Жазушы Шәміс Құмарұлы 15. 04. 1952 жылы Қытай халық республикасының Мори қазақ автономиялы



Pdf көрінісі
бет11/28
Дата08.01.2017
өлшемі1,22 Mb.
#1414
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28
меші бар үйге әкелінді. 
 
Кешкі тамағын ішіп азырақ қаужанған соң Бекбай тағы ұйқйға кетті. 
 
 
                                              3 
 
 

 
Бекбай  таңертең  ерте  оянды.  Қатты  жөтеліп  жатыр  екен.  Басын  көтеріп  балшық  мешке 
сүйеніп едәуір отырды. Қиусыз үлкен ағаш есіктің саңлауынан таң жарығы болымсыз ғана жылтырап 
көрінеді. Керістей үш үлкен адам төр жақта  бірден  сеңсең ішік жамылып қаз-қатар көсіліп  жатыр. 
Кеше ештеңені толық көре        алмаған  еді , мынау қараңғы үй бұрынғы өзі қамалған қараңғы үйге 
қарағанда  әлде  қайда  кең  ,  әлде  қайда  жылы  екен.  Бекбай  қайта-қайта  жөтеліп  балшық  мештің 
алдына  қақырынып-түкірініп  алып  орнынан  баяу  тұрды.  Кешегідей  емес,    аяғы  да  өз  аяғы  секілді 
икемге келіп, кәдімгідей жан кіріп қалыпты. Төрдің дәл ортасында  жатқан адам басын көтерді.  Ол 
Бекбайды дәрет сындырады деп ойласа керек: 
 
_  Әй,  азамат,  дәрет  шелегі  ары  босағада  тұр,_  деді.  Мына  сөзден  соң  Бекбайдың  зәр 
шығарғысы  келді.  Кеңіп  келіп,  орнына  қайта  отырды.  Төрдегілер  әзірге  қозғалар  емес.  «Енді 
қаншалық су ішерім бар екен , әйтеуір бір өлімнен қалдым ғой» деп ойлады Бекбай. 
 
Меш  түбіндегі  сырдаққа  келіп  отырды.  Сасық  қара  тонды  басына  жастап    қисайып  еді, 
ұйқысы  мүлде  келмеді.  Төрдегі  жатқандар  түгел  үлкен    адамдар  секілді.  Абақтының  ала  көлеңке 
жарығында    олардың  бас  жақтарына  үлкен-үлкен  ағаш  қазық  қағып,  іліп  қойған  тымақ,  белбеу 
сияқты  нәрселері  Бекбайға  анық  көрінді.  Аздан  соң  уәделесіп  қойғандай  үшеуі  тең  бас  көтеріп 
орындарынан  тұрды.  Бекбай  байқамаған  екен,  далиған  балшық  мештің  аузының  бір  жағында 
мыжырайған қара шәугім тұр екен. Үшеуі бірінен соң бірі өшкен ескі көк шыбар тегешке дәрет алып, 
таңғы намаздарын оқуға кірісті. Ала көлеңкеде үшеуі де Бекбайдың көзіне елу жастар мөлшеріндегі 
адам  сияқты  сезілді.  Үшеуі  намаздарын  оқып,  намаз  соңында  құранның  аятын  ұзақ  оқыды.  Бұлар 
намаздарын оқып болғанда абақты іші кәдімгідей ағарып, адамдардың өңі де толық көрінетін болды. 
Бекбай  үшеуіне  енді  көз  тастады.  Ортадағы  толық  денелі,  қою  қара  мұртты,  жасы  елуге  таяған, 
бүйрек  бет,  қызыл  шырайлы  адам  екен.  Оң  жағындағы  бауырсақ  мұрын,  дөңгелек  көзі  шаралы, 
жалпақ бет сары кісі екен. Оның жасына Бекбай жіп таға алмады. Ал сол жағындағы қоңқы тұмсық, 
қияқ мұрт, сіріңке қара екен. Жас мөлшері қырықтың ішінде секілденді. 
 
Біраздан соң сіріңке қара орнынан тұрып Бекбайдың қасына келіп:  
 
_  Әй,  жігітім,  кеше  кенеуің  кетіңкі  еді,  бүгін  көрім  тіріліп      қалыпсың  ғой,  басыңды  көтер, 
кеңесейік,_ деді. 
 
Бекбай қуанып кетті. Басын көтеріп отырды. 
 
_  Андағының  қайдан  келгенін      сұра,  кімнің  баласы  екен?_  деді  төрдің  ортасындағы  қартаң 
кісі.  
 
Мына  кәрияның  дауысы  Берікбол  ағасының  дауысының  дәл  өзі  екен,  тұп-тұнық  болып 
қоңыраулап тұр.  
 
_  Жә,  жігітім,  мұнда  бәрімізді  дәм  қосты,  аман  болсақ  жапа-машақатты  бірге  көреміз,_ 
қасындағы  жігіттің  дауысы  шіңкілдеп  шықты,_  әуелі  сенің  аты-жөніңді  білейік.  Онан  соң  біздің 
жөнімізді сен біл. 
 
Бекбай тартынған жоқ, тілін тістеп жалғыз  отырғанға қарағанда, бір ауылдың     үстіне көшіп 
келгендей болып кеңіп қалған еді. Орнынан көтеріліп отырған соң: 
 
_ Ертіс бойындағы Қанағат байдың баласы едім , жиырма күннің      алдында ауылға екі адам 
келіп  қонды.  Ертеңі  мені  әкем  осы  қаладағы  Қасым  деген  ұйғыр  тамырынан  шәй-бұл  әкелгелі 
жібергелі жатыр     еді, әлгі екеуінің бірі : 
 
_ Бұл бала қайда барады?_ деп әкемнен сұрады. 
 
_ Қалаға барады,_ деді әкем.   
 
_ Онда қалада Қасен деген туысым бар еді , соған бір хат бере салсыншы,_ деп маған бүктеулі 
хат  берді.  Хатын  әкеліп    іздеп  жүріп  тауып  Қасенге  бердім.  Сол  күні  Қасымның  үйінде  қондым. 
Ертеңінде  қаладан  шығып  бара  жатыр  едім  ,  мылтығы  бар  төрт  әскер  жолдан  ұстап  әкеліп  қамап 
тастады,_ Бекбайдың көзінен жас сорғалап кетті. 

 
_ Е, балақай, сені сол хат сорлатқан екен. Әй, әттен-ай , сол хатты жыртып тастасаң болады 
екен , _ деді ортадағы қартаң адам. 
 
_  Жоқ,_  деді  оң  жағындағы  жалпақ  бет  сары  алдына  қарап  жылжып,_  төңкерісшілерден 
осында хат байланыс жасаған біреу барын сезген. Сол күні талай бейбақ сорлаған  болуы мүмкін . 
 
_ Бұл сөздің де жөні бар, десе де, мынадай аласпыран заманда мұндай жас баланы жұмсамаған 
жөн ғой,_ деп тақыр қара арт жағындағыларға қайрылып сөйледі,_ мен білсем , бұл баланы олар хат 
әкелді деп  ұстаған жоқ, әйтеуір қаладан шығып бара жатқан соң, сау сиырдың боғы емес шығар деп  
күманмен ұстады. 
 
_ Онда,_ деп алдына қарай ұмсына отырып ортадағы кәрия сөз қыстырды,_ қалада біреуге хат 
әкелгеніңді айттың ба?  
 
_ Сұраған соң айттым ғой.  
 
_ Ұйбайу,_ деді тақыр қара,_ ауызыңнан хат деген сөз шыққан екен пәлеге қалғаның қалған. 
 
Мына сөз Бекбайды қорқытып жіберді.  
 
_ Онда мыналар мені оңай шығара ма?_ деп сұраулы көзін төрдегі кәрияға бұрды. 
 
_ Мұнда келгеннен бері сақшы не көріп, не істедің деп сұраған шығар.   
 
_ Жоқ, қазірге дейін ешкім де менен мұндай жұмыстың бетін ашып сұраған жоқ. Осылар мені 
ұмытып кеткен сияқты. 
 
Төрде отырған үшеуі бірдей қарқылдап күліп кетті.  
 
_ Неге күлесіздер,_ деді Бекбай ренішті кескінмен,_ мұнда мен ойнағалы келгем жоқ қой, егер 
ұмытпаған  болса,  менің  не  қылған  адам  екенімді  сұрап,  қоя  берсе  қоя  беріп,  қамаса  жөнін  айтып 
қамаса керек еді.   
 
_  Е,  қарағым,_  деді  төрдің  дәл  ортасында  отырған  кексе  кісі,_  ондай  обал-сауапты  білетін 
үкімет  болса  ,  қазақтарды  бүйтіп  қора-қорасымен    беталды  әкеліп  қамайды  ғой.  Бәріміздің  де 
пәлендей  істеген  қылмысымыз  жоқ.  Үкімет  қылмыстысың  десе  бізде  не    шара.  Сен  қайта      қалаға 
келіпсің, атсыз-атақсыз танымайтын біреуге  хат әкеліпсің, бұларға сол сылтау да жеіп жатыр.    
 
Бекбай мұнда келгелі бір жағынан бойы жылынып өлім үрейінен арылса, енді бір      жағынан 
иен  даладан    бір  ауылға  көшіп  келгендей,  өз қандастарын  көрген  соң  көңілденіп қалған  еді.  Мына 
сөздерді естіген соң, жүрегі қобалжып, бойын қайтадан қорқыныштың үрейі билей бастады. Үрейлі 
кескініне төрдің  ортасындағы  кәрияға  қадала  қарады.  Кәрия  да  Бекбайдың  тым  үрейленіп  кеткенін 
біле қойды.  
 
_  Әй,  өзің  нашар  немесің  ғой,_  деді  Бекбайға  қарап  қабағын  түйіп,_  екі  ауыз  сөзге  үрейің   
ұшып  кетті  ғой,  қайтіп  азамат  боласың.  Батыр  бол,  мыналар  сені  жас  жігіт,  көрген-білгенін  айта 
салар  деп  ұстап  отырған  шығар.  Не  болмаса,  біреумен  шатасырып  жаңсақ  ұстап  отырған  шығар, 
ынжық болма, ер бол. Әйтпесе түрмеде арам өлесің, ұқтың ба? 
 
Бекбай ұқтым дегендей үнсіз басын изеді. 
  
Сәлден соң, ағаш есіктің ортасынан кішкене тесік ашылып, Бекбайдың өзіне таныс екі көк көз 
көрінді. 
 
_ Тамақ алыңдар!_ деп айқай салды.   
 
Төрдегі кәрия орнынан қозғалған жоқ. Екі жағындағылар қатар орындарынан    тұрып есікке 
барды. Тақыр қара әуелі   бір кесені алып кәрияның алдына қойған соң, қайта келіп өзінікін алды. Ең 
соңында  Бекбай  тамағын  алды.  Ол  әлгі  там  мештің  түбіне  қарай  кесесін  көтеріп  бара  жатыр  еді. 
Бекбай кәрияның қарсы алдына, сырдақтыұ шетіне келіп отырды. Тақыр қара бас жағын қопастырып 
, орта қарын бір нәрсені алып шықты. 
 
_ Әй, азамат,_ деді кәрия дауыстап,_ бері кел, бір жерде отырып ішейік. 
 
Бекбай  кәрияның  қарсы  алдына,  сырдақтыұ  шетіне  келіп  отырды.  Тақыр  қара  бас  жағын 
қопастырып , орта қарын бір нәрсені алып шықты. 

 
_ Алдымен мына жігітке біраз салып берші,_ деді кәрия.  
 
Тақыр  қара  оның  бұйрығын  қалт  жіберген  жоқ.  Қарындағы  қуырған  ет  екен.  Пышағымен 
опырып, Бекбайдың кесесіндегі қара сок көжеге екі ауыз толым салды.  Онан соң үшеуіне салды. 
 
Дәл осы күні ғана Бекбай тамақ жегендей, едәуір мейірі қанып тыңайып қалды. 
 
Содан бірнеше күннен соң тағы қалың қар жауып, бүкіл қылмыскер түгел қар күреуге шықты. 
Әрбір  абақты  үйдегілер  негізінен  өз  есігінің    алдын  күреді.  Бекбайлар  үш  жігіт  есік  алдын  лезде 
күреді.  Кәрия    есік  алдына  шығып  қолын  артына  ұстап  тұрды.  Бір  кезде  ол  шығыс  жақтағы  есік 
алдында тұрған түлкі тымағы бар ат жақты, биік қызыл шырайлы адамды нұсқап : 
 
_ Қарағұл залың деген мықты адам ана кісі,_ деп көрсетті. 
 
Сәлден  соң  ол  ар  жағындағы  абақты  үйінің  есік  алдына  шыққан  дөңгелек  жүзді  семізшелеу 
адамды нұсқап: 
 
_ Анау әлгі Бәди дұңше деген адам. Көріп пе едіңдер,_ деді.  
 
_ Көрмегеміз,_ десті үш жігіт. 
 
Басқаларын бұл кәрия тани алмайтын болса керек, одан ары ешкімді таныстырмады.    
 
 
 
Бойлары  биік  еңгезердей  бірнеше  адам  қар  күреген  соң,  бір  жерге  таман  бас  қосып 
әңгімелесіп тұрды. Бекбайдың көзіне бәрі де салауатты ел басы адамдар сияқты көрінді. Есіне сонау 
жылдары  өзінің  туған  жерінде  де  дәл  осындай  ел  ішіндегі  ардагерлерді  қи  сыпыра  ұстап  әкеткені 
түсті.  «Е,  сол  пәлекет  осы      жаққа  да  жеткен  екен  ғой»  деп  ойлады.  Сөйтті  де  ауыр  күрсініп 
абақтының үлкен есігіне қарады. 
 
                                               4 
 
       Бекбай Сарсүмбенің абақтысында бір жаз, екі қысты өткізіп жіберді. Сөйтіп 1945 жылды наурыз  
айы жетіп келді. Бекбай жатқан абақты үйіне осы екі  жылға таяу  уақытта талай адам келіп жатып, 
талай  адам  шығып  кетті.  Кетіп  жатқандардың  алысқа  жер  аударылып  кеткенін,  немесе  ақталып 
ауылына  қайтқанын  Бекбай  білген  емес.  Мүмкін  ,  кейбіреуі  өлімге  үкім  етілген      шығар,  Бекбай 
бұдан  да бейхабар болатын. Сол адамдарды сақшылар айдап әкетіп түнімен сұраққа тартын, түрлі-
түрлі  ауыр  жазалар  қолданып  ,  қан  жоса  етіп  таңға  жақын  сүйретіп  әкеліп  тастайтын.  Кейбіреуі 
талып жатып жарым күн дегенде әрең ес жиятын. 
 
Ғажабы  осы  екі  қыс  ,  бір  жазды  өткізген  Бекбай  бірде  бір  рет  сұраққа  шақырылып  ,  қинау 
көрген жоқ. Абақтыға еті үйренген сайын Бекбай осыған да шүкірлік қылды. « Аман болсам  әйтеуір 
күндердің бірінде шығып кетермін » деп  үмітін үзбеді. 
 
1945  жылдың  наурыз  айының  ортасы  болатын.  Бекбай  ерте  оянды.  Таң  ағарып  атқанымен, 
абақты іші әлі ала көлеңке еді. Бір үйдегі адамдардың көбі әкетіліп, Суайт екеуі ғана қалған. Суайт 
қорылдап тәтті ұйқыда жатыр, Бекбайға бұрын бір күннің өтуі бір жылдай сезілуші еді, суайт келгелі 
ғана  кешке  дейін  оның  өтірік-шынды  қиыстырған  әңгімелерін  тыңдап  күннің  өткенін    білмей 
қалатын болған. Суайттың молла азан шақырып қойған аты сол ма , жоқ, маңындағылар солай атаған 
ба?    Мұны  Бекбай  ешкімнен  сұраған  жоқ.  Десе  де  Суайттың  әңгімелері  абақтыдағыларды 
зеріктірмегенімен,  кейде  бір-  бірімен  соғыстырып,  тынштықты  кетіріп  жіберетін.  Жақыннан  бері 
басқалар кетіп Бекбай екеуі ғана қалды  да, оның соғысқа салатын өнеріне еш жол табылмады.  
 
Бекбай топырақ сұпыдан сырғып түсіп, бұрыштағы балшық мешке бір уыс тамызық салып, от 
жақты. От жаққан соң абақты ішіне біртіндеп жылулық тарап, сүркейлік аздап болса да сейілгендей 
болды. 
 
Суайт  күн  шыға  орнынан  тұрды.  Мештің  маңында  мүлгіп  отырған  Бекбайға  қарап  қойып 
есікке барды. Ол есіктің үстіндегі тышқанның ауызындай кішкене тесіктен далаға қарады. 

 
_ Әй, Бекей,_ деді Суайт таң қала сөйлеп,_ о , қүдірет, замақыр болыпты. Қар ерімей жаңбыр 
жауғаны несі?  
 
Ұйқылы-ояу мештің жылуына қалғып отырған Бекбай елең етіп есікке қарады. 
 
_ Өтірігіңе береке берсін, тағы нені сықпыртып жібердің?_ деді Бекбай.  
 
_ Сенбесең келіп көрші, нақ ақ жауын сіркіреп тұр, дауысын естіген жоқсың ба? 
 
Бекбайдың құлағына сіркіреген ақ жауынның  дыбысы естілгендей болды. Сонда да Суайтқа 
сенген жоқ. 
 
_ Сенің сол көп өтірігіңнің бірі шығар,_ деп орнынан есіней түрегеліп есікке келді. 
 
_ Көрші,_ деп Суайт тесіктің ауызынан шегініп орнын Бекбайға берді. Бекбай тесіктен қарап 
жіберіп: үй тіліңді құрт жегір, сенің өтірік айтқаныңды білгем,_ деді. Жаңбыр тұр ғой бұлт та жоқ. 
Жаңбырдың дауысын Суайт ауызымен келтіргенін білді.  
 
_  Білсең  тесіктен  неге  келіп  қарайсың?  Менің  өтірігіме  сенген  соң  келіп  қарадың  емес  пе, 
мырзам!  
 
_ Па, ит екенсің ғой,_ деп Бекбай күліп жіберіп, қайта орнына келіп отырды.    
 
 
_  Ойбой  ,  Беке  ,  бұл  нағыз  өтірік  емес  қой  ,  егер  бірге  болсақ  өтіріктің  көкесін  кейін  әбден 
көресің.  Шынымды  айтайын,_  Суайт  Бекбайдың  қасына  келіп  отырды.  Шалқалап  есінеп  алды,_ 
өтірік  айтпасам  ,  бір  маңызды  жұмысым  істелмей  қалған  сияқты  қарадай  алақызып  қаламын. 
Маңайымда ешкім жоқ болған шақта тұншығып тұрғандай күй кешіп , өзімнен өзім сөйлегім келіп 
шыдай алмай қиналып кетемін. Ал, біреуге бір-екі  ауыз өтірік айтып сендірсем болғаны , тынысым 
кеңіп жадырап сала берем. 
 
Мына сөзге  Бекбай ерекше қайран қалды. «Нақ өтірікші бұзықтың өзі екен ғой» деп ойлады. 
Суайтқа ернін қайқайтып жирене қарады : 
 
_ Құдай сақтасын, расында осындай болсаң өте сұмдық  екен. Бүйте берсең елді арандайсың 
ғой. 
 
_ Олай сөйлеме, Беке,_ түйеге жалғыз тең теңделе ме?   
 
_  Ол  мүмкін  емес  қой,  тең  деген  сөздің  өзі  түйенің  екі  жағына  теңдейтін  екі  нәрсеге 
қаратылған емес пе , екі нәрсенің бірі жеңіл , бірі ауыр болса да болмайды. Ауып түседі. «Тең» деген 
сөз екі жағына теңдейтін нәрсе тең болу керек деген сөз. 
 
_  Жауабың  жалпы  алғанда  дұрыс,_  деді  Суайт  шұңғыл  көздерін  жыпылықтата  күліп,_  сол 
теңделетін нәрсенің не нәрсе болуы айтылмаған. Әйтеуір салмағы тең болса ғана болды. 
 
_ Дұрыс,_ деді Бекбай.  
 
_ Олай болса, «қара» деген рең болмаса, «ақ» деген реңнің болуы мүмкін бе?_ Суайт сұраулы 
көзбен Бекбайға қарады. 
 
_ Дүниедегі заттың түсі ақ пен қара ғана емес қой,_ деді Бекбай жал тапқысы келіп.   
 
_  Жоқ,  Бекбай  мырзам,_  Суайт  екі  шұңғыл  көзін  сәл  жұмып  сөйледі,_  мен  ақ  пен  қараны 
айтқанда жалғыз сыртқы түсіне қаратып отырғамын жоқ. Солайда барлық түс ең соңында сол ақ пен 
қараға гана барып тиянақтайды. Менің айтқалы отырғаным _ жақсылык пен жамандық туралы. Осы 
екеуінің бірі болмаса, енді бірінің ұғымы болуы мүмкін емес. 
 
_ Ол шындық,_ деді Бекбай.  
 
_ Олай болса өтірік пен шын да солай шығар. 
 
Бекбай  Суайттың  бетіне  қарап  ,  не  дерін  білмей  отырып  қалды.  «Мына  Суайт  сөзді 
айналдырып әкеліп мені жеңгелі отыр екен ғой» деп ойлады Бекбай. 
 
_  Оның  рас,_  деді  Бекбай  күліп,_  екеуі  бірін-бірі  анықтайтын  екі  ұғым.  Десе  де,  екеуі  бір 
ортада тең өмір сүрмейді ғой деймін.  
 
_  Ондай  дүдамал  сөзіңді  қой.  Өтірік  шындық  үшін  ,  шындық  өтірік  үшін  міндет  атқарады. 
Сондықтан бізлің қазақтар: «Өтірік сөз шын сөздің желімі» дейді емес пе. 

 
Бекбай сонда да жеңілісіне мойынсал болғысы келмеді : 
 
_ По, Суке, тіпті иректетіп басымды ауыртып жібердің ғой,_ деді кейіп.  
 
_  Басың  ауырса  басыңды  жазу  оңай,_  деді  Суайт  қарқылдап  күліп,_  бас  ауруды  жазатын 
«өтірік» атты жақсы әңгіме бар , соны тыңда. 
 
_  Бұдан  ары  басым  ауырмаса  болды  ғой,_  деді  Бекбай  күліп,_  әңгіменің  аты  «өтірік»  болса 
тыңдайыншы, не кереметі бар екен. 
 
_  Әдеттегі  әңгіме,_  деп  Суайт  арқасын  тамға  сүйеп,  азырақ  керіліп алып  сөйледі,_  бұрынғы 
заманда дәл мен сияқты өтірікпен аты шыққан атақты өтірікші біреу болған екен. Ол да құдды мен 
сияқты өтірік айтпаса  басы ауырып шыдай алмай , өтірік айту үшін ел аралайтын болса керек. Бір 
ғажабы,  сен  сияқты  жұрт  оның  өтірікші  екенін    біле  тұра,  тағы  оның  өтірігіне  сеніп  қалады  екен. 
Күндердің  күнінде  осы  өтірікші  дүниеден  өтіпті  ғой.  Жұрт  оны  жерлеп  қайтқан  соң,  сұрақшы 
періштелер нәңкір-нүңкір келіпті де сұраққа тарта бастапты. Сонда әлгі өтірікші сасқалақтап : 
 
_ Әлгінде біреулеріңіз сұрап кетіп едіңіздер ғой , тағы келдіңіздер ме?_ деп өтірікші өтірік таң 
қалыпты. Екі періште аз тұрып : 
 
_  Алланың  бұйрығында  екі  рет  сұраққа  тарту  жоқ,_  деп  шығып  кетіпті.  Сонымен  өтірікші 
сұраққа  тартылмай  қалыпты-мыс  деседі.  Мүмкін  сол  өтірікшіні  Алла  тағала  жер  бетіндегі  ақымақ 
пенделерге ғибарат үшін әтей жаратқан шығар.  
 
_  Сонда,  Суайт  аға,  сен  мені  де  Алла  тағала  осы  үйге  өтірік  айтсын  деп  әтей  жаратқан 
демекшісің ғой, _ деді Бекбай. 
 
 
_  Оны  бір  Алла  біледі.  Жаратушының  ісіне  шек  келтірсек  болмас,_  деп  Суайт  бет-аузын 
домалақ  семіздеу  келген  былтық  саусақтарымен  сипалады,_  осы  пәнни  ғаламдағы  барлық  нәрсені 
тіпті  анау  ит,  бүргеден  тартып  бәрін  Алла  жаратқан  ғой.  Біреулер  үш  түрлі  адамдар  өтірік  айтады 
дейді  екен.  Бірінші,  қорқақ  адам  қорыққанда  өтірік  айтады  дейді.  Екінші,  мақтаншақ  адам 
мақтанғанда өтірік айтады дейді. Үшінші, жарамсақ адам жарамсақтану үшін өтірік айтады дейді.  
 
_ Рас, солай болуы керек,_ деді Бекбай.  
 
 
_  Жоқ,  Бекбай  бауырым,  мына  үшеуі  ешқашанда  өтірікке  жатпайды.  Неге  дейсің  ғой, 
қорқақтың  айтқан  өтірігі  нағыз  өтірік  емес,  қорыққанда  жал  тапқаны.  Ал,  мақтаншақтың  айтқан 
өтірігі де шынайы өтірік емес, сөздің әсерленуі ғана. Үшінші, жарамсақтың өтірігі де нақ өтірік емес, 
қолпаштау ғана. Сондықтан өтірікті де айта алған адам айтады. 
 
_ Сонда, өтірік айтудың өзі батылдық болды ма? 
 
_  Әрине,  нағыз  өтірік  айтуға  үлкен  жүрек  керек,  адамдар  екіленбей  сенетін  етіп  айтатын 
тамаша шеберлік қажет. Екеуіміздің өтірік деп жүргендеріміздің көбі шынына келгенде өтірік емес, 
жағдайға сәйкескен сөздің бейімі ғана. 
 
_ Әй, Сукең аға, асырып отырған жоқсыз ба? 
 
_ Түк те асқан жоқ. Адамдар күнделікті өмірінде сан-санақсыз өтірік айтады. Ал оны тыңдап 
тұрғандар да өтірік екенін біле тұра бас изеп сене береді, мұны адамдар өтірік деп есепке алмайды. 
 
_ Иә, осының тым сорақы кеткен жоқ па?    
 
_  Жоқ,  сенбесең  тыңда,  кім  болса  да  қатты  ауырып  жатса  да  көңілін  сұраған  адамға  
«тәуірмін» деп жауап береді. Ал, біреу бір жаңа киім киді делік, оның киімі қанша нашар, жараспай 
тұрса  да,  қасындағылар  «өте  жақсы  болыпты,  керемет  жарасыпты,  бұйыртып  кигізсін»  деп  өтірік 
сықпыртады.  Шынын  айтқанда,  адамдардың  бірін-бірі  өтірік  мақтауы,  өтірік  қолпаштауы,  әсіресе, 
ерлердің  әйелдерді  көргенде  өтіріктен    «жап-жас  сұлу  екенсің»  деуі,  осының  бәрі  қарап  отырсаң 
ешқанлай жамандығы жоқ нәрсе. Себебі, адам деген хайуан көңілге сүйеніп жасайды ғой, соың бәрі 
де көңіл үшін,  сондықтан мұны өтірік айттық дейміз. 

 
Суайттың сөздеріне алғашында көңіл бөлмегенімен, бара-бара «мынаның сөзінің де жөні бар 
секілді ғой» деп ойлап қалды.  
 
_ Суайт , сен маған сабақ сөйлеп кеттің ғой,_деп мысқылдап күліп жіберді.  
 
_  Күлме,  жігітім,_  деп  Суайт  Бекбайға  жақындап  келіп  отырды,_    егер  мен  саған  өтіріктен-
өтірік түнде сен жайлы жақсы түс көрдім, жақында абақтыдан шығады екенсің десем қуанасың ба, 
жоқ па? 
 
_ Әрине, қуануым керек қой. 
 
_ Е, білдің бе, кейде өтіріктің де пайдасы бар. 
 
_Әй, тамақтарыңды ал деп айғайласа, естімедіңдер, қарындарың ашпаған ба? Жоқ біреу соғым 
әкеліп берді  ме?_ деді. Тамақ тасушының дауысы едәуір  зілді  шықты. Өйткені бұдан  бұрын Суайт 
оны  да  бірнеше  рет  алдап  ақымақ  еткен.  Сондықтан    ол  Суайтты  жек  көргені  сондай  ,  тамақ 
әкелгенде  немесе  бой  жазып  ,  есік  алдына  шықса  болғаны,  әйтеуір  Суайтқа  кезіксе  болды  оған 
тыжырына қарап : 
 
_  Суайт,  сен  өмір  бойы  абақтыдан  шыға  алмайсың,  көзіңе  көгала  шыбын  үймелеп  өтеді,_ 
дейтін. 
 
Тесікке ең алдымен Суайт жүгіріп барды. Көк көз қолындағы жайпақ шелектен екі қара нанды 
бере бергенде, Суайт оның ар жағына тесірейе қарап:  
 
_  Құдай-ау  ,  мынау  қорада  жүрген  недеген  үлкен  тайыншадай  ит  еді  ,  _  деп  таң  қалды. 
Тамақшы қораға қайрылып қарағанда , Суайт оның жалпақ шелегіндегі наннан бірді тесіктен қолын 
сұғып жіберіп лып еткізеді. Дегенмен көк көзде сергек тұр екен , Суайттың бір нанды лып еткізгенін 
сезіп қалды. 
 
_  Әй,  Суайт,  сен  нан  ұрладың,  ә,  егер  мына  нанның  біреуі  кем  шықса,  саған  бір  күн  тамақ 
бермеймін, біліп қой, аштан өлтірем. 
 
_  Маған  мүлде  тамақ  бермей  аштан  өлтірсең  тіпті  жақсы,  сен  сияқты  көк  көз  иттің  қолына 
қарағанша өліп Алла тағаланың алдына барғаным баяғыда артық ғой,_ деп Суайт тырқ-тырқ күлді. 
 
_ Сұмпайының күлкісін-ай,_ деп көк көз жолына түсті, ол күңкілдеп Суайтты тілдеп сөйлеп 
бара жатты. 
 
Күндегі әдеті бойынша оттағы қара шәугімдегі қайнаған суды көтеріп, Бекбай топырақ сұпыға 
шығып, сырдақтың үстіне дастарқан жайды. Суайт дастарқанға үш қара нанды қойып жатып :  
 
_ Көк көз итті келістіріп жайладым,_ деп тырқылдай күлді,_ Беке. Өзіңді аз болса да өтіріктің 
пайдасын көрсін дегенім ғой.  
 
_ Бәсе, көк көздің саған нан ұрладың дегені несі десем, бірді соғып жіберген екенсің ғой.  
 
_ «Дұшпаннан түк жұлсаң да пайда» дегенді білесің бе, ебін тауып ең болмағанда бір тал нан 
болса да алып тұрайық. 
 
_ Ой, ол иттің өштесіп тамақ бермей қойып қинамаса болды ғой,_ деп Бекбай сәл алаңдағанын 
білдірді.  
 
_ Ойбой, Бекбай,_ деп Суайт тырқылдай күлді,_ сен әлі бала екенсің, мен айтып келемін ғой, 
адам деген ақымақ, шын сөзге сенбейді, өтірікке ғана сенеді. Біреуге, яғни кедей біреуге өтірік бал 
ашып жіберіп, аз күнде байығалы тұр екенсің десең, ол сенгенде қуанышынан жарыла жаздайды. Ал, 
әлі үйлене алмай жүрген біреуге жолығып, көп өтпей бір жақсы адаммен үйленеді екенсің десеңіз, ол 
қуанғаннан қолындағысын саған аямай шаша бастайды. Сенбесең, абақтыдан шыққан соң сынап көр. 
Ал  шын  нәрсені  айттың  пәлеге  қаласың.  Біреудің  жаңа  киген  тоны  оған  жараспай  нашар  болып 
қалса,  оған  тоныңыз  жараспапты  ,  тігілуі  нашар  екен  дедіңіз  пәлеге  қаласыз.  Немесе  біреу 
олақтықтан қолын кесіп алды дейік. Біз оған шын сөйлеп : «Сен олақ екенсің» десек, жарылып өлуге 
шақ қалады. Бауырым Бекей, адам жақсы күн кешемін десе , өтірік айтуға шебер болуы керек.  

 
 
_  По,  жарты  күн  сөйлесем,  әлі  миыңа  ешқандай  бірдеңе  жұқпапты  ғой,  «молланың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет