АНА ТІЛІНІҢ ОҚЫТУ ƏДІСІ
Рет
Қат танудан соңғы ана тілін оқытуды беске бөліп сөйлей-
міз: 1) тіл ұстарту, 2) оқу, 3) жазу, 4) емле үйрету, 5) тіл
бақылау деп. Оқытушылар үшін бөлектегеніміз болмаса, іс
жүзінде бұлар бірі мен бірі тоғысып, өріліп, астасып отыра-
ды. Бірінсіз бірінің күні жоқ.
Өйткені бір нəрсені білуге не құрым саңылау мүшелері-
мізді түгел жұмсасақ, со құрым жақсы, берік тоқимыз. Бі-
лім – бір судағы меруерт: шеңгелдемесең, уысыңа мəз ілін-
бейді. Білім – бір алтын балық: қармақты тұс-тұсынан қами
салсаң, жылп береді. Білім – бір қызыл түлкі: қағушыны қапта-
тып, үстінен құс салып, астынан ит жүгіртіп, толайламасаң,
ұстатпайды. Білім ұстайтын сол құралдар бізде барма? –
бар. Көз – бүркіт, құлақ – қағушы, тіл – тазы, қол – қармақ,
ой – шеңгел. Сөйлеңіз – бала тыңдасын (қақсын), жазы-
ңыз – көрсін (шолысын), сөйлетіңіз – тазы боп қусын, жазды-
рыңыз – қармақтасын, сұраңыз – ойлансын, оқысын, сабақ
сайын есте болатын ереже, əдіс осы. Баланың бар мүшесін
қызметке жеге білген оқытушы білдірмей қоймайды.
Тіл ұстарту
Мектепке кірген соң, бала үш қилы тілге душар болады. Бірі
баланың өзі, үй іші, сөйлеп жүрген тілі, екінші мұғалімнің
тілі, үшінші кітап тілі. Баланыкі ұстармаған қырналмаған,
дөрекі, жалпақ тіл. Кітап тілі əдеби тіл деп саналады. Тегінде
əдеби тіл қалықтың жалпақ тілінен қашық болмаған жөн ғой.
Бірақ барлық кітаптың тілі ондай боп келе бермейді: Білім
жаңа, жат тіл туғызады. Қара пайым адам кей сөзді бұзып
сөйлейді. Сондықтан баланың тілін «Сындыру», ұстарту,
əдеби тілшге төселдіру керек болады.
Баланың бəрі бірдей сөйлегіш емес. Ата, анасы, ауылы сөз
баққан ауылдың баласы сөз біледі; шаруа, мал баққан үйдің
баласы сөзге олақ келеді. Іске, еңбекке, табандылыққа кел-
генде шаруа баласы озуға айтқанды тез ұғып, сылдыратып
айтып беруге сөз баласы озуға мүмкін деген мен, бір ауылда,
бір өңірде өскен балалар тіл жағынан бірінен бірі пəлендей
қара озып кетпейді, зеректік, ақылдылық сөзшеңдікке байла-
улы емес. Қайта көп сөзді, мылдың баланың оқуға жаңғалақ,
ұшқалақ боп шығатыны көп.
Баланың тіл қоры аз, көп болуына, бір жағынан, ауы-
лы, аймағы сүрең етсе, екінші, ден саулығы, құйма құлақ,
ақпа құлақтығы, жылдам, не баяу серпілуі, ұғымталдығы,
ұмытшақтығы, бостығы, ширақтығы дегендей, əр баланың
сүйегіне біткен өзгеше сипаттары да əсер етеді. Соны мен
мектепке кірген баланың тілі шұп-шұбар болып шығады.
Мұғалім тіл жағынан орташа баланы көз алдында тұтып,
төмендерін соған теңеуге, озықтарын тізгіндеуге тырысады.
Жалаң тіл ұстарту емес, əр жұмыс туралы осыны қылмақ
қой.
Мектепке кірісі мен, мұғалім бала мен сөзге кіріседі.
Аты-жөнін, үй ішін, не білетінін» анау-мынауды шұқылап
сұрай бастайды. Баланың тіл қорын бақылау, есептеу осы-
дан тұрады. Осы бақылауды мұғалім үзбей істеп, жылдың
басында, аяғында тіл жағынан қай баланың қанша өрлегенін
есепке алып отыру керек.
Алғашқы жылы тіл ұстартуға істелетін жұмыс: көбінесе
сұрап жауап алып отыру, көрген-білгенін, кешіргенін
қысқаша сөйлету; соны мен қатар кітаптан əңгіме оқыту.
Сөйлесу сұраудан басталады дедік. Сұрауда көп мəн бар.
Кей сұрау бейне жұмбақ боп, баланы ойландырсын. Кей
сұрау үстінен таман төндіріп, иек артпадан қылтылдатқандай,
жақауратсын; кей сұрау екі маңызды – жұмбақ сұраудың
арасына дəнекер – саты болсын. Кей сұрау қөиын сұрауды
түсіндіргендей орағытып, ана жағынан айналсын. Сөйтіп,
негізгі сұрау, жақаратпа сұрау, дəнекер сұрау, айналма сұрау
деп ат қойып алсақта жарайды. Негізгіде өзгесін жанама сұрау
десекте болады. Мұғалім əуелі негізгі сұрауларын жобалап
алып, соларға жауап алу үшін, жанама сұрауларды орны
мен қолдана білу керек. «қол таза болуға не қылу керек?»,
«Піскен нан шикі болама?», немесе «тағы да нені білесің?»
504
505
деген сұрауларда мəн жоқ. Сұрауға үлкен шеберлік керек
(бұл туралы «Тəрбиеге жетекші» нің 61-бетін қараңыз).
Тəжірибесіз мұғалім көбінесе жанама сұрауларға олақ
болады. Өйткені жанамалар сабақ үстінде кезіне қарай туып
отырады. Мұғалім ойлап алған негізгі сұрауында сыресіп
тұрып қалады, қайталай береді; жақауратам, орағытам
десе, ай далаға шығып кетіп, негізгі сұрауынан адасып
қалады; не шыдай алмай, өзі айтып жібереді; немесе балаға
айтарлық бір-екі ақ сөз қалдырады, «бар», «жоқ», «иə», «со-
лай» дегізерлік. Сұрау түрі мен сабақ беруге əрі білім, əрі
тəжірибе, əрі тапқыштық, шеберлік керек. Əйтпесе, талай
мұғалім баланың сұрауына жауап таба алмай, сасып қалады,
не өтірік пен жұбатады.
Сұрау дұрыс болса, жауапты дұрыстап алуға тырысу ке-
рек. Бірақ жауап бқткенді толық қып алам деп, үнемі баланы
қыстай беру жөн емес. Толық жауап қортынды шығарғандай
сұрауларға керек. Баланың тілі жетпей тұрған жерінде,
мұғалім сүйемелдеп, аузына салып, не өзге балаға түзетіріп
отыру керек. Бірақ мұғалімнің түзетуі баланың ойын бұзу,
өзгерту болмай, сөзін түзету болғаны жөн. Ойы теріс болса,
оң айтатын бала табылады ғой. Мұғалім үнемі өзі сұрай бер-
мей балалар өзінен де сұрағандай қылу керек. Ескі мектепте
үнемі мұғалім сөйлеп, балалардың үні шықпайтын. Енді не
ғұрым баланың көп сөйлегені жақсы. Өзі ұмтылмаса, бала
өжеттенбейді, иек сүйеп кетеді.
Мұғалім сұрауды əуелі жалпыға беріп, бəрі тыңдап, қол-
дарын көтерген кезде, бір баладан арнап сұрап, оның жауа-
бын «Дұрыс айтама?» деп, өзгелерге сынатып отыру керек.
Қол көтеруге балалар шу дегеннен əдеттенсін. Əйтпесе
«Мен айтам, мен айтам» деп шулап кетеді, тəртіп болмай-
ды. Жауап теріс болса, өзгеден сұрап, дұрыс болса, оны тағы
қайталатып, басқа балаға айтқызбай-ақ, бəрі естісе, əр қарай
жылжу керек. Əр бір негізгі сұрауға жауап шыққан кезде,
мұғалім: «соны мен ол мынадай екен ғой» деген тəрізді бір
түйіндеп кетіп отырған жақсы.
Сұраудың сөздері балаға ұғымды, анық, шағын болсын.
Жалпылаған, бұлдыраған, көмескі сөздер қыстырылмасын.
Қос мəнілі, қос жауап тілейтін сұрау берілсін. Жауаптың
дұрыс болмауы да сұраудың шалалығынан, «қағушы келіссе,
дау жүйесін табады» деген мəтел сұраудың шеберлігінен
туған. Тегінде дала баласы ақтан тигізгендей, қаббасар, дəл
жауап бермейді, түссіз қып, бұлдыратып отырғаны. Ой дұрыс
болса, сөзді де соған дəлелдеп сөйлеуге төселдіру керек.
Енді əңгімеге көшейік.
Əңгімені мұғалім өзі оқып, балаларды тыңдауға төселді-
реді. Ынта қойып, қызығып тыңдай білуде – білімге бір
саты ғой. Тыңдап болғаннан кейін, мұғалім əр жерінен
сұрау қойып, кімнің қандайлық ұққанын байқайды. Оқып
отырғандада балалардың тегіс тыңдағанын, алаңдағанын көз
қырынан кетірмейді. Мұғалім барлық баланы тегіс көрген-
дей қырағы болу керек, қарамай отырып, көре білу керек.
Тыңдамай ойнап отырған баладан оқыста сұрап қалып,
сақтандырсын. Балаларын бақыламай, ұққанын тексермей
оқыған əңгімеден пайда жоқ. Əңгіме, əрине, ұзын болып,
жалықтырмасын бірінші жылы, көп болса, 15 минуттай уа-
қыт алсын.
Əңгіме не кітаптан алынады, не мұғалім өзі жатқа айтады.
Өзі айтуға, əрине, əңгімешілдік, суретшілдік керек. Баланы
құлшындыра алмаса, ондай өнердің кем болғаны.
Əңгіменің мазмұны сарыны қандай болу керек деген сұ-
рауға: жанды нəрселер (адам, айуан) жайынан, қауып-
қатері, «оипырмайы!» аралас, қиалды, жүректі қозғайтын,
ертегісымақ əңгімені бала құлшына тыңдайды. Бірақ ертегі
дегенге, жалмауыз кемпірі, дəу берісі, жез тырнағы бар,
жоққа нандыратын, немесе дінге байланысқан бірдеңелер
айтылмасын. Баланы қорқақ, жасық қылатын əңгімеде бол-
масын. Əңгіменің сарыны ұйымшылдыққа, еңбекке, оқуға,
өнерге, қайратқа сүйрегендей, сұлулықты сүйгізгендей, үр-
леп отырған жоқ.
Екінші жылдан бастап, əңгіме оқуды 30 минутке дейін
созуға болады.
Мұғалімнің ескеретіні: 1) сабақ (тақырып) ретіне қарай,
əңгімені оқитын уақытын белгілеу, 2) лайықсыздарын сұрау
мен түртіп, бəріне тыңдату, 3) қанша уақыт кететінін шама-
506
507
лау, 4) күннің қай мезгілінде оқығанды жақсы тыңдайтынын
байқау, 5) əңгімені жұмасына бір рет құрып отыру сияқтылар.
Екінші жылдың ортасынан əрі əңгімені балалардың өзіне
оқта, айтқыза бастау керек. Баланың əңгімесіне балалар
сұрау беріп отырса тым жақсы.
Тілі шолжың кекеш балалардың себебін тексеріп, түзету
керек. Тегінде мұғалім баланың сөзін түзетуден босан-
бау тиіс. Əсіресе, кітап, өлең оқығанда. Ал бала басынан
кешкен бір оқиғаны, не көрген-білгенін сөйлеп тұрғанда,
түзеткеннің жөні осы екен деп, сөзін бөле беру жарамайды:
бала жаңылып шатасып, ұялып қалады. Одан да баланың сол
əңгімесі сарынды бір əңгімені, үлгі үшін, өзі өңдеп айтып
берген жақсы (əрине, «мен қалай айтам!» деп, мақтану бол-
майды). Бала еліктегіш қой.
Оқыған əңгімені «қайта айтып шық! Мен не дедім? Не
туралы оқыдық?» деген тəрізді жалпы сұраудан, бұйрықтан
аулақ болу керек. Одан да əңгіменің басты-басты жерінен
жақауратпа сұрау бер, сол əңгімеден баланың есіне не
түскенін айтқыз, қортынды есебінде сөйлес. Əңгімені қайта
айтқызу тегінде болама? Десеңіз – болады. Бірақ қандай кез-
де? Бір мəселені қозғап отырғанда: «Осы туралы еш деңе
оқығандарың бар ма?» деп сұрап, бар десе, деген балаға со-
нысын айтқызу жарайды. Немесе бір мəселе жайынан бір
балаға «мына кітаптағы пəлен əңгімені оқып келіп, ұққа-
ныңды ертең айтып бересің» деп, тапсыруға болады. Сөйтіп,
күн бұрын даярлап алмай, оқи сала қайта айтқызудан пайда
шамалы.
Оңдысы: бала естігенін, көргенін, кешіргенін əңгіме қып
айтса, не бір мəселе (тақырып) жөнінен өзі ізденіп, не жол-
дастары мен бірігіп, дерек жинап, сол турада сөйлесе. Ал
үшінші жылдан бастап, істеген ісі туралы жоспар жаса-
тып, оны мұғалім көріп, жөндеп, балаға баяндама қылдыра
бастаған жөн.
Тіл ұстартуға, ойын айта білуге бір төселдіретін жұмыс –
балалар жиылысы. Жиылысты алғашқы кезде мұғалім өзі
басқарып, тазалық, тəртіп жөнінен мəселе қозап, балаларға
сөйлетіп, жоба ұсындырып, қаулы шығартқан жөн. Қаулыны
да ауелде, мұғалім жазып көрсетіп, жүре-жүре балалар өзі
басқарғандай, сөйлегендей, жазғандай болсын.
Кейде тіл ұстарту, ойын айтқызу үшін, бір суретті (асық
ойнаған балаларма, қоян қуғандарма, көшкен ауыл ма, –
бəрі бір) көрсетіп, «осында ненің суреті салынған? Айтшы!»
деу керек. Мұндай жұмысты бірінші жылы-ақ істеуге бола-
ды. Кейде əлде бір бала қалаға барып, суреттер əкелсе, сол
суреттері туралы əңгіме қылдыруға болады (Соңғы жылдар-
да балалар əңгіме айтқанда, не жазғанда, не оқығанда, «қай
жерін сурет қып салуға болады?» деп бір кезеңдерін сурет-
теткен дұрыс). Кейде бір бала əңгіме айтқалы тұрғанда, əуелі
сол əңгімеңнің кей бір кезеңдерін сурет қып салшы!» деп,
салғызып қойып, суретке қаратып сөйлетсе жарайды.
Əңгімелескенде біреу айтады да, өзгелер тыңдайды. Ал
екі адам жарыса сөйлесе, əңгіме бұзылады, ол көптің əңгімесі
болмайды. Балалардың жарым-жартысы тыңдамаса, ондада
бұзылады. Əңгімеге қатысу үшін, айтуда – бір, тыңдау (ұғу)
да бір-бірінен бірінің маңызы кем емесм. Ендеше, мұғалім
əңгіме кезінде балаларды тəртіп пен ұстап үйрету керек екен.
Шуламасын, жамырамасын, тегіс тыңдасын, сұраушылар
қол көтерсін. Мұның бəрі біртелеп орнайтын əдет.
Ұйымдасқан əңгімеде (соңғы жылдарда) əуелгі мақсатын
тақтайға жазып қоюға болады (мысалы: əңгіме тирмен ту-
ралы екен. «Мақсұт тирменнің қалай жасалғанын, пайда-
сын тексеру» деп, тақтайға жазып қояды). Мұндай жазулар
жүре-жүре əңгіменің, ой жазудың жоспарына (пыланына)
айналады.
Оқу
«Оқу» деп жазған сөзді, не кітапты оқуды айтып отыр-
мыз. «Үйрену», «ғылым» мəнісіндегі «оқу» деп қалмаңыз.
Екінші жылдан əрі балалар оқуға азбыншы төселіп
қалады. Алайда суылданып кете алмайды, тасымалдап, кібір-
тіктеп, ыңылдап оқиды. Бажайлап, суылдатып оқу үшін көп
тəжірибе керек қой, қашан мектеп бқтіргенше, одан соң да
оқудан босанбау керек.
508
509
Кітапсыз оқуға үйрене алмайды. Кітапсыз ауыл-аймағы-
нан əрі баланың ақыл күйі кеңімейді. Кітапсыз газет оқып,
түсіне алмайды. Газет бүгінгі өмірдің айнасы ғой. Алайда
барлық білім кітаптен табылады деу – солақайлық. қолма-
қол білуге болмайтын алыстағы мағылұматты білдіруге
кітап бірден соңғы құрал. Десек те жылдан жылға кітаптың
маңызы күшейіп білім бұлағы бола бастады. Қашан? – терең
білімге аяқ басқан кезде.
Жə, оқитын əңгімеміз сол кітаптан табылады екен.
Əңгіме оқуда қандай мақсат бар? – мақсат түрлі болу керек:
1) Ауызша сөйлегенді кітаптағы əңгіме мен толықтыру,
шымырату үшін,
2) Оқуға төселдіру, ұққанын байқау үшін,
3) Əңгіменің мазмұнын тексеру, бөлімдерін тақырыптату
үшін,
4) Əлде бір мəселе туралы дерек (материал) жинау үшін,
5) Əдемілеп, бажайлап оқып, өзгеге естіртіп, үлгі қылу
үшін, тағы сондай мақсаттар көздеп, əңгіме оқытылады. Мұ-
ның бəрін бір əңгімені оқытқанда орындауға болмайды. Бір
əңгімеден бірақ мақсат көздеу керек. Əр əңгімені оқырда,
оқытарда, мұғалім қай мақсатты көздерін белгілеп алу керек.
Қандай əңгіме оқыту керек?
Алғашқы екі жылдай, көбінесе, оқылатын нəрсе: түрлі
пылақат, қабырғадағы түрлі ұран, жарнама, үндеу, қабар,
шақыру сияқтылар болмақ. Жеке сөздер, жеке сөйлемнен
байланысты əңгіме оқытуға түсіруіге жұмбақ, мақал сияқ-
тыларды сатылап барған дұрыс дейді; бұл күнгі бір қатары
ірі əдісшілдер. Олар күндегі сабақтың (тақырыптың) ретіне
қарай шығарылып, жазылып, оқылып отырылмақ. Сондықтан
түрлі тақпақ, өлең, жұмбақ, ертегі, қысқа əңгімелер оқылады.
Өлең, тақпақтар жатталады. 4 – 5 жылға аяқ басқан сайын,
əңгімелердің көлемі ұлғайып, мəнісі тереңдеп, ғылымға
айнала береді. Көркем сөзбен білім сөзі байланысып, аста-
сып отырады. Бас аяғы жоқ, ұзын əңгіменің бір қиқымын
оқытқаннан да, бас, аяғы түгел бір əңгімені тұтрас оқытқан
дұрыс (алайда романдардың белгілі тақырыпқа жазылған
жерлерін алуға болады).
Өмірді дəл суреттеген қайраткерлері толық мінезделген
аса бір жақсылары болмаса, Кырловтың («қырық мысалдың»)
мысалдарынан да пайда шамалы. Өйткені ондағы мысал-
дарда терең мағына, білім жоқ, тек өмірдегі тəжірибелердің
түйіні. Ондай түйіндер мақалда айтылған. Əйтседе қасқырды,
түлкіні, аюды, бұлбұлды, есекті мінездеген, балаларды
қайраткері қылып, айтыстыруға болатын, дəмді мысалдарын
алсада болады.
Əуелгі кезде əуездеме, əліптеме түріндегі əңгімелер алы-
нып, байымдама түрлеріне жүре көшкен жөн. Мұндай дерек-
тер оқу кітаптарынан, көркем əдебиеттен, балалар əдебиеті-
нен, жорналдан, уақ кітапшалардан табылады, өмірді əр
жағынан суреттей алмаған, мақсаты, өнегесі көмескі, сыңар
жақ, немесе ерсі сөзді əңгімелерден қашу керек. Ойды қоз-
ғағандай, білім бергендей, көңілді ашқандай, көркемдік
сезімін оятқандай, бернелі, үлгілі, толғаулы, дəмді, сөздер
алыну керек; балаларға дүниеге затшылдық көзқарас сіңір-
гендей, бірлесіп жұмыс істеуге ұмтылдырылғандай, еңбекке
баулығандай сөздер оқытылғаны дұрыс.
Көркем əдебиетті түсінуге, көркемдігін сезуге оқушы-
ларды үйрету де – өнер. Бұл өнерді мұғалім өзі де үйрену
керек. Бір жағынан көркем əдебиеттің тіл сұлулығына, өлең-
тақпақтың ырғағына, күйіне, бернелі, суретті сөздеріне бала-
ның қалай қарайтынын, екінші жағынан, жаратылыстың,
жақсы нəрсенің, санды суреттің, қызық думанның көркін,
сұлулығын қандай түсініп, қандай қызығып, сезетінін
оқытушы дəйім бақылау керек. Балалар көркемдікті мəз
түсінбесе, қызбаса, қызықпаса, мұғалім нəрсеге балалардың
ынтасын төндіріп, саларлық сурет көрсетіп, əңгіме құрып,
қалайда, баланың көркемдік сезімін оятуға, жетілтуге тырысу
керек. Міне соған жол ашатын – көркем суретті əңгімелер.
Көркем əңгімені оқығаннан кейін, мысалы, мынадай
сұрау беруге болады: 1) Əңгіменің қайраткерлері (қатысқан
адамдары) кімдер? 2) Мұндағы қашан, қай жерде болған
оқиға? 3) Бас, аяғында, ортасында жетпей тұрған сөздер жоқ
па? 4) Əңгіменің ең керекті, маңызды жері қайсы? 5) Қай жол,
сөйлем, сөз өте сұлу, суретті? 6) Қай жерін сурет қып салуға
510
511
қай жерін айтыстыруға болар еді? 7) Қай жерін əнге түсірсе,
қай нəрсені саздан сымбаттаса жарар еді? 8) Қай жері қуа-
нышты, қайғылы, өкінішті, аянышты, қауып-қатерлі, жігірлі,
қызық? Мұғалім дауысын құбылтып оқыса, мұның бəріне
балалардың жауап беруі – ақ.
Алғашқы үш жылдай оқылатын сөздер, көбінесе, көркем
əдебиеттен оқу кітаптарынан алынып жүріп, 4- жылы үлгі-
лі – пəн кітапшаларына көшу керек. Балалардың жасына
қарай, мазмұны да, тілі де лайық кіапшалар шығып, солардан
кітап қана жасалып, өз беті мен оқырлық болса, тым жақсы.
Енді қалай оқыту керек? деген сұрауға көшейік.
Бірігіп оқу деген бар. Мұнда барлық бала өз бетімен оқуға
бір əңгіме беріледі, балалар əңгімені ішінен оқиды да арты-
нан сол туралы кеңеседі.
Толайлап оқу бар. Мұнда барлық бала бір неше топқа
бөлінеді де, топ бқткенге бір мəселеле жөнінен əр түрлі əң-
гіме беріледі. Мысалы, мəселе «Үй айуандары» жөнінен
екен. Бір топқа – ат, бір топқа – сиыр, 3- топқа - қой, 4- топқа –
түйе туралы əңгіме оқуға тапсырылады. Бəрі оқып болған
соң, оқыған əңгіменің мазмұны туралы жалпы кеңеседі.
Жеке – дара оқу бар. Мұнда бір балаға бір əңгімені
оқып кел деп тапсырады да, ол бала даярланып келіп, бар
балаға оқып шығады. Өзгелері тыңдап болып, сұрау береді,
кеңеседі. Бұл жақсы оқуға төселдіру үшін. Əрине, ондай
жұмыс балаларға кезек беріледі.
Өз беті мен оқу бар. Мұнда бала қызық көрген кітапты
алады да үйіне апарып оқып, үй ішіне тыңдатады. Ондай оқу
есепсіз оқу, немесе ермек болмас үшін, кітаптың несі ұнады,
несі ұнамады? Деген тəрізді бірдеңе жазып келуге, айтып бе-
руге үйретеді.
Дауыстап оқу деген болу керек. Мектепте, не қирағат
қанада 3-, 4- кіталстың балалары бірігіп даярланып, бір
əңгімені бір балаға оқытады, өзгелері тыңдайды. Алды
мен жақсы оқитындар бастап, жүре-жүре барлық балалар
кезектесіп оқитын қылу керек.
Əлеумет алдында оқу бар. Бір мереке, не мейрам кезінде
жоғарғы кіластың балалары өлең, тақпақ, шебер сөз жат-
тап айту мен қабат, жиылған əлеуметке пайдалы, маңызды
мақала, əңгімелер оқып естірту керек, ол үшін, əрине, күн
бұрын даярланады. Бір неше рет жолдастарына мұғалімына
тыңдатып, сынатып, түзеп оқиды.
Жақсы мұғалім осы түрдің бəрін қолданады. Өзі де түр
қосады. Алғашқы жылдарда мұғалім көркем сөздерді бажай-
ына келтіріп, өзі оқып, жүріп, төселген сайын балалардың
өздеріне оқытады.
Кіласта оқығанда, шын жаңа, қызық əңгіме алыну керек;
балалардың жайшылықта оқи бермейтін, «ші пыспайтын,
əңгімесі болу керек. Ондай əңгімені мұғалім, не жақсы оқи-
тын бала оңдап оқып, өзгелер тыңдап үйренсе, оқушыға да,
тыңдаушығада зор пайда бар.
Алғашқы кезде барлық балаларға пəлендей əңгімені оқып
кел деп тапсырып, ертеңінде əр балаға екі-үш сөйлемнен
оқытып, сол оқығаны туралы жақауратып сұрау беріп, ұқ-
қанын шамалау керек. Əңгімені неше бөліп, неше балаға
оқытатыныңды, қандай сұрау беретініңді күн бұрын жобалап
ал. Бір баланың оқып шыққан екі-үш сөйлемінде белгілі бір
пікір айтылған болсын. Тасымалдап жөндеп оқи алмайтын
балаға: «Қатты оқы! Тез оқы?» дей бергенше, өзің оқы, не
басқа балаға оқыт. Жаман оқитын балаға үйде оқып келуге
жұмыс тапсыр. Оқып – қысқа сөйлемді бір балаға оқыта сала:
«Не оқыдың? айтшы!» деуден сақтан. Əңгіменің түсіндірерлік
кезеңіне тоқтап, азғана түсіндір. Бірақ түсіндірем деп жүріп,
сүре сөзге түсіп кетпе: əңгіменің желісі, маңызды баланың
есінен шығып кетеді. Бір оқытқан бөлімді екінші балаға тағы
оқытпа: жасып кетеді, мезі қылады. Əңгіме жұмбақтау бол-
са, артынан ойланып қортынды шығарт. Анық болса, қажеті
жоқ.
Айтыс. Ішінде бір неше қайраткері бар əңгімені ал да, əр
қайраткердің сөзін əр балаға бөліп беріп, солардың өзі қып
айтыстыр. Жазушының сөзі араласса, оны тағы бір балаға
тапсыр. Мысалы, біреу – қасқыр, біреу – қозы, біреу жазу-
шы боп сөйлесін. Жүре-жүре жалаң кітаптағы сөздерді қана-
ғат қылмай, қайраткер атынан бала қиалынан сөз қосып,
сөйленетін болсын. Кейде жазушы атынан сөйлеткен əңгімені
512
513
қайраткер атынан сөйлет. Бұл дағды екінші жылдан басталу
керек. Осының арт барып, пиесе ойнауғау, артестікке шабу
керек.
Өлең, Тақпақ Жаттатпақ болсаң, балалардың ұғымына,
күшіне лайықтап таңда. 1-кіласқа Абайдың «Қысын», Мағ-
жанның «Қысқы жолда» сын оқытуға болмайды: əрі көп,
тілі қиын. Олардан да «Аяз», «Тебін» деген өлеңдер («Жаңа
арна» ның 53 бетінде) оңай. Айуандар туралы қалық өлеңі
жұтымды («Жаңа арна» да, «тарту» да) ақындар сөзін талғап
алу керек. Өйткені олардың көбі балаға бола жазылған емес.
Иə тілі ауыр, не мазмұны ауыр келеді. Оларға соңғы жыл-
дарда көшу керек.
Өлеңді не кіласта не үйінде жаттатады. Кіласта жаттат-
қанда, бір ауыздан алып, қосылып жаттау керек. Мұғалім
бастайды, балалар еріп қосылады. Жамырап кетпес үшін,
үздік-создық айтпас үшін, мұғалім өлеңнің ырғағы сайын
жұдырық қып түйген оң қолын асты-үстіне бір сермеп қалып,
балаларға да осыны істетіп, өлең, əн ырғағына (бунағына)
жаттықтыра беру керек. Ырғақты (тактыны) білдіруде - өнер.
Жолы 11 буынды, төрт аяқты қара өлеңде жол сайын 3 ырғақ
бар. Жыр, тақпақ өлшеулі сөздерде 2 ырғақ бар. Мысал:
1) «балалар оқуға бар Жатпа қарап
киініп жуыныңдар шапшаңырақ
2) Ат құлақтан Ат қылып
Асыр салған осы жер
Бастапқы екі жолды айтқанда, əр бунақта (ырғақта) қол-
ды əуелі астына одан үстіне сермеп қалып отырып, бар-
лығы астына 6 рет, үстіне 6 рет сілтейді. Соңғы екі жолды
үйреткенде, асты, үстіне 4, 4 ден сермеген болады.
Өлеңнің бір ауызын 3 – 4 рет қосылып айтқан соң, «Кəне,
кім жатқа айтады?» деп, қаншасы жаттағанын қол көтертіп
шамалап, 2 – 3 күдіктілеу балаға айтқызып, олар жаттаған
болса, екінші ауызын осылай қып үйрету керек. Соңғы ауы-
зын жаттатып болған соң, басқы үйреткенін қоса айтқызып
үйрету керек. Үйрететін бір ауызын тақтайға жазып қойып
оқи алатындары оқып тұрсын. Екіншіде оны сүртіп тастап,
екінші аузын жазсын. Уақыт жетсе, тақтайдағыны көшіріп
алып отырсын; жетпесе үйде көшуруге тапсырылсын. Кейде
үнемі шулата бермей, тақтайдағыны ішінен 2 – 3 рет оқытып
жаттатсын. Үйде жаттауға берілген өлеңді кіласта мұғалім
бір оқып, жат сөздерін түсіндіріп отыру керек.
Күйлі кестелі сөзді əр балаға бір оқытып жасытпай, қара
сөз бен мəнісін түсіндірем деп көп созғыламай, бажайлап,
өңдеп, оқып демі, суретті, күшті жерлеріне баланың ынта-
сын аудара білу керек. Ақын сөзі созғыласа, əсері кемиді;
түсіндіру əсерін кемітуге емес, күшейтуге жұмсалсын.
Шебер сөз (деклемес). Өлеңді, тақпақты бажайына келті-
ріп, жақсылап, жатқа алып, шебер сөйлеуге үйрету керек.
Бірақ əндетіп кетпесін, қара сөздей қып оқи білсін. Өлеңнің
жол сайын тоқтай бермей- мəнісіне қарай, қуанышты жеріне
қуанып, жігерлі жеріне дауысты көтеріп, мұңды жеріне бая-
улатып, қорқынышты жеріне ентігіп, бастырмалатып, дауы-
сты құбылтып, тыныс белгілеріне қарай тоқтап, түрлендіріп
сөйлегендей қылу керек. Оған алды мен мұғалім өзі төселмей
болмайды. Мұндай шебер сөзді мереке, мейрамдарда айтуға
керек болады.
Жазу
Адамның өмірінде жазудың түрлі орынға керегі бар. Сол
орындарды санап, үш салаға жіктеуге болады: 1) Адам өзіне
бола – бірдеңені ұмытып қалмауға жазады, 2) Бір адамға, не
бір кеңсеге арнап жазады; (мысалы: сəлем қат, арыз қол қат,
баяндама сықылдылар), 3) Еш кімге жіп тақпай, көпке арнап
жазады (мысалы: пылакат, жарнама, ұран, мақала, əңгіме,
маңдайша қағаз сықылдылар).
Мектептің жазу жұмысына осы үш орынның үшеуі де
кіру керек. Тіл құрал дағылары, жат жазу, оқығанды қайта
жазу сықылды өмірге керексіз, мəнісіз, пайдасыз сөздер жаз-
дырмай, мектеп, өмірге пайдалы жұмысты істету керек. Не
үйретсең, не жаздырсаң, оныңда баланың санасына мəңгі
514
515
орнарлық бір мағлұмат болсын. Мысалы, «саулық сақтау»
жөнінен сабақ бермек екенсің: ондай сабақта дерттен қалай
сақтану шаралары, ескі ырым-жырымдардың (көз-сұқ, албас-
ты жын соғу секілділердің) бекерлігі тəрізді мағлұматтар
кірісіп, балаға дұрыс дүние таныс орнауға жол ашылсын.
Балалар бірдеңені бақылайды, зерттейді екен, ол туралы
сөйлеп пікір ауысады екен, сол көрген-баққанның түйінді
жерлерін, пернелеуге лайықтысын сурет қып салсын, жады-
на қалдыруға керектісін жазып алсын. Міне өзі үшін, есіне
сақтау үшін жазады деген осы. Өткен мен кəзіргі сабақты
байланыстырғанда, мұғалім ондай жазғандарын есіне са-
лып, сұрап, оларға əлде неше оралып отырады. Бұл – өмірге
керекті жазу.
Мектептегі əр бір əңгіме, серуен, оқу, мейлі қандай жұмыс
болсын, балалардың жұмыс дəптерінде із қалдырып отыр-
сын. Бір сөйлем болсада, оқыған сөздің тақырыбы болсада, –
əйтеуір бірдеңе түртілу керек. Ондай азбыншы жазуға уақыт
аяп керек емес. 10 – 15 минуттен артық уақыт та кетпейді.
Жаздыру реті былай болады: сабақ (жұмыс) артынан мұ-
ғалім: бұл күн біз не істедік? Не білдік! Кəні соны жазып
қояйық?» дейді. Балалар бірігіп-ойласып ұйғарған сөйлемді
дəптерлеріне жазып алады. Əуелгі жыл мен екінші жылдың
бас жарымында жазарлық сөзді мұғалім өзі тақтайға ірі қып
жазып жүреді. Балалардың жазғанын дұрыстап оқиды да,
дəптерлеріне көшіреді. Мұғалім қата көшіруін қарап жүреді.
Жазылатын сөйлем қысқа, шымыр, ұғымды, жабайы болу
керек. Не құрым қысқа болса, сол құрым балалар баптап,
əдемілеп жазбақ. қалайда сондай жазудан күні құр болмау
керек.
Өз бетің мен үйде жазып кел деп, жұмыс тапсыру алғашқы
жылдарда ауыр соғады. Тек қысқа тақпақтар, мысалдар
болмаса, екінші жылы тамтым біріккен ой жазу керек. Бір
жұмысыты орындағаннан кейін, мысалы: «біз егін, пішен
басында не көрдік? құдықты қалай аршыдық? Киізді қалай
бастық? Бұзауды қалай бақтық, ұстадық?…» деген сияқты
тақырыптарға жаздырған жөн. Мұндай ой жазуды да əуелі
бір сөйлемнен əр бір балаға айтқызып, қолайлысын таңдап,
жатқа құрап алып, тақтайға бір сөйлемнен жазып, балалар
дəптеріне, не бір жапырақ қағазға көшіру керек. Балалардың
жазғанын мұғалім жинап əкетіп, үйде түзетіп, ертеңіне
үлестіріп, түзелген түрінде оқытады. Сол түрінде көшіріп
кел деп тапсырса, тым жақсы. Ондай жазуларын мұғалім
жинап, нөмірлеп қояды. Кейін кімнің қандай өрлегенін сол
жұмыстарына қарап біледі. Бұлардың бəрі баланың өзі үшін
жазулар. Енді өзгелер үшін жазуды айтайық.
Кіластың қабырғаларында жазулар болуға тиіс, ненің
жазуы десеңіз: күндік, жұмалық жұмыстың пыланы (жос-
пары), орындалған істің есебі, дүжірлер тізімі, сабаққа
келген, келмегендерді белгілейтін жалпы балалар тізімі,
кемесие, камитет сияқты қызмет балаларының аты-жөні,
олардың қысқаша түрде жазылған міндеті, жалпы жиылыс
бекіткен кілас тəртібінің ережелері, келешек жиылыстың құ-
лақтандыруы, кілас ағасының, өкілдерінің, немесе кемесие-
нің, мұғалімнің жарнамасы, комплекс жүйедегі алдағы та-
қырыптар, айдың, күннің есептері, күнделік кəлендір (ол
кəлендірге кіласта, мектепте болған айта қалғандай оқиға
күн реті мен жазылып отыру керек), үшінші жылы сол ау-
ылда болған оқиғаның күнделік кəлендері, əуе райының
кəлендері, соңғы мейрамның, не бір науқанның, не бір ес-
кергендей күннің ұрандары, алдағы мейрамның жарнамасы,
ұрандары, мектеп, əлеумет, саясат жөнінен жаңа қабарлар
(бұл 3 – 4-жылдарда болмақ) мектептің қабырға газеті
(3-жылдан бастап) сияқтылар болу керек.
Ондай тізім, жарнама, қабар, ұран, кəлендерлер тек мек-
теп қабырғаларын құр қоймау үшін ілінбей, керегіне қарай
жапсырылып, еш кім оқымайтын. Керегі жоқ болғанда,
жинап алыну керек, оның орнына жаңалар жапсырылып
жаңғыртылып тұру керек. Ондай жазуларды не кезектесіп
балалар жазады, не дүжірге, не кемесие мүшесіне жазды-
рады. Жазулар əдемі, қатасыз болу керек. Балалар оқып,
керектерін көшіріп алу керек.
3-жылдан бастап ой жазу берілу дұрыс. Көркем ой жазу
барлық балаға міндетті жұмыс болмай, ықтиарлы болғаны
жөн. Балалардың жазған өлең, тақпақ, əңгімелерін мұғалім
516
517
түзетіп, көшіріп, кіласта оқытып, жақсыларын білдіріп, не
қабырға газетіне кіргізу керек. Тегінде көпке көрсететін
жұмыс (жазу болсын, сурет болсын) таза, сұлу, тықыдай
болуын көздеу керек. Балалардың беті, қолы, киімі қандай
құнтақты болса, істеген ісі де сондай болсын.
Осы жылдан əрі əр бала өз беті мен жазатын болғаны жөн.
Бірдеңенің сызығы, кестесі, жоспары, суреті, сиыр дерегі, диа-
ғырамдары баланың дəптеріне тіркеліп отырсын. Əр жұма-
дағы жазу дəптердің жаңа бетінен басталсын. Балалардың
дəптері мұғалім қолынан түгел өтіп, түзетіліп тұрсын.
Балалардың бітірген жұмысы, не бақылағаны туралы
баяндама жазу, мектептің, балалар жиылысының мəжілісі
қатын жазу 3-жылдан басталсын (айтылған сөздер жазыл-
май, қаралған мəселе мен қаулы ғана жазылу керек). Бұл
жылы балалар оқыған кітаптан түсінген, керекті сөздерін
түртіп алатын болсын. Қабырға газеті осы жылы шығарыла
бастасын. Қабырға газетіне барлық балаларды қатыстыру
үшін, айлық, жұмалық қып шығарған газет өз алдына, оған
қосымша күндегі жаңа қабарларды балалар жапырақ қағазға
жазып, жапсырып қоятын тақтай болсын. Балалардың бір-
біріне өтініші, ескертуі, шағымы, наразылығы, алғысы, қаба-
ры, құлақтандыруы жазған өлеңі, əңгімесі, оқыған кітаптан
түйген əсері… -бəрі сол тақтайға жапсырылып тұрсын.
Сөйтіп ол тақтай мектеп тұрмысына айна болсын. Жалғыз
қойылатын шарт: ондай жазулар жапсырылмай тұрып, тү-
зеушілер алқасының (редкаллегиесінің) қарауынан өтіп, жа-
рамсызын алқа дəлелдеп, тоқтатып, түзететінін түзеп беру
керек; күдікті жерінде мұғалімнан сұрап алу керек.
Ой жазулар, есептер, баяндамалар 4- жылы толықтансын,
молайсын, газит, журнал, кітап деректеріне сүйеніп, маңызды
мақалалар (реперат) да жазыла бастасын, көпке арналған ба-
яндамалар, кіластың жарты жылдық, бір жылдық жұмысынан
есепті баяндамалар, жастар, пианерлер тұрмысынан газетке
жіберілетін қабарларда осы жылы жазылсын.
Ой жазу (шығарма) жаза білу – ойын айта білгеннің бел-
гісі, бірақ сөзшеңдік пен қаламшылық бір емес, əр біріне
өзгеше зейін, дағды, еңбек керек.
Шығарманың дерегін қайдан болса, сонан алуға бола-
ды. Балалардың көргені ме, естігені ме, немесе əңгімеден
есіне түскені ме – қалайда тақырыбы деректі, ықшам болу
керек. Жылдың мезгілдері, өмір баяны, көрген баққаны,
жол жүргені, мал баққаны… деген тəрізді, кең өрісті, бел-
гісіз нəрселерді жаздырмау керек. Кіласты, орындықты,
ышқапты… суреттеп жазғызуда дұрыс емес. Одан да «əкем
кəзір не істеп жүр екен?», «пəлен əңгімеден есіме түскені»,
«Жақсы көретін мəлім», «жолдасыма қат», «от арбаны
алғаш көргенім», «пəлен малды, пəлен емші қалай емдеді»,
«пəлен кедейдің зарыққаны», «бір жолдасымның жарамсыз
қылығы» деген сияқты тақырыптар алыну керек. Бұлардың
əрі əдебиет, əрі əлеумет, шаруашылық маңызы бар.
Казит қабарларын оқытып, əр бөлімін тақырыптатып,
тілін, құрылысын бақылатып, олар қабар туралы сөйлесіп,
сондай бір қабарды балаға жаздырып, түзетіп, маңыздысын
казитке жіберіп отырған да жөн. Казиттің белгілі бөлімдерін
əр балаға (топқа» оқуға тапсырып, бірер жұмада сол бөлім
туралы қысқаша баяндама хаздырсада жөн болар еді. Қол-
дан келсе, казит оқуға қызықса, қабар жаза бастаса, жұрт
жұмысына араласқаны.
Ой жазуды қалай түзету керек; жазушы өз қалтасын түзеу-
ге өзі қатыспаса, қатасы есінде қалмайды. Бұрын мұғалім
балалардың дəптерін қызыл сия мен айғыздап, «қарадым,
жақсы, жаман..» деген сияқты бірдеңе қоя салатын. Не-
месе; «Əне жерің анадай боп кетіпті… пəлен жерін қайта
көшір…» деп, соңынан бірдеме ескертетін. «Жаман» десе,
бала дəптерін жасыруға, «жақсы» десе, жайып салып, жол-
дастарына мақтануға асығатын. Бұл екеуін салмақтағанда,
бастапқыдан соңғы игі, əйтседе бұл жол мен түзетуден
сақтану керек.
Алғашқы кезде əр баланың жазғанын бар бала бірігіп
тақтайға жазып түзеткен жөн. Бұл қысқа жазуларға қылатын
шара. Бəрін бірдей сабақ кезінде тақтайға жазып түзетуге
уақыт жетпегенде, мұғалім мынадай шара қолдансын; жақсы,
жаман, орташа жазылған бірн неше (5 – 6) шығарманы мұға-
лім іріктеп алсын, жамандарының қатасын көптің талқысына
518
519
салып түзетсін, орташаларының кей жеріне ескертсін. Жақ-
сыларын үлгі үшін оқып шықсын тегінде сондай үш түрден
(жаман, жақсы, орташадан) үшеуін оқып, қайсысы жақсы
екенін балаларға тапқызған жөн. Бұл – бір жол. Енді бірі:
Əр бір шығарманы бастан аяқ оқып шықпай ақ, бір неше-
уін іріктеп алмай ақ, барлық балалардың шығармаларын
алып, қаталарының астын сызып, ол сызғандарын мұғалім
тақтайға жазып, түзеттірсін, бір ыңғай қаталардың ең жа-
манын мысалға алсын, ондай алатынына əрине, бір белгі
қояды. Тақтайға жаздырып түзеткеннің пайдасы: бірігіп
түзетеді, қатасы есінде қалады: көзі қанады. Тек шулатпай,
дəлелдеп түзеттіру керек. Балалар шығарма жазуға азды-
көпті төселген кезде, мұғалім өзі түзетіп қата жерлерін ес-
кертіп қайырсада жарайды.
Баланың өз оңтайын, ой желісін бұзып түзету жарамай-
ды. Əр қайсысын өз сарыны мен жіберіп, тек шұбалыңқы,
көмескі, үйлессіз сөйлемдерін түзетіп, баланың недемек
болғанын сезе білу керек. Бар баланың жазғанын бір қалыпқа
соққандай қып, өз оңтайы мен түзетем деу – олақ мұғалімнің
жұмысы.
Емле
Көзбен көргенді қол мен жазса, сөз пернесі берік тоқыла-
ды. Қатасыз жазып үйренуге, дыбысты құлақ пен естігеннің
пайдасы жоққа тандық. Олай болса, жат жазу мен емле
үйрету екі талай жұмыс.
Жат жазу əр алуан: дыбысқа сүйеніп, дұрыс жаздыру бар,
ережеге сүйеніп жаздыру бар. Тексеру үшін жаздыру бар.
Бұларды салмақтағанда, бастапқыдан соңғылары бəлкім
тəуірірек деуге болады. Деген мен үшеуі де емле үйрете ал-
майды. Бұлардан көрі игі тағы бір алуаны бар. Ол – көрме
жат жазу, немесе жазғанды көшіру деп аталады. Ол бы-
лай: кей бір сөздердің күдікті əріптері жазылмай, тастасып
кетеді де, көшіргенде, сол жоқ əріпті бала өзі тауып жазады.
Мұның қолайсыз жері: ондайға мысалға əдейі қиын сөздер
алынады, мəн жағының еске сақталуы ескерілмейді жəне
жай сөйлегенде қылмайтын дағдыны (буындауды, сөзді
өзгертуді, жұрнағын, бірдемесін іздетуді) қылдырады. Алай-
да бұл түрді анда-санда қолданған теріс емес.
Қотарма. соңғы кезде емле үйретуге, қарап жаздыру,
қотарту көбірек қолданылып жүр. Неміс бапкері Лайдың
тəжірибесіне қарағанда, баспаға қарап қотартқаннан жазба-
ны қотартқан екі есе пайдалы, жемісті боп табылған. Саңлау
мүшелеріміздің шалымды көз дегенбіз, ескі молдалар арап
сөздерін қатасыз жазуды кітап қотару мен жүріп үйренетін.
Сөз пернесін мида жақсы сақтауға, көз бен қолдан оңдысы
жоқ. Ендеше, жат жазудың орнын енді қотарма басу керек.
Бала ойланбай, əріпіне əрпін, ноқатына ноқатын келтіріп
қана қотаратын болса, одан пайда жоқ. Көп ести берген сөз
жатқа алынатын сықылды, көп жазыла берген сөздің тұлғасы
да баланың есінде қалып, қатасыз жазатын болады. Жаңа
сөздердің тұлғасы миға орнаған сайын, емлеге төселе береді.
Тек сол сөздер қатасыз түрде орнау жағын ескеру керек.
Əуелде қата қотарып əдеттенсе, көпке дейін түзелмейді.
Қотарылатын сөздің мəнісі күндегі сабаққа байланысты
болу жағы көзделеді. Бұдан емлесі қата болсада оқа емес
деген түйін шықпайды. Қотартатын сөзді, сөйлемді əуелі
балалар ойласып, ауызша құрап, мұғалім тақтайға əдемілеп
жазу керек. Бала жазған сөзіне ынта қою мен қабат, əдемі
жазғанына қызыққандай, құлшынғандай болсын.
Кейде емле үйрету үшін, дағдыланғандай жұмыс бермей
болмайды. Соңғы кезде орыс мектептері емлеге салақ қарап,
орта оқу бқтіргендері де қата жазатыны болып жүр. Қазақ
мектептері əлі жат жазудан, ереже жаттатудан арылмай, ма-
ңыз жағынан көз сала алмай жүр. Екеуі де солақайлық. Емле
үйретуге жаздыр. Бірақ жалаң емле үшін гене жаздырма,
мəнісін де ескер. Мағлұмат бер, бірақ емлені ұмытпа. Емле
үшін ғана берілген жазуда бала тек дұрыс жазуды, ережені еске
түсіруді ғана көксейді. Бала не құрым ережеге сүйенбей, көзі,
қолы төселгендіктен дұрыс жазғандай, ойланбай, мүдірмей
жазғандай болса, сол құрым қат жазуға төселгені деп біл.
Оқытушының да оқушының да есінде тұтарлық ережесі
соңғы болу керек:
520
521
«Үнемі естігендей жазам десең, қаталасасың».
«Кітапша қандай жазылса, мұғалім қалай жазса, сенде со-
лай жаз».
«Сөзді қалай жазарыңды білмесең, кітаптан, дəптеріңнен,
мұғалімнан, немесе қатасыз жазатын жолдасыңнан сұрап,
көріп алып жаз; көрмей, сұрамай тұрып жазба».
Балалардың сұрағанына мұғалім дəйім жауап беруден бас
тартпау, шамданбау керек.
Жыл ретіне қарай жіктегенде, емле жұмысы: алғашқы жы-
лы мұғалімнің тақтайға жазғанын қотару болады. Қотармай
тұрып, сөзді əбден таниды, қотарған соң, неше рет оқиды.
Жаздырғанда, мұғалім балалардың жады шалағайлығын,
жаңа ережені іске асыруға уақыттың шамасын, ынтасын
еске алу керек.
2-жылдан бастап, ауыз екі сөзді бақылау мен қатар жазба
сөзді бақылауға көшеді. Бақылауда 2 мақсат бар: 1) тіл заңы
жайынан, ол заңның өзгерістері жайынан тамтым қабар беру,
2) неліктен пəлендей сөз олай емес, бұлай жазылады дегендей
балаға ой түсіру. Əрине, ондай ой түсіру барлық сөздер туралы
емес, жазылуы (емлесі) əлде бір ережге сүйенетін сөздер тура-
лы болмақ. Жалпыламы сөздер «неге боұлай жазылады?» деп
сұрай қалса, «қашан солай жазылады» деп өте беру керек.
Мұғалім баланың еш бір жазуын құр жібермей, көзі қиа-
дан шалатын қыран болу керек. Бала дəптерінің тысына,
суретінің астына атын жазама, керек, жолдасының атын,
əлде, бір айуан атын жазама, керек, мұғалім қылып еткізбей
қатасын түзете қойсын. Балалардың дəптерін аптада бір рет
жинап алып қарасын, қатасының астын сызбасын, сондай
сиа мен, бүлдірмей, оқырлық қып түзесін. Қай бала көбіне
қандай жерден қата жазатынын есіне тұтсын; оңдысы:
күнделік дəптеріне түртіп алсын. Кей баланың қата сөзін
бір неше рет көшіртсін, кейіне əуелі бір неше рет оқытсын,
əріптерін бақылатсын, кей бірін жазарда сақтандырсын,
кейіне ережені қайта түсіндірсін, – əйтеуір əр жағынан то-
лайлап сол қатаны ендігары істетпестей қылсын.
Кейде бала асығып, қата жазып, «Бұл жай ашейін, нұсқа
(шорнабай) ғой, соң дұрыстап жазам» дейтін болады. Сөйтіп,
қолын бұзады, сөзді теріс, қобалақ жазып дағды алады. Он-
дайды істетпеу керек. «Шорнабай» керек емес, а-дегеннен
аққа анықтап, дұрыс жазып үйренсін. Алғашқы кезде жа-
зуы, əріпі қисық кетсе, үстінен неше рет жүргізіп, жалпай-
тып түзететін болады. Оны да тиу керек. Қаламды бірақ рет
жүргізсін; жаман болса, тыңнан жазсын. Серуенде жүргенде
əлдебірдеңені түртіп алу керек болса, тəуір жазатын бір
балаға тапсырып, о бала орнығып отырып, қатасыз жазсын.
Бала емлені жақсы білмейді екен деп, оқыған кіласында
қалдыру дұрыс емес. Тек қай жөнінен шалағай екенін келер
жылы құныттау керек.
Тасымалды үйрету үшін, мұғалім тақтайға жазғанда,
өзі тасымалдап жүріп: «Мына сөз түгел симай қалды, жа-
рымын мына жағына апарып жазсақ та болады» деп, көзін
қандырсын. Жүре балаларғада соны қылдырсын. Буындап
тасу керек екенін, жалғыз əріпті тастауға болмайтынын жүре
тəжірибеден шығарсын.
Дəйекшіні білдіру үшін, жіңішке, жуан сөздерді жазғыза
жүріп айыртсын. Салғаннан ереже жаттатпасын. «к, г, е» ке-
летін сөздер еш уақытта жуан естілмейтінін бақылатсын.
«О», «ө» «ү» жазылатын сөздерге көбірек дағдыландыр-
сын. Үтірін дəйекшісін тастап кетіп, бала осыларға көп ша-
тасады.
«Б» мен «п» ны шатастыра береді. Мысалы; «таппады»,
«ақпа» деген сөздер де п жазады. Анығында «б» жазылу ке-
рек (бірақ «аппақ» ты «ап-анық» сияқты ғып, «ап-ақ» деп
жазғызу – зорлық)
«Б» мен «к» ны шатастырады; мысалы: «Əкпел»,
«Кекбір», «Көпкен бек» деп, дұрысы: «əпкел» (алып кел),
«Кепкір» (кебу), «Көкбең-көк» болу керек.
«Демеу» екенін, жатыс жалғау екенін айыра-алмай, «да»,
«та» «де», «те» лерді қосып жазады – бір; естілуінше, кейде
«та», «те» жазады. Екі мұны айырту қиын, тіпті «демеу» ді
бөлек жазуға болмағанда, ең болмаса естілуінше, «та», «те»
(жазсақ та, десек те) боп жазылғаны жөн болар еді.
Емлеге тағы қарсы жерлеріміз:
«Мен» деген «жалғаулық» аттанбай, «жалғау» болса қо-
сылып жазылар еді. Бала «мен» ды ылғи қосып жазады
522
523
(мəлімен, адаммен деп). «мен» деген есімдіктен айыруғада
жақсы болар еді.
Онан соңғы қосылып жазылуға лайықты нəрселер: «ғой»
(қой), «соң», қосымшалар: «ма», «ба» «ме», «бе» (жаздыңба,
жаздыңба? Келдіңбе? Береме?), жұрнақ: «еке» («əжеке, мол-
деке» болып, етістік: «екен», «еді» («жазсамбекен, берермеді»
болып), сын есім: «игі» («болсигеді» болып), одағай: «ай»
«ау» («япырмау», «япырмай» болып). Жəне «тұн» дар бетін»
(«баратын» емес, «баратын») болып жазылғаны жөн («у»
«и» туралы жоғарыда айтқамыз).
Емлемізге осындай өзгерістер кірсе, жазу оңайланар
еді. Тəжірибеден көргеніміз, байқағанымыз осы. Бұл тура-
лы мұғалімдер ойлау керек. Тегінде тіл өзгеріпотыратын
өскелең нəрсе, жазу, емле тартпақы, өлі нəрсе. «Үйтседе»,
«қайткен мен», «сосын», «қайдам» (қайдан білейін), «əше»
(«енді үй десе»), «əбкел», «апар» (алып бар), «бопты» (бо-
лыпты) «Тауып» (табып), «бағып» (бақбақ)… тағы сондай
сөздер тілдің өзгергенін, ықшамдық тілейтінін, тіл заңы
деген берік заң еместігін дəлелдейді. Жазудан мақсұт –
тіл заңын тексертіп, түбірлетіп, жұрттың бəрін тіл ғалымы
(ленгбис) қылу емес, сөздің тұлғасын жадына сақтау, ойын
білдіру екенін естен шығармау керек. Жазу деген сөздің
шарт пен алынған таңбасы, заңға бағынбайтын жері көп, не
құрым ереже аз болса, сол құрым жазу, емле оңай болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |