Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет13/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

І БӨЛІМ. 
Әдеби мұраны зерттеудің негізгі арналары
лық мұраның көптеген үлгілері жи-
налды, жарияланды, ғылыми тұрғы-
да зерттеу жұмысы қолға алына бас-
тады. Бірақ, оларда ең құрығанда 
қазақ фольклорының толыққанды 
клас сификациясы да жасалған жоқ. 
Сон дықтан С. Қасқабасовтың бұл пі-
кірі шындыққа сай келмейді. Әдеби-
тарихи, әдеби-теориялық бағыттағы 
ғылыми-зерттеушілік ой-пікір өз са-
лалары бойынша ізденістерге енді 
қадам басып жатқан уақытта, фоль -
клорды толық зерттеп біттік деу-
ге болмайды. Фольклортануды әде-
биеттану ғылымының пәндері қата-
рына жатқызбағанымызбен, оны да 
зерттейтін сол ұлттың әдеби-тарихи 
және әдеби-теориялық бағыттағы ғы-
лыми-зерттеушілік ой-пікірі екенін 
ұмытпаған абзал. Біздің ойымызша, 
қазақ фольклористикасы ғылымы-
ның туып, қалыптасу кезеңі ХХ ға-
сыр дың алғашқы жартысының ен-
шісінде. Ал бұл кезеңде сол болашақ 
зерттеу лерге ұласатын ғылыми із-
деністер дің алғашқы соқпағы салын-
ды, фольклорлық мұраның мол қоры 
жасалды. 
Фольклорлық мұраны жинап-жа-
риялауда табысты қадамдар жаса-
луына алғашқы қазақ баспасөзінің 
қосқан үлесі аз емес. Орыс тілінде шы-
ғып тұрған басқа да баспасөз орында-
рымен қоса, «Дала уалаятының га-
зеті» әдеби мұраны молынан жа-
риялады. Бұлар әдеби ғана емес, 
қо ғамдық және саяси-әлеуметтік 
ой-пікірдің орталығы болды де-
сек, артық айтқандық емес. «Жалпы 
«Дала уалаятының газеті» 15 жыл 
ішінде, шамамен 704 рет шыққан, 
оның 331 номерінде фольклорлық 
материалдар жарияланған» болса, 
XІX ғасыр соңы мен ХХ ғасыр ба-
сында бұл үрдіс ерекше қарқын 
алды. Бұл дегеніміз ауыз әдебиетінің 
қыруар байлығының хатқа түсіп, 
зерттеушілік бағытта жұмыс жүр-
гізіліп жатқанын көрсетеді. Сонымен 
қатар, газет бетінде әдеби мұраны 
жинап-жариялаудағы негізгі мақсат 
туралы мәселенің бетін ашуға де-
ген пікірталастың тууы да ұнамды 
құбылыс болды. «Қыр баласының» 
(Ә. Бөкейханұлы) фольклорлық шы-
ғармаларды жариялаумен шектел-
мей, әдебиет тарихына да көңіл ау-
даруды ұсынып, ақын-жыраулар 
шы ғармаларын бастыруды қолға алу 
ке ректігі туралы ұсынысы әр түрлі 
көзқарастағы пікір айтылуына себеп 
болды.
Ә. Бөкейханов ұсынысына бай-
ланысты оны жақтап Х. Сеңгірбаев 
және «Ш. Ч.» деген автордың, оларға 
қарсы А. Шонаев, Е. Наурызбаев-
тардың пікір білдіруі, әдеби мұраны 
игеру мәселесі бүкіл халықтық си-
пат ала бастағанын байқатады. Со-
нымен қатар, газеттер әдеби білімді 
насихаттауға, таратуға еңбек сіңірді. 
Осы кезде жарық көрген кітаптар 
мен оқулықтарға жазылған қысқаша 
хабарлама, рецензия, әр түрлі сипат-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


26


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет