Абай қҰнанбаевтың Әлемі мен шығармашылығына жастардың КӨЗҚарасы


АБАЙ-ДАНА, АБАЙ- ДАРА ҚАЗАҚТА



Pdf көрінісі
бет82/84
Дата02.12.2023
өлшемі1,97 Mb.
#132414
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84
Байланысты:
thesis180613

АБАЙ-ДАНА, АБАЙ- ДАРА ҚАЗАҚТА 
Хасанова Нургайша Адилхановна 
Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті 
Тараз қаласы 
asanovvann@gmail.com 
Абай өнер мен білім жолындағыізденісін өз бетімен үйреніп, дамытады. 80-інші 
жылдардың ортасында Абай ақындық жолға бет бұрды. Абай өлеңдерді үзбей жазуға 
тырысқан. Бірақ, сол кездегі ел арасындағы тартыстар біріңғай ақындықпен айналысуға 
мүмкіндік бермеген. Абай ақындық жолға бет бұрғанда өлең жолдарын білімге, өнер мен 
мәдениетке арнады.Ол 1885 жылы «жасымда ғылым бар деп ескермедім» -деген тұңғыш 
шығармасын жазған. Осы өлең тұңғыш шығармасы болуымен қатар, ақындық өнер 
жолындағы Абайдың ізденісін танытады. Бұл өлеңінде ақын ғылым мен білімді зерттей 
алмағанына өкініш білдіруімен бірге, болашақта жастар қапыда қалмай өнер мен білімге 
ынталанып, еңбектенуіне жөн сілтейді. 
Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап, 
Бұларды керек қылмас ешкім ұалап. 
Терең ой, терең ғылым іздемейді, 
Өтірік пен өсекті жүндей сабап. 
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, 
Сонда толық боласың елден бөлек. 
Әрбір адамның бойында ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек қасиеттері бар. 
Адамның осы қасиеттері туралы Абай он жетінші қара сөзінде жазған. 
Дүниеде еш нәрсе өз мұратына қайратсыз жете алмайды. Ғылым мен білімді оқып 
үйрену,жалықпай іздену-қайраттың ісі. Адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып 
алатын да-ыстық қайраттың ісі. Біз ғылым мен білімді ақылсыз үйрене алмаймыз. Адамның 
әрбір сөзі де ақыл-санадан өтеді. Ал жүрек болса ол адам денесінің патшасы. Адамның 
142 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 
жаны да жүректе мекен қылады, адам бойындағы қан да жүректен тарайды. Адамға 
жанын ашытып, кішіге рақым қылдырып, улкеннен ұят сақтайтын-жылы жүрек. Айтып 
кеткен қайраттың қасиеттері рас. Бірақ қайрат кейде жамандықты берік ұстап кетеді. 
Ақылсыз ештеме табылмайтыны да рас. Бірақ амал да, айла даақылдан шығады. Жақсы 
мен жаманның екеуі де ақылға сүйенеді. Жақсы мен жаманға іздегендерін тауып беретін 
ақыл. Ақылдың қыры көп, жүрек ақылдың көп қырына жүрмейді. Жақсылық айтқанға 
көніп, жамандық айтқанға ермейді. Қайраттың да күші мол, оны да жүрек еркіне 
жібермейді. Орынды іске күшін аятпайды, орынсыз жерге қолын босатпайды. 
Абайдың қарасөздері-ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, даналық 
дүниетанымын көрсететін прозалық шығармалар. Оның қарасөздерінің жалпы саны 
қырық бес бөлек, олардың тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. 
Абайдың алты-жеті қарасөздері қысқа болса, кейбіреуі тақырыбы жағынан 
ауқымдыболып келеді. Абай өзінің қарасөздерінде шығарманың көркіне ғана назар аудара 
қоймай, сонымен қатар шығарманың тереңдігі мен идеясына зер салған. Оның қарасөздері 
жалпы қазақ халқына ортақ асыл сөзге айналды.1918 жылы Семейде шыққан «Абай» 
журналдарында Абайдың бірнеше қарасөздері жарық көрді. Содан кейін оның қарасөздері 
француз, қытай, орыс және т.б көптеген тілдерге аударыла бастады. 
Ақын өзінің талантты шәкірттерін тәрбиелеп өсірді. Абайдың ізбасар шәкірттері 
Шәкәрім, Көкбай, Ақылбай, Кәкітай және Мағауия болды. Абай көзі тірісінде өзінің 
өлеңдерін жинаған емес. Олардың әрқайсысын бір жапырақ қағазға жазып, жастарға 
таратып бере берген. Олар Абайдың өлеңдерін жаттап алып отырған. Сөйтіп Абай 
өлеңдері қазақ даласында ауыздан ауызға таралып кете барды. Оның өлеңдері қолдан 
қолға көшіріп алынды. Ондай қолжазба көшірмеге ие болу әрбір сауатты қазақ үшін зор 
ғанибет болатын. Кейінірек Абайдың туындыларын оның ұлы Тұрағүл жинастыра 
бастады. Абай өлеңдерінің ең алғашқы жинағы 1909 жылы ақын Кәкітайдын арқасында 
Қазан қаласында басылып шықты. Абай Құнанбаевтың өлең- дерін жинауға және 
бастырып шығаруға көп күш-жігер жұмсап, игі ықпал еткен адал ақын Көкбай 
Жанатайұлы (1864—1927) болды. Ол өлеңдер белгілі қоғам қайраткері Әлихан 
Бөкейханұлының редакциясымен басылып шықты. 
Абай отандық тарихымыз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алады. Абай қазақтың 
ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалады. Ақынның мол әдеби мұрасы тек бір халықтың 
ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы болып саналады. Қазақстанда ұлы Абайдың 
есімі көптеген елді мекендер мен көшелерге, Алматы Ұлттық университетіне, Алматы 
қаласындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрына берілген. Ұлы 
ақынның құрметіне Қазақстан мен Ресейде ескерткіштер орнатылған. Қазақстанның 
жоғары оқу орындарында Абай шығармашылығына арналған халықаралық және 
республикалық ғылыми конференциялар жыл сайын өткізіліп тұрады. 
Ұлы Абай қазақ халқының руханияты мен мәдениетінің символы болып табылады. 
Оның ілімі халықтың рухани жаңғыруымен тығыз байланысты, ал даналығы қазіргі 
заманмен үндес. Абай шығармашылығымен танысу сананы оятып, ойға ой қосады, жаңа 
көңіл күй мен сезімге бөлейді, асыл армандарға жетелейді, өзіңді өзің талдап тазаруға 
итермелейді. 
Кемеңгер бейнесі көптеген аса көрнекті ақындар мен жазушылардың, суретшілердің 
назарын аударып келеді. Ұлы ақын өз дәуірінің арожданы болған сол кезеңдегі қазақ қо-
ғамдық ойы мен әдебиеті Абай есімімен тығыз байланысты болды. 
Әлем әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезов дербес әдебиеттану ғылымы ретіндегі абай-
танудың негізін қалады. Ұлы ақын туралы «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы: «Ол 
143 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 
өз халқының тарихында биіктен көрінеді. Ол қазақ халқының көп ғасырлық мәдениетінен 
озығын алып, бұл қазынаны әлемдік және орыс мәдениетінің игі ықпалымен байытты», 
деп Абай талантына жоғары баға берді. 
Әрине, Абай тірі күнінде өз кітаптарын көрген жоқ, алайда оның шығармашылық дәс-
түрін жалғастырған рухани шәкірттері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар 
Әуезов оның әдеби мұрасының бүкіл жер шарына таралуына ықпал етті. 
Шынайы өмірдің барлық құбылыстарына өзінің өткір де сергек ойын білдірген ол 
халықтың сана-сезімін оятып дамытатын бейнелер сомдады. Абай шығармаларын қайта-
қайта оқи отырып, шынайы бейнелердің көркемдік қуаты мен идеялық мазмұнының 
санқырлылығына және тақырыптық әралуандығына орай Абай шығармашылығының 
нағыз өмір энциклопедиясы екендігіне тәнті боласың. Адамдардың типтік түрлері, 
портреттік суреттемелер, табиғат пен тұрмыстың қаныққан әсерлі бояулары, лирикалық 
ой толғаныстары тұтастана келіп, бізден алыс өмір ақиқатын көз алдымызға әкеледі. 
Абай шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған, оның ақындық талантына 
шет елдердің ақындары мен жазушылары, әдебиет сыншылары кеңінен үн қатты. Оның 
шығармашылығы туралы мақалалар, «Қара сөздеріне» арналған зерттеулер Корея мен 
Қытайдан, Үндістан мен Ираннан, Еуропа елдері мен АҚШ-қа дейінгі әлемнің көптеген 
мемлекеттерінде жарияланды. Бұл мақалалар мен зерттеулерде ұлы ақын шығарма-
шылығының Батыс пен Шығыс елдерінде қабылдануы кеңінен қарастырылып, оның әлем 
әдебиетіндегі рөлі ашып көрсетілген. 
Бүгінгі күні Абай мұрасы әлем мәдениеті қазынасының ажырамас бір бөлігіне 
айналды, ал оның есімі қазіргі заманның ұлы ақындарының қатарында тұр. 
Абай мұрасы – түркі мәдениетінің бір бөлігі. Өзбек ғалымы Абдулла Рустамов Абайды 
«адам жанының емшісі» деп атаған болатын. Ол пайымдағандай, Абай шығармалары 
ғасырлар сүзбесінен өткеннен кейін де өзінің өзектілігі мен маңыздылығын жойған жоқ. 
«Өлең жолдарынан көптеген сұрақтарға жауаптар табуға болады, жаралы жүректі емдеуге 
болады, жаңа арманға беріліп, қиял жетегінде кетуге болады, жай ғана – оның тақуа 
сөздерінен жаңылып қалуға болады. Ақын өлеңдері – бұл жаралы жүректер қуанышы, бұл 
әлсіздер үшін күш, бұл түңілгендер үшін тірек пен қолдау». А.Рустамов Абай поэзиясын 
«өз бастауын биік те қуатты таудан алатын» ұлы сарқырамамен салыстырады, ал 
«адамдардың көңіл күйі үшін оның өлең жолдары өмірді жасартатын сиқырлы сусын 
ретінде қызмет етеді». 
«Абай – қазақтардың ғана емес, барлық түркі халықтарының да рухани әкесі. Абай – 
біздің ортақ игілігіміз, – деп нық айтқан еді Түркияның белгілі мемлекет қайраткері 
Намык Кемал Зейбек. – Абай адамзатқа қажет! Біз Қожа Ахмет Ясауиді, Абайды, өткен 
ғасырлардың басқа дана адамдарын өз әкелеріміздей біліп құрметтеуіміз керек». 
Абай шығармашылығы Еуропа мен АҚШ-қа да белгілі. Қазақ ақын-жазушыларының үлкен 
досы Леонард Кошут қаламынан Абайдың 20 өлеңі алғаш рет неміс тіліне аударылып шыққан 
еді. Осы аудармашы Берлиннен «өзіндік, қайталанбас, терең мағына мен маңызға толы Абай 
сөздерінің інжілдік-шығармашылық қуаты» өзін таңғалдырғаны туралы жазады. «Оның 
поэтикасы сіресіп қалған дәстүрлерді өлең құрылысына, бейнелілігіне, дауыс ырғағына дейін 
бұзады, аудармашы ақын алдына күрделі мәселелер қояды...» деп таңданады ол. Абай 
өлеңдері авторды түрлі көңіл күйде – батыл, мазасыз, ойлы, қайғылы, жалғыз етіп көрсетеді. 
Мұның бәрі бізге, ХХІ ғасыр оқырмандарына арналған. 
144 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 
Абай үнінің ғажайып күші туралы айтудан Францияда Мадлен және Альберт Фишлер 
еш тынған емес. Ақын, философ, ойшыл пікірінше «халықтар арасындағы қарым-қаты-
настар өзара баю, ұғынысу және құрметтеу негізінде қалыптасуы тиіс... Иә, Абай сөзін 
бізге арнайды. Абай біздің рақат күйде ұмытылып қалуымызға жол бермейді. Абайдың 
«Ескен-дір» поэмасындағы: «Жақсы болсаң, жарықты кім көрмейді, Өз бағаңды өзіңнен 
кім сұрайды?!» деген сөздеріндегі философиялық ой-толғаныстарда өсиет пен ғибрат 
үнемі байқалады». 
Ресей әдебиеттануы Абай шығармашылығына ерекше қызығушылық танытады. 
Шығыстанушы, 
түркітанушы-ғалым 
Владимир 
Гордлевскийдің 
1914 
жылы 
шығыстанушы, академик Николай Веселовскийдің 70 жылдығына арналған «Шығыс 
жинағына» Абай мен Міржақып Дулатов шығармаларын енгізгендігі белгілі жайт. Әдеби 
байланыстардың осы даңқты дәстүрлерінің жалғасындай РҒА М.Горький атындағы Әлем 
әдебиеті институты РФ және ТМД халықтары әдебиеттері бөлімінің меңгерушісі, Ресей 
Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Қазбек Сұлтанов «Абай 
Құнанбаев шығармашылығын қазіргі зерттеу тұрғысында оның қазақтар үшін маңызы 
орыс әдебиетіндегі Пушкин рөлімен салыстыруға келеді», деп жазады. 
Жазушы, әдебиеттанушы, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті-
нің профессоры, филология ғылымының докторы Николай Анастасьев Абай туралы 
«Абай. Ұшудың ауырлығы» атты «Тамаша адамдар өмірі» сериясы бойынша шыққан 
кітабын (Мәскеу, 2008) Абай өмірі мен шығармашылығына арнады. Ғалым өз еңбегінде 
Абай «жас күнінен жыр ортасында өсті, ол ырғақ пен дыбыстың баласы еді. Бұл туралы 
Мұхтар Әуезов өзінің роман-эпопеясында тамаша суреттеген. Баяндау сөзі үнемі 
өзгеріске ұшырайды, бірде бірқалыпты жылжып, енді бірде арғымақтың жүрдек 
жылдамдығын алады. Абай поэзиясының ырғақты кейпі де осындай – бірде одан 
керуеннің қалыпты қозғалысы байқалады, бірде алыстан дала тынысын бұзған құмның, 
жер қыртысының үнсіз қимылы, енді бірде аң аулайтын құс самғауы, тағы бірде ат 
тұяқтарының тықылы естіледі», деп тамсана жазды. 
Абай әлемді бағындыруда. Оның өлеңдері корей тіліне Абайдың 100 туындысын 
аудар-ған Ким Бён Хак үшін «жүйрік аттың шабысын бейнелейді, өмірлік күш-қуатқа 
толы. Оның арғымақтары гүлге толы даламен желіп келе жатқандай әсер беріп, қоршаған 
ортаны таң-ғалдырады. Мифтік тұлпарларға айналған бұл арғымақтар даланың үстінен 
бірде шапшаң ұшса, бірде Қазақстанның ашық аспанында байсалды қалықтайды». 
Абай, ең бірінші, – қазақ халқының жаны, ал оның «қара сөздері» әлем мен адамдар 
мағынасын ұғынудың құнды кітабына айналды. Абай үні ғасырлар өтсе де өзінің қуатты 
күшін жоғалтқан емес. «Рас, бұрынғы біздің ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан 
білімі, күтімі, сыпайылығы, тазалығы төмен болған, бірақ бұл замандағылардан артық екі 
мінезі бар екен... Ат аталып, аруақ шақырылған жерде ағайынға өкпе, араздыққа 
қарамайды екен, жанын салысады екен... Бұлар да арлылық, намыстылық, табандылықтан 
келеді», деген Абай үні (Отыз тоғызыншы сөз) ғасырдан артық уақыт өтсе де өзінің 
қуатты күшін жоғалтпай, тереңдігімен таңғалдырады. 
Абайдың 150 жылдық мерейтойы 1995 жылы ЮНЕСКО деңгейінде бүкіл әлемде кеңі-
нен атап өтілді. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев кезінде ұлы Абайдың мерейтойын 
ЮНЕСКО-ның Естелік күнтізбесіне енгізу туралы ЮНЕСКО-ға хат жазған болатын. 
Елбасының осы ерлікке пара-пар әрекетінің арқасында Абай мерейтойының биік деңгейде 
атап өтілуі үлкен әлемдік құбылысқа айналып, шетелдік оқырмандардың ұлы ақын, 
ойшыл мұрасына қызығушылығын арттырғаны белгілі. 
145 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 
Абай – бүкіл адамзат игілігі. Оның поэзиясы – мәңгілік поэзиясы, даналықтың, махаббат 
пен адалдықтың поэзиясы. Соңғы жылдардағы зерттеулерде Абайдың рухани ізденістері 
терең ашылып, оның ұлттық рухани қалыптасуындағы рөлі айқындалды. Бүкіләлемдік 
қауымдастық Абайдың туған күнін 1845 жылдың 10 тамызы деп есептейді. Алайда соңғы 
кезде кейбір отандық ғалымдар ескі жыл санауға сүйеніп, оның туған күнін 23 тамыз деп 
ұсынуда. Бұл пікірталас тақырыбы емес. Әлемдік қауымдастық, Еуропа, Азия мемлекеттері 
мен АҚШ-тағы ірі әдебиеттану орталықтары, сыншылар мен баспагерлер, Абай 
шығармаларын аударушылар оның туған күнін жыл сайын 10 тамызда атап өтеді. Осымен бұл 
тақырыпқа байланысты кейбір пікірталастар мен пікірлерге нүкте қою керек деп ойлаймын. 
Қазақстан халқы Абайдың туған күнін 10 тамызда тойлайды, бұл дата мектеп және ЖОО 
оқулықтарында, ел таныған абайтанушылардың ғылыми еңбектерінде нақты көрсетілген. ХХІ 
ғасырда мәңгі жас классиканы жаңаша оқу үрдісі өтуде. Ғұлама ақын, ойшыл Абайдың 
мұрасын жаңаша ұғыну жалғаса береді, оның жалынды өлеңдері ешқашан да өзінің күшін 
жоғалтпайды. Өйткені Абай халықпен мәңгі бірге. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет