№1 дәріс Тақырыбы: Экскурсияның негізгі функциялары мен белгілері Дәріс мақсаты



Pdf көрінісі
бет42/57
Дата21.12.2023
өлшемі1,22 Mb.
#141920
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   57
Байланысты:
Экскурсия Лекция

азықтарынан дайындалатын тағамдар өте мол. Бұл тағамдар витаминге бай


организмге сіңімді келеді. Майға жүздіре қуырған қып қызыл бидай, аппақ 
баданалы жүгері дастарханның сәні емес пе?
Тары қазақ халқының ежелден егіп келе жатқан мәдени дақылдарының 
ішіндегі ең маңыздысы. Тарыдан дайындалған жент, майсөк, қазыға 
жанышқан сок тағы да басқа көптеген жеңсік тағамдар кімнің болса да ағзасын 
ашары сөзсіз. Қуырған бидай. Қуыру үшін улкен жайпақ табаққа салынған 
бтдай арасындағы бөгде заттардан тазартылады. Бірнеше рет желпіп сумен 
жуылады. Қазан отқа қойылып, ұсақтап туралған құйрық май шыжғырылады. 
Шыжығы сүзіліп алынады. Май қайнай бастағанда үстіне дайындалған бидай 
салынып қуырылады. Жент. Қыста қатпайтын, жазда бұзылмайтын, әрқашан 
дәмі мен нірін сақтайтын, соған орай көшпелі халықтың дастарханынан үлкен 
орын алған, қазіргі техникалық прогрес заманының өзінде өзіндік құнын 
жоймаған ұлттық тағам. Жент жасалатын негізгі өнім сөк. Оны жасау әдісі 
қарапайым. Сөк диірменге немесе аз аздан кофе ұнтағышқа салынып 
тартылады. Келіге салып түйіп жармалауға болады. Содан соң устіне сары май, 
қант, ірімшік ұнтағы, мейіз салынып, жақсылап араластарылады. Содан кейін 
ыдысқа салынып, беті тегістеледі де , салқын жерге шығарылып қойылады. 
Талқан. Қуырып ақтаған тарының сөгін, қуырған бидай мен жүгеріні диірменге 
тартып дайындайды. Талқан көптеген тағамдарға таптырмайтын шикізат. 
Одан быламық , ботқа, атала дайындауға болады.Ұн тағамдары өзінің 
қоректілік құндылығы жағынан жоғары калориялы тағамдарға жатады. 
Өйткені оның құрамына май да, ет те, сүт өнімдері де, жұмыртқа да тіпті 
көкөніс те енеді. Қазақ халқының бүгінгі дастарханындағы тағамдардың дені 
ұнсыз дайындалмайды. Ұн тағамдарын дайындауға негізінен жоғары және 
бірінші сортты бидай ұнын пайдаланылған жақсы. Оның жақсы дайындалуы 
негізінен қамырына байланысты. Ал қамыр илеу дегеніміз улкен өнер. Таба 
нан. Қазақ халқының ең улкен дәмі. Дәмді нан пісірілетін қамыр да таба нан 
көметін қамырдай дайындалады. Дайын қамыр күлшеге бөлініп, 
домалақтанады да пісіріледі. Қазақ құймағы. Ұнға сут құйылып, ашытқы 
салынады да , қамыр иленіп, орамалмен беті жабылады. Сөйтіп жылы жерге 
қойылады. Қамыр көтерілген соң жұмыртқа, тұз, қант және сәл ғана тоң май 
салынады. Он бес минуттан соң қамыр араластырмастан қуырыла береді. Ол 
ушін ең алдымен таба жақсылап қыздырылып, май салынып дайындалады. 
Содан құймағымызды оған құйып дайындаймыз. 
2. Киіз үй – «Киіз туырлықты,ағаш уықты қазақпыз»деп,аталы сөз айтып 
қалдырған ата-бабаларымыздың негізгі баспанасы.Біздің киіз үйіміз тек 
баспана ғана емес,ол сәулет,құрылыс,сурет,қолөнер сияқты бірнеше өнердің 


басын құрайтын ғажайып туынды.Басқа елдердегі сияқты емес,бұл 
ағаш,киіз,ши,ішінара күмістен құрастырылады,әрі көшпелі құрылыс түріне 
жатады.Киіз үйдің қазақы және қалмақы деген екі түрі бар.Қазақы үйлер 
дөңгелек,толық күмбезді болады да,қалмақы түрі төбесі шошақтау 
болады.Қазақ үйлер пайдаланылуына, сән-салтанатына қарай бірнеше түрге 
бөлінедіМысалы:қара үй (үш қанат),қоңыр үй (4 қанат),боз үй (5 қанат,)ақ үй 
(6 қанат),ақ ала орда (8 қанат),ақ орда (12 қанат),ақ шаңқан (18 қанат),алтын 
үзік (24 қанат),алтын орда (30 қанат) деп аталатын түрлері бар.Сол сияқты 
көшіп қонуға,уақытша паналауға немесе шаруашылық,жұмыс ретіне 
бейімделген үй түрлері болады.Олар қос,аблайша,күрке,кепе,итарқа,жаппа, 
жолым үй,ас үй,қалқа деп аталады. 
Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді: 
1.Төр.Мұнда жүк жиналады,қонақтар орналасады.Бұл-киіз үйдің жоғары әрі 
сыйлы орны.Жас келіндер бұл жерде отырмайды. 
2.Сол жақ (кіргенде оң жақ)-үй иесінің отыратын және жататын орны.Босаға 
жақта азық-түліктер,ыдыс-аяқтар тұрады.Оны шимен жауып қояды. 
3.Оң жақ (кіргенде сол жақ) балалар орналасады.Босаға жаққа қарай ер 
тұрмандар,киімдер ілінеді. 
4.От орны қасиетті орын болып саналады.Мұнда от жағылып,қазан асылады. 
Қазақ халқының өмірінде ежелден бері ағаштан жасалатын үй 
бұйымдарының алатын орны ерекше. Көшпелі мал шаруашылығымен немесе 
жартылай отырықшылықка ауысып егіншілікпен айналысқан қазақ 
кауымының күнделікті түрмысына қажетті ағаштан жасалатын бүйымдардың 
түрі сан алуан. Ағаш өңдеуді кәсіп еткен шеберлерді халык олардың өндіретін 
бүйымдарына карай "үйші", "ерші", "арбашы", "үста" деп даралады. Ал, бүл 
шеберлердің әркайсысы өзінің негізгі кәсібінен басқа да үак - түйек бүйымдар 
түрлерін жасай білді. Әсіресе, "үста" атанған шеберлер үй бүйымдарының 
көптеген түрлерін жасау мен бірге, әр түрлі металл және сүйек өңдеу ісімен де 
айналысты. 
Семья күрылып, жеке меншік пайда болғаннан бері уй түрмысында 
қолданылатын мүлік жинау атадан балаға тараған ежелгі дәстүр. Халық 
арасында үй жиһаздарын жасаудың алуан түрлі тәсілдері бар, ал олардың 
кейбір түрлері қазіргі заманға дейін өз мәнін жоғалтқан жоқ. 


Абдыра (әбдіре) - үй түрмысында қолданылатын жабдықтың бір түрі, яғни 
киім- кешек немесе басқа да бағалы бүйымдарды сақтауға арналған сандық. 
Оның көлемі әртүлі болады. Абдыраның мықты, әрі жеңіл ағаштың тегістеп 
жонылған тақтайынан қиюластырып жасайды. Абдыра бір түсті СЫрмен 
боялып, кейбіреуінің алдыңғы беті сәнді болу үшіп түрлі орпектермен 
әшекейленген жүқа қаңылтырмен қапталады. Қозғауға ыңғайлы болуы үшін 
абдыраныя екі бүйіріне қос - қостан төрт түтқа орпатылып кақпағына қүлып 
салынады. 
Үлкен абдыра - сандықтардың үзындығы 90 - 100, биіктігі мен ені 45 -50 
сантиметр шамасында жүка карағай тақтайлардан жасалады. Олардың Еырты 
түгелдей кызыл, жасыл немесе қара бояулармен боялатын да бсткі жағы жез
күміс, түсті тастармен безендіріледі. Бүлардың жалпы жасалу тәсілі бірдей 
болғанмен көркемдеу стилінде, беттерінде жүргізілғен ою -өрнектермен күміс 
әшекейлердің айтарлықтай өзгешіліктері байқалады. Оларға күлып салуға 
арналған күмістелген темір ілгектер орнатылады. Олардың әдемі 
жасалатындығы сондай, сандық беттеріндегі әшекейлердің композицияльщ 
түтастығын бүзбайтын бөлінбес бөлшегі ретінде орындалған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет