297
Араб қарпі кəрі, жана «Құран» жазылған дейсіз. Ла-
тын қарпі араб қарпінің бабасы екенін, онымен «Інжіл»
жазылғанын өздеріңіз де танбайтұн шығарсыз. Ондай сөзді
тере берсек, көңтеріміз сылбық боб кетеді ғой. «Дүниеде
қарпі көпе не еркіне ұқсаған ел оңбайды» деген қабар алған
адамша «Көпе! Көпе!» деб зыр-зыр етесіз. Біздің қарпіміз
көпенекі болмайды. Қасқыр шабқан қойша дүркіреудің жөні
жоқ.
Араб қарпін түзетуді соның үлкен кемшілігі деп түсіну
қате. Қандай қаріп болса да, уақытына қарай өзгеріб отырады.
Латын қарпін жазған Нəзір де өзінен екі-үш қаріб қосқан.
«Бостандық туының» 114 (298) санында біреудің қарпына
да, Нəзірдің қарпына да риза емес, Малдыбайұлы өзінің
шығарған тағы да латынша қарпі барлығын айтыб отыр.
Латыншылармен бірге шүкірлік қыламыз. Латыншының
екінші түрі тағы да келді. Əрине, бұл бізге аз. Өнерлі ау-
рыпа бір латыннан əліббидің неше түрін жасмаб ба еді?
Əзербайжандар да сиыса алмай жатқан көрінеді. Түріктер
бір жолата латыншаны алмай қойды. Жапон да бірталай
əуре боб, аяғында өзінің он мыңдай иероглипін (əр нəрсенің
суретін жазу) қанағат қып қана отыр.
Қазан татарлары да əрі сабылыб, бері сабылыб араб қар-
пін түзейміз деб жатыр. Мен тұрмыс тəжірибесінен алыб
отырмын. Кəдімгі мəдениетті ел боб отырған Англие мен
Пырансияның ит деб жазыб, шошқа деб оқуы мəдениетіне
түк қырсық қылғаны білінбейді. Олар мəдениетті басқа жақ-
тан іздейме деймін.
Ғылым жолы тəжірибе қыздың сезімі, тəжірибе жолында
тайызға салмай тереңге таман да барыңыз. Жүздің болсаңыз
құйрық көрінуінен қорықпай ақ судың бетіне қалқыңыз. Бұл
жүзудің заңы. Бірақ тайыздан жүзіп ұялып жүрмеңіз. Ондай
жерден кісі ондай жерден жүзбей де өте алады. Жəне менің
бұл жобам сылдыр моншақ сықақ қойларға ермек болмайты-
нына да сенем.
Өзі
Достарыңызбен бөлісу: