Байланысты: zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte
Атам туды некесіз, Анам туды некесіз. Өзім адам болғасын, Ата тегім сұрап нетесіз? – деп.
Əріптің біреуіне тіл бітіп, осыны айтса, тарихымен кеміт-
кендердің беті қызарып елі, не керек сөйлей алмайды ғой...
Латын əрпін керек қылғанда, мəдениетке еңбекші елді
тез жеткізу үшін керек қылатын шығармыз. Мəдениетке
жеткізетін жалғыз латын қарпі емес. Мəдениетке асыратын
түрлі баспалдақ бар. Əріп – соның бір баспалдағы. Оның
ұрғасы өзімізде табылып отыр. Тіпті ұрғасы жоқ мəдениет
баспалдағы толып жатыр. Алдымен жоқты бар қылуымыз
керек. Барды түзеу екінші мəселе болу керек. Бізге бəрі ке-
рек – анау да керек, мынау да керек. Бірақ керектің ішін-
де де ең керектісі болады. Біз осы күні сол ең керекті қарас-
тыруымыз лайық.
Əріпті керек дейтін болсақ, одан басқа мектеп үйі, мұ-
ғалім, оқу құралдары жəне керек. Тағы толып жатқан керек
бар. Солардың ішінде ең керегі қайсы?
Ең керегі қазір – оқу құралдары. Білімпаз жолдастар-ау! Үйге
кірмей, ат үстінен: «əріп керек!» – деп айқайлағанша, кішкене
төмен түсіп, үйге кіріп, оқып отырған жыртық күпілі, қисық
етікті кішкене жолдастардың қолына неге қарамайсыңдар? қа-
расаңдар, көрер едіңдер: оларға қазір əріп керек емес, əріптері
бар. Əріптерін бір-екі айда оқып, жазып та алып отыр.
Оқу-жазуда көршіміз орыстан кем қалып отырған жоқ.
Қайта орыстар қолжазбасы мен баспасын, бас əрпі мен орта-
да келетінін айыртып жүргенде, біздің қойшыбайлар киіп-
жарып олардан тез оқу, жазу үйреніп алып отыр.
Енді бізге керегі алдымен – кітап. Ақыметтің əліп-биін
аяғымызға тартамыз ба, басымызға тартамыз ба?
Міржақыптың есебін бастауыштың аяғына дейін, жеті
жылдықтарда да оқыта береміз бе? Қалелдің жаратылысын
қай бөлімге оқытамыз. Тегінде бізге айқайдан, сөзден гөрі
іс керек.
Алдымен бастауышқа, одан жеті жылдық мектептерге
кітап даярлауымыз керек. Құр жел сөзбен бала білім ала ал-
майды.
Орта мектептер де қазақ тілінде болсын деген қарар бар.
Болсын дегенмен, өзінен-өзі қазақша болып кетпейді. Оған
да қазақша тілде құрал, қазақша білетін оқытушы керек.
Олай болса, о керек, бұ керектің бəрінен де мектептерге
кітап керек. Əрбір маман өзі қолданған ісін жақсы біледі.
Мысалы: əйел сауған сүтін не істейтінін, сүтін ұйытуға
қандай ұйытқы керекгігін, не түрлі аспап керектігін соның
өзі біледі. Ат үстінде жүрген еркек оны білмейді.
Көгенінде неше бұршақ бар. Үлкен қозыға, кіші қозыға
шақ келетіні – нешеу. – Оны қойшы біледі. Үйде шалқиып
жатқан бай білмейді. Енді біз, мұғалімдердің айтатынымыз:
бізге оқытуға кітап керек. Əріп керегі жоқ.
Мұғалім Мұстапа ұлы Сейіт-баттал