524
525
«құлақ» «жылқы» сияқты сөздерден туынды сөз шығар-
тамыз. Немесе, «көзі мүкі адам көзіне… киеді», «екі құлағы
бар бөрікті… деп атайды», «жылқыны… бағады» деген си-
яқты туынды сөзі тасталып, ноқатталып кеткен сөйлемді
жазғызып, ноқат тұрған жердің сөзін тауып жаз деп тапсыра-
мыз, немесе бір қысқа сөйлемді айтамыз да, əр сөздің түбірін
сұраймыз. Міне осы рет пен бақылатып, ұқтырсақ, түбір сөз,
туынды сөз баланың өмірі есінен қалмастай болады. Өйткені
еңбектеніп, өзі табады, өйтіп тапқан білім баянды болмақ.
Бұл тек мысал үшін.
Дауысты, дауыссыз дыбыстарды үйрету үшін, «пəлен
бала сабақтан келе жатып, əн салды… «а, о, е…» дыбыста-
рын созып əндетуге болды, «б, т, ч, д, с… ғ…» лар созуға
көнбеді деген сияқты бір əңгіме келтіріп, дыбыстары əндетіп,
созуға көнбеді деген сияқты бір əңгіме келтіріп, дыбыстар-
ды əндетіп, созғызып көріп, сүйтіп, дауысты, дауыссызға
айырамыз. Үйретілетін нəрсенің ыңғайына қарай, жұмыс
түрлену керек.
Осы рет пен жалғау, жұрнақ келетін сөздерді салысты-
рып, сөздің мəнісін «жұрнақ» өзгертетінін, жұрнақ түбір
мен жалғаудың арасында тұратынын, жалғау өзгерген мен,
жұрнақ өзгермейтінін байқатуға болады.
Зат есімді білдірмек болсақ, суреттегі нəрселерді атата-
мыз, бір-екі ауыз өлеңді көшіртеміз, сондағы нəрсе атта-
рының астын сыздырамыз, не теріп көшір дейміз; неме-
се үйлеріңдегі нəрселерден 5 – 6-уының атын жазып кел
дейміз, сүйте жүріп, нəрсе аттары «зат есім» деп аталатынын
білдіреміз. Тек əуелі деректі зат есімдер алыну керек.
Тілде не көп, етістік көп екенін, онысыз сөйлем кем бола-
тынын ол сөз бірдеңе еткенді білдіретінін бақылатып жүріп,
етістік пен таныстырамыз, бірақ салғаннан «мынау етістік»
деп, айтып қоймаймыз (толып жатқан «етіс», «ырай» ларға
баланың миын шатастырмай, ең бастыларын (үшеу, төртеуін)
алу керек.)
Сөйлем мен таныстырмақ болсақ, «кеше …. Жауды»,
«бүгін …. Сабаққа келмеді», «Əбеннің ….. жоғалды» деген
жұмбақ беріп, жоқ мүшелерін тапқызып жаздырамыз, немесе
«қасқыр» қақпан», «түсбек» деген үш сөзді жазып қоямызда,
қиуластырып, сөйлем жасатамыз, «қасқыр қақпанға түсті»
боп жасалады.
Сол рет пен «не жауды? Кім келмеді? қақпанға не түсті?…»
деп, кім, не жайынан сөйлегенін сұрап, бастауышты үйре-
теміз. Қалайда мысалдарды балаларға қызықты, күндегі
сабақтан, тұрмыстан алып, ермек мен еңбекті араласты-
ра жұмбақ қатыстыра жүріп баланың өзі де сезбей біліп
қалғандай қыламыз.
1 жылдан əрі үйреткен сөз таптарының, жалғаулардың,
сөйлем мүшелерінің желісін (ысқемесін) салдыруға болады.
Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: