Көңіл бақшасынан Осман Нұри топбаш


«...  (Сендерге)  үнамаған  бір  нөрсе  сендер  үшін



Pdf көрінісі
бет22/24
Дата10.01.2017
өлшемі3,85 Mb.
#1602
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

«...  (Сендерге)  үнамаған  бір  нөрсе  сендер  үшін 
қайырлы болуы мүмкін. Жөне сендер жақсы көретін 
бір  нөрсе  сендер  үшін  жамандық  болуы  мүмкін. 
Аллаһ біледі, сендер білмейсіңдер». 
(Бақара сүресі 216)
Екінші бір аят кәримада былай дейді:
ِ�ا �َ�َ� َو �َ�َ�ْ�َ� َ�ُ� �َ�َ� ُ�ا َ�َ�َ� �َ� ��ِا �َ�َ�� ِ�ُ� ْ�َ�  ْ�ُ�
َن�ُ�ِ�ْ�ُ�ْ�ا ِ���َ�َ�َ�ْ�َ�
«(Ей,  Расулым)  Айт:  Аллаһтың  біз  үшін 
жазғанынан  басқасы  бізге  ешқашан  жетпейді!  Ол 
біздің  қамқоршымыз.  Сол  себепті  мүминдер  тек 
Аллаһқа ғана тәуекел етсін!» 
(Тәубе сүресі 51)
Расында, дүние өмірі тұрғысынан мысалға соқыр 
болу,  үлкен  кемтарлық  сияқты  көрінеді.  Ешқандай 
нығмет  көретін  көздің  орнын  баса  алмайды  деп  ой-
лайды. Бірақ. дүниеге соқыр болып келген адам осы 
кемшілігінің  кедергі  болуымен  күнәнің  балшығына 

340
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
батудан аман қалса, сырттай қасірет сияқты көрінген 
бұл хал, расында, қуанышқа айналады. Кедейлік пен 
байлық  та  солай.  Кедей  адам  халіне  шағымданбай, 
Аллаһтың  тағдырына  ризашылық  танытса,  бұл 
ол  үшін,  бәлкім,  мәңгілік  байлыққа  себеп  бола-
ды.  Алайда,  ол  кедей  адам  осы  дүниеде  бай  болса
мүмкін, қолындағы мүмкіндіктер менмендігіне әсер 
етіп,  өзінде  бір  құдірет  бар  сияқты  сезініп,  бәлкім, 
ғапылдық пен азғындықпен бұзақылыққа салынып, 
мәңгілік  бақыттан  айырылар  еді.  Керісінше  болуы 
да мүмкін. Қысқасы, мүмин басындағы әр жағдайға 
жақсы  қарап,  иләһи  тағдыр  мен  тәртіпке  разы  бо-
лып,  оны  мәңгілік  табыстың  көзі  деп  санап,  сабыр, 
шүкіршілікпен,  мойынсұнушылықпен  өмір  сүруге 
тырысу керек.
Бір хадис шәрифте былай делінеді:
«Мүминнің 
жағдайы, 
расында 
да, 
қызы-
ғушылыққа,  таңдануға  тұрады.  Өйткені,  әрбір 
халі ол үшін жақсылықтың дәнекері. Мұндай кдси-
ет тек мүминнің бойында ғана бар. Мүмин қуанса, 
шүкіршілік  етеді,  бұл  ол  үшін  жақсылық  бола-
ды.  Басына  пәлекет  келсе,  сабыр  етеді,  бұлда  ол 
үшінжақсылық». 
(Муслим, Зүһд, 64)
Тағдырға  байланысты  осы  жерге  дейін  айтылған 
негізгі  мәселелерге  тереңірек  үңілсек,  соншалықгы 
көп  мәселелерге  жолығамыз,  бұлар  кәләм  ілімінің 
таласына  негіз  болудан  ары  бармайды.  Сол  себеп-
ті  Аллаһ  Расулы  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм), 
тағдырға сенумен ғана тоқтауымызды бұйырып, бұл 
мәселеде  орынсыз  таластан  тыйған.  Тіпті,  тағдыр 
жайында тартысқан бір топқа жолығып, оларга:

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
341
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Сендерге  осы  әмір  етілді  ме?  Әлде  мен  сендер-
ге  осы  үшін  жіберілдім  бе?  Сендерден  бүрынгылар 
осы  мәселеде  тартысқандығы  үшін  жойылды.  Бұл 
мәселеде  тартысушы  болмаңдар!» 
(Тирмизи;  Қадар,  1)
  - 
деген.
Шайыр  Зия  Паша  да  адам  шамасы  келмейтін 
ақиқаттар жайлы былай дейді:
Ұлы  түсінік  бұл  кішкентай  ақылға  керек  емес, 
Сірә, бұл таразы мұндай ауырлықты тартпас!
Ей, Раббымыз! Бізді шынайы түрдегі төуекел ету-
ші  кұлдарынан  етіп,  ризашылығына  лайық  амал 
етуді  нәсіп  ет.  Қаза  мен  тағдырга  ризашылықпен 
қараудың ізгілігіне қол жеткізуді нәсіп ет!
Әмин!

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Аллаһ  Тағаланың  құлына  берген  ең 
үлкен  нығметтерінің  бірі  –  сол  құлына 
әлсіздігін білдіруі. Осы руханият жолында 
қол  жеткізген,  бәлкім,  ең  үлкен  нығмет, 
қателіктерімді көруім болды. Раббымның 
алдында  бишаралығымды  түсіндім.  Осы-
лайша  ешкімнің  қателігін  көруге  және 
онымен  айналысуға  шамам  қалған  жоқ. 
Аллаһқа  мадақ,  осылардың  барлығына 
шүкіршілік етемін...»
Мұса мырза (рахмәтулллаһи аләйһи)
Èìàííàí Èõñíµà
̱ñà ìûðçà
(¢±ääèñ¯ ñèððó½)
(1917-1999)

344
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Èìàííàí Èõñíµà ̱ñà ìûðçà 
(¢.ñ.)
(1917-1999)
Мүминнің үнемі иләһи назарда болғандығын білуі 
және осы халді жүрекке орнықтыруы болып санала-
тын ихсан сонымен бірге қандай да бір іс-әрекеттің ең 
кәміл өлшеулер шеңберінде орындалуы.
1999 жылы 16 шілдеде иләһи рахметке сапар шек-
кен  Мүса  мырза  (құддисә  сирруһ)  Хазіретінің  өмір 
сүру  тәсілі  мен  ағысы,  адами  қарым-қатынастары 
мен  іс-әркеттері  тұрғысынан  да  бір-бірінен  ерекше 
сыпайылық,  нәзіктік  пен  пәктік  үлгілеріне  толы 
еді.  Яғни,  оның  өмірі  қысқаша  «ихсан»  шеңберінде 
(қалыбында) еді.
Тіпті, әзілдегенде де Аллаһтың назарында екенді-
гі сезімін әлсіретпеуге тырысатын. Оның осы тамаша 
халі  айналасындағыларға  үнемі  ихсан  сезімін  еске 
салатын.
Сол  үлкен  адам  «иманнан  ихсанға»  бағытталған 
қалып  пен  сарынды  барлық  іс-әркеттері  мен 
сөздерінде  кәміл  түрде  іске  асыруға  тырысатын. 
Оның пәк өмірі осы тамаша іс-қимылдың осы кезде-
гі  ең  тамаша  үлгілерінің  бірі  еді.  Ол  үнемі  халі  мен 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
345
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
сөзімен  үнемі  жарық  шашқан  және  жылу  шашқан 
күн сияқты айналасына осы қасиеттің фәйізі мен бе-
рекетін шашатын.
Онымен  азды-көпті  жүзбе-жүз  немесе  ғайыптан, 
яғни  жақыннан  немесе  үзақтан  байланысы  бар 
барлық  адамға  ерекше  фәйіз  көзі  болған  сол  Хақ 
досының әлемдегі иләһи тәртіптің шарты болып сана-
латын  үйлесімділіктің  бұзылуынан  көңілі  мазасыз-
данатын.  Көрген  қателік  пен  кемшілікті  жою  үшін 
шын  көңілімен,  абайлап  әрекет  ететін  еді.  Мәселен, 
ең  қарапайым  нәрсе  қабырғадағы  бір  көріністің 
қисық  түрғанын  немесе  жайнамаздың  қалай  болса 
солай жайылғанын көрсе біреуге түзеттіріп не болма-
са  өз  қолымен  түзететін.  Мәжілісте  немесе  сұхбатта 
бөлменің жинақы болмауы, келушілердің қалай бол-
са  солай  отыруы  немесе  есік  алдына  жиналуы  оның 
назарынан  тыс  қалмай,  табиғи  сезімін  мазасыздан-
дыратын. 
Хақ  достарының  соншалық  тамаша  кәміл  іс-
қимылдары  мен  сыпайылығын  мына  бір  аят 
кәримәлер қандай тамаша көрсетеді:
اَذِا َو �ً�ْ�َ� ِضْرَ�ْا �َ�َ� َن� ُ�ْ�َ� َ��ِ���ا ِ�َ� ْ����ا ُد�َ�ِ� َو
َو اً� �� ُ� ْ�ِ�ِّ�َ�ِ� َن�ُ��ِ�َ�  َ��ِ���ا َو �ً�َ� َ� ا�ُ��َ� َن�ُ�ِ�� َ�ْ�ا ُ�ُ�َ� َ�� َ� 
�ً��َ�ِ�
«Рахманның  (қас)  құлдары  жер  бетінде  қара-
пайым  жүреді  және  өзін  білмейтін  адамдар  олар-
ды  сөзбен  атса  (ренжімейді  және  ренжітпейді,  тек 
«сәлем»  деп,  (жүре  береді).  Түнді  Раббысына  сәжде 
етіп, қиямға түрып өткізеді». 
(Фұрқан сүресі 63-64)

346
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Осы  аят  кәрималар  мен  осының  артынан  ке-
летін  басқа  аят  кәрималарда  Аллаһ  Тағала  са-
лих  мүминдердің  ерекшеліктерін  сегіз  сипатта 
жинақтайды:
1.   Жер бетінде жүруі мен әрекеттері қарапайым, 
тәкаппарлық  пен  менмендікген  алыс  қарапайым 
және  айбынды.  Надандар  олармен  байланысса  да, 
амандықпен нәтижеленетін сөз айтады. Айналасына, 
мейірімді  және  шыдамды  адам  болып,  сенім  удыра-
ды. 
(Қараңыз. Фұрқан сүресі 63)
2.  Түнді  құлшылықпен  өткізеді.  Жатуы  мен 
түруы үнемі Аллаһ үшін болады. 
(Қар. Фұрқан сүресі 64)
3.  Былай  дұға  етеді:  «Ей,  Раббымыз!  Бізді 
жәһәннәм  азабынан  сақта!  Өйткені,  оның  азабы  
уақытша нәрсе емес». 
(Қар. Фұрқан сүресі 65)
4.  Жүмсаған кезде ысырап та етпейді, сараңдық 
та көрсетпейді, екеуінің ортасында орта жол ұстайды. 
(Қар. Фұрқан сүресі 67)
5.  Аллаһтан басқаға жалбарынбайды. Аллаһ ха-
рам еткен (тыйым салған) жанды орынсыз өлтірмейді 
және зина жасамайды. 
(Қар. Фұрқан сүресі 68)
6.  Жалған  куә  болмайды,  пайдасы  жоқ  нәрсеге 
жолықса, мойын бұрмай (сол жерден) алыстап кете-
ді. 
(Қар. Фұрқан сүресі 72)
7.  Оларға 
Раббысының 
аят 
кәримәлері 
айтылғанда, соқыр, саңырау, яғни немқұрайды бол-
майды. 
(Қар. Фұрқан сүрсеі 73)
8.  Аллаһ Тағалаға: «Ей, Раббымыз! Бізге көзімізді 
ашатын жұбайлар мен ұрпақтар бер, бізді тақуаларға 
басшы ет» деп, мінәжат етіп, отбасылық өмірлерінің 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
347
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
және  ұрпақтарының  ақыретте  жүзін  жарық  ететін 
иман, парасаттылық пен ахлаққа ие болуын, өсіп ке-
мелденуін  тілейді  және  өздері  үшін  тақуалықта  ең 
алда болуын қалайды.
Аллаһ  Тағала  осындай  салих  мүминдердің  қол 
жеткізетін мәңгілік нәтижені былай жеткізеді:
«Міне,  олар  сабыр  еткендері  үшін  жәннәттің 
ең  жоғарғы  мөртебелерімен  сыйланады,  ол  жерде 
құрметпен,  сөлеммен  қарсы  алынады». 
(Фұрқан  сүресі 
75)
Жүрек  адами  және  тасаввуфи  тәрбиелеріне 
қосымша 
Аллаһтың 
сыйымен 
тазара-тазара, 
ақырында,  иесін  сырттай  адам  бейнесінде  болса  да, 
іштей  бейне  бір  періште  дәрежесіне  көтереді.  Бұл 
жағдайда олардың кейбіреулері - ғарыштағы кез кел-
ген жұлдыЗ-сияқты, ез әлемінде сыртқа қарсы толық 
тылсым  (жасырын)  түрде  әіиір  сүреді.  Мұндайлар 
білінбейді.  Сондай-ақ  қүдси  хадис  болғандығы 
айтылған;
«Әулиелерім  күмбездерімнің  астында,  олар-
ды  менен  басқа  ешкім  біле  алмайды» 
(Абдуррахман 
Жами,  Нәфахатул-Үнс,  45  б)  -
  деген  сөз  де  осы  топ  жайлы 
айтылған.
Кейбір  Хақ  достары  өздеріне  жүкгелген  жол 
көрсету  міндеттері  себепті  белгілі  мөлшерде  білі-
неді  және  өз  заманынан  болшаққа  қарай  һидайят 
шырағы  ретінде  адамзат  өмірінде  қызметтерін 
жалғастыру  үшін  бақидың  сырынан  нәсіп  ала-
ды.  Оқиғалардың  перде  артындағы  сырды,  хикмет 
пен  иләһи  мақсатты  түсінеді.  Сондықтан  хикметті 

348
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
білудің  тыныштығымен,  шаттығымен  өмір  сүреді. 
Олар  сасқалақтық  пен  үрей  сияқты  көптеген  адами 
әлсіздіктерден қорғалған.
Олар  үшін  енді  «бос  (оғаш)  нәрсе»  жоқ.  «Жа-
ратушысы  үшін  жаратылғандарды  қош  көр» 
қағидасымен басталған рухани өркендеуде хикметке 
жүгіну арқылы әлемкің бүтінін ғибрат, махаббат пен 
қайрандық сезімдерімен тамашалай бастайды.
Міне, осы барлық пәк халдер мен сипаттарды өмір 
бойы  оның  бойында  тамашалаған  Мұса  мырзаның 
іс-әрекеттеріндегі  сыпайылық  пен  орнықтылық 
кәмілдігінің бір көрінісі күнделікті өмір ағымы ішін-
де  Раббымыздың  барлық  мақлұғына  мейіріммен, 
махаббатпен қарауы еді. Тіпті, айналасында жүрген 
мысықтарды бағының үстінен үшқан көгершіндерді 
жомарттығы  мен  мейірімімен  осы  терең  мархабаты-
на бөлейтін еді.
Біз де «нығметке шүкіршілік» турапы айтсақ, ішкі 
жан  дүниеміз  бен  сыртқы  дүниеміздегі  ізгіліктерге 
шын мәнінде ықпал еткен сол Хақ досының өмірінде 
басым болған «иманнан ихсанға» үғымының ерекше-
лігін  әркімге  паш  ету  үшін  соңғы  «Тасаввуф»  атты 
шығармамызды  «Иманнан  ихсанға  Тасаввуф»  деп 
атап отырмыз.
Осы 
орайда, 
сол 
Аллаһ 
досын, 
барлық 
сүюшілері  мен  шәкірттері  атынан  осы  жерде  ерек-
ше  құрметпен,  махаббатпен,  жүректегі  дұға  мен 
қарыздарлығымызбен  еске  алу  қажеттілігін  сезі-
ніп  отырмыз.  Оқырмандарымыздан  оған  Фатихалар 
бағыштауын өтінеміз.

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
349
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Насихаттарынан бір шоқ
Марқұм  Мұса  мырзаның  шәкірттеріне  жазған 
хаттарындағы  насихаттардың  біразын  ұсынып  отыр-
мыз.
«Мүминніңжан 
дүниесі 
мен 
кәмілдігі 
іс-
қимылдарынан  байқапады.  Осы  ізгіліктердің  ең  ба-
стылары мыналар:
Үнемі  кішіпейіл  болуы,  уақыты  мен  демдерінің 
бағасын  біліп,  ысырап  етпеуі,  Аллаһтың  құлдарын 
сүйіп,  олармен  тартыспауы,  басқа  адамдармен 
діни  дәрежелеріне  қарай  қатынасуы,  кемшіліктер-
ді  жасыруы,  харам  мен  халалға  абай  болуы  және 
басқалар  кішкентай  деп  санаған  күнәларды  үлкен 
деп көруі. Өйткені, күнәсін кішкентай санаған адам 
Аллаһ Тағаланың әмірі мен бүйрықтарын кішкентай 
санаған болып есептеледі.
Жаратушымыздың ризашылығы жолында, әсіресе 
таң  сәрілерді  намаз,  зікір  және  дұғалармен  безенді-
рейік.
Ең  алдымен  отбасы  мүшелері  мен  отбасы 
үлкендеріне  қызмет  етейік.  Дүниеуилерге,  яғни 
ғапылдыққа  салынғандармен  жақындығымызды 
азайтып,  салихтармен  бірге  болайық.  Басқатуыс-
туғандарымыз  бен  мүқтаждарға  қызмет  етіп,  тіл-
мен болсын, материалдық болсын, көмектесейік. Ең 
маңыздысы - харам мен халалға абай болайық. Соны-
мен қата, кешедегі, базардағы іс-қимылымызға абай 
болып, құлшылыққа нұқсандық келтірмейік.
Пенде,  мейірімі  мен  ахлағына  қарай  Раббысына 
жақын болады. Раббысына жақын жан:

350
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
ْ �ِ��ِدْ�َ�  َ� َ� ْ�َ�َ� �ِّ�َر �ِ�َ��دَا
«Мені  Раббым  тәрбиеледі,  тәрбиемді  тамаша 
етті» 
(Суюти,  Жамиус-Сағир,  I,  12)
  хадисінің  сырына  ие 
болады.  Яғни,  Аллаһ  Тағаланың  ахлағын  бойына 
сіңіреді, осыдан артық абыройлы және абзал ештеңе 
болмайды.
Барлық қателіктер мен ауытқулар зікірден ғапыл 
болып,  яғни  Раббымызды  үмытқан  кезде  жарыққа 
шығады.  Зікірдің  рухани  халін  жалғастырғандарда 
дүние  қайғысы,  уайымы,  тіпті  қажетінен  артық 
дүниеуи  қуаныш  та  болмайды.  Үнемі  шат, 
жомартжәне  мақлүқтарға  мейрімді  болу  сол 
бостықтың  орнын  толтырады.  Яғни,  сүйіспеншілік 
-  үнемі  сүйіспеншілік...  Аллаһ  Тағала  Хазіреті  өзін 
сүйген  құлын  махаббат  дариясына  шомылдырады. 
Енді  ол  адам  Аллаһ  Тағаланың  сүйдіргеніне  қарай 
сүюге лайық болғандарды сүйеді.
Ақылды адамның Аллаһ Тағаланың ұлылығын және 
өзіне  берген  дүниеуи,  ақыреттік  нығметтерін  ойлаған 
сайын кішіпейілділігі, қарапайымдылығы арта түседі. 
Барлық адамдарды дәрежелеріне қарай сүйеді. Өзінікі 
дұрыс болса да, ешкіммен таласпайды.
Екінші 
жағынан 
ақылды 
адам 
өмірдің 
уақытша,  яғни  өткінші  екендігін  біледі.  Осылайша 
Жаратушысының  ризашылығын  ойлайды.  Сол  се-
бепті өзі дүниеде жүргенде жүрегіндегі қараңғылық 
пен қиыншылық халдері шаттық пен қуанышқа ай-
налады.  Қысқасы,  дүниеде  жүріп,  жәннаттағыдай 
өмір сүреді.
Адам  езі  өмір  сүріп  жатқан  қоғамына  иләһи 
ризашылық үшін тамаша қызмет етуді өте маңызды 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
351
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
міндет деп білуі керек. Қоғамның өміріне, тәртібіне, 
өркендеуіне қызмет еткен адам сол қоғамның ішінде 
өте  маңызды  орынға  ие  деген  сөз.  Сондықтан  оның 
сауабы  мен  сыйлығы  соншалықты  үлкен.  Хадис 
шәрифте:
«Қауымға  қызмет  еткөн  адам,  (сауап  пен 
сыйлыққа  ие  болуы  жағынан)  олардың  ең  үлкені». 
(Дәйләми, Мүснәд, II, 324)
 делінеді.
Көптеген  адамдар,  ғибадат  пен  құлшылыққа  бет 
бүрса да, Аллаһ Тағаланың сипаты болған «сәттарул-
уйуб», яғни қателіктерді жасыру мен кемшіліктерді 
кешіру  қасиетіне  немқұрайды  қарайды.  Сондықтан 
Аллаһ  қалаған  рухани  дәрежеге  көтеріле  алмай-
ды.  Алайда,  кешіру,  қателіктерді  жасыру,  көркем 
ахлақтың  ең  маңыздыларының  бірі  Аллаһ  Тағала 
құлдарының сансыз қателіктерін кешіргені сияқты, 
біз  де  кешірімді  болуымыз  керек.  Өйткені  Аллаһ 
Тағаланың сүйіспеншілігіне ие болғандар кешірімді 
біледі. Кешірейік, иншаллаһ кешірілерміз.
Рахат  пен  бақыттың  бірден-бір  кілті  жан  тәнімен 
берілу.  Яғни  иләһи  бөлуге  разы  болып,  халал  мен 
харамға абай бол керек.
Дәруиштер  әртүрлі.  Бір  бөлігі  әдетке  айналдыр-
ған  зікірлерін  жасап,  ақысына  шүбәсіз  сыйлық 
беріледі.  Екінші  бір  бөлігі  болса,  зікірлерін  жа-
саумен  қатар  үнемі  Аллаһ  Тағаланың  құзырында 
болғандығын  аңғарған  күйде  күн  кешеді.  Құран 
Кәримнің  үкімдеріне  мойынсұнады,  қаза  және 
тағдыр үкімдерінің алдында Хаққа бас иеді.
Оның әрбір әрекеті Хақ Тағаланың ризашылығы-
на  сай  болады.  Оның  жүрегі  мен  рух  әлемі  осыған 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
қарай  мәнге  ие  болады.  Өкінішке  орай,  мұндай  топ 
аз, тіпті өте аз.
Нағыз  өнер  -  бұл  дүниеде  мыңдаған  күйбең  тір-
шілікте  Хақ  Тағаламен  бірге  болу.  Бұл  сондай 
жағымды  хал.  Аллаһ  Тағаланың  құлына  берген  та-
маша (пәк) сыйлығы. Осы айрықша міндетті атқара 
алсақ, дүниенің өткінші алдамшылығына алданудан 
құтыламыз.
Аллаһ  Тағаланың  құлына  берген  ең  үлкен 
нығметтерінің  бірі  -Оған  әлсіз  екендігін  білдіруі. 
Осы  руханият  жолында  қолым  жеткен  ең  үлкен 
нығмет  -  қателіктерімді  көруім  болды.  Раббымның 
алдында  бишара  болғанымды  түсіндім.  Ешкімнің 
қателігін  көріп,  онымен  айналысуға  шамам  болған 
жоқ. Аллаһқа мадақ, осылардың бәріне шүкіршілік 
етемін».
Осы махаббат, мейірім мен дұрыс жолға бағытталған 
ескерту  мен  насихаттардың  барлығы  Оның  «ихсан» 
қалыбындағы өмірінен бізге  шағылысқан фәйіз там-
шылары.
Рахметуллаһи алейһи.
352

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Тасаввуф  –  Кітап  және  сүннет 
ауқымы ішінде адамның өзін қадағалау 
және  ихсан  сезімдерімен  ең  тамаша 
жан  бола  білу.  Тасаввуф  –  құлдыққа 
бөгет  кедергілерді  жоятын,  құлдыққа 
дәнекер 
болатын 
мүмкіндіктерді 
қамтамасыз ететін нәрсе.
«Èìàííàí Èõñíµà Ãàñàââóô» àòòû ê³òàïæàéëû -1-
Á±ë á³ð ꦤ³ë òàìøûñû

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Èìàííàí Èõñíµà Ãàñàââóô» àòòû ê³òàïæàéëû -1-
Á±ë á³ð ꦤ³ë òàìøûñû
Сұрақ:  Тақсыр!  «Иманнан  Ихсанға  Тасав-
вуф»  деген  атпен  кітап  жаздыңыз.  Кдзірге  дейін 
тасаввуфқа байланысты көптеген кітап жазылған. 
Соған  қарамастан  жаңадан  кітап  жазуға  қандай 
қажеттілік сезіндіңіз?
–  Рас.  Тасаввуфқа  байланысты  кептеген  кі-
таптар  жазылған.  Бірақ,  алай-дүлей  өмір  ағысы 
ішіндегі  құбылыстар,  яғни  қоғамның  материяға 
бас  иіп,  қоғамдық  тыныштық  пен  шаттықтың 
бұзылған  кездері  адамдар  күн  сайын  жаңадан  кей-
бір  қажеттіліктерге  тап  болады.  Мәселелердің  не-
гізі  өзгермегенімен,  талай  уақыт  ете  келе  жаңа 
көзқарастар  мен  сұраныстар  туындайды.  Осыларды 
саралау және осындай қажеттіліктердің қамтамасыз 
етілуі  үшін  шариғат  кітаптары  мен  тарихқа  бай-
ланысты  кітаптардағы  сияқты  рухани  тәрбиенің 
қажеттілігі  ретінде  жаңада»н  жазуға  қажеттілік 
туындап  отыр.  Яғни,  тасаввуфқа  байланысты 
ақиқатгар мен шындықтардың әр уақытта да дұрыс 
айтылып,  түсіндірілуі,  қате  түсініктер  мен  шектен 
шығушылықтың түзелтілуі - өте маңызды қажеттілік. 
354

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
355
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Әрине, тек осы қажеттіліктен ғана емес, тасаввуфтағы 
терең  ізгіліктердің  де  уақыт  пен  орынның  талабы 
бойынша  барлық  кеңілдерге  ұсынылуы  үшін  тасав-
вуф ауқымы бейне бір кітап дариясы сияқты.
Міне,  біз  де  осы  дарияға  дәл  сол  мақсатпен  әлсіз 
ғана  бір  көңіл  тамшысын  үсынуға  тырыстық.  Бір 
тамшы,  өйткені  тасаввуф  көбінесе  «сөз»  емес  «хал» 
боғандықтан,  кітабымыз  кеңілдерді  ұлы  құзырға 
бағыттауда  көпір  міндетін  атқара  алса,  өзімізді 
бақытты  деп  санаймыз.  Яғни,  кітапты  қазірге  дей-
ін  жазылған  кітаптардан  асып  түсу  үшін  жазған 
жоқпыз. Мұндай жағдай әдептілікке жатпас. Біздің 
атқарғанымыз - қазірге дейін жазылған тасаввуф кі-
таптары  мен  Хақ  достарының  фәйізді  өмірлерінен 
бастау ала отырып, тасаввуфты қазіргі заманның та-
лаптары бойынша, жалпылама және мақсатқа лайық 
түрде  қайтадан  тілге  кетіру  ғана.  Негізінде  бұл  кі-
тап  Хақ  достарының  тасаввуфи  мирасынан  сүзіліп 
қазіргі адамдарға ұсынылған бір тегене су.
Хақ  достары  шыққан  күнге,  оның  сәулесінің 
батқан  кезде  салған  түрлі-түсті  көріністеріне 
қайран  болып  қарап,  әрбір  себеппен  мағрифатұллаһ 
көкжиегіне  самғайды.  Олар  жыланның  өзіне  де 
махаббатқа  толы  көзбен  қарағандықтан,  басқалар 
сияқты үркудің орнына бұл жәндіктердің терісіндегі 
бедерге аяқтары болмаса да жылдам әрекет етуі мен 
тынымсыздығына таң қалады. Яғни, бул қас құлдар, 
барлық  жаратылысқа  сүйіспеншілікпен  әрі  хикмет 
көзімен қарайды.
Және  де  бұл  кітап,  тасаввуфты  Исламнан  бөлек 
бір ағым және тәсіл ретінде қарайтын түсінікгің қате 

356
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
екендігін ортаға қою арқылы, діннің сырты мен ішінің 
біртұтас ретінде фәйізбен, шаттықпен ұстанылуының 
қажеттілігін  айқын  түрде  баяндау  мақсатында 
жазылған.  Осы  мақсатты  баса  көрсету  үшін  кітап 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет