қатты қынжылады. Осы жапды айта ксліп: «Қазақтың
осы
ынтасын татар, өзбек, башкұрт сияқты көрші ел-
дердің молда-қожалары пайдаланып отыр. Ал егер осы
бұзылмаган, іскер, дарынды халық... дін фанатнзмінің
ықпалына біржолата түсіп кетсе,
онда бұл өте өкінішті
болған болар еді. Осы жағынан... қарағанда да, қазақ
даласына орыс-қазақ мектептерін тез тарату қажет-ақ
болар еді. Бұл мектептер татарша оқуды (діни мұсыл-
манша оқу деген мағынада)
толық ығыстырып шығар-
маса да, оиымен тең түсетін бір күш бар болар еді, ха-
лықтың ілгері дамуына зиянын тигізіп отырған соқыр
сезімдердің бетін қайтаратын дұрыс көзқарас таратушы
орын болар еді.
Бұл қазақтын, әзірге жойылмай келген,
ешқандай дін ықпалына түспей. тәжірибелік негіздерге
сүйенген дәстүрлерімен бірге, халықтың адамгершілік
жағынан азуына жол бермеген болар еді»1.— дейді ұлы
ағартушы.
Егер медреселерде діни
кітаптарға негізделген дін
сабактары жүргізілсе, оный, түп мақсаты адамды о дү-
ниедегі өмірге дайындау болса, Ыбырай өзі ашқан мек-
тептерде, керісінше, ғылыми
кітаптарға негізделген та-
биғат пен қоғам өміріне байланысты сабақтар окытады.
Бұл азаматтық мектептердің түп мақсаты — адамды
шындық өмірге, «дүниелік мақсаттарға» дайындау.
«Араб, парсы тілдерінде басылып шыққан кітаптардың
бәрі де тек дін туралы жазылған кітаптар, сондықтан
одар
осы жағынан алып қарағанда, дүниелік мақсат-
тарды көздейтін орыс-қазақ мектептерін... қолайсыз»,—
деп ашық айтады Ыбырай.
Халықты індеттен сақтап қалу мақсатында өзі аш-
қан мектептерде медицина ғылымынық кейбір салала-
рын жүргізуді Ыбырай жігермен қуаттайды.
Бұл жө-
нінде ол: «Торғай мектептерінде дәрігер Орлов оқушы-
ларға шешек егу және оны іс жүзінде қолдану жайын
оқытып жүр. Егер бұл іс ойдағыдай жүріп кетсе, шешек-
тен жүздеген, мыңдаған
адам қырылатын қазақ дала-
сында мұның баға жетпес пайдасы болған болар еді»2,—
дейді.
Ислам уағызы бойынша, халықтың келешегі, оның
рухани өмірі тек діни білімге, «Құран»
мен шариғатқа
негізделсе ғана ғұмырлы болмақ. Ал Ыбырай халықты
Достарыңызбен бөлісу: