Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет21/143
Дата07.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#17643
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

кезенуі жаман еді, – деді.
–   Әй,   оның   қолынан   келер   ме   екен?   Оның   бір   сенген   адамы
Мақыштар   еді,   олармен   әнеугі   екі   бие   туралы   шайырғал   болып
қалды десіп еді ғой. Біреуге сенбей ондай көті былғаныш адам іс
қыла   алмаса   керек,   –   деп   қасқыр   көзді   көне   адам   тағы
бастырмады.
Ақсақалдың өшті-қасты кісілерін қылға тізіп, он-он беске апарып,
біреуі   үй   –   деп,   біреуі   бүй   –   деп   жорығанмен,   байлаулы   түйін
шықпады.   Өйткені   біреу   партиялықпен,   біреу   жекжаттықпен,
біреу алымсағы, біреу берімсегі үшін, біреу ұрланған малы тимегені
үшін,   біреу   қатыны   кеткені   үшін   немесе   қатынына,   қызына
барғаны   үшін,   ең   болмаса   тілі   тигені   үшін,   біреуді   айыптап,
біреуді қорғағаннан басқа, әркім өз есебін ойлап, бүйрегі бұрғаннан
басқа, дәл жанашырлық қылып, әділ қағушы, әділ тексеруші жоқ


болды.   Біреуі   іреді,   біреу   сойды.   Осы   жұмыстың   тұсында
Мамырбай   ақсақалға   жаны   ашыған   кісімсіп,   жағынып   қалғысы
келгендер   де   табылды,   ұрындырғысы   келгендер   де   болды.
Ақсақалдың   қайғысына   шын   бейілімен   ортақтасатын   адам   кем
еді, жалғыз жарым құдандалы, тілеулес адамдар болмаса, бәйбіше
қымызды   аяқ   толтыра   беретін   кейбір   кедей   көршілер   болмаса,
жалпылама достың да, қастың да бәлендей күйзеле қойғаны жоқ.
Сырты күйзелген тәрізді болса да, ішінен жаман ойы арылып кете
алмады.
Жұрт жаназадан тарап, ай-жай болған соң, сол түнгі бейсауат
жүріп,   ат   қинаған   адам   кім   екен   деп,   әркім-ақ   сұрастырып,
құлағын түре бастады. Өйткені бұ жолы да, одан бұрын да жалаң
Мамырбай   емес,   талай   ауыл   шапқыншылыққа   ұшыраған,   мал-
мүлкі талауға, адамы дүреге жығылып, шығындалған, күйзелген,
күйінді болған. «Ел құлағы — елу» ғой, суық жүрісті адам білінбей
не   тұрсын?   Сұрастырып,   қағып,   келгенде,   осының   бәрін   қылып
жүрген Мұқаш екені кешікпей-ақ ашылды. Қалай ашылды десеңіз
былай:
Сол   күні   кешке   таман   Мұқаштың   Қарашатқа   қарай   желе
жортып бара жатқанын бір қойшы көреді. Бір деңіз. Мұқаштың
қатыны ауылындағы бір абысынымен елеуіш бере қоймадың деп,
шаңқылдасып   қалғанда,   абысыны   «Осы   елдің   бар   дүниесін   үйіңе
тығып   отырғаныңды   көрермін.   Желікпе,   құтырма:   қарала
сырмақтың   иесін   де   білем,   ақ   киіздің,   бәтес   көйлектің   қайдан
шыққанын   да   білем...»   –   депті.   Соны   естіген   соң,   Сүлеймендікі
жансыз кісі жіберіп, Мұқаштікіндегі сырмағын танып келіпті. Екі
деңіз. Бәтес көйлектің де, жасыл жеңсіздің де иесі шығыпты. Үш
деңіз.   Мұқаштың   торала   аты   ертеңінде   тер   қатып   жүргенін
сыртқы   ауылдағы   су   Ыбырайым   көріпті.   Су   Ыбырайымның
сөзіңде батуа болмаушы еді, сонда да... Мұнымен төрт деңіз. Түн
баласында   Мұқаштың   үйде   тұрмайтынын   бір   сөздің   ретінде
Тезекбай   молда   да   айтып   қалыпты:   аңқылдаған   адам   ғой.
Мұнымен   бес   деңіз.   Мамырбайдың   баласы   үстімнен   материал


жинап,   болыс   болайын   деп   тұрғанда,   қойғызбай   жіберді   деп,
Мұқаштың   өкпелеп   жүргені   тағы   мәлім.   Мұқаш   болмаған   несі
қалды? «Мұқаш, Мұқаш, содан басқа адам да емес»,— деп ел түгел
қол қойды.
Ел болып Мұқашқа шұқшиды. Бұған не қылу керек? Қалай кек алу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет