ğ, q, d, t көрсеттік, бұларды үстінен астына қарай тізіп, əр
қайсысының қарсаңына арапшасын қойып отырдық, мыса-
лы, былай:
т – ﺖ
d – ﺪ
q – ﻖ
ğ – ﻉ
Көшіріп алыңдар – дедік. Түгел көшіріп болған соң,
жазғандарына көзін əбден қандырдық. Көздері қандай-ау
дегенде, жазғандарын жапқызып қойып, тақтайды таза-
лап алып, əлгі үйреткен əріптерді аралас жазып, таныттық
(арапшасын бұл жолы жазғамыз жоқ) Бөгелмей-ақ таны-
532
533
ды, курсшылердің түгел білгенін байқау үшін, əр əріпті бір
кісіге айтқызып отырдық. Енді тақтайдағына сүртіп тастап,
ең шалалау біледі деген бір-екі адамды тақтайға шақырып,
үйреткен əріптерімізді жазғыздық. Өзгесі бақылап отыр.
Бұларда бір-бірлеп атаған əріптерді дұрыс жазып шықты.
Енді сөз жазуға кірістік. Тақтайға əуелі өзім жазып бір
адамға оқыттым, оқығанды бəрінеде көшірттім, жазған
сөздеріміз:
ata, ota, tete, etek, daq, odaq,
toqta, dağa, ağaj, tağa, doğal.
Бұлардың кей бірін өзім жазып, көшіртсем, кей бірін жатқа
өздеріне жазғызып, жазып болысы мен ол сөзді тақтайға
өзім тағы жазып, дəптердегі жазғаны мен тақтайдағыны са-
лыстыртып отырдым.
Енді тыңнан əріптер көрсеттік. Олар:
ç – ﺝ
z – ﺯ
с – ﺶ
l – ﻞ
Бұлардың арапшасын жазбай тұрып, қандай əріп екенін
сұрадық. Кейбір білетіндер де болды (газет арқылы үйрен-
гендері). Бұларды да арапша мен қабат манағы төрт əріптің
астына тіркеттік. Жазғандарына көзін қандырып, дəптерлерін
төңкертіп, бұл əріптерді бұрынғылар мен аралас келтіре
тақтайға жазып, əр əріпті бір кісіге ататып шықтық.
Енді сөз жаздық:
Бұл сөздерді де əрі жатқа, əрі қарап жазды. Жазғандары мен
тақтайдағына салыстырып, қата жазғандарын қайта жазды.
Есте болсын, қата жазған сөздің қата кеткен əрпін бұзып,
түзете салмай, ол сөзді түгел өшіртіп, тыңнан жазғызу ке-
рек.
Бұл үйреткендеріміз естерінде қалды-ау деп, шамалап,
əрі жағаладық.
Бұл жолғы көрсетілген əріптер:
і – і
j – и
ə – ə
ө – ө
Əр əріпті жазған сайын атап тұрдық. Арапша мен қоса,
əлгі сегіз əріптің астына тіркеттік. Тағы да дəптерінен
оқыттық. Тақтайды тазалап, бұларды бұрынғылар мен арала-
стыра жазып, бір-бірлеп тағы сұрадық. Бір адамды шығарып,
жаздырдық.
Сөйтіп сөз жазуға кірістік:
Жатқа жазғандарын тақтайдағы дұрыс жазу мен салысты-
рып түзеді. Көшіріп жазғандарын оқып отырып жазды.
Ендігі көрсетілген мынау əріптер:
v-у
η-ң
h-һ
Манағы 12 əріптің астына бұл үшеуін де тіркеттік.
Оқыттық, көшірттік, тақтайға жазып тапқыздық, сөз
жазғыздық:
Басқы орыстікі мен бірдей төрт əріптен (k, ə, o, a) басқа
15 əріп үйреттік. Бұл он бес əріптің таңбасы орысшада жоқ,
бұлар латыншадан кірген əріптер екенін ескерттік. Сөйтіп,
19 əріпті осылайша үйретіп алып, енді қалған 10 əріпке
келдік.
3. Бұл 10 əріпті тақтайға бір-бірлеп жазып, орысша қалай
аталатынын сұрап отырып қарсысына қазақшасын жаздық.
Бұлардың мəнілері орысшадан бөлек, орысшаға қайшы,
орыс əріптері мен шатастырып алмаңдар-деп, бұл əріптерді
534
535
көшірттік. Көшіргенін оқыттық. Дəптерлерін төңкертіп, тақ-
тайға бұларды аралатпа жазып, ататтық. Екі адам шығарып,
əр бір əріпті жатқа айтып жаздырдық.
Бұлардың ішінде «r» мен «g» ның баспасы өзгешелеу
екенін ескерттік. «g» ның таяғы ішіне қарай ілмек бо-
лып, «q» мен « ğ « ның таяғы тік жазылып, сыртына қарай
қайырылатынын тағы ескерттік.
Бұл əріптерге көз, қолдары төселген кезде сөз жаза
бастадық. Жатқа жаздырса, оның дұрыс түрін олар жазып
болысы мен, тақтайға жазып, қаталарын түзеттіріп, болмаса
өзіміз жазып, соны кезек пен оқытып өткен жерімізде бол-
ды. Өйткені əрі жатқа айтып, əрі жазғызып, əрі тақтайдағы
мен салыстыртып, əрі жазғанын түзеттіруге, бір сөздің өзіне
2-3 мүнет кетіп қояды.
Жазған, жазғызған сөздеріміз соңғы:
Осы мен алғашқы күнге сабақ өтті. Бұл бір жарым
сағаттың ішінде барлық 29 əріпті үйреттік.
Үйрету тəртібіміз, көріп отырсыз, былай болды: барлық
əріптерді үш жікке бөліп алдық. Бірінші жікте орысша мен
қазақшада мəнісі бірдей төрт əріп (k, e, o, a) көрсетілді.
Екіншіде латын негізінен алынған, орыста жоқ 15 əріп
үйретілді. Үшіншіде орыс əріптері мен мəнісі қайшы келетін,
орыстікі мен шатастыра беретін, ең қиындары көрсетілді.
Əріптерді былайша сұррыптап алып оқытудың пайдасы
үлкен көрінді. Бірінші төрт əріпке еш бір шатаспайды; оған
төселдірудің де қажеті жоқ. Ол өзінен өзі кіріске кіріп, қалтаға
түсіп тұрған əріптер секілді. Екінші жікте көрсетілген, орыс-
та жоқ əріптерде, жеке үйретіп алған соң, оңай жаттала-
ды, өйткені оларды шатастыратын орысша əріптер жоқ. Ең
қиынырақ тиетіні: Соңғы 10 əріп. Бұларды да бас, басына
тоқтап, орыс əріптері мен салыстырып, оқытып, көшіртіп,
жатқа жаздырып, бəрін бір ретке салған соң, шатаса беретін
əріптерге ықлас қойып, баса қарастырады. 10 əріпті шатас-
тырмау деген сонша қиын да болмай қалады.
Жалғыз ақ есте болатын нəрсе: оқытушы күн бұрын сабақ
желісін (көніспегін) жазып алып, өзі əбден дайындалып бару
керек, -бір, екінші сабақ үстінде бір ауыз көлденең, бос сөзге
орын бермеу керек; бір мүнет, бір секүнтті бос жібермеуге
тырысып, сабақты бастағаннан бітіргенге дейін жазу мен
жаздыру мен, оқыту мен, салыстыру мен, көрсету мен өткізу
керек. Түсіндіретін жеріндегі сөздердің де не ғұрым қысқа
дəл болсын. Оқытатын, сұрайтын кісілердің де отырған орын
реті мен бірінен соң бірі жағалай өздері оқып, жауап беріп
жатсын. «Сіз айтыңызшы!» деп, біреуді нұсқап, ойланып,
сипақтап, ыңылдап тұрудың керегі жоқ. Уақыты осылай
үнемдей, сабақты осылай реттей білсек, жаңа əліпті үйрету
деген оп-оңай жұмыс көрінеді. Өзіме əйтеуір солай көрінді.
Мүмкін созалаң қимылдайтын, тəжірибесіз оқытушылар
мұнша материалды бір жарым сағатта бітіре алмас. Бітіре,
алмаса, жарты сағат, бір сағат қосылар. Сондада барлығы 6
сағатта қат тануға болады. Енді екінші сабаққа көшейік.
536
537
Достарыңызбен бөлісу: |