Актуальные проблемы образования и науки в XXI веке



Pdf көрінісі
бет35/40
Дата08.01.2017
өлшемі6,92 Mb.
#1409
түріСборник
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
таблица  «ЗХУ» («Знаю  –  хочу  узнать  -  узнал»), 
ведение «Двойного 
дневника»«Чтение 
с 
остановкой», 
«Инсерт» (чтение  с  маркировкой,  когда  учащиеся  делают  пометки  во 
время чтения текста, после чего заполняют таблицу, куда кратко заносят 
полученные сведения). 
Третья  стадия   призвана  суммировать  и  систематизировать  новую 
информацию, выработать собственное отношение к изучаемому материалу 
и 
сформулировать 
вопросы 
для 
дальнейшего 
продвижения 
в 
информационном поле. 
Одним из распространённых приёмов на стадии рефлексии является 
приём написания синквейна. 
Синквейн –  это  белый  стих,  состоящий  из  пяти  строк,  в  которых 
человек  высказывает  своё  отношение  к  проблеме. Порядок  написания 
синквейна  следующий.  Первая  строка
 
–  одно  ключевое  слово,  определяющее 
содержание 
синквейна. 
Вторая 
строка
 
– 
два 
прилагательных, 
характеризующих данное предложение. Третья – три глагола, показывающие 
действие  понятия.  Четвёртая  –  короткое  предложение,  в  котором  автор 
высказывает своё отношение. Пятая 

 одно слово, обычно существительное, 
через  которое  человек  выражает  свои  чувства,  ассоциации,  связанные  с 
данным понятием. 

XXI Ғ АСЫРДАҒ Ы БІЛІМ ЖӘНЕ Ғ ЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ                                                                                    
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ В XXI  ВЕКЕ 
 
Пример  составления  синквейна  на уроке развития  речи  в  6  классе  по 
теме: Типы текста. Описание. 
Лес 
Густой, зелёный. 
Шумит, бережёт, успокаивает. 
Лес – богатство народа. 
Воздух! 
Сегодня  активно  и  весьма  успешно  развивается метод  проектов
приобретающий  всё  большую  популярность  за  счёт  рационального 
сочетания  теоретических  знаний  и  их  практического  применения  для 
решения конкретных проблем. Проектная деятельность всегда завершается 
реальным,  осязаемым  результатом,  который  имеет  дальнейшую 
практическую  направленность.  Примерами  проектной  деятельности  на 
уроках  русского  языка  могут  служить  подбор  учащимися  материала  по 
различным  разделам  курса  и  его  оформление  в  виде  карточек,  тестов, 
перфокарт,  вопросников.  Практикуется  также  составление  учащимися 
сборников  с  отрывками  из  произведений  классической  литературы  по 
изучаемой 
теме, 
сборников 
текстов 
своих 
мини-сочинений, 
предназначенных  для  отработки  трудных  орфограмм.  При  подготовке 
проекта  используются  современные  методы  работы  с  информацией.  Дети 
учатся  работать  с  компьютерными  презентациями  и  анимациями, 
создают  базы  данных,  которые  предполагают  применение  их  на  разных 
этапах  работы  по  изучаемой  теме.  Учитель  же  осуществляет  роль 
наставника,  или  как  в  современном  понятии,  тьюторское  сопровождение 
проекта. 
Список литературы: 
1.
 
В.П. Беспалько. Слагаемые педагогические технологии. Москва 
«Педагогика» , 1983г. 
2.
 
В.И.Капинос., Н.Н.Сергеева, М.С. Соловейчик. Развитие речи: теория 
и практика обучения. Москва, «Просвещение», 1991 г. 
3.
 
Р.И. Кудиярова. Содержание и формы работы над развитием 
познавательной активности на уроках русского языка и литературы. 
Орыс тілі мен әдебиетін оқыту әдістемелігі, №4-5, 2013 
4.
 
Е.Н.Андреева. Роль педтехнологии «Развитие критического 
мышления через чтение и письмо» и формирование коммуникативной 
компетенции. Русский язык и литература. № 2,2011 
 
Қ
АЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА КОММУНИКАТИВТІ ДАҒДЫЛАР 
АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ СӨЗДІК 
ЖҰМЫСЫ 
 
Зауреш Кавкеновна СЕЙТЗАДИНОВА 

XXI Ғ АСЫРДАҒ Ы БІЛІМ ЖӘНЕ Ғ ЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ                                                                                    
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ В XXI  ВЕКЕ 
 
Еуразия гумманитарлық институтының колледжі, 
қ
азақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, 
Астана қаласы, Қазақстан Республикасы 
 
Түйін 
Бұл жұмыста коммуникативті дағдылар арқылы оқушылардың  сөздік 
қ
орын  байытуда  жүргізілетін  жұмыс  түрлері  көрсетілген.  Сөздік 
жұмыстарына қойылатын  әдістемелік талаптарға жекелей анықтамалары 
берілген.  Сондай-ақ  жаңа  сөздерді  қолданыста    меңгеру    үшін  және  жаңа 
сөздердің айтылуы мен жазылуын меңгерту үшін әдіс тәсілдері келтірілген. 
 
Аннотация 
В данной статье  рассматриваются виды работ для развития речи и  
пополнения  словарного  запаса  через  коммуникативное  обучения  .  Развитие 
словаря   понимается  как длительный  процесс   количественного накопления 
слов, освоения их социально закрепленных значений и формирование умения 
использовать  их  в конкретных  условиях  общения.Даются  определения 
методических    требований    для  проведения  словарной  работы,  а  также 
методы и приемы  
 
разъяснения значений новых  слов.
 
 
 
        Қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде 
белгілі 
бір 
құ
зіреттіліктерді 
бойына 
сіңірген 
жеке 
тұлғаны 
қ
алыптастыруды талап етеді.  
Құ
зіреттілік    дегеніміз  -  оқушының  алған  білімі  мен  дағдыларын 
тәжірибеде,  күнделікті  өмірде  қандай  да  бір  практикалық  және  теориялық 
проблемаларды  шешу  үшін  қолдана  алу  қабілеттілігі.Қазақ  тілі 
сабақтарында 
оқушылардың 
коммуникативтік 
құ
зыреттіліктерін 
қ
алыптастыруда қатысымдық әдістің маңызы зор. 
    
Ә
діскер - ғалым Ф.Ш. Оразбаева қатысымдық әдістің өзіндік белгілерін 
көрсете  отырып,  оған  мынадай  анықтама  береді:  «Қатысымдық  әдіс 
дегеніміз  –  оқушы  мен  оқытушының  тікелей  қарым  –  қатынасы  арқылы 
жүзеге  асатын,  белгілі  бір  тілде  сөйлеу  мәнерін  қалыптастыратын,  тілдік 
қ
атынас  пен  әдістемелік  категорияларына  тән  басты  белгілер  мен 
қ
ағидалардың  жүйесінен  тұратын,  тіл  үйретудің  тиімді  жолдарын 
тоғыстыра келіп, тілді қарым- қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын 
ә
дістің түрі».Осылайша мұғалімнің оқудағы құзіреттілікке бағыт – бағдар 
беруі  оқушылардың  ой-қорытынды  жасауына,  өз  ойын  айта  білуіне,  оны 
күнделікті  өмірде  пайдалана  білуіне  көмегін  тигізеді.Өзге  ұлт  өкілдеріне 
қ
азақ тілін үйретуде  коммуникативтік құзіреттілікті  қалыптастыру – 
заман талабы. 
Ғ
алым  «коммуникация»  сөзін  «қатысым»  деп  танып,  қазақ  тілін  оқыту 
ә
дістемесінде  жаңадан  «тілдік  қатынас»,  «тілдік  қарым-қатынас», 

XXI Ғ АСЫРДАҒ Ы БІЛІМ ЖӘНЕ Ғ ЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ                                                                                    
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ В XXI  ВЕКЕ 
 
«тілдесім»,  «жазылым»  және  т.б.терминдерді  енгізді.  [«Тілдік  қатынас», 
оқулық, Алматы 1, 39 бет.] 
 Коммуникативтік  құзыреттілік  жеке  тұлғаның  рухани  өсуін 
қ
алыптастырады, адамдарды түсіне білуіне көмектеседі.Сондықтан мұғалім 
алдына мақсат қоя білетін, анық та дұрыс сөйлей білетін, өз ойын жарыққа 
еркін  шығара  алатын,  түсіне  білетін,  қызығушылықпен  тыңдай  алатын 
адамды өмір жолына аттандыра білуі керек. 
  
 Оқушылардың  коммуникативтік  құзыреттілігін  дамыту  үшін 
жүргізілетін жұмыс түрлері төмендегідей: 
•         Сұрақ – жауап (мұғалім мен оқушылар) 
•         Диалог (оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы) 
•         Қатысым (мұғалім мен оқушылар, оқушы мен оқушы, мұғалім мен 
оқушы) 
•         Жазылым (тақырыпқа байланысты мәтінмен жұмыс) 
 Қазақ  тілінің  грамматикалық  заңдылықтарын  үйретуді  тіл  дамыту 
жұмыстарымен сабақтастыра жүргізу - тілді сапалы әрі жеңіл меңгертудің 
бірден - бір тиімді жолы. 
Тіл дамытудың алғы шарттарының бірі - сөздік  жұмыс. 
    
Сөздік  жұмысы  –тіл  дамытудың  іргетасы,  оқушыны  жаңа  сөздер 
ү
йренуде, бұрын білетін немесе түсінбейтін сөздердің мағынасын анықтауда 
маңызы  зор.    Сондай-ақ,  сөздік  жұмысы  сөйлем  құрауға  материал  береді, 
сөздерді  байланыстырып  сөйлеуге,  әңгіме  айтуға,  шығарма  жазуға 
көмектеседі. 
Ә
діскер  ғалымдар  М.Т.Баранов,  А.Р.  Прудникова  жаттығу  әдісінің 
маңыздылығына тоқтала келіп, «Сөздік және лексикалық жаттығуларды бір-
бірімен  айыру  қиыншылық  тудырады,  олар  тығыз  байланысты.  Өйткені 
екеуінің де негізі – сөзбен жұмыс жасау» - дей келіп, сөздік жұмыстарға тілді 
сезіну мен сөзді дұрыс түсінуі, орынды қолдана білуі, сөз тіркестерін жасау, 
сөйлем құрау, мазмұндама, шығарма жазуды жатқызады. 
Сөздік  жұмысының ерекшелігі:  тіл  дамытудың  басқа  түрлері  сияқты 
оқу-тәрбие жұмысының барлық салаларында жүргізіледі. Өлең, әңгіме, мысал, 
мақал-мәтелдер,  т.б.  білу  арқылы  баланың  тілі  дамиды.  Балалар  сөзді  ұғу 
арқылы сөйлеу үстінде тілін дамытады. Ал, сөздік жұмысы оқушының ойын 
дамытумен  тығыз  байланысты.  Тілді,  оның  грамматикалық  құрылысын 
меңгеру  оқушыларға  өз  пікірлерін  айтуға,  сұрауға,  қорытынды  жасауға, 
заттар  мен  құбылыстар  арасындағы  алуан  түрлі  байланыстарды  аңғара 
білуге мүмкіндік береді. 
Сонымен  бірге,  сөздік  жұмысы  сөз  арқылы  оқушыны  дәл  ойлауға 
ү
йретеді,  оның  шығармашылық  қабілетін  арттыруға,  сөйлеудің  мазмұны 
мен формасының бірлігін қамтамасыз етуге бағытталады.  

XXI Ғ АСЫРДАҒ Ы БІЛІМ ЖӘНЕ Ғ ЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ                                                                                    
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ В XXI  ВЕКЕ 
 
Сөз  байлығының  аздығы  оқушылардың  өз  ойын  ауызша,  әрі  жазбаша, 
дәл,  жүйелі  жеткізуіне  қиындық  келтіреді.  Сондықтан  сабақта  сөздік 
жұмысын дұрыс ұйымдастырудың мәні зор. 
Біріншіден,  ол  оқушының  сөз  байлығын  молайтып  кеңітсе,  екіншіден, 
ү
йренген сөздерін қатесіз, сауатты жазуға бейімдейді де, ал үшіншіден, сөзді 
ү
йрену арқылы бала тіл нормасымен сөйлеп үйренеді. 
  Сөздік жұмысын жүргізуге мынадай негізгі әдістемелік талаптар қойылады: 
1.Мазмұнды сөйлеу 
2.Жүйелі сөйлеу 
3.Мәнерлі сөйлеу 
4.Дәл сөйлеу 
 
   Мазмұнды сөйлеу - ойды айқын, сендіре, оқушыға немесе тыңдаушыға әсер 
ете  білу  шеберлігі.  Мұнда  тиісті  сөздер  таңдау,  фразалар  құрастыру, 
жалпы әңгімедегі көңіл-күйді білдіре алушылық үлкен қызмет атқарады. 
Қ
азіргі  қазақ  тілінің  сөздігі  –  жалпы  тіліміздегі  қолданылып  жүрген  әдеби 
тіліміздің  лексикасы.  Халық  пайдаланып  жүрген  сөздер  кәдімгі  қолданып 
жүрген  техникалық  терминдер,  мамандыққа  байланысты  сөздер,  диалект 
сөздер, т.б. сөздерден тұрады. 
   Жүйелі сөйлеу – оқушы өз ойын белгілі бір ретпен, жүйелі түрде баяндап 
беретін болуы шарт. Бала өзі жақсы білетін материалын алдын-ала талдап, 
жинақтап,  әуелі  не  жөнінде,  т.б.  жобалап  алуға  тиіс.  Сөз,  сөйлемді  дұрыс 
құ
рмау, ойдың күрт үзіліп, байланыссыз қалуынан, бір ойдың қайталануынан 
сақ болған жөн, белгілі бір жүйемен баяндауға үйренген жөн. 
   Мәнерлі  сөйлеу  –  оқушы  әр  сөздің  стилистикасына,  сөздің  әсеріне, 
көркемдік  жағына  көңіл  бөлу  керек..  Мәнерлі  сөйлеу  тілге  деген  талғамды, 
сөзге деген сезімді тәрбиелейді. 
   Дәл  сөйлеу  –  баланың  сөйлеу  тілінде  дәлділік  қажет.  Әрбір  сөз  дұрыс 
айтылуды, дыбысталуды қажет етеді. Онсыз сөздің мағынасы, әсері болмақ. 
Сөздік жұмысы мынадай міндеттерді орындауды қажет етеді: 
1.  Балалардың  сөздігін  байыту,  яғни  белгілі  бір  сөздердің  мағынасын 
түсіндіру, жаңа сөздер үйрету. 
2. Белгілі және жаңа сөздерді қолдану, пайдалану аумағын, көлемін көбейту, 
ү
йренген сөздермен салыстыру арқылы пайдалану. 
3.  Сөздің  стилистикалық  рөлін  және  лексикалық  категориясын  бақылау 
арқылы үйрету. 
4.  Сауатты  сөйлеуде  көркем  сөздерді  пайдалану,  оның  грамматикалық 
тұлғаларын аңғарту, өмірмен байланыстыру. 
5.  Синоним,  антоним,  көп  мағыналы  сөздерге  талдау  жасау,  астарлы 
сөздердің мағынасын нақтылау. 

XXI Ғ АСЫРДАҒ Ы БІЛІМ ЖӘНЕ Ғ ЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ                                                                                    
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ В XXI  ВЕКЕ 
 
6. Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу қорына әдеби тілге жатпайтын 
сөздерді ендірмеу, артық сөздерді қолданбауға үйрету, сөздерді дұрыс айтуға 
қ
ол жеткізу. 
7.  Сөздерді  дұрыс  қолдануға  мүмкіндік  жасау,  яғни  әрбір  оқушы  сөйлегенде, 
сөйлем құрағанда мүмкіндігінше жаңа сөз қосып отыру. 
Сөздік жұмысы 
-         әр сабақ сайын     
 -         жыл бойы 
-         бүкіл оқу кезеңінде  белгілі бір жоспармен, жүйемен жүргізілуі қажет. 
Оқушы  әр  сабақ  сайын  жаңа  сөз  үйреніп  отырады.  Жылма-жыл  әр 
сыныпта оқушының сөздік қоры өсіп отырады. Әр сабақта үйретілетін жаңа 
сөзді оқушының күнделікті өмірде, қарым - қатынаста қолданатын белсенді 
сөздігіне  айналдыру  оқушының  сөздік  қорын  байытудағы  негізгі  мақсат 
болып саналады. 
  
Сөздікті байытудың негізгі көзі – оқулықтағы мәтіндер, жаттығулар, 
ө
леңдер,  мақал-мәтелдер,  нақыл  сөздер,  жаңылтпаштар,  тапсырмалар, 
мұғалімнің  сөзі,  т.б.  Оқушы  оқыған  мәтіннің  мазмұнын  дұрыс  қабылдау 
ү
шін,  сөздік  жұмыстарының  мұқият  жүргізілуі  қадағаланады,  яғни  балаға 
түсініксіз бірде-бір сөз болмауы керек. Мәтіндегі кездесетін түсініксіз сөздер 
мен ұғымдарды түсіндіру 3 кезеңде жүргізіледі: 
1. Мәтінді оқуға дайындық кезеңінде 
2. Мәтінді оқу барысында 
3. Мәтінді оқып шыққаннан кейін 
Осы  кезеңдерге  тоқталар  болсақ,  мәтіннің  мазмұнын  түсіндіруге 
кедергі  жасайтын  сөздер  дайындық  кезінде  түсіндіріледі.  Ал,  тіркестері  
синоним,  антоним,  көп  мағыналы  сөздерді  түсіндіру  мәтін  оқылғаннан 
кейін, шығарманың мазмұнын талдау барысында жүргізіледі. 
Сөйтіп, мұғалім мәтінді оқуға дайындалу кезінде, біріншіден мәтінді 
дұрыс  қабылдауға  қажетті  сөздерді,  екіншіден  оқу  барысында  мағынасы 
ұғ
ындырылатын  сөздерді,  ал,  үшіншіден  оқушылардың  сөздігіне  енгізілетін 
сөздерді іріктеп алады. 
Психологтардың  айтуынша  сөздік  жұмысының  әдістемесіндегі  басты 
талап  –  сөз  бен  балалар  санасындағы  бейнені  түрлі  жолдармен  үнемі 
ұ
штастырып  отыру  (өйткені  сөз  бейнесі  санадағы  нақты  елес  жеткіліксіз 
болса, туа қоймайды) 
 Жаңа сөзді қолданыста меңгеру үшін: 
-
 
оқушы  сөздің  қолданысын  мәтін,    жаттығу,  диалог,  т.б.  көріп, 
танысу; 
-
 
 жаңа сөзді сөйлемде, әңгімеде, т.б. қолдануға жаттықтыру; 
-
 
 жаңа сөздермен сөз тіркестер, сөйлемдер құрастыруға үйрету; 
-
 
жаңа сөздер қатысқан мақал - мәтел, өлең жаттау. 
Жаңа сөздің айтылуы мен жазылуын меңгерту үшін: 

XXI Ғ АСЫРДАҒ Ы БІЛІМ ЖӘНЕ Ғ ЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ                                                                                    
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ В XXI  ВЕКЕ 
 
-
 
 жаңа сөздің дұрыс айтылуын түсіндіру; 
-
 
 мұғалімге еліктеп бүкіл сыныпқа, топқа, жеке оқушыға айтқызу; 
-
 
жаңа сөздерді түрлі техника құралдары арқылы айтқызу; 
-
 
 жаңа  сөздің  жазылуын  жазбаша  жаттығулар,  түрлі  диктанттар, 
мазмұндама, шығарма арқылы жүзеге асыру 
     
Сөздік  жұмыстарының  ең  маңызды  бөліктерінің  бірі  –  оқушылардың 
ү
йренген  сөздерінің  белсенділігін  арттыру.  Ол  үшін  сабақ  сайын  жүйелі 
түрде арнаулы тапсырмалар ойластырылып отыруы керек. 
 -   Үйренген сөздерін кірістіріп сөз тіркестерін құрау; 
-    Үйренген сөздерін қатыстырып сөйлем құрау; 
-    Осы сөздерді қатыстырып мәтінге жақын әңгімелеу т.б. 
         Оқушы  өзінің  үйренген  сөздерін  ауызекі  сөйлеу  тілінде  қолдана  білсе, 
оның  ақыл  ойын  дамытуға  әсер  етеді.  Бұл  жөнінде  Л.Н.Толстой:  «Балаға 
ү
йренген  сөзін  қолдана  білуіне  жағдай  жасау  керек,  үйренген  сөзін  сөйлеу 
тілін  өзінің  ауызекі  сөйлеуінде  бір  рет  қолданса,  ол  өзінің  жеке  меншігіне 
айналады» — деп айтқан еді. Демек, сөзді орынды қолданып, оның мағынасын 
жетік  білетін  бала  өз  бетімен  сөйлем  құрап,  оның  мағынасын  түсініп, 
сөйлеу  тілінде  шебер  қолданатыны  сөзсіз.  Оқушыны  өз  ойын  айта  білумен 
бірге жаза білуге де дағдыландыру керек. Грамматиканы, синтаксисті  жақсы 
меңгерген оқушы сөз тіркесін дұрыс біліп, сөйлем құрастыра алады. Мұғалім 
сөз  тіркесін  және  сөйлемді  құрату  арқылы  оқушыны  тілдік  фактілерді 
орынды қолдана білуге,әсіресе синонимдік қатарларды, сөзді талғап, таңдап 
қ
олдануға  үйретеді.  Сонда  ғана  баланың  жазған  мазмұндама,  не  шығармасы 
талапқа  сай  болады,  жазба  тілі  дамиды.  Ауызша  тіл  кітап  оқу,  әңгімелеу 
арқылы  көрінсе,  жазбаша  тіл  дамыту  мазмұндама,  шығарма  т.с.  жазу 
жұмыстары  арқылы  іске  асады.  Бұл  жұмыстардың  қайсысы  болсын,  сөз 
арқылы  оқушыны  дәл  ойлауға,  үйретуге,  оның  творчестволық  қабілетін 
арттыруға, сөйлеудің мазмұны мен формасының бірлігін қамтамасыз етуге 
бағытталады. Ауызша және жазбаша (мазмұндама, шығарма) жұмыстарын 
дидактикалық  принципке  сүйене  отырып  оқушылардың  ойы  мен  тілін 
дамытуға мүмкіндік береді. 
    
Сөздік  жұмысын  үнемі  бір  қалыпта  жүргізуден  оқушы  жалығады.  Сол 
себепті  оны  мүмкін  болғанынша,  түрлендіріп  отырған  жөн.  Осы  мақсат 
тұрғысынан  жүргізілген  жаттығу  жұмысының  бірінде  көркем  мәтінде  
кездескен  мағынасы  түсініксіз  сөздерді  оқушыларға  бірде  олардың 
синонимдері  арқылы  түсіндірсек,  енді  бірде  қарсы  мәнді  сөздерді 
ойластырамыз. Мұндай жаттығу жұмыстары түрленіп қана қоймайды, бұл 
тапсырманы  орындау  нәтижесінде  тіліміздегі  сөздердің  жақын  мағыналы 
және  қарама-қарсы  мәнді  болып  келетінін  таниды.  Сөйтіп,  олар  білімнің 
жаңа бір басқышына көтеріледі. 

XXI Ғ АСЫРДАҒ Ы БІЛІМ ЖӘНЕ Ғ ЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ                                                                                    
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ В XXI  ВЕКЕ 
 
Сондай-ақ  затты  табиғи  жағдайда  бақылау,  экскурсия,  суреттерді 
және  анықтама  беру  арқылы,  морфологиялық  құрамына  қарай  талдау 
арқылы сөздердің мағынасын түсіндіруге болады. 
Сонымен бірге тіліміздегі архаизм, неологизм, жергілікті сөздерге де арнайы 
жаттығулар жүргізуге болады. 
          Мұндай  жұмыстар    оқушылардың  ойлауын  дамытып,  орынды  сөйлей 
білуге  үйретеді,  сөздігін  жаңа  ұғымдармен  молайтып,  логикалық  ойлауын 
жетілдіре түседі. Оқу сабағында мәтінді дұрыс қабылдау және сөйлеу тілін 
дамыту  үшін  сөздік  жұмысын  жүргізбейінше,  мақсатқа  жету  мүмкін  емес. 
Сондықтан  сөздік  жұмысы  оқушылардың  тілін  дамытуда  негізгі  орын  алу 
керек. 
Ә
дебиеттер тізімі: 
1.
 
Ф.Ш. Оразбаева «Тілдік қатынас», оқулық, Алматы  
2.
 
А.С. Налиева «Орыс мектебіндегі қазақ тілі сабағында сөздік жұмыс» 
3.
 
Н.  Оралбаева,  К.  Жаксылыкова  «Орыс  тіліндегі  мектептерде  қазақ 
тілін оқыту әдістемесі»  Алматы:  Ана тілі , 1996 
 
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЭЛЕМЕНТТЕРІ АРҚЫЛЫ 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛДЕРІН ДАМЫТУ ӨЗЕКТІЛІКТЕРІ 
 
Айжан Қатранқызы ТАСҚҰЛОВА 
 «№ 19 орта мектеп» ММ,  
қ
азақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, 
Астана қаласы, Қазақстан Республикасы 
 
Түйін 
Ұ
сынылып  отырған  мақалада  қазіргі  білім  беру  жүйесіндегі  өзекті 
болып отырған мәселенің бірі –  қазақ тілі сабақтарын дәстүрлі емес әдіс – 
тәсілдер арқылы, ақпаратты – коммуникативті технологияларды қолданып 
қ
алай  тиімді  ұйымдастыруға  болатындығы  туралы  жазылған.  Қарапайым 
компьютер  құралдары  арқылы  мұғалімдердің  сауаттылығын  арттырумен 
қ
атар,  оқушылардың  танымдылық  белсенділіктерін  арттыру  мәселелері 
қ
арастырылады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет