Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет118/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   248
Байланысты:
zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte

ІІІ. ЛЕКСИКОЛОГИЯ, ГРАММАТИКА 
ТІЛ ТУРАЛЫ
Газет, журнал бетінде кейбіреулер «кітап сыны» деб сөз 
жазады. Өзі білмейтүн, өз жерінде жоқ бір сөз тауыб алса, 
«мынау əлде кімнің тілі» деп жатырқайды. Бұл дұрыс емес. 
Себебін айтайық.
Қазақтың  əр  елінде,  əр  гүбірнесінде  өздері  гене  қолда-
натұн, өзге елдер білмейтүн тілдер бар. Мұны ғылым тілін-
де  жергілікті  тіл  (провинциализм)  деб  атайды.Əдебиет 
қисыны  мен  қарасақ,  жергілікті  тілдерді  көб  қолдану  сөз-
ді тарғылдандырып, ұғымсыз қылады. Бірақ ұғымсыз қыл-
майтұн пайдалы тілдер де бар екенін кесіб айту қиын. Бірақ 
қай ел болса да, көрші елдерінің тіл əсерінен сау емес. Мəсе-
лен, бөкейлікте татардың, арабтың, парсының, орыстың əсе-
рі көбірек болған: дін басылар, қызмет басылар сол елдерден 
көб араласқан. Жеті сұу мен, Сырдарияда өзбектер əсері бар, 
Қостанайда орыс, ноғайдың əсері мол. Семей, Ақ молада да 
араб,  орыс  тілдерінен  əсер  бар.  Қысқасы,  бір  жағы  діннің, 
екінші  жағынан  өкіметтің,  тұрмыстың  ықпалымен  жаттан 
жасырып алған тілдер əр елде бар. 
Айта  берсек,  нағыз  қазтікі  деб  айтарлық  таза  тіл  аз  бо-
лыб  қалады.  Тілдің  бірталайы  арабтікі,  парсынікі,  сартікі, 
қалмақтікі  болыб  шығады.  Мəселен,  мына  тілдерді  қай 
елдікі дер едік: жауаб, ырас, ылайық, пайда, дұрыс, дерт, 
дауа,  егер,  əр,  бенде,  кісі,  пара,  дос,  бақ  (бақша),  шатыр, 
нұр, залым, зер, мыс, келдік ..... , өнер, зақым, топан, мей-
ман, мыйсал, дүм, қымбат, дəулет, кеміл, азат, көр, базар, 
аспан берадар мен .... дүкер.. құб, сақара, данышпан...
Баға келсек, мұның бəрі парсынікі, кейбірі гене арабтікі. 
Бірақ бұл тілдер бізге əлдеқашаннан араласыб, сіңісті болыб 
кеткен; сондықтан жат тіл екенін өзіміз де білмейміз. Өзгесін 
шығарыб  тастар  едік,  жауаб,  ырыс,  дұрыс,  пайда,  ылайық, 
əр, кісі, пара, дос, өнер, қымбат, базар деген сөздерді қалай 
алмай  тұрармыз?  Қазақтың  «мен»  деген  есімдігі  бөтеннен 
алынса, оған ыс дауа қыларсын?
«Зер» деб парсы жұрты алтынды да айтады екен; Сода-
ры «зергер» тұуған; «зер қадірін зергер білер» деген мақал 
да бар, «келдік», бас, бас сүйек, «дүм» құйрық (мылтықтың 
дүмі деб, «дүміңді əрі сал» деб, қазақ айтады); «қамбат» − 
баға («баға» да біздікі емес); «дəулет» − байлық, бақ («бақ» 
да біздікі емес); «азат» − еркін, бос; «көр» − соқыр, «шатыр» − 
тыйатыр; «бетд» − құл, «өнер» зеректік (талант); «мыйсал, 
ұйқас  сықылды;  бір  адар – аға; «дүкірт»  − ...... – ауырыб 
қалды; «құб» − жақсы, «сақара» − шөл дала; «данышпан» − 
білгіш; .... «қат», «қалаш» біздің тіліміз емес,»қат» парсынікі, 
арабтікі десек, «қалаш» əрі үнді қалқында, əрі кірек (ионан) 
жұртында болған. Бар тіл онымен тұра тұрсын.
Əр  елдің  өз  жерінде  айтылатұн  тілдер  бар.  Семей,  Ақ 
молалықтар «дөкей» десе, Торғайлықтар «əйдік» дейді, «өң-
шең», «жаббай», «кілең», деген сөздер бар. «Əтей», «əдейі», 
«тібті», «тібтен»; «жорта», «жорла», «қасақан» деген сөздер 
бар  осылардың  қайсысы  дұрыс.  Шын  қазақтың  таңбасы 
қайсысында басылыб тұр. Айыру қиын. Бір сөздің өзін əр ел 
əртүрлі айтады. Өздерінше «түзейді» басқаларша «бұзады», 
мəселен Семей жақ «кілгіз», «кірпіш», «түндік» десе, Торғай 
жақ «кійіз», «кірпіш», «түңлік» немесе «түнлік» дейді. Се-
мей  жақ  «қора», «қыстау»  десе,  Торғай  «көк», «қыстау» 
дейді. Кей ел беті ашық қораны «аула» дейді («қыстау» бар 
елде болса керек); Бір ел «ерлік» десе, енді бір ел «ыңыршақ, 
«содүлке»  дейді. «Арысды» «жетек», «терте»,  аглүке» 
деб  түрліше  айтады. «Бел  ағаш», «белдік», «білдік»  деп 
түрлендіреді. «Сереңке», «шырпы», «оттық», «шақбақ» деб 
түрлендіреді. «Танша», «құнан  шығар», «тай  өгіз», «тана» 


302
303
деб əр түрлі айтады. «Көпене», «шөмеле», «отау», «шошақ», 
«мая», «іскірт» деп түрліше айтады. «Осының бəрін ерінбей, 
жалықбай, қарастырыб – салыстырыб отырсаң, əр ел өзінше 
дұрыс сөйлеб жүрміз деб ойлайды. Біз пəлен елдікі дұрыс деп 
айта алмаймыз, үйткені «əйдік» бен «дөкей» дің, «жаббай» 
мен  «кілең»нің  «бір  ыңғай»  мен  «бəр  өңкейдің», «жорта» 
мен «жорияның», «кигіз» бен «киіздің» «сіңді» мен «сіңлі» 
нің, «түндік»  пен  «түңліктің»қайсы  дұрыс  деу – надандық 
болар еді. Бұлар бізге жат тілдер емес, бəрі қазақтікі, кейбір 
дыбыстары өзгергенмен, қазақтығын жоймайды. 
Біздің тексеретініміз бөгде, бөтен жұрттан, өзіміздегі бар 
тілдік орнына, тіл кіріп бара жатса соны алыб тастаб, қазақ 
ьілін  аршыб,  тазартыб  отыруысыз  керек.  Мəселен, «жетек» 
тұрғанда  «аглүбле»  ні  алыб  келсе, «қора», «көң», «там  үй», 
«кірпіш үш» тұрғанда «земенкені» қыстырса, «мая», «шөмеле» 
тұрғанда «іскірт»ті, «көпенені» қолданса, «оттық», «шақпақ», 
«күкірт» тұрғанда, «сіріңкені» қолданса, «ыңыршақ», «ершік» 
тұрғанда «сөдəлке» немесе «седелкені» қолданса, − міне, бұ-
зылыб бара жатқан деб осындай тілдерді айтуға болады. 
Қазақ  баласы  бірінде  жоғын  бірінен  алуға,  ауысуға  əб-
ден болады. Жатырқаудың керегі жоқ. Мəселен, Орал, Тор-
ғайдың «əйдігін», «кілеңін», «дырауын», «керімін», «қасқа» 
сын, «сойын» неге алмаймыз: бұлар əдемі сөздер, əдебиетке 
керекті сөздер. «Керім − кербез» деген сөз Абайда бар, «қас-
қа мен жайсаң» деген сөз қазақта бар. «Сөй» ....деген («ата 
тегі», «тұқым»)  сөз  біздің  жақта  жоқ,  бірақ  кіші  жүздің 
ақындарында, əдебиетінде бар тіл; оны алмасқа болмайды. 
Қазақтың өзінен жаңа тілдер көбейіб, табыла берсе оған қуану 
керек:  тіліміз  сонда  бай  болады.  Бөкейліктер  «абиешік»ді 
...  орман  сақшысы  дейді  екен,  бері  əкеліңіз  құшақтай  ала-
мыз.  Адайлықтар  «сарнау» «зікір  салу»  дегенді  «сарсалу» 
дейді  екен – қойынға  саламыз.  Түркістандық  «Тораңғы» 
деген  ағашты  біледі  екен – тағы  аламыз. «Торғайлықтар 
«бір ыстанса» жер дегенді «бір қызыл үй» жер дейді екен, 
ода  терісі  емес. «Жер  майын» «мұнай»  дейді  екен – əдбен 
жақсы; ең аяғы о «пыробкені» бəреу «бопа» деп атаған екен – 
қазақтікі болса – қабыл еттік. 
Бірақ кейббір ел татардан, арабтан бөгде елден тіл қолда-
ныб  жүрсе,  оны  ала  алмаймыз.  Мəселен  Бөкейліктер  «жал 
ақы»  ны  «ғалапа»(алапа)  дейді  екен. «Жал  ақы»  тұрғанда 
оны алуға болмайды. Ал, ай аттарын (Дəліу, құт, сəуір, зау-
за...)  аламыз  ба,  жоқ  па  оны  айрықша  сөйлесу  керек.  Бір 
елдің  тіліне  бір  елдің  адамы  күлу – бірінің  бірі  тымағына 
күлген  тəрізді  нəрсе.  Ол  тек  қазақтың  өзімшілдігі.  Тегінде 
киімге  күлудің  де  қажеті  жоқ.  Тымақтың  үлгісі,  киімнің 
пішімі елінің мəдениет жүзінде қандай екеніне айғақ, киімі 
баяғы  қалпынан  мəз  өзгермеген  елдің  салты  да,  санасы  да 
бəлен өзгермеген болғаны. Мəдениет адамға сырттан кіріп, 
ішіне қарай тереңдейді. Өнерлі елдің киіміне, үй тұрмысына 
еліктеу «сені тəуір көремін» нің нысаны. Оны тəуір көрсе, 
оның өнерінде үйренбек, Қостанай, Семей қазақтары киім-
дерін ықшамдап, орыс, нойғайға еліктегне болса, олар мəде-
ниет жүзінде өзге елдерден озық болғаны. Сырдың, Адайдың, 
бетбақтың,  зайсан  қазақтары  əлі  баяғы  кең  қолтық,  жуан 
етігімен жүрсе, ол кейін қалғанның нысаны. Кейін қалғанға 
күлу керек емес, жан ашыу, аяу, жірдемдесу керек. 
Қазағыстанның ел болуы: үш жүзінің басы қосылуы; қыр 
мен  сырдың  жашырап  табысуы,  біріне  бірі  түрлі  өнегені 
жұқтырады;  киім  де,  тіл  де,  салт  сана  да  мыйдай  араласа-
ды. Қазақтың астанасы Қызыл ордада тұрса , ондағы басқа 
елден  барған  азаматтар  сырдың  тілінен  де  телімін  алады. 
Түркістан  елдерінің  «жүде», «құб», «қайыр»  деген  тілдері 
жалпы қазақтікі болыб кетеді. Қайдан келсе де, қазақтың тілі 
болса, жатырқамау керек. 
Жүсіпбек


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет