Көңіл бақшасынан Осман Нұри топбаш


«Сендер  неге  хақ  иесі  жағына  шықпайсыңдар?»



Pdf көрінісі
бет17/24
Дата10.01.2017
өлшемі3,85 Mb.
#1602
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24

«Сендер  неге  хақ  иесі  жағына  шықпайсыңдар?» 
-  деп  ескертуі  расында,  көзге  жас  алдыратын  және 
көңілге  қаншама  парасаттылық  дәнін  салатын 
адам  құқықтарының  сабағы.  Бәлкім,  өзінен  кей-
інгілерге  төнетін  ең  үлкен  қауып-қатердің  біреуі 
болатындықтан Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу 
апейһи уәсәлләм) үмбетіне енеге көрсетуі хикметіне 
байланысты  бұл  мәселеде  керсеткен  мысалдар  өте 
көп:
Яһуди 
ғалымы 
Зәйд 
ибн 
Саане 
Хазіреті 
Пайғамбардың  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  ерек-
шеліктерімен 
байланысты 
Тәуратта 
жазылған 
мәліметтердің  Расулуллаһта  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм) бар-жоғын қарастырып жүрді. Бір күні Хазі-
реті Пайғамбарды (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Ха-
зіреті Әлиді (радиаллаһу анһу) ертіп, үйінен шығып 
бара  жатқанын  көріп,  артынан  жүрді.  Сол  кезде 
бәдәуи киімі бар бір адам Расулуллаһқа жақындап:
«Уа,  Расулаллаһ!  Мен  пәлен  тайпаның  халқына, 
егер  мұсылмандықты  қабылдаса,  оларға  Аллаһ 
Тағаланың  мол  рыздық  беретіндігін  айтқан  едім. 
Олар  мұсылман  болды.  Бірақ,  өкінішке  орай,  тай-
паларында  құрғақшылық  пайда  болды.  Адамдар 
өте  ауыр  жағдайда  қалды.  Дүниеліктен  үміттеніп, 
мұсылман  болған  бұл  адамдар  үміттенгендерін  көре 
алмаған  соң,  қайтадан  бұрынғы  діндеріне  қайтады 
деп қорқамын. Егер оларға жәрдем ету үшін бірдеме 
жібергің келсе, мен алып барайын» - деді.
Осы  сөздерді  естіген  Зәйд  ибн  Саане  Хазіреті 
Пайғамбарды  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  сынау 
үшін лайықты мүмкіндікті пайдалануды ойлап, сөзге 
араласты:

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
261
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Уа,  Мұхаммед!  Егер  ол  адамдарға  кемектесуді 
ойласаң, келісім жасап, саған қарыз бере аламын,»-
деді.
Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
да  одан  сексен  динар  қарыз  алып,  көмекті  алып  ба-
руы үшін сол сахабаға беріп:
«Оларға тезірек бар, көмекке жет!» деді.
Тағы бір күні Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) қасына Хазіреті Әбу Бәкір, Хазіреті Омар 
мен  басқа  да  сахабаларды  ертіп,  Бақи  қабірстанына 
бір  жаназаны  алып  бара  жатты.  Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  жаназа  нама-
зын  оқытқан  соң,  Зәйд  оған  жақындап,  мүбәрәк 
иығындағы  шапанын  бар  шамасымен  тартты.  Оның 
неге былай істегендігін түсіне қоймаған Аллаһ Расу-
лы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) біресе жерге түскен 
шапанға,  біресе  Зәйдтің  суық  түріне  таңдана  қарап 
тұрғанда, Зәйд бажылдап, сөйлей бастады:
«Ей,  Мұхаммед!  Қарызыңды  қайтармайсың  ба? 
Сендер, Абдулмұтталибтің ұлдары, онсызда қарызды 
үнемі кешіктіресіңцер!» - деді.
Алайда,  Расулуллаһтың  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм)  Зәйдтен  алған  қарыздың  уақыты  келмеген 
еді.
Оқиғаны баяндаған Зәйд былай дейді:
Осы  кезде  бұрылып,  Омарға  қарадым.  Кеудесінің 
көрік сияқты кіріп-шыққанын көргенде, жүрегім ау-
зыма келді. Омар бетіме суық қарап:
«Ей, 
Аллаһтың 
дұшпаны! 
Сен 
бұл 
сөзді 
Расулуллаһқа  айтып  тұрсың,  солай  ма?  Оған  әрі 

262
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
құрметсіз  қимыл  танытып,  әрі  әдепсіз  сөйлейсің, 
ә!  Оны  пайғамбар  етіп  жібергенге  ант  етемін,  егер 
Расулүллаһ саған берешек болмағанда, басыңды алар 
еді!» - деп айқайлады.
Өзінің  қасында  бір  яхудидің  Аллаһ  Расулына 
қатты  сөйлегеніне  шыдай  алмаған  Хазіреті  Омар 
(радиаллаһу  анһу)  ашуға  булықса,  Пайғамбарымыз 
оған күлімсіреп қарап:
«Тыныштал,  Омар!  Осы  сәтте  әрі  мен,  әрі  мына 
адам  сенен  басқа  бір  қимыл  күтудеміз.  Сен  маған 
қарызды  тамаша  түрде  өтеуімді,  оған  да  алашағын 
лайықты бір тілмен сурауына ақыл-кеңес беруің ке-
рек  еді.  Кдрыздың  уақытының  толуына  әрі  үш  күн 
бар, бірақ, қане, сен түр, оған қарызымызды қайтар. 
Оны қррқытқаның үшін оған біраз артығырақ бер/»-
деді.
Зәйд,  алашағын  артығымен  апған  соң  Хазіреті 
Омарға мынаны мойындағандығын айтты:
«-Ей  Омар!  Қара!  Расулуллаһтың  жүзіне  әр  қара-
ған  сайын,  пайғамбарлық  белгілерінің  барлығын 
одан көрдім. Бірақ, Онда болуы қажетті екі қасиетке 
ие ма, жоқ па, бүгінге дейін түсіне алмаған едім.
Оған  қарсы  дөрекі  қатынасқандарды  кешіре 
ме  екен?  Өзіне  жасалған  дөрекілік  артқан  сайын 
жүмсақтығы  арта  ма  екен?  Міне,  бүгін  оны  сына-
дым, әрі оның күтілген пайғамбар екендігін түсіндім. 
Аллаһты Раб, Исламды дін, Мұхаммедті (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) пайғамбар етіп қабылдағандығыма 
мал-мүлкімнің жартысын Мұхаммед үмметіме садақа 
етіп бергендігіме куә бол!»

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
263
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Зәйдтің мұсылман болғандығына қуанған Хазіреті 
Омар (радиаллаһу анһу) оған былай деді:
«Мал-мүлкіңді  барлық  мұсылмандарға  жеткізе 
алмассың. Кейбіреулеріне бердім де» - деді.
Зәйд:
«Рас  айтасың,  мал-мүлкімнің  жартысын  кейбір 
мұсылмандарға бердім» - деп сөзін дұрыстады. 
(Хаким, 
Мүстәдрәк, III, 700/6547)
Бұл  хадистер  қарыз  алған  адамның  Аллаһ  үшін 
көрсеткен көңіл сезімі мен алашақ адамның хақысын 
жіті көздеудің нәтижесінде көрініс тапқан иләһи бе-
рекет пен жақсылықтардың пайғамбарлық мысалы. 
Аллаһ  Расулының  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
кейбір кездерде қарыз алуының бір хикметі - алашақ 
адамға деген бір ізгі әрекет көрсетіп, үмбетіне бұл ту-
расында үлгі болу.
Осы  мысалдардың  барлығынан  да  түсінікті 
болғанындай,  қарыз  алып-беру  мәселесі  өте  нәзік 
бір  мәселе.  Сол  үшін  орталарында  осындай  қатынас 
болған  адамдардың  істеген  осы  ғибадаттарындағы 
фәйіз  бен  берекеттен  мақрұм  болмауы  үшін  кейбір 
қағидаларға абай болуы шарт.
Өкінішке  орай,  қазіргі  кезде  қарыз  беру  сияқты 
абзал  ғибадаттың  барған  сайын  азаюы,  бейне  бір 
қарыз  берген  адам  үшін  бір  зиян  немесе  зарар 
сияқты  көрінуі  және  көптеген  адамдардың  осы 
қайырлы ғибадатқа жанаспауы - жоғарыда айтылған 
қағидаларды  ұстанбаудан  туындауда.  Яғни  сауда-
саттықта қауіпсіздіктің жойылуы, етірік пен уәдеде 
тұрмаудың  жайылуы,  және  уәде  етілген  уақытта 

264
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
қайтарылмаудың  әдетке  айналуы  сияқты  сенімсіз-
діктер,  осы  тамаша  ғибадатты  ұмытылатындай  хал-
ге  жеткізгендей.  Бірақ,  мәселенің  қағидаларына 
қарағанда, осы кедергілерден асуымыз керек. Яғни, 
мүкіндігі  бар  адамдар  кейбір  сылтаулармен  қарыз 
беру  ғибадатын  тастамауы  керек,  осыған  орай 
қарыз  алған  адамдар  да  әртүрлі  қиыншылықтар 
мен  ауыртпалықтарды  алғатартып,  қарызын  етеуге 
нүқсан келтірмей, нәтижесінде осы бір абзал қоғамдық 
ғибадатқа зиян келтірмеуі керек. Әйтпесе бай Аллаһ 
Тағаланың  аманат  ретінде  берген  нығметтерінің 
шүкірін орындамаған болып есептелсе, мұқтаж адам 
да  қағидаларға  кеңіл  белмегендіктен  қарыз  таба  ал-
майтын халге жетіп, тіпті, қатты мұқтаж болса өзін 
өсімге мәжбүр сезінетіндей шарасыздыққа тап болу-
дан қүтыла алмайды.
Алайда, қарыз берудің қандай үлкен қасиет екен-
дігі  көптеген  аят  кәримәлермен,  хадистермен  бекі-
тілген.  Қате  істер  мен  шарттарын  орындамау  себе-
бінен  осы  үлкен  парасаттылықтың  орындалуына 
кедергі  болушылар  үлкен  обал  жүктеген  болады. 
Өйткені, қағидалары мен шарттарын орындап беріл-
ген қарыздар мүмин үшін ақырет жемісі.
Әнәс  бин  Мәлик  (радиаллаһу  анһу)  былай  дей-
ді:  Расулулаһ  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  былай 
деді:
«Миғраж түнінде жәннаттың есігінің маңдайша-
сында мына сөздердің жазылғандығын көрдім:
«Садақаға он есе сый беріледі. Қарыз ақшаға он се-
гіз есе...» Мен:

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
265
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Ей,  Жәбірәйіл!  Қарызға  берілген  нәрсе  не  үшін 
садақадан да жоғары?» - деп сұрадым.
Жәбірәйіл (алейһиссәләм):
«-Өйткені,  сүраушы  (көбінесе)  қасында  ақша 
бола  түра  садақа  сұрайды.  Кдрыз  сұраушы  болса, 
қажеттілігінен  сүрайды»  -  деп  жауап  берді». 
(Ибн 
Маже, Садақат, 19) 2431)
Шүбәсіз, садақа беру дінімізде құпталған ғибадат. 
Бірақ,  мұқтаж  адамның  намысына  тиіп,  ренжитін 
жағдайларда садақаның орнына қарыз беру жөн деп 
саналады. Сондай-ақ бір хадис шәрифте де:
«Бір нәрсені қарызға беру, оны садақа түрінде бер-
геннен қайырлы». 
(әл-Азизи, әс-Сиражул-Мүнир, III, 57)
 делін-
ген.
Бұл  жайлы  иләһи  және  пайғамбар  кеңестері  бой-
ынша,  кейбір  салих  мүминдер  берген  қарыздарын 
қайтарып алғанда, сол ақшаға еш тиіспейді, мұқтаж 
адамдар олардан қайта қарыз сұрағанда, оны қуана-
қуана  қайта  қарызға  беретін.  Яғни  бір  жағынан 
қарағасақ,  өздеріне  тән  бір  ізгі  қарыз  сандығын 
қүратын.
Сондай-ақ  Қайс  бин  Руми  (рахматуллаһи  алейһи) 
былай  дейді:  «-Сүлеймен  бин  Үзунан,  сахаба  Ибн 
Мәс’удгың  (радиаплаһу  анһу)  шәкірті  Алқама  бин 
Қайсқа қайтаратын ақша келгенше мың дирһам қарыз 
берген еді. Алқамаға ақша келген соң, қарызын одан 
сүрады,  тіпті,  біраз  қатты  мінез  танытты.  Алқама 
қарызын дереу қайтарса да, осы дөрекі қимылы үшін 
Сүлейменге ренжіген еді. Бірнеше айдан соң Алқама 
одан қайта мың дирһам қарыз сұрауға мәжбүр болды. 

266
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Сүлеймен:
«Жақсы,  ризашылықпен!»  -  деп,  отбасына  бет 
бұрып:
«Ей,  Үмму  Утба!  Ана  қасыңдағы  мөрлі  қалта 
әкелші!» - деп дауыстады. Әйел қалтаны алып келді. 
Сүлеймен Алқамаға:
«Уаллаһи,  міне,  сен  қайтарған  дирһамдар!  Мен 
оның бір дирһамын да орнынан қозғағам жоқ!»-деді. 
Сонда Алқама:
«Аллаһ әкеңе разы болсын! Олай болса, алашағыңды 
алу үшін маған көрсеткен дөрекі қимылыңның себебі 
не еді?»-деді. Сүлеймен: «-Сенен естіген хадистер!» - 
деп жауап берді. Алқама таңданып:
«Менен не естіген едің?» - деп сұрағанда, Сүлеймен 
былай деді:
«Сен 
Ибн 
Мәсғудтан 
(радиаллаһу 
анһу) 
Расулуллаһтың былай дегендігін жеткізген едің:
«Бір мұсылманға бір нәрсені екі рет қарыз ретінде 
берген қандай бір мұсылманға, оның бұл қимылы (ізгі 
қарыз сауабына қосымша), ол нәрсені бір рет садақа 
еткендей сауап жазылады!»
Сонда Алқама:
«Иә,  Ибн  Мәсғуд  (радиаллаһу  анһу)  маған  осы-
лай хабар берген еді!» - деп оны мақұлдады. 
(Ибн Маже, 
Садақат, 19) 2430)
Міне,  бұл  тамаша  ахлақты  Ислам  ұлыларының 
халін  бойына  сіңірген  құрметті  әкем  Мұса  мыр-
за  (құддисә  сирруһ)  сыпайы  түрде  іске  асыратын. 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
267
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Оның  да  жеке  бір  ізгі  қарыз  қоры  бар  болатын. 
Одан  қажет  болғандарға  беретін.  Қайтара  алмай-
тын  жағдайдағылардың  қарызын  садақаға  санап, 
қайтарылған  дүниені  де  басқаға  жұмсамай,  сол 
мақсатқа  қолданатын  және  Аллаһ  үшін  берген  осы 
ізгі  қарызды  осылайша  айналдыратын.  Осындай  са-
лих амалдар Ислам ахлақына тән ізгі істердің ерекше 
көріністерінің бірі.
Қарыз  беруші  үшін  осындай  құнды  бір  қасиет 
болғанындай,  алушы  үшін  де  қүпталған  бір  жәйт. 
Керісінше  жағдайда,  яғни  қарыз  алмаған  жағдайда 
мұқтаж  адам  өте  қатты  бір  қиыншылыққа  тап  бол-
са  онда  оның  теріс  жолдарға  немесе  күнәға  түсу 
ықтималы  артады.  Сондай-ақ  өте  қиналғандықтан 
қазіргі кезде қоғамымызда қаламаса да пайыз сияқты 
қателіктерге  тап  болған  мұқтаждар  аз  емес.  Міне, 
осындай  адамдардың  теріс  жолға  және  күнәға  бет 
бүрмай, қарыз табу жолын таңдауларына тарту есебі-
не Расулуллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай 
дейді:
«Қарыз Аллаһ разы болмайтын бір нәрсеге байла-
нысты болмаса, Аллаһ Тағала қарызын өтегенге дей-
ін қарыз алушымен бірге». 
(Ибн Мәже, Садақат, 10)
Қорыта  айтсақ,  Ислами  ізгіліктердегідей  қазіргі 
кезде  барлық  ерекшеліктеріне  абай  бола  отырып, 
қарыз  беру  ғибадатын  да  жалғастыруға  міндеттіміз. 
Осы  Ислами  ізгіліктің  қарқынды  түрде  жалғасуы 
үшін  де,  оның  шарттары  мен  қағидаларын  терең 
түсініп,  қолдану  шарт.  Ертең  мәңгілік  мекенге 
көшкенімізде осы ізгі қасиетті қолдану үшін байдың 
қолында  не  бір  мүмкіндік,  не  мұқтаждың  қолында 

268
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
бір  қажеттілік  қалмайтындығын  үмытпағанымыз 
жөн.
Қысқасы,  осы  келген  фәни  әлеміміз  -  мүмкіндік 
әлемі  және  ізгі  амалдар  істеу  орны.  Әсіресе,  оның 
ішінде Рамазан айы және айт күндері - Раббымыздың 
ерекше сый сәттері жоғалтқандарымызды толтырып, 
қателіктеріміздің айыбын өтеу мүмкіндіктері.
Фәни күндерді Рамазан және айт еткен хикмет пен 
сыр, иман мен оның қуанышын сезіне білу. Әсіресе, 
ғибадат,  зікір  және  қоғамдық  жәрдемдесулер, 
ғаріпке, жетім-жесірге жеткен көңілдермен безенген 
сәттер  -  бұлардың  бәрі,  өлімнен  кейінгі  қуанышты 
күндердегі рахмет шырақтары.
Әсіресе, күнәлардан кешіріліп, Рамазаннан айтқа 
жету  -  рухани  жеңістің  мерекесі.  Иләһи  табыс  пен 
қоғамдық қуаныштың қатар аталып өтілуі.
Екінші  жағынан,  дүние  өмірінің  бейне  бір  қысқа 
ғана  Рамазан  маусымы  болғандығын  түсініп, 
Рамазанның  пәк  сезімін  барлық  өмірімізге  жеткі-
зу.  Өйткені  бұл  күндер  біздің  фәни  өміріміздегі  ең 
маңызды  мүмкіндік  сәттері.  Егер  осы  мүмкіндік 
сәттері,  Рамазанның  берекеті  және  руханиятымен 
өткізілген болса, шүбәсіз, ертең қиямет күні біз үшін 
шынайы  және  мәңгілік  бір  мереке  таңы  болады, 
айттардың ең тамашасы да,  әрине, осы.
Бәһлүл Дана Хазіреті қандай жақсы айтқан:
«Айт  (мереке),  жақсы  және  жаңа  киім  кигендер 
үшін  емес,  иләһи  азаптан  сенімді  болып,  мәңгілік 
қасіреттен  құтылғандар  үшін.  Және  айт  жақсы 
көліктерге мінгендер үшін емес, қателіктері мен кем-

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
269
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
шіліктерін тәркетіп, ықыласты құлға айналғандар 
үшін...»
Уа, Рабби! Бізді осындай бір көңіл көкжиегімен, із-
гілігімен осы дүниедегі жөне мәңгілік өлемдегі мере-
келерге (айт) жеткіз! Осы орайда мына фәни өлемде 
бізге  берген  иләһи  мүмкіндіктер  мен  мүрсаттарды 
сенің ризашылығың жолында пайдалана білуді нөсіп 
ет!  Бізді  мүмин  бауырларының  қиыншылығы  мен 
қайғысын  сейілтіп,  ақырет  қиыншылықтарынан 
қүтылған бақыттылардың қатарына қос!
Әмин!

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Ей, ақиқат жолаушысы, сол күн 
келмей тұрып, қиямет болмай тұрып
ақиқат патшасы болған Раббыңмен 
достық құр, сол пәлекет күнінде сенің 
қолыңнан ұстасын. Өйткені, ол күні 
Оның рұқсатынсыз сенің қолыңнан 
ұстайтын ешкім жоқ. Сол күні адам, 
бауырынан, анасынан, әкесінен, отбасы 
мен ұлдарынан қашады. Олай болса, Хақ 
Тағаламен дос болуды жақсы түсін де біл, 
өйткені достық – ақтық демнің дәні».
Хазіреті Мәуләна
Äîñòû¢

272
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Äîñòû¢
Риуаят  бойынша  бір  күні  Хазіреті  Пайғамбар 
(саллаллаһу 
аләйһи 
уә 
сәлләм) 
науқастанып 
қалады.  Мұны  естіген  пайғамбар  ғашығы  Әбу  Бәкір 
(радиаллаһу анһу) дереу мүбәрәк көңілін сүрау үшін 
Хазіреті  Пайғамбарды  (саллаллаһу  алейһи  уәсәләм) 
зиярат етуге барады. Бірақ, ол әлемдердің мырзасын 
мазасыз күйін көріп, қатты уайымдап, шыдамай үйге 
қайтып келіп, жатып қалды.
Бірнеше  күннен  соң  денсаулығы  жақсарған 
Пайғамбарымыз  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  Әбу 
Бәкірдің  (радиаллаһу  анһу)  науқастанғандығын 
естіп, көңілін сұрауға барды. Хазіреті Әбу Бәкірге:
«Расулүллаһ сенің көңіліңді сұрауға келе жатыр!» 
- десті.
Ол пайғамбар ғашығы дереу төсегінен атып тұрып, 
үлкен  сергектік  көрсетіп,  шексіз  қуанышпен  есікке 
қарай жүгірді. Науқасынан айыққан еді. Әлемдердің 
мырзасын  есікалдынан  қарсы  алып,  ішке  кіргізді. 
Оны осынша сергек және ширақтығын, көңілді күйін 
көрген  Расулуллаһ  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
таңданып:

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
273
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Ей, Әбу Бәкір! Сені науқас деп еді» - деді.
Хазіреті  Пайғамбарға  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм)  ғашықтық  пен  сүйіспеншілікте  бәрінен 
артық нәсіпке ие болған Әбу Бәкір (радиаллаһу анһу) 
Расулуллаһтың  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  зия-
ратына масаттанып, былай деп жауап қайтарды:
«Уа,  Расулаллаһ!  Досым  науқастанды,  оны  уай-
ымдап,  мен  де  науқастандым!  Ол  сауықты,  мен  де 
сауықтым!»
Әбу  Бәкірдің  (радиаллаһу  анһу)  осы  және  осы 
сияқты  достық  пен  сүйіспеншілік  көріністері,  оны 
Құран Кәримде айтылған «екеудің екіншісі» болу абы-
ройына бөлеген. Сол үшін барлық мәселе Аллаһ Тағала 
разы  болып,  бізді  бағыттаган  көңіл  байланыстарын 
ең шынайы достық байланыстарымен күшейту және 
де  осылайша  иләһи  сүйіспеншіліктің  қуанышынан 
нәсіп ала білу. Өйткені, осындай достықтар ғана, шы-
найы түрде махаббат пен сүйіспеншіліктен несібе ала 
алады.
Имам Әли әр-Риза қандай тамаша айтқан:
«Аллаһ Тағаланың достарына ұсынған бір рухани 
шәрбәт  бар,  олар  осы  шәрбәтті  ішкен  кезде  естері-
нен  танады,  естерінен  танған  соң  шабыттанады, 
шабыттанған  кезде  тап-таза  болады,  тап-таза 
болған  соң  еріп  кетеді,  ерісе  ықыласқа  бөленеді, 
ықыласқа  бөленген  соң  иләһи  қауышуға  жетеді, 
жеткен  соң  достарына  қауышады,  қауышқан  соң 
сүйгендері мен араларында жырақтық қалмайды».
Бұл достықтағы фәна жағдайы. Осы халді басынан 
өткізген Хазіреті Әбу Бәкірге науқастығы, досының 
жағдайын  беліскені  үшін  саулықтан  да  артық 

274
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
рахаттыққа дәнекер болған еді. Өйткені, достарымен 
бірге болғанда ең ащы жемістер де тәтті болады. Хазі-
реті Мәуләнәның сезімен айтсақ:
«Достарымен  бірге  отырған  адам  пештегі 
алаудың ішінде болса да гүл бағыңца отырғандай се-
зінеді».
«Ей,  достар!  Егер  түрден,  бейнеден  өтіп,  рух 
әлеміне кірсеңдер, ол жердің жәннәт пен гүл бағының 
ішінде  одан  да  тамаша  бір  гүлстан  болғандығын 
көресіз».
Достық, жағымды немесе жағымсыз қасиеттердегі 
ортақтықтардан  туындайды.  Шынайы  достық  бол-
са  тек  шынайы  рухтарда  өмір  сүреді.  Бұл  сипатқа 
адам түлғасының ең жоғарғы сатысында жолығады. 
Достық әр жағдайда екі адамның бірдей сезімге ие бо-
луынан туады. Нағыз достық - екі көңіл арасындағы 
байланыс  желісі.  Осы  желімен  яғни  махаббат 
ағымының нәтижесінде сүйілген адамның әрбір халі 
сүйген адамға жетеді. Көңілдегі сүйіспеншілік дари-
ялары буырқанып, ынтықтықтың күні алаулана ба-
стайды.
Сондай-ақ  Хазіреті  Мәуләнә  (құддисә  сирруһ) 
Сәлжүклі  медресесінде  аға  ұстаз  болып  жүрген 
кезінде,  көңілі  сүйіспеншілікке  толы  Шәмс  де-
ген  бір  дәруиштің  назарымен  тұтанып,  жануының 
нәтижесінде парақтардағы кітаптар мәнін жоғалтып, 
әлем  бір  кітап  халіне  келген.  Артынан  адам,  әлем 
және  Құрандағы  сырларды  түсіндіретін  бір  үндеу 
болған  Мәснәуи  жарыққа  шыққан.  Міне,  осы  халге 
беленіп, Хақ досы болу тек мүминнің ғана бойындағы 
ғашықтық қабілетін иләһи ризаға бағыттағандығына 
қарай болады.

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
275
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Әйтпесе  құл  сырттай  гүлстанда  болса  да,  досы-
нан  жырақтығы  себебінен  іштей  алау  ішінде  деген 
сөз.  Сондықтан  ортақ  сезімге  ие  болмағандардың 
туысқандық пен бауырластық сияқты сырттай және 
кездейсоқ  жақындықтарының  достықпен  байланы-
сы жоқ. Өйткені, Әбу Ләһәб, Хазіреті Пайғамбардың 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  немере  ағасы  бола 
тұра, Одан ең жат адамның бірі еді.
Рух  әлемінің  шексіз  сырлары  мен  тылсымдары 
бар.  Бұлар  тән  мен  қоғамның  қалыбына  кірмейді. 
Достық  -  рухтың  түбінен  келген  сүйінші,  бір  аян. 
Хира  үңгірінде  алғашқы  уахиды  қарсы  алған  Хазі-
реті  Пайгамбардағы  иләһи  ғашықтық  пен  достық, 
кейінгі  уақытта  оны  сүйіктісінің  миғражына  үлы 
құзырға шығарған.
Адам баласын жалғыздықтан құтқаратын достық, 
иләһи бір сый. Адам мен (алейһиссәләм) Хауа анамызға 
дүниеге түсірілгеннен кейін қырық жыл бөлек жер-
лерде  өмір  сүргізіп,  достық  қасіретін  тарттырған. 
Достық бейне бір рухты екіге бөліп, езінің жартысын 
алдында көру халі. Хадис шәрифте:
«Адамдостарыныңдініменжүреді.  Сол  себепті 
әрбір  адам  кіммен  жолдас  болғандығына  жақсы 
қарасын» 
(Ахмед бин Ханбал, II, 303, 334)
 делінуімен қатар:
«Адам  сүйгенімен  бірге» 
(Бұхари,  Әдеб,  96)
  сөзі 
достықтағы тамырға дейін кіретін әсер мен әсерленуді 
білуге жеткілікті.
Екінші жағынан бұл хадистер мына жәйтті да ба-
яндайды:
Бір  адамның  сүйгенімен  бірге  болуы  деген  сөз 
онымен  сөзде,  негізде  және  іс-әрекетте  бірдей  се-

276
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
зім,  ой,  үстанымда  болуы,  яғни  сүйгенін  көрсететін 
ұқсастықтар мен бірліктің болуы деген сөз. Әйтпесе, 
сөзі,  іс-қимылы  мен  сезімі  үнемі  тікендермен  бір-
ге  болған  адамның  гүлді  сүйетіндігін  айтуы, 
қаншалықты рас болар. Сол сияқты, сана-сезімімен, 
іс-қимылымен,’  көңілімен  Аллаһ  (жәллә  жәләлүһү) 
және оның үлы Расулымен бірге болмагандар нағыз 
сүйіспеншілік иесі болып саналмайды.
Міне,  сүйгенімен  бірге  болуды  енді  бір  сәт  осы 
жағынан алып қарау керек және ғапылдықпен өмір 
сүріп, босқа «Мен Аллаһ пен Расулыны сүйемін», деп 
хадистегі сүйіншіге қол жеткізем деп ойламау керек. 
Тек  халдерінің  сәйкес  болуы  іске  асқан  кезде  ғана 
сүйінпеншіліктің бірлігі іске асатындығын білу керек. 
Аллаһ Тағала Мұндай достардың көңілдерінде рухани 
бау-бақшалар көктетеді. Осы сыйға ие болғандардың 
басында түрған Әбу Бәкірдің (радиаллаһу анһу) халі 
қаншама хикметтерге толы:
Ол Расулуллаһпен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
достық пен сұхбатта сондай бір шабытқа мініп, махаб-
баты мен қасіретінің басылуының орнына, одан ары 
арта түсетін. Бір күні Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) Аллаһ жолында барлық байлығын 
таратқан  Әбу  Бәкірге  (радиаллаһу  анһу)  ілтипатқа 
толы сөздер айтқан еді. Бірақ Әбу Бәкір (радиаллаһу 
анһу)  өз  болмысы  мен  жанынан  өтіп,  Расулуллаһ 
нұрында  фәни  болғандықтан,  ілтипатпен  айтылған 
сөздің  мағынасынан  өзіне  сөз  сейленген  бір  адам, 
сондай-ақ  бөлек  бір  адам  деп  қабылдану  деген  ойға 
батты. Осы сезіммен рухының түбінен жырақтық от-
ына ұқсас қатты бір ауру пайда болып, өзгелерден деп 
қабылдану қорқынышымен:

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
277
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Уа, Расулаллаһ! Малым мен жаным тек қана сен 
үшін емес пе!?» - деді. 
(Ибн Мәже, Муқаддимә, 11)
Осындай  биік  рухтардың  ақиқатын  түсіну  үшін 
Хазіреті Мәуләнә былай дейді:
«Аллаһпен  бірге  болғысы  келген  адам  Аллаһтың 
достары болған әулиелердің құзырында отырсын».
«Өйткені  дос  доспен  бірге  отырған  кезде  жүз 
мыңдаған сыр көрінісі ашылып, оқылады!»
Бір шайыр былай дейді:
«Бірнеше адам өте аз уақытқа болса да, бір жер-
ге жиналып, Хақ Тағала мен ақиқаттуралы айтса, 
отырған жерге көкгер сәжде етеді!»
Шайх  Сади  де  иләһи  көрініске  ие  болған,  өзін 
толықтай  дүниеуи  құмарлықтардан  арылтқан  дос 
үшін былай дейді:
«Достардың  жүзін  көру  -  жарасынан  жаңа  қан 
аққан көңіл иесіне шипа сияқты».
Аллаһ Тағала осы топқа кіретін достарды былайша 
баяндайды:
َةَ� ���ا  َن�ُ��ِ�ُ� َ��ِ���ا اُ��َ�َا َ��ِ���ا َو ُ�ُ�� ُ�َر َو ُ�ا ُ�ُ���ِ�َو �َ���ِا
َن�ُ�ِ�اَر ْ�ُ� َو َة�َ����ا َن�ُ�ْ�ُ� َو

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет