Кейіннен қазақ жазуы латын алфавитінің нёгізінде
дамыды. Латын алфавиті дүние жүзіне ең кец тараған
графика, Латын алфавитінен небары 29 гана әріпті пай-
далана отырып, 20—30-шы жылдары алуан түрлі кітап-
тар шықты. Орыс графикасына 1940-шы жылдары көш-
тік, мұнда 42 әріп пайдаланылады. Бұл жағдай орыс
тілін үйренуге көп көмек жасады. Шоқан, Ыбырай,
Абайлардың аңсаған орыс тілі мен әдебиетін, орыс ғы-
лымы мен мәдениетін меңгеру жолында үлкен роль ат-
қарды. Тіпті үңіле берсек, орыс алфавитіне негіз бол-
ран ескі славян алфавиті — кирилика, ал кириликаның
арғы тегі грек-латын графикасына барып тіреледі. Де-
мек, революцияға дейін қазақ халқында ешбір жазу, оқу
болмады деп қарау шындықтан алшақ кетеді.
Демек, араб әрпімен қазақ тілінде кітап шығаруға
Қазан қаласының, ондағы озық ойлы зиялы адамдар-
дың қазақ халқы мен татар халқының арасындағы ру-
ханіг, тілдік, баспагерлік үлкен байланыстың болуына
біраз ықпал жасағанын атап айтқан дұрыс. Олардан құ-
рылыс салу, іс тігу, кірпіш күйдіру, сауда-саттық қаты-
настарын жасауды үйренгеніміз жайында Абай: «Олар
солдаттыққа да шыдайды, кедейлікке де шыдайды, қа-
заға да шыдайды... Едбек қылып, мал табудың да жо-
лын солар біледі. Оның бәрі — бірін бірі қуып қор бол-
май, шаруа қуып, өнер тауып, мал тауып зор болғандық
әсері»1,— дейді. Бұл татар халқы туралы, ұлттар ара-
сындағы игі қатынастар жайлы ұғым, әсіресе араб әргіі-
мен қазақ тілінде кітап шығарудағы, араб әрпінің бар-
лык түркі тілдес халықтардың сауат ашудағы прогрес-
шіл ролі жөніндегі пікір.
Ал Шоқанның сынайтын татарлары — қазақ даласы-
на ислам діні фанатизмінің туын тігуге келген, құлқын-
ның құлы болған, тек күн көрудің қамын көздеген та-
тардың арамтамақ молдалары. Олардың мақсаты —
біздің азат сахарада кең өскен халқымызды «мұсыл-
мандық кейпіне түсіру», «мұсылмандықтың тар кебінін
кигізу». Осындай жағдайды аңғарта келіп ІИокан:
«Жалпы қазақ халқының алдында, европалық цивили-
зацияға жетуде орыстардың византиялық дәуірден өт-
кені сияқты, татарлардың дінге негізделген қауіпті перс
пектива тұр... Ой мен сезімді тек тежеу қабілеті бар,
өлі схоластикаға бөленген татар ағартушылығы санасы
Достарыңызбен бөлісу: