Көңіл бақшасынан Осман Нұри топбаш


«Расында, мүминдер кұтылды; олар намазда ын-



Pdf көрінісі
бет4/24
Дата10.01.2017
өлшемі3,85 Mb.
#1602
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

«Расында, мүминдер кұтылды; олар намазда ын-
талы (бар болмысымен беріліп оқиды)». 
(Мүминун сүресі 
1-2)
 делінеді.
Керісінше,  намаздарын  ғапыл  түрде  оқитындар 
хақында да:
َن�ُ�� َ�  ْ�ِ�ِ�َ� َ� ْ�َ� ْ�ُ� َ��ِ���ا  َ��ِّ� َ�ُ�ْ�ِ� ٌ�ْ�َ�َ�
«Ондай  намаз  оқығандарға  нендей  өкініш,  олар 
намаздарына  немқұрайлы  қарайды». 
(Мағун  сүресі  4-5)
 
делінеді.
Байқағанымыздай,  Аллаһ  Тағала  құлдарының 
жүрек пен тән тепе-теңдігі ішінде қауышуға баспалдақ 
болатын ғибадатпен өмір сүруін қалайды. Осы иләһи 
қалау,  еш  шүбә  жоқ,  тек  қана  намаз  құлшылығына 

52
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
тән  емес,  ораза,  қажылық,  зекет  сияқты  барлық 
ғибадаттардың негізін қалайды.
Бұл  женінен  ораза  құлшылығы  нығметтердің 
қадірін 
білуімізді, 
жүрегімізбен 
жабырқаулы, 
мүңлы  көңілдерге  жақындауымызды,  кедейліктен 
жапа шеккендер алдында терең сезімге ие болуымыз-
ды қамтамасыз етуі керек. Сонымен қатар ораза бізді 
белгілі бір уақыттарда кейбір халалдардан тыюы се-
бепті, шүбәлі және харамдардан қаншама аулақ болу 
керектігінің  астарлы  ескертуі.  Қажылықта  болса, 
иләһи салтанат алдында құлдың еш екендігін есіне са-
лып, бейне бір кебін аясына кіру ойымен құлшылық 
жасалуы керек.
Аллаһ жолында мал-мүлік жұмсаған мүмин болса, 
мүліктің  негізінде  Аллаһтікі  деген  ойымен  аманат-
шы орнында екендігін түсінуі керек. Сонымен қатар 
қайырымдылық  ойы  жүрегін  баурап  алған  мүмин, 
басқаның  малына  қалайша  қызғанышты  көзбен 
қарай  алады?  Бірақ,  ғибадаттың  негізіндегі  құлдық 
ниеті  көңілдегі  сүйіспеншіліктің  тереңдігіне  қарай. 
Көңіл кірден тазарғанда ғибадаттар нақты қалыбына 
келіп, ол жерде Хақ күнінің нұры жарқырайды.
Ғибадаттардың 
қаншалықты 
тамаша 
ынта-
мен  орындалатындығын  тағы  да  Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  бен  сахабалардың 
өнегелі өмірінен байқай аламыз. Өмірдің ешбір саты-
сын ақырет шындығынан бөлектеп қарамаған Аллаһ 
Расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ғибадаттарда 
да соңғы демдегі кеңіл-күйге бөлену қажеттігіне на-
зар аударады.
Сондай-ақ,  бір  сахаба  Расулуллаһқа  (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) келіп:

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
53
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
-  Уа,  Расулаллаһ!  Маған  өсиет  айт,  бірақ,  қысқа 
және нұсқа болсын! - деді.
Сонда  Пайғамбарымыз  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм):
«Намазыңцы, (өмірмен) қоштасқан адамның на-
мазы сияқты оқы! Кешірім сұрауды қажет ететін 
сөзді айтпа! Адамдардың қолындағысынан үмітіңді 
үз!» - деді. 
(Ибн Мәже, Зүһд, 15; Ахмед бин Ханбәл, Мүснәд, V, 412)
Сондықтан  өлімге  әзірленуге  тырысқан  мүмин 
ретінде 
ғибадаттарымызбен 
қатар, 
қарым-
қатынастарымыз  бен  адами  іс-әрекеттерімізді  де 
Сүннеттен  фәйіз  алып  отырып,  жақсартуға  міндет-
тіміз.  Қолымызбен,  тілімізбен  үмметке  пайдалы 
жан  болып,  өзіміз  үшін  қалаған  бір  нәрсені  мүмин 
бауырымыз үшін де қалайтындай қамқор-лыққа же-
туіміз  керек.  Сөйтіп,  Аллаһ  пен  Расулына  деген  ма-
хаббат,  көңілімізден  барлық  жаратылысты  қамти 
алатындай жайылып, оларға Хақ Тағаланың көзімен 
қарауымызға себеп болуы қажет.
Ақтық  демге  дайындықта  екінші  маңызды  бір 
жәйт - ихсан сезімін жүрекке орнықтыру. Яғни Аллаһ 
Тағаламен әр сәт жүректің бірге болуын қамтамасыз 
етіп,  өзін  үнемі  Аллаһтың  назарында  екенін  сезіну. 
Пенденің ең үлкен бақыты - Раббысымен бірге болуы. 
Бірақ,  жүрекке  бағынбай,  нәпсіге  жеңілген  ақыл 
мұны  түсіне  алмайды.  Сондықтан  олар  ең  үлкен 
бақыттан хабарсыз.
Әрі  мүмин  тәуекелшіл,  сабырлы  болуы  керек. 
Өмірдің толқынында салмақтылығы мен тепе-теңдігін 
сақтай білуі керек. Пайғамбарымыздың (саллаллаһу 
аләйһи  уә  сәлләм)  басынан  өткен  ауыр  сынақтарды 

54
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
ойлап, алты баласының бесеуінен көзінің тірісіндө ай-
ырылса  да,  көңіл-күйінде  ешбір  ауытқу  байқалмай, 
тамаша түрде «ризашылық» танытқанын еске алып, 
немере ағасы Хамза (радиаллаһу анһу) мен өте жақсы 
көрген  Мұсғаб  (радиаллаһу  анһу)  шейіт  болғандағы 
сабырлылығы мен салмақтылығын ұмытпаған жөн.
Ақиқат 
жолаушысы 
пенденің 
бұл 
фәни 
әлемдегі  пәлекеттер  мен  қайғыларды  сабыр-
мен, 
үмытшақтықты 
зікірмен, 
опасыздықты 
шүкірмен, қарсылықты мойынсүнумен, сараңдықты 
жомарттықпен, менмендікті қамқорлықпен, күмәнді 
сенімділікпен, рияны ықылас, қарапайымдылықпен, 
қарсы  келуді  тәубемен,  ғапылдықты  тәфәккүрмен 
жойып, жүрегін белгілі бір қалыпқа келтіруі шарт.
Сонымен  қатар,  қасиетті  күндер  мен  түндер, 
әсіресе Аллаһ зікірімен өткізілген таңсәрі уақыттары 
Хаққа  жақындаудың  бұл  фәни  әлемдегі  нұрлы 
мүмкіндіктері. 
Ақыреттің 
бақыттылық 
таңы, 
таңсәрінің алаң-елеңінде сақтаулы. Өмір мен өлімді 
бейне  бір  бірлестіріп  өмір  сүрген  Хақ  достары 
Аллаһқа деген сүйіспеншілік пен қорқыныш сезімі-
мен  таңғы  қараңғылықта  зікір  және  тәфәккүрмен 
Хақ  Тағаланың  ризашылығын  іздеген.  Өйткені, 
Аллаһ ғашықтары үшін зікір мен тәфәккүрден аулақ 
өткен таңдар жырақтың сағаты болған.
Екінші бір маңызды нәрсе Аллаһ жолында қайыр 
жасау. Аят кәримада:
ِ� َ�ُ�ْ����ا �َ�ِإ ْ�ِ��ِ�ْ�َ�ِ� ا�ُ�ْ�ُ� َ� َو ِ�ا ِ��ِ� َ� �ِ� ا�ُ�ِ�ْ�َأ َو
«Аллаһ  жолында  жүмсаңдар.  Өздеріңе  өз 
қолдарыңмен  қауіп  төндірмеңдер...» 
(Бақара  сүресі  195)
 
делінеді.

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
55
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Тәпсіршілер бұл аят кәримәде айтылған қауіптің, 
«кедейліктен қорқу немесе дүние сүйіспеншілігімен 
дініне қызмет өту мен Хақтың сезін тарату жолындағы 
қайрат пен жанқиярлық, мал-мүлік жұмсаудан аулақ 
болу»  екендігін  айтады.  Сондықтан  мүмин  қандай 
жағдайда  болмасын,  Аллаһ  жолында  малымен  де, 
жанымен  де  қызмет  етуге  тырысуы  керек.  Өйткені 
осы  өмір  сияқты  қолымыздағы  дүниелер  де  аманат. 
Бұл аманаттарды орынды қолдану мәңгіліктің табы-
сы  болса,  сараңдық  пен  рахатқа  салынып  бұларды 
жинап, нәпсіге сақтау ақырет қайғысына себеп бола-
ды.
Мүмин  Аллаһ  жолында  жүмсау  турасында  мына 
ғибрат көрінісін есінен шығармағаны дүрыс:
Мәйіт  жерленгеннен  кейін  денеге  қүрттар 
қаптағанша туыс-туғандар көңіл айтып болады. Кей-
ін мирасшылар мал бөлуді бастаған кезде, топырақ та 
денені бөліп, жоғалта бастайды. Екі іс те бір қарағанда 
қатар жүреді де, қатар аяқталады. Бір жақта дене та-
ратылса, екінші жақта байлық таратылады. Бұл хал-
ді таңдана тамашалаған рух көптеген істеріне өкініп, 
қолымен  тізесін  ұрмақ  болады,  бірақ,  онда  қол  да, 
тізе  де  қалмаған!..  Ал  амалдар  басқаша...  Дүниеде 
ие  болған  тақуалық  пен  салих  амалдар  ақырет 
өміріміздің ең қайырлы қоры болады.
Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
былай дейді:
«Кабір (амалға қарай) не жәннат бақшаларының 
бір  бақшасы  неме-се  жәһаннам  шұңқырларының  бір 
шүңқыры». 
(Тирмизи, Қиямет, 26)

56
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Қысқасы,  қияметке  дейін  жалғасатын  қабір 
өміріміз дүниедегі ұстанымымыз бен амалдарымызға 
қарай түрленеді.
Міне, өлімді бір қасірет болудан қүтқарып, жеңіске 
айналдыру, оны қайғы емес, «той кеші» халіне жет-
кізу,  өлімге  әзірленіп  өлуді  білетіндердің  қолынан 
келеді.  Осы  түрғыда  фәйізді  өмір  сүріп  Раббысына 
қауышқан  атақты,  тарихымызға  теңдессіз  бір  есте-
лік  сыйлаған  енегелі  түлға  Забит  Мұзаффар  деген 
жауынгер:
Чанаққала  соғысында  ерекше  ерлік  жасап  үлкен 
пайда  тигізген,  көкірегіне  иман  толған  бұл  жігіт, 
Чанаққала  соғысынан  кейін  де  қарап  түрмай,  отан 
қорғау  үшін  бұл  жолы  шығыс  шебіне  жүгіреді. 
Қанды соғыс кезінде ауыр жараланады. Артынан ке-
летін ұрпаққа тағы екінші мәнді естелік қалдырып, 
шейіттіктің сусынын ішті. Ол мынадай:
От майданда үрысып, міндеті кезінде шейіт болған 
Забит Мұзаффар Бек соңғы демінде дауысы шықпай, 
көзімен де ештеңе түсіндіре алмаған сәтте қалтасынан 
бір  конверт  шығарып,  жерден  бір  шөптің  сынығын 
алып, ағып жатқан қанына малтып:
«Жауынгер!  Қыбла  қай  жақта?!..»  -  деп  жаз-
ды.  Қасындағылар  рухын,  бәйтүллаһқа  қарап, 
Аллаһқа тапсырмақ болған Мұзаффар Бекті Қыблаға 
бұрып,  оның  бұл  қалауын  орындады.  Жүзі  қауышу 
қуанышына  толған  сардар  ғазиз  рухын  шейіттікпен 
Раббысына тәслім етті.
Пенде өмірінде қандай кәсіп, іспен айналысса да, 
Қүбыла бағытынан айырылмаған болса, соңғы демін-

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
57
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
де де Аллаһ Тағала бір себептермен Қүбыланы табуды 
нәсіп  етеді.  Жұмысында  отбасында,  адами  қарым-
қатынастарда  пенденің  өмірінде  тәухид  сезінің 
шеңберінде  болып  Қыбланы  тапқандар,  көбінесе 
ақтық демінде де Қыбланың рахат шеңберіне кіреді. 
Әрине, Қыбла дегеніміз Құран мен Сүннет жолында 
тәухид сөзінің шеңберінде өмір сүру.
Маңыздысы,  өміріміз  бен  осы  фәни  демімізді         
�������ا ط���ا ����إ
      «бізді тура жолға сала гөр» 
(Фати-
ха сүресі 6)
 аят кәримасының сырына жетіп, тура жолда 
өткізу. Әйтпесе, қандай тастақта талқан болатындығы 
белгісіз,  бағытынан  адасқан  кеме  сияқты,  қасіретке 
толы бір нәтижеге душар болуы әбден мүмкін. Аллаһ 
Тағала барлығымызды ондайдан сақтасын.
Өмірін  бейне  өлімнің  қойнында  өткізгендей  емір 
сүріп,  «өлмей  тұрып  өліңдер»  сырын  түсінгендер 
Аллаһ  досы  ариф  құлдар.  Мұндай  жандардың 
қияметте  қорқыныш  пен  қайғыдан  аман  болары 
иләһи  уәде.  Артында  мәңгілік  әлемді  жасырып 
тұрған  сырлы  перде  болған  өлім  адамдық  қасиетін 
сақтап, өмір сүрген және Аллаһтың көмегімен ақтық 
демге  дайындалуға  қол  жеткізген  Мұндай  пенделер 
үшін үлкен бақыт. Нағыз қаһармандық та Аллаһ бер-
ген осы жан аманатын ақтық демде сол тазалығымен, 
адал сипатымен қайтару. Шайырдың айтқанындай:
Ол демде перделер ашылып, перделер жабылады. 
Әзірейіл «қош келді» деп айтудың өзі мықтылық!
Н. Фазыл Қысакүрек.
Расында да, ақтық дем бусыз, тегіс және дақсыз таза 
айна сияқты. Әрбір адам осы айнадан жақсылықтары 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
мен жамандықтарын, бүкіл өмірін айқын көреді. Ол 
сәт  көз  бен  құлаққа  ешқандай  мойындамаушылық 
пен  ғапылдық  пердесі  жабылмайды.  Керісінше, 
барлық  перделер  ашылып,  әртүрлі  мойынсүнулар 
ақыл мен үжданды өкінішке қалдырады. Сондықтан, 
өмірімізді өкінішке толы көретін айнамыз - ақтық де-
міміз  болмасын!  Бұл  айна  Құран  Кәрим  мен  Сүннет 
түрінде  тірі  кезімізде  өмірімізден  орын  алсын. 
Өйткені,  нағыз  бақытты  адамдар  өліммен  таныспай 
түрып өзін тани алғандар.
Раббымыз  соңғы  демімізді  мәңгілік  әлеміндегі 
сыйларымызды тамашалайтын терезе қылсын!
Әмин!
58

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
¶ëåìäå ç³ê³ðóëëàh
æ¯íå
Òà¤ñ¯ð³
Зікірдің  ең  берекелі  уақыты  таңсәрі 
уақыты.  Аллаһ  Тағала  түннің  бұл 
уақытында жасалған зікірге басқа кездер-
ден  де  артық  баға  береді.  Таңсәрілері  ти-
імді пайдалану – құлдың Раббысына деген 
ең  шынайы  сүйіспеншілік  пен  тағзымның 
белгісі. Түнгі намаз бен тәсбихаттары бей-
не  бір  ұлы  жармен  табысып  сұхбаттасу 
мәніне ие. Таңсәрілер фәйіз бен руханиятың 
бүкіл  бір  күнге  жеткізетіндей,  ерекше  ын-
тамен өткізілуі керек.

60
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
¶ëåìäå ç³ê³ðóëëàh æ¯íå òà¤ñ¯ð³
Раббымыз «әл-Хай» есімінің көрінісімен жаратқан 
барлық  жаратылысқа  өмір  сыйлаған.  Әлемде  «жан-
сыз»  делінетіндей  ешбір  жаратылыс  жоқ.  Өсімдік, 
жануар, адам сияқты жан иелерін назарға алып, жан 
соларға ғана тән сияқты көрінгенімен де, бір атомның 
ішіндегі заттардың қозғалысын иләһи сүйіспеншілік 
көзімен қарасақ, жансыз болып саналған бір заттың 
негізінде қандай жанға ие екендігіне таңданбай тұра 
алмаймыз. Бұл керемет микро жаратылыстардан ма-
кро жаратылыстарга қарай үнемі көбейе береді.
Аллаһ  Тағала  барлық  жанды-жансыз  жаратқан 
мақлұқтарына өзін танытып, оларды үнемі зікір ету-
ге  міндеттеген.  Сондықтан  да  барлық  жаратылыс, 
жаратылысы бойынша өз халдеріне тән түрде Раббы-
ларын танып, Оны зікір етеді.
Жансыз  заттар,  өсімдіктер,  жан-жануарлар  Ха-
зіреті  Пайғамбарымыз  бен  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм) басқа пайғамбарларды да таниды. Бұл жағдай 
пайғамбар  мұғжизаларында  үнемі  байқалады.  Олар 
реті  келгенде  тасқа,  таяққа  және  сол  сияқты  жан-
сыз  заттарға  Аллаһтың  құдіретімен  бейне,  рух  бе-
реді.  Осы  себептен  де  Әбу  Жәһилдің  қолындағы  та-

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
61
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
стар,  Пайғамбарымыздың  мұғжизасы  мен  тіл  бі-
тіп,  оның  туралығын  құптап,  Хақ  Тағалаға  зікір 
еткен.  Хазіреті  Мұсаның  қолындағы  таяғы  болса, 
ол  да  Аллаһтың  құдіретімен  айдаһарға  айналып, 
Перғауынды  қорқытқан.  Және  бір  кездері  Қызыл 
теңіз, иләһи әмірге бас иіп, Хазіреті Мұса мен сахаба-
ларына жол болып, керісінше, артындағы Перғауын 
мен оның әскерлеріне келгенде, оларды танып, жой-
ып  жіберген.  Пайғамбар  мешітіндегі  құрма  шөркесі 
де  Расулуллаһтан  айырылып,  қайғырып,  егіліп 
жылаған. Сондай-ақ көптеген жануарлар да өздеріне 
зұлымдық  жасаған  иелері  туралы  сол  Жараты-
лыс  Нұрына  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  шағым 
жасаған.
Хазіреті Мәуләнә мына түйінді жолдарымен жан-
сыз  заттардың  иләһи  бұйрыққа  мойынсүнуларын 
қандай тамаша баяндайды:
«Көрмейсің 
бе? 
Бұлттар, 
күн, 
ай 
мен 
жұлдыздардың барлығы бір тәртіппен әрекет етуде. 
Бұл  сансыз  жұлдыздардың  әрқайсысы,  уақытында 
туады, кешікпейді де, ерте шықпайды да.
Бұл  ғажайыптарды  қалайша  пайғамбарлардың 
мұғжизаларынан  білмей,  түсінбедік?  Олар  тас  пен 
таяққа  да  ақыл  берді.  Осыларға  қарап  басқа  жан-
сыздарды таяқпен, тас сынығымен салыстыр.
Тас  сынықтарының  ғазиз  Пайғамбарымызға 
және таяқтың Хазіреті Мұсаға мойынсұнуы, басқа 
да  жансыз  деп  ойлаған  барлық  жаратылыстардың 
Хақ  Тағаланың  бұйрығына  қалай  бас  иетіндігін 
білдіреді.  Олар:  «Біз  Аллаһты  білеміз  және  Оған 
мойынсұнамыз. Біз кездейсоқ жаратылған бос нәрсе 

62
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
емеспіз.  Біз  бәріміз  Қызыл  теңіз  сияқтымыз.  Ол 
теңіз  бола  тұра  тұншықтыратын  Перғауын  мен 
Исрайл ұлдарын танып, ажыратты.»
Тас  пен  ағаш  қайда  болса,  Хазіреті  Мұстафаны 
көргенде, міндетті түрде Оған сәлем берген еді ғой. 
Міне, жансыз санаған барлық нәрсенің жанды екен-
дігін осылайша біл!»
Яғни тек адамдар мен жындар ғана емес, жан-жа-
нуарлар,  тіпті  жансыз  заттарға  дейін  барлық  жара-
тылыс құрметі үшін жаратылған Пайғамбарымызды 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) иләһи бір сырмен та-
ниды. Оған шексіз махаббатпен мойынсұнады. Бірақ, 
дүние  өміріндегі  сынақ  сырына  байланысты  адам 
баласының  кезіне  жабылған  ғайып  пердесі  көбінесе 
мұны білуге кедергі болады. Хазіреті Пайғамбардың 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бізді ғапылдықтан оя-
татын мына хадистері қандай ғибратты:
«Жындар  мен  адамдардың  қарсы  келгендерінен 
басқа,  жер  мен  көктегі  барлық  жаратылыс  менің, 
Аллаһтың  Расулы  екенімді  біледі». 
(Ахмед  бин  Ханбәл, 
Мүснед, III, 310)
Бұл  Аллаһ  пен  Расулын  танып  мойынсұну  тек 
адамға  ғана  тән  емес  екендігін  көрсетеді.  Керісінше 
бұл жөнінде басқа жаратылыстардың да, сөзсіз, одан 
да жоғары дәрежеде екендігін айтуға болады.
Аллаһ Тағала аят кәримәде бұл шындықтың басқа 
бір жаратылыстағы көрінісін былай баяндайды:
«Құстарды  және  тәсбих  ететін,  зікір  салатын  та-
уларды  да  Дәуітке  бас  идірдік.  (Бұны)  біз  істедік» 
(Әнбия сүресі 79)

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
63
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Раббымыз өз аят кәрималарымен ғапылдарды оя-
тып,  барлық  жаратқан  нәрсесі  езін  танитындығын 
және  біздің  түсінігіміз  жетпейтін,  өздеріне  тән  тіл-
дерімен  Жаратушысын  зікір  ететіндігін  айтады. 
Мақлұқаттың  зікірін  ести  білу  тек  қана  ғибадат, 
зікір,  тәсбих  және  шынайы  құл  болып  өткізілген 
өмір  нәтижесінде  көңілдіңтазаруы  мен  осылайша 
ғапылдық  перделерінің  ашылып,  ақиқат  әлемін 
түсінумен  мүмкін  болады.  Юнус  Әмре  Хазіретінің 
сары  гүлмен  өткізген  сұхбаты  осыған  жатады.  Ұлы 
Хақ  досы  Әзиз  Махмуд  Һудайи  Хазіретінің  мына 
әңгімесі өсімдіктер әлемінің де Аллаһты зікір етумен 
шұғылданатынын тамаша баяндайды:
Бір күні Үфтаде Хазіреті мүридтерімен бірге қыр 
сұхбатына шығады. Әмірі бойынша барлық дәруіштер 
қырдың еңтамаша жерін аралап, ұстаздарына бір-бір 
құшақ  гүл  әкеледі.  Бірақ,  Қазы  Махмуд  мырзаның 
қолында  ғана  сабағы  сынған,  солғын  бір  гүл  бар 
еді...  Басқалары  қолдарындағысын  үстаздарына 
қуана үсынғаннан кейін Қазы Махмуд басын иіп, сол 
сынған,  солғын  гүлді  Үфтаде  Хазіретіне  үсынады. 
Үфтаде Хазіреті таңданып қарап түрған мүридтерінің 
алдында:
«Балам Махмуд! Бәрі құшақ-құшақ гүл әкелгенде 
сен  неге  сабағы  сынық,  солған  гүл  әкелдің?  -  деп 
сұрады.
Қазы Махмуд әдеппен басын иіп, былай жауап бер-
ді:
«Тақсыр! Сізге не ұсынсам да аз. Бірақ, қай гүлді 
жұлмақ  болып  қолымды  созсам,  оның  «Аллаһ, 
Аллаһ» деп, Раббысын зікір еткенін естідім. Көңілім 

64
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
булардың  бұл  зікірлеріне  кедергі  жасауға  разы  бол-
мады. Шарасыз мен де қолымдағы зікір ете алмаған 
мына гүлді әкелуге мәжбүр болдым».
Хазіреті Мәуләнә былай дейді:
«Құстың сұлтаны ләйләк. Оның «ләк, ләк» - тары 
не екенін білемісің? Ол: Хамдү ләк, шүкрү ләк, мүлкү 
ләк,  уа,  Мүстәан!  (Яғни,  мадақ  саған,  шүкір  саған, 
мүлік  сенікі,  ей,  жәрдем  күтілген  Раббым!)  деген 
сөз».
Мұхиддин  Араби  (құддисә  сирруһ)  бұл  жайында 
былай дейді:
«Барлық  жаратылыс  өздеріне  тән  түрде  Аллаһты 
зікір  етеді.  Бірақ  бұл  жайында  жаратылыстар  әр 
түрлі дәрежеде:
Мақлұқаттың  ішінде  ғапылдықтан  ең  аулағы 
жансыздар.  Өйткені  олар,  жеп-ішу,  ауамен  дем  алу 
сияқты қажеттіліктерді керек етпейді.
Жансыздардан кейін өсімдіктер келеді. Қажеттілік 
басталады. Өйткені, топырақтан, судан және күннен 
алған қоректерін иләһи өлшеммен реттеп, түрлі-түсті 
гүлдер, жапырақтар мен жемістер шығарады.
Одан  кейін  жануарлар  келеді.  Бұлардың  өмірлік 
қызметтері  өсімдіктерден  де  кәміл.  Сондықтан  
қажеттіліктері көбейіп нәпсіқұмарлық артқан.
Адам қажеттіліктерінің шегі жоқ. Менмендік, ар-
ман мен дүниеуи ашкөзділік оны үнемі ғапылдыққа 
жетелейді.»
Аят кәримада:

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
65
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
َكا�� َ�َ� َ�َ�َ� َ� يِ���ا ِ��ِ�َ�ْ�ا َ�ِّ�َ�ِ� َك��َ� �َ� ُن� َ�ْ�ِ�ْا �َ���َأ �َ�
َ�َ���َر َء� َ��َ� ٍةَر� ُ� ِّىَأ �ِ� َ�َ�َ�َ�َ�
«Ей, адам! Сені жаратып, түзу етіп, тепе-теңдікке 
жеткізіп, саған қалағаны сиякты түр берген жомарт 
Раббыңа қарсы сені алдатқан не нәрсе?» 
(Инфитар сүресі 
6-8)
Әлемдегі  сырлар  мен  хикметтерді  нақты  түрде 
түсіне  білу  -  тек  көңіл  әлемінде  тереңдеуге  байла-
нысты  мәселе.  Көңіл  көзімен  жер  бетіне,  аспанға 
көз салған мүмин жүрегіне басқа бір сезім толғанын 
сезеді.  Құран  Кәрим  көк  пен  жерде  зәреден 
ғаламшарға  дейін  барлық  нәрсе  Жаратушысын  зі-
кір етіп, мадақтайтындығын баяндайды. Көктердің, 
жердің, таулардың, ағаштардың, көгалдың, күннің, 
айдың,  жүлдыз  бен  найзағайдың,  жануарлардың, 
құлаған  тастардың,  тіпті  оңды-солды  жерге  түскен 
көлеңкелердің таңертең-кешке сәжде еткендігін бы-
лай жеткізеді:
«Көктер мен жердегілер және олардың көлеңкелері 
де таңертең, ақшам қаласын-қалама-сын тек Аллаһқа 
ғана сәжде етеді». 
(Рағд сүресі 15)
«Аллаһ жаратқан қандайда бір нәрсені көрмедің 
бе?  Оның  көлеңкелері  кішірейіп,  Аллаһқа  сәжде 
етіп, оңға-солға бұрылады». 
(Нахл сүресі 48)
Аят кәрималар алдымызға өте тамаша бір көрініс 
жаяды.  Бұл  көріністе  сәжделер  көлеңкелердің 
қатысуымен  бірхалде.  Яғни  біреуі  жаратылыстың, 
екіншісі  сол  жаратылыстың  көлеңкесі  болып  бір 
сәтте қос сәжде жасайды... Әлемнің әрбір зәресі сеніп 
65

66
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
не сенбей, бәрі бірге Раббыға ғибадат ету үшін сәжде 
жасап,  өзін  Жаратушысының  қүзырында  мінде-
тін орындауға атаған... Барлық әлем сәждеде болса, 
тіпті кәпірлер мен ғапылдардың болмысы да еріксіз 
түрде Хақ Тағаланың еркіне бас исе, өкінішке орай, 
сол  ғапылдардың  жүректері  күпірлік  пен  күнәнің 
ғапылдығы мен адасушылығында!
Аллаһтан  басқаны  тәңір  еткен  ғапылдар,  пұтқа 
айналдырған нәрселерінің өздері көлеңкелеріне дей-
ін,  барлық  жаратылыс,  сол  өздері  жоққа  шығарған 
Аллаһқа  бет  бұрып,  Рабтың  бүкіл  әлемге  қойған 
тәртібіне бағынатындығын қалайша білмейді! Қандай 
үлкен алданушылық пен зиян десеңізші!
Және  аят  кәрималарда  көлеңкелерден,  заттар-
дан,  жандылардан,  періштелерден  қүралған  бір 
көрініс  суреттейді.  Бәрі  де  ғибадат  ынтасымен,  бе-
ріле  міндеттерін  атқаруда.  Аллаһқа  ғибадат  ету-
ден  қашып,  әмірлеріне  қарсы  шығу  бейбақтығы 
тек  адам  баласының  адасқан  ғапылдарына  тән 
жәйт.  Аят  кәримәлер  барлық  жаратылыстың,  тіп-
ті  көлеңкелердің  өзі  Раббыларына  бас  июін,  осы 
ғапылдарды келеке еткеңцей, беттеріне басады.
Расында,  айналамызға  ғибратпен  көз  салсақ, 
көкжиектің  түңғиығына  қарай  созылған  көктердің 
жерге жабылуы, таулардың созылуы - өзгеше сәжде 
халі.  Ағаштардың  гүлдер  мен  көгалдың,  жануар-
лар  мен  адамдардың,  оңнан-солдан  жерге  түскен 
көлеңкелері сол ынталы сәжде халін қандай тамаша 
көрсетеді.
Бейне  бір  жер  әрбір  жаратылыс  көлеңкесінің 
жайнамазы  іспеттес.  Жаңбыр  оқиғасы  да,  бейне  бір 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
67
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
аспанның  жылауы,  жарқылдаған  найзағайдан  соң 
шыққан  күннің  күркіреуі  -  аспанның  кеудесінен 
атқылаған айқын айғайлар.
Жер мен көктегі мақлұқтардың халдері ұғынатын 
жүрек  үшін  керемет  бір  насихат.  Ең  кішкентай  бір 
құрттың  иненің  ұшындай  жүрегіндегі  жалбарыну-
ынан  ең  үлкен  айбарлы  жануарлардың  ақырғанына 
дейін барлығы, иләһи қүдірет ағысының бөлек-бөлек 
керіністері.
Бұлбұлдардың  тамшыдай  ғана  жүректерінен 
төгілген жалбарыныш үндері, кептерлерден шыққан 
«һу, һу», ләйләктардан шыққан «ләк, ләк»дауыстары 
үғынатын  көңіл  үшін  қандай  әсерлі  мадақтаулар. 
Хақ Тағала аят кәримәде былай дейді:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет