Әз халықты бағынан айырма!
Басыма бас қос,
Жасыма жас қос,
Асыма ас қос!
Мерекелік
сахна көрністерін талдау;қазақ билерінің,батырлары мен
ақындарының
көрнісі.Қазақ
билері-өздерінің
даналылығымен,ақыл-
парасатымен,әділдігі мен, шешендігімен халық арасындағы аса силы төрелік
иелері.Ел арасындағы дау-жанжалдар халық соты билердің төрелік айтуымен
шешіліп отырған,оған ешкім қарсы келмеген.Жастарға ақылшы,қамқор, үлгі –
өнеге болған.халқымыздың төбе билері;Төле би,Қазыбек би,Әйтеке би.Қазақ
халқы
жаратылысынан
ержүрек,жауынгер,отаншыл
болған.Осыған
байланысты ел арасында елін-жерін қорғаған батырлар өте көп.Алдарыңызда
Қанжығалы-Бөгенбай,Қаракерей-Қабанбай,Шапырашты-Қарасай,
Науырызбай батыр көрністері.Қазақтар өнерге жақын сауықшыл,әнмен күйге
жақын халық.Ақындар,жыраулар,күйшілер халық арасында көптеп кездеседі.
Халық оларды еркелетіп сал,сері деп атаған,төрден орын беріп,құрмет
көрсеткен
1.
Ұлттық тағамдармен таныстыру:
Тіршіліктің арқауы-алдымен
тамақ.Дүние жаратылғаннан бері жанды-жансыздың бәрінің талас-
тартысы,шынын айтқанда тамақ үшін,тіршілік үшін күрес. «Алты қанат ақ үйің
болғанша,ақ дастарханың болсын» деген атам қазақ дастарханы ешқашан
тарылып көрген емес.Дастарханы дархан пейіліне сай,пейілі кең даласына сай
қазақ,өзінің қонақжайлығы мен жомарттығын танытып келеді.Науырыз
тойына
жайылатын
дастарханның
ерекшелігі
тіпті
сөзбен
айтып
жеткіліксіз.Науырыз көжеден басталатын ұлттық тағамдар:бас,жамбас,қазы-
қарта,жал-жая,құйрық-бауыр,қуырдақ,құрт
пен
май,бауырсақ
пен
шелпек,балқаймақ,талқан,жент пен ірімшік,қымыз бен шұбат т.б.Науырыз
мерекесі күні әр үйде қазан-қазан науырыз көже пісіріледі.Науырыз көжеге
жеті түрлі зат салынады.Ең бастысы қыстан қалған сүр ет, негізінен бұрынғы
қазақтар соғымның шекесін арнайы науырыз көжеге сақтап отырған.Көжеге
сү өнімдерінен қосылады.Шекені үлкен кісілер мұжып,құлақты
балаларға
үлестірген,басқа
жұрттар
көжені
тауысып
ішкен.
«Ауыз
ақтан
айырылмасын,қызылды уақытымен көрсетсін,жаз құтты болсын» деп бата
жасап тарасқан.Бұл көже ішу себебі және жеті түрлі дәмнен қосу келер жыл
құт берекелі,тоқшылық жылы болсын,ақ мол болып шөп те,егін де
бітік
шықсын деген тілеу.
Науырыз көже-науырыз тойына ғана тән,көпшілікке арналған мерекелік
тағам.Оны әр үй жеті түрлі дәмннен:сүт,ет,су,тары,құрт,жеміс тағы сол сияқты
тағам түрлерінен жасап,оған қазы,шұжық сияқты силы мүшелер
қосып,мерекемен құтықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады.Науырыз
көженің дәстүрлік,мерекелік ұлттық тағылымы өте зор.Ол барлық
адамдарды жомарттыққа,ізгілікке,ұйымшылдыққа,татулыққа,бірлікке
шақырады.
Ет асу-қазақ халқының басты тағамдарының бірі.Ет арнайы
қонақтарға,құдайы қонақтарға тартылатын қадірлі ас.Қазақ қонақтарына
арнайы қой сойып,жас ет асып беріп отырған.Бұл қасиет халықтың кезкелген
қонақты аса құрметтейтіндігінің белгісі.Ет асу жай ғана істеле салатын тағам
емес,ет мүшелері деп аталатын дәстүрлік ерекшеліктері, қонақтың
жасына,лауызымына,туғандық, туысқандық,жегжаттық қарым- қатынаст-
арына
байланысты
арнайы
тартылатын
қадірлеу
ерекшеліктері
бар.Бас,жамбас
аса силы қариялар,құдалар т.б.қонақтарға және басқа да
мүшелер өз орындарын тауып жатады.Жылқының еті, қазы – қарта,жал-жая
қазақтардың сүйікті ұлттық тағамдарыныың бірі.Қазақ ұлттық тағамдарының
ішіндегі тез даярланатын қуырдақ деп аталатын таза еттен немесе өкпе-бауыр
қосып қуырып пісіретін тағам түрі де бар.Қуырдақты даярлаудың әр түріне
байланысты қалыптасқан «сірне қуырдақ», «қарын бүрме қуырдағы» деп
аталатын түрлері бар. Шеттен келген ағайындарға қазақта ет пен шайдан
артық ас жоқ секілді көрінеді. Ал тек ет, сүттің өзінен ғана қаншама тағам
түрлері туындап жатады десеңші. Мысалға алсаңыз, піскен ет, сур ет,
бұқтырған ет, қақтаған ет, қазы қарта т.б болып таралыр кете барады. Немесе
сутті алсаңыз. Қаймақ кілегей, піскен сут, уыз, шикі сут, бал қаймақ, айран,
қатық т.т. Дәннен я ұннан жасалған тағам турлері қаншама? Қуырған бидай,
тары, сөк, шелпек, узбе, жайма нан, тоқаш, самса т.б қазақ халқы өзін ежелден
еншісі бөлінбеген ел санайды, келген қазақтың есігі қонақ үшін әркез айқара
ашық тұрған. Тағамдардың түр түрін түсінікті
анық болсын деген оймен
әрқайсысын бөліп қарастырғам келіп отыр. Жаздың аптап ыстығында ішкен
сап салқын сусын мейіріңді қандырмай ма? Кез келген адамның үйге кірісімен
сусын сұрайтындығы сондықтан. Небір әңгіме дүкен сусын ішіп, шөл басқан
соң. Халқымыздың айран, шалап, қымыз, шұбат секілді дәстурлі сусындары
атам заманнан қылыптасқан. Суттен ашытылатын сусындарды тек шөл басу
ушін ғана емес, сонымен бірге тамақ басу үшін де, яғни организмнің майлы,
тоқ тағамдарды жақсы сіңіру үшін де ішкен. Ал қымыз бен шұбаттың сусын
ретінде де, кейбір науқастарға дәру ретінде де маңызы зор.
Шай қазақ
дастарханына беріде келген, құрамында адам организміне қажетті
витаминдер мен қант, белок, эфир майы секілді бағалы заттар көп бұл сусын
келе-келе дастархан сәніне айналған.
Достарыңызбен бөлісу: