14 емес, тек бір ғана оку орнын ашкан адамнын, аты
қазақ тарихынан үлкен орын аларлықтай еді.
Бұл оқу орындарының бәрі азаматтық оқу орындары
болып, діни оқу орындарына қарама-қарсы қойылды.
Мысалы, сол кезде, Ыбырай сөзімен айтқанда, «Елек
уезінде жеті медресе бар, бұларда тек Мухаммед діні
ғана оқылады»1, ал азаматтық мектептердің мақсаты
халыққа пайдалы білім беру: математика, география,
физика, азаматтық тарих, т. б. пәндерді окыту, жастар-
ға құдайды емес, табиғатты таныту, құлшылықты емес,
өнер үйрету.
Ыбырай тек ағартушылық жұмыспен ғана шұғылда-
нып қойған жок. Онымен коса ол бірталай ғылыми-пе-
дагогикалық еқбектер жазды. Педагог-ғалым өзі ашқан
мектептерге арнап қазақ тарихындағы тұңғыш окулык-
тарды —«Қазақ хрестоматиясын», «Орыс тілін казақ-
тарға үйретудің бастауыш құралын» шығарды. Мүның
үстіне халық-ағарту мәселелері жөніндегі Ыбырайдың,
баяндамалары мен жазбаларында, есеп қағаздары мен
нүсқау хаттарында және Қазақ университетінің профес-
соры Н. Ильминскийге, Орынбор оку бөлімінің нұсқау-
шысы В. Қатаринскийге, Актөбе училищесінің меңгеру-
шісі Д. Мозохинге және т. б. жазған хаттарында (тек
қана 1955 ж. шыққан «Таңдамалы шығармаларына»
оның 80-нен аса хаты кіргізілген) педагогика ғылымына
байланысты көптеген теориялық мәні бар ойлар, тол-
ғаулар, методикалық нұсқаулар бар.
Педагог-жазушы — балалар жазба әдебиетінің негі-
зін салды. Ыбырай жазған 50-ден астам қысқа әңгіме-
лер мен ертегілер оның педагогикалық идеяларымен
тЫгыз ұштасады.
Ыбырай этнографияга байланысты еңбектермен де
шұғылданды. «Орынбор ведомствосы қазақтарының өл-
ген адамды жерлеу және оган ас беру дәстүрінің очер-
кі», «Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу,
қыз ұзату және той жасау дәстүрінің очеркі» атты
еңбектері этнография ғылымына қосылган үлкен үлес.
Шоқан тәрізді Ыбырай да география қогамының мүше-
сі бола отырып, қазақ халқының әдет-гұрпы мен діни
ұгымдарын жан-жақты зерттеп, ол жөнінде гылыми
құнды пікірлер қалдырды.
Бұл айтылғандардан Ыбырай творчествосының ал-
1
Достарыңызбен бөлісу: