1. Әлемдердің Раббысы Аллаһқа деген опа:
Алғашқы жақындық және соның нәтижесі болған
адалдық, Аллаһқа (жәллә жәләлүһү). Өйткені, Аллаһ
Тағала, ежелде жаратқан рухтарға:
294
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
�َ�َ� اُ���َ� ْ�ُ�ِّ�َ�ِ� ُ� ْ�َ�َأ
«... Мен сендердің Раббыларың емеспін бе? (деді)
(Олар да) Иә, (Сен біздің Раббымызсың!)...» -
(Ағраф
сүресі 172)
деп мақұлдады.
Бұл мақұлдау мәселесі Аллаһ Тағаланың тәңірлігі
мен адамдардың құлдығын мойындауды білдіретін
келісім. Мұны қабылдаған адам айтқанында түрып,
құлдығын өмір бойы ең тамаша түрде жалғастырумен
адалдығын танытқан болады. Өйткені, бұл адалдық
үшін мақұлдау ғана жеткілікті емес. Осы мойындау-
дан туындаған кейбір ақыл мен үжданға байланысты
жауапкершіліктер бар. Бұлар, Аллаһтың әмірлерін
орындап, тыйымдарынан аулақ болу.
Олай болса Хақ Тағалаға адалдық тек Оның
әмірлерін орындаумен ғана іске асады. Бұл адалдық -
Оған байланысты сезімдер мен іс-әркеттердің шыңы.
Өйткені, Жаратушы - өмір беруші және өзіне әр сәт
мұқтаждық сезілген бірден-бір зат - Сол. Өміріміз де,
өліміміз де соның қолында. Бұл тұрғыдан Оған де-
ген махаббат әрбір сәтте Онымен байланыста болу,
құлдықтың ең жоғарғы көкжиегі және адалдық
борышы. Перғауынның иман еткені үшін үлкен
зұлымдықпен қолдары мен аяқтарын қиғаштап ке-
сіп, құрма ағаштарына астырған сиқыршыларының
осы жағдайда:
«Уа, Рабби, бізді бұл пәледен құтқар, рахатқа
қауыштыр!» - деп емес:
ََ��ِ�ِ� ْ�ُ� �َ���َ�َ� َو اً�ْ� َ� �َ�ْ�َ�َ� ْغِ�ْ�َا �َ���َر
«...Аллаһым! Үстімізге сабыр жаудыр және біздің
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
295
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
жанымызды мұсылман күйімізде ал!» -
(Ағраф сүресі 126)
деп жапбарынулары қандай керемет құлшылықтың
адалдығы.
Осындай адалдық пен сенімділік үлгісі болған
пенделер хақында Аллаһ Тағала аят кәримада былай
дейді:
ْ�ِ�ِ� ْ� ِ�ِ� َ��ِ�ِد� ���ا ُ�ا َىِ� ْ�َ�ِ�
«Аллаһ сенімділік көрсеткендерді сенімділіктері
үшін сыйға бөлейді...»
(Ахзаб сүресі 24)
Екінші бір аят кәримада адалдық иесі болған
мүминдерді былайша мақтайды:
� َ�َ� ْ�َ� ْ�ُ�ْ�ِ�َ� ِ�ْ�َ�َ� َ�ا اُو�َ��َ� �َ� اُ��َ� َ� ٌل� َ�ِر َ��ِ�ِ�ْ�ُ�ْ�ا َ�ِ�
ً��ِ�ْ�َ� اُ����َ� �َ� َو ُ�ِ�َ�ْ�َ� ْ�َ� ْ�ُ�ْ�ِ� َو ُ�َ� ْ�َ�
«Мүминдердің арасында Аллаһқа берген сөзде
түратын қаншама ерлер бар. Олардың кейбіреуі сөзін
орындап, сол жолда жанын берген, кейбірі де (шейіт
болуды) күтуде. Олар уәделерін өсте бүзбады».
(Ахзаб
сүресі 23)
Осы ақиқатпен байланысты Хазіреті Мәуләнә,
парасаттылық жолаушыларына осы фәни дүниедегі
сын мен пәлекеттер алдында сабыр мен Хаққа
адалдық жолында астарлы түрде былай дейді:
«Ей, бұлбұл! Қара қыстан қашанға дей-
ін
шағымданып,
айқайлайсың?
Ей,
бұлбұл!
Тоқтамастан ұдайы туралы айту дүрыс па? Егер
көңілің жарыңа расында тәуелді болса, көзіңді ашып,
296
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
шүкіршілік ет, адалдықтуралы айт! Тікенді емес,
гүл туралы айт! Гүлдің сабағы мен тамырлары-
на тән сипаттарын тастап, оның өзіне қара! Осы
фәни әлемге неге соншалықты кеңіл бөлесің? Әлде
бармақшы болған жерің арғы жақы емес пе?»
Міне, Мәуләнә Хазіреті айтқандай, негізгі баратын
мәңгілік мекеңді фәни және еткінші қүмарлықтар
соңынан жүгіріп, үмыту опасыздығының нәтижесі
- үлкен қасірет. Аллаһ Тағала құлдарын осы
ғапылдыққа тап болудан ескертіп былай дейді:
«Аллаһты үмытқан жөне сол себепті Аллаһтың да
оларға өзін үмыттырған адамдар сияқгы болмаңдар.
Олар жолдан шыкдан адамдар».
(Хашр сүресі 19)
«Кім мені еске алудан теріс айналса, шүбәсіз,
оның өмірі қиыншылыкқа толы болады және Біз
оны қиямет күні соқ^ір етіп, тірілтеміз. Ол: «Раб-
бым! Мені не үшін соадыр етіп тірілттің? Негізін-
де мен көруші едім!» - дейді. (Аллаһ) былай дейді:
Иө, солай! Өйткені саған аят кәримәлеріміз келді,
бірақсен оларды үмыттың. Бүгін дөл солай сен де
үмытыласың!»
(Таһа сүресі 124-126)
Міне, бұл фәни дүниеде әлемдердің Раббысы болған
Аллаһқа адалдық танытқан ақыретте де адал болады.
Өйткені, адалдықтың ең жоғарғысы Аллаһ Тағалаға
тән:
«...Аллаһтан басқа уөдесіне ең адал кім бар?..»
(Тәубе сүресі 111)
иләһи пәрмен де осыны баяндай-
ды. Жағдай осылай бола түра, осылардың бәріне
кереғар дүниеде ғапылдыққа салынып, Раббысын
үмытқан адам да ең кішкене бір ізгілік пен кемекке
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
297
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
мүқтаж болатын сол қорқынышты қиямет күні осы
опасыздықтың ақысын өте аянышты түрде өтейді.
Өйткені, адалдық құлдықтан бастап, достықта.
Қысқасы, барлық жағдайларда қажет қасиет, оның
сыйы да тек адалдық. Хазіреті Мәуләнә осы жайтты
қалай жақсы баяндаған:
«Ғашықтық,
махаббат,
достық
сияқты
қасиеттердің бәрі де адалдықпен байланысты
және үнемі адал адамды іздейді. Олар опасыз көңілге
ешқашан жақындамайды.»
«Қалам: «Адалдықтың сыйы - адалдық, жапанның
қарсылығы да жапа»-деп жазып, сиясы таусылған.»
«Бір патша өзіне қиянат жасаған адам өз ұлы
болса да оның басын кеудесінен айырады. Бірақ, бір
үнді құлы патшаға адал болса, қолдар сол құлды
«кеп жаса» деп қошаметтейді... Оның көрген ілти-
патын жүздеген уәзір көре алмайды.»
«Құл деген не? Егер бір есікте адал ит болса да,
иесінің көңілінде сол итке деген жүздеген ризашылық,
жүздеген қуаныш сезімі туындайды. Иесі сол итті
сүйіспеншілікпен сипайды...»
2. Хазіреті Пайғамбарға (саллаллаһу алейһи
уөсөлләм) деген опа:
Аллаһқа деген адалдықтан кейін ең жоғарғы және
ең керекті адалдық - ол, әлемдердің мырзасы Ха-
зіреті Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бағытталған адалдық. Бұл адалдық «үмбетім,
үмбетім» деп, Аллаһ Тағалаға жалбарыныштары мен
мінәжаттарында ең алдымен үіибеті үшін сұраған
Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) деген
адалдық.
298
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Пайғамбарға деген құрмет пен сүйіспеншілікте
тереңнен басталатын бұл адалдық Оның сүннетінің
айналасында көбелекке айналуымен мүмкін болады.
Ол ұлы Пайғамбар бізді Аллаһқа жеткізетін, өмір мен
өлім алдында жол көрсетіп, мәңгілік бақыттылық
жолына жарық берген бірден-бір шырағымыз болған.
Оған адалдық пен Оның осы адалдыққа жауабын ба-
яндайтын мына оқиғалар қаншалықты ғибратты:
Ұхуд соғысы мүминдердің зарарына айналған
сәтте мүшриктер Хазіреті Пайғамбарды (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) өлтіру мақсатымен барынша
өлермендігімен шабуылдайды. Тіпті, сол әлемдер
Мырзасының тістерін шейіт етті. Сол ауыр сәтте Ха-
зіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
қасында болған сахабалардың жанқиярлықтары мен
адалдығы теңдесі жоқ аңызға айналар көріністер
түрінде көрінді. Кейбіреуі денесін оған қорған етсе,
енді бірі келген оққа қолын қалқан етіп, ал енді бірі
дүшпанға оқ атып, оларды шегіндіруге тырысты. Сол
күні Расулуллаһтың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
қасында мүшриктерге мыңдаған оқ атқандығы риу-
аят етілген Са’д бин Әби Уаққас (радиаллаһу анһу) та
сондай жанқиярлық қажыр танытқан еді. Оның осы
жанқиярлығы мен адалдығы үшін әлемдердің мыр-
засы үлкен ризашылықпен былай деп дауыстады:
«Әке-шешем саған пида болсын, ей, Сағд!» Хазіреті
Әли (радиаллаһу анһу) былай дейді:
«Мен Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) Сағд бин Әби Уаққастан басқа біреуге әке-
шешесін пида еткендігін айтып, сөз айтқанын естіме-
дім».
(Бұхари, Жиһад, 80; Муслим, Фәдайлус-сахаба, 41/1876)
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
299
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Басқа бір мысал:
Худайбия күні Хазіреті Осман (радиаллаһу анһу)
Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
атынан елші ретінде Меккеге жіберілген еді. Хазіре-
ті Осман (радиаллаһу анһу) мүшриктерге ниеттерінің
умра жасап, кейін қайту екендігін жеткізді. Бірақ,
мүшриктер сол жылға рұқсат етпеді. Хазіреті
Османға:
«Қаласаң, сен қазір тауап етуіңе болады!» - деді.
Бірақ, өзін Аллаһ пен Расулына арнағандардың
бірі болған Хазіреті Осман (радиаллаһу анһу):
«Хазіреті Пайғамбар Қағбаны тауап етпейінше
мен де ете алмаймын! Мен Бәйтұллаһты тек Оның ар-
тында ғана зиярат етемін. Ол қабылданбаған жерде
мен де жоқпын!» - деп Аллаһ Расулыға (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) деген адалдығын білдірді.
Сол кезде Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм) пайда болған оқиғаларға байланысты
сахабалардың келісімін қабылдап жатты. Хазіреті
Осман (радиаллаһу анһу) сол жерде болмағандықтан
келісімнің соңында Аллаһ Расулы (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) бір қолымен екінші қолын ұстап:
«Аллаһым! Бұл да Османның келісімі!» - деді.
(Бұхари, Асхабун-Нәби, 7; Тирмизи, Мәнәқиб, 18)
Хазіреті Осман (радиаллаһу анһу) ие болған бұл
Пайғамбар ілтипаты ондағы шартымен барлық
үмбетті қамтиды. Біз де көңіліміздегі адалдықпен
Бәй’әтур-Рыдуанда (сахабалар келісім берген жер)
болған барлық сахабалар қауымына жүрекпен
қосылып:
300
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«(Ей, Расулым!) Әлбетте, Саған келісім бергендер
Аллаһқа келісім бергені. Аллаһтың қол ы (құдіреті)
олардың қолдарының үстінде. Кімде кім уәдесін
бұзса, өзіне қарсы болғаны. Кім де Аллаһқа бер-
ген уөдесінде адалдық танытса, Аллаһ оған үлкен
бір сый береді»
(Фатх сүресі 10)
деген аят кәримәдегі
сүйіншілерге қол жеткізуімізге болады.
Аллаһтың Расулын лайықты түрде сүйіп, Оған
адал болудың жолы Құран Кәримде:
ِ ْ�ِ� ِ�ُ�ْ�َأ ْ�ِ� َ��ِ�ِ�ْ�ُ�ْ��ِ� �َ�ْوَأ ��ِ����َا
«Пайғамбар мүминдер үшін өз жандарынан да аб-
зал...»
(Ахзаб сүресі 6)
аят кәримамен баяндалған.
Осы және осы сияқты тәуелділік пен адалдықтың
белгілері шеңберінде пайғамбар ғашықтары қан-
шама. Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм) мүбәрәк шаш-сақалдарынан бастап
табанының ізіне дейін Оның әрбір аманатын
бастарының тәжі еткен. Оның шекпенінен таяғына,
қылышынан оқтары мен мөріне дейін казіргі күнге
жеткен барлық аманаттар, міне, осы сезімдермен
жалғасып, Оған тән барлық нәрсе қасиетті аманат
ретінде қабылданған. Осы орайда, әсіресе, Османлы
көрсеткен ұқыптылық, құрмет пен опашылдық аңызға
айналған. Тіпті, кейбір ойшылдар Османлының
алты жүз жылдан астам абыройлы өмірге ие болуын,
Құран мен Сүннетті ұстанумен қатар, Аллаһ Расулы-
нан (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үмбетке бір үлы
естелік ретінде қалған қасиетті аманатқа деген көз
шағылыстыратын құрметінің көріністерімен байла-
ныстырады.
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
301
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
3. Дін улықгарына деген опа:
Әрбір мүмин дін ұлықтарының алдында да
адалдыққа толы сезімде болуға мәжбүр. Аллаһ пен
Расулының әкелген әмір мен тыйымдарды, көркем
ахлақ пен екі дүниемізге жарық шашқан пәк
шырақтарды бізге жеткізген Ислам ұлылары. Қоғам
солардың жол көрсетуімен, тәлімімен бағыт алып,
рухани әлемдерін безендіріп болашаққа бет алады.
Сол үшін:
«Ғалымдардың өлімі әлемнің өлімі сияқты» - де-
лінген. Екінші жағынан, Аллаһ Тағаланың:
َ��ِ�ِد� ���ا َ�َ� ا�ُ��ُ� َو َ�ا ا�ُ���ا اُ��َ�َا َ��ِ���ا �َ���َأ �َ�
«Ей, иман етушілер, Аллаһтан қорқыңдар да, ту-
рашылдармен бірге болыңдар!»
(Тәубе сүресі 119)
аят
кәримадағы турашылдар сөзіне кейбір тәпсіршілер
адал, яғни сөзінде тұратындар деген мағына берген
және аят кәриманы:
«Иман мен Ислам жолында адалдармен бірге
болыңдар және сендер де адал болыңдар, дүние мен
ақыретге бақытқа жетесіңдер!» - түрінде түсіндір-
ген.
4. Әке-шеше мен туған-туысқанға деген опа:
Әке-шеше хақы ерекше тоқталатын қажет
мәселелердің бірі. Оларға қызмет, жақсы сөз бен ізгі-
лік, әсіресе, қартайған кездерінде ең үлкен адапдық
қарызы. Құран Кәримде Аллаһқа ғибадат етуден соң
әке-шеше сүйіспеншілігі және қызметі ұсынылады.
Аллаһ Тағала былай дейді:
302
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Раббың, тек өзіне ғибадат етулеріңді және әке-
шешелеріңе жақсылық жасауларыңды өмір ете-
ді. Егер екеуінің бірі немесе екеуі де, сенің қасыңда
қартайса, оларға қарсы «фу» деме, оларды ренжіт-
пе. Екеуіне де үнемі жақсы сөз айт. Оларға рахым
мен жарқнн көңілділік к^наттарын жайып: «Раб-
бым! Кішкентай кезімде мені (мейіріммен) өсіргені
сияқты, Сен де оларға мархамат ет!» - де».
(Исра сүресі
23-24)
Расулуллаһтың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
мүбәрәк өмірі қаншалықты адалдық үлгілерге толы:
Хазіреті Әлидің (радиаллаһу анһу) анасы Фатима
бинти Әсәд (радиаллаһу анһә), жастық шағында Ха-
зіреті Пайғамбарға туған анасындай қызмет еткен
еді. Осы салих әйел қайтыс болған кезде Расулуллаһ
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жаназаның қасына
келіп, бас жағына отырып, оның жанқияр қызметі
үшін Хақ алдында куәгерлік етіп, былай дейді:
«Ей, анам! Аллаһ саған рахмет етсін. Сен менің
туған анамнан кейінгі анам едің. Өзің аш қалып,
мені тойдырушы едің; өзің кимей, маган кигізуші
едің; өзің жақсы тамақгарды жемей, маған жегі-
зуші едіңжәне осыларды жасаған да, Аллаһтың
ризашылығы мен ақырет мекенін кдлаушы едің».
Сосын Расулуллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
жаназаның үш рет жуылуын әмір етті. Кезек, кафур
деген жұпар қосылған суға келген кезде Расулуллаһ
(саллаплаһу алейһи уәсәлләм) бұл суды оның үстіне өз
қолымен құйды. Сосын өз жейдесін шешіп, оған ки-
гізді. Жаназа осы жейденің сыртынан кебінделді.
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
303
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Қабір
қазылып,
лақаттауға
келген
кезде
Расулуллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) лақатты
өз қолымен қазып, топырақты езі шығарды. Бұл істі
бітіргеннен кейін лақатқа жамбастап жатып, былай
деді:
«Тірілтушіжәне өлтіруші - Аллаһ. Ол еш өлмейтін
тірі. (Аллаһым!) Анам Фатима бинти Әсәдті кешір,
оғандәлеліңці (тәухид сөзі, иман) талқында және
кірген жерін (қабірін) кеңейт. Пайғамбарыңның
және менен бұрынғы пайғамбарларыңның хақы үшін
(дұғамды қабыл ет). Шүбәсіз, сен мейірімділердің ең
мейірімдісісің...»
Расулуллаһ (саллаллаһу апейһи уәсәлләм) жана-
за үшін төрт тәкбір алды, сосын Аббас пен Әбу Бәкір
(радиаллаһу анһумә) мен бірге езі жаназаны қабірге
қойды».
(Табарани, Мү’жәмул-Кәбир, XXIV, 351-2)
Аллаһ Расулының үлгілі өмірінде осындай
адалдық сезімімен нәрленген, қияметке дейін барлық
адамзатқа берілген теңдессіз бір парасаттылық дәрісі
іспеттес әлі қаншама теңдессіз мысалдар бар.
Сондай-ақ, Хунәйн оқиғасынан кейін Хауазин тай-
пасынан бір топ адам Аллаһ Расулына (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) келіп, мұсылман болғандықтарын
жеткізіп, тұтқындарының босатылуын сұраған еді.
Ішінен біреуі:
«Бізде Сенің сүт аналарың мен тәрбиелеушілерің
бар?» - деген еді.
Сонда Аллаһ Расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
үлкен бір адалдық сезіммен:
«Маған және Абдулмутталиб үлдарына тиесілі
тұтқындарды сендерге қайтарамын» - деді.
304
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Сахабалар да сол қасиеттен нәсіп алу үшін
ризашылықмен: «Біз де тұтқындарымызды Аллаһтың
Пайғамбарына бердік?» - деді.
Осылай сол күні алты мың тұтқын ешбір дүниеуи
құн алынбай, босатылды. Осы теңдессіз қажеттілік
алдында барлық Хауазиндықтар бір ауыздан Ислам-
ды қабылдады.
Әке-шешеден
соң
оларға
туған-туысқан
сүйіспеншілігі мен адалдық келеді. Туысқандық
екі түрлі. Біреуі жалпы мағынадағы иман және
парасаттылық жақындығы. Екіншісі қан бауы бар
туысқандық жақындығы. Ислам сөзімен айтқанда,
туысқандықты «үлүл-әрхам», жақындарды зиярат
етуге «сылай рахим» деп аталады. Туысқандармен
байланысты үзу-жаман, жағымсыз әрі күнә іс. Осыған
байланысты:
«Туысқандармен жақындыкты үзген адам отырған
мәжіліске рахым туспейді» - делінген.
Дініміз
де
туысқандарды
ешбіржақсылық
пен жақындықтан ұзақ ұстамауды және жақын
туысқандықтан алыс туысқандыққа қарай дәрежелі
түрде хақты ұстануды әмір етіп, мұны өмірлік міндет
ретінде мойнымызға жүктеген.
Отбасы қүрылымы мен туысқандық көріністері
Аллаһтың (жәллә жәләлүһү) ғажап көріністерінің
бірі. Бөтен адамдарды неке саясында бір-біріне
жақындатқан, оларды туысқандық түрінде махаббат
бұтақтары сияқты құнға ие еткен байланыстар мен
туысқандық көріністері Раббымыздың сый-сияпаты
мен ізгілігі. Туысқандық байланыстарын үзу - өте
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
305
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
жаман опасыздық. Сырттай үзақтық Хазіреті Адам
мен Хазіреті Хауаның адами қосындысында бірігеді.
Тақуалық сезімі мен адалдық сезімі мен қасиеттерінің
ата-әулет түсініктерінен жоғары екендігі хақ.
Дүние бақыты Ислами отбасы мен туысқандық
байланысымен күшейеді. Дүниедегі шынайылық
және сол шынайылықтың жалғасы болған адалдық
сезімі - ақыреттің де бақыты.
Адалдық көрсетуі керек адамдар тек осы ай-
тандарымыз ғана емес. Әсіресе, достар мен дін
бауырластарға адалдықты көңілге орнықтыру керек.
Екінші жағынан, ата-бабаға адалдық, Отанға адалдық
және қоғамдағы барлық аманаттарға адалдық, мықты
мінез бен тұлғалықтың белгісі.
Пенде бойындағы тақуалық сезімі мен адалдық
түсінігінің, иләһи шектердің тапталуына және ма-
хаббат қорғанының құлауына разы болмайтындығын
білу керек. Әйтпесе нәпсі қаншама арандату мен
ғапылдық жолдарын аралап, көңілді құзға итерме-
лейді. Сондай-ақ иләһи қаһарға ұшыраған қаншама
қауымдардың жойылу себебі үнемі Хақ Тағалаға бер-
ген уәделерінде түрмағандықтан болған. Олар уәдеде
адал болу адамдық борышы мен шарты бола түра,
бүған жанаспады. Осылайша ілім, түсінік, мағрифат
пен ақыл-ойдан мақрұм қалып, жойылып кетті.
Олардың халі - көргендерге және соңынан келгендер-
ге бір ғибрат сабағы, тақуалар үшін бір үгіт дәнекері
болды. Аят кәримәде былай делінеді:
«Олардың көбісінен сөзінде туру деген бір нөрсе,
яғни уөдеге деген адалдықгы көрмедік...».
(Ағраф сүресі
102)
306
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Аллаһтың өзіне берген нығметтерді ұмытып,
жәй бір нәпсінің қүмарлығының тұтқыны болып,
опасыздық жасағандардың халін Фәридуддин Аттар
Хазіретінің мына қиссасы қандай тамаша көрсетеді:
Патшаның жеке көзіне түскен бір тазы ит бар еді.
Аң аулағанда шебер еді. Патша оған қатты көңіл бөліп,
әрбір аңға шыққанында оны қалайда қасына ертетін.
Мойнын әшекей тастармен безендіріп, аяқтарына
алтын-күмістен жасалған білезіктер таққызған еді.
Арқасы да сырмалы атлас жапқышпен жабылған
еді.
Бір күні патша тағы соны қасына ертіп, сарайдағы
шонжарлармен бірге аңға шықты. Қарғыбаудың жі-
бек жібі қолында, ат үстінде шірене ілгерілеген сүлтан
өте кеңілді еді. Бірақ, күтпеген жерден көңілін басқан
бір нәрсе кезіне түсті. Өте жақсы көрген иті патша-
сын ұмытып басқа бір нәрсемен айналысып кеткен
еді. Патша алдымен көңілі қалып, қолындағы жібек
жіпті тартқанымен, ит тіреніп, алдындағы сүйектерді
кеміруді жалғастырды. Осы жағдайды көріп тұрып,
патша таңданып, аіііуға мініп, былай деді:
«Менің алдымда мені ұмытып, басқа нәрсемен
шұғылдану! Бұл қалай ?!» - деді.
Қатты ренжіді. Итінің бұл опасыздығы мен сезім-
сіздігі оған ауыр тиген еді. Ит те болса жануар ғой деп
кешіру ойына келмеді. Соншама ізет, жақсылық пен
сыйына итінің бір сәтте қайдағы сүйекке алданып,
оны үмытып, көңілге жара салатындай, адалдыққа
зиянын тигізетіндей ісі ешқашанда кешірілетін жәйт
емес еді. Ашуға мініп:
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
307
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Мына әдепсізге жол беріңдер!»-деді. Ит бұл
ашудың мағынасын түсінді, бірақ, бәрі біткен,
істейтін ештеңе қалмаған еді. Тіпті, қасындағылар
патшаға:
«Сұлтаным, үстіндегі әшекей, алтын, күміс - бәрін
алып қалып, солай жіберейік!» - дегенде, патша:
«Жоқ! Жіберіңдер, солай кетсін!» - деді. Артынан
тағы:
«Жіберіңдер, солай кетсін! Солай кетіп, иен да-
лада, күйіп тұрған бос шөлде ғаріп болып, аш,
сусыз қалсын, соларға қарап, жоғалтқан сый-
сияпаттардың қиыншылығын (ауыртпалығын) үнемі
сезіп жүрсін!»
Аллаһ Тағаланың шексіз нығметтерінің қадірін
білмей қүнсыз, фәни және жағымсыз пайдалардың
соңына түсіп жойылып кеткен опасыз адамдардың
хапін керсететін бұл қисса қандай ғибратты! Осы хал-
ге түскен адам ақырында бұл фәни сарпыншақтардың
бос екендігін көреді. Бірақ бәрі біткен болады. Хазі-
реті Мәуләнә былай дейді:
«Опасыздық иттер үшін де бір дақ және айып
болса, сен қалайша адам бола тұра, опасыздық
жасайсың?»
Сол себепті үлкендер Хақ жолаушыларына былай
деп үндейді:
«Ғапылдардың да, салихтардың да жағдайынан
лайықты түрде ғибрат алып, Аллаһқа адал құл болуға
тырыс!»
Достарыңызбен бөлісу: |