Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялауға арналған басылымдар тізіліміне енгізілген Қр бғм бғсбк 30. 05. 2013 ж


Некоторые особенности борьбы наркотиками



Pdf көрінісі
бет35/37
Дата12.01.2017
өлшемі3,95 Mb.
#1731
түріДиссертация
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37

Некоторые особенности борьбы наркотиками
Mukhamedzhanov Yerzhan Orazkhanovich,
the teacher of HORDES chair of the Ministry of Internal Affairs Karaganda academy of the Republic     
of Kazakhstan of B. Beysenov, the police major
Some features of fight by drugs
● ● ● ● ●

245
Отарбаева Әзина Байболатқызы,
Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы PhD докторанты,
заң ғылымының магистрі, полиция майоры
ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫ САРАЛАУДАҒЫ 
ДЕНСАУЛЫҚҚА ЗИЯН КЕЛТІРУ ТҮСІНІГІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР
Қазақстан  Республикасының  Президенті 
Н.Ә.Назарбаевтың  2014  жылғы  17  қаңтардағы 
«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір 
болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында 
«Сот жүйесі іс жүзінде ашық және қолжетімді, 
қарапайым  және  барлық  дауды  тез  шеше 
алатындай  болуға  тиіс.  Барлық  құқық  қорғау 
жүйесі  жұмысының  сапасын  арттыру  қажет.» 
–  деп  атап  өтіп,  ондағысы  сот  өндірісіндегі 
шешімі  табылмай  созылмалы  болған  істердің 
орын алып отырғандығына бағытталғандықпен 
түсіндіріледі  [1].  Сонымен  бірге  осы  істердің 
созбалаңға  салынуы  заң  нормаларының  әлі 
де  болса  бір  қалыптылығы  мен  бір  мағыналы 
болмауындағымен  байланысты  деуге  болады. 
Заң нормаларындағы нақтылықтың жоқтығы өз 
кезегінде  қылмыстық  істердің  сот  өндірісінде 
немесе  сотқа  дейінгі  өндірістерде  өзінің  тиісті 
мақсаттарына жете алмауына алып келуде десек 
артық болмас. 
Қазақстан Республикасы Конституциясының 
12-бабының  2-бөлігінде  адам  құқықтары 
мен  бостандықтары  әркiмге  тумысынан 
жазылғандығы және  олардың  абсолюттi  болып 
танылатындығы,  олардан  ешкiмнің  айыра 
алмайтындығы, заңдар мен өзге де нормативтiк 
құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуы 
осыған  қарай  анықталатындығы  анықталып 
келесідей  қарастырылған:  «Адам  құқықтары 
мен  бостандықтары  әркiмге  тумысынан 
жазылған,  олар  абсолюттi  деп  танылады, 
олардан ешкiм айыра алмайды, заңдар мен өзге 
де  нормативтiк  құқықтық  актiлердiң  мазмұны 
мен  қолданылуы  осыған  қарай  анықталады»» 
[2].  Осы  атлаған  еліміздің  негзгі  заңы  болып 
саналатын 
Қазақстан 
Республикасының 
Конституциясында  қарастырылып  бекітілген 
және  олардың  қамтамасыз  етілуіне  кепілдік 
берілген  адам  құқықтары  барлық  нормативтік 
құқықтық актілерде өз орнын алады деуге бола 
бермес. Еліміздің конституциясымен белгіденіп, 
бекітілген адам құқықтарының бірі ретінде адам 
денсаулығы  танылатындығы  сөзсіз.  Сонда  да 
болса, осы адам денсаулығының қылмыстық іс-
әрекеттер салдарынан бұзылуының алдын алуға 
кепіл  болатын  Қазақстан  Республикасының 
Қылмыстық  заңы  болып  саналады.  Қазақстан 
Республикасының 
Қылмыстық 
кодексінің 
талаптарына сай, адам денсаулығына зиян келтіру 
қылмыстық  жауаптылыққа  алып  келетіндігі 
денсаулыққа келтірілген барлық зиянға қатысты 
емес тек қана денсаулыққа онша ауыр емес немесе 
денсаулыққа ауыр зиян келтірген жағдайда ғана 
жауаптылық қарастырылған. Бұл қылмыстар өз 
кезегінде денсаулыққа қарсы қылмыстар болып 
саналады.
А.Н. Ағыбаев «Денсаулыққа қарсы қылмыс-
тардың  қоғамға  қауіптілігі  –  бұл  қылмыстарды 
жасаған  кезде,  бір  адам  екінші  бір  адамның 
денсаулығына  қасақана  немесе  абайсызда 
зиян  келтіреді,  яғни  кінәлі  қоғамға  қауіпті  іс-
әрекеттерді  жасай  отырып,  адам  өмірі  үшін  ең 
қымбатты болып табылатын адам денсаулығына 
заңсыз түрде қол сұғады.»[3, Б.33]. А.Н. Ағыбаев 
атап өткендей денсаулыққа қарсы қылмыстар өз 
кезегінде қоғам үшін қауіпті болып қала береді. 
Сондықтан,  ол  қылмыстық  заңмен  қорғалуыға 
жатып, қылмыстық заңда өз орнын алуы тиіс.
Е.  Алауханов  «Денсаулыққа  қарсы  қылмыс 
дегеніміз  –  заңға  қайшы  әрекет  арқылы  басқа 
адамның  денсаулығын  зақымдау,  дененің 
анатомиялық  бүтіндігін  бұзу  не  қандай  да 
мүшенің  немесе  жалпы  ағзаның  жұмысын 
қалыптан  шығару»  деген  өзінің  түсінігін 
береді  [4,  Б.39  ].  Е.  Алауханов  атап  отырған 
денсаулыққа  қарсы  қылмастарға  денсаулыққа 
келтірілетін  барлық  зиян  қамтылған.  Сонда  да 
болса, қылмсыстық заң тек денсаулыққа орташа 
Трибуна молодого ученого

№ 3 (35) 2014 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы  
246
ауырлықтағы  немесе  денсаулыққа  ауыр  зиян 
келтіруді ғана қарастырады.
З.О.  Ашитов  сот  практикасы  көрсетіп 
отырғандай көптеген қылмыстық істер бойынша 
денсаулыққа  қасақана  ауыр  зиян  келтіру  мен 
адамға  қасақана  қаза  келтіру  және  оған  оқталу 
қылмысын  ажыратуда  қателіктерге  жол  беріліп 
келеді.  Оларды  ажыратудың  басты  критерилері 
қылмыстың субъективті жағымен айқындалады. 
Адамға  қасақана  қаза  келтіру  қасақананың  тек 
тікелей ниетімен жасалса денсаулыққа қасақана 
зиян келтіру тікелей және жанама ниетте болуы 
мүмкіндігін  атап  өтеді  [5,  Б.68].  Шындығында 
денсаулыққа  немесе  адам  өміріне  қарсы 
қылмыстарды  бір-бірінен  ажырату  қылмыстың 
субъективті  жағына  тікелей  қатыстылығы  рас 
екендігі  дау  тудырмайды.  Сонда  да  болса  олар 
қылмыс  объектісіне,  қылмыстың  субъектісіне 
қарап та ажыратылуы мүмкін. 
А.Н. Ағыбаев «Жалпы денеге жарақат түсіру 
деп бөгде адамның денсаулығына қасақана заңсыз 
түрде  немесе  абайсыз  денедегі  ұлпалардың 
анатомиялық  тұтастығын  бүлдіру  жолымен, 
әйтпесе басқа жолмен оның ағзаларының дұрыс 
жұмыс  істеуін  бұзу  арқылы  зиян  келтіруді 
айтамыз» деген өзіндік тұжырымын жасайды [6, 
Б. 36].
Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы 
Қылмыстық 
кодексінінің 
104-бабының 
1-бөлігінде  денсаулыққа  қасақана  орташа 
ауырлықтағы  зиян  келтіруге  келесідей  түсінік 
берілген:  «1.  Адамның  өмiрiне  қауiптi  емес 
және  осы  Кодекстiң  103-бабында  көрсетiлген 
зардаптарға  әкеп  соқпаған,  бiрақ  денсаулықты 
ұзақ  уақытқа  бұзылуға  немесе  жалпы  еңбек 
қабiлетiнiң  кемiнде  үштен  бiрiн  айтарлықтай 
тұрақты  жоғалтуға  әкеп  соққан  денсаулыққа 
қасақана  орташа  ауырлықтағы  зиян  келтiру» 
[7].  Ал,  осы  денсаулыққа  қасақана  орташа 
ауырлықтағы  зиян  келтірудегі  «осы  Кодекстiң 
103-бабында  көрсетiлген  зардаптарға  әкеп 
соқпаған»  деген  мәтінді  ашып  қарастырар 
болсақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық 
кодексінің  103-бабында  денсаулыққа  қасақана 
ауыр  зиян  келтіру  келесідей  белгіленген:  «1. 
Адамның өмiрiне қауiптi немесе көруден, тiлден, 
естуден  қандай  да  болсын  органнан  айрылуға 
немесе органның қызметiн жоғалтуға немесе бет-
әлпетiнiң  қалпына  келтiргiсiз  бұзылуына  әкеп 
соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, 
сондай-ақ өмiрге қауiптi немесе еңбек қабiлетiнiң 
кемiнде  үштен  бiрiн  тұрақты  түрде  жоғалтуға 
ұштасқан  немесе  кiнәлiге  мәлiм  кәсiби  еңбек 
қабiлетiн  немесе  түсiк  тастауға,  психикасын 
бұзуға,  есiрткiмен  немесе  уытты  умен  ауыруға 
душар еткен денсаулықтың бұзылуын тудырған 
денсаулыққа өзге зиян  келтiрген қасақана ауыр 
зиян  келтiру»  [7].  Осы  денсаулыққа  қасақана 
зиян  келтіру  қылмыстарындағы  белгіленген 
денсаулыққа келтірілген зиян екіге бөлініп отыр, 
оның  бірнде  денсаулыққа  орташа  ауырлықтағы 
зиян  келтірілсе,  екіншісінде  денсаулыққа  ауыр 
зиян  келтіру  табылады.  Оларды  бір-бірінен 
ажыратуда  өзіндік  сұрақтар  туындайды.  Атап 
айтар  болсақ,  денсаулыққа  қасақана  орташа 
ауырлықтағы  зиян  келтірудің  «жалпы  еңбек 
қабiлетiнiң  кемiнде  үштен  бiрiн  айтарлықтай 
тұрақты  жоғалтуға  әкеп  соққан»  деген  белгісі 
денсаулыққа  қасақана  ауыр  зиян  келтірудің  бір 
белгісі ретінде де келесідей қарастырылып отыр: 
«еңбек қабiлетiнiң кемiнде үштен бiрiн тұрақты 
түрде  жоғалтуға  ұштасқан».  Екі  қылмысты 
саралауда  осы  денсаулыққа  зиян  келтірудегі 
белгінің бірі еңбек қабiлетiн жоғалтуға қатысты 
өзектілік  туындап  отыр  десек  болады.  Себебі, 
денсаулыққа  зиян  келтіру  қылмыстарындағы 
денсаулыққа  қасақана  орташа  ауырлықтағы 
зиян  келтіру  мен  денсаулыққа  қасақана  ауыр 
зиян  келтіруді  еңбек  қабiлетiн  жоғалтуға 
қатысты  саралау  мүмкін  емес.  Қазақстан 
Республикасының 
Қылмыстық 
кодексінің 
орыс  тіліндегі  мазмұны  бойынша  Қазақстан 
Республикасының  Қылмыстық  кодексінің103-
бабының  1-бөлігінде  осы  мәтін  келесідей 
қарастырылған:  «соединенное  со  значительной 
стойкой  утратой  общей  трудоспособности 
не  менее  чем  на  одну  треть»,  ал  Қазақстан 
Республикасының 
Қылмыстық 
кодексінің 
104-бабының  бірінші  бөлігінде:  «значительную 
стойкую  утрату  общей  трудоспособности 
менее  чем  на  одну  треть»  деп  белгіленген  [8]. 
Осыған  қарап,  Қазақстан  Республикасының 
Қылмыстық кодексінің қазақ тіліндегі мазмұны 
дұрыс  жазылмағандығын  аңғарамыз.  Заң 
нормаларында  осындай  орыс  тіліндегі  мазмұн 
мен қазақ тіліндегі мазмұн арасында алшақтық 
пен  айырмашылық  орын  алған  жағдайда  қазақ 
тіліндегі мазмұн өз күшіне ие болуы тиіс. Себебі, 
ол мемлекеттік тіл болып саналады.
Қазіргі 
уақытта 
денсаулыққа 
келген 
зиянға  қарап  қылмыстарды  саралауда  да 
өзекті  мәселелердің  бірі  ретінде  Қазақстан 
Республикасының 
Қылмыстық 
кодексінің 
178-бабының  екінші  бөлігінде  қарастырылған 
тонау қылмысы, 179-бабының бірінші бөлігінде 
қарастырылған 
қарақшылық 
қылмысы, 
321-бабының бірінші бөлігіндегі өкімет өкіліне 
қатысты  күш  қолдану  қылмысы  бойынша 

247
«денсаулығына  қауiптi  емес»,  «денсаулығына 
қауiптi» белгілер белгіленген. Осы денсаулыққа 
қауіпті  немесе  қауіпті  еместілікті  ажырату 
бойынша  сұрақ  туындайды.  Қандай  күш 
қолдану денсаулыққа қауіпті немесе қауіпті емес 
екендігі қазіргі уақытта заңмен реттелмей отыр 
деуге  болады.  Себебі,  қарақшылық  пен  тонау 
қылмысын  ажыратуда  денсаулыққа  қауіпті  күш 
қолдану немесе осындай күшті қолданамын деп 
қорқыту орын алса онда ол қарақшылық болып 
саралануға жатады. 
Аталған  кемшіліктер  мен  олқылықтар 
бойынша  туындап  отырған  сұрақтар  2015 
жылдың  1  қаңтарынан  бастап  қолданысқа 
енгізілетін  Қазақстан  Республикасының  жаңа 
қылмыстық кодексінде өз шешімін тапқан деуге 
болады.  Себебі,  Қазақстан  Республикасының 
жаңа  қылмыстық  кодексінің  3-бабының 
11-тармағында  «денсаулыққа  ауыр  зиян  – 
адамның денсаулығына, оның өміріне қауіпті зиян 
не денсаулыққа: көру, сөйлесу, есту қабылетінен 
немесе  қандай  да  бір  ағзадан  айырылуға; 
ағзаның  өз  функцияларын  жоғалтуына;  бет-
әлпетінің  қалпына  келмейтіндей  бұзылуына; 
жалпы  еңбек  қабілетінің  кемінде  үштен  бірін 
айтарлықтай  тұрақты  түрде  жоғалтумен 
ұласқан денсаулықтың бұзылуына; кәсіби еңбек 
қабілетін  толық  жоғалтуға;  жүктілікті  үзуге; 
психиканың бұзылуына; нашақорлықпен немесе 
уытқұмарлықпен ауыруға әкеп соққан зиян;» деп 
белгіленіп  отыр  [9].  Сонымен  бірге  Қазақстан 
Республикасының  жаңа  қылмыстық  кодексітің 
3-бабының 
12-тармағында 
денсаулыққа 
ауырлығы  орташа  зиянға  түсінік  келесідей 
қарастырылған: «денсаулыққа ауырлығы орташа 
зиян  –  адамның  денсаулығына,  оның  өміріне 
қауіпті емес, денсаулықтың ұзақ уақыт (жиырма 
бір  күннен  астам  мерзімге)  бұзылуына  немесе 
жалпы  еңбек  қабілетін  (үштен  бір  бөлегінен 
кем) тұрақты түрде айтарлықтай жоғалтуға әкеп 
соққан зиян» [9].
Сонда да болса, Қазақстан Республикасының 
жаңа қылмыстық заңнамасында қарастырылған 
денсаулыққа 
қауіпті 
зиян 
бойынша 
туындауы  мүмкін  мәселе  ретінде  жоғарыда 
қарастырылғандай  жаңа  қылмыстық  заң 
бойынша  белгіленген  тонау  мен  қарақшылық 
бойынша белгі осы денсаулыққа қауіпті немесе 
денсаулыққа  қауіпті  емес  жөнінде  атап  өтсек 
болады. Өйткені жаңа қылмыстық заң бойынша 
денсаулыққа  жеңіл  зиян  түсінігі  келесідей 
белгіленіп  отыр:  «денсаулыққа  жеңіл  зиян  – 
денсаулықтың  қысқа  мерзімге  (жиырма  бір 
күннен аспайтын мерзімге) бұзылуына неменсе 
жалпы  еңбек  қабілетін  (оннан  бір  бөлігінен 
кем)  тұрақты  түрде  болмашы  жоғалтуға  әкеп 
соққан адамның денсаулығына келтірілген зиян» 
[9].  Егер  біз  қарастырып  отырған  тонау  мен 
қарақшылық  қылмыстары  және  осы  зиянның 
денсаулыққа  қауіптілігіне  байланысты  бір-
бірінен  ажыратылып,  саралануға  жататын 
қылмыстар  бойынша  денсаулыққа  зиян  келіп, 
ол  денсаулыққа  жеңіл  зиян  болған  жағдайда 
ол  зиянның  денсаулыққа  қауіптілігін  қалай 
ажыратамыз дегендей сұрақ өздігінен туындауы 
мүмкін.
Жоғарыда 
қарастырылғандар 
негізінде 
денсаулыққа  қарсы  қылмыстарды  саралаудағы 
денсаулыққа 
зиян 
келтіру 
түсінігіндегі 
мәселелерді шешу ретінде ұсынылады:
–  Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық 
кодексінің  104-бабының  1-бөлігіндегі  «кемiнде 
үштен  бiрiн»  деген  мәтіндегі  сөздерді  «үштен 
бiрiнен  кемін»  деген  мәтіндегі  сөздермен 
өзгертілуі қажет;
– 
Қазақстан 
Республикасының 
жаңа 
Қылмыстық  кодексінің  3-бабының  13-тар-
мағында  қарастырылған  денсаулыққа  жеңіл 
зиян  келтіру  түсінігі  денсаулыққа  жеңіл  зиян 
келтірудің  адамның  денсаулығына  қауіпті  зиян 
қатарына жатқызылуын қамтуы қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  2014  жылғы  17  қаңтардағы 
«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы 

http://www.akorda.kz/kz/page/page_215751_kazakstan-respublikasynyn-rezidenti-n-a-nazarbaevtyn-
kazakstan-khalkyna-zholdauy-2014-zhylhy-17-kantar.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы//   http://akorda.kz/kz/category/konstituciya.
3.  Қылмыстық  құқық:  Ерекше  бөлім:  Оқулық.  Өңделген,  толықтырылған  4-басылымы.  2011 
жылдың 1 наурызына дейінгі өзгертулер мен толықтырулар ескерілген. – Алматы: Жеті жарғы, 2011. 
– 632 бет.
4. Қылмыстық құқық (Ерекше бөлім): Оқу құралы. – Алматы: Жеті жарғы, 2001. – 224 бет.
Трибуна молодого ученого

№ 3 (35) 2014 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы  
248
5.  Уголовное  право  Республики  Казахстан.  Учебное  пособие  /  З.О.  Ашитов.  –  Алматы:  Жеті 
Жарғы, 2013 – 592 с.
6.  Қылмыстық  құқық.  Ерекше  бөлім:  Оқулық.  Өңделген,  толықтырылған,  2-басылымы.  2002 
жылғы  21  желтоқсанға  дейінгі  өзгертулер  мен  толықтырулар  ескерілген.  –  Алматы:  Жеті  жарғы, 
2003. – 560 бет.
7. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі. – Алматы: Юрист, 2014. – 168 б.
8. Уголовный кодекс Республики Казахстан/ http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=1008032#sub_
id=1030000
9. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі (жаңа). – Алматы: Юрист, 2014. – 204 б.
 
В данной статье рассматриваются расхождения в понятии причинения вреда здоровью при 
квалификации преступлений против здоровья.
Ключевые  слова:  преступления  против  здоровья,  тяжкий  вред,  вред  средней  тяжести, 
квалификация преступлений.
This article discusses the differences in the concept of personal injury in the classification of crimes 
against health.
Keywords: crimes against health, serious harm, injury of moderate severity, classification of crimes
Отарбаева Әзина Байболатқызы,
Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы PhD докторанты, заң ғылымының магистрі, 
полиция майоры
Денсаулыққа  қарсы  қылмыстарды  саралаудағы  денсаулыққа  зиян  келтіру  түсінігіндегі 
мәселелер
Азина Байболатовна Отарбаева,
докторант PhD Алматинской Академии МВД Республики Казахстан, магистр юридических наук, 
майор полиции
Проблемы в понятии причинения вреда здоровью при квалификации преступлений против 
здоровья
Azina Baibolatovna Otarbaeva,
doctoral candidate of Almaty academy of Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan, 
master of law, police major
Problems in the notion causing bodily harm in qualification of crimes against health
● ● ● ● ●

249
Қаржасова Гүлдана Батырбаевна,
PhD докторы, аға оқытушы Қазтұтынуодағы 
Қарағанды Экономикалық Университеті 
САЛЫҚТЫ ТӨЛЕУДЕН ЖАЛТАРУ ҚЫЛМЫСТАРЫНА ҚАРСЫ 
ҚЫЛМЫСТЫҚ САЯСАТТЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
Еліміздің  мемлекеттік  бюджетін  құрайтын 
түсімдердің  ең  басты  көзі  —  салықтар. 
Сондықтан,  мемлекетіміздің  Негізгі  Заңы  — 
Конституцияда  –  «Заңды  түрде  белгіленген 
салықтарды,  алымдарды  және  өзге  де  міндетті 
төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті» 
[1]  деп  белгіленуі  салық-тардың  ел,  қоғам 
тұрмыс-тіршілігі  үшін  қаншалықты  маңызды 
екендігін аңғартса керек. 
Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық 
кодексі  қоданыста  болған  он  алты  жыл  ішінде 
талай сынақтардан өтіп, жалпы қылмыстылыққа 
қарсы  тұрудың  негізгі  міндеттерін  шеше 
алатындығын дәлелдеп келеді. Дегенмен, бүгінгі 
күні еліміздің қылмыстық заңнамасында арнайы 
«салық  қылмыстары  ұғымы»  жоқтың  қасы. 
Айтсақ  та,  бұл  ұғымның  қылмыстық-құқық 
ғылымында уақыт өте келе кеңінен қолданылуы 
жаңа  серпілістерге  қозғау  салатындығы 
құптарлық құбылыс. 
Салық  қылмыстарын  жасағаны  үшін 
қылмыстық  жауаптылық  көздейтін  Қазақстан 
Республикасының Қылмыстық кодексі 221 және 
222  баптарының  мазмұны  басым  көпшілігінде 
қылмыс  деп  танылатын  әрекеттерді  атап  қана 
қояды  да  заң  тұрғысынан  мағынасы  толық 
ашылмаған анықтамаларды құрайды [2].  Нақты 
қандай әрекет әрекетсіздіктер салық заңнамасын 
қылмыстық  бұзған  деп  бағаланатындығы 
жөнінде анық айқындалмаған. 
Заң ғылымында жалпыға бірдей танылғандай 
қылмыс  –  барша  құқық  бұзушылықтардың 
ішіндегі  ең  қоғамға  қауіптісі.  Салық  қылмысы 
да  сондай  белгіге  ие,  олай  болса,  салық  құқық 
бұзушылықтарының ішінде қайсысы анағұрлым 
қоғамға  қауіпті?  Олардың  қайсысын  қандай 
белгілер негізінде салық қылмыстары санатына 
жатқызуға болады? Деген сұрақтар туындайды.
Біздің пайымдауымызша, зерттеу нәтижелері 
көрсеткендей, оларға тиісті салық және міндетті 
төлемдер  сомаларын  елеулі  төлемеу  жолымен 
мемлекеттің  қаржылық  іргетасына  нұқсан 
келтіретін әрекеттер жатады. 
Салыстырмалы  түрде,  Қазақстан  Респуб-
ликасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 
Кодексінің 16 Тарауында салық салу саласында-
ғы  әкімшілік  құқық  бұзушылықтар  туралы 
көптеген нормалар бар [3].  Иә, жалпы әкімшілік 
құқық  бұзушылық  ұғымының  анықтамасынан 
оның  құқыққа  қайшылық,  кінәлілік  және 
жазаланушылық белгілері байқалады да, оларды 
қоса  алғанда  салық  қылмыстарының  төртінші 
белгісі, яғи, қоғамға қауіптілік белгісі әкімшілік 
құқық бұзушылыққа тән емес.
Әрине,  құқыққа  қайшылық  талданып 
отырған  қылмыстардың  формальді  белгісі, 
ал  қоғамға  қауіптілік  –  материалдық  белгі 
болып  саналатындығын  атап  өтуіміз  керек. 
Қылмыстық заң мемлекеттің қаржылық жүйесін 
қорғайтындығы ешкімнің күмәнін тудырмайды, 
себебі,  мемлекеттің  салық  жүйесі  қалыпты 
дұрыс  жұмыс  жасап  мемлекеттік  бюджетке 
салық төлемдерінің толық әрі өз уақытында түсіп 
тұруын  қамтамасыз  етіп  тұрса,  ол  дегеніміз, 
мемлекеттің ойдағыдай дамуының негізгі кепілі. 
Сондықтан да, салық жүйесінің қалыпты жұмыс 
істеуіне қол сұғатын, оған елеулі зиян келтіретін 
әрекеттер  мемлекеттің  қаржы-экономикалық, 
одан  әрі,  Ұлттық  қауіпсіздігіне  қол  сұғатын 
әрекеттер  деп  қарастырылады  және  де  заңмен 
тыйым салуды, оны бұзушы адамға (адамдарға) 
мемлекеттік  мәжбүрлеу  шараларын  қолдану 
талап етілетін әрекеттер болып саналады.
Салық  қылмыстарына  қатысты  еліміздің 
жүргізіп  отырған  қылмыстық  саясатына 
тоқталып кету өте маңызды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 
жылғы  24  тамыздағы  Жарлығымен  бекітілген 
Трибуна молодого ученого

№ 3 (35) 2014 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы  
250
Қазақстан  Республикасының  2010  жылдан 
2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық 
саясат  Тұжырымдамасына  сәйкес,  қылмыстық 
саясат  мемлекеттің  құқықтық  саясатының 
маңызды буыны, қылмыстық құқықты одан әрі 
дамыту, бұрынғыдай, қылмыстық саясаттың қос 
векторлығын  ескере  отырып  жүргізілу  талап 
етіледі [4].
Біздің  пайымдауымызша,  салық  қылмыс-
тарына 
қатысты 
қылмыстық 
саясаттың 
негізгі  мақсаты  –  мемлекеттің  экономикалық 
қауіпсіздігін 
қамтамасыз 
ету. 
Еліміздің 
экономикалық  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  – 
барлық  мемлекеттік  және  басқа  органдардың, 
мемлекеттік емес ұйымдардың мақсаты. 
Конституциямыздың 
1-бабына 
сәйкес, 
демократиялық  құқықтық  мемлекет  және 
азаматтық  қоғам  орнату  бағыты  бүкіл  әлемге 
жарияланғандықтан, 
Қазақстанның 
барша 
құқықтық  жүйесінің,  сәйкесінше,  мемлекеттік 
құқықтық  саясатының  басты  мақсаты,  ең 
алдымен,  адам  және  азаматтың  құқықтары 
мен  бостандықтарын,  мемлекет  пен  қоғамның 
заңды мүдделерін қорғау, сақтаудың шараларын 
дайындау болып табылады [1].
Салық  саласындағы  қылмыстар  мен  құқық 
бұзушылықтарға қарсы бағытталған мемлекеттік 
құқықтық  саясатты  жүзеге  асырушы  органдар 
және  тұлғалар  үшін  осы  мақсат  құқықтық  әрі 
рухани  бағдар  болуы  тиіс.  Заңдық  тұрғыдан 
белгіленген тек осы мақсат қана жоғарыда аталған 
барлық  органдар  қызметінде  басымдыққа  ие 
болып, барлық күре-тамырына сіңіп, қызметтің 
нәтижесін  айқындайтын  мәні  мен  мазмұнына 
айналуы керек. 
Салық  қылмыстарына  бағытталған  мемле-
кеттің  қылмыстық  саясатының  осы  мақсаты 
қоғамда және мемлекетте басымдыққа ие болуын 
біздің  жүргізген  сауалнамалар  нәтижелері  де 
дәлелдейді.
Мысалы,  қазіргі  уақытта  өз  өкілеттіктерін 
жүзеге  асыру  барысында  салық  қылмыстарына 
қарсы  мемлекеттің  қылмыстық  саясаттың 
мақсатын  сауалнамаға  қатысқан  соттардың 
71,7  %,  прокурорлардың  78,5  %  және  қаржы 
полициясы қызметкерлерінің 79,6 %  осылайша 
ұғынады.
Негізінде қолданыстағы «Салық заңнамасын 
қолданудың сот практикасы туралы» Қазақстан 
Республикасы  Жоғарғы  Сотының  2013  жылғы 
27  ақпандағы  №  1  нормативтік  қаулысы  салық 
заңдарының жекелеген нормаларын түсiндiрудiң 
қажеттiлiгiне  байланысты  қабылданған  бола-
тын [5].
Алайда,  сот  және  тергеу  органдары 
тәжірибесінде 
салық 
төлеуден 
жалтару 
қылмыстарын  саралау  барысында,  жаза 
тағайындауда аталған Қаулыға сүйену тиімділігі 
мүлдем  аз,  тіпті  жоқ  деп  те  айтуға  болады. 
Себебі,  сот  практикасында  экономикалық 
қылмыстар  тек  «Экономикалық  қызмет 
саласындағы  қылмыстарды  саралаудың  кейбір 
мәселелері  туралы»  Қазақстан  Республикасы 
Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы 
№  2  Нормативтік  қаулысын  ғана  негізге  ала 
сараланады. Тиісінше, бұл Қаулының мәтінінде 
салық  төлеуден  жалтару  қылмысы  жөнінде 
мәселелер қарастырылмаған. [6]
Бұл қаулыда салық төлеуден жалтару әдістері, 
тәсілдері мен механизмдері орын алу керек деп 
санаймыз.
Салықты  төлеуден  жалтару  қылмыстарын 
туындататын  басты  факторларға    (де-
терминаттарға),  себептеріне  салық  төлеу-
шінің 
қолданыстағы 
салық 
жүйесіне 
қанағаттанбаушылық  көзқарасымен  сипатта-
латын 
рухани-психологиялық 
жағдайы, 
құқықтық  мәдениетінің  таяздығы,  сондай-ақ 
пайдакүнемдік ниеттері негіз болып отыр.
Мұнда  салық  заңнамаларының  теңдік, 
тұрақтылық  және  алалықсыздық  сияқты  заң-
дылықтың  жалпы  қағидаларына  сәйкессіздігі 
аңғарылады  да  еліміздегі  заңдардың  беделін 
түсіреді.  Мұндай  ахуал,  қоғамымыздың 
ауыспалы  кезеңнен  батыл  өтуіне  байланысты, 
мемлекет  тарапынан  белсенді  ықпал  ету 
шараларын қажет етеді. 
Шетелдік заңнамаларды салыстырмалы түрде 
зерделеу  барысында  олардың  нормаларында 
көзделген  оңтайлы  нәтижелерді  отандық 
тәжірибеге 
ендіру, 
аталған 
қылмыстың 
жасалуына  әлеуметтік-экономикалық  ықпал 
ету  айырмашылығын  нақтылау.  Оның  ішінде, 
салық  төлеушілердің  мемлекеттің  әлеуметтік-
экономикалық институттарына деген сенімділік 
сезімін арттыру, оны жетілдіру, тиісінше салық 
органдары  қызметінің  ашықтығын  қамтамасыз 
ету болып табылады.
Отандық криминология саласының іргетасын 
қалаушы,  ғұлама  заңгер  Елеген  Ізтілеуұлы 
Қайыржановтың 
пікірінше 
қылмыстарды 
ескерту  –  бұл  қылмыс  жасауға  ықпал  ететін 
себептер  мен  алғышарттарды  құрықтауға  және 
жоюға  бағытталған  әлеуметтік  және  құқық 
қорғау  органдары,  қоғамдық  бірлестіктер 
мен  ұйымдар  және  жекелеген  азаматтарды 
біріктіретін  мемлекеттің  қызметі.  [7,  168б.]  
Ол  өз  мазмұны  бойынша  белгілі  бір  және 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет