Ұлы педагогтің мұндай игі
істерін ол қайтыс болғаи-
нан кейін оның шәкірттері өз қолдарына алып, Ыбырай-
дың ұйғаруына орай төрт жерде— 1891 жылы Торғай-
да, 1893
жылы Қостанайда, 1895 жылы Қарабұлақта,
1896 жылы Ақтөбеде — қыздар училищесінің ірге тасын
қалады. «Қазақтар үшін қазіргі уақытта техникалық,
ауыл шаруашылық және
әйелдер мектебін ашу пайда-
лы»1, бірақ бұған мүмкіндіктің өте аздығын, сол мүм-
кіндіктерді тудыру үшін батыл күресу керек екендігін
Ыбырай өз еңбектерінде әлденеше рет қайталап айта-
ды. Ыбырайдың қазақ әйелдеріне
жасаған тарихи қам-
қорлығы — бүкіл мұсылман шығысының халықтарына
үлгі боларлық іс еді.
Дінмен күресте мектеппен қатар Ыбырай кітапхана-
лар ұйымдастыру жұмысына да көп назар аударды жә-
не бұл іске де өзі ұйтқы болды.
1883 жылы 15 сентябрьде жазған бір хатында: «Тор-
гай облысындағы мектептердің
жанынан оқытушыларға
және оқушыларға арналған кітапханалар ашпакпын.
Бұған 700 сомға жуық ақша да жиып алдым. Бұл кі-
тапханалар — олардың кітаптарымен тек окушылар
мен оқытушылар ғана пайдалану үшін емес, сонымен
қатар мектеп бітіріп қырда жүрген
жалпы сауатты
адамдарға білімдерін өз беттёрімен көтере берулері
үшін пайдалы кітаптар және оқу құралдарын тауып
алуларына мүмкіндік туғызу мақсатымен ашылады»2,—
дейді. Бұл кітапханаларға «білімнің барлық салалары-
нан кітаптар және оқу құралдарын таңдап алу»
жұмы-
сымен Ыбырай өзі шұғылданады. Бірақ ол кездегі
қазақ тіліндегі кітаптардың бәрі діни кітаптар екендігі-
не, «молдалардың оқытып жүрген татар, араб, парсы кі-
таптарының бәрі де адам
баласын дұрыс ойдың бәрінен
адастыратынына»3 қатты қынжылады, «басқа халықтар
сияқты қазақтарға да олардың өздеріне түсінікті тілде
жазылған,
оқығанда ақыл беретін, ой түсіретін кітаптар
керек» екендігін айтып, ондай кітаптарды шығарып тұ-
руды жоғарғы орындардан талап етеді.
Осы мақсаттармен қазақ
балаларына жаратылыста-
ну тарихынан ана тілінде кітап аударып беруді арман
етеді. «Егер кұдай оң сапарын беріп, Қазанға бара кой-
Достарыңызбен бөлісу: