З. Е. Колумбаева



Pdf көрінісі
бет10/84
Дата11.12.2023
өлшемі1,01 Mb.
#137523
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   84
Байланысты:
Kolumbaeva

 
4.2
 
 Ҧлы 
Жібек жолының әлеуметтік-экономикалық маңызы мен 
халықаралық қарым-қатынастың дамуына тигізген әсері 
 
VI–VII ғасырларда Қытайдан шығып, Жетісу мен Оңтҥстік Қазақстан 
арқылы ҿтетін Жібек жолының бҿліктері жанданды. Жолдың бҧлай ауытқуын 
бірнеше себептермен сипаттауға болады. Біріншіден, Жетісуда Орта Азиямен 
жҥретін сауда жолдарын бақылайтын Тҥрік қағандарының ордалары болатын. 
Екіншіден, Ферғана арқылы жҥретін жол VII ғасырда қырқыс салдарынан 
қауыпты болып қалған еді, ҥшіншіден аса бай тҥрік қағандарымен олардың 
айналасындағы кісілер, теңіздің арғы бетінен келген тауарларды аса кҿп 
тҧтынатындар қатарынан саналатын. 
Жетісу – Ұлы Жібек жолының Шығысқа шығатын басты қақпасы. 
Испиджабтан шыққан керуендер шығысқа қарай бет алып, Шараб жҽне 
Будухкент қалалары арқылы Таразға барады екен. Қазақстанның аса ірі 
қалаларының бірі Тараз. Таразбен қатар Жамухат деген шаһар тҧрған. 
Алқаптың жазық жағында Атлах қаласы бар, керуен жолының бір тармағы 
Ыссық кҿлдің жағалауына шыққан. 
Ұлы Жібек жолының Оңтүстік Қазақстан арқылы Батысқа шығатын 
негізгі тармақтары.
 
Егер Жібек жолымен батыстан шығысқа қарай жҥрсек, 
оның Қазақстандағы учаскесі Шаштан (Ташкент) шығып Тҧрбат асуы арқылы 
Испиджабқа, Сайрам (Сарьямға) келеді. Сырдария бойындағы керуен жолының 
ҥстінде тҧрған қалалардың ірісі- Отырар болатын. Ал Женттен Қызылқҧм 
арқылы Хорезм мен Ҥргенішке қаражол тартылып, Одан ҽрі Еділ бойымен 
Кавказға асып кететін болған. 
Жібек жолының Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы ӛтетін негізгі 
арқауынан жол тарамдалып, терістік пен Шығысқа қарай, Орталық және 
Шығыс Қазақстан аудандарына, кейін Сарыарқа атымен мәлім болған Дешті 
Қыпшаққа, Ертіс жағалауы мен Алтайға, Монғолияға асып кетеді екен. Осы 


18 
арамен атты кӛшпелілер тайпалары жүретін дала жолы ӛткен. Сӛйтіп 
малға, жүн мен теріге, металға бай Орталық Қазақстан аймағы сауда-
саттық байланыс жүйесіне, оның ішінде халықаралық жүйеге тартылып, 
кӛптеген керуен сүрлеулері арқылы Жібек жолы торабымен тоғысады.
Сауда мен тауарлары, ақша айналымы.
 
Жібек жолы ҽуелгі кезде қытай 
жібегін шетелдерге шығаруға қызмет еткен. Сосын реті келген кезде Рим мен 
Византиядан, Ҥндістан мен Ираннан, Араб халифатынан, кейінірек Еуропа мен 
Русьтен осынау кҥре жолмен 
мирри мен ладан, жасмин суы мен амбра, 
кардамон
 
мен мұқсат жаңғағы, женьшеньмен питонның ӛті, кілемдер мен 
маталар, бояулар менминералды шикізат, гаухар мен яшма, янтар мен 
құралдар, піл сүйегі мен «балық сояулары», құйма күміс пен алтын, ұлпандар 
мен теңгелер, садақ пен жебелер, семсер мен сүңгілер 
т.б. кҿптеген заттар ҽрлі-
берлі тасылып жатқан. Сауданың ең басты жиһазы жібек алтынмен бірге 
халықаралық валюта болған, оны хандар мен елшілерге тарту еткен, жалдамалы 
ҽскерге жалақы етіп берген, мемлекеттік қарызды сонымен тҿлеген. Қалада 
тауар айырбасының негізгі ҥш бағыты: 
елдер арасындағы, қала мен оның 
тӛңірегі арасындағы, қала мен кӛшпелі дала арасындағы бағыттары тоғысып 
жатты.
Оның халықаралық қарым-қатынастың дамуына тигізген әсері.
 
VII-XIV 
ғасырларда елшілік жҽне сауда керуендерінің дені Жібек жолымен жҥретін. 
Сан ғасырлар бойы жол тынымсыз ҿзгеріп отырған, оның бір учаскелері 
айрықша маңыз алып, кҿркейіп жатса, екінші бір учаскелері жабылып, ондағы 
қалалар мен сауда орталықтар, бекеттері қаңырап бос қалған. Мҽселен, VI–VIII 
ғасырларда негізгі кҥре жол Сирия– Иран– Орта Азия Оңтҥстік Қазақстан– 
Талас алқабы– Шу алқабы– Ыстық кҿл шҧңқыры– Шығыс Тҥркістан болған. 
Осынау жолдың бір тармағы, дҽлірек айтсақ, тағы бір бағыты Византиядан 
шығып, Дербент арқылы Каспий ҿңірі даласына – Маңғыстау– Арал ҿңірінен 
ҿтіп, Оңтҥстік Қазақстанға жеткен. Бҧл жол Сасанилар Иранына қарсы, батыс 
тҥрік қағанаты мен Византия арасында сауда-елшілік одағы жасалған кезде, 
Иранды айналып ҿтетін болған. ІХ- ХІІ ғасырларда жолдың бҧл желісі, Орта 
Азия мен Таяу шығыс арқылы Кіші Азия мен Сирияға, Мысыр мен Византия 
баратын жолға қарағанда, едҽуір аз пайдаланған.
Тҥріктер қағанат дҽуірінде Еуразиялық сауда-саттыққа шҧғыл кірісті. Ол 
шаруаның бір қатардағы соғды саудагерлерін қолдау арқылы шешілгені анық. 
Ҧлы Жібек жолы тармақтарына иелік жасау саясаты тҥркілердің кҿрші 
империялармен тығыз араласуына себепкер болды, ҽсіресе Қытай жібегін 
парсы жері арқылы Византияға шығару тҥрлі саяси-дипломатиялық амалдарды 
талап етті. Тҥрік қағанатына кҿршілес империялар арасында делдалдық жасауға 
тура келді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет