A. A. Мозохиннің үйленуіне байланысты жазған құттық-
тау хатында: «Ендігі жерде мынандай ақылды бұлжыт-
пай ұстаңыз, бұл менің айтып отырғаным емес, атақты
философ-педагог К&менскийдің айтқаны. Ол кісі: «Қо-
лындағы барын қанағат ете білетін адам шын бакытты
адам» және «біз өзіміздің адал еңбегімізбен тіршілік
етіп отырмыз дей алатын адам — шын бақытты адам»
деген екен, ал тағы бір араб философы «бақыттылық
неде?» дегенде «нысаптылықта» деп жауап берген екен,
міне, осы ақылды алыңыз. Өз өмірін теріс өткізіп жүр-
ген баска адамдарға еліктемей, сіздің жас келіншегіңіз
де осындай көзқарасқа үйренсін»,— деп семьяға Камен
ский мен араб философынық пікіріне сүйене отырып ті-
лек айтып, ағалық кеңес береді.
Демек, Европа, орыс және араб халықтарының мә-
дениетімен жақсы таныс болған Ыбырай өзінің ағарту-
шылык, демократиялык, гуманистік идеяларының не-
гізін бүкіл адам баласы,
мәдениетінін, мұрасынан
алады.
Казак, орыс және баска халыктардың рухани мәде-
ниетімен қаруланған Ыбырай тәжірибелік және теория-
лык іс-әрекетке кіріседі. Ыбырай өзінің саналы өмірін
бір-ақ нәрсеге — ағартушылық жұмысына
арнайды.
Жергілікті әкімдер мен патша чиновниктерінің, дін ие-
лері мен кертартпа ауыл ақсақалдарының ағартушылык
ісіне қарсы әрекетіне, қазақ даласында азаматтық мек-
тептер үлгісінің, оку құралдары мен программалардың,
мектеп үйлерінің жоктыгына, оларға деген қаржының
жетімсіздігіне, «шоқынып кетеді» деп корқып, көлтеген
ата-аналардың балаларын оқуға бермеуіне байланысты
оқушылардың жоқтығына қарамастан, демек ағартушы-
лық жұмысының барысында кездескен қиыншылықтар-
дың еш әрқайсысына мұқалмай, 1861 жылдан 1889 жыл-
ға дейін, 28 жыл бойы Ыбырай үздіксіз ағартушылық
майданында еңбек етті. Абзал педагогтың ақылы, сезі-
мі, іс-әрекеті, қазақ жастарын тәрбиелеуге жұмсалды.
Ардагер ағартушы өзінің ең соңғы тынысын да «мектеп»
деп алғандай. Қайтыс боларынан бір ай бұрын, 1889
жылы 15 июнь күні Орынбор оқу округінің жанындағы
татар, башқұрт, қазак мектептерін басқаратын инспек
тор В. В. Катаринскийге төсек тартып жатып жазған
хатында:
«Сізге соңғы хатымды жазғаннан кейІн мен тағы да
ауырып қалдым. Бұл жолы бұрынғыдан анағұрлым қат-
Достарыңызбен бөлісу: