Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялауға арналған басылымдар тізіліміне енгізілген Қр бғм бғсбк 30. 05. 2013 ж



Pdf көрінісі
бет36/37
Дата12.01.2017
өлшемі3,95 Mb.
#1731
түріДиссертация
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37

251
объективті сыртқы факторларға және жекелеген 
жеке адамдарға бағытталған әртүрлі шараларды 
(ықпал ету шараларының жүйесін) қамтиды.
Сондықтан  да,  салық  төлеуден  жалтарудың 
алдын  алу  мақсатында  ақпараттық  техно-
логияларда  түсіндіру  іс-шараларын  ауқымды 
қолдану қажет. Оның ішінде, салық төлемеушілер 
туралы 
мәліметтерді 
(салық 
төлемеген 
тұлғалардың  аты-жөнін,  заңды  тұлғалардың 
атауын) қоғамдық орындарда, бұқаралық шалара 
өтетін  жерлерде,  көшедегі  билбордтарда  ашық 
жариялау  тиімділігі  де  өз  нәтижелерін  берері 
айқын.
Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың 2014 
жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы — 2050: 
Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  Қазақстан 
халқына  Жолдауына  терең  зер  салып  байқасақ, 
шешімі  бүгінгі  таңда  және  жақын  болашақта 
тарқатылуы тиіс көкейтесті мәселелердің басым 
көпшілігі түбінде экономиканың ауадай маңызды 
саласы салық жүйесімен ұштасатындығын анық 
байқауға болады. 
Мәселе,  Президентіміз  әділ  атап  өткендей, 
«мемлекеттің міндеті — осыған барлық жағдайды 
жасау»,  ал  біздің  міндетіміз  ол  «өзімізді  үнемі 
қамшылап, ұдайы алға ұмтылу» [8].
Сонымен, тұжырымдай келе:
Салық төлеуден жалтарудың алдын алу үшін 
мемлекетімізбен жүргізіліп отырған қылмыстық 
саясат әлі де болса тиімсіз. Сол себепті еліміздің 
салық  салу  жүйесі  қоғамдық  қатынастардың 
дамуына  орай  мемлекеттік  ресурстарды 
қалыптастыруда алдыңғы қатарлы орынға шығуы 
заңды нәрсе. Салықтар жалпы мемлекеттік және 
жергілікті бюджеттердің бірден-бір қайнар көзі 
болғандықтан  мемлекеттің  салық  жүйесінің 
үнемі тиімді жұмыс істеу қажеттілігін айқындауы 
керек.
Бүгінгі  таңда  Қазақстанда  салық  төлеуден 
жалтару  қылмыстарын  жасауға  ешқандай  да 
негіз  жоқ.  Қолданыстағы  салық  салу  жүйесі 
оның  негізгі  талаптарына  толыққанды  жауап 
береді.  Оның  бір  айғағы  соңғы  жылдары  ішкі 
өнімнің  артуы  есебінен  мемлекеттік  бюджетке 
салық түсімінің көбеюі.
Сонымен  қатар,  бұрын  соңды  тарихымызда 
болмаған  тағы  бір  маңызы  өте  жоғары  игілікті 
іс — ол Қазақстан Республикасы Президентінің 
«Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет 
үшін  жағдайды  жақсарту  жөніндегі  түбегейлі 
шаралар  туралы»  2014  жылғы  27  ақпандағы        
№ 757 Жарлығы. [9]
Аталған  Жарлықты  іс  жүзіне  нақты  асыру 
мақсатында  Қазақстан  Республикасы  Бас 
Прокурорының  2014  жылғы  2  сәуірдегі 
«Қазақстан  Республикасында  кәсіпкерлік  қыз-
мет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегей-
лі  шаралар  туралы»  Қазақстан  Республикасы 
Президентінің 2014 жылғы 27 ақпандағы №757 
Жарлығын  іске  асырудың  кейбір  мәселелері 
туралы  №31  бұйрығы  ерекше  атап  өтуге 
тұрарлық [10].
Өйткені,  салық  қылмыстылығының  түп-
қазығы  қоғамдық  қатынастардың  басқа 
алаңдарында  жатса  керек.  Ол  дегеніңіз,  ең 
алдымен, адамдардың құқықтық және салықтық 
мәдениетінің  таяздығынан  (мүмкін,  жасанды), 
құқық  қорғау  органдары  қызметінің  жүйелі 
олқылықтарынан,  салық  қылмыстарын  ескерту 
мәселелеріне  қатысты  мемлекет  тарапынан 
жеткіліксіз көңіл бөлінуінен туындайтыны ащы 
шындық.
Қазақстанда  салық  төлеуден  жалтару 
қылмыстары  тікелей  көлеңкелі  экономика 
мен  парақорлыққа  ұштасатын  болғандықтан, 
оларға  қарсы  ұйымдастырылатын  іс-шаралар 
ұзақ  мерзімді  мемлекеттік  стратегиялық 
жоспарларда  көрсетілуі  тиіс.  Бірінші  кезекте 
көлеңкелі  экономикаға  қарсы  басты  мақсатты 
қалыптастырып, нақты дәрежесін анықтап, оны 
ең төменгі деңгейге жеткізу.
ҚР  ҚК-інде  көзделген  салық  саласындағы 
қылмыстар  субъективтік  жағынан  тек  тікелей 
ниетпен  жасалатындығына  қарамастан,  тәжі-
рибеде  онсыз  қылмыстық  жауаптылыққа  тарту 
мүмкін  болмайтын  қылмыс  белгісі  –  кінәні  – 
анықтау өте қиын. Күдікті адамдардың кінәларын 
анықтаудың бір жолы – тиісті салық құжаттары. 
Анықтау,  тергеу  және  прокуратура  органдары 
көрінеу  қылмыс  деректері  бойынша  кінәлілікті 
сол салық құжаттарының болмауынан дәлелдей 
алмайды.  Сол  себепті,  салық  құжаттарын 
түрлі  жолдармен  жойып  жіберетін  лауазымды 
адамдардың жауаптылығын қатаңдату керек.
Өкінішке  орай,  жағдай  әлі  де  болса  жан 
қынжылтытады.  Еліміздің  қазіргі  уақыттағы 
салық  жүйесі  мәселелерінің  ішінде  салық 
салу  саласындағы  қылмыстылықтың  жоғары 
деңгейі  әрі  латенттігі  (жасырындылығы)  елеулі 
алаңдатушылық тудырады.
Бұл  қылмыстылық  күрделі  құрылымға, 
түрлі  детерминаттар  жүйесіне,  өзінің  тудырған 
көп  қырлы  кешенді  қоғамдық  қатынастар  мен 
институттарына  ие.  Салықтық  табыстары  мен 
бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді 
төлеуден 
жалтару 
тиісті 
объектілердің 
оларды  салық  органдарына  төлеуден  жалтару 
мақсатында жасырып қалуларынан көрінеді. 
Трибуна молодого ученого

№ 3 (35) 2014 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы  
252
Салық  саласындағы  қылмыстардың  негізгі 
ниеті  адамдарды  сол  қылмыстарды  жасауға 
итермелейтін пайдакүнемдік.
Осы мәселелерді саралай келе салық төлеуден 
жалтару  қылмыстарының  алдын  алудың 
жалпы  және  арнайы  шаралары  құқық  қорғау 
органдарына, оның ішінде, қаржы полициясына 
салық төлемеумен немесе мемлекет алдындағы 
басқа 
да 
қаржылық 
міндеттемелерін 
орындамаумен  байланысты  қылмыстардың 
алдын алу, оларды анықтау және тергеу, сондай-
ақ  экономикалық  тұрғыдан  кешенді  дамып 
келе жатқан мемлекетімізге залалдар келтіретін 
басқа  да  экономикалық  қылмыстар  мен  құқық 
бұзушылықтарға  қарсы  күресу  функцияларына 
елеулі септігін тигізері хақ.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы: 1995 жылғы 30 тамызда қабылданды. «Әділет» 
ақпараттық-құқықтық жүйесі. http: adilet.zan.kz/kaz/docs/U950002737_.
2. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегі N 167 Қылмыстық Кодексі. «Әділет» 
ақпараттық-құқықтық жүйесі. http:adilet.zan.kz/kaz/docs/K970000167_.
3.  Қазақстан  Республикасының  Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  Кодексі  2014ж  5  шілде 
№235-V ҚРЗ.
4.  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2009  жылғы  24  тамыздағы  №  858  Жарлығымен 
бекітілген  Қазақстан  Республикасының  2010  жылдан  2020  жылға  дейінгі  кезеңге  арналған 
Құқықтық саясат тұжырымдамасы. «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі. http://adilet.zan.kz/kaz/
docs/U090000858_.
5.  Қазақстан  Республикасы  Жоғары  Сотының  2013  жылғы  27  ақпандағы  «Салық  заңнамасын 
қолданудың  сот  практикасы  туралы»  №  1  нормативтік  қаулысы.  «Әділет»  ақпараттық-құқықтық 
жүйесі. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P130000001S.
6. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 2 «Экономикалық 
қызмет саласындағы қылмыстарды саралаудың кейбір мәселелері туралы» Нормативтік қаулысы.
7.  Каиржанов  Е.И.,  Айкимбаев  А.К.  Проблемы  борьбы  с  уклонением  от  уплаты  налогов  в 
Республике Казахстан: учебное пособие. – Алматы: Өркениет, 2000. – 168 с.
8. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына 
Жолдауы // Егемен Қазақстан. – 2014, 17 қаңтар.
9.  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  «Қазақстан  Республикасында  кәсіпкерлік  қызмет 
үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегей¬лі шаралар туралы» 2014 жылғы 27 ақпандағы № 757 
Жарлығы.
10.  Қазақстан  Республикасы  Бас  Прокурорының  2014  жылғы  2  сәуірдегі  «Қазақстан 
Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 757 Жарлығын іске асырудың 
кейбір мәселелері туралы № 31 бұйрығы.
Мақалада автор Қылмыстық заңнамадағы салықты төлеуден жалтару қылмысының өзекті 
мәселелері талқыланады. 
Түйін сөздер: Қылмыс, салық, қылмыскер, салықты төлеуден жалтару, заңнама, жауапкершілік.
В статье автор рассматривает актуальные проблемы преступлений, связанных с уклонением 
от уплаты налогов в уголовной политике и уголовной законодательстве.
Ключевые  слова:  Преступление,  налог,  преступник,  уклонение  от  уплаты  налогов, 
законодательство, ответственность.
● ● ● ● ●

253
In the article author consider  actual problems of crime associated with tax evasion in the criminal 
policies and criminal law
Keywords: Crime, tax, criminal, tax evasion, law, responsibility.
Гүлдана Батырбайқызы Қаржасова,
PhD докторы, аға оқытушы Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық Университеті
Салықты  төлеуден  жалтару  қылмыстарына  қарсы  қылмыстық  саясаттың  өзекті 
мәселелері
Қаржасова Гүлдана Батырбаевна,
доктор  PhD,  старший  преподаватель  Карагандинского  экономического  университета   
Казпотребсоюза
Актуальные  проблемы  уголовной  политики  в  отношении  преступлений,  связанных  с 
укрытием от уплаты налогов
Қarzhasova Gүldana Batyrbaevna,
Dr. PhD, Senior Lecturer Karaganda Economic University Kazpotrebsoyuz
Important issues of the criminal policy with references to crimes related to shelter from taxes
Трибуна молодого ученого

№ 3 (35) 2014 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы  
254
2014 жылғы 11-14 қыркүйек аралығында Грецияның 
Афины қаласында өткен «Демократияның жаңа сынаулары» атты 
халықаралық ғылыми-практикалық конференция туралы 
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
2014  жылғы  11-14  қыркүйк  аралығында 
«Қазақстан  Республикасының  Заң  шығару 
институты» ММ-мен Еуропалық жария құқығы 
ұйымы  (бұдан  әрі  –  ЖҚЕҰ)  арасындағы  өзара 
түсіністік  туралы  Меморандум  шеңберінде 
Қазақстан делегациясының Афины қаласындағы 
ЖҚЕҰ-ның штаб-пәтеріне іс-сапары өтті. 
Бұл  іс-сапарға  Қазақстан  Республикасының 
Заң  шығару  институтының  халықаралық  заң-
нама  және  салыстырмалы  құқықтану  бөлімінің 
бастығы  А.Ж  Сағидан  қатысты.  Іс-сапар 
барысында  Сағидан  А.Ж.  Афины  қаласындағы 
Еуропалық  жария  құқығы  ұйымы  директорлар 
кеңесінің  жиналысы  және  Грецияның  Спецес 
аралында  жария  құқығы  бойынша  Еуропалық 
топтың жыл сайын өткізілетін конференциясына 
қатысты.
11 қыркүйекте Афины қаласында Еуропалық 
жария құқығы ұйымының директорлар кеңесінің 
бесінші жиналысы өткізіліп, жиналысқа Сағидан 
А.Ж. бақылаушы ретінде шақырылды.
Директорлар 
кеңесінің 
жиналысында 
мынадай сұрақтар қарастырылды:
- директорлар кеңесінің жаңа мүшелері;
- ЖҚЕҰ және оның дамуы;
-  ЖҚЕҰ  инфрақұрылымы:  болашағы  және 
басқарылуы;
- зерттеулер және институционалды құрылыс 
туралы іс-шаралар;
- қаржылық мәселелер;
- әкімшілік мәселелер.
12  қыркүйекте  Спецес  аралында  кон-
ференцияны 
Еуропалық 
жария 
құқығы 
ұйымының  директоры  профессор  Спиридон 
Флогаитис ашып, кіріспе сөз сөйледі. Спиридон 
Флогаитис  Еуропалық  жария  құқығы  ұйымы 
қызметінің  басымдық  қызметтері  туралы 
баяндамасында  ұйымның  мақсаты  ғылыми-
зерттеу,  білім  беру  бағдарламаларын  қолдау, 
сонымен  қатар  Еуропаның  демократиялық 
институттарына көмек беру деп атап өтті.
Конференция  іс-шараларына  шет  елдердің 
ғылыми  қауымдастығы  (30  мемлекеттен  артық, 
сонымен  қатар,  Ұлыбритания,  Франция, 
Германия,  Италия,  Испания,  Нидерландия, 
Ирландия  және  т.б.),  халықаралық  ұйымдар, 
мемлекеттік органдар, ғылыми және білім беру 
мекемелері қатысты.
Конференция  бағдарламасы  5  сессиядан 
құралды. 
«Жалпы  кіріспе:  сот  және  саяси  билік  – 
шекаралық  сызық  қайда?»  тақырыбындағы 
бірінші сессияны профессор Дэтью де ля Рошер 
(Франция) басқарды. Бірінші сессияда профессор 
М. Киттидің (Флоренция Университеті, Италия) 
және  профессор  Б.  Мэтьюдің  (Франция 
Университеті) баяндамалары тыңдалды.
«Конституциялық  императивтер  –  айқын-
дық,  қатысу,  құқықтық  белгісіздік»  атты 
екінші  сессияға  профессор  Х.Трут  (Гамбург 
Университеті, Германия) төрағалық етті.
Екінші сессияда профессор П. Джонасонның 
(Швеция),  профессор  А.  Сандуллидің  (Италия) 
баяндамалары тыңдалды.
«Құқықтың  көптігі  демократияның  аз 
дегені  ме?»  тақырыбындағы  үшінші  сессияны 
Кипрдің Бас адвокаты Костас Клеридес жүргізді. 
Сессияда профессор М. Прата Роктың (Лиссабон 
Университеті,  Португалия),  профессор  Дж. 
Званның  (Эрасмус  Университеті,  Нидерланды) 
баяндамалары тыңдалды.
Төртінші сессияны профессор доктор Мария 
Потакова  (Братислава  Университеті,  Словакия) 
жүргізді.  Төртінші  сессия  шеңберінде  доктор 
Ч.  Николаидистің  (Королевский  колледж, 
Ұлыбритания)  және  апелляциялық  судья  Лорд  
Р. Хонның баяндамалары тыңдалды.
Бесінші  сессияның  шеңберінде  Еуропалық 
жария  құқығы  ұйымының  Еуропалық  ғылыми 
кеңесі ретінде қазіргі кезде әрекеттегі Еуропалық 
жария  құқығы  ұйымының  он  тоғызыншы 
отырысы  өтті.  Онда  EPLO  қызметінің  есебі, 
«Диссертация  2014»  сыйлығы  жөніндегі 
Комитеттің баяндамасы және басқа да әкімшілік 
мәселелер талқыланды. 
Анар Жарылқасынқызы Сағидан,
ҚР Заң шығару институтының 
халықаралық заңнама 
және салыстырмалы құқықтану бөлімінің 
бастығы - бас сарапшы, з.ғ.к.

255
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
о международной научно-практической конференции 
«Новые вызовы демократии» в г. Афины, Греция, 
11-14 сентября 2014 года 
В  период  с  11  по  14  сентября  2014  года  в 
рамках  Меморандума  о  взаимопонимании 
между 
ГУ 
«Институт 
законодательства 
Республики Казахстан» и Европейской Органи-
зацией  публичного  права  от  13  октября 
2011  года  состоялся  визит  казахстанской 
делегации  в  штаб-квартиру  Европейской 
организации публичного права (далее – ЕОПП) 
г.  Афины  (Греция).  Институт  законодательства 
Республики  Казахстан  представляла  начальник 
отдела 
международного 
законодательства 
и  сравнительного  правоведения  Сагидан 
А.Ж.  В  ходе  командирования  Сагидан  А.Ж. 
приняла участие в собрании Совета директоров 
Европейской  организации  публичного  права 
в  г.  Афины  (Греция)  и  ежегодной  конференции 
Европейской  группы  по  публичному  праву, 
организованной  Европейской  организацией 
публичного права на острове Спецес (Греция).
11  сентября  в  г.  Афины  прошло  собрание 
Совета  директоров  ЕОПП,  на  которое  Сагидан 
А.Ж. была приглашена в качестве наблюдателя.
На  собрании  Совета  директоров  были 
рассмотрены следующие вопросы:
- новые члены Совета директоров;
- ЕОПП и ее развитие;
-  существующая  инфраструктура  ЕОПП: 
перспективы и управление;
- финансовые вопросы;
-  образовательные,  исследовательские  меро-
приятия и мероприятия по институциональному 
строительству;
- административные и кадровые вопросы;
- другие вопросы. 
12  сентября  на  острове  Спецес  открыл 
конференцию  и  выступил  с  приветственным 
словом  директор  ЕОПП  профессор  Спиридон 
Флогаитис.  В  своем  выcтуплении  о  приоритет-
ных  направлениях  деятельности  Европейской 
организации  публичного  права  Спиридон 
Флогаитис  отметил,  что  целью  организации 
является  поддержка  научно-исследовательских, 
образовательных  программ,  а  также  оказание 
помощи демократическим институтам в Европе.
В  мероприятиях  конференции  приняли 
участие  представители  научного  сообщества 
зарубежных  стран  (более  30  государств,  в  том 
числе,  Великобритании,  Франции,  Германии, 
Италии,  Испании,  Нидерландов,  Ирландии 
и  др.),  международных  организаций,  а  также 
представители 
государственных 
органов, 
научных и образовательных учреждений.
Программу конференции составили 5 сессий.
Первая  сессия  прошла  под  названием 
«Общее  введение:  судебная  и  политическая 
власть - Где разделительная линия?», в которой 
председательствовал  профессор  Дэтью  де  ля 
Рошер  (Франция).  В  ходе  первой  сессии  были 
заслушаны  доклады  профессора  М.  Китти 
(Университет  Флоренции,  Италия),  профессора 
Б. Мэтью (Университет Франции).
Во  второй  сессии  «Конституционные 
императивы - Прозрачность, Участие, Правовая 
неопределенность»  председательствовал  проф. 
Х.  Трут  (Университет  Гамбурга,  Германия). 
Выступили с докладами профессор П. Джонасон 
(Швеция), профессор А. Сандулли (Италия).
На третьей сессии «Много права означает ли 
мало  демократии?»,  где  председательствовал 
Генеральный  адвокат  Кипра  Костас  Клеридес, 
заслушаны  доклады  профессора  М.  Прата 
Рок  (Университет  Лиссабона,  Португалия), 
профессора  Дж.  Зван  (Эрасмус  Университет 
Роттердама, Нидерланды).
В  четвертой  сессии  модератором  высту-
пила  профессор  доктор  Мария  Потакова 
(Университет Братиславы, Словакия). В рамках 
четвертой  сессии  докладчиками  выступили 
доктор  Ч.  Николаидис  (Королевский  колледж, 
Великобритания), а также апелляционный судья 
Лорд Р. Хон.
В рамках пятой сессии прошло девятнадцатое 
совещание  Европейской  группы  публичного 
права,  действующего  в  качестве  Европейского 
научного  совета  Европейской  организации 
публичного  права,  где  обсудили  отчет  о 
деятельности ЕОПП, доклад Комитета по премии 
«Диссертация  2014»  и  другие  административ-
ные вопросы.
Сагидан Анар Жарылкасыновна,
главный эксперт - начальник отдела 
международного законодательства
и сравнительного правоведения 
Института законодательства РК, к.ю.н.
Информационные сообщения

№ 3 (35) 2014 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы  
256
Суретте: «Демократияның жаңа сынаулары» атты халықаралық ғылыми-практикалық
 конференция қатысушылары, Афины қ. (Грекия), 2014 жылғы 11-14 қыркүйек
На фото: участники международной научно-практической конференции
 «Новые вызовы демократии», г. Афины (Греция), 11-14 сентября 2014 г.
Суретте: Жария құқығы бойынша Еуропалық топтың конференциясына қатысушылар,
Афины қ. (Грекия), 2014 жылғы 11-14 қыркүйек
На фото: участники конференции Европейской группы по публичному праву, 
г. Афины (Греция), 11-14 сентября 2014 г.

257
2014 жылғы 17 қыркүйекте Корей мемлекетінің Сеул қаласында өткен 
«Экономикалық модельге байланысты құқықтық даму кезеңдері» 
атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция туралы 
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
2014 жылғы 17 қыркүйекте Корей мемлекеті-
нің Сеул қаласында Құқықтық ақпараттандыру-
дың  Азия  қоғамдастығының  жылсайынғы 
конференциясы өтті. Оны ұймдастырған Корей 
мемлекетінің  Заң  шығару  институты.  Бұл  іс-
сапарға Қазақстан Республикасының Заң шығару 
институтының  директоры  А.А.  Смағұлов  пен 
халықаралық  заңнама  және  салыстырмалы 
құқықтану  бөлімінің  ғылыми  қызметкері  Ж.А. 
Тәңірбергенов қатысты. Конференцияға 16 елдің 
ғылыми қайраткерлері (Жапония, Қытай, Индия, 
Индонезия,  Гонг-Конг,  Малайзия,  Монголия, 
Тайвань,  Тайланд,  Комбоджи,  Сингапур, 
Вьетнам  және  т.б.),  халықаралық  ұйымдар, 
мемлекеттік  органдар  мен  ғылыми  және  білім 
мекемелерінің өкілдері қатысты. 
Конференцияның  бағдарламасы  үш  сессия-
дан тұрды.
«Сот  процесінің  экономикалық  модельге 
байланысты  дамуы»  атты  бірінші  сессия 
Жапониядан  келген  профессор  К.  Обатаның 
төрағалығымен  өтті.  Сессияның  барысында 
проф. С. Сивакумар (Индия, Құқықтық институт), 
профессор  Т.  Монсор  (Даха  университеті, 
Бангладеш) және профессор К. Жюнг Ли (Сеул 
ұлттық  университеті,  Корей)  баяндамаларымен 
сөз сөйледі.
«Экономикалық 
модельге 
байланысты 
дауларды  альтернативті  шешу»  атты  екінші 
сессияның  барысында  Малайзия  ұлттық 
университетінің  профессоры  А.  Бинти  Бидин 
төрағалық  етіп,  профессор  Р.  Шарма  (Гонг-
Конг), профессор Н. Хан Буй (Вьетнам), ғылыми 
қызметкер  Д.  Чуа  (Корей  Заң  институты)  өз 
баяндамаларын оқыды. 
«Экономикалық  модель  және  мемлекеттік 
басқаруды  өзгерту»  атты  үшінші  сессияда 
Малайа  құқықтық  деканат  Кеңесінің  төрағасы, 
Ауықат  трибуналының  мүшесі  доктор  Жохан 
Ш.Б.  Сабарудин  (Малайзия)  төрағалық  етті. 
Бұл  отырыста  профессор  Д.И.  Кимнің  (Корей), 
профессор 
А. 
Батболданың 
(Монголия, 
Заң  шығару  институты)  және  профессор 
П.  Псугарданың  (Индонезия,  Гаджа  Мада 
университеті) баяндамалары тыңдалды.
Конференцияның  жабылу  рәсімі  Корей  Заң 
шығару  институтының  халықаралық  заңнама 
және  салыстырмалы  құқықтану  бөлімінің 
бастығы С.И. Ли мырзаның басшылығымен өтті. 
Корей  Заң  шығару  институтының  Президенті 
Вон  Ли  мырза  қорытынды  сөз  сөйлеп, 
қатысушылар  мен  ұйымдастырушыларға  өз 
алғысын  және  құрметін  білдірді.  Малайзия 
ұлттық  университетінің  өкілі  профессор  Айша 
Бидин ханым Құқықтық ақпарат жөніндегі Азия 
қоғамдастығының  келесі  2015  жылы  кездесуі 
Малайзия мемлекетінің Куала-Лумпур қаласын-
да  болатындығын  жариялап,  Конференцияның 
ұйымдастырушысы атағын қабылдады. 
Жасұлан Аяпбергенұлы Тәңірбергенов,
ҚР Заң шығару институтының халықаралық заңнама 
және салыстырмалы құқықтану бөлімінің ғылыми қызметкері
Информационные сообщения

№ 3 (35) 2014 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы  
258
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
о международной научно-практической конференции 
 «Этапы правового развития в связи с экономической моделью» 
в г. Сеул, Корея, 17 сентября 2014 года
17  сентября  2014  года  состоялась  ежегодная 
конференция  Азиатского  сообщества  по  право-
вой  информации  (АСпоПИ),  организованная 
Институтом законодательства Республики Корея 
в  г.  Сеул  (Корея).  Институт  законодательства 
Республики  Казахстан  представляли  директор 
Института Смагулов А.А. и научный сотрудник 
отдела  международного  законодательства  и 
сравнительного  правоведения  Танирбергенов 
Ж.А.
В  мероприятиях  конференции  приняли 
участие  представители  научного  сообщества 
зарубежных  стран  (более  16  государств,  в 
том  числе  Япония,  Китай,  Индия,  Индонезия, 
Гонг-Конг,  Малайзия,  Монголия,  Сингапур, 
Камбоджи,  Вьетнам,  Тайвань,  Тайланд  и 
др.),  международных  организаций,  а  также 
представители 
государственных 
органов, 
научных и образовательных учреждений.
Программу  конференции  составили  три 
сессии.
Первая  сессия  прошла  под  названием 
«Развитие  судебного  процесса  в  связи 
с  экономической  моделью»,  в  которой 
председательствовал 
профессор 
Каору 
Обата  (Япония).  В  ходе  первой  сессии  были 
заслушаны  доклады  профессора  Сиванандана 
Сивакумара  (Юридический  институт,  Индия), 
профессора  Таслимы  Монсор  (Университет 
Даха,  Бангладеш),  профессора  Кай  Жюнг  Ли 
(Сеульский национальный университет, Корея).
Во второй сессии «Развитие альтернативных 
разрешений  споров  в  связи  с  экономической 
моделью»  председательствовала  профессор 
Аиша Бинти Бидин (Национальный университет 
Малайзии). Выступили с докладами профессор 
Раджеш Шарма (Гонг-Конг), профессор Нгуйен 
Хан  Буй  (Вьетнам),  научный  сотрудник  Джиен 
Чуа (Корейский институт законодательства).
На  третьей  сессии  «Экономическая  модель 
и  изменение  государственного  управления», 
где  председательствовал  председатель  Сове-
та  юридического  деканата  Малайи,  член 
Адвокатского  дисциплинарного  трибунала 
доктор  Жохан  Шамсуддин  Бин  Сабарудин 
(Университет  Малайя,  Малайзия),  заслушаны 
доклады  профессора  Дае  Ин  Кима  (Женский 
университет,  Корея),  профессора  Амарсана 
Батболда  (Институт  законодательства  Монго-
лии), 
профессора 
Парипурна 
Псугарда 
(Университет Гаджа Мада, Индонезия).
Церемония  закрытия  конференции  прошла 
под  руководством  директора  департамента 
сравнительного 
правоведения 
Корейского 
института  законодательства  г-на  Санг  Йон 
Ли,  после  чего  последовала  благодарственная 
речь  президента  Института  законодательства 
Республики  Корея  Вон  Ли.  Профессор  Аиша 
Бинти  Бидин  из  Национального  университета 
Малайзии приняла следующий этап проведения 
ежегодной конференции Азиатского сообщества 
по  правовой  информации,  которая  пройдет  в 
2015 году в Куала-Лумпур, Малайзия.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет