюр тілдің барлық элементтерін системалы құрылыс деп есептейді
де, тілде синтагмалық, ассоциациялық байланыстың бар екендігін
көрсетеді [3, 121]. Ф.де Соссюр тілдік таңбаның табиғатын зерт-
тей келе, оның мынадай ерекшеліктеріне тоқталады, яғни, бірінші,
таңбаның еркіндігі; екінші, кез келген тілді құрау қажетті таңбалардың
көптігі; үшінші, жүйенің тым күрделі сипатта болуы. ол былай деп
жазады: «Тіл жүйе құрайды. Бұл жүйе күрделі механизм болады, оны
ұғыну үшін ойлану, толғам керек; бұны екі күннің бірінде пайдала-
нып жүргендердің өздері жүйенің не екенінен ештеңе түсінбейді»
[3, 83]. Ф.де Соссюрдің ойынша, лексикалық жүйенің өзгеріп от-
ыру құбылысы жалпы тілдің сыртқы факторлардың әсеріне қарсы
тұра алмайтын әлсіздігіне қатысты және таңбаның еркіндігіне де
тәуелді болады [3, 84]. Тілдің жүйелілігінің негізінде тілдегі нақты
бірліктердің жатқандығы туралы ол былай деп жазады: «Шахмат
ойыны тұтасымен әртүрлі фигуралардың жағдайының өзгеруінен
тұратыны сияқты тіл де тек қана өзінің нақты бірліктерінің қарама-
қарсылығына негізделген жүйе болып табылады» [3, 108]. Көрнекті
тілшінің бұл ойлары М.М.Покровский, А.М.Пешковский, А.А.Потебня
сияқты ірі ғалымдардың көзқарастарына өз әсерін тигізіп, тек тілдегі
емес, сонымен бірге, лексикалық құрамдағы жүйе ерекшелігі зертте-
ле бастады. Мәскеу университетінің профессоры М.М.Покровский
мағыналары бір-біріне жуық сөздердің тобында бірдей семантикалық
өзгерістер болатынын байқайды. З.д.Попова, И.А.Стернин жазғандай,
тілдің алғашқы деңгейлік үлгісін француз ғалымы Эмиль Бенвенист
құрастырған болатын. ол фонологиялық, морфологиялық, таңбалық
(лексикалық) және синтаксистік деңгейлерді бөліп, әр деңгейдің
бірлігі оның алдындағы деңгейдің бірлігінен, яғни фонема мериз-
малардан, морфема фонемалардан, сөз морфемалардан, синтаксема
сөздерден құралатынын айтады [24, 202]. Американ тілшілері С.Лэмба,
д.Локвуд, Г.Глисон және тағы басқалары тілдің деңгейлік үлгісінде
төрт стратумдарды (басқаша айтқанда деңгей ұғымының мәніне
келеді) бөледі: фонемалық, морфемалық, лексемалық және семемалық
стратумдар. Әр стратум өзінің бірлігінен тұрады: фонемалық стратум
бірлігі – фонон, морфемалық стратум бірлігі – морфон, лексемалық
деңгей бірлігі – лексон, семемалық стратум – семоннан құралады. Бұл
жерде, қазақ тіліндегі тіл деңгейлері мен стратумдарының дамуына
парадигматикалық және синтагматикалық қатынастардың тигізетін
әсерін Б.Қ. Момынованың зерттегенін айтып кеткіміз келеді.
Жиырмасыншы ғасырдың басында неміс ғалымы Йост Трир
семантикалық өріс теориясын лексикалық құрамның жүйесі ретінде
енгізген болатын. Мәселен, ол әдемілік, ақыл, түс т.т. семантикалық
өрістерін бөліп зерттейді. дегенмен сөздіктегі барлық сөздер
семантикалық өріске енбейтіні және өріс құрамайтыны айқын болды.
52
53
Неміс тілшісі вальтер Порциг лексикалық жүйеде көптеген сөздердің
бір-бірімен тұрақты түрде және тұрақсыз түрде байланыста болатынын
алғаш байқап, Ф.де Соссюрдің осы мәселедегі ойларын дамытады. ол
мысалға мынадай сөздердің ұштасуын келтіреді: келу – үйге; құлақ –
есту; аяқ – жүру; қалам – жазу; күз – жапырақтар жауу т.т. в.Порцигті
лексикалық жүйеде сөздердің іліктесіп, мағыналық байланысуын,
яғни лексикалық синтагматиканың алғашқы іздерін байқаған тілші
деп есептейміз. Соңынан бұл зерттеулер кеңес тілшілері еңбектерінде
қарастырылды, алайда тілдің теориялық мәселелерін таптық тұрғыдан
зерттеу әдіснамасы бұл мәселеде де басшылыққа алынғандықтан жүйе
табиғаты осы көлемде шектеліп зерттелді. Мәселен, в.М.Солнцевтің
тілдің жүйелік ерекшелігін қарастырған өз еңбегінде жүйелерді
материалдық және идеалдық, бірінші және екінші деп екіге бөлуінде
осы басшылық жатқаны анық [41, 16]. осындай себептерге орай, Кеңес
дәуірінде кеңес тіл білімі таза прагматикалық тұрғыда тілдерді зерт-
теп, қарқынды дамыды. Тілдегі әлеуметтік құбылыс, тіл жүйелерінің
жиынтығы, тілдегі ұғымдық, логикалық, яғни когнитивтік лингвисти-
ка, тілді жоспарлау және тіл саясаты мәселелері кенжелеу дамыды.
в.М.Солнцев Ф.де Соссюр ізімен тіл лексикасында парадигматикалық,
синтагматикалық қатынастармен бірге лексикалық жүйеде өмір сүретін
иерархиялық қатынас түрін енгізеді. Бұл қатынас, оның ойынша, сөз,
морфема, сөз тіркесі, сөз типтері, тұрақты тіркестер, сөз кластары, тілдік
деңгейлер, тілдік қабаттар арасында болады. Бұл қатынас түрі туралы:
«иерархиялы қатынастар тіл элементтерінің күрделілік дәрежесіне
қатысты болады, яғни күрделі бірліктердің күрделі қатынасы», – деп
жазады [41, 66]. Тілдегі басты қатынастар негізінде тілдің лексикалық
жүйесінің сөзбелік оппозициялары жүйесі (зерттеген о.М.Соколов,
в.Г.Гак, Ю.Н.Караулов т.т.), семантикалық өріс жүйесі (зерттеген
Г.С.Щур, в.в.Морковкин т.т.), лексико-семантикалық топтар, лексико-
семантикалық өрістер, лексико-фразеологиялық өрістер, тақырыптық
топтар, ассоциативтік өрістер жүйесі (көптеген зерттеушілер) терең
зерттелу кезеңіне көшті. Мысалы; в.Г.Гак лексикалық жүйедегі
семемалардың синтагматикалық қатарда үш түрлі қатынасқа түсетінін
көрсетеді:
а) Семантикалық үйлесімді семемалар, яғни тіркескен сөздердің
семемаларында бірдей семалардың болуы.
б) Семантикалық үйлесімділіксіз семемалар, яғни тіркескен
сөздердің семемаларында сәйкес келетін, сонымен қатар, қарсы
келмейтін семалардың болуы.
в) Семантикалық мүлде үйлеспейтін семемалар, яғни тіркескен
сөздердің семемаларында қарама-қарсы келетін семалардың болуы.
Ал Ю.Н.Караулов семемалардың басты төрт оппозициясын көрсетеді:
нөлдік оппозиция, привативті оппозиция, эквиполентті оппозиция,
дизъюнктивті оппозиция. Бүгінде Ресей тіл білімінде тілдің лексикалық
жүйелік қатынастарын когнитивті тіл білімінде қолданып, қарастыру
жүріп жатыр, сондықтан оған тоқталып кеткен жөн. Когнитивті се-
мантика өкілдері тілдің лексикалық жүйесі тілдегі әлем бейнесін
бірден бір көрсетіп, толық түрде сипаттайтын категория деп санайды.
олардың ойынша, лексикалық жүйе әлем бейнесін схемалы түрде,
бұзып көрсетеді, сондықтан лексикалық жүйенің бірліктері негізінде,
әрі кеткенде, әлем бейнесінің элементтерінің жақын, бұлыңғыр
кейіптегі барлық байланыстардан тыс контурларын қалыпқа келтіруге
болады. в.Я.Мыркин: «сөздер тек ұғымдарды атап қана қояды, бірақ
олардың қатынастары мен байланыстарын, тек сөйлеу мен мәтін
негізінде ғана қалыпқа келтіруге болады, өйткені тілдік тәжірибе
тілдік жүйеге емес, сөйлеуге қатысты болады және, оның үстіне, тек
сөйлеу ғана ойлаумен және санамен тығыз байланысты болады», –
деп жазған еді [42, 60]. Когнитивті семантикада жеке адамдық фактор,
тілдік тұлға, ғаламның тілдік бейнесі, оның үзіктері, фрагменттері,
кейбір қысқа суреттері т.б. антропоцентристік категориялар тілдің
лексикалық жүйесіндегі қатынастар негізінде қарастырылады. осы
зерттеулердің негізінде, когнитологияға қатысты тілдегі лексикалық
жүйенің құрамдас элементтерінің осы мәнде бөлек бір қатынасқа түсуін
«антропоцентристік парадигма» деп атаған жөн болар деп ойлаймыз.
Мұнда кәдуілгі антонимдік, синонимдік, гипонимдік, конверсивтік
т.б. семантикалық қатынастар адам танымының және ұлттық мәдени
сипаттарға қатысты сөздердің мәндік құрылымы бойынша жасала-
ды. Біздіңше, ғаламның тілдік бейнесін бейнелейтін құрылымдар
жүйесін айқындау үшін қоршаған шындық болмыстағы қатынастар
мен әр алуан байланыстардың лексикалық жүйедегі семантикалық
қатынастарда алар орны мен көріністерін тексеру қажет. Адам мен
болмыс табиғатын беретін семемаларды жүйелей отырып, оларды
семантикалық қатынастар көлемінде, не болмаса, ірі семантикалық
өріс бойынша жинақтап барып, қарастыру біраз мәселелердің мәнін
ашады деп есептейміз.
Қазақ тіл білімінде жүйелік қатынастарды зерттеу тәуелсіздік
дәуірінен бастап қолға алына бастады. Тілдің логикалық семантикалық
мәселесі (Ә.Қайдар, М.оразов, Б.Сағындықұлы, Ж.А.Манкеева,
Ф.Ш.оразбаева, Г.Н.Смағұлова, Б.Қ.Момынова) тілдегі жоспарлау
(Э.д.Сүлейменова, Н.Ж.Шаймерденова, Р.А.Авакова), әлеуметтік тіл
білімі (Б.Хасанов), сөзжасам (Н.оралбаева, С.Исаев, А.Б.Салқынбай)
қарқынды қарастырыла бастады. Енді бүгінгі таңда тілді жүйе ретінде
54
55
зерттеу үрдісі басталып келеді (М.оразов, Б.Қалиұлы, А.Жұмабекова,
И.Ұйықбаев, С.Бизақов). Бұл жұмыстардың ішінде дара тұрған
А.К.Жұмабекованың тілдің лексикасын жүйе ретінде ретінде зерт-
теген еңбегі. Бұнда лексиканы жүйе ретінде зерттеудің тарихы,
зерттеудің әртүрлі аспектілері, шетел, орыс, қазақ тіл білімдерінде
лексиканы жүйе ретінде зерттеу кезеңдері толық сөз болады. Сонда
да бұл мәселені толық қарастырылды деп есептеу асығыстық болар,
себебі жүйе мен құрылым әлі зерттеліп жатқан өткір мәселелер. Бұнда
қиындық тудыратын мәселе «жүйе» термині және оның түрлерін жіктеу
мәселесі. Жалпы тілді жүйе ретінде ұғынудың өзі жалпы тіл білімінде
ала-құла қаралып жүр. Бірқатар тілшілер жүйе ретінде тіл құрылымын
зерттеп кетеді де, құрылым мен жүйені шатастырып жібереді. Барлық
тілшілер тілді – жүйе және тілді – құрылым деп есептейді. Жүйе –
құрылымнан тұрады, ол құрылым жүйеге сүйенеді деген қағиданы
шетел, орыс, қазақ тілшілері бірауыздан ұстанады. А.К.Жұмабекова:
«жүйе» және «құрылым» ұғымдары философия ғылымынан бастау
алып, басқа ғылымдарға ауысқан», – дей келіп, «бұл екі категория
қашанда зерттеуге деген қызығушылықты тудырады», – деп есептейді
[40, 12]. Лексикалық құрылымның сөздіктерге жинақталуы жүйеге
бағынған құрылым құрайды. Бұл лексикология саласындағы күрделі
сұрақтардың бір жерге тоқайласуы. М.в.Никитин былай деп жазады:
«Жүйе мен құрылым терминдерінің екеуі де күрделі мәселеге жатады,
біртұтас нысан болады, бірақ зерттеу бағыттарына қарай бір-бірінен
ажыратылады, яғни бөлшектен тұтасқа – жүйе болады, тұтастан
бөлшекке – құрылым құрайды» [43, 87]. Бұл философиялық аспектіде
келтірілген анықтама болғандықтан, тілдегі логикалық жүйе басты
сөз, ой құрушы фактор ретінде қызмет етеді, жүйелер ой құраушы
элементтерді жинақтап, түзуші қызмет атқарады, сондықтан тіл ірі
төрт қырлы жүйеден тұрады:
а) Адамдар тілді естиді, яғни дыбыстайды, дыбыстар жүйесін
қабылдайды. дыбыстар жүйесі фонетикалық жүйе мен құрылымды
тілдің қабаты ретінде құрайды.
б) Индивид дыбыстау жүйесі арқылы мағына береді, мағына
қарым-қатынаста, яғни коммуникативті акт кезінде құбылады, со-
сын құрылымға айналып, тілдің жүйесінің түрлерін көрсетеді. Сонда
лексикологиядағы жүйелер мен құрылымдар фонетикалық жүйелерден
өзгеше түрде болады.
в) Тілдегі құрылыс жүйе бойынша жүзеге асып, құрылып, құрылыс
түзеді. Бұл құрылыс морфология деген атпен мәлім биологиялық тер-
минмен беріледі.
г) Тілде сөйлеу, хабар беру жүйесі жүйе мен тәртіп бойынша
жүзеге асады. Бұл ерекшелік синтаксистік қатынас пен синтаксистік
құрылымдар деп аталады.
Әр саладағы жүйелік байланыстар мен құрылымдар ерекшелігі
өз деңгейінде зерттеледі. Бұл жүйелердің барлығының бірлігі ретінде
көрінетін бірлік, ол – сөз. Сөз ірі кластарға топтастырылып жүйе бойын-
ша бөлінеді де ірі құрылымдар арасында қызмет етеді. А.Г.волков «Тіл
– таңбалар жүйесі ретінде» деген атпен 1966 жылы шығарған еңбегінде
алғашқылардың бірі болып жүйе таңба мен мағынаның бірлігінен туа-
тынын көрсетті. Бұл өз кезегінде тіл мен ойлаудың бірлігінен бастала-
тыны сөзсіз. ол былай дейді: «ойлау – таңбалық жүйе болатын тілмен
байланысты болады, сонда тіл материалды нысан» [44, 61]. осының
негізінде мынадай түйін жасауға болады, яғни тіл – жүйе болса, ой-
лау – құрылым болады да бір-бірімен тығыз қатынаста өмір сүреді.
Ал лексикадағы жүйе мағынаға тікелей байланысты немесе тәуелді
болады, сонымен бірге, тілдің ұлттық сипатына да қатысты келеді.
К.А.Левковская былай дейді: «Әр тілдің жеке өзіндік семантикалық
жүйесі болғанымен әртүрлі халықтардың дүниені түсінуі мен ойлау
сапасындағы айырмашылықтар бар деп қорытынды жасауға болмай-
ды» [12, 163]. Тілді жүйелі-құрылымды құрылым ретінде зерттеген
в.М.Солнцев тілдік жүйенің Ф. де Соссюрдің ізімен синтагматикалық,
парадигматикалық, иерархиялық қатынастарын көрсетеді [41, 65]. Со-
нымен қатар, ол А.П.Евдошенконың «тілде бір жағынан мәтін, екінші
жағынан жүйе бар. Мәтін – синтагматикалық талдауға ұшыраса, жүйе
– парадигматикалық талдауға ұшырайды» деген пікірімен келіседі
[41,61]. Тілдік жүйенің осылай жіктелуінен лексикалық жүйенің
бөліну негізі жасалады. в.М.Солнцев лексикадағы жүйе екі фактор-
дан құралатындығын айтады: «1.Қоршаған сыртқы әлемнің бейнелен-
ген жүйелілігі. 2.оларды өзіндік өзара қарым-қатынасы мен ықпалы.
Лексикалық жүйеде қоршаған сыртқы әлемнің бейнесі көрінген
соң, құраған мағыналар өзара ықпалдастыққа түсіп, ішкі жүйені
құрайды» [41, 8]. Лексикадағы ішкі жүйелерден барып, кіші жүйелер
дамып, көріне бастайды. ой категориялары тілдің барлық салалары-
нан бұрын лексикада орын тебеді, өйткені адам танымы, логикалық,
психологиялық ерекшелігі лексикалық жүйеден байқалады. Сондықтан
тіл құрылымындағы әртүрлі жүйелер бір-бірімен қиылысып, ауысып
өмір сүре береді. Бұл тілдің даму көрсеткіші, ал лексикадағы жүйелер
сөздерді дамытады, мағыналарын түрлендіреді, ауыстырады және
сол дамыған сөздер тілді дамытады, оның дамуының айғағы ретінде
көрінеді. Лексикадағы жүйеліліктің ірге тасында басты категориялар:
Адам, Әлем суреті, Қоғам тұрады. Бұл үш бірліктің өзі макрожүйені
56
57
құрайды. Бұлар жалпы тілдік салалардан гөрі сөздік құрамнан
орын алады. Лексика құрамы жүйе құрағанда, оның ішінде әртүрлі
лексикалық бірліктер ішкі жүйе құрайды. Лексикалық мағынада кез
келген ұлттың қоршаған орта, әлем туралы түсінігі, білімі көрінеді.
Сол себепті бұл мағыналардың дамуы әр тілдің өзіндік жүйесі бой-
ынша жүреді. Қазақ тіліндегі лексикалық жүйелерден кішігірім бай-
ланыс, қатынастардың даму көрінісі жалпы сөз мағынасының дамып,
өзгеріп отыруын көрсетеді.
Қазақ тілі лексикасының жүйелілік қатынастарының бөлінуі
алғаш А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Н.Т.Сауранбаев еңбектерінде ба-
сталып, Ғ.Мұсабаевтың «Қазақ тілі лексикасы» еңбегінен бастап толық
қарастырыла бастайды. Бұдан соң С.Аманжолов, Ә.Қайдари, К.Аханов,
Т.Қордабаев, Р.Сыздық, Ш.Сарыбаев, М.Балақаев, Ө.Айтбайұлы, Ә.
Хасенов, Н.оралбаева, Ә.Болғанбайұлы, Ғ.Қалиұлы, М.Серғалиев,
Б.Қалиұлы, Т.Жанұзақов, Б.Сағындықұлы, М.оразов, М.Малбақов,
Ж.А.Манкеева, Ф.Ш.оразбаева т.т. тілшілердің зерттеулерінде
тереңірек зерттелуге көшеді. Бастапқы еңбектерде орын алған осы
жүйелік бөлу күні бүгінге дейін дәстүрлі атына ие болып қолданылып
келеді:
а) Сөздіктер жүйесі (лексикографиялық аспект).
б) Сөз мағыналарының жүйелік қатынасы: антонимия, синони-
мия, омонимия, полисемия.
в) Актив, пассив лексика жүйесі немесе лексиканың жүйелік
қатынасы сөздік құрамның тақырыптық топтар, ЛМТ-ға жіктелуінен
анық байқалады. Мұнда негізінен, зат есімдер мол орын алады. Мысалы:
киім-кешек атаулары, жан-жануарлар атауы, табиғат құбылыстары ата-
улары т.т. Сонымен қатар, жүйелік қатынас әртүрлі сөз мағыналарынан,
олар білдіретін ұғымдардың жүйелі түрде орналасуынан көрінеді.
Тақырыптық топтар, семантикалық өріс, концептілердің құрылымдық
жүйелері лексикалық жүйенің күрделі түрлері болады, сонымен бірге,
олар өз ішінде жүйелік жиынтықтардан тұрады. Бұлар жүйе ішінде
кіші жүйешелерді құрап, сол бойынша мағыналары жалғасып не-
месе қарсы келеді. Мәселен: тілдегі оппозициялық қатынастар – си-
нонимия, омонимия категорияларын көрсетсе, таза оппозициялық
қатынас антонимиялық жүйені құрайды. Полисемантизм – белгілі-бір
заңдылық бойынша дамитын тілдегі жүйелік қатынастың күрделі түрі.
Ал үшінші жүйелік қатынастардың көлемінде орыс, қазақ тілшілері
сөз кластары қабаттарын қарама-қарсы қойып қарастырады. Мәселен:
кірме лексика – төл лексика; сөздік құрам – негізгі сөздік қор; актив
– пассив лексика т.т. Ә.Т.Қайдаров қазақ тілі лексикасын этнолинг-
вистика тұрғысынан «Табиғат», «Адам» және «Қоғам», деген үш
салаға бөліп: «ғылымдағы идеографикалық классификация бойынша
анықталатын микросистемалық ұғымдардың бәрі осы үш саланың ая-
сына толық сыяды екен» – деп жазады [45, 36]. Т.Қордабаев құрылым
мен жүйені: «құрылым – тек қана қатынастар мен байланыстардың
торы, схемасы, ал жүйе – өзара байланысқа, қарым-қатынасқа келе
алатын элементтердің де, олардың байланыстарының да жиынтығы»
– деп анықтайды [46,119]. Ал Б.Қалиев жүйенің мынадай белгілерін
көрсетеді:
а) «жүйедегі элементтердің көптігі...»;
б) «заттардың (ұғымдардың) бір-біріне ұқсас, жақын болуы...»;
в) «жүйе элементтерінің біртектес, бірыңғайлас болып келуі»;
г) «бір-бірімен мағыналық, ұғымдық жағынан байланысты бо-
луы, бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста, бірлікте және тұтастықта
болуы...;
д) «әрбір жеке элементтің бір-біріне бағыныштылығы,
тәуелділігі»;
е) «бір-бірімен теңестіруге немесе салыстыруға болатын
элементтердің ғана емес (яғни ұқсас жақтары ғана емес), сонымен
бірге, жүйеде бір-біріне қарсы қоюға болатын біртектес элементтерінің
де (яғни өзгешелік жақтарының да) ұшырасатындығы...»; [47, 5-6].
Ал Б.Хасанов анықтамалық сөздік ретінде шыққан «Қазақ тілі»
энциклопедиясындағы «Тілдік жүйе» атты мақаласында жүйені
«Тілдік жүйе – табиғи тілдің ішкі заңына лайық (үйлес), сөздік құрам
мен грамматикалық құрылыстың тұрақты қарым-қатынасқа түскен
элементтерінің бірлігі мен тұтастығы. ...Тіл – таңбалар жүйесінің ерек-
ше түрі. ол екі қалыпта жүйеленген. Бірі – тілдік тұлғалар қатынасының
«тік» қалыпта жүйеленген ережелері мен заңдары (парадигмати-
ка); ...Екіншісі – тілдік тұлғалар қатынасының «көлденең» байланы-
сты қалыптасқан жүйесі (синтагматика)», – деп анықтайды [48,421].
Міне, осындай белгілерінен кейін, жүйеге «...тіліміздің лексикалық
жүйесі деп – бір-біріне жақын, ұқсас, біріне-бірі тәуелді, байланысты,
сондай-ақ, бір-бірімен тығыз бірлікте, тұтастықта болатын, бірінің
құрамына бірі сатылап енетін біртектес бірнеше элементтердің тобын,
жиынтығын айтамыз» [48, 421].
орыс тіл білімінде лексиканың жүйелік қатынасын қарастыру
неғұрлым күрделі түрде жүргендігі байқалады. орыс тіл біліміндегі
лексикалық жүйені сөздің екі жағдайда байланысқа түсетін
қасиетіне орай парадигматикалық және синтагматикалық жүйелерге
бөліп зерттейді. Сондай-ақ, кейбір зерттеушілер араласқан жүйе –
эпидигматикалық жүйені олардың санына қосады. А.К.Жұмабекова
орыс тіл білімінде лексиканың жүйелік мәселесін осы тұрғыда
58
59
шешуді дәстүрлі түрде зерттеген жөн деп есептейді. Сонымен қатар,
ол бұл дәстүрлі түрдегі зерттеуге логикалық және деңгейлік, өрістік
зерттеулерді қосып, оларды төрт түрге жіктейді. дәстүрлі жүйенің
мәселесінде үлкен рөл атқаратын парадигматикалық қатынас және
синтагматикалық қатынас, олар өз ішінен әртүрлі байланыстар
құрайды. Парадигматикалық қатынасты Э.в.Кузнецова екіге бөледі:
сөздік оппозициялар және сөз кластары [49, 43]. Сөзбелік және сөздік
оппозициялар – екі сөздің тұлғасы немесе мағыналық құрылымы
жағынан ортақтық қасиетке ие болып қатынасқа түсуі. Сөзбелік оппо-
зиция үш типке бөлінеді:
а) формалды оппозициялар;
б) семантикалық;
в) формалды-семантикалық.
Формалды оппозицияға ортақ морфемикасы болғанымен,
мағынасы үйлеспейтін сөздер жатады. Мысалы: салу – салыну; хат
жазу – дастарханды жазу; семантикалық оппозицияға ортақ семалары
бар, мағыналық жақындыққа ие, бірақ ортақ морфемалық құрылымы
жоқ сөздер жатады. Мысалы: қой – «түлік түрі»; ешкі – «түлік түрі»
немесе ер «туыстық атау»; әйел – «туыстық атау» т.т. Формалды-
мағыналық оппозицияда форма да мағыналық компонентке ұқсас
келеді, тек ішінара өзгерістер болады: төбешік – төбе; балақай –
балақан; құлыншақ – құлын т.т. Парадигмалық байланыстың екінші
ірі тобын сөз кластары құрайды. орыс тілі лексикасындағы кластар
парадигматикасы үш түрге жіктеледі:
а) формалды класс;
б) формалды-семантикалық класс;
в) семантикалық класс.
Формалды класқа ортақ мағыналық байланысы жоқ сөздер жатады,
мәселен бір септеу жүйесіндегі зат есімдер; жіктеу парадигмасындағы
етістіктер т.т.
Формалды-семантикалық класқа мағынасы мен формасы жағынан
ұқсас сөздер жатады. Қазақ тілінде бұған бір түбірден шыққан
сөздер немесе сөзжасамдық жұрнағы ортақ сөздерді жатқызамыз.
Мәселен: жазушы, сыншы, балташы немесе алу, салу, бару, қалу, талу
етістіктерінің жіктелуін алуға болады. Семантикалық класқа ортақ
мағыналық құрылымға ие, алайда морфемдік тұлғалары әртүрлі
сөздерді жатқызамыз. Мәселен: ұнату-жақсы көру; ғашық болу – сүю
– ынтық болу; сыйлау – құрметтеу – қадірлеу – бағалау т.т. Сонымен
қатар, тіл лексикасындағы жүйелік байланыс сыртқы факторлардың
әсерінен құбылып, өзгеріп дамиды. Синхронды түрде бұл даму
сатысындағы өзгерісті қарастырғанда сөздер бір үлкен мағыналық
бірлестікте бірігіп қиылысады. Бұл бірігу тақырыптық топтарға ұқсас
болғанмен, бұнда зат есімдерден басқа да сөз таптары кездеседі. Ше-
тел лингвистикасынан келген «семантикалық өріс» теориясы бойын-
ша бөлу жүйелік байланыстарды жоғарғы деңгейге көтерді. орыс тіл
білімінде С.Г.Щур тақырыптық топтарға қарағанда, өріс теориясының
артықшылығын дәлелдеп, лексикадағы парадигмалық, синтагмалық
қатынасты ортақтастыратын категория екендігін зерттеп жазды [50, 28-
29]. Семантикалық өріс бойынша идеографиялық сөздіктер жасала ба-
стады, мәселен, Ю.Н.Карауловтың 1976 жылы және в.в.Морковкиннің
1977 жылы шыққан сөздіктерін атауға болады. Бұл сөздіктер қиюласқан,
парадигматикалық, синтагматикалық жүйелердің мағыналық байла-
нысын қамтуға тырысады. Өз еңбегінде А.К.Жұмабекова тілдің лек-
сикасын жүйесін зерттеудің моделді түрде зерттеу деп атап, Г.С.Щур,
А.в.Бондарко, Ю.Н.Караулов, А.А.Уфимцева сияқты ғалымдарға
сүйеніп, оны екіге бөледі:
«а) деңгейлі модель, мұнда жүйенің иерархиялық қатынастары
байқалады;
б) өріс моделі» [40, 23]. Семантикалық өріс моделі шетел линг-
вистикасында парадигматикалық және синтагматикалық қатынас
негізінде қалыптасқан. Бұның басты артықшылығы, әртүрлі сөз
топтарындағы сөздер мағыналық ортақтық принципі бойынша бір
үлкен өріске топтастырылады. Семантикалық өріске тақырыптық топ-
тар, лексика-семантикалық топтар терең сыйып отырады, себебі өріс
моделі өз ішінен қиюласып жатқан шеңбер түрінде көрінеді. Мысалы:
жан-жануарлар, мал атаулары лексика-семантикалық тобына мына
сөздер енбейді, мәселен: қойшы, отар, табын, жылқышы, соғым сою,
қи, тезек т.т. Бірақ бұл сөздер семантикалық өріске еніп, лексикалық
жүйенің элементтері ретінде өмір сүреді. Лексика құрамындағы сөздер
бір-бірімен тек жүйе бойынша қатынасқа түседі. Бұл қатынастарды
Э.в.Кузнецова парадигматикалық қатынастар ішінде оппозициялық
деп атайды да, үшке бөліп қарастырады:
«а) бірдейлік оппозициясы, бұнда құрылымдық семалар ешқашан
дәл келмейді, сондықтан омонимия жүйесін құрайды. Мәселен: бас –
зат есім, бас – етістік, сонымен қатар бұған синонимдердің қатынасы
да енеді.
б) привативті оппозициялар жүйесіне формалды, мағыналық
ұқсас сөздер енеді. Бұл қатынас өз ішінен екіге жіктеледі:
1) туыс емес қатынас; мәселен: су – ішімдік – сусын, тамақ – қою,
сұйық тамақ т.т.
2) гипонимиялық қатынас – тек, түр жағынан байланысты дегенді
білдіреді. Басты ұғымды білдіретін сөз гипероним деп аталады.
60
61
Мәселен: жүзу – гипоним, қозғалу – гипоним. Сондай-ақ, тұтастан
бөлікке немесе бөліктен тұтасқа принципі бойынша жүйеленген бай-
ланыс бар. Мәселен: адам – бала; бұтақ – ағаш; ит – хайуан.
в) бұл оппозициялық байланыс – эквиполентті байланыс деп
аталады [49, 43-44]. Сөз мағыналары қарама-қарсы болғанымен,
сөздер бір мағыналық жүйеде, парадигмада тұрады. Мысалы: жал –
жая. Мұнда ірі макробөлік «тамақ», микроқұрылымы «жылқы еті»,
«қадірлі қонақтарға арналған», «ханның асы» т.т. Бұл лексикадағы
қатынастардың парадигматикалық жүйесі қатынастарын құрайды.
Э.Лендваи анық гипонимдер мен квазигипонимдер (бұлыңғыр) де-
ген гипонимдер түрлерін бөліп, анық гипонимге қызғалдақ – гүлдер
түрі, антоновка – алма сорты деген мысалдарды жатқызады. «Анық
гипонимді құраушы белгілер: түр, тек, тұқым, сұрып, бөлік т.т. Ква-
зигипонимдер тектің түрдің аталымдарына өтуі немесе керісінше
болуы мүмкін құбылыстардың өлшемдерін ғана қанағаттандыруы
мүмкін, мысалы; жылқы – айғыр, ат – құлын; сиыр – бұқа;
сиыр – бұзау», – деп көрсетеді [40, 62]. М.оразов тілдегі, оның
ішінде лексикадағы жүйелік қатынастар жалпы тілге әсер етуші
экстралингвистикалық және интерлингвистикалық факторларға
тікелей байланысты екендігін ескертеді. Экстралингвистикалық
фактор лексикадағы әртүрлі оппозицияларға толы жүйе құрайды,
себебі экстралингвистикалық – сыртқы деген сөз. ол былай дейді:
«Семантикалық парадигма дегенде біз белгілі топтағы сөздердің
өзара мағыналық жақындығымен, сыбайластығымен (синонимдік,
антонимдік, ұштас мәндес болуымен) байланысты топтастырылып,
араларындағы семантикалық байланысты белгілеуді айтамыз» [7,
134]. Лексикадағы етістік арасындағы жүйелік қатынастың пара-
дигмасы оппозициялар ретінде көрінеді. Мәселен: кір – шық, шық
– түс, кел – кет, алыстау – ұзау, жақындау - төңіректеу т.т. Лекси-
када парадигмалық қатынаспен қатар синтагматикалық қатынас
байқалады. Бұл жекелеген сөздердің мағыналық құрылымына қарай
тіркесіп басқа мағынаға ие болуы немесе тіркесіп қолданылуы. Бұл
қатынас түрі де экстра және интерлингвистикалық ықпалдарға тәуелді
болады. Мәселен: «ит» лексемасы «иттің күшігі, иттің итақайына
дейін басыну, ит арқасы қиянда, ит жанды» деген лексикалық
тіркесімдердің құрамында әртүрлі мағыналық өзгеріске ұшырайды.
Бұнда оппозициялар солғындап, мағыналық құрылымның көшуі
ұштас мағыналық құрамға ие болуы жиі болады. Кез келген
тіркесімдердің құрамындағы сөз мағыналарының бірден бір-бірімен
үйлесе кетуі, синтагматикалық жүйенің дами бастағандығының
айғағы болады. Синтагматикалық қатынас еркін түрде жүргендіктен
синтаксистік қатынастан алшақ болады. Синтаксистік қатынаста
басты өлшем хабар беру болса, синтагматикалық қатынаста сөз
мағынасының тіркесіп, өзгеріп басқа мағыналық құрылым беру
ерекшелігі бар. Лексикалық синтагмалар немесе сөз-синтагмалар
– сөз-ономатемаларға қарама-қарсы қолданылады. Лексикалық
синтагматиканың басты заңы Э.в.Кузнецованың сөзі бойынша,
сөздердің семантикалық үйлесімділігі. Егер мағыналары үйлеспейтін
сөздер қатар тұрып жатса, синтагматикалық қатынас жоғалып,
мәтіннің мағыналық құрылымы жоғалады. Синтагматикалық қатынас
семантиканың синтаксистік құрылымға мағыналық жүйелену бой-
ынша араласуы. Бұл семантикалық қатынас сөз мағыналарының
арасындағы синтагматикалық қатынасты тудырады, сондықтан,
көбіне, семантикалық сөзінен гөрі, синтагмалық қатынас термині
қолданылады. М.оразов былай дейді: «Синтагмалық мағынаның
табиғатын түсіну, парадигмалық мағынаға қарағанда қиындық
туғызатындығы анық» [7, 151]. Ғалымның пікірінше, лексика
элементтері арасындағы синтагмалық қатынас – жалпы мәтіннің
ішіндегі сөздердің мағынасын үйлестіретін қатынас. Мысалға, қол
сөзін алсақ, көптеген сөздермен тіркесім құрап, үйлеседі, яғни «қол
салу – жағымсыз бағаға ие болса, қол алу – жағымды бағаға ие, ал
нейтралдылық сема – қол берісті». осы тіркестерге басқа сөздер
қоссақ та, олардың бәрі синтагмалық жүйенің тәртібі бойынша
мәтінге орналасады. диахрониялық аспектіге зерттеуін негіздеген
Ш.Ш.Жалмаханов түркі тілдерінің лексикалық-семантикалық
жүйесінің макроқұрылымына лексикалық семантикалық жүйені,
лексиканың семантикалық деривациясын, семантикалық дерива-
ция процесінің реконструкциясы т.т. құрылымдарын енгізеді [51,
27]. Лексикадағы жүйелік қатынастар, яғни парадигматикалық,
синтагматикалық тұрғыдағы еңбегінде Б.Қ.Момынова жүйе тура-
лы: «тіл – жүйе, яғни оған абсолютті еркіндік жат. Сондықтан да
оның белгілі бір бөлшегі өзгеріске ұшырағанмен, жүйені тұтасымен
өзгерту мүмкін емес. Тілдегі экстралингвистикалық факторлар
бұған дәлел бола алады», – дейді [52, 11]. Бұлай зерттеу, лекси-
ка элементтері арасындағы байланыс құрылымын айқындауға
мүмкіндік береді. Бұның алдында, біз қазақ тілінің лексикалық
жүйесі парадигматикалық, синтагматикалық, иерархиялық және
эпидигматикалық қатынастардан тұрады деп жазған болатынбыз [53,
55]. Парадигматикалық, синтагматикалық байланыс семантикалық
өріс моделінің өн бойынан көрінеді, себебі өріс ішінде сөз
мағыналарының бөліктері тығыз байланысқа түседі. Бұл жүйелерді
зерттеу мына мәселелерді шешуге өз әсерін тигізеді деп ойлаймыз:
62
63
а) лексикадағы логикалық пен синтагматикалық үйлесімділіктің
бір-біріне деген өзара ықпалы. олардың сөз мағыналарының
құрылымындағы макробөліктерден көрінуі, бейнесі және екі сөз
арасындағы үйлесімділік;
б) лексикадағы жүйелілік пен сөздер парадигматикасының
айырмашылығы;
в) коммуникативтілікте, сөйлеу актісіндегі лексика элементтерінің
өзара байланысу жүйесінің ерекшелігі;
г) иерархиялық қатынастың лексикадағы орны мен қызметінің
қасиеті;
д) мағыналық құрылым және жүйенің өзара ықпалдаса қиюласу
ерекшелігі. Бұл сұрақтардың бәрін шешу лексикадағы жүйелік
байланыстардың ішкі лингвистикалық мәнін анықтау, зерттеуге бай-
ланысты жүзеге асады.
Қорыта келгенде, лексикадағы жүйелердің мынадай мәндерін
аңғаруға болады: лексикалық құрамның өзі – жүйе, оның көрінісі –
құрылымнан тұрады, ал құрылым – ішкі тілдік байланыстарға құрылған.
Тілдің лексика элементтері өзара байланысқан парадигматикалық,
синтагматикалық, иерархиялық қатынас түрінде түседі. Бұл қатынастар
өз ішінен семантикалық өріс моделіне келіп топтасқан әртүрлі оп-
позициялардан тұрады, ал мағыналар үйлесімділікке орныққан лек-
сема тіркесімдерінен көрінеді. А.К.Жұмабекова өріс және деңгейлік
моделдің синтезі ретінде Л.А.Новиковтың лексиканың жүйелілігін
көрсететін схемасын кіші жүйелердің иерархиялы ұйымдасу
жиынтығының көрінісі деп береді: «лексиканың жүйелілігі – кластар
– кіші кластар – лексико-семантикалық топ» [40, 24]. Жалпы тілдің
жүйелерін Л.А.Новиков күрделі құрылым құрайды деп есептеп, олар-
ды мынадай сызбамен береді [2-сурет].
2-сурет
Бұнда SuB таңбасы қолданушыны, Z – тілдік форманы, R – тілдік
форма қатынасатын объект не шындық болмысты, S – Z көмегімен
көрінетін R туралы «жұпыны» ұғымды көрсетеді. Ал стрелкалар-
мен таңбаның әртүрлі жақтарының таңбалық ситуациялардың
аспектілерімен қатынастары белгіленген. Тілдік жүйеде кемінде екі
түрлі таңбалардың басты жүйелік қатынастардан (парадигматика
мен синтагматика) тұратыны бейнеленген. Қазіргі зерттеушілердің
көпшілігі Л.А.Новиковтың бұл схемасын тілдегі жүйелердің басты
байланысын толық көрсеткен схема деп есептейді [21,49].
Тіл – жанды жүйе ретінде белгілі бір қатынастар негізінде бір
даму сатысынан екінші даму сатысына өтіп отырады. Б.Қ.Момынова:
«Тіл жүйесі тұйықталған жүйе емес, өзі өмір сүретін ортамен байла-
нысын жоғалтпайтын үнемі қозғалыстағы, ашық, динамикалық жүйе»,
– деп жүйенің осы қасиетін айтады [52, 13]. М.оразов, И.М.Кобозева
тіл жүйесінде басты қызмет сөздің лексикалық мағынасында болаты-
ны туралы семасиолог в.А.Звегинцевтің пікірін қуаттайды да оның
құрастырған үшбұрышты схемасын мысалға алады [3-сурет].
Достарыңызбен бөлісу: |