біліыге, өнерге бастайды. «Қазақ
халқы аздаған халық,
оның талабы біреу салып берген тар шеңбердің қыспа-
ғына сыя алмайды: оның ой пікірі еркін; оның келешегі
үшін оған тек сана сезім жағынан
жалпы білім мен пай-
далы енерді үйрену керек»1,— деп болашаққа бағыт сіл-
тейді. Діни оқу орындары қазақ жастарынан діндар
адамдар тәрбиелеп шығаруға ұмтылса,
Ыбырай өз мек-
тептерінщ алдына жас ұрпақтан жаңа ұғымдағы аза-
маттарды дайындап, өсіруді мақсат етіп қояды.
Ыбырайдың ағартушылық және атеистік көзқара-
сында ерекше көңіл қоярлық бір жағдай — оның
қазақ
қыздары үшін оқу орнын аштыру жөніндегі қызметі.
Бүкіл шығыс әйелдері ежелден ислам дінінің сан алуан
ауыртпалығын бастан кешіріп келгені көпке мәлім. Со-
ның ішінде, әсіресе қазақ қыздарының көрген күні өте
аянышты еді. Патриархалдық-феодалдық дәстүр бойын-
ша казак әйелдерінің еншісі — малға сатылу, сатып ал
кан күйеуі өлсе, әмеңгеріне тию,
таңертеднен кешке де-
йін үйдің ауыр жұмысын атқару — мал сауу, от-ын, су
әкелу, бала тәрбиелеу еді. Ерінің жүзіне тура қарап, оны
есімімен атау да оған мін көрінуші еді. Қазак әйелде-
рінің аянышты қалін Ыбырай «Орынбор ведомствосы
қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау
дәстүрінің очеркі» атты этнографиялық
еңбегінде айқын
көрсетеді.
Ағартушылар өмір сүрген кездегі қазақ әйелінің көр-
ген күні —«қайда барсаң да — Қорқыттық көрі» еді.
Дііне, осындай қатал дәстүрге қарсы болған ұлы
ағартушы езілген қазақ әйелдерінің келешегін ойлап,
қыздар үшін училище аштыруға
бар ынтасымен ат са-
лысты. Феодалдар мен шамандардың, молдалар мен
қожалардың қасарысқан қарсылығын жеңе отырып,
Ыбырай казақ
халқының тарихында тұңғыш рет, 1889
жылы қайтыс боларынан біраз ғана бұрын, Ырғыз ка-
ласында қыздар училищесін аштырды. Қазіргі Алматы-
дағы кыздар педагогикалық
институтының арғы рухани
негізі — осы Ыбырай ашқан Ырғыз училищесі десек,
Қазақстанда әйелдердің азаматтық білім ала бастауы-
ның тарихы содан басталады десек,
ешбір қателеспей-
міз. Әрине, Ырғыз училищесі мен қыздар институтының
айырмасы жер мен көктей. Бұл жерде мәселе тек руха
ни мұрагерлік тұрғыдан ғана сөз болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: