Абай қҰнанбаевтың Әлемі мен шығармашылығына жастардың КӨЗҚарасы



Pdf көрінісі
бет18/84
Дата02.12.2023
өлшемі1,97 Mb.
#132414
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   84
Байланысты:
thesis180613

6. М. Адибаев 
аудармасы
 
[5, 144]: 
Поэзия – властитель слов, ее глубины 
И
мыслей вязь, доступны только гению 
мужчины. Достойные слова согреют сердце, 
Лишь реченья и в камне открывают вдохновенье. 
Последним станет тот поэт несчастный, 
Убогим словом ранивший язык прекрасный. 
Невежды многие кто говорит и внемлет, 
Толпа достойна их, здесь все напрасно. 
Аударма туындысы - адекватты, таза поэтикалық аударма. Абай өлеңінің негізгі 
мән-мағынасы орыстілді оқырманға барынша жеткізілген. Басқа аудармашылар тастап 
кеткен 
сөз сарасын

ее глубины
деп тамаша аударған, 
қиыстыру

мысли вязь,
ер данасы 
– гений мужчины, бишара – несчастный, надан – невежды 
сөздері аударма
 
баламалығының жақсы деңгейін көрсетеді. Әрине, 
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы
-
Лишь реченья и в камне открывают вдохновенье 
мағынасы түпнұсқадан сәл алшақ,
 
алайда
 
өрескел семантикалық бұрмалау емес. 
7.
 
Olga Shartse (Ольга Шатце) 
аудармасы
 
[6, 24]:
 
Poetic speech, the Queen of literature, implies 
 
The finest words put well together by the wisest 
bards. Words that a person easily can memorise
Words that will smoothly flow and touch the heart. 
Lines cluttered with unnecessary words 
Speak of the poet’s helplessness and lack of culture. 
Alas, there are so many ignorants among the poets, 
So many readers who’re not competent to judge. 
Аудармашының қолданған 
Poetic speech, the Queen of literature (Поэтикалық сөз

әдебиет патшайымы) 
аудармасы түпнұсқадан тікелей емес,
 
өлеңнің орыс тіліндегі
 
нұсқасынан немесе жолма-жол аудармасынан ағылшынға аударғанын көрсетеді, өйткені 
Poetic speech 
орысша
поэзия, поэтическая речь 
(женский род)
 
болып,
the Queen of 
literature (королева литературы), яғни 
сөздің
 патшасы 
емес
 патшайымы 
болып тұр.
 
Бұл 
ешқандай
 
қателік емес, қайта өлеңге жаңа сипат беріп тұрғандай жақсы әсер қалдырады. 
Өлеңнің басқа жолдары түпнұсқаға мейлінше баламалы болып, елеулі мағыналардың бәрі 
аударылған, мысалы, 
by the wisest bards (дана ақын)
– 
ер данасы, smoothly flow and touch
the heart (жүрекке жайлы тию) – Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, poet’s helplessness 
(шарасыздығы) – ақынның білімсіз бишарасы, many ignorants (көптеген надандар) – 
надан. 
Жалпы
м
ағыналық мазмұн толық сақталып тұр.
 
Әрине,
 
поэзия аудармасы
 
болғандықтан, аудармашының кейбір сөздері түпнұсқаның ұлттық калоритін тура бере 
алмайды. Алайда аудармашы барынша эквивалентті аударма жасауға тырысқан. Бұл 
аударманың жетістіктері: түпнұсқаның шынайы мағынасы, сөздерінің әсемдігі мен 
лирикасы барынша жеткізілген. Өлең сөздері жақсы ұйқасып, түпнұсқаның әуезділігі, 
рифмасы мейлінше сақталған. 
Бұл мақалада Абай Құнанбаевтың көпшілікке танымал «Өлең – сөздің патшасы
сөз сарасы» өлеңінің орысша жолма-жол аударма негізінде орындалған 4 орыс және 1 
ағылшын, түпнұсқадан тікелей аударылған 2 орыс тіліндегі көркем аудармалары 
қарастырылды. Түпнұсқа мен оның аудармалары арасындағы мағыналық, құрылымдық 
ерекшеліктерге және аудармалардың поэтикалық аударма талаптарына сәйкестігіне мән 
берілді. 
20 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 
Авторлық көзқарас негізінде ойға түйгенім, ұлы Абай өлеңдерін аударуда ақынның 
түпкі ойын, даналығын басқа тілде толықтай, тура жеткізу оңай емес. Оған қазақ тілінің 
басқа тілдерден, мысалы, орыс, ағылшын тілдерінен грамматикалық, лексикалық, 
құрылымдық айырмашылықтары, Абай философиясының тереңдігі, дана ақынның сөз 
саптауы, бейнелеу құралдары, ұлттық калорит, діл мен дін айырмашылықтары, 
аудармашылардың түпнұсқа тілін түсінбеуі, т.б. себеп. Көп аудармалардың түпнұсқадан 
тікелей емес, жолма-жол аудармадан жасалуы да соның салдары болып табылады. Ал 
жолма-жол, дәлме-дәл, сөзбе-сөз аудармалар ешқашан толыққанды поэтикалық аударма 
бола алмайды. Алайда қолда бар дүниені қастерлеп, аудармашылар еңбектерін құрметтеп, 
оларды салыстырмалы түрде қарасақ, Ю. Кузнецов пен М.Адибаев аудармалары 
поэтикалық аударма үлгісіне сай, мазмұны мен пішіні жағынан түпнұсқаға жақын 
аудармалар болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет