Актуальные проблемы образования и науки в XXI веке



Pdf көрінісі
бет36/40
Дата08.01.2017
өлшемі6,92 Mb.
#1409
түріСборник
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Аннотация 
В  данной  статье  идет  речь  о  необходимости  проведения  уроков  
казахского  языка  с    применением  информационно-  коммуникационных 
технологий.  Используя  ИКТ  можно  не  только  повысить  компьютерную 
образованность  учителей,  но  и  активизировать  познавательную 
активность учащихся. 
 
Бүгінгі  заман  талабы-  оқытудың  жаңа  технологияларын  меңгеру. 
Оқытудың  жаңа  технологияларының  бірі-  ақпараттық  технология. 

XXI Ғ АСЫРДАҒ Ы БІЛІМ ЖӘНЕ Ғ ЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ                                                                                    
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ В XXI  ВЕКЕ 
 
Ақпараттық  технология  1)объектінің,  процестің  немесе  құбылыстың  күйі 
туралы  жаңа  ақпарат  алу  үшін  мәліметтерді  жинау,  өндеу,  жеткізу 
тәсілдері  мен  құралдарының  жиынтығын  пайдаланатын  процесс; 
2)ақпаратты  өндеу  үшін  пайдаланатын  технологиялық  элементтердің, 
құ
рылғылардың  немесе  әдістердің  жиынтығы.  Ақпараттық  технология- 
қ
азіргі  компьютерлік  техника  негізінде  ақпаратты  жинау,  сақтау,  өндеу 
және  тасымалдау  істерін  қамтамасыз  ететін  математикалық  және 
кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны. 
Ақпараттық  технологиясының  дамуы  кезеңінде  осы  заманға  сай 
білімді, әрі білікті мамандар даярлау- мұғалімнің басты міндеті. Қоғамдағы 
ақпараттандыру  процестерінің  қарқынды  дамуы  жан-жақты,  жаңа 
технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.[1] 
Білім беру реформасы- Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін 
қ
амтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. 
ХХІ  ғасыр-  техниканың  озық  дамыған  ғасыры.  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың 
сындарлы саясытының арқасында бүкіл мектеп компьютермен  қамтамасыз 
етілді.  Компьютер  оқушы  үшін  қоршаған  әлемді  танудың  табиғи  құралы 
болып  табылады.  Олай  болса,  барлық  сабақтарды  компьютердің 
қ
уаттануымен жүргізуді үйрену- бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті  
мәселелерінің  бірі.  Кәсіби  мамандарды  дайындауда  жүргізілетін  барлық 
пәндерін  оқыту  құралы  ретінде  компьютерді  қолдану-  оқу  үрдісін 
белсендіруге,  оқытуды  жекешелендіруге,  оқушының  өзін-өзі  бақылауына 
мүмкіндік туғызады.[2] 
Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз- берілетін білім сапасын 
көтеруді жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім 
жүйесінің  барлық  түрлерінде  кәдімгі  технологияларды  тиімді  жаңа 
комплекстік  ақпараттандыру  технологияларына  алмастыру,  оларды 
сүйемелдеу және дамыту болып табылады. 
Ақпараттық  коммуникациялық  технология  электрондық  есептеуіш 
технологиямен  жұмыс  істеуге,  оқу  барысында  компьютерді  пайдалануға, 
модельдеуге,  электрондық  оқулықтарды,  интерактивті  құралдарды 
қ
олдануға, 
интернетте 
жұмыс 
істеуге, 
компьютерлік 
оқыту 
бағдарламасына  негізделеді.  Ақпараттық  әдістемелік  материалдар 
коммуникациялық  байланыс  құралдарын  пайдалану  арқылы  білім  беруді 
жетілдіруді көздейді. Интербелсенді тақтаның мүмкіндіктері мұғалімдерге 
оқушыны  оқытуда  бейне  және  ойын  бағдарламаларын  тиімді  пайдалануға 
мүмкіндік береді. 
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы- оқушыларға ақпараттық білім 
негіздерін  беру,  логикалық-құрылымдық  ойлау  қабілеттерін  дамыту, 
ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде 
пайдалану  дағдыларын  қалыптастырып,  ақпараттық  қоғамға  бейімдеу. 
Демек,  ақпараттық  бірліктердің  білімге  айналуы    әлемнің  жүйелік- 

XXI Ғ АСЫРДАҒ Ы БІЛІМ ЖӘНЕ Ғ ЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ                                                                                    
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ В XXI  ВЕКЕ 
 
ақпараттық  бейнесін  оқушылардың  шығармашылық  қабілеттері  мен 
құ
ндылық  бағдарларын  дамыту  арқылы  қалыптастыруды  көздейтін, 
адамның 
дүниетанымының 
құ
рамдас 
бөлігі 
болып 
табылатын 
интелектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы. 
Қ
азіргі  білім  беру  жүйесі  ақпараттық  технологиялар  мен 
компьютерлік  коммуникацияларды  белсенді  қолдануда.  Әсіресе  қашықтан  
оқыту  жүйесі  жедел  қарқынмен  дамуда,  бұған  бірнеше  факторлар,  ең 
бастысы-  білім  беру  мекемелерінің  қуатты  компьютер  техникасымен 
қ
амтылуы,  оқу  пәндерінің  барлық  бағыттары  бойынша  электрондық 
оқулықтар құрылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады. [3] 
Бүгінгі таңда білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары 
ө
те  көп.  Оқу  процесінде  ақпараттық  және  коммуникациялық  құралдар 
мүмкіндігін комплексті түрде қолдану кезінде ғана мүмкін болады. Осындай 
электрондық  оқулықтарды  оқытуда  пайдаланудың  негізгі  дидактикалық 
мақсаты деңгейін бақылау. Көп функционалды электронды оқулықтар: 
-оқушылардың өз бетінше білім алу қызметін ұйымдастыруға; 
-әр  түрлі  ақпаратты  жинау,  өндеу,  сақтау,  объектілерді,  құбылыстарды 
модельдеу сияқты, оқыту қызметін ұйымдастыру процесінде қазіргі заманғы 
ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалануға; 
-оқу  процесінде  мультимедия  технологияларын,  гипермәтіндік  және 
гипермедия жүйелерін пайдалануға; 
-оқушылардың  интелектуалды  мүмкіндіктерін,  білім,  дағды,  іскерлік 
деңгейлерін, сабаққа дайындық деңгейін бақылауға; 
-оқытуды  басқаруға,  оқу  қызметінің,  тестілеудің  нәтижелерін  бақылау 
процесін автоматтандыруға интелектуалдық деңгейіне қарай тапсырмалар 
беруге; 
-оқушылардың өз бетінше оқу қызметін жүзеге асыру үшін жағдай жасауға; 
-қазіргі  заманда  ақпараттық  ағымдарды  басқаруды  қамтамасыз  етуге 
мүмкіндік береді. 
Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың  (АКТ)  дамуы 
білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап 
етеді.  Осыған  байланысты  білім  беруде  қолданылатын  әдіс-тәсілдер, 
ә
дістемелер,  технологиялар  жаңартылып  отырады.  Мысал  үшін 
Ұ
лыбританияда  мұғалім  мамандығын  таңдап  алған  бүгінгі  жастардың, 
ө
здерінің  болашақ  оқушылары  сияқты,  жеткілікті  дәрежеде    сандық 
сауатты  бар,  себебі  ол  өмір  жағдайларының  барлық  аспектілерінде  жаңа 
технологияның 
бар 
мүмкіндіктерін 
пайдалана 
отырып, 
сандық 
технологияларымен үнемі өзара әрекеттесетін ұрпақ өкіліне жатады. АКТ 
оқушыларға  ғылыми  ұғымдарды  түсіндіруді  және  олардың  қабылдауын, 
түсінуін  жеңілдетуге  мүмкіндік  беріп,  мұғалімдерге  сабақ  беруде 
көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан оқыту барысында осы 
технологияларды ойланып қолдануды қажет етеді. 

XXI Ғ АСЫРДАҒ Ы БІЛІМ ЖӘНЕ Ғ ЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ                                                                                    
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ В XXI  ВЕКЕ 
 
Білім  беру  саласында  түрлі  технологиялар  енгізілуде,  бірақ  олардың 
ішінен  қажеттісін  таңдап,  сабақтың  әр  кезеңінде  тиімді  қолдану  басты 
талап.  Мәселе  технологияларды  кеңінен  пайдалану  емес,  мәселе-  тұлғаны 
нәтижеге  бағыттай  білім  беруде.  Қазіргі  таңда  айтар  болсақ,  көрнекілік 
ә
дісі    мен  техникалық  құралдарды  қолдану  әдісін  ақпараттық-
коммуникативтік технологияның бір өзі атқара алады. 
Оқытудың ақпараттық технологиясы-  бұл ақпаратпен жұмыс жасау 
ү
шін  арнайы  тәсілдер,  педагогикалық  технологиялар,  бағдарламалық  және 
техникалық  құралдар  (кино,  аудио  және  видеоқұралдар,  компьютерлер, 
телекоммуникациялық  желілер)  болып  табылады.  Бірақ,  мұғалім  өзі  сабақ 
беретін  пәнді  ғана  емес,  білім  беру  технологияларны  қолдану  арқылы  осы 
пәнді жетілдіру тәсілдерін де білуі керек. Өйткені, ақпараттық технология- 
біріктірілген  әдістер  мен  өндірістік  және  бағдарламалық-технологиялық 
құ
ралдардың жиынтығы болып табылады. 
Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын 
ояту  ең  маңызды  мақсат.  Баланың  оқуға  деген  ынтасы  төмендеп  бара 
жатқан қазіргі кезде мұғалімдерге оқу мен оқыту үдерістерін білікті түсіну 
көрсеткіші болып табылатындығын баса айту керек. 
Қ
азақ  тілін  оқытуда  жаңа  технологияларды,  техникалық  құралдарды 
сабақта  жан-жақты  қолдану,  мұғалімнің  көптеген  қиындаған  қызметтерін 
жеңілдетіп,  осы  іскерліктің  ұстанымды  жаңа  тәсілдерінің  пайда  болуына 
мүмкіндік  туғызады.  Мектептегі  технологияларға  мыналар  жатады: 
теледидар  бағдарламалары,  сандық  теледидар,  интернет/  WWW, 
интербелсенді 
тақта, 
ұ
ялы 
телефон, 
ұ
тқыр 
қ
ондырғылар, 
компьютер/ноутбук т.б. 
Мұғалім  сабақтың  тақырыбына  сай  мақсатын  айқын  құрып,  негізгі 
мәселені  бөле  көрсетуі,  материалдардың  өмірмен  байланыстығы  әрі 
тәрбиелік мәнінің маңызды болуын қадағалап отыру керек. Сабақта АКТ-ны 
қ
олдану  арқылы  оқушылардың  құнды  идеялар  беруін  қадағалап,  үнемі 
жаңалықтар енгізіп отыру тиіс. 
Ақпараттық  технологияны  қолдануда,  әдетте  шынайы  жағдайлар 
келтіріліп,  балалар  салыстыруға,  өз  ойларын  сол  тақырыпқа  сай  жеткізуге 
білуге итермелеу керек. Рольдік ойындар пайдалану, біргірлігінің қалыптасуы 
барысында  жеке  белсенді    позициясын  қалыптастыруға  жағдай  тудырады, 
қ
арым-қатынас дағдаларын орнықтырады, сыни тұрғыдан ойлауға үйретеді. 
Демек, ақпаратты технологияны пайдалану оқу үрдісіне енгізу тіл үйрету 
де  тиімді.  Тыңдап-  түсіну,  көріп-  байқау  құралдарының  концепциясында  
оқыту былайша орналасады: тыңдау- сөйлеу-оқу- жазу. Оның ішінде ауызша 
қ
абылдау (тыңдау мен сөйлеу) әрдайым ілгері шығып отырады. 
Ақпараттық технология арқылы біз сабақтарды түрлендіріп, жаңаша 
ұ
йымдастыра  алуға    мүмкіндік  туып  отыр.  Мысалы  әр  сабақтың  алдында 
тұсаукесер  өткізуім.  Бұл  міндетті  түрде  тақырыпқа  байланысты 

XXI Ғ АСЫРДАҒ Ы БІЛІМ ЖӘНЕ Ғ ЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ                                                                                    
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ В XXI  ВЕКЕ 
 
бейнежазба  көрсету  арқылы  балалардың  сабаққа  деген  уәжін  көтеріп, 
белсенділігін арттыру. Апараттық технологияның көмегімен жүргізілетін 
сабақтарда-  оқушы  өзін  белсенді  және  еркін  ұстай  алады.  Қазақ  тілі 
сабағында  ақпараттық  технологияны  енгізу  арқылы  сабақтың  белсенділігін 
арттыруға,  дамыта  оқыту  идеясын  жүзеге  асыруға,  сабақты  шапшаң 
жүргізуге мүмкіндік береді. 
Сабақты интернет  желісіне  қосылған компьютер  арқылы  өткізу өте 
жатып,  оқушыларға  гиперссылка  жасау  арқылы  қосымша  материал  іздеуге 
дағдыландырудамын.  Ұтымдылығы,  оқушылардың  қызығушылықтарының 
оянуы  соншалық,  деңгейі  төмен  оқушыларының  өзі  орындай  бастайды. 
Сонымен  қатар  интернет  желісіне  қосылған  компьютер  арқылы  сабақ 
ө
ткізу,  сөйлеу  әрекетінің  төрт  түрінде  (оқылым,  айтылым,  тыңдалым, 
жазылым) да пайдалануға болатыны белгілі. Яғни, ақпараттық технология-  
оқу орындарында білім жетілдіруші құрал, иллюстративтік және диалогтік 
мүмкіндіктері  оқу  үрдісінің  уәждеме  саласы  мен  әрекеттік  құрылымына 
ү
лкен әсер тигізеді. 
Қ
орыта келгенде, оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану  
білім  сапасын  жақсартуға  көмектеседі.  «Қазіргі  заманда  жастарға 
ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай жаңа білім 
беру өте-мөте қажет» деп, ел Президенті атап көрсеткендей, ақпараттық 
технологияларды мемлекеттік тілді оқытуда тиімді пайдалану- жаңа білім 
берудің бірден-бір шарты. 
Қ
азақ тілін оқыту әдістемесін әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің 
деңгейіне  көтерудің  тиімді  жолы-  білім  беру  саласын  толықтай 
ақпараттандыру.  Мемлекеттік  тілді  оқытуда  соңғы  мақсатты  нәтиже-
қ
атысымдық  құзыреттілікке  қол  жеткізудің  негізгі  тетігі-  ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды оңтайлы пайдалану. Бұған байланысты 
Қ
азақстан  Республикасының  Президентінің  1997  жылғы  22  қыркүйектегі 
№6435  өкімімен  бекітілген  білім  беру  жүйесін  ақпараттандырудың 
Мемлекеттік  бағдарламасында:  «Оқу  үдерісінде  педагогикалық  және 
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану- жалпы 
білім  беруді  дамытудың  басты  бағыттардың  бірі»,-  делінген.  Қазақстан 
Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  білім  беру  жүйесін 
ақпараттандыру  осы  саладағы  мемлекеттік  саясат  негізінде  анықталып, 
осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр. 
Білімді ақпараттандыру күрделі де көп қырлы үдеріс болып табылады, 
оның  сәтті  жүзеге  асуы  білім  мекемелерін  компьютерлендіруге  ғана  емес, 
білім  беруді  ақпараттандыруды  қамтамасыз  ету  әдістемесіне,  ғылым  мен 
тәжірибенің  өзара  байланысына  да  тәуелді.  Бұл  ғалымдар  мен 
педагогтардың,  психологтар  мен  әдіскерлердің,  бағдарламашалар  мен 
ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  саласы  мамандарының  күш-
жігерін  жан-жақты  жұмылдыру    уақытының  келгенін  көрсетеді.  Білімді 

XXI Ғ АСЫРДАҒ Ы БІЛІМ ЖӘНЕ Ғ ЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ                                                                                    
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ В XXI  ВЕКЕ 
 
ақпараттандыру-  қазақ  тілін  үйретудің  басты  талабы.  Қоғамдағы 
ақпаратандыру  үрдісінің  дамуына  байланысты  тіл  үйретудің  мазмұны 
жаңарып  отырады.  Қазақ  тілін  үйретуде  қолданылатын  ақпараттық  білім 
ортасы  тіл  үйренушінің  ақпараттық  сана-сезімінің,  қатысымдық 
құ
зыретінің қалыптасуына зор әсер етеді. 
Тіл үйренушілердің жаңа ақпараттық және білімділік ортада табысты 
іc-әрекет 
етуі 
олардың 
бойына 
ақпараттық-технологиялық 
құ
зыреттіліктің  қалыптасу  деңгейі  мен  ақпараттық  мәдениеттілігінің 
ү
стем болуына байланысты болып келеді. Ақпараттық мәдениеттің деңгейі 
тұлғаның  ақпараттық  кеңістікте  өз  адамгершілігін  анықтау  және 
шығармашылық  тұрғыдан  өзін-өзі  дамытумен  байланысты  әлеуметтік 
маңызды  өмір  сүру  тәсілін  көрсетеді.  Ақпараттың  адам  өміріне 
қ
аншалықты әсер етуіне қарай соншалықты оның жеке тұлғалық ерекшелігі, 
ақпараттық  мәдениеті  айқындалады.  Қоғамды  ақпараттандыруды 
дамытудың негізгі факторларының бірі- білім беруді ақпараттандыру. Олай 
болса, қоғамның әрбір мүшесі ақпаратты сауатты, ақпараттық мәдениеті 
мен  ақпараттық  құзыреттілігі  дамыған  тұлға  болуы  қажет.  Білім  беруді 
ақпараттандыру-  оқыту  мен  тәрбиелеудің  психологиялық-педагогикалық 
мақсаттарын жүзеге асыратындай жағдайда білім беру саласының теориясы 
мен 
практикасында 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияның 
мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану үдерісі. 
Бұл технологияның  тіл үйренудегі мүмкіндіктері ғылыми-теориялық 
тұрғыдан  жүзеге  асыруға  мамандардың  дайындығы  арта  түсуі  қажет. 
Алдағы  уақытта  жоғары  талаптарға  жауап  беретін  ақпараттық-
коммуникациялық  технологиялардың  түрлері  арта  беретіні  сөзсіз. 
Сондықтан  қазақ  тілін  оқыту-үйрету  үдерісінде  бұл  технологияларды 
ұ
тымды қолдану үшін  мұғалімдердің өз кәсіби шеберліктерін, ақпараттық-
технологиялық құзыреттіліктерін үнемі дамытып отыруы талап етіледі. 
                                     
Пайдаланған әдебиеттер: 
1.«Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту» Мұхамбетжанова 
С.Т. п.ғ.к.. 
2.Қазақстан  Республикасының  білім  беру  жүйесін  2010  жылға  дейін 
дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы. 
3.Қазақстан  Республикасының  білім  беру  жүйесін  2015  жылға  дейін 
дамытудың тұжырымдамасы. 
4.  «Қазақ  тілі  сабағында  техникалық  құралдарды  қолдану»  Құлмағамбетов 
Б., Алматы, 1988ж. 
 
ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕСІ 
 
Жанат Сериковна ТУРЕХАНОВА 

XXI Ғ АСЫРДАҒ Ы БІЛІМ ЖӘНЕ Ғ ЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ                                                                                    
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ В XXI  ВЕКЕ 
 
Химия-биология бағытындағы Қызылорда  
Назарбаев зияткерлік мектебі, 
ағылшын тілі пәні мұғалімі, 
Қ
ызылорда қаласы, Қазақстан Республикасы 
 
Түйін 
Мақалада  интерактивті  оқыту  әдістерін  қолданып,  білім  берудің 
сапасын арттыру жолдары қарастырылады. 
Тірек  сөздер:  интерактивті  оқыту,  ұйымдастыру,  жағдай  жасау, 
бағыт-бағдар беру, басқару, проблеманың шешімін табу, рефлексия   
Аннотация 
В  данной  статье  рассматривается  пути  повышения  качества 
образования посредством интерактивных методов. 
Ключевые  слова:  интерактивное  обучение,  организовывать,  создать 
условия, направлять, решение проблем, рефлексия  
 
 
       Қазіргі    кезде  қоғамымызда  болып  жатқан  түбірлі  өзгерістерге 
байланысты білім жүйесіне және оның мазмұны мен оқыту технологиясына 
да көптеген жаңалықтар енуде

Қ
азақстанның  әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына 
кіру  стратегиясын  жүзеге  асыру  үшін  қазіргі  қоғамға  шығармашылық 
қ
абілеті  бар,  талантты,  іскер  мамандар  қажет.  Ал  бүгінгі  оқушы  ертеңгі 
студент және осы стратегияны жүзеге асыратын болашақ маман. 
Бүгінгі ұрпақ өз таңдауына шексіз мүмкіндік туған заманда өмір сүріп 
жатыр.  Бүгінгі  оқушыны  дұрыс  таңдау  жасау,  ұтымды  шешім  қабылдау, 
сондай-ақ  өзінің  өміріндегі  өзгерістер  ағымына  икемделу  қабілетіне 
байланысты өмір сүру талабы күтіп тұр. Елімізде  жүріп жатқан ауқымды 
ө
згерістердің  мәнін  әділ  пайымдау  бәрінен  бұрын  жастарды  тәрбиелеп 
отырған мұғалімдерге үлкен жауапкершіліктер жүктейді. Ел Президентінің 
жолдауында  көрсеткеніндей  қазіргі  шәкірттеріміз  ертеңгі  күн  әлем 
кеңістігіне еркін ену үшін білім беру жүйесі халықаралық деңгейге көтерілуі 
керек.  Сондықтан  да  шетел  тілін  білу  өмірдің  өзекті  мәселесіне  айналды. 
Ө
скелең  ұрпақты  шетел  тіліне  оқытуда  әр  түрлі  әдістерді  түрлендіре, 
күрделендіре  түсу  қажеттілігі  туындап  отыр.  Осыған  орай    әр  мұғалім 
шетел  тілін  оқытуда  жаңа  әдістемелік  технологияларды  қолданып  жас 
ұ
рпақтың тілге деген ынтасын, көзқарасын, біліктілігін арттыру мақсатын 
алға қояды. Шетел тілін оқытуда жаңа технологияларды пайдалана отырып 
ә
рі  нәтижелі,  әрі  қызығарлық  сабақ  жүргізу,  интерактивті  тәсілді 
пайдалану – біздің басты міндетіміз. 
Интерактивті  оқыту  мұғалімнен  қажетті  әдістемелік  және 
психологиялық  білім  мен  іскерлікті  қажет  етеді.  Мысалы,  оқу  процесіндегі 
барлық қатысушыларды талдауға жұмылдыру, оқушылардың психологиялық  

XXI Ғ АСЫРДАҒ Ы БІЛІМ ЖӘНЕ Ғ ЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ                                                                                    
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ В XXI  ВЕКЕ 
 
дайындығын қамтамасыз ету, жұмыс этаптарын уақытпен белгілеу, негізгі 
түсініктерді визуализациялауды ұйымдастыра алуы қажет. Интерактивті 
оқыту  әдісін  қолданатын    мұғалім  осы  талаптарға  сай  болуы    керек. 
«Интерактив»    сөзі  ағылшынның    «interact»,  «inter»    –  бұл  «бірге»,  «act»- 
ә
рекет ету деген сөзінен шыққан. Интерактивті – бір-біріне әсер ету немесе 
сөйлесу  тәртібінде  болу,  бір  нәрсемен  (компьютермен)  немесе  біреумен 
(адаммен)  диалогта  болу.  Демек,  интерактивті  оқыту  дегеніміз  мұғалім 
мен  оқушы  арасында  қарым-қатынасты  қалыптастыратын      диалогты  
оқыту.  
Оқу  нәтижелері  мектептің  негізгі  қызметі  (функциясы)  болып 
танылады. 
 
Нәтижеге  бағытталған  білім  оқу  процесінде  оқушыны  бірінші  орынға 
шығаруды  талап  етеді.  Ал  бұл  ұстаным  әрбір  мұғалімге  оқушыларды 
белсенділендіретін  оқыту  әдістемелерін  қолдануды  міндеттейді,  өйткені 
бүгінгі  күні  оқу  процесі  бұрынғыдай  «үйрету»,  «оқыту»,  «беру»  сынды 
сыртқы  ықпалды  білдіретін  етістіктерден  құралмай,  «ұйымдастыру», 
«жағдай жасау», «бағыт-бағдар беру», «басқару» сияқты ұғымдардан
 
тұрады.
  
Оқу  процесі  оқушыға  бағытталып,  оқушы  центристік  идеяларды 
ұ
станғандықтан 
ү
йрену/үйрету 
ә
рекеттері 
қ
оян-қолтық 
қ
арым-
қ
атынастан  тұруы  керек.  Бұл  қарым-қатынас  мұғалім  мен  оқушылар, 
оқушы мен басқа оқушы, оқушылардың шағын топтары арасында өтеді. Оқу 
мен  оқыту,  үйрену  мен  үйрету  мұндай  қарым-қатынаста  біртұтас 
қ
алыпта болып, олардың нәтижесі мен маңызы да осындай қарым-қатынасқа 
тәуелді болады.  
Ф.ғ.к.,  доцент  А.Қ.Әлімовтің  сөзімен айтқанда,  бүгінгі  күні  білім  беру 
жүйесінде  мәселені тіпті  мынандай  төтесінен  қоюға  болады:  «Үйрену мен 
ү
йрету  тек    өзара  белсенді  әрекеттерге  негізделген  қарым-қатынас 
арқылы  жүзеге  асырылады»  және  «Тек  әрекеттесу  арқылы  ғана 
ү
йренуге/үйретуге болады».  
Білім  беру  философиясы  мен  когнитивтік  (танымдық)  психология 
адамның  өз  қолымен  жасағанын  есте  сақтайтындығын,  практикалық 
ә
рекеттер  арқылы  (бірінші  кезекте  бірлескен  ұжымдық  әрекеттер) 
ү
йренетіндігін, оған өзі жасағаны қызық екендігін дәлелдеді.  
Міне,  осы  себептерге  байланысты  мектепте  оқу  процесінің  негізін 
интерактивті әдістемелер құрауы керек, әрбір мұғалім интерактивті 
құ
ралдар  мен  тәсілдерді  өзінің  әдістемесінің  төрінен  көруі  қажет.  Сол 
себепті  де  дамыған  елдердің  мектептерінде  интерактивті  әдістеме  оқу 
процесінің негізін құрап, ең басты үйрену технологиясы болып есептелінеді. 
Интерактивті  оқытуда  оқушылар  жүйелі  ойлау  арқылы  өздігімен 
ү
йрену,  ақпаратты  таңдау,  түсіну,  қолдану,  оның  негізінде  жаңа  ақпарат 
құ
растыру  және  оны  бағалау  дағдыларын  қалыптастырады.  Бұл  дағдылар 

XXI Ғ АСЫРДАҒ Ы БІЛІМ ЖӘНЕ Ғ ЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ                                                                                    
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ В XXI  ВЕКЕ 
 
болашақта  білім  алушыларды  бүгінгі  күні  тіпті  де  болжауға  мүмкін  емес 
проблемалардың шешімдерін табуға жетелейді.  
«Интерактивті  оқу/оқыту»  ұғымы  жан-жақты,  кең  мағыналы 
болғандықтан,  оның  философиясы  мен  әдістемесін  көптеген  оқу/оқыту 
жүйелерінен көруге болады. Олардың қатарына біздің еліміздің педагогикалық 
жұртшылығына  кеңінен  танымал,    педагогикалық  қолданыста  жан-жақты 
көрініп жүрген «Өзін-өзі тану» пәнін, «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы 
дамыту»  халықаралық  жобасын,  халықаралық  «Street  Law»  және  «Тәй-тәй 
(«Step  by  step»)  бағдарламаларын,  М.Жанпейісованың  «Модульдік  оқыту 
технологиясын»,  Ынтымақтастық  педагогикасын  (әсіресе  Ш.Амонашвили 
мен  В.Шаталовтың  идеяларын),  дамыта  оқыту  педагогикасын,  тұлғалық 
даму  педагогикасын  және  де  басқа  көптеген  технологияларды,  жобалар  мен 
бағдарламаларды жатқызуға болады. 
Интерактивті  оқу/оқыту  үйренушілердің  оқу  процесіндегі 
белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі құралдары мен тәсілдері болып 
табылады.  Сондықтан  да  интерактивті  оқу/оқыту  оқу  процесінің 
тиімділігі  мен  нәтижелігін  үйренушілердің  есте  сақтау  дәрежесімен 
ө
лшемей, олардың әрекеттерімен бағалайды, тек әрекет арқылы ғана 
ү
йрену ықтимал деген қағида ұстанады.  
Интерактивті  оқу/оқыту  оқушының  өз  тәжірибесі  және  өзге  де 
оқушылардың  тәжірибесі  тұрғысынан  жасаған  белсенді  қарым-қатынасқа 
негізделеді.  Ал  үйренушілердің  тәжірибесі  дегеніміз  олардың  өзіндік 
пікірлері мен көзқарастары, ойлары мен идеялары, ұстанымдары мен 
пайымдаулары,  тұжырымдары  мен  қорытындылары,  дәлелдері  мен 
уәждері деп айтуға тұрарлық. Оқушылар таным процесінде бір-бірімен осы 
тәжірибесімен  бөліседі,  міне  осындай  байланыста,  қарым-қатынаста  жаңа 
білім құрастырылып, саналы түрде игеріледі. 
Интерактивті  оқуда/үйренуде  білім  алушылар  мынандай  білім,  білік, 
дағды, машықтарға үйренеді:  
- терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту; 
- өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;  
-  ақпаратты  өздігімен  түсініп,  оны  таразылап,  екшеп,  оның  ішінен 
керектісін таңдап алу;  
- ақпаратты жан-жақты талдау;  
- өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру; 
-  оқу  барысында  жеке  басының  құндылықтары  мен  сенімдерін 
қ
алыптастырып, белсенді өмірлік позиция (көзқарас, дүниетаным) ұстану; 
- пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;  
- басқа да балама пікірлерді ескеру;  
- шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу;  
- ортақ жұмысқа жұмыла білу; 
- басқалармен тиімді қарым-қатынас құру, өзара әрекеттесу; 

XXI Ғ АСЫРДАҒ Ы БІЛІМ ЖӘНЕ Ғ ЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ                                                                                    
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ В XXI  ВЕКЕ 
 
-  үйренушілер  ұжымына  ортақ  бірлесе  жұмыс  жасаудың  рухани  және 
моральдік ережелерін қабылдау; 
- оқушылардың тобын ұжым ретінде қабылдау. 
Бұл  біліктер  тұлғаның  тұрақты  қасиеттеріне  айналып,  тек 
сыныптарда  орын  алып  қана  қоймай,  сонымен  бірге  өмірдің  басқа  да 
жақтарынан тиянақты түрде көрінеді.  
Сол  себепті  де  интерактивті  оқу/оқытуда  үйренушілер  мынандай 
ә
рекеттерді атқаруға дайын болуы керек: 
- бірлескен жұмыс, 
-  танымдық,  коммуникативтік,  әлеуметтік  тұрғыдан  белсенділік 
таныту, 
- бастамашылдық,   
- кері байланыс жасау, 
- проблема шешу, шешім қабылдау. 
Интерактивті  оқу/оқыту  барысында  үйренушілер  әрқашанда  белсенді 
болып,  өзіндік  пікір  қалыптастырып,  өз  ойларын  дұрыс  жеткізе  білуге,  өз 
көқарасын дәлелдеуге, пікірталас жүргізуге, басқаларды тыңдауға, өзге пікірді 
сыйлауға және онымен санасуға үйренеді. Мұндай сабақтарда бір ғана дұрыс 
жауап  болмайды,  өйткені  басты  мәселе  дұрыс  жауапты  табуда  емес, 
керісінше  үйренушінің  жеке  тәжірибесіне  негізделген  іздену  процесінің  өзі 
болып табылады.  
Интерактивті  оқу/оқыту  мектептерде  келесі  жұмыс  түрлері 
мен әрекеттер арқылы жүзеге асырылады: 
- бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл аудиторияның), 
- жеке және бірлескен зерттеу жұмыстары, 
- рөлдік және іскерлік ойындар, 
- пікірталастар, 
-  ақпараттың  әртүрлі  көздерімен  жұмыс  жасау  (кітап,  Интернет, 
құ
жаттар, мұражай, т.б.), 
- шығармашылық жұмыстар,  
- кейс-стади,  
- презентациялар,  
- компьютерлік оқыту бағдарламалары,  
- тренингтер,  
- интервью,  
- сауалнама, т.б. 
    Интерактивті  әдістеме  бойынша  келесідей  дидактикалық 
тәсілдерді қолданған тиімді:  
- ой қозғау, 
- Т-кестесі,  
- Венн диаграммасы,  
- болжау,  

XXI Ғ АСЫРДАҒ Ы БІЛІМ ЖӘНЕ Ғ ЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ                                                                                    
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ В XXI  ВЕКЕ 
 
- кластерлер,  
- оңай және қиын сұрақтар кестесі,  
- ойлан, жұптас, пікірлес,  
- алдын-ала берілген атаулар,  
- үлкен шеңбер,  
- қос шеңбер,   
- атаулар туралы үш сұрақ,  
- еркін жазу,  
- білемін, білгім келеді, білдім,  
- дөңгелек үстел,  
- үш қадамды сұхбат,  
- топтық зерттеу,  
- сұрақ қою,  
- қайтадан сұрақ қою,  
- қос жазба күнделігі,  
- үш жазба күнделігі,  
- белгі қойып оқу (INSERT), 
-  жигсо, жигсо-2,  
- қайшыланған пікірталас,  
- аквариум,  
- эссе және басқалар. 
Сонымен  интерактивті  оқу/оқытудың  мынандай  идеялары  мен 
қ
ағидаларын келтіруге тұрарлық: 
- Үйрету мүмкін емес, тек үйрену ғана ықтимал. 
- Білім дайын күйде берілмейді, ол тек өздігімен игеріледі. 
- Білім игеру тек белсенді әрекеттер арқылы ғана жүзеге асырылады. 
-  Оқу/оқытудың  негізгі  мазмұнын  «не  нәрсеге  оқу/оқыту»  емес,  «қалай 
оқу/оқыту»  құрайды:  білік,  дағды,  машық,  құзырлық,  білімді  игеру 
практикасы. 
- Өмір бойы үйрене білу. 
-  Білім  тек  өзіндік  тұрғыдан  игеріледі,  өйткені  «білім»  дегеніміз  жеке 
адамның  қандай  да  болмасын  мәселе  мен  проблема,  ақпарат  пен  мәлімет 
бойынша  құрастырған  ойы,  идеялары,  пікірі,  көзқарасы,  түсінігі,  дәлелдері, 
уәждері,  тұжырымы.  Ал  оқу/оқыту  -  үйренушінің  «МЕН-і»  бірінші  орынға 
қ
ойылатын процесс. 
-  Білім  бірлескен  әрекеттер  арқылы  игеріледі:  үйрену/оқу  – 
коммуникативтік процесс. 
-  Білім  дегеніміз  өмірде  қажетті  және  қолданбалы  мәселелер 
болғандықтан, білім игеру процесі практикаға (күнделікті өмірге) негізделуі 
керек. 
- Оқу/оқытудың негізі - өмір сүруге үйрену/үйрету. 
- Оқу/оқытудың негізгі мақсаты – адам болуға үйрену/үйрету. 

XXI Ғ АСЫРДАҒ Ы БІЛІМ ЖӘНЕ Ғ ЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ                                                                                    
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ В XXI  ВЕКЕ 
 
-  Оқу/оқыту  дегеніміз  диалог,  ал  диалог  –  адамгершілікке  үйренудің  ең 
тиімді әдісі. 
-  Білім  мазмұны  үйретушінің  талаптарымен  айқындалмай, 
ү
йренушінің мұқтаждары мен мүдделерінен туындайды. 
- Оқу/оқыту қоғамға қызмет жасау идеясы арқылы жүзеге асырылады. 
-  Әр  сабақта  үйренуші  тұлғасында  конструктивизм,  оптимизм, 
позитивизм секілді жағымды қасиеттердің дамуына ықпал жасау керек. 
-  Рефлексия  -  дүниетаным  мен  өзін-өзі  танудың  негізгі  тәсілі, 
рефлексиялық тұлға қалыптастыру - оқу/оқытудың негізгі мақсаты. 
    Қорыта  келгенде,  интерактивті  әдістеменің  негізгі  қағидасы 
Конфуций  айтқандай  «Маған  айтып  берсең  –  ұмытып  қаламын, 
көрсетсең – есте сақтаймын, өзіме жасатсаң – үйренемін!».  
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Ә
лімов А.Қ. ЖОО-да оқытудың интербелсенді әдістемесін қолдану. 
Алматы, 2011. 
2.
 
Суворова Н. Интерактивное обучение: Новые подходы М., 2005. 
3.
 
Сманқұлова  Ж.Е.  Оқытудың  интерактивті  әдісі.  Әдістемелік  құрал. 
Алматы, 2006. 
4.    Қисымова Ә.Қ. Оқыту технологиялары. Алматы, 2007. 
 
 
 
 
АКТУАЛЬНЫЕ  ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ В XXI ВЕКЕ 
 
Сауле Бабыровна УКУБАЕВА 
школа – лицей №54, 
учитель русского языка и литературы, 
учитель высшей категории, 
город Астана, Ресублика Казахстан
 
 
Түйін 
Бұл  мақалда  қазіргі  замандағы  Қазақстанның  білім  саласындағы 
маңызды  мәселелері  қарастырылады.  Жеке  тқлғаның  дамуында  мұғалімнің 
ролі,  жаңарған  білім  мазмұны,  мұғалімнің  кәсібі  дайындығының  қураушысы 
ретінде  компьютерлік  сауаттылық  маңызы  айтылады.  Сонымен  қатар, 
оқулық  мазмұнының  сапасы  төмен,  жоғарғы  деңгейдегі  педагог  кадрлердің 
жетіспеушілігі,  сыныпта  оқушы санының  көптігі  сияқты  өзегті  мәселелер 
негізгі алынып жазылады. 
Аннотация 
             В статье рассматриваются наиболее важные проблемы современного 
образования  в  Казахстане.  Особое  внимание  уделено  недостаточности 

XXI Ғ АСЫРДАҒ Ы БІЛІМ ЖӘНЕ Ғ ЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ                                                                                    
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ В XXI  ВЕКЕ 
 
высококвалифицированных  педагогических  кадров,  нехватке  ученических 
мест, о низком качестве содержания учебников, о роли учителя в развитии 
личности,  об  обновлении  образования,    о  компьютерной  грамотности 
учителей как составляющей профессиональной подготовке. 
         
Построение  будущего  нашей  РК  –  основная  цель  нашего  общества.  В 
Послании  Президента  РК  Нурсултана  Абишевича  Назарбаева  народу 
Казахстана  говорится:    «Важный  вопрос  нашей  стратегии  достойное 
обеспечение  жизни  самых  незащищённых  членов  общества  –  это  дети,  их 
матери  и  старшее  поколение.  Государство  не  будет  жалеть  средств  на 
решение  этих  вопросов».  В  РК  проведены  реформы  в  социально  – 
экономической,  политико – правовой сфере, и местные органы управления 
образованием  делают  всё  необходимое  для  создания  условий  воспитания 
подрастающего  поколения  и  в  своей  работе  основываются  на  принципах 
уважения  прав  и  свобод  граждан  согласно  Конституции  РК.  Так,  живя  и 
работая  в  столице,  замечаешь,  как  это  ощутимо  и  наглядно.  Здесь 
своевременно и чутко реагируют на правовые реформы законодательства в 
области обучения и воспитания молодого поколения. Оказывают родителям 
и законным опекунам надлежащую помощь в выполнении ими обязанностей 
по  воспитанию  детей.  Но,  несмотря  на  это,  на  мой  взгляд,  проблемы  в 
образовании ещё существуют.  
          Первая  и  наиболее  важная  проблема  –  это  недостаточность 
высококвалифицированных  специалистов,  низкий  средний  уровень 
подготовленности  выпускников  в  учебных  заведениях  страны.  В  Послании 
Народу Казахстана Н.А.Назарбаев подчеркнул: «Важно повышать качество 
педагогического состава. Надо усилить стандарты базового педагогического 
образования, требования к повышению квалификации преподавателей школ 
и вузов». Современная система образования, внедрение инновационных форм 
и методов обучения предъявляют всё более высокие требования к личности 
и  профессиональной  компетентности  педагогических  работников.  Мы, 
педагоги,  должны  переходить  от  педагогики  авторитаризма  к  педагогике 
сотрудничества, поворот к человеку как важнейшей ценности. Мы должны 
осознать  значимость  образования  и  образовательного  уровня  граждан 
страны,  поэтому  реформирование  среднего  и  высшего  образования 
необходимо в быстро развивающем обществе.  «Скучные уроки годны лишь 
на  то,  чтобы  внушать  ненависть  и  к  тем,  кто  их  преподаёт,  и  ко  всему 
преподаваемому» - сказал Ж.Ж. Руссо. 
         Вторая проблема - дефицит ученических мест, не секрет, что даже в 
Астане медленным темпом идёт ликвидация трёхсменных (73,5) аварийных 
школ, что говорить о сельских и о малокомплектных школах. 

XXI Ғ АСЫРДАҒ Ы БІЛІМ ЖӘНЕ Ғ ЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ                                                                                    
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ В XXI  ВЕКЕ 
 
         Следующая  проблема  –  компьютеризация  школ.  В  отличие  от 
учащихся,  учителям  необходимо  овладеть  технологиями  сетевых 
коммуникации и активно их использовать.  
         Ещё одна важная проблема –  это несвоевременная доставка учебников и 
низкое качество учебников по предметам, так как они печатаются в Китае 
и  Турции,  поскольку  там  дешевле,  но  разработка  учебников  происходит  в 
Казахстане.  Основные  недостатки  учебников  –  это  несоответствие  их 
содержания  государственным  общеобязательным  стандартам  образования. 
Бывают  факты,  что  программа  новая,  а  учебник  старый,  Много  ошибок, 
неточностей,  наличие  фактов  подачи  материалов,  не  относящих  к  теме, 
сложное  изложение,  темы  не  соответствуют  возрастным  особенностям 
детей,  нет  казахстанского  содержания,  А  ведь  учебник  –  важнейший 
носитель идейного, нравственного, культурного формирования человека.  
      Следующая  проблема  -  внерабочие  нагрузки  на  учителей.  Каков  он 
учитель  новой  формации?  Несомненно,  ключевая  роль  в  реализации 
обновлённого  образования  принадлежит  учителю.  Для  этого  вооружить 
учителя  современными  технологиями  обучения,  в  том  числе 
здоровьесберегающими.  Недаром  В.А.Сухомлинский  писал:  «Учитель 
готовится  к  хорошему  всю  жизнь.  Такова  духовная  и  философская  основа 
профессии  и  технологии  нашего  труда:  чтобы  дать  ученикам  искорку 
знаний, учителю надо впитать целое море света»           
Проблема содержания образования далека от совершенства – эта одна 
из злободневных вопросов современности. Выпускник должен иметь навыки и 
способности, которые помогут ему в дальнейшем ориентироваться в жизни 
и  стать  успешным,  Надо  развивать  у  учащихся  умение  искать  и 
анализировать  информацию,  учиться  самостоятельно  в  течение  всей 
жизни. 
 Я считаю, что наши ученики испытывают колоссальные перегрузки. До 1 
класса он должен знать счёт, буквы, в 1 классе на него обрушивается водопад 
информации, которую надо запомнить,  уметь применить. 
  
Считаю,  что  надо  пересмотреть  программы,  увеличить  количество 
часов  на  гуманитарные  предметы,  потому  что  не  все  школьники  могут 
осмыслить  и  запомнить.  Каждый  день  новое  правило,  новое  произведение. 
Отсюда и успевающие и слабые.  
В Дании дети в 1 классе учат буквы, а во 2 классе начинают читать. 
Нет  гонки,  слёз,  давления,  низкой  самооценки.  В  среднем  звене  всё 
продолжается.  И  ещё,  каждый  учитель  мастер  только  в  своей  области, 
подумайте: смогу ли я выполнить тесты по географии, а математик – по 
истории, а нам предлагают всех выучить одинаково хорошо. 
  
Поэтому следующая проблема - необходимо для всех школ профильное 
обучение. 

XXI Ғ АСЫРДАҒ Ы БІЛІМ ЖӘНЕ Ғ ЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ                                                                                    
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ В XXI  ВЕКЕ 
 
Для  выявления  талантливых  и  одарённых  есть  гимназии  и  лицеи, 
среди  них  стоит  выделить  областные  школы  –  интернаты  «Дарын», 
Назарбаев  интеллектуальные  школы,  а  недавно  открылась  физико  – 
математическая  школа.  Эти  школы  отбирают  самых  умных, 
интеллектуальных  детей,  которые  получили  начальное  образование  в 
рядовых школах и дают им соответственное качественное образование. Но у  
учителя  пропадает  интерес  к  работе,  когда  баллы,  рейтинги,  очки  их 
воспитанников достаются не им, а выпускающим школам. В связи с этим 
возникает и следующая проблема. Лишённый лидера, отличника класс будет 
развиваться в ином направлении, нет того друга, который давал энергию,  в 
классе  превалируют  другие  ценности:  юноши  увлекаются  курением, 
крепкими напитками, девушки портятся. Получается 1%  - самый умный, 
99% - менее образованные. 
Не  менее  важная  проблема  -  с  приходом  Интернета  можно  найти 
любую  информацию,  не  надо  часами  сидеть  в  библиотеке.  На  уроке  яркие 
презентации, убедительно, красочно. Вроде материал усваивается быстрее, 
прочнее, но сплошной плагиат, подсказки. Даже тексты диктантов можно 
найти в Интернете. 
             Вспоминается мысль Ч. Дарвина: «Выживает не самый сильный, и не 
самый умный, а тот, кто лучше всех откликнется на изменения». Высокий 
уровень  инноваций,  быстрота  происходящих  в  обществе  изменений, 
приводят к ускорению процесса старения знаний. Отсюда обществу нужен 
предприимчивый, образованный, настроенный на обучение всей своей жизни 
(повышение  квалификации)  учитель.  Учитель  должен  уметь  выбрать 
наилучшие варианты организации педагогического процесса, прогнозировать 
результаты, создавать собственную концепцию, основу которой составляет 
вера в себя, в реальную возможность развития личности каждого учащегося. 
Опираясь  на  34  летний  опыт  работы,  я  считаю,  что  все  изменения  в 
образовании  выдвинули  на  первый  план  проблему  повышения  активности 
учащихся  в  процессе  овладения  знаниями.  Решению  проблем  способствует 
методика: субъективность (достижение высокого уровня самостоятельной, 
творческой  интеллектуальной  активности  школьника)  процесса  обучения 
русскому  языку.  Необходимо,  чтобы  ученик  сам  сознательно  включился  в 
планирование  и  проведение  урока.  Основа  субъективности  (память, 
внимание, воображение, логическое мышление).  
Необходимо  переходить  на  личностно  –  ориентированную  модель.    В 
нашей  школе    этот  переход  имеет  положительные,  довольно  высокие  
результаты, Так как наши педагоги окончили курсы по Биоинформатике и 
Синергетике  (БИС)  -  это  технология  управления  качеством  обучения  в 
общеобразовательной школе по Вассерману Ф.Я., которую наш лицей будет 
представлять  на  EXCPO,  курсы  по  обновлённой  программе,  уровневые 
курсы.  Мои  коллеги  постоянно  совершенствуются  и  без  труда  приводят 

XXI Ғ АСЫРДАҒ Ы БІЛІМ ЖӘНЕ Ғ ЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ                                                                                    
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ В XXI  ВЕКЕ 
 
дифференциацию  содержания  учебных  заданий:  (по  уровню  творчества;  по 
уровню  трудности,  по  объёму)  с  учётом  возрастных  особенностей  и 
склонностей  учащихся,  наши  педагоги  применяют  различные  технологии 
формы  занятий  для  активизации  учебной  деятельности,  здоровье 
сберегающие  технологии  в  процессе  обучения.  Наши  учащиеся  являются 
международными  призёрами,  реализовывая  исследовательские  и  проектные 
деятельности по всем учебным дисциплинам.  Поэтому внутреннюю основу 
качества образования составляют степень удовлетворения потребностей и 
запросов государства, родителей и детей. 
            Путь к совершенству нелёгок, но необходим. Путь от вопроса «Что 
должен  знать  ученик?»  на  «Зачем  он  это  должен  знать?»  Наша  цель 
приблизиться по качеству образования к странам, добивающимся больших 
экономических успехов, за счёт обновлённое содержание образования 
«Каждое  дело  -    с  пользой,  иначе  –  зачем?  Каждое  дело  –  людям,  иначе  -  
зачем? Каждое дело – творчески, иначе – зачем?» - сказал  И.И. Иванов. 
 Образование  требует  немало  сил,  терпения  и  усидчивости,  так 
пусть они  не будут напрасны. Дорогу осилит идущий.  
 
Список литературы: 
1.
 
Об образовании Закон РК от  27 июля 2007 года №319- III 
2.
 
Государственная программа развития образования в РК на 2005-2010 
годы. Утверждена Указом Президента РК от 11 октября 2004 года. 
 
Саясаттану 
Политические науки 
 
СТРАТЕГИЯ ФОРМИРОВАНИЯ СМИ В ПОЛИТИЧЕСКОМ 
ПРОЦЕССЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН  
 
Лязиза Мырзантаевна АЛИБАЕВА 
Дальневосточный Федеральный университет 
город Владивосток, Россия 
 
Аннотация 
Статья посвящена становлению СМИ Республики Казахстан за годы 
ее независимости. Рассмотрена стратегия формирования информационного 
рынка,  а  также  предаставлен  политический  анализ  для  выстроение 
системы политический орентации СМИ.  
Ключевые 
слова: 
пресса 
Казахстана, 
СМИ 
Казахстана, 
информационный рынок печати, периодическая печать. 
 
Abstract 

XXI Ғ АСЫРДАҒ Ы БІЛІМ ЖӘНЕ Ғ ЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ                                                                                    
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ В XXI  ВЕКЕ 
 
The article is devoted to becoming the media of the Republic of Kazakhstan 
for the years of its independence. We consider the strategy of development of the 
information market and predastavlen political analysis to the political system built 
orentatsii media.
 
Key words: Press of Kazakhstan, media of Kazakhstan, printing industries, 
periodicals. 
 
ХХІ веке средства массовой информации стало центром нашей жизни, 
культуры, традиции, экономики и даже политики всего мира. По этой же 
причине  диапазон  изучения  современных  СМИ  стримительно  расширился: 
изучение СМИ становится особым, интересным, актуальным.  
 
Мы  все  «специалисты»  данной  сферы,  потому  что  информационное 
пространства  сопровождает  современного  человека  на  каждом  шагу. 
Поэтому  со  стороны  массовой  аудитории  к  ней  наблюдается  повышенный 
интерес
1

 
С  обретением  независимости  Республика  Казахстан,  отказалась  от 
цензуры и партийного контроля прессы, телевидения и радио, провозгласив 
прерогативу  своих  граждан  на  свободное  получение  и  распространение 
социальной  и  политической  информации.  Изменения  в  средствах  массовой 
информации  (СМИ)  Республики  Казахстан  связаны  с  радикальными 
преобразованиями  в  общественно-политической  и  социальной  жизни,  с 
необходимостью  делегировать  прессе  и  электронным  средствам 
информации  право  на  контроль  за  действиями  всех  ветвей  власти, 
свободного  изложения  взглядов  по  всем  важнейшим  сферам  жизни 
полиэтнического  казахстанского  общества.  Одной  из  характерных  и 
ключевых проблем СМИ стала информационная независимость – не только 
экономическая  самостоятельность  издания,  его  позиции,  но  и  мнений 
журналистов  и  авторов.  Свобода  слова,  собственно,  и  предусматривает 
возможность  не  только  проявлять  свою  гражданскую  и  мировоззренческую 
позицию, но и вносить свой вклад в летопись нашей страны. А началось все с 
обретения  государственного  суверенитета,  давшего  импульс  активизации 
демократических  процессов  во  всех  сферах  жизни  общества.  Наглядно  она 
проявилась в свободе слова, появлении закрытых и запретных ранее тем на 
страницах республиканской прессы.  
Информационное  пространство  Казахстана  можно  разделить  на 
четыре  категории:  государственные,  коммерческие,  издания  политических 
                                                 
1
 
ВЛИЯНИЕ СМИ НА ПОЛИТИЧЕСКИЕ ПРОЦЕССЫ В КАЗАХСТАНЕ И КЫРГЫЗСТАНЕ  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет