Көңіл бақшасынан Осман Нұри топбаш


«Тура  жолдыңүстінде  отырып,  құлдарыңды



Pdf көрінісі
бет3/24
Дата10.01.2017
өлшемі3,85 Mb.
#1602
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

«Тура  жолдыңүстінде  отырып,  құлдарыңды 
азғындатам!» 
(Ағраф  сүресі  16)
  деп,  қайтадан  тірілетін 
күнге дейін өзіне мұрсат берілуін сұрады. Сынақ ре-
тінде оған осы мүмкіндік берілді.
Бұл  шабуылдан  тек  ықыласты  жандардың  тыс 
қалатындығын шайтан былай мойындады:
«Ықыласын сактаған құлдарың тыс!» 
(Сад сүресі 79-
83)
Пайғамбарлардан  басқа  ешбір  құлға  иман  тура-
сында аяқтың сүрінуі қаупінен аман қалу кепілдеме-
сі берілмеген. Сол себепті әрбір мүмин өзіне берілген 
өмір  нығметін  лайықты  түрде  тиімді  пайдалану-ға 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
37
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
тырысуы  керек.  Өлімнің  суық  үрейінен  құтылудың 
бірден  бір  себебі  тек  ізгілікпен  өмір  сүруге  тырысу. 
Өйткені, өлімге әзірленген-дер өлімнен қорқудың ор-
нына оны мәңгілік бір қауышу дәнекері деп түсінеді. 
Бұлар  «өлімді  әрлендірудің  дәмін  татқан  бақытты 
жандар.  Бірақ,  ғапылдықпен  өмір  сүріп,  ақыретін 
жаққандар болса, өлімнің қорқынышты әрі қараңғы 
иірімінің алдында бойын суық үрей билеуден құтыла 
алмайдың. Хазіреті Мәуләнә қандай жақсы айтқан:
«Ұлым,  әркімнің  өлімі  өзі  түсіне  байланысты, 
адамды  Аллаһқа  қауыштыратындығын  ойла-
май,  өлімнен  жиіркенгендер  үшін  өлімге  дұшпан 
болғандарға  өлім  қорқынышты  бір  дұшпан  сияқты 
көрінеді.  Өлімге  дос  болғандардың  алдынан  дос 
сияқты шығады».
«Ей өлімнен қорқып, қашқан жан! Мәселенің негі-
зін, сөздің шындығын қаласаң, сен негізінде өлімнен 
қорықпайсың, сен езіңнен қорқасың».
«Өйткені, өлім айнасынан көріп үркіп, қорыққан 
өлімнің  бейнесі  емес,  өзіңнің  жағымсыз  керінісің. 
Сенің  рухың  бір  ағаш  сияқты.  Өлім  сол  ағаштың 
жапырағы. Әр жапырақ ағаштың жынысына, түріне 
қарай болады...».
Мінеки,  құл  осы  дүниелік  өмірінде  менмендікті 
артқа тастап, рухында жасырылған періштелік сипат-
тар бағытындағы сатыларды асар болса, яғни «өлмей 
тұрып өлу» сырына қанық болса, елім -қиял жетпейтін 
ұлы Раббыға қауышудың қажетті бір қадамы болып 
көрінеді. Осылайша көптеген адамдардың қорқуына 
себеп болған өлім көңілде «Рәфиқи-Ағлаға», яғни «ең 
ұлы досқа» қауышу шаттығына айналады.

38
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Аллаһ Расулының (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
соңғы  сәттері  осы  қуаныштың  шегіне  жеткен  бір 
қауышу демі еді. Ол емір бойы қандай жағдайда бол-
масын,  Раббысының  бүйрығына  сүйіспеншілікпен 
мойынсұнғандықтан,  өлмей  тұрып  өліп,  өлімін  бір 
той  кешіне  айналдырған  еді.  Сондай-ақ  Хазіреті 
Айша  мен  Хазіреті  Әлидің  (радиаллаһу  анһу)  риуа-
ят  етуі  бойынша,  Пайғамбарымыздың  (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) қайтыс болуына үш күн қалғанда 
Аллаһ Тағала күн сайын Жәбірейілді (алейһиссәләм) 
жіберіп, Расулының көңілін сұрап тұрған еді. Соңғы 
күні  жеткенде  Жәбірейіл  (алейһиссәләм)  бұл  жолы 
қасына жан алушы періште Әзірейілді (алейһиссәләм) 
де ертіп келді.
Жәбірейіл (алейһиссәләм):
«Әй, Аллаһтың Елшісі! Өлім періштесі алдыңа кіру 
үшін рұқсат сұрайды. Алайда, ол Сенен бүрын ешбір 
адам баласының қасына бару үшін рүқсат сұрамаған! 
Сенен  кейін  де  ешбір  адам  баласының  қасына  бару 
үшін рүқсат сүрамайды! Оған рүқсат етіңіз!» деді.
Өлім  періштесі  ішке  кіріп,  Пайғамбардың 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) алдында түрып:
«Уа,  Расулаллаһ!  Ұлы  Аллаһ  мені  саған  жіберді 
және  сенің  әміріңе  мойынсұнуымды  бүйырды!  Сен 
қаласаң, рухыңды аламын! Қаласаң, рухыңды өзіңе 
қалдырамын!» - деді.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Ей,  өлім  періштесі!  Сен  (расында)  осылай 
істейсің бе?» - деп сүрады.
Әзірейіл (алейһиссәләм):

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
39
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Мен  қандай  болмасын  бүйырған  жағдайда  саған 
мойынсұнуға әмір етілдім!» - деді.
Жәбірейіл (алейһиссәләм):
«Ей, Ахмед! Ұлы Аллаһ сені сағынған!» - деді.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Аллаһ алдындағы нәрсе жақсырақ әрі үздіксіз. Ей, 
өлім періштесі! Қане, әмір етілген нәрсеңді орында! 
Рухымды, жанымды ал» - деді.
Пайғамбарымыз  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
қасындағы су қүйылған ыдысқа екі қолын матырьіп, 
дымқыл қолдарымен бетін сипап:
«Лә  иләһә  иллаллаһ!  Өлімнің  ақылды  бастан 
шығаратын  азабы  мен  ауырлығы  бар!»  деген  соң, 
қолдарын жайып, жоғары қарап:
«Уа, Аллаһым! Рәфиқи Ағлә, Рәфиқи Ағлә (яғни 
ұлы  дос,  ұлы  дос!)»  дей  отырып,  Раббысына  деген 
сүйіспеншілік  пен  ынтықтықтың  керінісі  болған 
қаншама  пәк  естеліктерге  толы  бір  өмірді  артқа  та-
стап,  бұл  фәни  әлемнен  шынайы  әлемге  көшті. 
(Ибн 
Сағд, Табақат, II, 229, 259; Бәлазури, Әнсабул-Әшраф, I, 565; Ахмед бин 
Ханбал, VI, 89)
Рухани  нәрге  толы  құлшылық  өмірін  басынан 
өткізген  соң  ақтық  демінде  Раббыға  қауышуға 
ынтыққан  ұлы  тасаввуфшы  Мәуләнә  Хазіретінің 
дүниемен қоштасу сәтін шәкірті Хүсамәддин Челеви 
былай баяндайды:
Бір күні Шәйх Садрәддин таңдаулы дәруіштермен 
бірге  Мәуләнәні  науқас  төсегінде  зияратетуге  келді. 
Мәуләнәнің халін көріп, мұңайды. Шәйх Садреддин:

40
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Аллаһ тезірек шипа берсін! Толықтай сауығарсыз 
деп үміттенем» - деді.
Сонда Мәуләнә:
«Енді  шипа  сізге  мүбарак  болсын!  Ғашық  пен 
ғашықтысының арасында қылдай қашықтық қалды. 
Оның да бітіп, нұрдың нұрға қосылуын қаламайсың 
ба?» - деді. 
(Әбул-Хасан ән-Нәбәуи, Ислам өндерлері Тарихы, I т. 449 
б.)
Мәуләнә адамдар үшін қорқыныш пен қауіп себебі 
болған  өлімге  бір  қарабасқан  сияқты  қарамай,  кері-
сінше,  өлімді  жырақтықтан  құтылу,  нағыз  сұлуға, 
яғни  шексіз  керкемдік  иесі  болған  Аллаһ  Тағалаға 
қауышу деп түсінген. Өзі бір рубаятында өлім сезімін 
былай жеткізеді:
«Мен өлгенде мені өлді демеңдер. Өйткені, өлі едім, 
өліммен тірілдім. Мені досым алып кетті...»
Сол  себепті  Хазіреті  Мәуләнә  дүниемен  қоштасу 
уақытын да «Шәби Арус» (той кеші) деген.
z
Шүбәсіз,  Хазіреті  Мәуләнә,  Юнус  Әмре,  Әзиз 
Махмуд  һүдайи  сынды  қаншама  Хақ  достарыныңы 
дүниедегі рахат өмірі қабір әлемінде де жалғасуда.
Өлімді  осы  қалыппен  қарсы  алу  үшін  менмендік 
пен ашкөзділіктерден арылып, иләһи әмірлер бойын-
ша  өмір  сүріп,  соңғы  демге  әзір  болу  қажет.  Раббы-
мыз аят кәримәде былай дейді:
ُ��ِ�َ�ْ�ا  َ��ِ�ْ�َ� ��� َ� َ���َر ْ�ُ� ْ�ا َو

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
41
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Саған  өлім  келгенше  Раббыңа  кұлшылықет!» 
(Хижр сүресі 99)
Міне,  бұл  барлық  Хақ  достарының  емірлерін 
қорытындылайтын қағида!..
Әрбір ариф пен ғашық көңіл Хақ Тағаланың өзіне 
аманат еткен өмірін үнемі дүрыс жолда құлдық пен 
құлшылықпен  безендіріп,  Раббысына  құлдықтың 
ақысы  ретінде  «қалби  сәлим»  апаруға  тырысқан. 
Яғни,  Хазіреті  Пайғамбардың  (саллаллаһу  аләйһи 
уә  сәлләм)  ақтық  демде:  «(Рәфиқи  Ағлә,  рәфиқи 
Ағлә)  ең  ұлы  досқа,  ең  үлы  досқа»  деп  жеткізген 
құлдықтың  көрінісі  Оның  ізімен  жүрген  арифтерде 
де жалғасқан.
Сондай-ақ  осы  Хақ  достарының  бірі  барлық 
өмірінде  Расулуллаһтың  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм) сүннеті бойынша өмір сүруге тырысқан Мах-
муд Сами мырзаның (құддисә сирруһ) соңғы демдегі 
халі де біз үшін тамаша бір үлгі. Сами мырза көңілі 
Пайғамбарға  деген  сүйіспеншілікке  толы  Хақ  досы 
еді.  Бір  адам  қармен  жүргенде  оның  соңында  із 
қалып, артынан жүрген адам осы ізбен жолын тапса, 
Сами мырза да Пайғамбарымыздың ізімен тура солай 
жүрген.  Осының  көрінісі  ретінде  ақтық  демін  өмір 
бойы ізімен жүрген құштар әрі ынтық болған Хазіре-
ті Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жақын 
маңайда  тәһәжжүд  намазының  азаны  шақырылған 
кезде  тәслім  ету  нәсіп  болды.  Ақтық  демінде  оның 
қасындағылар тілінен тек:
«Аллаһ, Аллаһ, Аллаһ!» - сөздері шыққанын есті-
ді.

42
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Негізінде  тек  қана  тілі  емес,  барлық  жасушала-
рымен  бірге  денесі  де  рухы  да  үнемі  «Аллаһ»  деп 
тұрды...
Қысқасы,  бар  мәселе  -  тамаша  құл  болып  өмір 
сүру  және  де  тамаша  құл  күйінде  жан  тапсыру. 
Өйткені  Аллаһ  Тағаланың  қалауы  бойынша,  Хазі-
реті  Пайғамбардың  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
өмірінен  үлгі  алған,  сыпайы,  терең  ойлы,  нәзік,  се-
зімтал  жан  болу.  Рабтың  «Қандай  жақсы  жан!» 
ілтипатына  бөлену  тек  Хақ  Тағалаға  көңіл  беру-
ге  ынтығудың  нәтижесінде  болады.  Осы  иләһи 
сүйіспеншілікпен  руханияттың  басым  халде  болуы, 
көңілдің  лас-кірден  тазаруымен  болады,  сонда  ғана 
ол  көңілде  Хақ  күнінің  нұры  жарқырайды.  Осы 
жағдайдың  нәтижесінде,  иншаллаһ,  алған  әрбір  де-
міміз ақтық демге дайындық ретінде жалғасады.
Екінші  жағынан,  барлық  рухани  күйзелістер 
мен  зияндықтар  Аллаһты  ұмытудан  шығады.  Аят 
кәрима:
ُ�ُ� َ�ِ�َ�وُا ْ�ُ� َ�ُ�ْ�َأ ْ�ُ�� َ�ْ�َ�َ� َ�ا ا� ُ�َ� َ��ِ����َ� ا�ُ�� ُ�َ� َ� َو 
َن�ُ� ِ��َ�ْ�ا
«Аллаһты  ұмытқан,  сондықтан  Аллаһ  оларға 
өздерін  ұмыттырған  адамдар  сиякты  болмаңдар! 
Олар - пасыктар» (Хашр сүресі 19)
Расында,  барлық  күнәлар  Аллаһты  ұмытқан  ке-
зімізде  орын  ала  бастайды.  Өйткені  құл,  «Аллаһ» 
деген  кезінде  және  өлім  ақиқатын  түсініп  түрғанда 
ғибадат пен іс-әрекеттеріне көңіл бөліп, ешбір көңілді 
қалдырмау жолында өмір сүреді. Яғни ешкімге тілімен 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
43
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
де, іс-әрекеттерімен де зиян келтірмейді... Бұл қасиетті 
Юнус Әмре Хазіреті қандай тамаша жеткізген:
Көңіл  -  Тәңірдің  тағы,  Тәңір  көңілді  бақты.  Кім 
көңілді құлатса, Екі дүниенің бейбағы.
Аллаһ  Тағала  өмірімізді  қайғылы  нәтижеге  ду-
шар  болмауы  үшін  алған  демдеріміз  бен  жүрек 
қағыстарымыздың  қандай  болуы  керектігіне  байла-
нысты Құран Кәримде көптеген ескертулер жасайды. 
Бұл жөнінен барлық мәселе:
ْ�ُ�ْ�َا َو ��ِا ��ُ��ُ�َ� َ� َو ِ�ِ��َ�ُ� �� َ� َ�ا ا�ُ���ا ا�ُ�َ�آ َ��ِ���ا �َ���َأ �َ� 
َن�ُ�ِ� ْ�ُ�
«Ей, иман етушілер! Аллаһтан Оның үлылығына 
лайық боларлықгай қорқыңдар және тек мұсылман 
болған күйлеріңде ғана жан беріңдер» 
(Әли Имран сүресі 
102)
  аят  кәримаға  сәйкес  өмір  сүре  білу.  Әйтпеген 
жағдайда  фәни  әлемде  өмірдің  ұзақ  болсын,  қысқа 
болсын, еш мәні болмайды. Ақырында, бүкіл өмір:
�َ�� َ� ُ� ْوَأ ً��� ِ�َ� ��ِإ ا�ُ�َ�ْ�َ� ْ�َ� �َ�َ�ْوَ�َ� َمْ�َ� ْ�ُ���َ�َ�
«(Адамдар) Қияметті көрген күні дүниеде тек бір 
ақшам  немесе  бір  сәске  уақытындай  ғана  болдық 
деп  ойлайды» 
(Нәзиғат  сүресі  46)
  деген  илаһи  баянның 
көрінісіне тап болады.
Сондықтан өмірдегі барлық істейтініміз бір ақшам 
уақыты  немесе  бір  сәске  уақытындай  ғана  құлдық, 
ғибадат  және  мойынсұнушылық.  Бұл  түрғыда 
Жүнәйди Бағдади Хазіретінің мына бір насихаты өте 
үлкен ескерту:

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Дүниенің  бір  сағаты  қияметтің  мың  жылынан 
да қымбат. Өйткені, ол жерде бақыттылыққа жет-
кізетін ешбір амал жасалынбайды».
Осылайша өміріміздегі әрбір мезгіл, әрбір күн және 
әрбір  сағат  осы  құлдық,  құлшылық  пен  мойынсұну 
үшін  берілген  үлкен  мүмкіндік.  Әсіресе  қажылық 
жеке-дара бір ақтық демнің тәлімгері. Қажылықтың 
көрінісі  махшардың  көрінісі  сияқты.  Сол  жерде 
киілген  ихрам  -  кебін  іспеттес.  Арафат  -  тәубе  мен 
мінәжат  мекені...  Шайтанға  тас  ату  -дүниеуи  және 
нәпсілік  байланыстардан  қүтылудың  нәтижесінде 
ішіміздегі нәпсімізге қалай тас ату керектігін түсіне 
білу.  Ақырында  анадан  туған  сәбидей,  күнәсіз  бо-
лып, Хаққа қауышуды ойлау. Қысқасы, ақтық дем-
ге қалай қадам басуымыз керектігінің кішкене ғана 
бір  нусқасы.  Аллаһ  Тағала  барлығымызға  осындай 
қажылықты нәсіп етсін!
Уа,  Раббым!  Ақтық  демімізді  көркем  дидарыңа 
қауышу  ынтықгығы,  ғашықгығымен  беруге  себеп 
болатын  фәйізді  өмір  сүруді  барлығымызға  нәсіп 
еткейсің!
Әмин!
44

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
A¢òû¢ äåì
3
Ақтық  дем  –  бусыз,  тегіс  және  дақсыз 
айна  сияқты.  Әр  адам  осы  айнадан 
жақсылықтары мен жамандықтары түгел 
қамтылған  бүкіл  өмірін  айқын  көреді.  Ол 
сәтте көз бен құлаққа ешқандай ғапылдық 
пердесі жабылмайды. Керісінше барлық пен-
делер ашылып, әр түрлі мойындаулар, ақыл 
мен  ұжданды  өкінішке  қалдырады.  Ақтыз 
деміміз  өкінішті  өмірімізді  көрсететін 
айна болмағай!
45

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
A¢òû¢ äåì -3-
Ақтық  дем  бусыз  бір  тұнық  айна  сияқты.  Адам 
баласы  өзін  айқын  түрде  ақтық  демінде  таниды. 
Өмірдің есебі жүрегі мен көзінің алдына жайылады. 
Сол себепті адам баласы үшін өлім сәтінен ғибратты 
көрініс жоқ.
Құран  Кәримде  айтылғандай,  өмірін  Аллаһқа 
қарсы  болып  өткізген  Перғауын  тек  Қызыл  теңізде 
иләһи  қаһарға  тап  болғанда  ғана  өзін  және  зая  ет-
кен  өмірін  нақты  түрде  таныды.  Дүниедегі  нәпсілік 
салтанатының  ішкі  бетінің  шындығында  қандай 
азғындық  пен  қасірет  екендігіне  ақтық  демінде 
ғана  көзі  жетіп,  көңілін  қатты  өкініш  биледі.  Аят 
кәримада бұл хал былай баяндалады:
«...Ақыры оны су тұншықтыра бастағанда ол (бы-
лай) деді: «Сендім. Расында, Исрайл ұлдары сенгеннен 
басқа тәңір жоқ екен! Мен де мұсылмандарданмын!». 
(Юнус сүресі 90)
Бірақ бәрі біткен еді. Қызыл теңіздің иірімдерінде 
тұншығып  жатқанда  иманға  келуге  мәжбүр  болған 
Перғауынға Аллаһ Тағала былай деді:
«Енді  (иман  еттің)  бе?!  Алайда,  сен  бұдан  бұрын 
(өмір  бойы)  қарсы  келіп,  үнемі  бұзақылардың 
қатарында едің!» 
(Юнус сүресі 91)
46

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Міне, бір бәле келген кезде есін жинап, амандыққа 
қауышқан  сәтте  қайтадан  бүрынғы  азғындығына 
қайтатындардың  ақтық  демдегі  оянулары  өкініп, 
иманға  келуі  бір  қасірет.  Сол  себепті  де  тәубе  мен 
өкінішті ақтық демге қалдыру өзіңді өзің алдарқату 
ғана.  Осылай  бола  тұра  өмірдің  күтпеген  оқыс 
оқиғалары мен бүралаңдары ішінде теңселіп жүріп, 
өлімнің  терең  әрі  үнсіз  айқайына  құлақ  аспау,  бір 
күні өзіміздің де сол есіктен кіретінімізді есепке ал-
май өмір сүру өте аянышты ғапылдық.
Аллаһ  Тағала  көптеген  аят  кәримәлерде  дүние 
өмірін  сынақ  мақсатында  жаратқандығын  баяндай-
ды.  Ғапылдыққа  салынып,  негізгі  мақсатымызды 
үмыту  ықтималына  байланысты  бір  иләһи  ескерту 
бабындағы мына аят кәрималарда былай делінеді:
«Әрбір  жан  иесі  өлімді  татады.  Сендерді  сынап, 
жақсылық не жамандықтармен байқаймыз. Бәрі бір 
сендер тек бізге қайтарыласыңдар». 
(Әнбия сүресі 35)
«Ол қайсыларың жақсы әрекет ететіндігін сынау 
үшін өлім мен өмірді жаратқан...» 
(Мүлк сүресі 2)
Сол  себепті  дүниеде  жасаған  ғибадат,  қарым-
қатынас,  ахлақпен  алып-берген  барлық  деміміз, 
бір  сөзбен  айтқанда,  ақтық  деміміздің  бағдаршысы 
іспеттес.  Сонымен  қатар  ақыреттегі  өміріміздің  осы 
дүниедегі аудармасы сияқты.
Имам Ғазали (рахматуллаһи аләйһи) былай дейді:
«Дүниеде мағрифаттың дәмін ала алмаған адам 
ақыретте  Аллаһтыңдидарын  көрудіңдәмінала  ал-
майды.  Адам  баласы  дүниеде  тауып,  ақысын  өтей 
алмаған бір нәрсеге ақыретте ие болмайды. Осы жер-
47

48
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
де бәрі не ексе, ақыретте соны орады. Бәрі қалай өмір 
сүрсе,  солай  өліп,  қалай  өлсе,  солай  тіріледі.  Міне, 
дүниеде мағрифатқа, яғни Хақ Тағалағаны танып, 
қажетінше  амал  етуі  қаншалықты  табысты  бол-
са,  ақыретте  соның  нығметіне  соншалықты  қол 
жеткізеді».
Сондықтан  әрбір  адам  алып  берген  әр  демі  арқы-
лы негізінде өзін иләһи жаза немесе сыйға әзірлейді. 
Аллаһ  Тағала  аят  кәрималарда  біз,  құлдарына,  бы-
лай ескертеді:
«Ей, 
иман 
етушілер! 
Өздеріңді 
және 
отбасыларыңды  отыны  адамдар  мен  тастардан 
болған оттан (тозақтан) қорғаңдар...» 
(Тахрим сүресі 6)
«Жәһаннам  алаулағанда  жөне  жәннат  жақын-
датылғаида  адам  не  өкелгендігін  білетін  болады». 
(Тәкуир сүресі 12-14)
«Осылай  бола  тұра,  қайда  барасыңдар?»
  (Тәкуир 
сүресі 26)
Бұл  жөнінде  әрбір  адам  бағыты  мен  қайда 
әзірленгендігіне көңіл бөлуге мәжбүр. Мұны да ақтық 
демге  қалдырмай,  өмір  бойы  осы  ұқыптылықпен 
емір сүргені жөн. Өйткені, пайда мен зиян, табыс пен 
жоғалту мәселелері дүние өміріне тән. Қабірде қандай 
да бір табыс немесе зиян туралы сөз болмайды.
Жер  бетінде  фәни,  жәлған,  нәпсілік  салтанат 
пен  жылтырақтарға  алданғандардың  және  осылай-
ша  рухани  сипатын  әлсіреткендердің  жер  астында 
қасірет пен қорлыққа тап болары хақ. Сонымен бір-
ге,  топырақ  астындағы  яғни  қабірдегі  өміріміздің 
дүниедегі  өмірімізден  қаншалықты  үзақ  болары  да 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
49
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
беймәлім. Сондықтан таза ақыл иесі адамның мінде-
ті ұзақ қабір өмірі мен одан кейінгі мәңгілік әлемге 
дайындық жүргізу.
Екінші жағынан, мүмин көңілдердегі иман нүрымен 
жарыққа қауышқан өлімнің қараңғы бейнесі үрейлі 
қорқыныш болудан шығып, мәңгілік өмір сүйіншісі 
халіне келеді. Дос-жарандардың мекен-жайына толы 
қабірстандар  иманды  адам  үшін  қараңғылық  өлкесі 
емес, үнсіз ескерту мен жол көрсету мекені. Ақылды 
мүмин  үшін  өмір,  өліммен  тығыз  қатынаста  болған 
табиғи ақиқат. Бұл тұрғыдан шынайы мүмин - өліммен 
тату адам. Өйткені, оғән әзірленіп, өмір сүргендіктен 
көңілі рахат. Қысқасы, ақтық деміміздің ең тамаша 
сәтіміз  болуы  Хақ  Тағалаға  деген  сүйіспеншілікке 
толы көңілге ие болуымызға байланысты. Керісінше, 
«дүние сүйіспеншілігі меи өлімге деген жиіркеніш» 
пен аяқталған өмірдің нәтижесі - қасірет.
Кәміл  ақырет  әзірлігін  Раббымыздың  Құран 
Кәримде 
баяндаған 
сүйетін 
сипаттарыңның 
ауқымына кіріп, яғни; тақуалық, зүһд және ихсанның 
иәтижесінде;  мейірім,  мархабат,  қызмет,  кешірім-
ділік,  жанқиярлык,  пен  сабыр  сияқты  жағымды 
сипаттармен  безеніп,  Хақ  Тағаланың  сүйген  құлы 
болу  деп  түйіндеуге  болады.  Осыған  орай  мүмин 
Аллаһ  Тағаланың  жомарттығыиан  үлгі  алып,  жо-
март  әрі  қайырымды  болуы  керек.  Тақуалық  пен 
сенімділікті өзіне әдет етуі қажет. Екінші жағынан, 
Раббтың  сүймейтін  тәкаппарлық,  менмендік,  ысы-
рап, зұлымдық, арандатушылық, ғайбат, өсек, жала, 
жалған  сөйлеу  сияқты  жәһаннамдық  сипаттардан 
қәшу  да  ақтық  демге  әзірленудің  маңызды  бөлігін 
құрайды.
49

50
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Құл  ақтық  демін  жақсы  аяқтау,  яғни  иманмен 
жан  тапсыруы  ушін  ең  алдымен  жүрегін  тазартуы, 
яғни  жағымсыз  қылықтардан  тазартып,  жақсы 
қасиеттермен  безендіруі  қажет.  Өйткені  осылайша 
жүректің тақуалық қалыпқа жетуі өмір жолының ең 
қүнды  һидайят  шырағы.  Мәуләнә  Хазіретінің  мына 
сөздері де тазарудың осы мәнін түсіндіргендей:
«Мазарды  таспен  де,  ағашпен  де,  киізбен  де 
жасауға  болмайды.  Дақсыз  көңіліңде  өзіңнің  ішкі 
тазалық  дүниеңде,  өзіңе  мазар  қазуың  қажет 
болғаны сонша, ол үшін Аллаһтың үлы заты алдын-
да өз болмысың мен өзіңе тән ой-арманыңды жоюың 
керек».
Тазарудың кәміл түрде іске асуы, жүректің дамуы 
үшін  де  Аллаһ  пен  Расулына  деген  сүйіспеншілік 
сезіміне  толы  болуы  қажет.  Аллаһқа  деген 
сүйіспеншіліктің  ең  үлкен  белгісі  оған  мойынсүну. 
Аллаһқа  қарсы  бола  түра  оған  сүйіспеншілігін  айту 
өзін өзі алдау болып табылады.
Аят кәримада Аллаһ Тағала былай дейді:
«(Расулым!)  Айт:  Егер  әкелерің,  ұлдарың, 
бауырларың, жұбайларың, туыс-туғандарың тапқан 
мал-мүліктер,  күйіп  кетуінен  қорыққан  сауда, 
рахаттанған  орындар  сендерге  Аллаһтан,  Расулы 
мен  Аллаһ  жолында  күресуден  де  сүйкімді  болса, 
онда  Аллаһтың  әмірі  келгенше  күтіңдер.  Аллаһ 
пасықтар  қауымын  һидайятқа  жеткізбейді».
  (Тәубе 
сүресі 24)
Сол үшін Аллаһ пен Расулына тән қасиетті махаб-
батымызды  барлық  нәрседен  жоғары  ұстап,  ақтық 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
51
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
демімізге дейін осыны жалғастыруға мүдделі болуы-
мыз  керек.  Көңілдің  Аллаһ  пен  Расулына  деген  ма-
хаббатта дамып, жетілуі езін ғибадат пен амалдардың 
орындалуында  көрсетеді.  Дүниеуи  құмарлықтарға 
берілген  иләһи  махаббаттан  алыс  көңілдің  жасаған 
құлшылығы  мен  иләһи  сүйіспеншілікке  толы 
көңілден  шыққан  ғибадаттың  арасында  өте  үлкен 
айырмашылық  бар.  Өйткені,  Аллаһ  пен  Расулына 
шынайы  сүйіспеншілікпен  берілген  мүминнің  халі 
мен  іс-әрекеттері,  адамдық  қарым-қатынастары, 
ғибадат  пен  құлдық  өмірінің  дәрежесі  өседі. 
Мүминнің  ақтық  демге  әзірленгенінде  ең  көп  көңіл 
бөлетін  мәселелердің  бірі  -  ғибадаттың  ынтамен  бе-
ріле жасалуы. Аят кәримәде Аллаһ Тағала құтылған 
мүминдердің сипаттарын баяндаған кезде:
َن�ُ� ِ�� َ� ْ�ِ�ِ�َ� َ� �ِ� ْ�ُ� َ��ِ���ا َن�ُ�ِ�ْ�ُ�ْ�ا َ�َ�ْ�َأ ْ�َ�

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет