Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ЕҢбектері


Оралмандардың қабылдаудағы ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет12/51
Дата08.01.2017
өлшемі3,87 Mb.
#1422
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51

Оралмандардың қабылдаудағы ерекшеліктері: 
оралмандарды қабылдау және әлеуметтік ҧйымдастыру; 
оларды дер кезінде кешенді орналастыру; 
-  жаңа  орындарға  орналасып,  қалыптасып және  бейімделгенше,  негізгі  ҧлт  ӛкілдерін қабылдау, 
орналастыру және ҧйымдастыру шараларын қамтамасыз ету; 
оралмандар, әсіресе жастардың кәсіби білім алуымен қатар қайта даярлаудан ӛтуін қамтамасыз 
ету; 
оралмандарды Қазақстан Республикасының заңнамаларының ерекшеліктеріне оқыту; 
оларға жҧмысқа орналастыру негізінде мемлекет тарапынан кӛмек кӛрсету; 
-  оралмандарға  мемлекеттік  қолдау  кӛрсету,  квотамен  келгендер  ҥшін  тҧрғын  ҥй  алуға  қажетті 
қаржы,  жерлерді  бӛлу,  сонымен  бірге  ауылшаруашылық  мекемелерін  қҧру,  ауылшаруашылық 
жҧмыстарын жҥргізу ҥшін жер беру, кәсіпорындарды жалға алу немесе сатып алу кезінде жеңілдіктер 
жасау, несиелер беру, жеңілдіктермен қарыздар алу [6].  
Осыған қоса мемлекет тарапынан кӛмек кӛрсетудегі ерекшеліктері: 
-  оралмандардың  ӛз  келісімдерімен  елге  келуіне  ықпал  ету  және  олар  республика  ӛміріне 
реинтеграциялануы  ҥшін  мемлекетаралық  келісімдерді  қайта  жасаудың  нәтижесінде,  әлеуметтік 
қорғауды қамтамасыз ететін (зейнетақы, жәрдемақы және т.б. қамтамасыз ету); 
-  оралмандарға  Қазақстан  Республикасы  азаматтығын  алуды  жеңілдету  ҥшін  Қазақстан 
Республикасы заңдарын одан әрі жетілдіру; 
-  «оралмандарды  еңбекпен  қамту  –  кәсіби  білім  беру,  ӛз  бетінше  әрекет  ету»  аймақтық 
бағдарламасын жыл сайын жаңғырту; 
- оралмандардың ел ӛміріне бейімделуі мен ықпалдасуына әлеуметтік тексеріс жҥргізу; 
- заңнамаларға сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік кӛмек кӛрсету; 
-  барлық  жағдайда,  әсіресе  азаматтық  іс,  еңбектердегі  шиеленістерге  және  т.б.  байланысты 
қҧқықтық кӛмек кӛрсету; 
-  оралмандың  балаларын  елдің  мектебінде,  колледжінде,  Жоғарғы  Оқу  Орындарында  оқытуды 
қамтамасыз ету [7].  
Қазақ оралмандары туралы швед ғалымдары: Линда Бенсонның «Тҥркиядағы қазақ босқындары» 
және Ингвар Сванбергтің «Қытай қазақтары» атты мақалалары, моңғол ғалымы Ислам Қабышҧлының 
1997  жылы  «Қазақ  диаспорасының  этникалық  ӛмір  сҥру  мәселесі»  және  «Моңғолия  қазақтарының 
тарихы»  деген  еңбектері,  Ресейдің  Рыбаковский,  Моисеенко  еңбектері  жазылған,  сонымен  бірге 
американдық  ғалым  Марта  Брилл  Олкоттың  «Қазақтар»  атты  еңбегі  және  тағы  басқа  монографиялар 
жарық кӛрген.  
Дегенмен, Қазақстан кӛші-қон саясатын тиімді жҥргізу ҥшін ең алдымен Ресей Федерациясымен 
қатар  Батыс  Еуропа  елдерімен,  оның  ішінде  Германия  мемлекетінің  кӛші-қон  саясаты  негізіндегі 
тәжірибесімен  алмасу  қажет.  Ӛйткені,  Қазақстан  ӛзінің  кӛші-қон  саясатына  Батыс  елдерінің  ӛзіне 
сәйкес  келетін  тәжірибесін  ала  отырып  тиімді  әрі  ӛзіндік  жеке  бір  кӛші-қон  саясатының  ҥлгісін 

68 
 
жасауына  ықпал  етеді.  Осыған  байланысты  бірінші  кезекте  мына  бағыттарға  барлық  кҥшті  жҧмсау 
керек:  
-  Еуропа  елдерімен  ӛткізіліп  жатқан  реформалардан  тәжірибе  алу  ҥшін,  байланыс  пен 
қызметтестікті кҥшейту;  
- кӛші-қонның  негізгі себептерінің бірі болып табылатын экономикалық, әлеуметтік және басқа 
теңсіздіктерді жою ҥшін, ТМД елдері және Батыс Еуропа елдерімен экономикалық ынтымақтастықты 
тереңдету; 
-  кӛшіп-қонушылардың  басқаруға  жол  бермейтін  шиеленісті  тудыруға  бейім  факторларын 
зерттеу және осы салада шҧғыл ақпараттармен алмасу; 
-  халықты  кетуге  мәжбҥр  ететін  оқшаулауға  бағытталған  себептерді  жою,  дипломатиялық 
шараларды жҥзеге асыру; 
- саяси дағдарыс, экономикалық және этникалық жағдай себепті болатын кенеттен елден жаппай 
кӛшу жағдайында іс-әрекет стратегиясын әзірлеу
-  Женева  конвенциясына  сәйкес  тҧрғын  ҥй  беру  қҧқығы  туралы  мәселенің  амал-әдістерімен 
келісу және мәселені заңды рәсімдеу; 
-  заңсыз  кӛші-қон  мен  заңсыз  еңбек  істеуге  қарсы  бірлесіп  шараларды  жасауды  жҥзеге  асыру, 
олардың  елдерімен,  сондай-ақ  транзит  елдерімен  заңсыз  қоныс  аударушыларды  қабылдау  туралы 
шарттар жасасу; 
- елге оралып, әлеуметтік-экономикалық бірігуге бағытталған қызметтестік жасау. 
Осы бағыттарды  пайдалана  отырып  саяси  және  әлеуметтік-экономикалық  дамуға  талдау  жасау 
негізінде  эмиграцияның  пайда  болатын  жаңа  факторларын  болжау,  қаралып  отырған  мәселелердің 
барлық аспектілері бойынша екіжақты келісім жасау мақсатында кӛші-қон саясатын әзірлеу және одан 
әрі  кемелдендіру  жӛніндегі  тәжірибелерді  алуға  болады.  Бҧл  шетелдегі  қазақстандық  иммигранттар 
мәселесін тиімдірек шешуге мҥмкіндік туғызар еді.  
 
Әдебиеттер 
1.
 
Назарбаев Н.Ә. «Жаңа онжылдық – жаңа тарихи белестер: жетістіктер, мәселелер және стратегиясы» 
ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы // Егеменді Қазақстан. –  2010 ж. – 28 ақпан. 
2.
 
Назарбаев  Н.Ә.  «Қазақстан  экономикалық,  әлеуметтік  және  саяси  жедел  жаңару  жолында»  ҚР 
Президентінің Қазақстан халқына жолдауы // Егеменді Қазақстан. –  2005 ж. – 16 ақпан. 
3.
 
Абланов Э. «Қазақстандағы қазақтардың миграциялық даму кӛрсеткіші» // Қазақ тарихы. – 2004. № 4-

4.
 
Найманбаев  Б.  «Тәуелсіз  Қазақстандағы  кӛші-қон  мәселесі»//Хабаршы.  ҚазҦУ  «Тарих»  сериясы.  – 
2003. - №2 
5.
 
Краткий статистический ежегодник Казахстана. // Алматы, 2003. – 16 бет. 
6.
 
Оралмандарға  қатысты  сҧрақтар,  нормативтік-қҧқықтық  акті:  Қазақстан  Республикасының 
«Халықтың  кӛші-қоны  туралы»  Заңына,  2002ж  27-наурызында  ӛзгертулер  мен  толықтырулар 
енгізілген. – 14-15 баптар. 
7.
 
Садовская  Е.  «Современная  миграционная  ситуация  в  Казахстане,  новые  вызовы,  новые 
решения» // Байтерек. – 2006. - №2 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

69 
 
ӘОЖ 314.156:314.7 (574) 
 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ МИГРАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ МЕН ЭТНО-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ  
ДАМУ ҤРДІСІ 
  
Какенова Э.Т. 
Астана гуманитарлық колледжі, Астана, Қазақстан 
 
Резюме 
В  статье  рассматривается  миграционная  политика  и  развитие  этно-демографический  процесса в 
Казахстане.  Автор  глубоко  анализирует  причины  и  движущие  силы  миграционного  процесса.  Делается 
акцент на  объективные и субъективные факторы внутренних и внешних причин миграции. 
 
Summary 
This article discusses the migration policy and development of ethno-demographic process in Kazakhstan. It 
analyzes  deeply  the  causes  and  dynamics  of  the  migration  process.  It  imphasis  on  the  objective  and  subjective 
factors of internal and external causes of migration. 
 
Кез  келген  мемлекеттің  даму  деңгейін  анықтауда  сол  мемлекеттің  географиялық  орналасуы, 
табиғи байлықтары, жер асты ресурстары, негізгі әлеуметтік-экономикалық кӛрсеткіштерімен қатар ең 
маңыздысы халықтың саны, білім деңгейі және денсаулығы бірінші орында есепке алынады.   
Осыған байланысты мемлекеттің кӛші-қон саясаты мемлекеттің саяси ӛмірінде маңызды орынға 
ие.  Жаһандану  жағдайына  байланысты  қазіргі  таңда  бҧл  ҥрдіс  әлемдік  деңгейде  негізгі  мәселеге 
айналып отыр. Сондықтан да, оны қазіргі таңда ғалымдар жан-жақты зерттеу ҥстінде. 
ХХ ғасырдың 90-жылдары КСРО ыдырағаннан кейін, кӛптеген мемлекеттер тәуелсіздігін алып, 
егеменді  мемлекеттерге  айналды.  Осы  оқиғадан  кейін  әлемде  кӛші-қон  ҥрдісі  даму  қарқынына  ие 
болып,  Кеңестік  мемлекеттердің  қарапайым  азаматтары  шетелге  шығуға  немесе  тҧрақты  ӛмір  сҥру 
мҥмкіндіктерінің  туындағанын  сезе  бастады.  Дәл  осы  кезеңде  әлемнің  ҥш  мемлекеті  кӛші-қон 
саясатына  ӛз  назарын  аударды.  Яғни,  олар  ӛздерінің  этникалық  отандастарын  қайта  ӛз  отанына 
шақыру,  оларды  қолдап,  қорғап  және  мемлекет  тарапынан  кӛмек  кӛрсетуі  арқылы  мемлекет 
тҧтастығын сақтап, белсенді даму ҥрдісін ҧстанды. Бҧл мемлекеттердің қатарына, Қазақстан, Германия, 
Израиль  кірді,  соңғы  жылдары  аталмыш  мемлекеттердің  қатарына  Ресей  Федерациясы  да  еніп  отыр. 
Қазіргі таңда әлемде халықаралық кӛші-қон ҥрдісі ҥлкен сипат алуда [1].  
Миграция  -  қазіргі  жаһандану  ҥрдісі  мен  әлемдік  саясаттың  ӛзекті  мәселелерінің  бірі. 
Миграциялық  ҥрдіс  кеңестік  кеңістіктен  кейінгі  кезеңде  бҧрыңғы  социалистік  жҥйедегі  елдерде  аса 
қарқын алғаны белгілі. Сонау тарихи кезеңдердегі Жібек жолы салған сара жолмен тараптанған қазақ 
жерінің  геосаяси  орналасуы  да,  жалпы  миграциялық  ҥрдістен  бҧл  аумақтың  ешқашан  тыс 
қалмайтынына тағы бір дәлел. Ҥкімет жанынан жҧмыс істейтін кӛші-қон комитеті және миграциялық 
полиция  қызметі  де  бҥгінгі  ішкі  және  сыртқы  миграция  ҥрдісін  реттеуге  міндеттелген,  соған  сәйкес 
олардың жҧмыстары да солай ҥйлестірілуде.  
Қазақ  халқы  басынан  ӛткізген  демографиялық  апаттардың  саяси  факторларын  ашудың  ҧлттық 
болмысты сақтап, дамытудағы маңызының зор екендігі тек тарихшы ғалымдардың ғана емес, сонымен 
қатар  басқа  да  қоғамдық  ғылым  салалары  ӛкілдерінің  алдындағы  міндеттің  бірі.  Бҥгінгі  таңдағы 
республикадағы  демографиялық  ахуалдың  астарының  ӛткен  дәуірлермен  тығыз  байланыста 
жатқандығы  жайында  нақтылы  мәліметтер  мен  ғылыми  тҧжырымдар  кӛпшілік  қауым  назарына 
ҧсыныла  бастады.  Кӛпҧлтты  Қазақстандағы  демографиялық  ахуал  елдің  саяси,  әлеуметтік-
экономикалық,  мәдени  даму  ерекшеліктерімен  тығыз  байланыстырылып,  жеке  зерттеле  бастады. 
Соның  ішінде,  мемлекет  қҧраушы  ҧлт  -  қазақтардың  тарихи  тағдырының  Қазақстанды  отанына 
айналдырған кӛптеген ӛзге ҧлт ӛкілдерінің тағдырымен астаса дамуының шынайы тарихы ашылуда.  
ХХ ғасырдағы Қазақстанның демографиялық дамуындағы басты ерекшелік  – халықтың сандық 
және сапалық динамикасында табиғи ӛсім ғана емес, кӛші-қон ҥдерісі ықпалының басты рӛл атқаруы.    
Ғасыр  бойы  жҥрген  кӛші-қон  халықтың  кӛп  ҧлттық  қҧрылымын  қалыптастырып  қана  қоймай, 
республиканың  саяси-әлеуметтік,  экономикалық  даму  ерекшеліктерін  айқындап,  қазақ  ҧлтының 
дәстҥрлі даму  бағыттарына  кҥрделі ӛзгерістер енгізді.  Сонымен бірге, кӛші-қон  ҥдерістерінің кӛлемі, 
бағыттары  мен  негізгі  ҥрдістері  Қазақстанның  жеке  аймақтарының  әлеуметтік,  экономикалық  және 
демографиялық даму ерекшеліктерінің қалыптасуына да әсерін тигізді.  
Тарихи демографиядағы ҧлттық фактор, ең алдымен, қазақ ҧлтының дамуына қатысты. Тарихи-
географиялық  жағдайлар  қазақтарды  екі  алып  халықтың,  екі  ҧлы  мемлекет  –  Ресей  мен  Қытайдың 
жақын кӛршілері болуға алып келді. Осының ӛзі Қазақстан  тарихында ӛшпес із қалдырып, тіпті қазақ 
халқын ХХ ғасырдың бірінші жартысында ҧлт ретінде сақталып қалу немесе жойылып кетуге жақын  

70 
 
демографиялық  апаттарға  ҧшыратты.  Ендігі  жерде  қазақтың  кең  байтақ  даласын  халыққа  толтыру 
деген ҧғым біздің кӛршілеріміздің саяси мақсатына айналмауы ҥшін, мемлекетіміздің кӛші-қон саясаты 
мен  этно-демографиялық  дамуының  болашағын  нақтылау  ҥшін,  Қазақстан  Республикасындағы  кӛші-
қон саясатының нақты мемлекеттік бағдарламалар негізінде жҥзеге асуына мән берілуі қажет. 
Кӛші-қонның саясатының дҥниежҥзілік тәжірибесіне сҥйенетін болсақ, қазіргі таңдағы әлемнің 
жетекші елдерінің жҥргізіп отырған кӛші-қон саясатының ҥш типін кӛрсетуге болады:  
-  Германия  ҥлгісі  бойынша,  этникалық  немістердің  ықпалдасуы  мен  қабылдау  саясатының 
босқындарды  уақытша  орналастыру  мен  қабылдау  саясаттары  ҥйлесім  табуда.  Кӛші-қон  саясатының 
осы типі Қазақстанның жҥргізіп отырған кӛші-қон саясатымен сәйкес келеді
-  Орталық  және  Солтҥстік  Еуропа  елдерінің  ҥлгісі  бойынша,  елге  келген  иммигранттарды 
қабылдау, және оларды орналастыру елдің территориясында халықты орналастыруды реттеу жҥйесіне 
байланысты бірнеше тармақталған жҥйелердің бірлесуі ретінде кӛрініс табады; 
-  АҚШ-тың  ҥлгісіне  қарасақ,  мҧнда  босқындарды  уақытша  паналаған  елдерінен  АҚШ 
территориясына қоныс аударту және оларды сол қоғамға бейімделуіне кӛмек беру қарастырылады.  
        Қазақстанды  қызықтыратыны,  бҧл  бҧрынғы  отандастарын  қабылдау  және  оларды 
ықпалдастыру  мәселерін  шешу,  ішкі  кӛші-қон  мәселелерін  реттеу  саясаты  қарастырылған  елдердің 
тәжірибесі. 
Қазақ  елі  –  ата-бабаларымыз  ғасырлар  бойы  аңсаған  азат  кҥнге  жетіп,  тәуелсіздік  туын 
желбіреткен  кҥннен  бастап  тағдар  тәлкегімен  тӛрткҥл  дҥниенің  тӛрт  бҧрышына  тарыдай  шашылған 
қандастарымызды мемлекет тарапынан қаражат бӛлу арқылы елге оралудың алғы шарттарын жасады. 
Соның  арқасында  тәуелсіз  еліміздің  жиырма  жылдық  тарихында  300  мыңға  жуық  отбасы  Атажҧртқа 
оралып, бҧрыннан керегесі кең, бҥгінде ӛзгелермен терезесі тең тәуелсіз еліміздің халқы 1 миллионнан 
астам қандастарымызбен толықты. 
«Елге  ел  қосылса  -  қҧт»  дейтін  қазақ  даналығын  бір  сәтке  де  естен  шығармайтын  Елбасымыз 
Нҧрсҧлтан  Әбішҧлы  Назарбаевтың  Жарлығымен  2008  жылдан  бастап  алыс-жақын  шетелдердегі 
қандастарымыздың кӛшіп келу квотасы 20 мың отбасыға дейін кӛтерілді. Бҧл - жыл сайын шетелдерде 
тҧратын 90-100 мың қазақ мемлекет кӛмегімен атамекенге оралып, емін-еркін қоныстануына мҥмкіндік 
алып отыр деген сӛз. Ал ӛз кҥші, ӛз қаражатымен Отанымызға оралып жатқандары қаншама! Еліміздің 
бірнеше  аймақтарында  бейімдеу  орталықтары  қҧрылып,  ӛзге  ортадан  келген  ағайынның  ӛз  еліне  тез 
сіңісіп  кетуі  ҥшін  қолдан  келгеннің  бәрі  жасалуда.  Алайда  соңғы  жылдары  кӛш  кідіріп,  белгіленген 
квота мӛлшері толмай қалып жатқан жағдай бар.  
Дҥниежҥзі  қазақтарының  ІV  Қҧрылтайында  Мемлекет  басшысы  Нҧрсҧлтан  Назарбаевтың  ӛзі 
назар  аударып,  қандастарымыздың  қҧжат  тапсыру,  тіркеуге  тҧру,  азаматтық  алуда  кездесетін  тҥрлі 
кедергілерді  жою,  қандастарымызды  Отанға  оралту  жҧмысын  жҥйелей  тҥсу  қажеттілігіне  баса  назар 
аударды.  
Ҧлт кӛшбасшысы, Дҥниежҥзі қазақтары қауымдастығының Тӛрағасы осы тҧрғыдан алдағы кезде 
атқарылуы тиіс жҧмыстардың бес бағытын белгілеп берді. Олар:  
1.  Елге  оралып  жатқан  қандастарымыздың  жағдайын  жақсартуға  септігін  тигізетін  «Халықтың 
кӛші-қоны туралы» жаңа заң қабылдау. 
2.  Жастардың  сапалы  білім  алуы  ҥшін  қандастарымызға  бӛлінетін  гранттық  квотаны  нақтылап, 
олармен жҥйелі жҧмыс жҥргізу. 
3. Шеттегі қазақтардың Қазақстанмен жан-жақты байланыс орнатуына кӛмектесу. 
4. Қандастарымыз тҧратын елдерде ҧлттық ӛнердің кеңінен таралуына жәрдемдесу, 
5. Шетелдерде кіші қҧрылтайларды тҧрақты ӛткізіп тҧру қажеттілігі. 
Сонымен,  ел  Президенті  Нҧрсҧлтан  Әбішҧлы  Назарбаев  «Нҧрлы  кӛш»  жобасының  екінші 
кезеңін жҥзеге асыруды қолға алу керек дейді. Шетелде тҧратын жас қазақтарды тарихи отанына келіп, 
жоғары  білім  алуға  шақырған  Қазақстан  президенті  «Екінші  кезеңде  қандастарды  жаңа  ӛндірісті 
ӛңірлер  мен  ауыл  шаруашылығына  кеңінен  тартудың  жолдары  сараланатын  болады...  Шетелдерде 
техникалық  білім  алған  қазақ  жастарын  индустриялы  аймақтарға  қызмет  етуге  шақырамыз.  Қажет 
болса әлеуметтік қолдау да кӛрсетеміз» деді [2]. 
Елбасының ҧлттың қамы, халық санының ӛсуі тҧрғысынан жҥктеген осы міндеттерін 
жҥйелі 
жҥзеге асқан тҧста мемлекет кӛшбасшысының 2005 жылғы Қазақстан халқына арнаған жолдауындағы 
2015 жылы Қазақстанның халық санын 20 миллионға жеткізу жоспарының орындалғандығының куәсі 
боламыз.  
Еліміздегі  этносаяси  талдау  жасай  отырып,  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  ҧлттық-этникалық  мәселені 
шешудің  ҥш  тәсілі  бар  екенін  айтады:  «Біріншісі  –  бірқатар  елдердегідей  басқа  ҧлт  ӛкілдерін 
ығыстырып шығару, бірақ мҧндай мәселе қазақ халқына тән емес, олар қоныс аударушыларды ағайын 
ретінде  қабылдаған.  Екіншісі  –  ҧлттық  мәселеге  ӛздігінен  шешіледі  деп,  бҧл  мәселеге  кӛңіл  бӛлмеу. 

71 
 
Бірақ,  бҧл  жағдайдан  шығудың  жолы  емес.  Бізге  ең  соңғысы,  ҥшінші  жолы  тән,  біз  осы  бағытпен 
жҥрудеміз. Бҧл – халықтар арасындағы келісім мен сенім жолдарын іздеп табу» [3].   
Қазақстанның  белгілі  демографы  М.Б.Тәтімов  кӛші-қон  саясатының  қандай  болуы  керектігі 
жӛнінде ӛзінің пікірін білдіріп, «Кӛші-қон саясаты ҥлкен территориясы бар, жаңа унитарлы мемлекет 
Қазақстан  Республикасының  беріктігінің,  кҥшеюінің  стратегиялық  мақсаттары  мен  міндеттеріне  сай 
болуы керек», - дейді [4].  
Қазақстандағы  кӛші-қон  саясатында  эмиграциялық  ҥрдіс  маңызды  орынға  ие  болуда.  Себебі, 
эмигранттардың елден кетуі кез келген мемлекет ҥшін ҥлкен мәселе болып табылатыны сӛзсіз. Мҧндай 
ҥрдіс  ең  алдымен  халықтың  демографиялық  санағының  кҥрт  тӛмендеуіне  ықпал  етеді.  Қазақстанда 
эмиграциялық ҥрдістерді реттеу жӛнінде бірнеше шаралар атқарып, қабылдануда. Шетелдік азаматтар 
ҥшін  жҧмыс  кҥшін  ҧйымдастырып  шығаруды  жеке    жҧмыспен  қамту  агенттіктері  (ЖҚА)  жҥзеге 
асырады, олардың қызметін лицензиялап, бақылайды. 
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жеке жҧмыспен 
қамту  агенттерінің  қызметіне  бақылауды  жҥзеге  асыратын  бірнеше  бағыты  бар:  міндетті  тҥрде  есеп 
беру,  лицензиялау,  агенттіктер  қызметінің  Қазақстан  Республикасы  заңнамасына  сәйкес  іс  жҥргізеді. 
Қазақстан Республикасының азаматтары еңбек қызметіне байланысты ӛз бастамаларын шетелде жҥзеге 
асыруға  қҧқығы  бар,  бірақ,  азаматтардың  шетелде  еңбек  және  кәсіптік  қызметті  жҥзеге  асыру 
жағдайлары жҧмыс берушілер жасалатын келісім-шарттары қабылдаушы елдің заңнамалары бойынша 
белгіленеді. Қазақстандағы кӛші-қон ҥрдістерін реттейтін нормативтік қҧқықтық актілердің тізімі:  
1. ҚР «Халықтың кӛші-қоны туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 204 Заңы. 
2. ҚР «Халықты жҧмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149-II Заңы.   
3. ҚР «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік кӛмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246-II Заңы. 
4. ҚР «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 қаңтардағы № 1017-ХII 
Заңы. 
5. ҚР Ҥкіметінің «Оралмандарға жеке тҧрғын ҥй салу ҥшін жер телімдерін беру ережесін бекіту 
туралы» 2002 жылғы 9 шілдедегі № 748 қаулысы. 
6.  «Қазақстан  Республикасы  Кӛші-қон  саясатының  2001-2010  жылдарға  арналған  салалық 
бағдарламасын бекіту туралы» ҚР Ҥкіметінің 2001 жылғы 29 қазанда № 1371 қаулысы.  
7.  ҚР  Ҥкіметінің  «Кӛшіп  келу  квотасы  бойынша  келген  оралмандарға  тҧрақты  тҧратын жеріне 
бару  және  мҥлкін  (оның  ішінде  малын)  апару  жӛніндегі  шығыстарын  ӛтеу,  келген  жері  бойынша 
тҧрғын ҥй сатып алу ҥшін қаражат бӛлу және біржолғы жәрдемақылар тӛлеу ережесін бекіту туралы» 
2006 жылғы 6 қаңтардағы № 15 қаулысы. 
Кӛші-қон  ҥрдісінің  негізгі  саяси  аспектісі  болып  табылатын  бірден  бір  мәселесі  шетел 
азаматтарын  қабылдау  жағдайына мән  беру.  Қазақстан  Республикасына  басқа  мемлекеттерден  қоныс 
аударған  кӛшіп  келушілерге,  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  кӛзделген  жағдайларда, 
оралмандар,  босқындар  мәртебесіне  Қазақстан  Республикасы  ратификациялаған  халықаралық 
шарттарда кӛзделген ӛзге де мәртебе беріледі. Қазқстантан Республикасына келген кезде шетелдіктер 
мен  азаматтығы  жоқ  адамдарға  Қазақстан  Республикасының  Ҥкіметі  белгілеген  тәртіппен  кӛші-қон 
карточкалары  беріледі.  Қазақстан  Республикасы  шетелдердегі  азаматтарды  қабылдаудағы  негізгі  
мақсаты:  
- халық саны кӛрсеткішін арттыру; 
-  мемлекеттік  тілді  –  қазақ  тілін  меңгере  отырып,  салт-дәстҥрлерін  сақтап  және  дамытуға  ат 
салысып, сақтай отырып мемлекет азаматтарының рухани деңгейін кӛтеру ; 
- қандастарымыздың оралуы арқылы қазақи дәстҥрді жалғастыру; 
- мҥмкіндігінше ҧлттық сананы дамыту.       
Кӛші-қон  саласындағы  бірінші  кезекте  тҧрған  мәселені,  яғни  кӛші-қон  ҥрдістерін  реттеу  мен 
оларды сақтау және шешу мәселелерін Қазақстан тек бейбітшлік шеңберінде шеше алады. Сондай-ақ 
елдермен,  аумақтық  ҧйымдастыру,  БҦҦ-мен  бірігіп,  екіжақты  немесе  кӛпжақты  келісімдер  жасау 
негізінде шеше алады.  
Кӛші-қон дегеніміз бҧл – саясат. Ол жай ғана адамдардың бір мекеннен екінші мекенге ауысуы 
емес.  Сондықтан,  бҧл  ҥдеріс  мемлекеттің  экономикалық,  әлеуметтік,  саяси  даму  бағыттарымен 
ҥйлестіріле,  ҥндестіріле  жҥргізілуі  тиіс.  Басқаша  айтқанда  ішкі,  сыртқы  кӛші-қонның  бәрі  еліміздегі 
жеке ӛңірлердің бҥгінгі және келешектегі ӛндірістік даму мҥмкіндіктері мен әлеуеттері жете ескеріліп, 
соған сай реттелуі, ҧйымдастырылуы және басқарылуы қажет. 
Кӛші-қон  ҥдерісі  мемлекеттік  деңгейде  қабылданған  индустриялық-инновациялық  даму,  «Жол 
картасы», «Жҧмыспен қамту» «Шағын қалаларды дамыту» сияқты бағдарламалармен ыңғайластырыла 
жҥргізілетін болса, мҧның нәтижесі де жоғары болатыны анық 
Жалпы қорыта айтқанда, кӛші-қон саясаты мемлекетімізде әлі де терең зерттеуді және кӛптеген 
кҥрделі  мәселелерді  жан-жақта  қарастыруды  қажет  етеді.  Кӛші-қонның  ішкі  және  сыртқы, 

72 
 
азаматтардың  қоныс  аударуындағы  жылжуын,  бағытын,  сонымен  бірге  саяси  тҧрғыда  мемлекеттің 
экономикалық,    әлеуметтік  жағдайын  ескере  отырып  қарастыру.  Сондай-ақ,  шетелден  келушілерді 
орналастыру мәселесін зерттеу бҥгінгі кҥннің талабы. 
    
Әдебиеттер 
1.
 
Аскалкола О. Миграция рабочей силы в странах Азии // Азия Африка сегодня. – 1999. - №7. 
2.
 
Дҥниежҥзі қазақтарының ІV Қҧрылтайы материалдары. Астана, 2011 
3.
 
Назарбаев Н.А. За мир и согласия в нашем доме // Материалы первой Ассамблеи народов Казахстана. 
Алматы, 1995. 
4.
 
Татимов  М.  Влияние  демографических  и  миграционных  процессов  на  внутриполитическую 
стабильность в РК // Саясат. – 1995. - №5. 
 
 
ӘОЖ 79.008 
 
ҚАЗАҚ МЕРЕКЕЛЕРІНІҢ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАНУЫ 
 
Камалова Н.К., Жумабай Л.Ж. 
М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан 
 
Резюме 
В статье рассматриваются духовные и материальные аспекты празднично-обрядовой культуры, 
трансформация  традиционных казахских праздников в современных условиях. 
 
Summary 
Сonditions of preservation of harmonic life in kazahs world outlook.The sources of  kazahs'  traditional  
culture 
 
Әр ҧлттың ерекшелігі мен мәдени даралығын байқататын мерекелер мен салт-дәстҥрлерінің 
бҥгінгі ӛмірімізде орын алуы мәдени сабақтастықтың сақталуына байланысты. Ол сабақтастықтың 
жоғары  дәрежеде  жалғасын  табуы  ҥшін  заман  талабын  игерген,  мәдени  қҧндылықтардың  мән-
мағынасын жетік білген, ҧйымдастырушылық, шығармашылық қабілеттері бар мамандардың ролі 
ерекше екені даусыз. Ондай қабілеттер таныта алғанымен кӛне мәдениетті «оқып», жаңарту ҥшін 
ӛткеннің  ӛнегесін  бҥгінгі  мәдени  сҧраныстар  мен  талаптарға  сәйкестіре  алу  білім  мен  бейімді 
қажет  етеді.Сол  себептен  біздің  алдымызға  қойған  мақсатымыз  бҥгінгі  практикаға  дәстҥрлі 
мәдениет ҥлгілері арқылы ҧлттық мәдени қҧндылықтар туралы білімі мен бейімін қалыптастыру. 
Дәстҥрлі  мәдениетті  заман  талабына  лайықтау  нәтижесіне  әсер  ететін  факторлардың  келесісі  іс-
шаралар мазмҧны. Олардың, әсіресе, қазақ салт-дәстҥрлерінің бҥгінгі ӛмір сҧранысына, олардың 
дҥние-танымдық  мәніне,  кӛрерменнің    санасы  мен  сезімінде  із  қалдырып,  отбасылық 
тәжірибесінде    қолдана  алатындай  мҥмкіндігі  мен  қолдану  қажеттілігін  сезіндіретіндей 
ҧйымдастыру жҧмысын талап етеді. 
Ғасырлар  бойы  қолданылған,  бабалар  тәжірибесінен  ӛткен  жеке  тҧлға  қабілеті  мен 
қасиеттерін  қалыптастыратын  тәрбие  ісінің  ескерусіз  қалуы  келешегіміздің  ҧлтжандылық  және 
патриоттық  тәрбиесіне  нҧқсан  келтіріп,  мәдениетіміз  ҧлттық  сипатынан  айрылары  сӛзсіз. 
Отбасылық  салт-дәстҥрлері  арасында  ҧрпақтың  тән  асылдығы  мен  жан  тазалығы    ҧлттық 
қҧндылық  екенін  ескеріп,  жас  ана  бойына  бала  біткеннен  бастап,  жер  бесігіне  енгенше  адамға 
мәдени  мҧраны  рухани  қажеттілік  етуі  –  қоғамдық  талап.  Жасӛспірім  ӛзін  ересектер  санатына 
кіргенін,  ендігі  жерде  кӛпшілік  алдында  кешірімділіктен  гӛрі  қатаң  жауапкершілігі  мол  кезең 
басталғанын  сезіндіретін    мерекелер  бҥгінгі  әлеуметтендіру  ісінен  орын  алмауы  жӛнсіз.  Осы 
міндеттерді  жҥйелі  тҥрде  ҧйымдастыру  мен  атқару  мәдени  мекемелері,  ақпарат  қҧралдары, 
әлеуметтік  бірлестіктер  міндеті.  Олардың  жҧмысының  нәтижелігі  жҧмыс  формасының 
қызықтылығына,  дәстҥрлі  мән-мағынасын  ҧлттық  дҥниетанымдық  тҧрғысынан  тҥсіндіруге  және 
қолдану  технологиясын  жете  меңгеруге  мҥмкіндік  жасауға  байланысты.  Қызықты  етіп 
ҧйымдастырып,  мағынасын  ҧғындырғанда  ғана  дәстҥрлі  әрекет  заман  талабына  сай  жалғасын 
табады деген қорытынды жасауға болады. 
Ҧлттық мәдениетті сипаттайтын дәстҥрлі әрекеттердің ӛміршеңдігі олардың заман талабына 
лайықталып  мазмҧндық  ӛзгерістер  енугізілуіне  байланысты.  Екіншіден,  ол  ӛзгерістер  дәстҥрлі 
мәдени  әрекеттерді  сақтаушы  және  жалғастырушы  халықтың  шығармашылық  қабілеттілігіне  де 
байланысты болса керек. Ҥшіншіден, дәстҥрлі мәдениет дамуының ең басты принциптерінің бірі 

73 
 
импровизациялық  сипатында.  Сондықтан    дәстҥрлік  әрекеттердің  формасы  сақталып,  әрекет 
тізбектерінің,  вербалдық  негіздерінің  халық  дҥниетанымы  ӛзгеруіне,  рухани  қҧндылықтары 
алмасуына байланысты басқа сипат алып отырғаны аян. Қазіргі ҧзатылып жатырған қыздың сыңсу 
айтқанын  кӛз  алдыңа  елестету  қиындау,  оң  босағаға  шығарылатын  қызға    ендігі  жердегі  киетін 
киімің  осы  деп  қос  етек  кӛйлек  пен    камзол  кигізуді    де  бҥгінгі  бойжеткен  орынсыз  санауы 
ықтимал. 
Бҧл  тҧрғыда  әсіресе  келешекке  бағдар  беретін  қажеттілікті  ескеру  керек.  Мысалы,  мҥшел 
жасы  тойланған  жасӛспірім  ӛзін  балалықпен  қоштасқан,  естиярлар  санатына  енген  жеке  тҧлға 
ретінде  қарым-қатынас  жасап,  мінез-қҧлық    қалыптастыруы  ҥшін  қоршаған  ортаның  оған  деген 
кӛзқарасы  да    сол  тҧрғыдан  болуы  тиісті.  Сонда  ғана  жауапкершілікті  мойындаған,  шешім 
қабылдай алатын адам тәрбиеленеді деп есептейміз. Мәдени қҧбылыс ретінде әлеумет тарапынан 
қолдау  тапқан  мҥшел  жасқа  толған  жасӛспірімді  балалықтан  ересектікке  жетелейтін 
әлеуметтендіру әрекеті ӛз орынымен атқарылуы тиісті. 
Тек бҧл емес басқа да дәстҥрлі мәдени әрекеттерді бҥгінгі ӛмірімізге лайықтап енгізу ҥшін,  
яғни  трансформациялау  ҥшін,  бҧхаралық  іс-шараларды  ҧйымдастырудың  жаңа  технологиясына 
назар  аударайық.  Радио  мен  телевизор,  кӛптеген  сауықтық  бағдарламаларды  бейнежазу  арқылы 
тамашалайтын талғампаз адамдар мән-мағынасын тҥсіндірместен, орынсыз тартымсыз әрекеттерге 
назар  аударуы  қиын.  Сол  себептен  ҧйымдастырушылар  бір  кезектік  іс-шараларға  немқҧрайлы 
қарамай,  оның  ҧлттық  мәдени  қҧбылыстың  ерекше  тҥрі  екеніне  назар  аударып,  терең    ғылыми 
тҧрғыдан  әсер  ету,  мәнін  арттыру  жақтарына  назар  аударуы  шарт.  Ол  ҥшін  кӛпшіліктің  назар 
аударатын    кӛркем    қҧралдары  мен  амалдарын  ойластырып,  іріктеу  қажет.  Мерекелер  мен  салт-
дәстҥрлердің қҧралдары ретінде ӛнер мен әдебиеттің тҥрлі жанры, деректі материалдар мен ойын 
тҥрлері жатады. Оларды қолдануда адамның сыртқы информацияны қабылдаудың психологиялық  
заңдылықтарына сҥйене отырып, біріншіден, іс-шараны бастағанда кенеттен назар аударатындай  
әсерлі әрекет ҧйымдастырылады. Екіншіден, қатынасушылар мен кӛрермендерді  мәдени әрекетке 
араласа  алатындай  амалдар  қарастырылуы  керек.  Мерекелер  мен  салт-дәстҥрлерлік  әрекеттер 
соңы ойда қаларлықтай, сезімге әсер сететіндей әрекетпен аяқталуы шарт. 
Мерекелер  мен  салт-дәстҥрлер  адамзат  қоғамдасу  кезеңінен  бастап  бҥгінге  дейін  рухани 
сҧранысты  ӛтеуші,  қарым-қатынастарды  реттеуші,  мәдени  мҧраны  сақтаушы,  ӛміртіршілік 
қҧндылықтарды  дамытушы,  кӛркемӛнерлерді  шыңдаушы  қажеттіліктерді  ӛтеп  келеді.  Терушілік 
заманнан бҥгінгі жасанды интеллект арқылы тіршілік қажеттерін жаңарту кезеңінде де жеке тҧлға, 
ҧжым,  қоғам  ӛз  ӛміріндегі  басты  белеңдерді  ескерусіз  қалдырмай  келуі  мерекелер  мен  салт-
дәстҥрлердің  мәдени  сабақтастықты  сақтаудың  басты  қҧралы  екенін  дәлелдейді.  Ғасырлар  бойы 
қалыптасқан тарихында қазақ халқы да ӛз мәдени ерекшеліктерін осы синкреттік тҥрде дамыған, 
мәдени  ҧстанымдардың  барлығын  десе  де  болады  бір  ортаға  жинақтаған  мерекелер  мен  салт-
дәстҥрлерде  сақтаған.  Олар  қатып  қалған  догма  емес.  Тарихи-экономикалық,  тарихи-әлеуметтік 
ӛзгерістер  мерекелер  мен  салт-дәстҥрлердің  жаңа  формаларын  қалыптастырып,  мазмҧнын  заман 
талабына сай ӛрбітіп, ӛзіндік дҥниетанымдық белгілерін ғана сақтап келген. 
ХХІ  ғасыр    мәдениеттің  даму  процесіне  ӛзіндік  ықпалын  ала  келді.  Оның  басты  мақсаты 
мерекелік,  салт-дәстҥрлік  әрекеттер  дамуының  тарихи-мәдени  сабақтастығын  жалғастыру 
қажеттілігіне  байланысты.  Ол  қазақ  мәдениетінің  ӛркениетті  мемлекеттер  мәдениетінен  кенже 
қалмағанын,  әлемдік  мәдени  дамуда  ӛзінің  ерекешелігін,  ӛміршеңдігін  кӛрсете  алу  қажеттігінен 
туындайды.  Оған  бірнеше  негіздеме  бар.  Біріншісі  мерекелік,  салт-дәстҥрлік  әрекеттердің 
дамуына ықпал етуші саяси-экономикалық жағдаят. Ӛркениеттілер кӛшінен кейін қалмай, ӛзіндік 
сара  жолды  таңдай  білген  Қазақстанда  мерекелейтін  қуанышты  уақиғалар    баршылық.  Олар 
экономикалық  бағыттағы  әзірше  шағын  да  болса  елеулі  уақиғалар:  ауыр  ӛнеркәсіптегі 
зауыттардың іске қосылуы, жеңіл ӛнеркәсіп саласындағы жаңа орталықтар  ашылуы, қҧрылыстар 
жҥргізіліп  ел  баспаналы  болып,  қоршаған  ортаны  кӛркейтуі,  Елорданың  қарқындап  кӛтерілуі. 
Барлық  уақиғалар  ӛзіндік  мерекелік  сипат  алып,  кӛркемдік  белгі  алуы.  Аталған  уақиғалардың 
барлығы ӛз дәрежесінде атқарылуға мҥмкіндік алуына мәдениетті мемлекеттік тҧрғыдан басқару 
органдары,  арнайы  қҧрылымдар  ӛз  ҥлесін  қосуда.  Мәдениет  жылын  жариялап,  мәдени  мҧраны 
дәріптеуге мемлекеттік демеушілік жасалуының ӛзі мәдениетке деген қамқорлық белгісі. Сонымен 
қатар  мемлекеттік  емес  ірі  кәсіпорындардың  корпоративтік  уақиғаларға  маңыз  аударуы 
мәдениеттің жалпы дамуына жете назар аударылуының куәсі. Республикалық дәрежеде ӛткізілетін 
кӛркемӛнер  байқаулары  мен  кӛрмелер  кӛркем  мәдениеттің  ҧлттық  сипатын  жоймауына, 
халықаралық дәрежеде дамуы ықпал етуде. Мерекелік, салт-дәстҥрлік мәдениет дамуының саяси-
экономикалық факторлардың бастысы елімізде шоу бизнес негізі қаланып, бҧл салада бәсекелестік 

74 
 
пайда болып, продюссерлік қызмет пайда болуына байланысты болып отыр. Осыған байланысты 
мерекелер  мен  салт-дәстҥрлердің  жаңа  сипат  алуына  ықпал  болып  отырған  екінші  факторы 
арнайы  мамандарға  байланысты.  Бҧхаралық  мерекелер  режиссурасы,  эстрадалық  қойылымдар 
режиссурасы,  шоу  бағдарламалар  режиссурасы  мамандықтарының  мемлекеттік  мамандықтар 
классификаторына  еніп,  жоғары  білікті  мәдениет  саласы  кадрларының  дайындалуының    ӛзі 
мерекелер мен салт-дәстҥрлердің мемлекеттік қажеттілік екенінің кӛрсеткіші. 
Еліміздегі  мәдени  даму  проблемалары  тек  практика  жҥзінде  ғана  ізденістерге  жетектеп 
қойған  жоқ.  Әсіресе  ҧлттық  мәдени  мҧраны  сақтау  арқылы  бҧхаралық  мәдениет  саласындағы 
дәстҥрлі нақыштарды сақтап қалу мақсатында жҥргізіліп отырған этнография, тарих, философия, 
ӛнертану  салаларындағы  ғылыми  ізденістер  нәтижесіз  емес.  Археологиялық  қазбалар  мен  кӛне 
жазба  мәдениетінде  сақталғандары  қазақ  дҥниетаным  тҧрғысынан  зерттелуі  мәдени  мҧраның 
заманауи  жалғасын  табуға,  қазақ  танымы  мен  тағылымының  ӛміршең  болуына  ықпал  етуде. 
Ғылыми  еңбектер  жинағы,  даралаған  монографиялар,  мҧражайлар  жәдігерлері,  суретшілер 
кӛрмелері мен ӛнертанушылардың  талдамалары ҧлттық мәдениет  тереңдігін, мәнділігін паш ете 
алады. 
Ҧлттық мәдениеттің заман талабына сай дамуына, оның ғасырлар қойнауында қалыптасып 
халқының  рухани  баюына  қосар  ҥлесін  замандастарымызға  жеткізіп  ҧғындыруда  бҧхаралық 
ақпараттар  ықпалы  ерекше.  Жеке  тҧлғалар  мен  басты  мәдени  уақиғалар  туралы  мақалалар, 
теледидар  хабарлары  мен  мыңдаған  адам  жинайтын  бҧхаралық  мерекелер  мәдени  қҧндылықтар 
туралы  қоғамдық  пікір  қалыптастырады.  Солардың  ішінде  мерекелік  қойылымдарды  алатын 
болсақ,  олардың  режиссерлық  шешімі,  дәстҥрлі  мәдениет  ҥлгілерін  қолданудың  жаңа  ҥлгілерін 
ҧсыну  арқылы  кӛрермен  дҥниетанымына  әсер  ету  мҥмкіндігі  мол.  Режиссерлық  кӛрнекі  әдістер: 
арнайы рәсімдік әрекеттер, басты уақиғаға назар аударатындай ерекше айшықты әсерлік амалдар, 
кейіпкерлерді таңдап, олардың орналасуының нышандық белгілері, киген киімдері мен бҧйымдар  
тҥр-тҥсіне  дейін,  мереке  мазмҧнын  айшықтайтын  мәтін,    қолданылатын  бҧйымдар  мен  қарым-
қатынас  жасау  тәсілдері  арқылы  басты  идеяны  жеткізуге  кӛмектеседі.  Мысалды  еліміздің  бас 
мерекесі  –  Тәуелсіздік  кҥнінен  келтірейік.  Әр  іс-шараның  ӛзіндік  мақсаты  болмақ.  Бҧхаралық 
мерекелерде  қайталану  болуы  мҥмкін  емес.  Тҧрақты  қҧндылық  болып  саналатын  ӛнер 
туындылары  қолданылуы  мҥмкін.  Бірақ  олардың  да  орындалу  ерекшелігі,  қолданылу  орыны, 
мерекелік  идеяны  ашатындай  басқа  да  сахналық  әрекеттермен  байланыстырылуы  ән,  би,  тағы 
басқа ӛнер туындыларын қайталану есебінде емес, мазмҧндық дәлдігімен есте қаларлықтай етуге 
болады.  Шымкент  қаласының  спорттық  сарайында  ӛткізілген    Тәуелсіздік  кҥні  сондай 
ҧйымдастырушылық-шығармашылық  амалының  ҥлгісі.  Барлық  әрекеттің  басты  идеясы 
ҧлтжандылық,  еркіндік  –  бабалардан  қалған,  ҧрпақтарға  мҧра  етіп  қалдырылатын    қасиет.  Оған 
қол  сҧғушыларға  тойтарыс  беріп,  жақтаушыларын  дәріптеу  әр  қазақтың  парызы.  Осы  идеяның 
тҥйіні ел тәуелсіздігі бар, оны қорғау ҥшін жанын пида қылған асылдар бар. Осы екі қҧндылықты 
басып  аламын  деушілерге  тойтарыс  бере  алатындар  да  болуы  тиісті.  Енді  осы  идеяны 
жеткізетіндей  амалдарға  тоқталайық.  Барлық  кезеңдегі  мерекелер  сияқты  мҧнда  да  барлық 
әрекеттер жинақты образдар арқылы шешілді. Наурызда Қыс пен Кӛктем болса, бҧл іс-шараның 
негізгі  әрекеті  тәуелсіздікті  қорғаушылар  мен  тәуелсіздікке  шабуыл  жасаушылар  образдары 
арқылы шешілді. Жҥз-жҥзден бӛлініп, спорт сарайы алаңының тӛрт бҧрышында ақ киім мен қара 
киімділер  орналасты.  Олар  орталық  әрекеттер  тӛңірегінде  бірі  шабуыл  жасаушы,  екіншілері 
қорғаушы  ретінде  әр  тҥрлі  қимылдар  арқылы  жеңіс  пен  жеңілісті  суреттеп  тҧрды.  Орталық 
уақиғалар  тарихи  даму  ізімен,  басты кейіпкерлердің    егемендік  ҥшін кҥресін  би  арқылы,  ән  мен 
пластикалық  қимылдар  арқылы  жеткізіп  тҧрды.  Бірінші  шыққан  Алтын  адам  ӛз  сарбаздарымен 
ортаға билеп  шыққан кезінде жан-жағынан ҥстіне торлы қара киім киген бишілер оларға тосқауыл 
жасағандай,  салтанатты  шағын  бҧзуға  ҧмтылғандай  болып  би-арпалыс  арқылы  уақиғаны 
суреттеді.  Алтын  адам  биі  соңында  қара  киімділер  жеңіліп,  Алтын  адам  сарбаздары  алаң 
ортасындағы  биіктікке  барып  скульптуралық  композиция  жасап    тҧрады.  Би-арпалыс  жҥріп 
жатқан кезде Алтын адам кезіндегі қазақ даласында болған тәуелсіздік ҥшін кҥрестің, қантӛгіс пен 
жеңістің  болғаны  туралы  шетте,  биікте  тҧрған  Тарих  образындағы  кейіпкер  баяндап  тҧрады. 
Екінші  болып  сахнаға  шығатын  Томирис  тобы  да  ӛз  әрекетін  пластикалық  қимылдар  арқылы, 
арнайы қойылған би арқылы шешеді. Би соңында ол да биіктікке барып тҧрады. Ортаға екпіндетіп 
Сарбаздарымен Абылайхан шығады. Ә.Кекілбаев жазған Абылайхан монологы оқылып жатқанда, 
айналасында  ақ-қара  киім  кигендер,  Абылайхан  сарбаздары  пластикалық  қозғалыстар  арқылы 
теке-тіреске  келіп,  Абылайханды  биіктікке  тағына  отырғызғандай  етіп,  сарбаздарын  қасына 
қарауылға қояды. Қазақ рухының  жойыла жаздаған, бассызданып қала жаздаған кезі саяси қуғын-

75 
 
сҥргіндеріне  байланысты  болғанын  кӛрсетпесе  тәуелсіздік  ҥшін  кҥрес  тарихы  толық  болмас  еді. 
Сол  себептен  спорт  сарайының  жан-жағынан    НКВД  жендеттері  сҥйреп  алып  шыққан 
С.Сейфуллин,  Б.Майлин,  И.Жансҥгіров,  Т.Рысқҧлов  ӛмір  ҥйлесімділігін  жоғалтқан  тҧлғалар 
екенін  бейнелеу  ҥшін    хаостық  жағдайда    алаң  орталығына  орналастырылып,  монологтары 
тыңдалды.  Әр  кейіпкердің  сӛзінде  еліне  деген,  халқына  деген  еркіндік  пен  ҧлттық  дарын  мен 
даналығын сақтау қажеттігі аманат етілді. Монологтар біткен кезде жендеттер бір мезгілде келіп 
кейіпкерлердің  мойынына  қызыл  шарф  ілу  арқылы  Кеңес  ҥкіметінің  теріс  саясаты  ел 
асылдарының мойнына қан арқанын іліп, халық рухының бассыздануын білдірді. Кӛрініс соңында 
ҧлт мақтаныштары биіктікке кӛтеріліп, олардың аруағын дәріптеуші қыздар «Жоқтау» биін билеп 
аяқ жақтарына орналасады. Келесі кӛрініс Ҧлы Отан соғысы жылдарындағы Кеңес Армиясының 
еркіндік  ҥшін,  неміс  фашизмінің  басқыншылық  шабуылына қарсы шығып жеңіске  жеткендердің 
ерлігі қызыл матадан жасалған бесбҧрышты қара киімдегілер неміс свастикасы формасын жасап 
жаулап  алмақшы  болғандарға  ақ  киімдегілер  тойтарыс  беріп,  қызыл  маталар  бірнеше  қызыл 
жалауға  айналып,  жеңіс  туы  кӛтеріліп,  Алматыдағы  28  панфиловшылар  саябағында  орнатылған 
ескерткіш  композициясын  қайталағандай  болып  орналасады.  Қазақ  жерінен  соғысқа  аттанып, 
елінің  егемендігін  сақтағандардың  барлығын  еске  салғандай  болды.  Соңғы  кӛрініс  1986  жылғы 
желтоқсан  оқиғасына  арналды.    Ләззат,  Ербол,  Қайраттар  монологы  айтылып,  олар  да  аға 
буындағы  ел  қорғандары  қатарындағы  биіктен,  Алтын  адам  қасынан  орын  алады.  Алматыдағы 
Республика  алаңындағы  ескерткіш  қасына  желтоқсан  кейіпкерлерін  орналастыру  ел  ҥшін, 
егемендік  ҥшін кҥрес  қазақ  халқының  басты  мҥддесі, айнымас  мақсаты,  сабақтастығын  ҥзбейтін 
берік  ҧстаным  екенін  кӛрсету  болды.  Соңғы  кӛріністе  тҧғырға  орналасқан  ел  егемендігінің 
тҧтқалары  айналасына  Қазақстанды  мекендейтін  халықтар  ӛкілдері  қолдарына  жоғарыдағы 
шаңырақтан  тҥсірілген  тҥрлі-тҥсті  керегені  бейнелейтін  ленталарды    ҧстаған  бойда  балконда 
орналасқан  400  адамдық  хор  әнҧранымыз  «Менің  Қазақстанымды»    орындап,  олардың  алдында 
сап тҥзеп тҧрған  қыран киіміндегі 13 жасар ҧлдар ән ырғағымен қарсы беттегі сахнаға жақындап 
қолдарын  биікке  кӛтергенде  Қазақстан  Республикасының  Туы  кӛтеріліп,  ленталар  ҧстағандар 
шеңбер  қҧрады.  Қазақ  мәдениетіндегі  символдық  белгілердің  бірі  –  шеңбер  бітпестік  пен 
ҥйлесімділік,  ынтымақтық  нышаны.  Осы  қазақи  дҥниетанымдық  белгі    -  шеңбер  мектеп 
бітірушілердің  «Болашақ»  атты  облыстық  акциясында  да  қолданылды.  Бітірушілер  алаңға  биге 
шыққан  кезде  кӛк  тҥсті  жалауларды  велосипедке  орнатқан  жігіттердің  мектеп  бітірушілерді 
айналып  жҥруі,  алда  тҧрған  қиындықтың  бәрінде  де  оларды    қанаты  астына  алар  Отаны  барын 
сезіндіру  еді.    Болашағына  болысар  Отаны  болмаса,  жеткіншектерге  жігер,  қайрат  беретін 
тілектесі болмаса отаншылдықты талап ету бекер болар еді. Осы іс-шарада мектеп бітірушілерге 
ақ  жол  болсын  деп  шерудің  басынан  Алтын  белгі  тҧғырына  дейін  жолдарына  ақ  мата  тӛсеп 
нышандық  белгі  арқылы  ниет  білдіру,  жақсылықтың  алдын  алу  ишараты  жасалды.  Аталған 
әрекеттердің  барлығы  да  сол    ишараттардың  қазақы  дҥниетанымдық  мәнін  диктор  сӛзі  арқылы 
баяндап,  ҧғындырып  отырды.    Кӛнеден  қалыптасқан  ҥрдіс  бойынша  қазақ  мерекелерінде 
қажетінше  қамқорлық  байқату  тҧрақты  әлеуметтік  кӛрініс.  Сол  себептен  Алтын  белгі  алған 
оқушылар  сол  жылы  мектепке  баратын  балаларға  бірінші  сыныпқа  қажеттілердің  барлығымен 
қамтылған портфельдерді ҧсыну рәсімі әлеуметтік сабақтастықтың ҥлгісі болды. 
Республикадағы  әлеуметтік-мәдени  жағдаяттардың  назар  аударарлық  тағы  бір  белгісі  – 
елімізге  қайтып  оралған  қандастарымызға  бауырмалдық  білдіріп,  ата  қонысында  ӛгейлік 
танытпайтын орта қҧру. Олардың ӛмір салтының, тілдік ерекшелігінің, мәдени ҧстанымдарының 
тҧрғылықты  халықпен  теңдесуі  ҥшін  мемлекет  тҧрғысынан  атқарылып  жатырған  іс-шаралар 
баршылық. Солардың ішінде жастардың ата мекенін жатсынбай, білім алып, еңбек етіп еліміздің 
ӛрлеуіне  ҥлесін  қосу  ҥшін  атқарылған  кӛне  рәсімге  назар  аударайық.  Қарым-қатынастық 
мәдениетті  сӛз  қылғанда  кӛші-қонға  байланысты  аңызға  негізделген  дәстҥрлі  әрекеттер  аталған. 
Еліне  қайта  оралған  адам  сіңісіп,  тҧрақты  мекендеуі,  тамыр  жайып  дәулетті  болуы  ҥшін  қара 
жермен  жалаң  аяқ  жҥріп,  суды  кешіп  ӛтуі  шарт  екен.  Қара  жердің  қазақ  мәдениетіндегі  белгісі 
қара киіз сахна тӛріндегі биіктікке тӛселіп, оған оралмандар арасындағы жас қыздар мен жігіттер 
шақырылып,  қолдарына  ел  аналарын  бейнелеген  кимешекті  кейіпкерлер      анар  мен  тікенекті 
раушан гҥлдерін тарту етті. Жастар бас иіп сыйлықты алды. Ол сыйлықтың да астарлы мағынасы 
диктор сӛзі арқылы беріліп тҧрды. Анар дәндері тҧтас тҧрған жағдайда ғана сӛлін жоймайды, іріп-
шірімейді.  Ел  болу  ҥшін,  анар  дәндеріндей  тҧтастықты  сақтап,  халық  берекесі  мен  ынтымағын 
сақтау әр азаматтың борышы екені айтылды. Ал жаңа жерге сіңісіп, тамыр жаю оңай тірлік емес. 
Оның  тікенекті  кезеңдеріне,  ауыртпалығына  тӛзген  адам  ғана    раушандай  гҥл  ашып  ӛзін  де, 
қоршаған ортасын да сәндендіре алады деген мағынада  тарту етілді. 

76 
 
Егемендіктің басты белгісінің бірі халық ахуалы. Оның  кӛрінісі салынған тҧрғын ҥйлерден, 
сауда-саттықтың  ӛрлеуінен,  ойын-сауықтық  мекемелердің  саны  мен  сәнінің  кӛтерілуінен 
байқалады. Солардың ішінде кӛзге тҥсерлігі отбасылық тойлардың, жеке тҧлғаның мерейтойлары 
мен  еңбектегі  жетістіктерін  атап  ӛту  тойлары.  Солардың  бәрін  асыра  сілтеудің  бәсекелестігіне 
айналдырмай,  дәстҥрлі  мәдениетте  қалыптасқан    терең  мағыналы  рәсімдік  әрекеттерге  жол 
берілсе. Сонда ғана тойдың сәні  дастарханға қойылған тағам саны емес, мерекеленетін уақиғаға 
байланысты  атқарылған әрекеттер болар  еді.  Мерейтой  иесін  мақтау  керек  шығар,  бірақ  сол  той 
иесі  ӛзінің  халқына  істеген  жақсылығымен,  ӛсірген  ҧрпағының  ӛнегелілігімен,  достыққа  деген 
баяндылығымен мақтана алса. Айтылар ән де, кӛрсетілер бейнежазулар да, айтылар сӛзде осылар 
тҧрғысында болса. 
Қазіргі кезде қыз ҧзату мен келін тҥсіру, ҧл ҥйлендіру, қҧда кҥту дегендер кең ӛріс алуда. 
Қуантарлық  та,  ренжітерлік  те  белестері  бар  жағдай.  Асылындай  кҥтіп,  мәпелеп  ӛсірген  қызын 
қолынан  ҥкілеп  шығарып  салу  абыройына  бӛленген  ата-ана  қуанышына  кӛлеңке  салар  алыс-
берістер.  Қалыңсыз  қыз  болса  да  кәдесіз  қыз  болмайды  деген  бар.  Бірақ  алыс-берістің  бәсекеге 
тҥсуі, оның соңы жанжалмен не болмаса ренжіспен бітуі қызықшылықтың қырғынын шығарады. 
Балалар бақытынан гӛрі кӛршісі мен абысынның сӛзі басым болуы кӛрегенділікке жатпайды. Сол 
себептен  қыз  ҧзату  тойының  мақсатын  қалыңдық  аталған  қызын  салтанатпен    қалыңдық  еліне 
аманат етіп тапсырып, қыз тӛркінінің кӛрегенділігін паш ететін тірлік жасау қажет. Кӛне дәстҥр 
соны мақсат еткен. Бҥгінгі кҥні ақ киіздің ҥстіне отырғызып, ауыл аралатып қыз танысуын жасау 
орынсыз болар. Сәукеле мен қалыңдық киімінің кӛне ҥлгісін кигізу де қалауы болса ғана орынды 
болады.  Тойдың  сәні  қол  ҧстатар  жасап,  ел-жҧртының  алдында  қалыңдығына  деген  адалдығын 
танытып, кҥйеу жігіттің серт етуінде. Ата-аналары баларына отау тҧмарына ӛз тілектерін жазып, 
аманат етіп тапсыру қазіргі тойларда орын алып отырғаны соны ҥрдіс. Той кейіпкерлері ретінде 
танылатын ата-аналар арасындағы тағы бір кӛне рәсімнің орын алуы қҧдағи жҥзікке байланысты. 
Екі  арнаны  бір  қосып,  ынтымақты,  ырысты,  берекелі  шаңырақ  қҧру  екі  жақтың  анасына 
байланысты. Бір-біріне қҧдағи жҥзік ҧсыну арқылы екі ана ел алдында балаларының бақыты ҥшін 
жанын  салатыны,  келін  тәрбиелеу  мен  кҥйеу  баланы  кҥту  ҥлгісін  кӛрсете  алатыны  туралы 
серттесуі. Қазіргі қолӛнер бҧйымдарын жасау шеберлері барлық жерде де бар. Қҧдағи жҥзік тек 
сәндік бҧйым емес, ол ана абыройын кӛтеретін белгі. 
Той соңында  тӛрден есікке дейін ақ матадан  жол жасап, қалыңдық пен кҥйеу жігітті ата-ана 
батасын  алып  шығарып  салады.  Оларды  қарсы  алатын  кҥйеу  жігіт  ата-анасы.  Сонымен,  аталған 
рәсімдер    тойдың  ҧлттық  сипатын  келтіріп,  ӛнегелік  жолына  салу  амалдарын  қарастырады. 
Ҥйлену  тойы  мен  қҧдалықта  атқарылатын дәстҥрлі  амалдар келесі  тақырыпта  кеңінен  қозғалып, 
ҥлгісі ҧсынылады. 
Сонымен, елімізде орын алған әлеуметтік-мәдени жағдаяттардың барлығы да ескеріліп
мерекелік, салт-дәстҥрлік әрекеттер кӛне мәдени ҧғымдардың заман талабын ӛтейтіндерін іріктеп, 
қоғамдық іс-шаралардың рухани қҧндылығын асыру ҥшін қолдану орынды. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет