әркайсысымыздың да борышымыз»1.— деп «Қазақ хрес-
томатиясында»
халық өкілдеріне, ел азаматтарына үн-
деу тастайды.
Сонымен қатар, күнделікті өмірді енжарландырып,
келешектен үміт үздіріп, білім мен ғылым таратуға ті-
келей кедергі болып тұрған дін мен дін иелер^е карсы
Ыбырай күреске шығады,
халық арасында діни фана-
тизмді жою — мақсатқа жетудід бір жолы деп біледі.
«Ғылыммен қаруланған, дүниеге дұрыс көзқарасы бар
адамдар қазақ арасында көбейіп, бүкіл
халықка эсер
ете алады, татар (діни) фанатизмінің де күлі көкке
ұшады»2,— дейді ол.
Ағартушылық ндеяларды іске асырудың бірден бір
жолы ретінде Шоқаң ғылымды,
Абай терең философия-
лык, ой толғаулар меи «іші алтын, сырты күміс» сырлы
поэзияны таңдап алып, оны қараңғылыкпен күресудің
басты құралы ете білсе, «біздің барлық үмітіміз,
казак
халқының келешегі осы, тек қана осы мектептерде»3,—
деп Ыбырай жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеуді,
мектеп-
тер ашу мәселесін өзінің ағартушылық ұранының туы
етті.
*
*
*
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 октябрь күні ка-
зіргі Қостанай облысы Затобол ауданында дүниеге кел-
ді. Әкесі Алтынсары Ыбырай үшке келмей қайтыс бо-
лады. Жас сәби үлкен әкесі Балғожа Жаңбыршиннің
тәлім-тәрбиесінде болады, Балғожа — атақты би
және
көп жылдар Қыпшақ руының старшинасы болған белгі-
лі феодал.
Патриархалдық-феодалдык ауылда өткен өмірінің
алғашқы кезінде алғырт та зерек Ыбырай үлкен әкесі
Балғожа және ел ішіндегі
көзі ашык адамдар арқылы
қазақ халқының ауыз әдебиетімен танысады, өз халкы-
ның өткен-кеткен тарихы туралы әқгімелер, ақпарлар
естиді. Бала күнінен окып үйрене
бастаған халык мә-
дениетіне, калың бұкараға деген сүйіспеншілігін Ыбы
рай өмірінің актық шағына дейін сактайды, оның келеше-
гінен зор үміт күтеді. «Қазақ халқының... талабы біреу
салып берген тар шеңберге сыя алмайтынын», «оның
Достарыңызбен бөлісу: