тағы надандыққа шырмалғап тақуалар. Барлык жағы-
нан алып қарағанда да, қараңғылық тұңгнығына түскен
жандар»1,— дейді.
Қазақ даласына, сауатсыз елдің арасына молда бо-
лып келу үшін татар, башқұрт жерінде түратын шала
сауатты муриттер Уфадағы муфтиге емтихан тапсырған.
Емтиханнан өту үшін пара беру қажет. Бұл жайды жак-
сы білетін Шоқан: «Дүниеде орыстың мұсылман ағзам-
дарынан өткен паракорлар бар ма екен. Россияның ең
жоғарғы мұсылман діни ағзамының қолына акша ұс-
татпай тұрып, өтініш айтуға болмайды. Уфадағы мұсыл-
манның діни жиынына қатынасқан бір башқұрт былай
дейді:—«Мұнда Муфтиден бастап хатшының, казының
және Хусни хатшының да аузын алу керек»2,— деп көр-
сеткен.
Демек, пікірімізді қорыта айтқанда, Шоқанның
«қайткенде де біз, қазақтар, татар дәуірін аттап өтуіміз
керек», татаршылдық европалық цивилизацняға, дүние
жүзілік мәдениетке жақындатпайды, алыстатады^ дей-
тін татаршылдығында, татар халқы емес, оның дүмше
молдалары, парақорлары, өзін пайғамбармын деп та-
нытпақ болған Мансуров сияқты алаяқтары.
Ислам дінін қазақ арасында таратуда кертартпа
роль атқарған екінші топ — Орта Азиядан шықкан дін
иелері — қожалар, әулиесымақтар. Шоқан ислам діні-
ніқ бұл топтарының да зұлымдық іс-әрекеттерін, халық-
ка істеген киянаттарын айқын әшкерелейді. Мысалы,
мұсылман Шығысында Мұхаммедтің ұрпақтары өздерін
халықтан ерекшелеп, «сейт, шейх, қожа, әмір» деген
атак пен діни бекзадалар сияқты «өзінше бір жоғарғы
дәрежелі тап болып отыр»3,— дейді.
Сейттер, шейхтер, кожалар халыктың караңғылығын
пайдаланып, дінді, дін иелерін, демек, өздерін-өзі дә-
ріптейді. Мухаммед: «Менің ұрпакдарым лайыкты бол-
са да, болмаса да кұрметтеңдер* оларды кұрметтеген-
дерің мені кұрметтегендерің болып табылады»4,— депті-
мыс дейді Шоқан.
Осы аталып отырған Мухаммед кім, ол туралы Шо-
қаннын. ойлары қандай? Діни түсініктегі Мухаммед —
Достарыңызбен бөлісу: