соны және жаңалықтың қандайын болса да тез қабыл-
дағыш казақ халқына не бере алады? Біз қайткен күн-
де де татар дәуірін айналып өтуіміз керек, ал үкімет біз-
те бұл жағынан көмектесуі қажет... Осы адам сүйгіш істі
тындыру үшін, ең алдымен, тек ислам идеясы мен мол-
даларға деген қамқорлықты тоқтату және округтегі та
тар мектептерінің орнына, орыс мектегітерін ашу ке
рек»1,— дейді.
Шоқанның өзі өмір сүрген кездегі дүние жүзіндегі
рухани жағдайды жақсы білетіндігі соншама, сол кез-
дегі Америкада істелініп жатқан кейбір прогресті мәсе-
лелерді Россияға үлгі етіп көрсете келіп: «Құрама Штат-
тар үкіметі ирокездер, гриктер, шактоустер және баска
да қызыл нәсілдерді мәдениеттендіре бастағаннан оері
бұл елде үнді соғыстары тоқтатылды деуге болады. Құ-
рама Штаттарында 1858 жылдан бері үнділіктер үшін
162 мектеп және отырықшылықты кабылдағысы келетін
жабайыларға жәрдем беру үшін үнді қоры құрылды»2,—
дейді. Бұл жерде Шоқан ислам дінін таратуда, орнық-
тыруда тек «татар молдаларының ықпалын әлсіретуді»
тана карастырмай, сонымен қатар көшпенділіктен оты-
рықшылыққа ауысуды да арман етеді.
Татардың фанатик молдалары орыс үкіметінің отар-
шылық саясатын қолдап, өздерінің құлқынына тартып,
■Сахара халқының тап-таза санасын дінніқ уытымен
уландыруға ұмтылды, «пара алды, екі жүзділікке үй-
ретті, орта азиялықтармен қосылып, аңқау қазақты' ал-
дап соғуда. «Аңқау елге арамза молда» деген осы. Та-
тардың діни ағзамдары мұсылманның кезбе сұрқияла-
рына өне бойы қамқорлық жасап, олармен ортақ ұғым-
да келіп, тіл тапты, бұған Мансұровтын,3 ісі дәлел бола
алады. Онда көрсетілген молдалардыд бәрі де онымен
тілдесіп тұрған, көпшілігі оның мүриді саналған. Содан
кейін біздің қырда діни орындар кімнің қолына беріл-
ген, казақ халқының діни өнегесі, діншілдігі кімге тап-
сырылған дейсіз! Мұндай қоғамдық қиын мәселеге сот
қатынасы, неке ісі қалай екенін білу керек болар. Бізде
молданың көпшілігі татарлар, олар шетінен алдамшы
келеді. Бұлар өз жазуын әрең игерген, барып тұрған
білімсіз дүмшелер болса да, рахымсыз қараңғылыққа,
Достарыңызбен бөлісу: