§26 РЕДАКЦИЯЛЫҚ-БАСПА КЕҢЕСІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер 1. Редакциялық баспа кеңесі – оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдар, ғылыми
жұмыстарды және олардың электрондық нұсқаларын баспаға дайындап, үйлестіру орталығы
болып табылады.
2. Редакциялық – баспа кеңесі - ҚазҰУ ректорының бұйрығымен 1 жылға құрылады.
3. Оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар мен ғылыми басылымдар бойынша
университет базасында ұйымдастырылған Редакциялық-баспа кеңесіның құрамында әл-
Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессор-оқытушылары қызмет атқарады.
4. Өзінің жұмыс барысында Редакциялық-баспа кеңесі ҚР жоғары мектебіне қатысты
заңды және нормативті құжаттарын, ҚР университеттік білім беру концепциясын және осы
«Ережені» басшылыққа алады.
5. Редакциялық-баспа кеңесінің шешімі бойынша қолжазба авторларына мазмұны
бойынша ұсыныс айтылады, қолжазбаның жариялануы немесе қайтарылып берілуі жайлы
шешім авторлар үшін міндетті.
6. Редакциялық-баспа кеңесі өзінің қызметін ҚазҰУ кафедра және факультеттердің
әдістемелік бюросымен тығыз байланыста іске асырады.
7. Редакциялық-баспа кеңесінің мәжілісі айына бір рет өтеді.
2. Редакциялық-баспа кеңесініңоқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар мен ғылыми басылымдар шығарудағы басты мақсаттары мен міндеттері 8. Басылымның негізгі тақырыптық бағытын анықтау:
- пәндердің оқу- әдістемеліктермен қамтамасыз етілуін қадағалау; қазіргі заманауи
талаптар және білім технологиясының деңгейіне сай оқулықтары жетіспейтін немесе
оқулықтары жоқ пәндерді анықтау;
- ҚазҰУ-дың баспасынан шығатын оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың
келешек және ағымдық жоспарларын құрастыру;
- студенттерге, магистранттарға және PhD докторларына арналған оқулықтар мен
ғылыми әдебиеттердің сапасын арттыру мақсатында қолжазбаларды конкурстық іріктеу.
ҚазҰУ-дың оқытушыларына қолжазбаларын дайындауға жәрдем беру (қолғабыс
жасау):
-
Оқу-әдістемелік жұмыстардың маңызды бағытын анықтап, оларды келесі тапсырысқа
дайындау және қолжазбаларды рәсімдеуге көмектесу ;
-
ҚазҰУ-дың оқытушыларының оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиет қолжазбаларын
топтастыру (үйлестіру);
-
Қолжазба авторларына қаламақы төлеу жайлы ұсыныстар.
10. ҚазҰУ-дың РБК-сына түскен оқулықтар,оқу-әдістемелік құралдар және ғылыми
жұмыстарға (әдебиеттерге) пікір беру:
- ұсынылған қолжазбаларға пікір беру және сараптама жасау;
- қолжазбаның жариялануы үшін барлық талаптарға сәйкестігіне байланысты шешім
шығару.