кені оларды үстемдік жүргізушілердің қуаттайтынды-
ғына, «молданың абыройына» тілі тиген кісіні казак,
арасындағы ел ағалары сол бойда-ақ «кәпір» деп жаза-
лайтынына»1 қатты қынжылады.
Ыбырай дінді, дін иелерін, діни оку орындарын сы-
наумен ғана шектелген жоқ, сонымен бірге ағарту-
шылық жұмысының негізгі бағыты — халық санасын
қараңғылықтан, дін ықпалынан арашалау деп түсінді.
«Мәселенің ең мәнді жері,—■
дейді Ыбырай,— қазақтар-
ға татар фанатизмінің (ислам дінінің ықпалын) тигіз-
беу»2
Ағартушының пікірінше, халық санасын дін ықпа-
лынан арашалаудың негізгі құралы — мектеп. Сондық-
тан да баска ағартушылардан гөрі Ыбырай мектеп ашу
мәселесіне көп көқіл аударды. Барлык саналы өмірін
жас ұрпақты тәрбиелеу, оқыту жұмысына арнады. Өзі
ашқан мектептердің негізгі мақсаттарының бірі — әуелі
халық арасында ислам дінінің ыкпалын бірте-бірте, бі-
рақ «алған бағыттан қайтпай» бәсендету, сонан соң
мүлде жою деп санайды. Мектептерге артта калған ха-
лықты қызықтырып тарта алған күнде, жас ұрпакка
жүйелі білім бере алған күнде, оқушылардың санын
үнемі өсіріп, мұғалімдерге ерекше жағдай жасаған күн-
де, «әр нәрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар казак,
арасында көбейіп, бүкіл халыққа эсер ете алады»,—
міне, сол кезде діни фанатизмнің жойылуы сөзсіз
дейді.
Ыбырай өзі ашқан оқу орындарын діни оку орында-
рына, орыс-қазақ мектептерін медреселерге карама-
қарсы қояды. Ағартушының айтуынша, біріншіден, ка
зак қоғамының экономикалық және саяси дамуы казак
арасында медресе емес, мектептер ашуды күн санап
талап етіп отыр. Екіншіден, бұл халық өзінің табиғи
жаратылысында әр нәрсені білуге құмар, ұғымтал, зе
рен халық, сондықтан да ойдағыдай оку орындары
ашылса, істің әрі қарай дамуы аса киындыкка сок-
пайды.
Азаматтық оқу орындары жоқ болғандыктан, халык-
тың білім қүмарлығын шеттен келген дін иелері еркін
пайдаланып, «анқау елге арамза молда» болып, калың
бұқараны қараңғылыкка бастап отырғанына ағартушы
Достарыңызбен бөлісу: