жесі, еңбектің нәтижесі. «Мал-дәулеттін,
байлығы бір
жұтасаң жоқ болар, оқымыстының байлығы күннен-күн-
ге көп болар, еш жұтамақ жоқ болар», сондыктан да:
«Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!»—
деп жас ұрпаққа жар салады.
Ыбырайдың дінге қарсы жүргізген үгіт-насихатының
көңіл қоятын бір ерекшелігі — оның насихат жүргізу
тәсілі. Ізгі педагог дінге сенушілердің сезімін қорла-
май,
аса әдептілік, сыпайы педагогтік ізгі ниетпен ғы-
лымның пайдалылығын сөз етеді. «Құдай жоқ» деп қат-
ты үркітпейді, «дін керексіз, сеніміңді жой»
деп бұйыр-
майды, ақылға қонымды биязы сөз арқылы ғана үгіт
жүргізеді. Тарпа бассалған тікелей шабуылдан гөрі,
осындай алды-артын болжап, алыстан орап айту Ыбы-
рай заманы үшін ең ұтымды да, нәтижелі әдіс еді. Бұл
жоғарыда келтірілген «Лұқпан әкім» әңгімесінен де,
Ыбырайдың өз айтуымен жазылған шәкірттердің хат-
тарынан, т. б. көптеген шығармаларынан да ашық се-
зіледі.
Ал
өзі надан, бірақ надандығын мойындамайтын,
өзін білімді санайтын дін иелері — молда, қожалармен
талас-тартыста Ыбырай ашық шабуылға шығып,
олар-
дың құлқынның құлы екендігін, зиянкес, зұлым екенді-
гін бетіне айтып, жүзін айдай қылады:
«Азған елдің молдасы,
Үлкен болар сәлдесі.
Аса бауыр қылмаңыз,
Оның рас емес алласы.
Көрмей-білмей біреуге,
Куәлік берсе керекті»,—
деп молдалардың екіжүзділігін, сатылғыштығын халық
алдында әшкерелейді. «Молдалар, өздерінің адам ба-
сын қатыратын ерекше «қасиеттерінің» үстіне,
казақ-
тың табиғи тілін бұзып жүр»1,— деп, дін иелерінің ха-
лықтың рухани байлығы — тілге кесір тигізген тіл бұ-
зарлар екендігін де атап көрсетеді. Сонымен бірге
молдалардың қазақ арасында
көбейіп бара жатканына,
олармен күрес жүрізудің қиындап отырғандырына, өйт-
Достарыңызбен бөлісу: