143
ҚОРЫТЫНДЫ
Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеудің
негізгі тиімді жолы білім
алушыларға білім берудің әрбір деңгейіндегі пәндік білім беру мазмұны мен
әдістемесін жетілдіру жолдарын жан-жақты дамыту деп есептейміз.
Математиканы оқыту процесін ұйымдастыруда мәтінді есептердің ішінде
қаржылық-экономикалық мазмұнды есептерді шығару негізінде оқушылардың
қаржылық сауаттылығын қалыптастыру бүгінгі өмір талабына сай жеке тұлғаны
тәрбиелеудің негізгі жолдарының бірі деуге болады. Себебі, мектеп
оқушыларының болашақ өміріндегі өндірістік қарым-қатынастардың әрекет ету
заңдылықтары олардың жеке қызметіне тікелей байланысты.
Орындалған диссертациялық жұмыс теориялық және эксперименттік
сипатқа ие және
педагогикалық-психологиялық, дидактикалық-әдістемелік,
ғылыми-көпшілік әдебиеттерге талдау жасалып, келесідей жұмыстар
орындалды:
1. Зерттеу барысында жалпы білім беретін мектепте оқушылардың
функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориясы мен практикасы
зерттеліп және оның жай-күйі айқындалды. Зерттеу
барысында оқушылардың
мәтінді есептерді шығару арқылы қаржылық сауаттылығының қалыптасуы
деңгейі олардың математикалық дайындығына қойылатын талаптарға жауап
бермейтінін көрсетті.
2. Отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне, педагогика
ғылымындағы және халықаралық зерттеулердегі функционалдық сауаттылық
ұғымының әртүрлі түсіндірмелеріне талдаулар негізінде «Функционалдық
сауаттылық», «функционалды математикалық сауаттылық» және «қаржылық
сауаттылық» ұғымдарының мәні нақтыланды.
Функционалдық сауаттылықтың түрлері айқындалып, олардың мазмұндық
ерекшеліктері сипатталды. Олардың ішіндегі «экономикалық сауаттылық» пен
«қаржылық сауаттылық» ұғымдары бойынша
ғалымдардың пікірлері
қарастырылды.
3. Математиканы оқыту процесінде оқушылардың қаржылық сауаттылығын
қалыптастыру құралы ретінде мәтінді есептердің классификациясы айқындалып,
олардың мазмұндық ерекшеліктеріне талдаулар жасалды.
Оқушылардың қаржылық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған
мәтінді есептердің математикадан оқу бағдарламасында қамтылуы зерделеніп,
мәтінді есептердің орны мен маңыздылығы тұжырымдалды.
4. Математикалық есептер теориясы мен есептерді шығаруға үйрету
мәселелері зерделеніп, мектеп математика курсында оқушыларға қаржылық-
экономикалық мазмұнды есептерді шығаруды оқытып-үйретудің әдістемелік
негіздері айқындалды.
Қолданыстағы математика оқулықтарының
мазмұнындағы қаржылық
ұғымдарға, қаржылық-экономикалық мазмұнды есептерге талдаулар жасалып,
оқушыларға мәтінді есептерді әртүрлі әдістермен және бірізділікті кезеңдермен
шығаруға үйретудің әдістемелік ұсынымдары тұжырымдалды.
144
5. Математиканы оқытуда оқушылардың қаржылық сауаттылығын
қалыптастырудың әдістемелік жүйесі және оның құрамындағы оқыту
мақсаттары, мазмұны, әдістері, құралдары мен ұйымдастырудың формалары
айқындалды.
Оқушылардың қаржылық сауаттылығын қалыптастыру үшін математиканы
оқыту процесін ұйымдастырудың
әдістемелік тәсілдері, дидактикалық
қағидалар, оқыту әдістемесі ұсынылды.
Мектеп математика курсының тақырыптары мен PISA халықаралық
зерттеуі бойынша 5-10 сынып оқушыларының қаржылық сауаттылығын
қалыптастыруға бағытталған қаржылық-экономикалық мазмұнды мәтінді
есептерді шығаруға үйрету әдістемесі жасалды.
6. Математиканы оқытуда мәтінді есептерді шығаруға үйрету арқылы
оқушылардың қаржылық сауаттылығын қалыптастыру
әдістемесінің және
әзірленген оқу құралдарының оқу процесінде қолданудың тиімділігі тәжірибе
жүзінде тексеріліп, дәлелденді.
Зерттеудің нәтижесі бойынша мынадай ұсыныстар жасауға болады:
1. Орта мектепте математиканы оқыту процесінде экономикамен пәнаралық
байланысын жүзеге асыру негізінде математикалық ұғымдардың қаржылық-
экономикалық ұғымдармен байланысын көрсетуге болады.
2. Орта мектеп оқушыларын мәтінді есептерді шығаруға үйрету арқылы
қаржылық сауаттылықты қалыптастыру бойынша жүргізілген әдістемені жалпы
орта білім беретін ұйымдардың математика мұғалімдері өздерінің тәжірибелік
қызметтерінде
қолданып, оқушылардың қаржылық сауаттылық деңгейін
жоғарлатуға болады.
2. Математикалық білімді дамыту мақсатында қаржылық-экономикалық
мазмұнды мәтінді есептер мен TIMSS, PISA халықаралық зерттеулеріндегі және
ұлттық бірыңғай тестілеуде кездесетін есептер әрбір сыныптың жас ерекшелігіне
қарай қолданылса, қаржылық сауаттылықтың сатылап дамуына септігін тигізеді.
3. Ұсынылып отырған диссертациялық жұмыс орта мектепте оқушылардың
қаржылық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесін жетілдірудегі зерттеу
жұмыстарының бірі болады және диссертацияда алынған нәтижелер
оқушылардың оқу мақсаттарына қол жеткізуіне, қаржылық ұғымдарды меңгеру
арқылы өз
қаражаттарын дұрыс жоспарлауды, үнемдеуді, отбасы бюджетін
үлестіруді, несие және оның түрлері туралы түсініктер қалыптасып, қаржылық
сауаттылықтарының деңгейі жоғарлауға негіз болды.
Мектеп
оқушыларының
қаржылық
сауаттылығын
қалыптастыру
әдістемесін дамыту мәселелері бойынша зерттеу жұмысының болашағы
оқушылардың кәсіби, шығармашылық және тұлғалық қырларында терең
қарастырумен байланысты болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: